Философия, оның пәні, қызметтері және зерттеу объектісі



1. Дүниетаным туралы түсінік, оның қоғамдық тарихи сипаты.
2. Дүниетанымның тарихи түрлері: мифология, дін, философия.
3. Философия, оның мәдениеттер жүйесіндегі орны. Философия және ғылым.
4. Философияның қызметі, оның қоғамдағы орны.
Әдебиеттер
Философия – өз алдына ғылым. Ол, ең алдымен, дүниетанымдық, теориялық, методологиялық ғылым. Философия бүкіл әлемді оның басты салалары: табиғат, қоғам, адам санасын тұтас құбылыс ретінде алып, оның жалпы заңдылықтарын ашады, объективтік шындық жөніндегі белгілі қағидалар жүйесін қалыптастырады. Бұл гректердің ертедегі екі сөзінен құралған ұғым (philio – сүйемін, sohpia – даналық, екеуі қосылып “философия” деген сөзді туғызды). Арабтар бұл сөзді тіліне жеңілдетіп “фәлсафа” деп атаған. Бірақ қазірде “философия” деген сөз бұл ұғым шеңберімен шектелмейді. Ол сонымен бірге дүниетаным, өмірлік позиция, іс-әрекет. Философияның тікелей айналысатын проблемаларына жататындар:
логика (гр. logos – ойлау заңдылықтары туралы ілім),
онтология (гр. ontos – мән туралы ілім),
гносеология (гр. gnosis – білім, таным туралы ілім),
аксиология (гр. axios – құндылық туралы ілім) еді.
Адамзат дамуымен қатар философия да өз алдына дүниеге көзқарас ілімі ретінде қалыптаса түсті. Философияда екі түрлі әдіс қолданылады. Бірі диалектикалық әдіс. Ол дүние ұдайы қозғалыста, өзгерісте, дамуда деп түсінеді. Екіншісі, метафизикалық (гр. ta meta, ta phyzika деген екі сөзінен құралған) әдіс. Бұл – біріншіге қарама-қарсы дүниені өзгермейтін, қозғалмайтын, дамымайтын құбылыс деп түсінетін ұғым.
Сонымен философия дегеніміз материя мен сана, таным мен болмыс, адам мен қоғам жайлы адамзат ой-санасының дамуы барысында жинақталған, жүйеленген ғылыми ой-пікірдің жиынтығы. Ол философияның негізгі мәселесін әрқилы түсіндіретін түрлі философиялық ағымдар мен бағыттардан тұрады.
1. Абишев Қ. Философия. (Жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған). – Алматы, 1998.
2. Лосев А.Ф. Философия. Мифология. Культура. – М., 1991.
3. Мамардашвили М.К. Как я понимаю философию. – М., 1990.
4. Мир философии. Ч.1., - М., 1991.
5. Ортега-и-Гассет Х. Что такое философия? – М., 1991.
6. Хайдеггер М. Что такое философия? – М., 1967.
7. Философиялық сөздік. – Алматы, 1996.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Философия, оның пәні, қызметтері және зерттеу объектісі
1 Дүниетаным туралы түсінік, оның қоғамдық тарихи сипаты.
2 Дүниетанымның тарихи түрлері: мифология, дін, философия.
3 Философия, оның мәдениеттер жүйесіндегі орны. Философия және ғылым.
4 Философияның қызметі, оның қоғамдағы орны.
Әдебиеттер:
1 Абишев Қ. Философия. (Жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған). – Алматы, 1998.
2 Лосев А.Ф. Философия. Мифология. Культура. – М., 1991.
3 Мамардашвили М.К. Как я понимаю философию. – М., 1990.
4 Мир философии. Ч.1., - М., 1991.
5 Ортега-и-Гассет Х. Что такое философия? – М., 1991.
6 Хайдеггер М. Что такое философия? – М., 1967.
7 Философиялық сөздік. – Алматы, 1996.
Дәріс мазмұны:
Философия – өз алдына ғылым. Ол, ең алдымен, дүниетанымдық, теориялық, методологиялық ғылым. Философия бүкіл әлемді оның басты салалары: табиғат, қоғам, адам санасын тұтас құбылыс ретінде алып, оның жалпы заңдылықтарын ашады, объективтік шындық жөніндегі белгілі қағидалар жүйесін қалыптастырады. Бұл гректердің ертедегі екі сөзінен құралған ұғым (philio – сүйемін, sohpia – даналық, екеуі қосылып “философия” деген сөзді туғызды). Арабтар бұл сөзді тіліне жеңілдетіп “фәлсафа” деп атаған. Бірақ қазірде “философия” деген сөз бұл ұғым шеңберімен шектелмейді. Ол сонымен бірге дүниетаным, өмірлік позиция, іс-әрекет. Философияның тікелей айналысатын проблемаларына жататындар:
логика (гр. logos – ойлау заңдылықтары туралы ілім),
онтология (гр. ontos – мән туралы ілім),
гносеология (гр. gnosis – білім, таным туралы ілім),
аксиология (гр. axios – құндылық туралы ілім) еді.
Адамзат дамуымен қатар философия да өз алдына дүниеге көзқарас ілімі ретінде қалыптаса түсті. Философияда екі түрлі әдіс қолданылады. Бірі диалектикалық әдіс. Ол дүние ұдайы қозғалыста, өзгерісте, дамуда деп түсінеді. Екіншісі, метафизикалық (гр. ta meta, ta phyzika деген екі сөзінен құралған) әдіс. Бұл – біріншіге қарама-қарсы дүниені өзгермейтін, қозғалмайтын, дамымайтын құбылыс деп түсінетін ұғым.
Сонымен философия дегеніміз материя мен сана, таным мен болмыс, адам мен қоғам жайлы адамзат ой-санасының дамуы барысында жинақталған, жүйеленген ғылыми ой-пікірдің жиынтығы. Ол философияның негізгі мәселесін әрқилы түсіндіретін түрлі философиялық ағымдар мен бағыттардан тұрады. Көне замандарда қалыптасқан қарапайым философиялық түсініктерден бастап, осы заманғы философиялық ағымдарға дейін талдау жасап, оларды табиғат пен қоғамның түрлі құбылыстарын танып-түсінуге жәрдемдесетін әдістемелік негізін ашып көрсетуді мақсат ету – философияның негізгі міндеті болып саналады.
Ең алғашқы дүниетанымдық пікір мифология түрінде пайда болды. Бұл гректердің екі сөзінен құралған: mifos - аңыз, logos-ілім. Мифология негізінде дін дүниеге келді. Әрине, ертедегі адамдардың алғашқы көзқарасы – миф, аңыз, ертегі түрінде болды. Алғашқы қауымның діндеріне тотемизм мен фетишизм жатады. Әлемдік діндер: буддизм, христиан, ислам. Буддизм – ең көне, ертедегі дін болса, ислам – ең жас дін.
Философтарды ойландырған мәселелер: Дүние қалай құралған? Адам өмірінің мәні неде? Шындық деген не? Дүние мәңгі ме? – деген сұрақтар болды? Соларға жауап іздеді. Философия ойлау, зерттеу, сын көзбен қараудың негізінде дүниеге келді. Адам кез-келген затқа сын көзбен қарауы керек. Біз дүниеге, бір нәрсеге сын көзбен қарау арқылы, ойлап, зерттеп, өзімізге сол зат туралы бір көзқарас қалыптастырамыз. Кез-келген адам философ болуы мүмкін. Себебі ол ойлай алады, сын көзбен қарап, көзқарас қалыптастырған болса, неге ол философ болмасқа.
Әрине философия барлық ғылымдардан бұрын дүниеге келгендіктен, оны ғылымдардың ғылымы деп санады. Өйткені, ол кезде әлем туралы барлық алдыңғы қатарлы тұжырымдар мен пікірлер өз алдына ғылым ретінде дараланып бөлінбеген соң, ол туралы пікірлерді философия өз бойына жинақтаған болатын. Сондықтан да философия әрі дана, әрі табиғатты зерттеуші, сынаушы, байқаушы ретінде бой көрсетті. Осыдан келіп, ол кездегі философияны натурфилософия деп атады.
Адамзат дамуымен қатар философия да өз алдына дүниеге көзқарас ілімі ретінде қалыптаса түсті. Дүниеге көзқарас – дүниені түсіндірудің, оны бағалаудың принциптері мен әрекеттері. Сондықтан да дүниеге көзқарас бағалаудан, іс-әрекеттерден туындайды. Дүниеге көзқарас сезімнен, танымнан, нанымнан тұрады. Дүниеге көзқарастың түбір негізі – теорияда. Ол үшін ұғыну, түсіну, нану қажет.
Философияның негізгі мәселесі – философияның түрлі теориялық мәселелерін шешкенде басшылыққа алатын, оларға бағыт сілтейтін басты принцип болуы тиіс. Философияның негізгі мәселесінің екі жағы бар. Бірінші жағы – дүниенің мәні, табиғаты туралы (онтологиялық) мәселе, екінші жағы – дүниенің танымдылығы туралы (гносеологиялық) мәселе.
Дүниенің бастапқы негізі не, материя ма, әлде идея ма, табиғат па, әлде ой-сана ма? – деген сұрақтың екі жауабы бар. Материяны алғашқы деп танитындар материялистерге, ал сананы алғашқы дейтіндер идеялистерге жатады. Материя да алғашқы, идея да алғашқы деп санайтындар дуалистер деп аталды.

Көне Шығыс философиясы.
Дәріс жоспары: (1 сағат)
1 Ежелгі Үнді философиясының пайда болуы және кезеңдері.
2 Үнді философиясының негізгі бағыттары және мектептері.
3 Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері, өзіндік болмысы.
4 Даосизм және Конфуций ілімі – Қытай философиясының негізгі ағымы.
Әдебиеттер:
1 Алтай Ж.А. Мұхамбетәлі К. Философия тарихы. – А., 1999.
2 Ақназаров Х.З. Философия тарихынан дәрістер курсы. – А., 1992.
3 Бейсенов М.Т. Философия тарихы. – А., 1992.
4 Литман А.Д. Современная индийская философия. – М., 1985.
5 Степанянц М.Т. Восточная философия: Вводный курс. Избранные тесты. – М., 1997.
6 Философиялық сөздік. – А., 1996.
7 Антология мировой философии. Т.1. – М., 1969.
8 Китайская философия: энциклопедический словарь. – М., 1994.
Дәріс мазмұны:
Ең көне философиялық ілімдер ертедегі Шығыс мемлекеттерінде – Қытай мен Үндістанда, Вавилон мен Египетте пайда болды. Ол біздің заманымызға дейінгі Х ғасырда басталды. Бұл қола дәуірінен темір дәуіріне көшу, рулық-тайпалық құрылымның ыдырауы, товар-ақша қатынасының қалыптасуы, мемлекеттің пайда болуы кезеңдері болатын.
Ертедегі Үндістан төрт кастаға бөлінді.
1. Әскери, аристократиялық каста. (кшатрии).
2. Абыздар кастасы. (брахмандар).
3. Басы бос қоғам мүшелері. (вайшешиктер).
4. Төменгі каста. (шудралар).
Б.з.д. 7-6 ғ. ғ. брахманизм ішінен түрлі ағымдар пайда болды. Олардың бастылары: джайнизм мен буддизм болды.
Жайнизм – этикалық ілім. Оның негізі – адам жанын тән қыспағынан, құлқын құлдығынан босату. Жайнизм – материяны жансыз дүние затына жатқызады. Әрбір зат атом, не атомдар қосындысы) субстанция ретінде қаралады, оған материядан басқа кеңістік, уақыт, қозғалыс, тыныштық та кіреді. Ал жанның басты белгісі, джайнизм бойынша – сана. Жан – мәңгі, оның мүмкіндіктері шексіз. Бірақ ол денемен бірге өмір сүреді. Бұл оны шектегендік болып табылады.
Буддизм – біздің заманымызға дейінгі VI-V ғасырларды діни ілім ретінде дүниеге келді. Ол брахманизмге қарсы әділдік көксеген төменгі таптар арасында пайда болды. Буддизм христиан, ислам діндері сияқты, дүниежүзілік ірі діндерге жатады. Оның негізін салған Сиддхартха немесе Гаутама Будда. Ол б.з.б. VI ғасырда өмір сүрген. Бұл дін Шығыс елдеріне (Қытай, Жапония, т.б.) кең тараған. Буддизм теориялық философиядан гөрі діни этикаға негізделген. Мақсаты адамдарды түрлі рухани азаптардан босату және оған жетудің жолын іздестіру. Буддизм кейін бірнеше ағымдарға бөлінеді. Ертедегі Үнді философиясында материалистік ағым да болды. Оны локаята (немесе чарвактар) дейді. Локаята бұл дүниеден басқа о дүние бар дегенге сенбестік білдіреді. Табиғаттағы заттар: ауа (жел), от (сәуле), су, жерден тұрады дейді.
Ертедегі Қытай философиясы б.з.б. 6-5 ғасырларда пайда болды. Онда конфуцийлік бағыт басты рөл атқарды. Оның негізін салған нақты адам Конфуций (б.з.б. 551-479 жж.) ертедегі Қытай мәдениетінің дамуында оның атқарған орны ерекше. Ол бірнеше кітаптар құрастырды (“Өлеңдер кітабы”, “Көктем және күз” жылнамасы, т.б.). Бұл кітаптарда Қытай мәдениеті жинақталған. Мәселен, ол: барлық адамдар өздерінің табиғаты жағынан бір-біріне жақын, ал айырмашылықтары тәрбие барысынан туындайды, - дейді. ойлаусыз оқу – бекер іс, оқымай ойлану – бос әрекет деген болатын. Конфуций әлемді, адамдарды билеуші – Көк Аспан дейді. Оның пікірінше, Аспан мен Жер үйлесімде, ал адам осы екеуінің ортасынан шығады.
Конфуций іліміне қарама-қарсы Мо-Цзы (б.з.б.479-381ж.ж.) философиясы пайда болды. Ол күні бұрын белгіленетін өмір жоқ, әрбір адам тағдырынан, оның жаппай сүйіспеншілігінен туындайды, дейді. Біздің барлық біліміміз екі нәрседен: сезімнен (у-лу) және ойлаудан (син) туындайды дейді.
Идеализм мен мистикаға қарсы күресте даоцизм ілімі, былайша айтқанда, Дао жөніндегі Лао-Цзы (VI-V ғ.) ілімі дүниеге келді, өмір сүрді. Оның пікірінше, табиғат пен адамдарды басқаратын Көк Аспан емес, Дао деп қарады. Дао – заттардың табиғи заңы, ол цзи субстанциясымен бірге әлемнің негізін құрайды, деді. Лао-Цзы пікірі бойынша, адам заттардың табиғи даму процесіне араласпауы қажет. Ал кімде-кім оған араласып, оны өзінің жеке басының пайдасына икемдемек болса, ол адам сәтсіздікке ұшырайды, дейді. Лао-Цзыдың пікірінше, зиян мен сәтсіздік адамның заттардың табиғи тіршілігіне ауысуынан, өйткені, олар Дао заңын бұзады, деп түсінді. Лао-Цзы ілімі қайшылықтары көп ілім. Бір жағынан, ол керітартпа рөл атқарса, екінші жағынан, ілгері жүруді жақтайды, дамуды қолдайды.

Антикалық философия
Дәріс жоспары: (1 сағат)
1 Ежелгі грек философиясының космоцентристік сипаты.
2 Ежелгі грек атомизмі. Детерминизм мәселесі.
3 Софистика. Сократ және сократтық мектептер.
4 Платон мен Аристотель философиясындағы болмыс, таным және мемлекет туралы ілімдер.
Әдебиеттер:
1 Платон Собр. Соч. В 4 ч. Т.1. – М., 1990.
2 Аристотель. Метафизика. Соч. В 4 томах. Т.1. – М., 1976.
3 Асмус В.Ф. Античная философия. – М., 1976.
4 Богомолов А.С. Античная философия. – М., 1985.
5 Материалисты Древней Греции: Сборник текстов Гераклита, Демокрита и Эпикура. – М., 1955.
6 Реале Д. Антисери Д. Западная философия от истоков до наших дней. Т1. Античность. – М., 1993.
7 Ғарифолла Есім. Платонның түсі. Сана болмысы. Философиялық проза. 4-кітап. – А., 1998.
8 Чанышев А.Н. Аристотель. – М., 1981.
Дәріс мазмұны:
Грек философиясы бірнеше белгілі уәкілдерін дүниеге әкелді. Оның бастамасы Милет қаласынан шықты. Фалес (VIІ ғ.-VІ ғ. бірінші жартысы) сауда адамы болған. Фалестің пікірінше, әлемде барлық заттар судан пайда болған. Бәрі содан туындаған. Тіпті Жердің өзі де су бетінде қалқып жүрген жалпақ дөңгелек. Фалестің айтуы бойынша дүние-жанды құбылыс. Оның дәлелін магниттің тарту күшінен көрген. Анаксимандр (б.з.б. 610-540). Оның пікірінше дүние негізі су, немесе басқа бір зат емес, белгісіз байыпталмайтын бастама – апейрон. Дүние пайда болып, жойылып жатады. Мәңгі өзгермейтін, жойылмайтын тек апейрон. Анаксимандр әлемнің түрлері көп болатынын болжамдады. Оның апейрон туралы пікірі қазіргі материяны философиялық тұрғыдан пайымдауға жақын келеді. Анаксимен (585-525) дүниенің негізі ауа деп есептейді. Ауаның қоюлануы мен сұйықталуынан су, жер, тас, от пайда болады деп топшылады Анаксимен. Гераклит (520-640 жж. шамасы). Ол Эфес қаласынан шықты. Оның пікірі бойынша дүниеде өзгермейтін, қозғалмайтын ешнәрсе жоқ. Бәрі өзгеріп отырады. Ондай ұғым өкілдерінің бірі Парменид (VI-V ғ. шамасы). Дүние заттан тұрған шар. Онда бос кеңістік жоқ. Ондай болса ешнәрсе жоқтан пайда болмайды, әрі жойылмайды. Парменидтің шәкірті болған Зенон (490-430 жж.). Ол бірнеше ғажап ойлар айтты. Солардың бірі оның апориясы. Мәселен, тасбақаны Ахилл қуып жете алмайды. Садақтың оғы ешқашан нысанаға жетпейді дегені. Ол, әрине, өмірде олай емес екенін біледі. Бірақ теория жөнінде бұл қозғалысты дәлелдей алмаған. Анаксагор (б.з.б. V ғ.). күнді материалдық дене дейді. Сол үшін оны діндарлар күнәһар деп айыптаған. Ертедегі гректер арасынан софистер де шықты. Соладың бірі – Протагор (490-420 жж.), Горгий, т.б. Олар шындықты дәлелдеп, нақтылап білудің орнына мәселені құр, қызыл сөзбен алмастырмақ болды. Сократ (470-399) – гректер арасынан шыққан, объективтік идеализмнің негізін салушы. Сократтың басты мақсаты – жастарды өз философиясы арқылы тәртіпті өмір сүруге баулу. “Менің білетінім – ешнәрсе білмейтінім”, дейді Сократ. Сондықтан, ол “өзіңді өзің біліп ал” деген талап қойды. Сократтың идеализмі – әлемді билеуші құдай деп уағыздауы. Сократтың айтқандарын қағазға түсірген оның шәкірттері, оның ішінде Платон, болды. Демокрит (460-370) ертедегі гректерден шыққан тек материалист қана емес, сонымен бірге ол атомистік теорияның негізін салушы. Левкиппен бірге ол дүние “атом” және “бос қуыстан”, тұрады, дейді. Олар атом көзге көрінбейді, құлаққа естілмейді, бірақ нақты өмір сүреді, деп уағыздады. Атомдар бірінен бірі түрі, қатарластығы және орны жағынан ажыратылады, ерекшеленеді. Тіпті өмір мен өлім де осылардың қосылуы мен ыдырауына байланысты. Платон (427-347) – объективтік идеализмнің көрнекті өкілі, Сократтың шәкірті. Ол да Афины демократиясын қатты сынға алды. Платонның еңбектері: “Мемлекет”, “Театет”, “Федон”, т.б. Сезімнен тұратын шындықты Платон нақты шындық емес, ол тек шын өмірдің көлеңкесі, шын өмір идеяда деп түсіндірді. Таным дүниені білу емес, еске ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Теориялық әлеуметтану түсінігі
Педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы
Саяси зерттеулердің негізгі әдістері
Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметтері
Социология пәні мен қызметтері
Әлеуметтану обектісі
Әлеуметтанудың әдісі
Социология ғылымы туралы жалпы түсінік беру
Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның мақсаты жайында
Социология ғылым саласында
Пәндер