Қытай Халық Республикасындағы қазақтардың экономикалық-әлеуметтік жағдайлары (1949 ж. аяғы 1962 ж)


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ

УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасы

Б І Т І Р У Ж Ұ М Ы С Ы

Тақырыбы: Қытай Халық Республикасындағы қазақтардың экономикалық-әлеуметтік жағдайлары (1949 ж. аяғы 1962 ж)

Орындаған: 4 курс

студенті

А. С. Маткаримова

Ғылыми жетекшісі:

т. ғ. к, доцент

Ф. А. Қозыбақова

Қорғауға жіберілді “ ” 2006 ж.

Кафедра меңгерушісі

т. ғ. д., профессор Қ. С. Қаражан

Алматы-2006

Ж О С П А Р Ы

КІРІСПЕ

1 тарау. Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өлкесіндегі қазақтар

1. 1. Қазақтардың демографиялық жағдайы мен қоғамдық құрлысы

1. 2. Экономикалық-әлеуметтік және мәдени жағдайы

2 тарау. Шыңжаң қазақтарының тарихи Отанына оралуы

2. 1. Оралу процесінің басталуы мен сипаты

2. 2. Атамекеніне оралушылардың қазақ жеріне орналастырылуы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін төл тарихымызға қайтадан көз жүгіртіп, оны жан-жақты саралап, кеңінен зерттеуге мүмкіндіктер туды. 1992 жылы 28 қыркүйек 5 қазан аралығында өткен дүние жүзі қазақтарының құрылтайы «бүкіл әлемдегі отандастарын Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік, мәдени-интелектуалдық мүмкіншілігін молайтуға, кіндік кескен қасиетті топырақта бас қосқан осынау тарихи шақта бар қабілеті мен еңтегін туған елдің игілігіне» жұмсауға шақырды. Осы тұста қазақ халқының төрткүл дүниедегі жалғыз Отаны, арқа сүйер сүйеніші де, ұлт болып ұйып, берекеге кенеліп өсіп-өнетін ата жұрты қазақ жері болса, Қазақстан мемлекеті сондықтан да өз елінің болашағын ойлайтын ұлтжанды қазақ азаматтарын толғандыратын көкейкесті мәселенің бірі қазақ диаспорасы. Соның ішінде Қытай Халық Республикасындағы қазақ диаспорасының шығу тегі, құрылымы, саяси-әлеуметтік ортасы, экономикалық жағдайы, ұлттық психологиясы мен дүниетанымы, тұрмыс-салтының сақталуы мен өзгеруі, өзге этникалық ортаға байланысты мәдениетіне енген өзгешеліктері, тілі мен діні, әдебиеті мен өнері, ата-мекеніне қайта оралу, көшіп келу, қоныстану мәселелері аса күрделі ғылыми зерттеу жұмыстарын қажет етеді.

Өйткені дәл бүгінгі таңда халқымыздың үштен бір бөлігі, яғни қазақтың 3 миллионнан астамы өзінің тәуеслсіздігін алған тарихи-ұлттық Отанынан шетте өмір сүріп отыр. Шетелдегі қандастарымыздың ең көп шоғырланған жері бұл күндері Қытай Халық Республикасының құрамындағы Шыңжаң өлкесі. Қытай Халық Республикасында тұратын 1 миллионнан астам қазақтар ала бағанның арт жағында қалғаннан бергі кезеңде өзгеше тағдыр, қызғылықты тарих кешіп жатыр. Міне, сондықтан бұл мәселе бүгінгі күннің өзекті мәселесі деп түсінеміз /1/.

Жұмыстың зетттелу деңгейі: 1949-1962 жылардағы Қытай Халық Республикасындағы Шыңжаң қазақтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы, олардың тарихи Отанына оралуы, сипаты мен қазақ жеріне олардың қоныстандырылуын зерттеуге бағытталған арнайы еңбектер жоқтың қасы деп айтуымызға болады. Әйтсе де, Ресей, Қазақстан мен шетелдегі ғалымдар тарапынан жазылған біраз еңбектер мәселенің басқа қырларынан шешуде қолданысқа ие.

Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі қазақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы К. Л. Сыреожкиннің /2/ зерттеуі біршама жақын. Онда Қытай Халық Республикасының құрылуынан кейінгі кезеңдегі қазақтардың демография, мәдениет жақтары қарастырылған. Бұл 1949 жылдан кейінгі кезең туралы баяндалғандықтан, зерттеу жұмысының алғашқы тарауларына көптеген мәліметтер береді.

Ал қазақтардың аталған кезеңдегі демографиялық жағдайлары туралы мәліметтер М. Тынышбаев /3/ еңбегінде кездеседі. Оның Қытайға ауып, қайтадан еліне оралушы қандастарымыз туралы мәліметтері зерттеуімізге аз да болса жол ашса, Ресейлік Г. В. Астафьев /4/ еңбегінде ХХ ғасырдың 50 жылдарындағы Шыңжаң қазақтарының этногенезі мен рулық құрамы жайында мәліметтер бар.

Қазіргі кезеңде қазақтың жаңарған тарихын жазуда озық оймен ұтқыр пікір білдіріп жүрген танымал ғалым Талас Омарбековтың «20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті» /5/ атты зерттеуінде қазақтардың шетелдерге ауа көшулері туралы архивтік құжаттары зерттеу жұмысына пайдаланылды. Әсіресе, еңбекте қазақ шаруаларын күшпен және жаппай ұжымдастырудың ауыр саладарынан көптеген қазақтардың Қытай асып кетуі нақты құжаттармен көрсетіледі.

Біз қарастырып отырған мәселе туралы кейбір мәліметтерді Г. М. Меңдіғұлова жариялаған «Тарихи тағдыр-қазақ диаспорасының шығу тегі мен тарихы» /6/ атты монографиялық еңбегі береді. Еңбек арнайы қазақ диаспорасын зерттеп, қазақ диаспорасының шығу тарихы мен себептеріне теориялық пайымдаулар жасаған.

Қазақ тарихының осы кезеңі турасында Т. Есмағанбетовтың редакциялауындағы «Қазақ диаспорасы» /7/ атты еңбек Шыңжаң қазақтарының шетелдерге аууы мен бірге тұрмыс-тіршілігі жайында мәліметтер береді.

Сондай-ақ белгілі демограф-ғалым М. Тәтімовтың «Қазақ әлемі» /8/ атты еңбегін де атап өтуге болады. Бұл кітапта халқымыздың Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, күні бүгінге дейінгі демографиялық дамудың жай-жапсарын егжей-тегжей баяндалады. Мұның ішінде, 1950 жылдардағы Қазақстанның этнодемографиялық дамуында тың игерушілермен қатар Қытайдан оралушы азаматтардың да үлес салмағы хабарланған.

Шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдері Алтай Халифа /9/ мен Оралтай Хасеннің /10/ еңбектерінде де Шыңжаң қазақтарының 30 жылдан бергі тарихы баяндалады. Кезіндегі қытай билеушілерінің езгісін мойынұсынғаннан гөрі азапты да азат жолды қалаған қазақтардың Такламан шөлінен өтып, Гималай асып, Үндістан, Ирак, Сирияны басып Туркияға және де алыс-жақын шетелдерге өтулері айтылады. Олардың еңбектері зерттеуімізге тікелей қатысты болмаса да тақырыпты өзге қырынан ашуда мүмкіндік беріп отыр.

Қазақ диаспорасының ендігі бір танымал өкілдері, жазушы Жақсылық Сәмитұлының «Қытайдағы қазақтар» /11/ еңбегі мен Нұржамал Алдабектің «Тарихи талқыға толы Шыңжаң» /12/ еңбектері жарық көрді. Алғашқы еңбекте қазақтардың екі мемлекетке бөлініп қалуынан бастап, олардың бүгінгі Қытайдағы өмірі туралы шолу жасаса, келесі зерттеуіміз Шыңдаңның құрылу тарихынан 40 жылдардағы кеңес-қытай қарым-қатнасытарына дейінгі Шыңжаңның талқыға толы тарихы баяндалады.

Сонымен бірге кейінгі кезеңдері Қытай мәселесіиен айналысып жүрген Нәбижан Мұхаметханұлының /13/ еңбегі де зерттеуімізге қосымша мәліметтер бере алады.

Соңғы жылдары біздің тақырыбымызға біраз жақындығы бар А. И. Құдайбергенованың «1950 жылдардағы КСРО-ға келген Кеңес азаматтары» /14/ мен Г. Е. Абикенованың «Қытай қазақтарының Қазақстанға оралуы: тарихы және мәселелері» /15/ атты мерзімді басылымдардағы зерттеулері тақырыпты жазуға біраз болса да бағыт бесе, Х. Алтай. Ж. Қасымбаев, Н. Мұхаметханұлы, Қ. Ғабитханұлы және т. б. түрлі баспа беттерінде Қытай қазақтарының осы күнгі тұрмысы мен мәдени жағдайларына байланысты біршама иәліметтер беріп отыр.

Зерттеу жұмысының деректік негізі: Зерттеу жұмысымызға қатысты деректер осы кезеңдегі тарихы оқиғалардың белгілі шындығы мен ғылыми сипатын толықтыратыны сөзсіз. Жалпы алып қарағанда ЧІЧ ғасырдың соңы мен ЧЧ ғасырдың басындағы Қытайдағы немесе Қытайдың Шыңжаң өлкесі жөнінде жазылған деректер жоқ емес. Бірақ зерттеп отрыған мезгілдегі қазақтардың тарихына қатысты материалдар жоқтың қасы. Өйткені осы кезде шығыстануға (қытайтануға) қызыққан орыс немесе бастыс ғалымдары қазақтарға назар аудармаған еді. Дегенмен де «1916 жылғы Орта Азия мен Қазақстандағы көтеріліс (құжаттар мен материалдар жинағы) /16/ топтамасынан да аз да болса тақырыпқа қатысты деректер қатарын кездестіреміз.

Баста атап өткеніміздей, зерттелініп отырған тақырыбымызға арқау болатын Мемлекеттік Архив қорларындағы тың материалдар қатары болып табылады.

Тақырыптың деректік қорларының бірі - Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Архиві. Осы архивтегі - Орталық Статистикалық Басқармасының стасистикалық әр жылғы және санақтар бойынша жасалған 698-қоры аталған кезең туралы біраз материалдар жинақтағанмен, санақ істерінде кейбір жылдар көрсетілмей, көзден таса қалған.

1987-қор - Қазақ КСР-нің Министрлер Кеңесінің жанынан құрылған еңбек күшін пайдалану комитетінің жинақтары біз үшін құнды мәліметтер беріп отыр. Қорда миграция, қоныстану саясаты қамтылған. Әйтсе де, біз бұл қордан бағыт алып үлгергенмен, кейінгі санақ миграциясы мәселесінің анықталмағанын көреміз. Қордан 1954-1955 жылдарға қатысты ғана материалдар тобын кездестірдік.

Сондай-ақ 1481-қор - Ауылшаруашылығы Министрлігінің жинағы. Онда біз одан әрі жалғастыра алмай отырған мәселеміз турасында деректерді толығымен кездесітіреміз. Қорда Украйна, Беларуссия, Молдавия сияқты көршілес республикалардан тың және тыңайған жерлерді игеруге келген переселендерді шаруашылық жағынан жұмыс және тұрғын үймен қамтамасыз ету тізбелері көрсетілген. Аталынған тізбелерде сырттан республикамызға келушілер санатында Қытай Халық Республикасынан оралушы қандастарымыз да аталынып өтеді. Өкінішке орай, зерттеуімізге тікелей қатысты зерттеу жұмыстары жоқтың қасы дей отырып, көбінесе архив құжаттарына сүйенуімізге тура келді. Аталған деректік қорларды талдау барысында сол жылдар мәліметтерінің нақты берілмеуін ескеріп, деректерге сын көзбен қарап, сол Қытайдан өткен үлкендер естеліктерімен салыстыра отырып зерттеуге тырыстық.

Ал, осы кезеңнің мерзімді басылымдарын кездестіргенімізбен, оларда тек басқа республикалардан келген ерендер ерлігі мадақталғандықтан, мәліметтеріне аса мән бермеуімізге тура келді.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: дүние жүзінде Қазақстаннан басқа жерде қоныстанған қазақ ұлтының ең көп бөлігін құрайтын өңір - Қытайдағы қазақтар жиі қоныстанған Шыңжаң аймағы. Қазақ халқының арғы-бергі біртұтас жалпы тарихын жан-жақты зерттеу үшін Қытайдағы қазақтардың біз қарастырып отырған тұстағы тарихы да өз алдына ғылыми тұрғыдан зерттеп шығуды талап етеді. Бұл орайда біз сол кезеңдегі (1949-1962 жж) Қытайдағы қазақтардың саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірін, халықаралық жағдайы мен олардың Отанға оралу процесін негізге ала отырып, толық зерттеліп, жүйеленбеген мәселелерді бір жүйеге салуды мақсат етіп отырмыз. Аталған мақсатымызға орай, төмендегідей міндеттер қатарын алға қойдық:

- Аталған кезеңдегі Шыңжаң қазақтарының географиялық орналасуы мен демографиялық жағдайларына мән беру;

- Қытай билеушілерінің ықпалындағы қазақтардың шаруашылық тұрмыс жағдайы мен оқу-ағарту мен мәдениетін пайымдау;

- 1949-1962 жылары Шыңжаң қазақтарының оралу сипатына тоқталу;

- Атамекеніне оралушылардың қазақ жеріне орнығуы мен ондағы кездескен қиыншылықтардың тарихи себептерін ашып көрсету.

Бітіру жұмысының хронологиялық шегі: Аталған жұмыста Қытайдағы қазақтардың 1949 жылдан 1962 жылдарға дейінгі тарихи кезеңі баяндалады.

Бітіру жұмысының құрылымы кіріспе, қорытынды бөлімдермен қатар екі тараудан (әр тарау екі бөлімнен) және пайдаланған әдебиттер мен сілтемелер тізімінен тұрады.

1. ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШЫҢЖАҢ ӨЛКЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚТАР.

1. 1. Қытайдағы қазақтардың демографиялық жағдайы мен қоғамдық құрлысы.

Қазақ - Қазақстан Республикасының жергілікті негізгі тұлға ұлты. Тарихтағы қазақ халқының этнотерриториясы таяу заманға келгенде төңеректегі адып елдер тарапынан бөліске түскендікген, қазақ халқының біраз бөліктері өздері отырған жерлерінен басқа елдің құрамына өтіп кеткен. Сондай-ақ тарихи саяси себептердің салдарынан алыс - жақын шетелдерге босып кеткен қазақ өкілдері қазіргі тұста көптеген мемлекеттерде өмір сүруде. Олар әр бір мемлекеттің азаматы болып саналып, «Монғол қазағы», «Түрік қазағы»немесе «Қытай қазағы» деген сияқты атауларға ие болып отыр.

«Қытай қазағы» дегеніміз - Қытай Халық Республикасының территориясында өмір сүріп отырған, Қытай Халық Республикасының азаматтығындағы қазақтар. Жалпы Қытай Халық Республикасында түркі тілді 7 ұлт, 9 түркі тілі бар. Жер шары картасына қарағанда олар шығыс бойынша 74° - 126°-та, ал солтүстік ендікте 35° - 50° өңірде түрады. Атап айтатын болсак, негізінен Қытайдың батыс-солтүстік бөлігіндегі Шыңжаң автономиялы ауданына, Цинхай, Ганьсу өңірлеріне қоныс тепкен. Бұдан тыс Қытайдың шығыс-солтүстігіндегі Хайлоңжаң өлексінің Фуун аудандарында бар /17/.

Өткен тарихты еске түсірсек, Қытай Халық Республикасының құрамындағы Шыңжаң өлкесі тарихта Шығыс Түркістан аталғаны жалпыға мәлім. Кейбір жазба әдебиеттерде Қашқария, Жоңғария деп аталған кездері де болған. Тарих аренасында ЧVІ ғасырдан бастап көрініп, қазақ еліне үнемі қауіп төндіріп, шапқыншылық соғыстар жүргізіп келген Жоңғар хандығы Манчжур Қытай империясы жойылып, Шығыс Түркістанды жаулап алғаннан кейін тарихта белгілі бұрынғы аты өзгеріп, 1877 жылы Шыңжаң (Жаңа өлке) деп аталғаны белгілі /18/.

Ал қазіргі кезеңде Шыңжаң аймағы әкімшілік жақтан: Солтүстік Шыңжаңдағы Алтай аймағына қарасты Алтай қаласы, Шіңгіл, Көктоғай, Бауыршын, Қаба аудандарына;

Тарбағатай аймағына қарасты Шәуешек қаласы, Қобықсары, Дөрбілжің, Шыйқу, Шағантоғай;

Толы, Сауан аудандарына: Іле аймағына қарасты Қүлжа қаласы, Құлжа ауданы Нылқы, Күнес, Текес, Тоғызтарау, Моңғолкүре, Шапшал;

Қорғас ауданына: Санжы дүнген облысына қарасты Санжы қаласы, Фукаң, Мори, Мичуан, Қүттыби; I

Манас ауданы: Буратала монғол облысына қарасты Бүратала, Жың қаласы;

Арасан аудандарына - Құмыл аймағына, Үрімжі қаласы мен оған қарасты Үрімжі ауданына Күйтін, Қарамай, Шэхэзэ қалаларына орналасқан /19/. Тағы бір бөлік қазақтар Қытайдың Ганму өлкесінің Хайший, Манғол-Тибет - Қазақ автономиясы мен Чинхай облысына орналасқан.

Қытай Халық Республикасында түркі тілінде ұлттардың жалпы саны 10 миллион шамасында. Олар: қазақ, ұйғыр, қырғыз, татар, сала, ұйгу ұлттары. Ґйғырлар ауылшаруашылығы мен сауда ісімен айналысса, қазақ тіліне өте жақын-түркі тілінде сөйлейтін қырғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Қазақтарды қосқанда бұлардың бәрі мұсылман сүнниттер болып, бүдан басқа тағы да діні мен тілі бөлек қытайлар, монғолдар, орыстар болды.

Қазақтар мекен етуші бұл аймақтар Шыңжаңдағы ең бай аймақ болып саналды. Ол Қытай территориясының 1/6 бөлігін құрайды немесе жалпы территорияның 1646800 кв. км алып жатыр. Климаты жайлы болып келеді. Қыста орташа температура қаңтар айында -13°-тан -30°-қа дейін болса, шілдеде + 18°-тан +27°С дейін болды. Соған орай географиялық жағдайы мал өсірумен қатар, егін егуге де қолайлы болып келеді. Жергілікті халық өзен суларымен қатар жер астынан құдықтар қазу арқылы да күн көреді.

Ауылшаруашылығы жұмыстары солтүстіктен оңтүстікке қарай дамиды. Мәселен, 1958 жылы Жаркенттің басты шаруашылығы жүгері дакылын өсіру болса, кейін климат қолайлылығы мен су молшылығына орай астық, мақта, күріш өнімдерін өндірген. Ал, Шыңжаңның солтүстігіндегі Манас өзені аңғары, Ақсу аңғары және Үліңгір аңғары малшаруашылығымен айналысушы көшпелілер үшін өте қолайлы аймақ болды. Бірақ, 1966-1976 жылдардағы мәдени төңкеріс тұсында 4 бұл жерлер отырықшы аудандар болып ауыстырылды. Жалпы Шыңжаң қазақтарының 3/5 бөлігі мал шаруашылығын кәсіп етті /20/.

Ғалымдарымыздың «XIX ғасырдың 60 жылдарынан бастап, қызыл сызықтың арғы жағында қалып койған Қытай қазақтары әр кезеңдегі ресейлік-кеңестік теперіштер (XIX ғ. 70-жылдары, XX ғ. 16-жылы, 20-жылдары, 32-жылы, 37-жылғы. . ) түсында жансауғалап келген қандастарымен катарын толықтыра түсті» /20/ деп атап көрсеткеніндей, Қытайдағы қазақтардың демографиялық өзгерістеріне сол түстағы көші-кон үрдістері әсер етіп, бірде көбейіп, бірде азайып отырған. Нактылай түссек, Қазан төңкерісінен кейін Ресейдегі большевиктер билігіне қарсылык көрсеткен ақтардың қарулы күштерінің бір бөлігі қызыл армияның тегеуіріне шыдамай, солтүстік Шыңжаңға кашып өтеді. Бұлардың кейбіреулері көп ұзамай Шыңжаң үкіметі жағынан ақ гвардияшылармен бірге қайтарылған. Дегенмен осы келген бетімен қайтпай, қалып қойған қазақтар Шыңжаң қазақтарының санын көбейтті. Бұл туралы демограф-ғалым Мақаш Тәтімов өз еңбегінде «Қытайдағы қазақтар саны 550 мыңға тек 1920 жылы ғана жеткен. Себебі азамат соғысы мен кулактар ылаңы кезінде Қытайға, әсіресе Жетісудан қазақтар көп ауған»/21/.

Сондай-ақ азамат соғысының салдарынан 1916 жылы Ресей патшалык үкіметініққазақтарды жаппай әскери қызыметке алуына байланысты да қазақтар көптеп Шыңжаңға қарай көшкен. Бірақ олардың біразы көп ұзамай қайта қайтканмен олардың талайы калып қойды.

Ақпан революциясынан кейін патшалық дара биліктің құлағандығы туралы алыстағы Қытайға да жеткен хабарды естісімен елін сағынған қазақтар топ-топ болып, әсіресе Жетісудың Нарынқол бойындағы Қорғас, Жаркент өңіріндегі шекаралас аудандарына қайта орала бастайды /22/.

Алайда көп ұзамай Қазақстандағы қазақтардың, әсіресе, шекара маңындағы тұрғындардың тағы да Қытай асуына тура келді. Ендігі жерде олар «ақ орыс» емес, қайта «қызыл орыс» кысымынан кашуға мәжбүр болды. Бүл жағдай 1920-1921 жылдары және 1931-1932 жылдардағы екі дүркін аштықтың, 1929-1931 жылдары кең өріс алған кеңестік жаппай үжымдастырудың қатал да қатыгез саясатына байланысты еді. Бұл туралы тарихшы Т. Омарбеков «Голощекиннің жүргізген геноциді 1929 жылдың, яғни жаппай күштеп коллективтендірудің алғашқы жылдарында-ақ шекаралық аудандардағы қазақтардың Қытай жеріне жүмыла да топтаса қаша көшулерін туғызды» /23/ дейді. Демек сол түста шекаралық аудандар мен оларға көрші аудандардағы қазақтар үшін Голощекин зомбылығынан күтылудың жалғыз жолы Қытай және өзге де шетелдерге асып кету болғанын аңғартады.

Нақты мәліметтерге сүйенсек, кезінде Кеңес Одағы П. П. ОГПУ басшыларының Қазақ өлкелі партия комитетіне жолдаған өте қүпия мәліметінде 1929 жылы ҚазСР-нің шекаралык аудандарынан Қытайға көшкендер 416 қожалыктары, яғни 1845 адам; 1930 жылы 3478 қожалыктары, яғни 8440 адам; 1931 жылы шамамен 2009 қожалықтар. Сонда 1931 жылдың сәуір айына дейін Қытай 5, 903 шаруалар шаруашылықтары (яғни шамамен 29, 566 казақ) көшіп кеткен болып шығады. Ал КСРО-ның барлау орындарының дерегі бойынша 1932 жылғы дейін Қытайда онда өткен 60 мыңдай қазақтар тіркелген - деп мәлімдейді /24/. Тағы бір ескерерлік жайт, осы шекаралық аудандарға көрші орналасқан кейбір шекаралық емес аудандарда да Қытайға көшу науканы орын алған. Мысалы, Алматы және Семей округтеріндегі Малайсарыдан 92 қожалық, Шелектен 62 қожалық, Қаратастан 30 қожалық, Күршімнен 11 қожалық 1930 жылы-ақ Қытай асып кеткен /25/.

1932 - 1934 жылдары Кеңес Одағының жүргізген «асыра сілтеу» саясатының кесірінен де көптеген қазақтар тағы да Шыңжаңға кашып жатты. Олардың жолда аш-жалаңаштық, ауру-сырқаудан опат болғандарынан басқалары Қытайдағы қазақтардың демографиялық өсуіне және бір рет үлкен әсер етті. Бірақ, осы тұста, керісінше сондағы қазақтардың шетелдерге жөңкіле көшу үрдісі де байқалды.

Әйтсе де Қытайдағы қазақ ұлты басқа да аз ұлттар сияқты түрлі үкімет пен керағарлық саясаттың нәтижесінде түрлі қырғындарға үшырап 40 жылдары тіпті шетелдерге босу әрекетіне үшырады. 1940 жылдың кейінгі үш аймақта өріс алған көтерілісте тағы да талай қазақ азаттық жолында қаза болды. Қысым көрген олар қонысын тастап Монғолия асуға мәжбүр болды. Жоғарыдағыдай түрлі себептерден 1946 жылғы санақта олардың саны шамамен 440 мыңға дейін азайып кеткен /26/.

1949 жылы Қытай өз алдына Қытай Халық Республикасы болып қүрылған түста онда тұратын қазақтардың жалпы саны 420 мыңға жуық болған. Оның ішінде 418 мыңға жуығы Шыңжаң өлкесінде орналасып, түрғылықты халықтың 9 процентін қүрады. Ал қалған 3 процентке жуық қазақтар Цин-хай өлкесінде (1600-ге жуык) және Ганьсу өлкесінде (1497-ге жуық) қоныс тепті. Әйтсе де, қазақ қауымының «қытай қазағы» атанып, жергілікті халықпен араласа өмір сүруі көнеден келген емес, таяу замандағы тарихымыздың туындысы /15, 126-б/.

XX ғасырдың 50 жылдарында Г. В. Астафьев Қытай Халық Республикасының Жоңғария территориясында түратын қазақ рулары мен олардың санына көңіл бөлігі, анықтайды. Оның осы түстағы санағы бойынша (1953 жыл, маусым) Шыңжаң аймағындағы қазақтардың жалпы саны 475 мыңға жеткен. Оның 60 процентке жуығы - Іле Қазақ облысының үш ауданына шоғырланған. Қытай территориясын қоныстанушы қазақтар саны басқа да аз ұлттар сияқты осы түста көбейіп отырды. Мәселен, 1949 жылы 420 мың қазақ болса, 1953 жылы 475 мыңға жеткен /27/. 1949 - 1953 жылға дейінгі тексеруде қазақ халқының санының артуы көрініс берді. Оны Қ. Ыбырәліүлы мен Г. Шәріпқызы өздерінің мерзімді басылымда жариялаған зерттеуінде «Қазақ халқының санының артуы тез болды. Бастысы соғыстың аяқталуына, емдеу-денсаулық сактау кызметінің күшеюіне, Халық түрмысының жаксаруы мен өлімнің азаюына қатысты болды» /28/дейді.

Бірақ, келесі санақтық тексеруде демографиялық хал-ахуал құлдырады. Біріншіден бір бөлім шекара тұрғындарының шетелге (Батысы Қазақстанға) өтіп кетуіне байланысты болса, екіншіден Шыңжаңдағы 3 жылдық жаратылыстық ауыр апат пен саяси жағынан асыра сілтеушілік салдары болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдың 50 – 60 жылдарындағы Қытай қазақтарының cаяси-әлеуметтік жағдайы
ДИАСПОРОЛОГИЯ ЖӘНЕ ДИАСПОРА ҰҒЫМЫ
Халықтарды Қазақстанға күштеп қоныс аудару
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ
Қазақтардың Қытайға қоныс аударуы
Қазақтар
Шешілуі міндетті саяси мәселелерді реттеу
Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның экономикалық даму шаралары
Моңғолиядағы социалистік құрылыс жылдарындағы қазақ диаспорасы
Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан сұрақтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz