Бастауыш сынып оқушылардың таным процестерін дамыту жолдары


Бастауыш сынып оқушылардың таным процестерін дамыту жолдары
Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс дәуірінде өндіргіш күштердің дамуымен бірге, қоғамның түрлі салаларында шығармашылықпен жұмыс істеудің мәні өсуде.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін, белсенділігін қалыптастыруда олардың қабілеттерін дамытуға, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал етіп, ізденісіне, талабын ұштауға білім деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті - күрделі процес. Ол іс-әрекет мақсатын, мазмұны мен қорытындысын, түрлері мен әдістерін, мотивтерін, деңгейлерін қамтиды. Оқу-танымдық іс-әрекет - шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады.
Оқу үрдісі оқушылардың оқу-танымдық әрекеті негізінде жүзеге асады, ал оқу-танымдық, әрекеті негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасады. Белсенді танымдық іс-әрекеттің көздейтін ісі, білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттілігіне негізінде дамиды. Белсенділіктің жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білуі болып табылады.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті жеке тұлғаның танымдық қызығушылығы қажетсінуін, белсенділігі мен ізденімпаздығын қамтитын танымдық, еріктік сезімталдық үрдістер мен мотивтері бірлігі нәтижесінде оқушылардың интеллектуалды, жеке қасиеттерін және кәсіби біліктерін дамытатын оқу материалының мазмұны мен қажетті көлемін игеруді көздейтін жан-жақты оқу жұмысы. Демек - оқу танымдық іс-әрекет -оқушылардың негізгі іс-әрекеті болып табылатын күрделі құбылыс. Ол оқу шешіліп, мақсаткерлік мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап күрделі шығармашылық үрдістің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністермен және т. б. сипатталады.
Нәтижесінде, оқушылардың танымдық іс-әрекеті - жеке тұлғаның танымдық қызығушылығы мен қажетсінуін, белсенділігі мен ізденімпаздығын қамтитын танымдық, еріктік, сезімталдық үрдістері мен мотивтері бірлігі нәтижесінде оқушылардың интеллектуалдық, жеке қасиеттерін және кәсіби маңызды біліктерін дамытатын, оқу материалының мазмұны мен қажетті көлемін игеруді көрмейтін жан-жақты оқу жұмысы - деп анықтама беруге мүмкіндік болды.
Берілген анықтама негізінде, оқу-танымдық іс-әрекет - оқушылардың негізгі іс-әрекеті болып табылатын күрделі үрдіс бола отырып, ол оқу міндеттерінің шешіліп, мақсаткерлік, мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап, күрделі шығармашылық үрдістің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністермен т. б. сипатталады деген тұжырым жасауға болады.
Оқу-танымдық іс-әрекет күрделі үрдіс болғандықтан, мұғалім мен оқушының бірлесіп жасайтын тиімді, сапалы әрекетін керек етеді. Егер педагог оқыту жұмысын ұйымдастыруға, ғылыми білімді жүйелі түрде баяндауға, тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға күш-жігерін жұмсайтын болса, оқушылар білімді терең мағынада қабылдап меңгеруге, ұғынуға, өздігінен ізденіп, білімін толықтыруға байланысты белсенді түрде іс-әрекет жасауға міндетті. Мысалы, сабақ барысында мұғалім оқу материалын жүйелі түрде баяндап түсіндірсе, оқушылар оны мұқият тыңдап, өздігінен қосымша әдебиеттер мен оқу құралдарын оқып, өтілген материалдарды терең және сапалы түрде меңгеруге әрекеттенуі тиіс.
Оқу-танымдық белсенділік - оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған жаңа материалын түсінү үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқып бақылау тәжірибе жасау сияқты жұмыстар жасауы қажет. Өйткені өтілген материалдарды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушының белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңінде орын алуы қажет.
Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, сонда оқушыларды ақыл-ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректік, зейінділік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т. б.
Оқу-танымдық іс-әрекет белсенділігі проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады. Оқушылар өздерінің игерген білімі негізінде пікір алысады, сөз жарыстырып, өзара сынға дайын болады, жеке фактілер мен бақылаулардан ой тұжырымдауға, талқылауға жетеді, өз бетінше шешім қабылдаудың жолдарын, әдістерін қарастырады, практика барысында алынған шешімдердің дұрыстығын тексереді.
Сонымен оқу-танымдық белсенділікті қалыптастыру проблемаларының пайда болуы мен дамуын талдай отырып, төмендегідей қорытынды жасалады:
- танымдық белсенділікті қалыптастыру, түрлі пәндерді оқыту барысында оны дамыту идеясының пайда болуы мектептердің даму бағыттарының түрліше болуымен байланысты; өзіндік жұмыс, өзіндік ізденіс арқылы сан қырлы білім алуы ретінде қарастырады;
жоғарыда көрсетілген тұжырымдамаларда ауыл мектебіндегі жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесі зерттелмеген.
Оқу-танымдық іс-әрекет белсенділігінің көрсеткіштері ретінде мыналарды бөліл көрсетуге мүмкіндік береді:
1. Білімді өз бетінше алуы және оны түрлі нақты жағдайда қолдана білуі.
2. Іргелі білімдерге қол жеткізу.
3. Танымдық тапсырмаларды шешу біліктері.
4. Өз бетіндік оқу әрекетіне қызығушылығы, әрекет тәсілдерін білуі.
5. Тұтас педагогикалық үрдісте мұғалімнің оқуы мен мақсатты өзара әрекеті.
6. Әрекетке бейімделуі мен өзін-өзі бақылау.
Оқу-танымдық белсенділік пен жалпы танымдық іс-әрекет проблемасына арналған көптеген еңбектер мынадай қорытынды жасауға әкелді: танымдық ізденімпаздық пен белсенділік жеке тұлғаның алуан қырлы болмыс-бітімі болып табылады, ол сезімталдық, танымдық және еріктік үрдіс нәтижесі, танымдық мотив пен өзбеттілік әрекет тәсілдерінің жиынтығы, танымға деген тұрақты құлшыныс болып табылатын танымдық әрекетке бейімделуімен сипатталады.
Олардың кейбіреуін нақтырақ қарастырайық.
а) Оқудағы жетістікті қамтамасыз ету. Жетістік - адамның белсенді іс-әрекетінің ең маңызды қозғаушы күші. Бұл психологиялық феномен балалық және жасөспірім шақта-басқа себеп-сылтаулар мен ынталандырушылары әлі тұрақсыз немесе тиянақсыз болғанда ерекше көрініс табады. Үлгерімі нашар, өз қатарынан артта қалған баланың оқуға деген ынта-ықыласы тез жойылады, оның сабақтағы танымдық белсенділігі төмендеп кетеді.
ә) Оқушылардың артта қалуының алдын алу, қиыншылықтарға тап болғандардың бәріне көрсетілетін әртүрлі көмек-оқу процесінің нәтижелілігін арттырудың айқын бағыты. Қазіргі мектеп үлгерімі нашар оқушыларға көмектесуде жеке-жеке шараларды қолданудан гөрі барлық оқушылардың оқудағы, танымдық белсенділігінің шарты ретіндегі жетістіктерін қамтамасыз ететін тұтастай бір жүйе қалыптастырады.
б) "Қауіп-қатер балаларының" диагностикасы және олардың оқудағы қиыншылықтарын болдырмау. Ұзақ уақыт бойы оқу процесі балалардың екі категориясының есебінде құралып келген, бірінші категогрия - "қалыпты балалар" категориясы, яғни баланың дамуы өз жасына сәйкес; және аномалды балалар - дене және психологиялық дамуында айқын ауытқулары бар балалар. Соңғы он жылдардағы ғылыми зерттеулер балалардың осы екі категориясы арасында аралық буын бар екенін дәлелдеді, осы аралық буынға оқудағы қиыншылықгары және мінез-құлығындағы ауытқулары бар балалар жатады, оларды көбінесе "қауіп-қатер балалары" деп атайды.
Олардың бойында дене және психологиялық дамуында кезге көрінетін аномалиялары жоқ. Алайда жағымсыз жанұялық және әлеуметтік жағдайлар салдарынан бұл балалардың, мектеп жасына жеткен кезде, мектепте жақсы оқу үшін қажетті қасиеттері мен дағдылары жоқ. Денсаулығының әлсіздігі, жұмыс қабілетінің төмен болуы, өз құрдастарынан психикалық дамуы жағынан артта қалуы қауіп-қатер факторы, үлгермеушілік, мектепке үйрене алмаушылық, тәртібінің нашарлығының себептері болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша "қауіп-қатер балаларың бастауыш мектеп оқушыларының 20%-ға жуығын құрайды.
"Қауіп-қатер балаларымен" жұмыс кезінде баланың даралық ерекшеліктерін ескеретін әртүрлі әдістер қолданылады. Осы әдіс негізінде бірнеше негізгі принциптер жатыр: баланың дамуындағы мықты деген жақтарына сүйену; мақсатты және оқушының оны орындай алуын нақты анықтау; үздіксіз кері байланыспен қамтамасыз ету; баланың жеткен нәтижелерін ғана емес, сондай-ақ оның оларға жетуғе деген талпынысы мен ыкыласына әрдайым оң баға беру.
Басқа да әлеуметтік қауымдастықтар жүйесіне оқушылардың араласуы, олармен әрекеттесуі, дербестенуі оқу-тәрбие процесінде жүзеге асырылады. Микрожүйе ретінде оқушы өзінің қалыптасуында өзіндік дамуының қарама-қайшылықтарына кездесіп отырады. Алайда, өзінің ішкі дүниесінде қандай да қарама-қайшылық өз шешімін табуы мүмкін емес (Э. В. Илентков) . Қарама-қайшылық "оқушы (адам) " жүйесінде пайда болып "адам-адам" жүйесінде, яғни педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеттесуі арқылы шешіледі. Оқу-тәрбие процесі жағдайында оның негізгі қарама-қайшылықтарын оқушыларды оқу-танымдық біліктерге үйрету арқылы шешу қиыншылықтарды, кедергілерді жою үшін оқушыларға мұғалім көмегі мен құрбылармен қарым-катынас жасау қажет болғандықтан мұғалімнің өз оқушыларымен, ал оқушылар бір-бірімен ынтымақтастықта болуын талап етеді. Сонымен бірге оқушының өзін-өзі бағалау мен басқа да тұлғалық қасиеттерінің тиімді қалыптасуы және оның толыққанды дамуы үшін мұндай өзара әрекеттестік өте қажет. Осылайша іс-әрекет пен танымның субъекті болып табылатын микрожүйе ретінде тұлғаның дамуының қарама-қайшылықтарын шешу қажеттігі оқу процесін оған қатысушылардың қарым-қатынас, өзара әрекеттестігі және ынтымақтастығы ретінде ұйымдастыруды қажет етеді.
Оқу процесінің субъектілерінің қарым-қатынасы мен өзара әрекеттестігінің феномені педагогикалық әдебиеттерде және мектеп тәжірибесінде ұжымдық танымдық іс-әрекет ретінде түсініледі. Бұл мәселелрдің теориялық әдіс-тәсілдері Н. К. Крупская еңбектерінде қарастырылған. Ал педагогикалық процестің оқудан тыс бөлігі жағдайында оқушылармен ұжымдық жұмыс жүргізу әдістемесін Н. К. Крупская, П. П. Блонский, А. С. Макаренко жасаған.
Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде ұжымдық жұмыс ұғымын көп жағдайда фронтальды жұмыс ұғымымен қатар қояды. Көбінесе оқушылардың жаңа оқу материалдарына деген белсенді танымдық қатынастарын және соның негізінде пайда болатын оқушылар арасындағы жақын карым-қатынас, жалпы үлгерім бойынша жүргізілетін жұмыстар, интеллектуалдық құндылықтармен алмасу мүмкіндіктері, салыстырулар, жасалатын қарым-қатынастың зерделенетін объектілері тұрғысындағы әртүрлі қимыл бірлігі сияқты белгілері бар жұмыстарды ұжымдық жұмыстарға жатқызады. Жалпы ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің мәні мұғалімнің жетекшілігімен оқу процесін ынтымақтастықпен, қарым-қатынаспен байытуда.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер - әлеуметтік тәжірибені игерудегі, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы, өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау, бірлесе еңбек ету, қарым-қатынас жасау біліктеріне ие болу сияқты субъект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырған білімдік диалогтың барысындағы оқушылардың біріккен іс-әрекеті.
Оқушылардың ұжымдык танымдық іс-әрекеттерінің оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға жетелейтін оқу процесінің қарама-қайшылықтарын шешу үшін мүмкіндіктері мол. Бұл жөнінде Т. Е. Конникованың және оның шәкірттерінің мектептерде жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелерінде көрініс тапқан. Бұл зерттеулер сабақ барысында оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға көмектесетін ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің мол мүмкіндіктерін көрсетіп берді. Ұжымдық іс-әрекеттер барысында оқушыларда меңгертілетін материалдардың көлемі артып, оларды терең түсінулеріне мүмкіндік жасалады. А. Синицкая зерттеулері жас өспірім балалармен жүргізілетін біріккен жұмыстардың сапасы жеке жүргізілетін жұмыстарға қарағанда жоғары, яғни сабақтарда әдеттегідей жеке жүргізілетін жұмыстар барысында оқу материалының 60-70%-і, ал оқушылардың өзара әрекеттесуі арқылы 89%-і меңгертіледі. Сапалы ұйымдастырылған ұжымдық оқу іс-әрекеті өз бетінше ойлауды дамыту үшін барынша қолайлы жағдай жасайды. Мұндай тұжырымды Л. А. Ростовецкая өзі жүргізген эксперименттік жұмыстарының нәтижесінде жасаған. Зерттеушілер ұжымдық оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың мүмкіндіктерін іске асырудың жоғары сатысы бірін-бірі оқыту екендігін айқындады, өйткені ол оқушыларға оқу барысында белсенділік және ізденімпаздық танытуға мүмкіндік туғызады.
Сонымен бірге жеке, фронтальды оқытуға қарағанда оқушылардың есептер шығару, жаттығулар орындау барысында күштерін біріктіруі ұғымдарды, біліктерді және дағдыларды қалыптасыртуға оқу уақыты аз жұмсалады. Қазіргі уақытта кооперация қатынастары мен ойдың интелектуалдық құрылымының мазмұнының арасында ішкі байланыстың бар екендігі дәлелденіп отыр. Оқушылардың өзара әрекеттестігін ұйымдастыру нәтижесінде дәстүрлі оқыту барысында кездесетін кейбір қиыншылықтар азаюда. Бұл сабақ үстінде жұмыс істемейтіндердің, үй тапсырмасын орындамайтындардың азаюымен және керісінше оқушылардың танымдық белсенділіктерінің, шығармашылық ізденімпаздықтарының артуынан байқалады.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер белгілі бір дәрежеде оқу материалдарын меңгеруі, оқу барысындағы осал жерлер жөнінде оқушыдан кері ақпараттарды жедел алу сияқты өзекті дидактикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік жасайды; оқушының тұлғалық қасиеттерін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.
Ойын бастауыш сынып оқушысының танымдық қасиеттерін қалыптастыру құралы.
Таным - іс-әрекетінің адам мақсаттары мен ұмтылыстарының негізі болатын білімін қалыптастырушы, шығармашылық қызметінің қоғамдық-тарихи процесі. Ой еңбегі мен дене еңбегі арасында қарама-қарсылық бар жерде, шығармашылық, жаңалық ашушы және тудырушы іс-әрекет орындаушылық пен жаттандылыққа әлеуметтік тұрғыдан қарама-қарсы қойылған жерде таным көбінесе, рухани өндірістің түрлі салаларындағы кәсіби мамандардың ерекше функциясы ретінде көрінеді. Таным адамның табиғатқа белсенді түрде әсер етуінен, табиғат заттарын өңдеуден, зат қасиетін өндірісте пайдаланудан бастау алады.
Таным ақиқаттары тек оқшау, арнайы өткізілетін тәжірибеде ғана тексерілмейді. Барлық қоғамдық өндірістік материалдың қызмет, қоғамның бар болмысы өзінің барлық тарихи жолында білімді нақтылайды және тереңдетіп, тексереді. Тәжірибе обьективтік ақиқатты адасудан ажыратуға, біздің біліміміздің ақиқаттығын растауға жарайтыны анық. Сонымен бірге ол өзі өндіріс мүмкіндіктерімен және басқа да әрбір кезеңіне сәйкес шектелген даму үстіндегі процесс болып табылады.
Қай заманда болмасын есті де еңбек сүйгіш, қайырымды ұрпақ тәрбиелеу адамзаттың асыл парызына саналған. Жас ұрпағын дүниеге көзі ашық, айналасындағы тіршілікке зер салып, таныммен қарауға тәрбиелеген. Өз кезінде ғасырлар бойы қолданылып, сұрыпталып, тұрмыс, өмір тәжірибесі сынынан өткен салт-дәстүрлеріміз бала тәрбиелеу құралы, әдіс-тәсілі ретінде пайдаланылған.
Қазақ халқының да бала тәрбиесі жөнінде ерте заманнан бері жинап-терген мол тәжірибесі бар.
Халық тәжірибесі - ғасырлар бойы сараланып, жұртшылықтың ой-арманымен, тыныс-тіршілігімен, шаруашылық кәсібімен, отбасылық қоғамдық, ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста туып, өсіп өркендеп ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жеткен тарихи және мәдени мұра. Бала мектепке барған да ойнауын тоқтата қоймайды. Енді оқу оның негізгі қызметі болса да әлі де бұрынғысындай ойнағысы келіп тұрады. Бірақ жағдай өзгергендіктен оның ойынға бұрынғыдай көңіл бөлуге мұршасы жоқ. Осының нәтижесінде ойын оның өмірінде бірінші орыннан екінші дәрежедегі әрекетке асырылады.
Бала табиғатынан қимыл-қозғалысқа құмар жан. Ол үнемі секіруді, қарғуды, жүгіруді қалайды. Осыған орай біздің халықта:
"Баламен ойнама шаршарсың "
"Бала -құлыншақ, бала - ұрыншақ",
"ойнай білмеген бала, ойлай білмейді",
- деп бекер айтылмаса керек.
Бала ойыны алуан түрлі ойын арқылы бала адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп, біртіндеп тәрбиелейді және психикалық қабілеттері дамиды. Бала достықта бірін-бірі түсініп, қимыл әрекет жасауға, тапқырлыққа, шыдамдылыққа, ептілікке және қиялдауға , ойлауға, табандылыққа дағ-дыланады.
М. Жұмабаев халықтық педагогика негізінде бала ойынына мынадай мән берген: "Баланың қиялы әсіресе ойында жарыққа шығады. Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда бала жанындағы әсерлермен пайдаланады. Айналадағы жұмыстан нені көрсе , соны істейді. Мысалы, қазақ баласы біреуі ат болып қашса, біреуі құрық салады; шырпыларды түзіп көш жасайды;
балшықтан мал жасайды; қуыршақтан қыз жасап, таныстырады, күйеу келтіріп, құда түсіреді" - деген.
7-10 жас арасы анатомиялық-физиологиялық даму жағынан қауырт қимыл-әрекеті, қозғалысты, жылдамдықты талап ететін кезең болғандықтан бала организмі үшін ойын қажет деп есептейміз. Сондықтан бұл жастағы бала қанша ойнаса да шаршамайды. Психологтардың анықтауы бойынша балалардың ойыны олардың өмірге бейімделуі.
Ойын арқылы бала айнала қоршаған ортаны, өмірді таниды. Өмір сүрудің белсенді іс-әрекетін, қарым-қатынастарын, адамгершілік мінез-құлық нормаларын игереді.
Бірнеше ойын түрлеріне тоқтала кетейік. Мысалы:
Үйрек ойыны
Аралығы 4-5 м етіп, қаз-қатар 2 ұзын сызық сызылады. Ол "үйрек", сызық сыртындағылар осы ойыншыларға доп лақтырып, дәл тигізуі керек. Допты тигізген ойыншыға бір ұпай жазылады. Кім бұрын 4 ұпай алса, сол жеңімпаз атанады.
Бәйге ойыны
Ойынға қатысушылар санамақ бойынша бастаушы сайлап алады. Сонан соң, шеңбер жасап дөңгелене тұрады. Атқа шапқан адамша текіреніп, қолдарын шапалақтап шеңберді айнала жүгіріседі. Жүгіріп іселе жатқан бастаушының тастаған добын кім бұрын қағып алса, сол ойыншы жеңіп шығады. Ойын жалғаса береді.
Құстар, жер, су, от, ауа
Балалар дөңгеленіп тұрады. Бастаушы ортаға шығады. Ол ойынға қатысушылардың кез-келгеніне допты лақтырып "жер", "су", "ауа", «от» деген бір сөзді айтады. Бастаушы «жер» десе, допты қағып алған бала бір үй хайуанатын немесе жабайы аңның атын тез атауы керек. Ал "су" десе балық атын, "ауа" десе құс атауын айтуға тиіс. Ал "от" атауы айтылғанда ойнаушылар қолдарын бұлғап орындарынан бірнеше рет айнала секіруі керек. Ойынның түр-түрі аяқталған сайын доп бастаушыға қайта оралады. Ойын шартын бұзған бала ойыннан шығарылады.
"Күн мен түн"ойыны
Залдың ортасына екі параллель сызық жүргізіледі, арасы 1-1, 5 м. Олардың екі жағынан да 10-20 м жерден параллель сызықтар немесе үйлердің орны сызылады. Ойыншылар екі тең командаға бөлініп теріс қарап тұрады. Бірі «күн», бірі "түн" командасы болады, бастаушы "күн" дегенде, "түн" командасының ойыншылары қашады. Ал "түн" қуады. Ұсталғандарды санайды да өз командасына қайтарады. Содан кейін ойыншылар ортадағы сызыққа тұрады, тағы да теріс, ойын қайталанады.
"Қарлығаш " ойыны
Диаметрі 1 м шеңбер сызылады, санамақ бойынша екі бастаушыны "қарлығаш" пен "күзетші" сайлайды.
Қарлығаш шеңбердің ортасында отырады. Күзетші оны айналып, басқа ойыншылардан қорғап жүреді. Ойыншылар қарлығашты түртіп қалады. Күзетші оларды ұстап алу керек. Ұсталған ойыншы күзетші болады. Қарлығаш 2-3 күзетші ауысқаннан кейін келісім бойынша ауыстырылады.
Бұл ойындардың бәрі төменгі сынып оқушыларының ойыны. Бұл жерде баланың ширақтышн, шапшаң қимыл-әрекетін байқауға болады.
Ал енді ұлттық ойындардың біразы "ойлануды қажет ететін ойындарға" жатады. Олан негізінен логикалық ойлау мен математикалык, философиялық ойлануды дамытуға негізделіп жасалғандай. Сондықтан төресі "Тоғыз құмалақ". Сонымен қатар, оймен келетін ойындар шахмат, дойбы ойындары.
Әрине бұл ойындар ойды, есепті талап етеді. Бірақ та төменгі сынып оқушыларына аса қияындау тигенімен, зерек бала тез үйреніп, оймен жұмыс жасауды қабылдайды. Бұл танымдық белсенділіктің бір түрі, әрекеті.
Балалар ойындарының тағы біреуі "асық ату", "хан талапай", "омпа", "жамбы ату" ойындары. Асық ойындары алдымен нерв жүйелерін шыңдап, ұстамдылыққа, дәлдікке, тұрақтылыққа, тыныс мүшелерінің қалыпты дамуына тәрбиелейді.
Халық ойынның неше алуан түрлерін туғызып ғана қойған жоқ, соны іс жүзінде қолданып, оның тәрбиелік, білімдік жақтарын да көре білді. Сондықтан олар "бала ойынмен өседі" деген өмірлік қорытынды жасап, осы тәжірибелік қорытындысын өздерінің бала тәрбиесі туралы көзқарастарының негізгі арқауы етті.
Жалпы оқу ғылыми танымнан айырмашылығы бала тура, ол сөзсіз шындықтың жеке таным формасының бейнесі, оның үстіне ол ғылыми таныммен тығыз байланысты формасы болып табылады.
Таным қызметінің мотивтеріндегі айырмашылық ғылыми және шәкірттік танымдардың салыстырмалығында барынша елеулі ықпал жасайды. Бұрыннан белгілі болғандай, ғылыми танымның міндеттері өмірден алынады, қоғам дамуының талаптарынан шығады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz