Қазақстан Республикасында халықаралық құқықтық шарттарды реттеудің құқықтық аспектілері


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ КАФЕДРАСЫ

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

Қазақстан Республикасында халықаралық құқықтық шарттарды реттеудің құқықтық аспектілері

Орындаған: Мукамеден Д.

4-курс ХҚ-33 тобы студенті

Ғылыми жетекші: Тойшыбеков А . С.

оқытушы

«Қорғауға жіберілген»

Каф. Меңгерушісі з. ғ. к., доцент

Досымбекова М. С.

«___» 2007ж.

Алматы, 2007

Жоспар

Кіріспе . . . 3

I Бейбіт келісім жасаудың бірден бір құралы халықаралық шарт

  1. Халықаралық шарттар құқығының қалыптасу тарихы . . . 6
  2. Халықаралық шарттар құқығының табиғаты және халықаралық шарттардың жасалутәртібінің маңыздылығы . . . 10
  3. Халықаралық шарттарды жасаудың негізгі сатылары . . . 14

II Халықаралық шарттардың атқаратын рөлі

  1. Әрекет етуі . . . 29
  2. Тоқтатылуы . . . 34
  3. Жарамсыздығы . . . 36

Қорытынды . . . 38

Библиография . . . 41

Кіріспе

Бітіру жұмысының өзектілігі. Халықаралық шарт дегеніміз екі немесе одан да көп халықаралық құқық субъектілерінің ортақ құқықтары мен міндеттері белгіленген жазбаша түрдегі келісімі. Халықаралық шарт ортақ келісім документі болғандықтан, оның мәтінінің төменгі жағында шарт жасасып отырған жақтардың қолдары мен мөрлері тұрады. Кейбір жағдайда шарттар ауызша түрде жүзеге асады. Ондай шарттарды джентльмендер келісімі деп атайды.

Халықаралық шарттардың құқығы осы заманғы халықаралық құқықтың негізгі салаларының бірі, ол халықаралық құқықтың барлық құқықтық нормаларымен, институттарымен және салаларымен тығыз байланысты болып табылады. Бұл сала осы заманғы халықаралық құқықтың қызмет тәртібін, шарттық нормаларды жасау тәртібін, олардың жарамдылығын, әрекет ету, тоқтату рәсімдерін, өзіне жүктелген міндеттемелерді орындамаудың құқықтық салаларын айқындайды. Шарттық құқықтың мұндай басымдылық рөлі оның реттеу обектісінің ерекшелігімен, осы заманғы халықаралық қатынастардағы маңызымен, сондай-ақ халықаралық шарттар құқықтарының қайнар көздерінің өзгешелігімен айқындалады. Халықаралық шарттың өзі халықаралық шарттар құқығының негізгі қайнар көзі; әдеттегі ғана емес, сонымен бірге шарттық ережелерді де өзгерту құралы; халықаралық жария құқықтың барлық салаларында халықаралық құқықтың маңызды жаңа нормаларының жасалуына мүмкіндік береді. Құқықтың осы саласының құрылымында, мазмұнында болып жатқан өзгерістердің халықаралық құқықтың басқа салаларының мазмұнынан көрініс табары сөзсіз. Бұл аталғандар халықаралық жария құқықтың осы заманғы жүйесінде халықаралық шарттар құқығының ерекше орын алатынын көрсетеді.

Шарттарды орындауды қамтамасыз етуде халықаралық ұйымдар үлкен рөл атқарады, өйткені оның органдары қатысушы мемлекеттердің өз міндеттерін орындауды бақылау құзыретіне ие. Одан бөлек шарт тараптарын орындауды қамтамасыз етуге халықаралық жауапкершілік институты өз үлесін қосады.

Қазақстанда жасалған халықаралық шарттың, соған байланысты міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету Республика Президентіне, Үкіметіне жүктелген. Халықаралық шарттардың орындалуын жалпы қадағалауды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жүргізеді.

Халықаралық шарт мемлекеттер арасында туындайтын дауларды бейбіт жолмен шешудің жалғыз құралы, тиісінше халықаралық келісімдер мемлекетаралық қатынастармен бір мезгілде пайда болған. Мемлекетаралық ынтымақтастықтың даму тарихы мұндай шарттардың көптігі мен түрлі түрлі болғандығын дәлелдейді. Әлемдік бірлестіктің дамуына қарай, шарттық процесс қатысушыларының міндеттемелері нақтыланып, заңи сипат ала бастады.

Бітіру жұмысының пәні мен объектісі. Бітіру жұмысының пәні болып, халықаралық-мазмұнды аксиологиялық, құрылымдық және функциялық аспектілер табылады. Әрі, халықаралық шарттар қайнар көз ретінде болып саналады. Бітіру жұмысының объектісі болып халықаралық құқық субъектілерінің арасындағы халықаралық шарт мазмұны қайнар көз болып табылады. Халықаралық құқық субъектілерінің арасында өзара келісілетіннің барлығы халықаралық шарттың объектісі болып табылады. Ол материалдық және материалдық емес құндылықтар, әрекет немесе әрекетсіздік болуы мүмкін. Халықаралық, сонымен қатар ішкі мәселелелер де халықаралық шарттардың объектілері болуы мүмкін, оларды шешу шарттық процесстің барлық қатысушылары үшін мүдделі болады. Халықаралық шарт атауынан оның объектісін көруге болады. Мысалы, Қазақстан Республикасы мен Франция Республикасының арасындағы достық, ынтымақтастық, бірлестік туралы 1992 жылы 23 қыркүйекте Парижде қабылданған шарттың объектісі ынтымақтастық, бірлестік болып табылады.

Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Халықаралық шарттың мақсаты бұл халықаралық шарт жасауда халықаралық құқық субъектілерінің ұмтылатыны. Мысалы, Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасындағы 1992 жылы 10 тамызда қабылданған Консульдық шарттың мақсаты Қытайдағы Қазақстан азаматтарының мүддесін қорғау, сол сияқты Қазақстандағы Қытай азаматтарының мүддесін қорғау болып табылады.

Бітіру жұмысын орындау барысындағы қолданылған әдістер. Көбінесе салыстырмалы құқықтық әдіс, формалды логикалық әдіс, жүйелік әдіс қолданылды. Әртүрлі құқықтық жүйеде қайнар көз ретіндегі халықаралық шарттардың рөлі және метедологиялық анализ салыстырмалы түрде өткізілді. Жүйелік әдіс, құқтық қайнар көздің жүйесіндегі халқаралық шарттың метедологиялық түріне, басқа құқықтық қайнар көздің түрлерінің әрекет етушілігіне, жеке заңдарына, сот прецедентіне қолданылады.

Бітіру жұмысындағы қорғауға шығарылатын ережелер Бітіру жұмысы барысында анықталған ережелер мынандай:

1) Халықаралық шарттың мемлекетке түсетін күшке қатысты келісімнің өнімінің пайда болуы ретінде.

2) Шарттың негізгі аталынуы заңның тұсындағы субьектілердің тәртібін реттеу мүмкіндігі мен міндетті тәртібіне және дәл айтқанда талап етуге қатысты себеп-салдарды бұзушылыққа әкелушіліктің көрініс табуы.

3) «Құқықтық нысан» мен «құқықтық қайнар көздің» категорияларын бөліп алу қажеттілігі. Осы тұста «құқықтық қайнар көз» бірнеше әлемдік түсінікте «құқықтық нысан» деп түсіндірілген. Біріншіден, олар әлеуметтік-экономикалық, саяси, тарихи талап етушіліктің осы және басқа қатынастарда құқықтық реттелуі деп түсіндіріледі. Екіншіден, олар объективті тұрғыда алғанда талап етушілік ресми нысанда, мамандандырылған қызмет ететін мемлекеттік органдар түрінде, нысандық түрдегі құқықтық норманың нәтижесінде деп түсіндірілуі.

Бітіру жұмысының құрылымы мен көлемі Бітіру жұмысы; кіріспеден, негізгі бөлімдер: бірінші тарау «Бейбіт келісім жасаудың бірден бір құралы халықаралық шарт», екінші тарау «Халықаралық шарттардың атқаратын рөлі» тарауларынан, қорытындыдан, библиографиядан тұрады. Құрылымы . . . беттен тұрады.

1. Бейбіт келісім жасаудың бірден бір құралы халықаралық шарт

1. 1. Халықаралық шарттар құқығының қалыптасу тарихы

Халықаралық шарттар құқығының қалыптасу процессі рим құқығының әсеріне, оның ішінде міндеттемелік құқық нормаларының әсеріне көп ұшырады. Мәселен, « pacta sunt servanda » - «шарттар орындалуы тиіс» деген шарттар құқығының негізгі ережесі рим құқығынан алынған. Ежелгі Римде шарт жасауды ерекше діни тұлғалар фециалдар жүргізген. Олар құрбандыққа шалынуы керек торайды таспен өлтіріп, шартқа адалдық антын берген. Сол сәт шарттың жасалу және күшіне ену уақыты деп есептелген.

Феодалдық дәуірде шарттар көбінесе жазбаша жасалды және олар жеке бір қатынастарды реттеуге арналды. Мысалы сауда және тағы басқалары.

Жазбаша түрде халықаралық шарттар шамамен алғанда бұдан 5 мың жыл бұрын пайда болған. Қазіргі кезге жеткен халықаралық шарттардың бірі, біздің заманымызғы дейінгі XIII ғасырдың бірінші жартысында Аккад патшасы Нарамсин мен Эламның ұсақ билеушілері арасында жасалған халықаралық шарт.

Құл иеленушілік дәуірде шарттар бейбітшілік, бітімгершілік, әскери көмек, сауда мәселелеріне арналды. Бірақ бұл мәселелердің барлығы бейбітшілік туралы шарттарда көрініс тапты. Шарттарды мемлекеттер ғана емес, сонымен қатар дербес қалалар, мемлекеттер одағы, кейде діни ұйымдар да жасай алды. Олар қатысушыларына ғана міндетті болды.

Шарт жасау мемлекеттердің ерекше құқығы болды. Шарт жасау рәсімі діни сипаттағы әрекеттерді жасаумен қатар жүрді. Егер ол жасалмаса, шарт жарамсыз болып табылды.

Шарттық құқықтың жүйеленуі тұтастай алғандағы халықаралық құқық жүйеленуінің ажырамас бөлігі болып табылады. 1935 жылғы Гарвард университетінің негізінде бір топ заңгерлердің Гарвард Жобасы деп аталатын еңбектері жарыққа шықты. Халықаралық жария құқықтың осы саласының ресми жүйесін 1924 жылы Ұлттар Лигасы қабылдады. Алайда, сарапшылырдың дайындаған баяндамасы сол күйі талқыланбаған күйде қалды. Халықаралық шарттар құқығы аясындағы алғашқы жүйеленген акт американдық мемлекеттердің конференциясында 1928 жылы қабылданды. Ол тек Латын Америкасы мемлекеттерінде жүргізілген аймақтық сипаттағы келісім шарттар туралы Гавана конвенциясы.

Шарттар құқығы туралы мәселе 1950 жылдан бастап халықаралық құқық Комиссиясының жүйелеу жұмыстарының тізіміне енгізілді. 1968 жылы шақырылған халықаралық шарттар құқығы жөніндегі Вена конвенциясы 1969 жылғы халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясын қабылдаумен аяқталды. Конвенция 1980 жылы 27 қаңтарда күшіне енді, себебі 1969 жылы Конвенцияның 84-бабына сай, ол «қосылу

Құлжабаева. Ж. О. «Халықаралық жария құқық» Алматы, 2003 ж, 65 бет.

2 Хан. Г. Б, Маханова. Қ. А. «Халықаралық құқық» Алматы, 2003 ж, 107 бет.

туралы отыз бесінші бекіту грамотасын немесе отыз бесінші құжатты1

сақтауға бергеннен кейін отыз күн откенде» күшіне енеді деп көрсетілген. Қазақстан Республикасы оған 1993 жылы 31 наурызда қосылды. Сонымен қатар, Грузия, Өзбекстан, Тәжікстан да осы шартқа мүше елдер қатарына жатты. Конвенцияның кері күші болмады.

Бұл жүйелеу құжаты 85 баптан және қосымшадан тұрады. Оның кіріспесінде, халықаралық шарттар құқықтарының жүйеленуі және үдемелі дамуы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға, халықтар арасындағы достық қатынастарды дамытуға және бір-бірімен ынтымақтастықты жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі деп көрсетілген.

Кейінірек халықаралық құқық Комиссиясы халықаралық ұйымдардың қатысуымен жасалатын шарттардың әрекетін реттейтін нормалардың жүйеленуін жүзеге асырады. 1986 жылы халықаралық қауымдастық мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арасындағы халықаралық шарттардың құқықтары туралы Вена конвенциясын қабылдайды. Осы нормативтік актлерді қолдану тиімді болу үшін екі Конвенция баптарының нөмірлері сәйкестендіріледі.

1978 жылы тағы бір маңызды жүйелеу актісі мемлекеттердің шарттарға қатысты құқық мирасқорлығы туралы Вена конвенциясы қабылданды. Сонымен, халықаралық құқық Комиссиясының осы аталған жүйелеу жұмыстары халықаралық құқық қызметінің маңызды сатысы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 4 бабында Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сай заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттар мен Республиканың басқа да міндеттемелерінің, сондай ақ Республиканың Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады.

Барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына, міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми түрде жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.

Қазіргі заманғы халықаралық шарт өз құрылымы бар келісім документі болып табылады. Ол кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерден және шарт жасасып отырған жақтардың қолынан тұрады. Кіріспеде келісуші тараптардың, уәкілеттілердің атаулары, дәлелдері және өкілеттерінің жарамдылығы ғана емес, сонымен бірге шарттың мақсаты да көрсетіледі. Мысалы, Біріккен Ұлттар Ұйымының 1945 жылғы Жарғысының кіріспесінде соғыстың зардаптарынан құтқару, адамның негізгі құқтарына деген сенімді бекіту, міндеттемелердің әділдігі мен құрметтеуді сақтауға шарт жағдайлар жасауға көмектесу.

Халықаралық шарттың орталық бөлігі бөліктерге, тарауларға, баптарға, параграфтарға, тармақтарға, тармақшаларға бөлінеді. Осындай бөліктерге бөлу халықаралық шарттардың мәтінін пайдалануды, олар үлкен болған жағдайда жеңілдетіледі. Аталған элементтердің бар немесе жоқ болуы шарттың мазмұнына, қатысушылардың санына, мақсаттарына және өзге де факторларға байланысты.

Халықаралық шарттардың қорытынды ережелерінде қол қою, бекіту, қосылу актсі, шарттың заңды күшіне ену негіздері, шарт жасалатын тілдер жөнінде мәліметтер, дипозитарийді көрсету және мәтіннің түпнұсқалығы туралы тезис болады.

Халықаралық шартта қосымша материалдардан, қол қоюдың қорытынды хаттамаларынан, ноталармен хаттар алмасудан, реттеу рәсімінің ережесінен тұратын қосымшалар болуы мүмкін. Қосымшаның кіріспеден, негізгі, қорытынды бөлімдерден өзгешелігі, ол шартта немесе қосымшада тікелей көрсетілсе, шарттың ажырамас бөлігі бола алады. Мысалы, Біріккен Ұлттар Ұйымының 1945 жылғы жарғысының 92 бабына сәйкес, Халықаралық Сот статуты Жарғының ажырамас бөлігі болып табылады.

Мысалы, алғашында шарттық міндеттемелер діни моральға негізделсе, XVII XVIII ғғ. шарттар монархтардың саяси моралына сүйене бастады; халықаралық шарттар құқығында XIX ғ. саяси шарттардың тек құқықтық нысанында ғана емес, сондай-ақ дін мен моралға сүйенген кезеңі ретінде сипатталады.

Сол себепті халықаралық саяси шарттар құқықтық шарттардан келіп шыққан еді. Мемлекеттер олардың заңдық күшін мойындай отырып, шарттардың моральдық-саяси маңызын да жоққа шығармайды.

Барлық мемлекеттердің халықаралық шарт жасасу құқықтары бар. Мұндай ереже халықаралық шарттардың құқықтары туралы 1969 жылғы Вена конвенциясының 6-бабында: «Әрбір мемлекеттің шарт жасасу құқық қабілеттігі бар» деп бекітілген. Сонымен бірге, мемлекеттердің шарттардың білгілі бір түрлерін жасау құқығы шектелуі мүмкін. Мысалы, халықаралық келісімдерге сәйкес, ұдайы бейтарап мемлекеттердің қорғану сипатындағы одақтық шарттарды жасау, әскери одақтар, әскери көмектер туралы келісімдер жасау құқығы жоқ. Бұл ұдайы бейтарап мемлекеттердің құқықтық табиғатына байланысты.

Өздерінің тәуелсіздігі үшін күресуші ұлттардың шарттық құқық қабілеттілігі олардың халықаралық құқық субъектілігінің бір бөлігін құрайды. Мысалы, Иорданиядағы жағдайды қалпына келтіру туралы 1970

жылғы Каир келісімі; тәуелсіздік үшін қарулы күрес кезеңіндегі алжир ұлтында шарттық қатынастар болды, олардың Алжир Республикасы құрылғанға дейін өздерінің қарулы күштері ғана емес, сонымен бірге өз үкіметі де бар болатын. Ұлттардың отарлық режимін қандай да бір нысанынан тәуелсіз және басқа мемлекеттердің, олардың ішінде метрополиялардың тануынан да тәуелсіз күйде халықаралық шарттық қатынастарға түсе алатынын халықаралық құқық тәжірибесі дәлелдеуде.

Кез келген халықаралық шарттың ажырамас қасиеті және оның халықаралық дәстүрден ерекшелігі, мұнда субъектілердің еркі анық көрсетілетіндігінде.

4 Ульянов Н. Н. «Общие многосторонние договоры в современных международных отношениях» Киев, 1981 г, 33 бет.

5 Игнатенко. Г. В, Титунов. О. И. «Международное право» Москва, 1995 ж, 93 бет.

2. Халықаралық шарттар құқығының табиғаты және халықаралық шарттарды жасау тәртібінің маңыздылығы

Халықаралық құқық субъектілерінің арасында өзара келісілетіннің барлығы халықаралық шарттың объектісі немесе заты болып табылады. Ол материалдық және материалдық емес құндылықтар, әрекет немесе әрекетсіздік болуы мүмкін. Халықаралық, сонымен қатар ішкі мәселелелер де халықаралық шарттардың объектілері болуы мүмкін, оларды шешу шарттық процесстің барлық қатысушылары үшін мүдделі болады. Шарттық тәжірибеде халықаралық құқықтың барлық негізгі қағидаларының орындалуы міндетті. Мысалы, егер халықаралық құқық субъектілері мемлекеттік шекараларды делимитациялау және демаркациялау туралы шартқа қол қойса, онда мұндай жағдайда аумақтық тұтастық қағидасы мен шекаралардың қол сұғылмайтындығы қағидаларын орындау басты орында болады.

Шарттық процесске қатысушылар экономикалық келісім ережелерін талқылаған кезде, олардың назары өздеріне жүктелген міндеттемелерді адал орындау қағидасына, туындаған дауларды бейбіт түрде реттеу қағидасына, мемлекеттердің ынтымақтасу қағидасына аударылады. Егер шарттық ережелер адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелеріне қатысты болса, онда мемлекеттер өздеріне адамның құқтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеу қағидасына, халықтардың тең құқықтығы мен өзін-өзі басқару қағидасына сай міндеттемелерді алады.

Халықаралық шарттардың нысаны. Халықаралық шарттардың нысаны деген халықаралық құқық субъектілерінің еріктерінің айқын сипат алуына көмектесетін құралдар мен тәсілдер. Оларға ауызша тұжырымдар және анықтамалар, сондай ақ шарттың әр түрлі бөліктерінің орналасу арақатынасы мен рөлі, оның құрылымы мен атауы жатқызылады. Белгілі болғандай шарттар ауызша және жазбаша нысанда жасалады. Мысалы, халықаралық шарттардың құқықтары туралы Вена конвенциясының шарттық ережесі сауда шарттарының жазбаша да, ауызша да жасалу нысандарын қарастырады.

Халықаралық шарттардың тілі деген халықаралық шарт субъектілерінің ниеттерін айқын көрсететін және шарттық процесс қатысушылары қолданатын элемент. Халықаралық шарт мәтінделген, сөзбен бекітілген келісім түрінде болуы мүмкін. Халықаралық шарттың қандай да бір міндетті тілі жоқ.

Халықаралық шарттардың тілі субъектілердің келісімі бойынша анықталады. Көп жақты шарттар халықаралық тілде құрылады. Мысалы; ағылшынша, французша, орысша, испанша, қытайша, арапша. Шарт мәтініндегі әртүрлі тілдердің бірдей заңдық күші болады.

Екі тарапты шарттар келісуші екі тараптың білетін тілдерінде жасалады. Екі тараптың тілдерінде жасалған мәтіннің бірдей заңдық күші болады. Бұл ереже шарттың қорытынды баптарында жиі көрсетіледі. Кейбір жағдайларда екі тарапты шарттар екі тілде емес, үш тілдегі нұсқада жасалуы мүмкін. Оны тараптардың серіктестерінің тілін білмегендіктен, екі тарапқа да белгілі тілге жүгінуімен түсіндіруге болады. Мұндай жағдайларда қарама қайшылықтар туындайтын болса, бір мемлекеттің тілі келесі тарапқа түсініксіз болса, үшінші тілдегі мәтін түпнұсқалық (аутентикалық) болып табылады.

Мысалы, Қазақстан Республикасының Балтық елдерімен шарт жасау тәжірибесінде шарттарды үш тілде жасау кездеседі: қазақ тілінде және шарт жасасушы Балтық елінің бір тілінде литва, латвия, эстон тілдерінде; үшінші қолданылатын тіл орыс немесе ағылшын тілінде болады.

Халықаралық шарттарды жасауға мемлекеттердің ішкі заңдары да көп үлесін қосады. Қазақстан республикасында 1995 жылы 12 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасау, орындау және денонсациялау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы жүзеге асуда. Бұл Жарлық халықаралық шарттардың ұғымын, түрлерін, оларды жасау, орындау, тоқтату және күшін жою мәселелерін қарастырады.

Халықаралық шарттарға берілетін өкілеттілік. Халықаралық шарт мемлекет өкілдері арасында жасалады. Осы мақсатта мемлекет өкілдеріне арнайы документ - өкілеттілік беріледі. Осы документ бойынша мемлекет өкілдерінің халықаралық шарт жасауда қандай іс - әрекет атқаратындығы анықталады. Өкілеттілік мемлекеттің жоғарғы органдарынан беріледі.

Қазақстан Республикасының халықаралық шарт жасаудағы келіссөздер жүргізуге және халықаралық шартқа қол қоюға берілетін өкілеттіліктер:

1) Қазақстан Республикасында мемлекетаралық сипаттағы халықаралық шарт жасаудағы келіссөздер жүргізуге және халықаралық шартқа қол қоюға арналған өкілеттілік. Қазақстан Республиткасы Президенті тарапынан, ал Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы шартқа өкілеттілік Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан беріледі.

2) Қазақстан Республикасында мемлекетаралық сипаттағы халықаралық шарт жасаудағы келіссөздер жүргізуге және халықаралық шартқа қол қоюға арналған өкілеттілік немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы шартқа өкілеттілік Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арнайы тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі тарапынан беріледі.

3) Ведомство аралық сипаттағы халықаралық шарт жасаудағы келіссөздер жүргізуге және халықаралық шартқа қол қоюға арналған өкілеттілік мемлекеттік комитет төрағасы немесе министрі тарапынан, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынышты органдар тарапынан беріледі

Арнайы өкілеттіліксіз халықаралық шарт жасаудағы келіссөздер және халықаралық шартқа қол қою:

Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республиткасының Премьер министрі, Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрі арнайы өкілеттіліксіз-ақ Қазақстан Республиткасының халықаралық шарт жасаудағы келіссөздер жүргізуге және халықаралық шартқа қол қоюға құқылы.

  1. Қазақстан Республиткасының шет мемлекеттегі дипломатиялық уәкілеттілігінің басшысы немесе Қазақстан Республиткасының халықаралық ұйым ішіндегі уәкілеттілігінің басшысы Қазақстан Республиткасының халықаралық шарт жасаудағы келіссөздер жүргізуге және халықаралық шартқа қол қоюға арнайы өкілеттіліктің қажеті жоқ. Ол үшін шарт халықаралық ұйым шеңберінде болуға тиіс.
  2. Қазақстан Республиткасының шет мемлекеттегі дипломатиялық уәкілеттілігінің басшысы немесе Қазақстан Республиткасының халықаралық ұйым ішіндегі уәкілеттілігінің басшысы тек арнайы өкілеттілік арқылы халықаралық жасаудағы келіссөздер жүргізуге және халықаралық шартқа қол қоюға құқылы.
  3. Мемлекеттік комитет төрағасы, министрі, Қазақстан Республикасының басқа да орталық атқару органы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынышты мемлекеттік орган төрағасы ведомствоаралық сипаттағы халықаралық шарт жасаудағы келіссөздер жүргізу және халықаралық сипаттағы шартқа қол қою үшін арнайы өкілеттіліктің қажеті жоқ.

Сот билігі Қазақстан Республикасы атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүделерін қорғауды, Республикасының Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды. Сот билігі Республика Конституцияның, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыйға тарту шартын жасасу шарттары
Интеллектуалдық меншікті халықаралық қорғау
Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің рөлі
Интернеттің электронды ортасын реттеудің құқықтық аспектілері
Патенттік құқық және Қазақстан Республикасынан тыс жерде тауар таңбаларын қорғау
Қазақстан Республикасының кеден саясаты және сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу шаралары
Интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне тән белгілердің теориялық аспектілері
Төлем жүйелері ұғымы
Салық жүйесінде әлеуметтік салықтың ролі
Интеллектуалдық меншік құқығы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz