Қаржылық бақылауы: түрлері, нысандары, әдістері



Кіріспе

І.тарау. Қаржылық бақылаудың мәні,мазмұны және
жіктелуі.
1.1.Қаржылық бақылаудың мәні мен мазмұны
1.2.Қаржылық бақылаудың түрлері
1.3.Аудиторлық бақылау

ІІ.тарау.Қаржылық бақылаудың әдістері мен
кезеңдері
2.1.Қаржылық бақылаудың әдістері
2.2.Қаржылық бақылаудың кезеңдері

ІІІ.тарау.Қаржылық бақылаудың
ұйымдастырылуы және бақылау комитеті
3.1.Қаржылық бақылауды ұйымдастыру
3.2.Қаржылық бақылау комитетінің
міндеттері және функциялары.

Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қажылық бақылау нарықтық қатынастар жағдайында айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда. Жаңа экономикалық өзара қарым-қатынастар қаржы операцияларын, әр түрлі мәмілелерді үнемі тексеруді, қадағалауды жақтырмайды. Тегіс қамтитын бақылау қалыпты нарықтық қатынастарға тежеуіш болып келеді. Бірақ өтпелі кезеңнің қиыншылығы қоғам үшін қолайлы бағытта қаражаттар ағымының қозғалысын басқаруды және бақылауды ысырап етеді. Бұл жағайда қаржы тәртібін, қаржы заңнамасын бұзудың тенденсияларын күшейеді, мемлекеттік меншікті пайдалану жүніндегі қианатшылық жиілейді. Сондықтан қаржылық бақылау шаруашылқ өмірдегі кез - келген келеңсіз көріністерге берік тосқауыл болуы тиіс. Мемлекет қоғамдық мүдделерді, әлеуметтік әділеттікті қорғай отырып, қаржының бақылау функциясының мүмкіндіктерін реттеудің құралы ретінде пайдалана отырып, ұдайы өндіріс, бөлу процестеріне араласуы, қаржылық бақылаудың нысандарын, әдістерін және оны ұйымдастыруды жетілдіріп отыруы тиіс.
Нарыққа өту жағдайында қаржылық бақылаудың рөлі мен маңызы артпаса ешқандай кемімейді. Қазақстан аумағында кеңестік дәуірінде қаржылық бақылау айтарлықтай дәрежеде дамыды. Түгелдей дерлік мемлекеттік меншік жағдайында мемлекет экономика мен қаржылық процестерге қатаң, жан-жақты бақылау жасауға ынталы болды. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі мемлекеттік басқару органдары мен қоғамдық бақылау органдары
1. "Қазақстан Республикасының Президенті мен үкіметінің актілер жинағы" 125-құжат,2000 ж.
2. Ілиясов Қ.Қ, Құлыпбаев.С "Қаржы" Алматы 2003 ж. "Экономика баспасы"
3. Мелников, Қадыр Қалиұлы "Қаржы" Алматы 1993 ж. "Экономика баспасы"
4. Деева Анна Ивановна Финансы: Учебное пособие Моск.акедеми экономики и права.2002 г.изд.Экзамен
5. Финансы: Учебник,под редакци М.В.Рамоновского, О.В.Вруплвоской,
6. Б.М.Сабанти,изд.Юрай.Москва,2002 г.
7. Финансы:под редакци В.Н.Родионовой, изд.Финансы и Статистика 1993 г.
8. "Контроль эффективности как новая форма государственного финансого контроля", журнал // "Қаржы-қаражат" 3/2004 ж. 27-32 бет.
9. ҚР-сыҚаржы министрлігінің 2002ж.19 маусымдағы № 674 "Қаржылық бақылау комитеті туралы" Ережесі(ҚР-сы Үкіметінің Жарғысы);
10. МельниковВ.Д.,Ли В.Д. "Общий курс финансов". А,2001;
11. Мельников, Ильясов ."Финансы" . А,2002;
12. "Континент". -№23(36). –2000;
13. Дробозина Л.А. "Финансы". М,99;
14. "Аль-Пари". - №2. -с.22-24;
15. "Қаржы-қаражат". –№10-11. –1999;
16. "Қаржы-қаражат". –№3. –2001;
17. "Қаржы-қаражат". –№1. –2002;
18. "Мысль". –№3. –1999;
19. Официальная газета.- №2(30).-2002;
20. Статистикалық бюллетень (ҚР Қаржы министрлігі).-№9(45).-қыркүйек/ 2002ж.;
21. Транзитная экономика.-№5-6.-2001;
22. Статистическое обозрение Казахстана.-№2.-2001.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қаржылық бақылауы: түрлері, нысандары, әдістері.

Қабылдаған: Алтынбекұлы Қ.
Ғылыми дәрежесі: Аға оқытушы.
Орындаған: Абдурасилов Е.
Мамандығы: қаржы
Тобы: Ф3К4

Алматы 2005жыл.
Жоспар

Кіріспе

І-тарау. Қаржылық бақылаудың мәні,мазмұны және
жіктелуі.
1.1.Қаржылық бақылаудың мәні мен мазмұны
1.2.Қаржылық бақылаудың түрлері
1.3.Аудиторлық бақылау

ІІ-тарау.Қаржылық бақылаудың әдістері мен
кезеңдері
2.1.Қаржылық бақылаудың әдістері
2.2.Қаржылық бақылаудың кезеңдері

ІІІ-тарау.Қаржылық бақылаудың
ұйымдастырылуы және бақылау комитеті
3.1.Қаржылық бақылауды ұйымдастыру
3.2.Қаржылық бақылау комитетінің
міндеттері және функциялары.

Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Қажылық бақылау нарықтық қатынастар жағдайында айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда. Жаңа экономикалық өзара қарым-қатынастар қаржы операцияларын, әр түрлі мәмілелерді үнемі тексеруді, қадағалауды жақтырмайды. Тегіс қамтитын бақылау қалыпты нарықтық қатынастарға тежеуіш болып келеді. Бірақ өтпелі кезеңнің қиыншылығы қоғам үшін қолайлы бағытта қаражаттар ағымының қозғалысын басқаруды және бақылауды ысырап етеді. Бұл жағайда қаржы тәртібін, қаржы заңнамасын бұзудың тенденсияларын күшейеді, мемлекеттік меншікті пайдалану жүніндегі қианатшылық жиілейді. Сондықтан қаржылық бақылау шаруашылқ өмірдегі кез - келген келеңсіз көріністерге берік тосқауыл болуы тиіс. Мемлекет қоғамдық мүдделерді, әлеуметтік әділеттікті қорғай отырып, қаржының бақылау функциясының мүмкіндіктерін реттеудің құралы ретінде пайдалана отырып, ұдайы өндіріс, бөлу процестеріне араласуы, қаржылық бақылаудың нысандарын, әдістерін және оны ұйымдастыруды жетілдіріп отыруы тиіс.
Нарыққа өту жағдайында қаржылық бақылаудың рөлі мен маңызы артпаса ешқандай кемімейді. Қазақстан аумағында кеңестік дәуірінде қаржылық бақылау айтарлықтай дәрежеде дамыды. Түгелдей дерлік мемлекеттік меншік жағдайында мемлекет экономика мен қаржылық процестерге қатаң, жан-жақты бақылау жасауға ынталы болды. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі мемлекеттік басқару органдары мен қоғамдық бақылау органдары
(Халықтық бақылау комитеті) тарапынан қос бақылаудың қарамағында болды.
Басқарудың әкімшілік нысанына басқару нысанына өту кезеңіндегі қаржылық бақылау айтарлықтай әлсіреді. Халықтық бақылау комитеті жойылды, ведомствалық бақылау іс жүзінде қысқарды, мемлекеттік орган тарапынан болатын қаржылық бақылаудың жүзеге асыру жөніндегі қызмет таратылды.
Нарықтық қатынастар жағдайында экономикалық тұтқалар мен ынталандырмаларға жақсы бақылаушылар деген сенім білдіреді. Алайда бұндай көзқарас салық төлеуден бұлтарушылық нысанындағы экономикалық қылмыстардың өсуіне, мемлекеттік меншіктерді тегін беру немесе сиволикалық сомаға сату түріндегі талын-таржыға жеткізеді және басқалар.
Нарық жағдайында жалпы экономиканың, жеке шаруашылқ жүргізуші субъектінің қаржылық бақылауды қоғам дамуының басқа кезеңдерінен де үлкен дәрежеде қажетсінетінін шетелдердің тәжірибесі, республиканың өзіндік тәжірибесі көрсетіп отыр.
Мемлекеттің алдында жан-жақты,жүйелі,кешенді бақылауды,соның ішінде қаржылық бақылауды да ұйымдастыру міндеті туып отыр. Бұл шаруашылық жүршізуші барлық субъектілер мен олардың қаржы-шаруашылық қызметінің барлық жақтары қаржылық бақылаумен қамтылуы тиіс дегенді білдіреді.
Бақылау - тексеруші қызметтер құрылымдары мен бақылау түрлеріне түбегейлі өзгерістер болды.
Еліміздегі экономикалық бақылау нарықтық экономиканың маңызды элементерінің біріне айналып отыр. Басқарудың барлық жүиесі мен деңгейлерін қажетті ақпараттармен қамтамассыз етуге мүмкіндік беретін жаңа бақылаушы мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар пайда болды. Қазіргі нарықтық жағдайдағы экономикалық бақылаудың перспективті және тиімді түрлерінің бірі тәуелсіз бақылау болып отыр.

1-тарау. Қаржылық бақылау

1.1. Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы

Бақылау сөзі "контрарутулус" деген ұғымнан шыққан, оның мағынасы "қарсы қосылған" дегенді білдіреді.
Қаржылық бақылау - деп әдетте тиісті ақша қорлары бойынша қоғамдық жалпы өнімді құндық бөлу және оларды белгілі бір мақсаттарға жұмсаудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызметті айтады.
Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функционалдық элементтерінің бірі, ол басқарудың басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылды.
Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретінде қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шаттасылған. Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі,қорлардың ара салмағы,олардың қалыптастырудың көздері, пайдаланылыуы туралы ескертіп отырады. Қаржының бақылау функциясы материялдық игілітерді өндіру,айырбастау,бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын реттемегенде шындыққа айналады.
Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық өндірісте қаржыны іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы экономикалық базистік қатынастарды, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элементтерінің бірі ретінде қаржылық бақылау қондырмалық категория болып табылады. Практикада қаржыны бақылау функциясы қаржылық бақылау нысанасында жүзеге асырылады, бірақ бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды.
Бақылау функциясы-қаржыны ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға тән объективті мазмұны ретінде бақылау функциясын практикалық қолдану болып табылады.
Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизімін қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады. Қаржылық бақылаудың комегіменқаржы жоспарларының орындалуы, қаржы - шаруалық қызметінің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан, қаржылық бақылаудың нәтижелігі қаржылық жоспарлауда,оперативті басқаруда пайдаланылады.
Қаржылық бақылаудың өзгешелігі-оның ақша нысанасында жүзеге асырылатындығында. Табыстармен қорларрдың қалыптасу процестері, ақша қорларын құру және пайдалану оның тікелей объектісі болып табылады. Алайда, қаржылық бақылаудың іс-қимылы ақша қатынастарының аса кең аясында таралады, өйткені қаржы басқа экономикалық категориялармен: еңбекақымен, өнімнің өзіндік құнымен, табыспен, пайдамен, өндірістік құрал - жабдықтармен (негізгі,айналым капиталымен), күрделі жұмсалымдармен, инвестициялармен тығыз байланысты. Ал мекемелермен ұйымдардың бюджет қаражаттарын дұрыс пайдалануын бақылау олардың барлық жағын - желі мен контингенттердің өрістетудің толықтығын, қаражаттарды жұмсаудың белгіленген нормаларын сақтауды қамтиды.
Қаржылық бақылаудың іс-әрекетінің сферасы бақылаудың басқа түрлерімен: әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық, саяси бақылаумен жиі тура келуі мүмкін. Шаруашылық ұйымдардың қаржы жағы шаруашылық қызметпен тығыз байланысты болатындықтан қаржылық бақылаудың шаруашылық бақылаудан бөліп алуға қиынға түседі, ал кейде мүмкін болмайды, өйткені қаржы операцияларының көбінде шаруашылық қызметтің басқа процестері қамтып көрсетілді.
Қаржылық бақылаудың мазмұны ашылатын негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
1.Мемлекет, ұйымдар және халық алдындағы қаржылық міндеттемелердің орындалуын тексеру;
2.Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағындағы ақша ресурстарын (бюджет және меншікті қаражаттарды,банк кредиттерін,бюджеттен тыс қаражаттарды) пайдаланудың дұрыстығын тексеру.
3.Қаржы операцияларын, есеп-қисаптарын жасау және шаруашылық жүргізуші субъектілерін ақша қаражаттарын сақтау ережелерін орындауын (сақтауын) тексеру.
4.Өндірістің ішкі резервтерін - шаруашылық рентабелдігін арттырудың, еңбек өнімділігін өсірудің, айналым активтерінің айналымдығын тездетудің, материал және ақша қаражаттарын неғұрлым тиімді әрі үнемді пайдаланудың мүмкіндіктерін ашу.
5.Қаржы тәртібін бұзушылықты жою және ескерту. Олар ашылған жағдайда ұйымдарға, лауазымды адамдарға және азаматтарға белгіленген тәртіппен ықпал етудің шаралары қолданады,мемлекетпен пен ұйымдарға келтірілген залалдың орнын толтыру қамтамазыз етіледі.
Қаржы тәртібі-бұл белгіленген ұйғарымдардың және мемлекеттің, оның шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларының жасаудың, бөлудің және пайдаланудың тәртібін айқын сақтау.
Қаржылық бақылаудың міндеттерін, олардың түрлерін, нысандары мен әдістерін, субъектілері мен объектілерін бақылауды жүзеге асырудың деңгейіне қарай қарастырған жөн, яғни ол микро немесе макро деңгейде жүргізіледі.
Макро деңгейдегі қаржылық бақылау - бұл бүкіл мемлекет ауқымында қаржыны ұйымдастыру мен оның іс-әрекет етуін бақылау. Оның міндеттері мыналар болып табылады:
ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорларын қалыптастырып, тиімді пайдалану процесін қамтамасыз ету;
қаржы қатынастарын іске асырудың қолданылып жүрген нысандары мен әдістерінің объективті қажеттілеріне нысандар мен әдістердің сай келуін бақылау;
қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану, салалар мен аймақтардың қаржы ресурстарына деген қажеттілігін оптималды түрде және саралай отырып қанағаттандыру, азаматтардың әлеуметтік-мәдени сферасының қызметтеріне деген қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру мақсатында оларды салалар мен аумақтар бойынша бөлудің алшақтықтарын анықтап, жою және басқалары.
Бұл деңгейде мемлекеттік қаржылар бақылаудың объектісі болып көрінеді.
Құрама қаржы жоспарлары (сметалары), аумақтық, салалық тұрғыда олардың атқарылуы туралы есептер бақылаудың предметі болып табылады. Әр түрлі қаржылық көрсеткіштер және жоспарлардың және есептердің бірқатар өндіргіштік көрсеткіштері талданады, жинақтап қорытылады және осының негізінде қаржы қатынастарының нысандары мен әдістерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасалады.
Биліктің заң шығарушы органдары мен басқарудың мемлекеттік органдары бұл деңгейде бақылау субъектілері болып келеді.
Микро деңгейдегі қаржылық бақылау - меншіктің барлық нысанындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер деңгейіндегі бақылау.
Микро деңгейдегі қаржылық бақылаудың міндеттері:
кәсіпорындардың қаржы саласындағы қолданылып жүрген заңдардың сақталуын қамтамасыз ету;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің бюджет алдындағы міндеттемелерін орындауының дер кездігі мен толымдылығын қамтамасыз ету;
қаржы ресурстары өсуінің ішкі өндірістік резервтерін табу;
ресурстардың барлық түрлерін ұтымды пайдалануға,бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізуге, есептеме жасауға және басқаларға жәрдемдесу.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бұл деңгейде бақылаудың объектісі, ал қаржы көрсеткіштері (табыс, пайда, өзіндік құн, аударымдар, салықтар және басқалары) оның пәні болып табылады. Қаржылық бақылауды кәсіпорындардың экономикалық қызметі, оның жеке мамандары жүзеге асырады. Бұл мақсатқа тәуелсіз аудиторлық ұйымдар да тартылады.

1.2. Қаржылық бақылаудың түрлері

Қаржылық бақылаудың түрлері субъектілердегі айырмашылықтарға, бақылау іс - қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне (әдістеріне) негізделген. Осы белгілерге қарай, қаржылық бақылау үш бағыт бойынша: түрлері, нысандары, оны жүзеге асырудың әдістері бойынша жіктеледі.
Қазақстан Республикасының қазіргі қаржылық бақылау жүйесі оны жүзеге асыратын субъектілеріне қарай мемлекеттік, қоғамдық және аудиторлық бақылау болып ажыратылады.

Қаржылық бақылаудың түрлері

Мемлекеттік
Қоғамдық
Жалпы мемлекеттік
Ведомствалық
Қоғамдық ұйымдардың: кәсіподақтардың, партиялардың, жастардың, бұқаралық қозғалыстардың, ғылыми-техникалық, мәдени-ағартушылық, спорт, шығармашылық, ардагерлердің, түрлі қорлардың бақылауы

Ішкі шаруашылық

Парламенттік (депутаттық) бақылау

Аудиторлық бақылау

Мемлекеттік қаржылық бақылау жалпы мемлекеттік және ведомстволық бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы мемлекеттік қаржылық ведомстволық бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан бақылаудың кез келген объектісіне қолданылады. Бақылаудың бұл түрін мемлекеттік билік пен басқару органдары жүргізеді.
Мемлекеттік қаржылар жүйесінде бақылау салықтық, бюджеттік бақылау, сақтық және банктік қадағалау, кедендік бақылау және т.т. болып ажыратылады.
Салықтық бақылау салық заңнамасының атқарылуы, бюджетке салық және басқа төлемдердің, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зйнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамассыз етеді. Салықтық бақылаумен меншік ныса, сондай-ақ табыс ндарына қарамастан, барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер табатын азаматтар қамтылған.
Бюджеттік бақылау тексерістік және талдамалық (аналитикалық) қызметтің мынандай түрлерін қамтиды: елдің негізгі қаржы жоспарының -мемлекеттік бюжеттің кірістері мен шығыстары бойынша орындалуын бақылау; қаржылық ақпаратты, соның ішінде салықтық бақылаудың нәтежесін жинау, бұл ақпаратты талдау және бюджетке қажы ресурстарын қосымша тарту жөнінде ұсыныстар жасау. Шығандардың белгіленген нормалары мен нормативтерін бақылау арқылы мемлекеттік бюджет қаражаттарының тиіді, ұтымды жұмсалуын қамтамассыз ету. Өндірістік емес, мақсаттсыз, иесіздікті, ысыраптармен ұрлықтарды жою және одан сақтандыру. Бюджеттік бақылау бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік кәсіпорындарды, мекемелерде және ұйымдарда,сондай-ақ мемлекеттік емес секторда жұмыс жасайтын, қызмет көрсететін
шаралар жүргізетін кәсіпорындарда жүзеге асырылады.
Банктік қадағалау несие ресурстарын қалыптастыру және олардың қозғалысы барысында, күрделі құрылыс процесінде, кәсіпорындардың кассалық тәртәпті сақтауын тексеру кезінде, нақты ақшасыз есеп айырысқанда және басқа жағдайларда жүргізіледі. Банктік бақылаумен несие - есеп - қисап қатынастарына қатысты барлық шаруашылық субъектілер қамтылған.
Сақтандыру саласындағы қаржылық бақылау сақтық қорлар қаражаттарының дер кезінде, толық қалыптасуын, мақсатты жұмсалуын сақтық оператцияларыфын дұрыс жүргізілуін, сақтандыру туралы заңнаманы талаптарын сақтық қатынастарға қатысушылардың барлығының орындалуын жүзеге асырады.
Кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын, оларды есепке алуды кедендік рәсімдеу кезінде, сондай-ақ кедендік тексермеде тағы құжаттар мен мәліметтерді тексеру нысанында бақылауды жүргізеді. Олардың тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы орналастыратын субъектілердің қаржы және сыртқы экономикалық қызметін тексеруді белгілеуге немесе жүгізуге құқығы бар.
Барлық окілетті органдар қаржылық бақылаудың тиісті бюджеттің жобасын және оның атқарылуы туралы есепті жыл сайын сессияларда қараған кезде жүзеге асырылады. Өкілетті органдардың жоспар - бюджет және салалық комиссиялары маңызды бақылау функцияларын орындайды, олар алдын ала, сессияға дейін бюджеттің жобасы мен оның атқарылуы туралы есепті қарайды.
Үкімет, жергілікті әкімшіліктің апараты оларға қатысты органдардың бақылаушылық, соның ішінде қаржы - несие қызметін ғана бағалап қоймайды, сонымен бірге өздері де тікелей қаржылық бақылауды жүзеге асырады. Республика үкіметі мемлекеттік бюджеттің жасалуы мен атқарылуын бақылап отырады, мемлекеттік қаржылық саясатын жүзеге асырады. Өздерінің өкілеттіктеріне қарай бақылау функцияларын жергілікті жердегі атқарушы органдар орындайды.
Ведомствалық қаржылық бақылау жеке министірліктердің, ведомстваның өкілдіктері шегінде олардың жүйесіне кіретін шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы - шаруашылық қызметіне жүргізіледі. Оның негізгі міндеттеріне мыналар жатады:жоспарлары тапсырмалардың орындалуын,материал және қаржы ресурстарын үнемді пайдалануын,меншіктің сақталымдығын, бухгалтерлік есептің дұрыс қойылуын,бақылау-тексеру жұмысының мән-жайын бақылау, қырсыздық, ысырапқорлық және нысапсыздық фактілерін бұлтартпау.
Ведомствалық бақылау шеңберінде ішкішаруашылық бақылау яғни нақтылық шаруашылық жүргізуші субъектілерді (фирмаларда, компанияларда,ұйымдар мен мекемелерде) жүеге асырылатын бақылау жүргізіледі. Бақылау функциялары бұл жағдайда қаржы - шаруашылық қызметтің қажетті шарты ретіндегі оның күн сайынғы процесімен байланысты. Бақылаудың бұл түрі өндірістің бастапқы буындарының өндірістік капиталы, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануға жауаптылығын арттыруға жәрдемдеседі, ысыраптарды, қаржы тәртібінің әр түрлі бұзылуларын азайтуға бағытталған.
Ішкішаруашылық бақылаудың мақсаты есеп саясатында қоса алғанда, субъектінің экономикалық саясатының сақталуына сарапшылық баға беру,оның барлық құрылымдары жүзеге асырып келген ішкі бақылаудың жұмысына баға беру болып табылады. Таза бақылау сипатындағы міндеттерден өзге ішкішаруашылық бақылау қаржы стратегиясын талдау жасау, экономикалық диагностика, маркетинктік зерттеулер, басқарушылық кеңестер міндеттерін және басқаларын шешеді.
Нарықтық қатынастар жағдайында ішкішаруашылық бақылау оның бұрынғы ұғынысындағы өзінің мағынасын жоғалтып барады: оның орнын мемлекеттік кәсіпорындарда шаруашылқ есеп ынталандырмалары және меншіктің басқа нысандарының кәсіпорындарында коммерсиялық ынталандырмалар басуы тиіс. Шаруашылық есеп, коммерсиялық есеп әртүрлі бұзулардан сақтануға көбірек кепілдік береді, өйткені жетістіктердегі қызметкердің, кәсіпкердің жеке ынталығы өзін - өзі бақылаудың қажеттігін керек қылмайды.
Жүргізу нысандарын мен уақытына қарай қаржылық бақылау:
алдын - ала бақылау, ағымдағы және кейінгі бақылау болып бөлінеді. Бақылаудың мұндай нысандары бақылаушы оргындардың көбісінің қызметіне тән.
Қаржылық алдын - ала бақылау ақшалай қорларды жасау, бөлу және пайдалану жөніндегі операциялар істелінгенге дейін жүргізіледі, сондықтан оның қаржы тәртібін бұзуды алдын - ала ескертуде зор маңызы бар. Бұл жағдайда бекітуге және орындауға жататын қаржы қызметін жүзеге асырудың негізі болып табылатын құжаттар - бюджеттердің, қаржы жоспарлары мен сметалардың жобалары, несие және касса өтінімдері және тағы басқалар тексеріледі.
Ағымдағы қаржылық бақылау қаржы жоспарларының атқарылуы процесінде,шаруашылық - қаржы операцияларын жүзеге асыру барысында тауар - материал құндылықтары мен ақша қаражаттарын жұмсаудың нормалары мен нормативтерінің сақталуын қадағалайды, қаражаттарды діберу шығындарының орындалуына, бұрын берілген ресурстардың пайдалануына сай клуін тексереді. Сөйтіп, бұл бақылау шаруашылық - қаржы операцияларының жасалу процесінде жүзеге асырылады.
Кейінгі қаржылық бақылау - қаржы операцияларын жасағаннан кейін (бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерінің орындалуынан кейін,шаруашылық органдардың ақша қаражаттарын пайдаланғаннан кейін және тағы басқа) жүргізілген бақылау кезінде анықталмаған бұзушылықтарды ашуға жетелейді.

1.3.Аудиторлық бақылау

Қаржылық бақылауды жетілдірудің аса маңызды бағыттарының бірі қаржылық бақылаудың тәуелсіз нысаны - аудиторлық бақылауды дамыту болып табылады, бұл мемлекеттік емес шаруашылқ органдарсанының көбеюімен және тиісінше қаржы, бақылау, есеп санында қызметтің сан алуан түрлерінің өсуімен байланысты блоып отыр. Аудиторлық бақылау - тәуелсіз аудиторлық фирма мен шаруашылық жүргізуші субъектілер иелерінің жасасқан келісімшарты негізінде қаржы - шаруашылық қызметтің жай-күйін тексеру.
Нарықтық реформалардың тереңдей түсуі жағдайындағы қаржылық бақылау жүйесінің ажырағысыз бөлігі аудиторлық бақылаудың негізгі мақсаты кәсіпорындардың,фирмалардың, ұйымдардың бухгалтердік (қаржылық) есебінің дұрыстығын белгілеу, олардың ақпараттық жүйелерінің сенімділігін бағалау. Аудиторлық жұмыста талдамалық және сараптамалық болжам қызметіне үлкен мән беріледі, ол тапсырыс берушілерге өздерінің іскерлік саясатының тиімді стратегиясы мен тактикасын жасауға мүмкіндік береді.
Аудиторлық бақылау - ведомстводан тыс тәуелсіз қаржылық бақылау. Оны біліктік комиссиясы аттестаған "аудитор біліктілігінің берілуі" туралы куәлік алған жеке тұлға да, сондай-ақ ашық үлгідегі акйионерлік қоғам да, өндірістік кооператив пен мемлекеттік кәсіпорынды қоспағанда, аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін кез келген ұйымдық - құқықтық нысанда құрылған комерцмялық аудиторлық ұйым да жүргізе алады.
Шетелдік аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті тиісті аудиторлық ұйымдарды -Қазақстан Республикасының резиденттерін құрған жағдайда ғана жүзеге асыра алады.
Аудиторлық палата коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.
Қаржы аудиті деп оған уәкілеттігі бар ұйымдармен мамандардың қаржы есептемесіне сараптама және талдау жүргізу, қаржы-шаруашылық қызметін бақылау, шаруашылқ жүргізуші субъектілерге олардың тапсыруы бойынша қызметтің басқа түрлерін көрсету жөніндегі және солардың есебінен жүргізетін тәуелсіз қызметін айтады.
Аудит дамуының тарихы өзінің бастауын Ұлыбританиядан алады, мұнда ХІХ ғасырдың ортасында алғашқы бухгалтерлер - аудиторлар пайда болды.Ал 1862 жылы Англияда "Міндетті аудит туралы заң" шықты. Францияда мұндай заң 1867 жылы, АҚШ-та 1937 жылы жарияланды.
Бүгінде тәуелсіз қаржылық бақылау аудиторлық институт нысанында дамып,нарықтық экономиканың ажырағысыз бөлігі болып отыр.
Қазақстан Республикасында 1998 жылдың 20-сыншы қарашасынан бастап "Аудиторлық қызмет туралы заң" жұмыс істейді.Ол аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейді.
Аудиторлық қызмет - бұл аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қаржылық есептеме аудитін жүргізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қаржылық есептеме аудитінен басқа да қызметтер көрсете алады. Аудиторлық қызметтің негізгі қағидаттарына мыналар жатады:
тәуелсіздік;
объективтілік;
кәсіби біліктілік;
құпиялық.
Аудит Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарына сәйкес қаржылық есептеменің дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың (аудиттелген субъектілердің) қаржылық есептемесін тексеру (аудит) болып табылады.
Аудит түрлері - міндетті аудит және бастамашылық аудит.
Міндетті жыл сайынғы аудитке мыналар жатады:банктер,кредиттік серіктестіктері, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және бағалы қағаздар риногінде қызмет істеитін ұйымдар, сақтық ұйымдар, жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялар,шетел қатысатын кәсіпорындар, ашық халықтық қоғамдар жатады.
Аудит жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге жағдайларда да міндетті болып табылады.
Бастамалық аудит аудиттелетін субъектінің бастамасы бойынша аудиттелінетін субъектінің және аудитордың, аудиторлық ұйымның арасында аудит жүргізуге жасалған шартта көзделген нақты міндеттер, аудит мерзімі мен көлемі ескере отырып жүргізіледі.
Аудит сыртқы және ішкі болуы мүмкін. Сыртқы аудит-аудиттің
тәуелсіз нысаны, ішкі аудит-шаруашылық жүргізуші субъектіні бақылаудың ведомствалық немесе ішкі нысаны. Ішкі аудит шаруашылық жүргізуші субъектінің тілегі бойынша және шартымен жасалады.
Аудит мынандай дәйекті стадиялар бойынша жүргізіледі:
-жоспарлау
-аудитор объектісі туралы ақпарат алу және оны бағалау
-аудитор рәсімін жасау және бағдарламаны әзірлеу
-бақылау жүйелерін тексеру және оның тесттері
-аудит рәмізін жүргізу
-аудитторлық қортындыны қалыптастыру.
Аудитор-бұл кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы-шаруашылық және коммерциялық қызметіне жасалатын қаржылық бақылаудың біздің елдегі жаңа ұйымдық нысаны. Ол бақылау мен коммерциялық аудиторлық қызметті жеке кәсіпкер
ретінде не аудиторлық ұйымның қызметкері ретінде жүзеге асыруға құқылы.
Аудитордың міндеттері мемлекеттік бақылаудың міндеттерімен ұқсас: тексерілген ақпараттың, жасалынған шаруашылық операцияларының қолданыстағы занға сәйкестігін анықтау. Сонымен бірге аудиторлық қызметін тексеріс нысанында жүзеге асыратын мемлекеттік бақылаудың айтарлақтай айырмашылықтар бар:
-аудиторлық қызмет кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыруға,оның төлем қабілетін қамтамасыз етуге, клиенттердің мүддесін қорғауға бағытталған. Тексеріс қызметі бірінші кезекте мемлекеттің мүддесін қорғайды, бұзушылықтарға ықпал етудің сан алуан түрлерін қолдана отырып, шаруашылық жүргізуші субъектілердің заңдары, нормативтік актілерді сақтауын қамтамасыз етеді
-аудит кезінде тексеруші ұйым мен бақылаудың объекті арасындағы байланыстар көлденең, ерікті келісімшарт негізінде болса, тексеру жүргізгенде тік, әкімшілік белгілеу ретінде болады;
-аудиторлық қызметті клиент немесе оның келісімен аудиторлық қортындыны алуға мұқтаж болып отырған орган төлейді.
Тексерістерді жоғары орган немесе мемлекет төлейді;
-аудиторлық ексерудің тиімділігін клиент аудитке жұмсалған шығындар мен аудиторлық тексеру нәтижелерінің ара салмағы ретінде айқындайды. Тексерістің тиімділігін тиісті бақылаушы орган анықтайды;
-аудиторлық тексерудің нәтижелері клиентке арналған аудиторлық қорытынды мен ұсыныстарда қамтылып көрсетіледі. Тексерістің нәтижелері бойынша акт жасалынады, онда орындалуы бақыланатын ұйымдық түйіндер, жазалау, міндетті нұсқаулар және басқалары көрсетіледі;
-аудиторлар алынған ақпарат пен аудит нәтижелерінің құпиялығын қамтамасыз етуі тиіс, ревизорлардың оларды жария етуіне құқы бар.
Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жүргізетін қызметтері сан алуан. Оны Қазақстан Республикасындағы алғашқы және ең ірі аудиторлық ұйым - "Қазақстанаудит" компаниясының мысалынан көруге болады. Аудиторлық қызмет көрсету, консалтингтік қызмет көрсету, бағалау және оны саралау, кедендік кеңестер, қаржы-шаруашылық қызметін талдау, құрылтайшылардың құжаттарын жасау, қайта құрылымдау мен банкроттық рәсімдердегі кәсіби қызмет және басқалары-компания көрсететін қызметтердің толық емес тізбеі осындай. "Қазақстанаудит" компаниясының Астана қаласында және республиканың барлық облыстарында құрылымдық бөлімдері бар. Компания аудиторлық қызметтің қағидаттарын бұлжытпай сақтайды.

II-тарау. Қаржылық бақылау әдістері мен
кезіңдері
2.1.Қаржылық бақылаудың әдістері

Қаржылық бақылау әр түлі әдістермен,тәсілдермен немесе амалдармен,оны жүзеге асырудың құралдарымен жүргізіледі.Нақтылы әдісті қолдану қаржылық бақылауды жүзеге асырушы органдар қызметінің нысандарының ерекшеліктері, бақылаудың объекті мен мақсаты, бақылау әс-қимылының пайда болуының негізі сияқты бірқатар факторларға байланысты болады.
Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай әдістері пайдаланылады: тексеріс, тексеру (құжаттаманы, есепке алу мен есептемені,шоттық тексеру), қарап шығу, қаржы жоспарларының жобаларын, өтінімдері, қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептерді қарау,баяндамаларды тыңдау, лауазымды адамдардың ақпараттары және басқалары. Бұл әдістердің әрқайсысы аралық міндеттерді шешуге жағдай жасайтын тым көп жекеленген әдістерге бөлінеді. Мысалы, құжаттық тексерісте құжаттарды ыңғайласпа тексеру, ақша қаражаттары мен материялдық құндылықтарды түгендеу, сандық есепке алуды қалпына келтіру, бақылау мақсатында салыстыру және басқалары.
Қаржылық бақылаудың нысандары мен әдістері үнемі жетілдіріліп,отырады, оларға есептеу техникасы негізіндегі ақпарат жүйесі белгілі түрде әсер етеді.
Аталынған жалпы әдістер түлі объектілерге бақылау жүргізудің әдістемелерінде, ережелерінде нақтыланады. Аладын ала және ағымдағы бақылауды жүзеге асырудың негізгі әдісі көзбен шолып (визуалды) тексеру болып табылады. Мұндай тексерулурге актілер, анықтамалар жасалынбайды.Бүкіл іс тиым салу және тоқтату туралы жазбаша немесе ауызша жарлық, бұйрық беруге саяды.
Кейінгі қаржылық бақылау бірнеше әдіспен жүзеге асырылады. Оларға жататындары: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық бақылауын жүргізудің әдістері және салық тексерісі
Салық бақылауын жүргізудің әдістері және салық тексерулері
Салықтық бақылаудың классификациясы
Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы туралы
Салықтық бақылаудың нысандары мен әдістері
Қаржылық бақылауды ұйымдастыру
Қаржы құқықтық қатынастары
Қаржылық бақылау
Қаржылық бақылаудың әдістері
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару
Пәндер