Қылмыстың белгілеріне жалпы сипаттама



Кіріспе
1 тарау. Қылмыстың белгілеріне жалпы сипаттама.
1.1. Қылмыстың ұғымы мен белгілері.
1.2. Қылмыстарды қоғамға келтірілген қауіптілігі бойынша топтастыру.
2 тарау. Құқық бұзушылық: белгілері, құрамы және түрлері.
2.1 Құқық бұзушылықтың түсінігі
2.2 Заңдық жауапкершілік түрлері

Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Қылмысты саралау үшін қылмыстарды белгілерін, құрамдары арқылы басқа құқық бұзушылықтардан айырмашылықтарын байқай аламыз. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі Қазақстан Республикасы Конституциясының және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделген.
Сондықтан өмірдің өзі ескі идеологиядан арылған, нарықтық қатынастар жағдайына үйлесетін, адам құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық-құқықтық қорғауды барынша қамтамасыз ететін жаңа қылмыстық заңның болуын қажет етті.
Жаңа Қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі адам, қоғам, мемлекет мүддесін қорғау болып табылады. Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінде ескі кодекске қарағанда көптеген қылмыстық-құқылық түсініктердің, институттардың жаңа ұғымы берілген.
Осы жұмысымда осындай ерекшеліктерге баса мән бере отырып, олардың мазмұның түбегейлі ашып қарауға тырыстым.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз, 1995 ж., љзгерістер мен толыќтырулар, 7 ќазан, 1998 ж.
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. Алматы: 1997 жыл.2001 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген.
3. Уголовный кодекс Республики Казахстан. Общая характеристика. Сравнительные таблицы. Под,ред.И.И.Рогова.1-вып. Алматы:1997 г.
4. Комментарий к Уголовному кодексу РК. Алматы, 2000.
5. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының Қаулылар жинағы. 1997ж. 1 том.
Арнайы әдебиеттер:

1. А.Н.Ағыбаев ''Қылмыстық құқық''. Жалпы бөлім. Оқулық. Жеті Жарғы. 1997ж
2. Е.И.Қайыржанов ''Уголовное право Республики Казахстан'':Алматы, 1996 жыл.
3. Г.И.Баймурзин. ''Ответственность за прикосновенности к преступлению'': А:1968 г.
4. Ағыбаев А.Н.''Ответственность должностных лиц за служебные преступления'' – А. Жеті Жарғы, 1997.
5. В.Н.Кудрявцев ''Общая теория квалификация преступления'' М: 1972 г.
6. Уголовное право. Общая часть. Под.ред. В.Н.Кудрявцева
7. Баймурзин Г.И. Объективная сторона преступления. // Уголовное право Казахской ССР. Алма-Ата. 1986 г.
8. Джекебаев У.С., Рахимов Т.Г., Судакова Р.Н. Мотивация преступления и уголовная ответственность., Алма-Ата,1987 г.
9. Нуртаев Р.Т. Социология неосторожной преступности. Караганда. 1991 Борьба с неосторожными видами преступления. Алма-Ата. 1990 г.
10. Лунеев В.В. Мотивация преступного поведения. М.1991 г.
11. Тленчиева Г.Д. Субъективная сторона преступления. / Уголовное право Казахской ССР. Общая часть. Алма-Ата.1986.
12. Чинхоев Ш.И. Ответственность за преступления, совершенные по неосторожности. Алма-Ата. 1983 г.
13. Джекебаев У.С. Об Углоовной ответственности юридических лиц. Советы Казазхстана. 15 июня. 1992 г.
14. Калишева Ж.Г. Должностное лицо как специальный субъект преступления / Известия АН Каз ССР. Серия общест.наук. 1990 № 6
15. Сыздыков М.Н. Субъект преступления // Уголовное право Каз ССр. Общая часть. Алма-Ата. 1986 г.
16. Нуртаев Р.Т. Проблемы специальной вменяемости субъекта неосторожного преступления. // Известия АН Каз ССР. Сер.общ.наук 1983 г. 5
17. Корчагин А.Г. Неосторожный преступник /Субъект и личность/. М.,1990 г.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе
1 тарау. Қылмыстың белгілеріне жалпы сипаттама.
1.1. Қылмыстың ұғымы мен белгілері.
1.2. Қылмыстарды қоғамға келтірілген қауіптілігі бойынша топтастыру.
2 тарау. Құқық бұзушылық: белгілері, құрамы және түрлері.
2.1 Құқық бұзушылықтың түсінігі
2.2 Заңдық жауапкершілік түрлері

Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Қылмысты саралау үшін қылмыстарды белгілерін, құрамдары арқылы басқа құқық бұзушылықтардан айырмашылықтарын байқай аламыз. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі Қазақстан Республикасы Конституциясының және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделген.
Сондықтан өмірдің өзі ескі идеологиядан арылған, нарықтық қатынастар жағдайына үйлесетін, адам құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық-құқықтық қорғауды барынша қамтамасыз ететін жаңа қылмыстық заңның болуын қажет етті.
Жаңа Қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі адам, қоғам, мемлекет мүддесін қорғау болып табылады. Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінде ескі кодекске қарағанда көптеген қылмыстық-құқылық түсініктердің, институттардың жаңа ұғымы берілген.
Осы жұмысымда осындай ерекшеліктерге баса мән бере отырып, олардың мазмұның түбегейлі ашып қарауға тырыстым.
Жеке адамдардың әрекетінде немесе әрекетсіздігінде қылмыстың нақты құрамының барын анықтауды, қылмысты дұрыс саралауды, іс-әрекетте құқыққа қайшы және қоғамға зиянды мән-жайларын бар немесе жоқ екендігін белгілеуді, кінәліге жаза тағайындауды қолданып жүрген қылмыстық заңға сәйкес қолдануды, бұл жерде іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің және дәрежесін, кінәлінің жеке тұлғасын анықтау үлкен роль атқарады.
Қылмыс пен қылмыс құрамы өзара тығыз байланысты, бірақ бір-біріне ұқсамайтын қылмыстық-құқылық түсініктер. Олардың өзара мазмұны да, бағыты да әр түрлі.
Қылмыс дегеніміз – адамның әлеуметтік-құқылық, қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы секілді міндетті белгілерінің жиынтығынан туатын ерекше іс-әрекеті болып табылады.
Қылмыстың жалпы түсінігі сол қылмыстың заңдылық сипаттамасын беріп қана қоймай, оның әлеуметтік мәнін де ашып көрсетеді. Ол қылмыстың құрамы – бұл қылмысты іс-әрекет емес, тек соның нысанын сипаттайтын түрі ғана. Сол қылмыс құрамының ұғымы мен түрлерін толығырақ қарастырып өту үшін, бұл мәселені толық ашып түсіндіру үшін бірнеше тарауға бөліп қарастырдым.

1 тарау. Қылмыстың белгілеріне жалпы сипаттама.
1.1 Қылмыстың ұғымы мен белгілері.
Негізінен ќылмысќа аныќтама берудіњ екі жолы ќалыптасќан: формальды жєне материалды. Ќылмыстыњ мәнін түсіну үшін материалдыќ аныќтамаѓа ж‰гінген дұрыс. Ќоѓамѓа ќауіпті болѓандыќтан ол белгілі бір ќоѓамдыќ ќатынастарѓа зардап келтіреді немесе келтіру ќаупін туѓызады.
Сондыќтан зањда ќорѓалатын объектілер жеке адам, ќоѓам, мемлекет, меншік. Ќоѓамѓа ќауіпті єрекеттіњ өзіне жасалу орнына, уаќытына, жолына, мотивіне, маќсатына, әрекет зардабына, тұлѓасына байланысты өзгеріп отырады. Сол себептен де, ќылмыстыќ зањ сыртќы көрінісі ќылмысќа ұќсаѓанымен ќауіптілік дәрежесі төмен әректеттерді ќылмыс ќатарына ќоспайды. Сонымен ќоса ќоѓамѓа ќауіпті әрекет ќылмыстыќ зањда міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Ќылмыстыќ зањда ұќсастыѓы бойынша ќолдануѓа жол берілмейді.1
Жоғарыда айтқандай қылмыс туралы ұғым Қылмыстық кодекстің 9-бабында берілген. Осы баптағы анықтамадан көрінгендей, қылмыс дегеніміз адамның әлеуметтік-құқылық, қоғамға қауіпті әлеуметтік-құқылық, қоғамға қауіпті және құқыққа қайша секілді міндетті белгілерінің жиынтығынан туатын ерекше іс-әрекеті болып табылады.
Егер қылмыстың түсінігінде барлық қылмыстарға тән белгілер - қоғамға қауіптілік, құқыққа қайшылық, кінәлілік және жазаланушылық аталған болса, ал қылмыс құрамында іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін білдіретін нақты қылмыстардың міндетті белгілерінің жиынтығы.
Қылмыстың жалпы түсінігі, сол қылмыстың заңдылық сипаттамасын беріп қана қоймай, оның әлеуметтік саяси мәнін де атап көрсетеді. Єрекеттіњ ќылмыстыќ зањда көрсетілуініњ өзі ќылмыс деп табылудыњ өзі жеткіліксіз. Тек ќауіпті деп жариялап ќана ќоймай оѓан жаза көрсетілуі тиіс. Ќылмыстыњ таѓы бір белгісі айыптылыѓы, яѓни ќоѓамѓа ќауіпті әрекет кінәніњ белгілі бір нысанында ќасаќана немесе абайсызда жасалуы тиісті. Кінәсіз зиян келтіру жауаптылыќќа жатпайды. Ќылмыстыњ ұѓымын Ќазаќстан Республикасыныњ Ќылмыстыќ кодексініњ 9 - бабында толыќ айќындап берілген. Ќылмыс дегеніміз осы кодексте жазалау ќатерімен тыйым салынѓан айыпты, ќоѓамдыќ ќауіпті әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.2
Қылмыстық заңда сипатталған әрбір қылмыс, яғни қылмыс құрамы өзінің ерекше белгілерімен сипатталады. Қылмыстың құрамы - бұл қылмысты іс-әрекет емес, тек соның нысанын сипаттайтын түрі ғана. Ол нақты - қылмыстық заңды сипаттамасы, жеке нақты қылмыстың түсінігі.
Жалпы және нақты қылмыстың құрамының түсінігі жалпы қылмыс түсінігіне қарағанда заңдылық ұғым емес, ғылыми ұғым болып табылады. Қылмыстың құқық теориясы әрбір қылмыста болатын төрт түрлі міндетті элементтерді: қылмыстың объектісін, қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарын, субъектісін атап көрсетеді. Осы белгілерге орай кез-келген қылмыстың құрамы осындай төрт түрлі топтағы элементтерге бөлінеді. Әрбір қылмыс құрамында оның объектісін, объективтік, субъективтік жақтарын және субъектіні бейнелейтін белгілері міндетті түрде болады.
Қылмыс пен қылмыс құрамы өзара тығыз байланысты, бірақ бір-біріне ұқсамайтын қылмыстық-құқылық түсініктер. Олардың өзара мазмұны да әр түрлі.Қылмыстың құрамының жалпы түсінігі барлық қылмыс құрамына тән осы төрт түрлі элементтермен сипатталады. Қылмыстың осы немесе басқа элементтерін сипаттау тиісінше қылмыс құрамының элементтерін сипаттау деп аталады. Мысалы, қылмыстың субъективтік жағының белгілерін сипаттау қылмыс құрамының субъективтік жағы деп аталады.
Қылмыстың объектісі деп, сол қылмыстық қиянаттың неге бағытталғанын, оның қандай зиян келтіргенін немесе келтіруге нысана алғанын айтамыз.
Субъективтік жағынан бір қылмыстар қасақаналықпен (ұрлық), екінші біреулер абайсыздықпен (абайсызда кісі өлтіру), үшіншіден қасақаналықпен де, абайсыздықпен де жасалуы мүмкін. Кінәнің нысанының көпшілігі қылмыстың заңның өзінде де тікелей ашып көрсетіледі. Ал көрсетілмеген жағдайда олар қылмыстың құрамының белгілеріне талдау жасау арқылы анықталады.
1.2. Қылмыстарды қоғамға келтірілген қауіптілігі бойынша топтастыру.
Қылмыстарды топтастыру Ќылмыстыќ кодекстіњ 10-шы бабында кљрсетілгендей ќылмыс сипаты мен ќауіптілік дәрежесіне ќарай 4 сипатќа бљлінеді. Бірінші, онша ауыр емес ќылмыс – жасалѓаны үшін осы Кодексте көзделген ењ ауыр жаза екі жылѓа бас бостандыѓынан айырдан аспайтын ќасаќана жасалѓан әрекет сондай аќ жасалѓаны үшін осы Кодексте көзделген ењ ауыр жаза бес жылдан бас бостандыѓынан айырудан аспайтын абайсызда жасалѓан әрекетті айтамыз.Екінші ауырлыѓы орташа- егер ќасаќана жасалѓан әрекет үшін бес жылдан аспайтын мерзімге бас бостандыѓынан айыру көзделген әрекетті жасауын айтамыз. Үшінші ауыр ќылмыс деп – ењ ауыр он екі жылѓа бас бостандыѓынан айырудан аспайтын ќасаќана жасалѓан әрекетті айтамыз. Төртінші, ерекше ауыр ќылмыстар.
Жекелеген қылмыс құрамының мазмұнын терең ашу, олардың белгілерін анықтауды жеңілдету және нақты істелген іс-әрекетті дұрыс саралау мақсатымен қылмыс құрамының түрлері нақты белгілер бойынша өзара бөлінуі мүмкін.
Қылмыстық құқық ғылымында мұндай бөлінудің негізі (критериясы) болып: біріншіден, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің дәрежесі, екіншіден, қылмыс құрамының сипатталу тәсілі, үшіншіден, қылмыс құрамының құрылысы есепке алынады.
Егер қылмыс құрамында осы іс-әрекеттің негізгі белгілерінен басқа жауаптылықты жеңілдететін жағдайлар көрсетілсе, онда ондай қылмыс құрамын жауаптылықты жеңілдететін қылмыс құрамы деп айтамыз.
Негізгі белгілермен бірге жауаптылықты ауырлататын жағдайлар көрсетілген қылмыс құрамы, сараланған қылмыс құрамы (яғни, жауаптылықты ауырлататын құрам) деп аталады. Сондай-ақ құрам қатарына 129-баптың ІІІ бөлігінде көрсетілген адамды ауыр қылмыс істеді деп айыптап жала жабу жатады. Немесе 175-баптың 2-бөлігіндегі ұрлықты ауырлататын жағдайлар: адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша, бірнеше рет т.б. жағдайлар жатады. Қылмыс құрамының сипатталу тәсіліне қарай құрам жай қылмыс құрамы, күрделі қылмыс құрамы және балама қылмыс құрамы деп бөлінеді.
Жай құрам дегеніміз қылмыс құрамының белгілерінің біркелкі болуы. Яғни оның бір ғана объектісі, бір ғана объективтік жағы ғана болуы. Күрделі қылмы құрамы деп, қылмыс құрамы элементтерінің бірінің күрделенуін айтамыз. Балама құрам деп Қылмыстық кодекстің бабындағы диспозициясында көрсетілген әрекеттердің біреуін істегендікті айтамыз.
Қылмыс құрамының құрылысына қарай құрамды түрге бөлудің де практикалық маңызы ерекше. Осы белгісі бойынша қылмыс құрамы материалдық, формальдық және келте қылмыс құрамы болып бөлінеді. Іс-әрекеттің нәтижесінен зардап қылмыс құрамында көрсетілсе ондай қылмысты материалдық қылмыс құрамы деп атайды.
Формальдық қылмыс құрамы деп зардабы болмайтын қылмысты айтамыз.
Кейде заң шығарушы қылмыстың аяқталған уақытын алдын ала қылмысты әрекет сатысына көшіреді. Мұндай құрылымда қылмыс құрамын келте құрам деп айтамыз.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыс 9-бапта көрсетілген.
Осы Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады. Қылмыстық заңда ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді.
Осы Кодекстің Ерекше бөлімінде көзделген қайсыбір әрекеттің белгілері формальды болса да бар, бірақ елеулі маңызы болмағандықтан қоғамдық қауіпті емес, яғни жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірмеген және зиян келтіру қаупін туғызбаған іс-әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс болып табылмайды.
Адамдардың өзіне жүктелген белгілі бір міндеттерді, талаптарды орындамауы әр түрлі жолдармен белгіленеді.
Заң талабынан (мысалы, заң азаматтарға ауыр қылмыстардың шынайы әзірленіп жатқаны немесе істелгені аян екені жайында хабарлауды міндеттейді – 364-бап).
Кәсіптік немесе қызмет талаптарынан (заң немесе арнаулы ереже бойынша жәрдем көрсетуге міндетті медицина қызметкерінің науқас адамға дәлелді себепсіз жәрдем көрсетпеуі – 118 бап), санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді тиісті адамдардың бұзуы.
Келісім шарттан, контрактіден, келісім шартта көрсетілген құқықтарды пайдаланып біреудің баласына оны күтіп-бағудың орнынан зиян келтіру немесе альпинистер тобының жетекшісі жәрдемге мұқтаж адамға асудан асуға көмек беруге міндетті болса, бірақ сол адамды қиын жағдайда қалдырып, жәрдем көрсетпеуі.
Отбасылық, туыстық қатынастардан (кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау – 137 бап), қамқоршы немесе қорғаншы құқығын теріс пайдалану – 130 бап, балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражаттан әдейі жалтару – 136 бап, еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейі жалтару – 14 бап.
Адамгершілік нормасы мен мінез-құлық ережелерінен. Мысалы, өміріне, денсаулығына қауіпті жағдайдағы және сәбилігіне, қарттығына, науқастығына немесе өзге де дәрменсіз күйінің салдарынан өзін-өзі сақтап қалу шараларын қабылдау мүмкіндігінен айырылған адамды көрінеу көмексіз қалдыру, кінәлі кісінің ол адамға көмек көрсету мүмкіндігі болған және ол адамға қамқорлық жасауға міндетті болған не оны өміріне немесе денсаулығына қауіпті күйде өзі қалдырған жағдайларда (119-бап) немесе жүргізушінің автокөлікпен біреуді қағып кетіп, оны қауіпті жағдайда қалдырып қашып кетуі т.б.
Адамның істеген кез-келген іс-әрекеті сыртқы дүниеде белгілі бір өзгеріс туғызуға немесе соны болдыруы қаупін туғызуы мүмкін. Іс-әрекет арқылы келтірілген нақты зиянды анықтау арқылы материалдық өмірге нақты қандай өзгерістер келтіргенін білеміз.
Қылмыстық зардап – бұл қылмыстық заңда көрсетілген қоғамдық қатынастарға әрекет немесе әрекетсіздік арқылы келтірілген зиян болады.
Қылмыстық құқықта заң шығарушы тиісті бапта көрсетілген нақты қылмыс құрамының объективтік жағын белгілеуге байланысты құрам материалды және формальды деп екі түрге бөлінеді.
Мұндай жағдайда кінәлі түрде іс-әрекет қоғамдық қатынастарға келтірілген зиянның негізгі шарты, себебі болуы керек. Сонымен себепті байланысты анықтағанда ең алдымен іс-әрекетті істеген мезгілде қоғамға зиянды зардаптың нақты болу (мүмкін) қаупін төндіретінін, одан кейін, осы зардаптың, сөз жоқ, істелген іс-әрекеттің нәтижесінен туындағанын анықтау керек.
Қайсыбір қылмыстар белгілі бір уақытта, белгілі бір жағдайда немесе белгілі бір тәсілмен, құралмен жүзеге асырылады. Мұндай жағдайларда қылмыстың объективтік жағының осы факультативтік белгілері арқылы іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігі елеулі әсер етуі мүмкін. Сол себепті заң шығарушы оның әрқайсысын белгілі бір нақты қылмыс құрамының негізгі белгісі етіп көрсетеді.

2 тарау. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ: БЕЛГІЛЕРІ, ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ.
2.1 Құқық бұзушылықтың түсінігі
Заң нұскамаларынан ауытқудың қоғамда едәуір кең таралған сипаты бар. Себептердің және оларға жәрдемдесетін жағдайлардын көп болуына, субъектілер мен жасалатын және құқыққа қарсы әрекеттер сипатынын алуан түрлі болуына карамастан, олардың көпшілігінің (объективті құқыққа қарсыларын қоспағанда) біркатар ортақ белгілері бар, солардын негізінде заң ғылымы оларды әлеуметтік құбылыстың біреуіне жатқызады. Бұл құбылыс “құқық бұзушылықң деген ұғыммен белгіленеді.
Құқық бұзушылық — қоғамның, мемлекет пен жеке адамның мүдделеріне зиян келтіретін субъектінің кінәлі, құқыққа қарсы, қоғамға қауіпті әрекеті.
Кез келген құқық бұзушылық дегеніміз адамдардың іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі ретіндегі әрекеті. Оларға табиғат құбылыстары мен жануарлардың мінезін жаткызуға болмайды.
Адам өзінің әрекеттері немесе заң жүзіндегі елеулі әрекетсіздігі болмаса заң үшін жоқ деп есептеледі. Жеке адамның ой және сезім жүйесі, оның биологиялык жай-күйі мен әлеуметтік жағдайы, туыстық және жеке байланыстары құқық бұзушылық деп танылмайды.
Құқық бұзушылықтың сөзсіз белгісі қоғамдық қауіпті әрекет болып табылады, ол зиянның болуын және іс-әрекетке (әрекетсіздікке) қоғамдық бағаны қамтиды. Қоғамға қауіп төндірмейтін әрекет құқык бұзушылыққа жатқызылмауға тиіс. Сонымен бірге қоғамға қауіптілікті нақты индивидтің бірлі-жарым қылығынан (мысалы, көшенін өтуге болмайтын жерінен немесе бағдаршамның тыйым салатын белгісі тұрғанда өту) ғана көріп қоймай, ең алдымен, адамдардын белгілі бір іс-әрекетінің қоғамдық тәртіпке елеулі зиян келтіретін немесе мемлекет қорғайтын белгілі бір қатынастарды бүлдіру қатерін туғызатын нақты мінез-құлық түрі ретінде таралуын бағалау керек.
Құқық бұзушылықтардан келтірілетін зиян моральдық және материалдық, өлшенетін және өлшеусіз, мәндік және рухани, елеулі және болмашы, қалпына келтірілетін және қалпына келтірілмейтін зиян болады.
Қоғамдық қауіптіліктің, әрекеттің қоғам үшін зияндылығының заң жүзіндегі дәл (қалай болса солай емес) көрінісі онын құқыққа қарсы екендігі болып табылады. Құқыққа қарсылық шегін және оны бұзғандық үшін жауапкершілік шараларын мемлекет белгілейді және өзгертеді.
Егер әрекет заң міндетін орындамау немесе құқықты асыра пайдалану болса, ол құқықка карсы болып табылады. Бұл тікелей Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 5-тармағы мен 34-бабының 1-тармағынан туындайды. Жеке адамның өзінің субъективті құқықтарын пайдаланбауы құқық бұзушылық болмайды, өйткені бұл онын қалауы мен тілегіне байланысты.
Құқық бұзушылықтьщ бәрі құқыққа қарсы. Бірақ құқыққа қарсы әрекеттін кез келгенін құқық бұзушылык деп тануға болмайды. Нәтижесі субъектінің еркін өз ықтиярымен білдіруі, яғни оның кінәлі мінез-құлқы болған әрекет қана құкық бұзушылық болады. Бұл — адамдардың құқық, бұзушылық қабілеттілігі, яғни адамның өз мінез-құлкының нұсқасын таңдап алу мүмкіндігі және оның бұл мінез-құлықтың құқыққа қарсы екендігін ұғыну, өз қылықтарының салдарын болжай білу қабілеті заң жүзінде бағалануға тиіс деген сөз. Әдетте, жасы толмағандар мен ақыл-есі кем адамдар өз әрекеттерінің сипатын ұғынбайды деп саналады, сондықтан да олар құқық тұрғысынан құқык бұзушылыққа қабілетті болып танылмайды.
Жеке адамның өзге мінез-құлық нұскасын тандауға амалы қалмайтын жағдайда жасаған құқықка қарсы әрекеті (мысалы, өте қажет болған жағдай, қажетті қорғаныс) құқық бұзушылық деп танылмайды. Еркіне тәуелсіз құкық нормасын бұзу объективті түрде құқықка қарсы әрекет болады, бірақ жаза қолданылатын құқық бұзушылық емес. “Объективті айыптауға,— делінген Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде, — яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейдің (19-баптың 2-тармағы).
Құқықка қарсы әрекет ол кінәлі болғанда құқық бұзушылыққа айналады. Кінә дегеніміз субъектінің қоғам, мемлекет, жеке адам мүдделеріне іштей теріс көзқарасынын құкыққа қарсы әрекет жасаумен білдірілген көрінісі. Кінә негізгі екі нысанға: қасақана және абайсыздықпен жасалған болып бөлінеді.
Кінә нысаны жауапкершілік шарасына тікелей ыкпал етеді. Құқық бұзушылықтың заң жүзіндегі жауапкершілікпен тығыз байланысы заң ғылымы мен құқық қолдануды құқық бұзушылықтың егжей-тегжейлі белгілерін жасап, оны заң фактісі ретінде көрсетуге мүмкіндік беретін жүйеге келтіруге итермеледі.
Құқық бұзушылықтын заң жүзінде жауапкершілік жүктеу үшін қажетті және жеткілікті, мейлінше жалпы, дағдылы және елеулі белгілерінін жүйесі құқықбұзушылық құрамы деп аталады.
Құқық бұзушылық құрамын құрайтын белгілердін тіпті біреуінін болмауы заң жүзіндегі жауапкершілікті болғызбайды.
Құқық бұзушылық құрамына мыналар кіреді:
1) құқық бұзушылық субъектісі - заңмен құқық бұзушылыққа кабілетті деп танылатын жеке адамдар немесе сондай әрекет жасаған әлеуметтік ұйымдар;
Азаматтық құқық жеке құқық бұзушыларды (жеке адамдар) да, ұжымдық құқық бұзушыларды (заңды тұлғалар) да құқық бұзушылар деп таниды.
Қылмыстық және әкімшілік құқық тек қана жеке құқық бұзушыны сондай деп таниды, өйткені істелген әрекеттін ауырлығына және кінәнін нысанына қарай құқықтық жауапкершілікті дараландыру мен саралауды міндетті түрде қажет етеді (дегенмен, жанама түрде, қылмысқа қатысу институты арқылы құқықтың бұл салаларында ұжымдық субъектілерді де бөлу мүмкін);
2) құқық бұзушылық объектісі - құқықпен реттеліп, қорғалатын және құқық бұзушылық араласатын нәрсе. Тектік объект — қоғамдык қатынастар, олардың саласы және түр объектісі — өмір, денсаулық, ождан, мүлік және т.б.;
3) құқық бұзушылыктың субъективті жағы — субъектінің өз әрекеті мен оның зардаптарына ішкі, психикалық көзқарасын сипаттайтын белгілердін жиынтығы.
Бұл көзкарас (кінә) тікелей қасақаналық нысанда болуы мүмкін, яғни бұл орайда субъект өз іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінін қоғамға қауіпті сипатын ұғынады, зиянды зардаптардың болу мүмкіндігін немесе болмай қоймайтындығын алдын ала біледі және олардың болуын тілейді. Жанама қассақаналық нысанда да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автомобильді не өзге де көлік құралдарын заңсыз айдап әкету үшін қылмыстық жауаптылық
Қылмыстың ерекше субьектсі
Қылмыстың құрамы және құрылымы
Қылмыс обьектісі және қылмыстың объективтік жағы
Қылмыстың қайталануының жалпы
Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы
Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің түсінігі, жүйесі, мәні
Арнаулы субъектілердің қылмысқа қатысуы
Қылмыстың арнаулы субъектісінің белгілері
Қылмыстық субъективтік жағының түсінігі және қылмыстық құқықтағы маңызы
Пәндер