Ә.Нұрпейісов шығармашылығының бастау –бұлақтары


Кіріспе
Сөз өнері сияқты киелі өнердің үдесінен шығу- қалам ұстағанның бәрінің бірдей қолынан келе бермейтіні, мұндай ұлы бейнет тек ірілердің ірілерінің үлесіне ғана тиетіні ақиқат.
Сөз өнерін ой азабын көп кешкен, қалам машақатын көп шеккен жан ғана жете игермек. Он ойланып, жүз толғана отырып, ой тереңіне сүңгитін, көкірегінен шыққан әрбір сөзіне жанын салатын, сонысымен әулие өнердің өрісін кеңейтер талғампаз қаламгерлер некен- саяқ туады. Бұл жолда тер төгіп, еңбек еткен халқымыздың біртуар перзенттері қаншама?! Бүгінгі күні дүниенің төрт бұрышы есімін түгел білетін, аты әлемге мәшһүр жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов- осындай біртуарлар санатынан, әдебиетіміздің деңгейін әлемдік биікке көтеруге үлес қосқандар қатарынан.
Қазақтың шын мәніндегі ұлы жазушысы- Мұхтар Әуезов кейінгі ұрпақтың ішінен иығы көрініп келе жатқан ірі талантты әрқашан аңсап күткен. Әбдіжәміл Нұрпейісов- жазушы үлкен үміт артқан жастардың бірі. Әбдіжәміл Нұрпейісовтің шығармашылық дүниелерін алғаш таныған, оған қуана қол соққан да осы ұлы адам болатын. Мұхтар Әуезовтің Кунцево ауруханасында жатқан кезінде Тахауи Ахтановқа жазған: «Қадірлі дос-іні Тахауи!» деп басталатын хатында : «Мен сені, Әбдіжәмілді, Зейнолла, Тәкенді, Сафуанды- көптен бастан бөлек санайтұғым. Енді әдебиет болашағын ойламай болмайды. Сендерді сол болашағымыз дейім. Сондықтан анау бір жылдардан- ақ саған, сендерге мен безразлично қарай алған емеспін. Алдарыңнан жауапты, ойлы жаңалықтарды өзге бір қазақтан молырақ күткен күйдемін»[1], - деп аға қолынан сусып түскен қаламды қағып алып, оның ой- арманын жалғастыратын жастарды өз шығармашылығының заңды жалғасы ретінде қарайтынын байқаймыз. Бұл туралы Герольд Бельгер «Жас Алашта» жарияланған «Қазақ дәптері» атты эссесінде былай дейді: «Менің әрдайым есімнен кетпейтіні- қазақтың үлкен жазушысының мәңгілік сапар алдындағы келер ұрпаққа қалдырған өсиеті, аманаты. Бұл, сөз жоқ, ерлік, азаматтық, өресі кең, тұғыры биік тұлғаға тән қасиет.
Хаттарында Мұқаң атаған заңғар жазушыларын да жақсы білемін, араластым, біразының шығармаларын орысшаладым. Бұл да бақыт. Әттең, түгелдей дерлік о дүниелік болып кетті. Арамызда бұл күндері Әбекең (Нұрпейісов) ғана жүр»[2] .
Бүгінде сексеннің сеңгірінен асқан жазушы шығармашылық қайсарлығымен талайды таңғалтып келеді. Есімі қалың оқырманға кеңінен танымал қуатты қалам иесі тозбайтын мұрасымен қазақ әдебиетіне елеулі үлес қосты.
«Әбдіжәміл Нұрпейісов - шын мәніндегі, толық мағынасындағы суреткер. Жұмыр басты пенде ретінде оның маңдайына ХХ ғасырдағы ең бір сүргін де сұрқылтай оқиғалардың куәгері болу жазылды. . Жо- жоқ, сыбай- сылтаң сырт куәгер емес, ата- жұртын шарпи өткен планеталық ауқымдағы алапат оқиғаларды басынан өткеріп, белшесінен кешті. Заманасының кейіпкеріне айналды.
Суреткер ретінде Ә. Нұрпейісов ғасырдың осынау алапат та асқақ болмысын, өзінің кіндік жұртын мысал ете отырып, нағыз өмір тілімен жырлап бере алды. Бұл ретте, Әбдіжәмілдің өмір бойы жазғаны біртұтас, бір ғана эпопея десе лайық. Ол эпопеяны « ХХ ғасыр және қазақ әлемі » деп атауға да болар еді. Ғасыр басындағы сергелдең («Қан мен тер»), ғасыр ортасындағы сұрапыл («Курляндия»), ғасыр соңындағы сүргін («Соңғы парыз») [3] .
Әбдіжәміл Нұрпейісовтің публицистикалық мұралары да сапасы жоғары, татымды, талғамды дүниелер.
Дарынды қаламгердің «Ақ бидай туралы аңыз», «Толғау. Раздумье», «Возвышая наши святыни» деп аталатын публицистикалық шығармалар жинағы жарық көрді. «Публицистика- ақиқат өмірдің сырлы суреті, оның арқауы шындық»[4] . Публицистика- замандас келбеті, публицистің өзі өмір сүріп отырған кезеңінің бет- бедері. Сондықтан да Әбдіжәміл Нұрпейісовттің шығармалары туған халқының тағдырымен тығыз байланысты.
Ә. Нұрпейісовтің публицистикалық мұрасы өзінің бірегей ерекшелігімен, көркемдік шеберлігімен публицистика саласында айшықты орын алады. Көпшілік Әбдіжәміл Нұрпейісовті жазушы ретінде таниды. «Ол- КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Бұл мәртебелі сыйлықты жазушылардан Қазақстанда үш қаламгер: Мұхтар Әуезов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Жұбан Молдағалиев қана алғанын ескерсек, әдебиетіміздің, әдебиет арқылы тұтастай сөз өнеріне жүйрік қазақ халқы абыройының төрткүл дүние алдында арта түскеніне алдымен кімдерге борышты екеніміз өзіннен- өзі айғақталады »[5] . Жазушы ретінде қалың оқырманға кеңінен таныс болғанымен, біз Ә. Нұрпейісовтің публицистік қырын толық танып- білдік деп айта алмаймыз.
Тақырыптың өзектілігі публицистің өзгелерге ұқсай бермейтін өзіндік өрнектерінен туындап отыр. Бұған оның өз тақырыбының білікті кейіпкері болуы, көкейкесті мәселелерді көтере білуі алғышарт болды. Өз дәуірінің суреткері Әбдіжәміл Нұрпейісовтің публицистік мұраларын саралап- салмақтау кейінгіге үлгі- өнеге, берері мол дәріс болмақ. Өйткені, әр дәуірдің ақиқаты мен шындығын бүгінгі күн талабы тұрғысынан таразылау- ұрпақ парызы.
Әбдіжәміл Нұрпейісов- жазушы, публицист. Сондықтан, оның шеберлік тәжірибесін үйрену, тілі мен стилін, өзіндік ерекшеліктерін оқып- білудің маңызы зор.
Зерттеу нысаны . Зерттеудің нысаны- Әбдіжәміл Нұрпейісовтің публицистік шығармашылығы. Диплом жұмысының қайнар көзі ретінде жазушы- публицисттің әр жылдары баспадан жарық көрген кітаптары мен көптеген баспасөз материалдарының түпнұсқалары қарастырылды.
Зерттеудің жаңалығы. «Публицистика- жазушы мен журналисттің әлеуметтік пікір айтуы, күнделікті өмірге, әр қилы қоғамдық құбылыстарға кемел талантпен үн қосуы, көркемдік шабытпен терең ой тастап, жұртшылықты белгілі бір оқиғаға, құбылысқа ерте, еліктіре білуі. Екінші сөзбен айтқанда, публицистика дегеніміз-саяси- көркем проза, қаламгердің әлеуметтік мәселелерді толғауы»[6] . Осы тұжырымға орай, біз публицистика зерттеуші ғалымдардың пайымдары мен ғылыми негіздеріне сүйене отырып, уақыт шындығын жазудағы публицистің кемеңгерлігі мен көрегендігін көрсетуді мақсат еттік. Диплом жұмысында жазушының публицистикалық мұраларына талдау жасап, суреткердің шығармашылық шеберлігінің даму ерекшеліктері қарастырылды. Публицистикалық шығармаларын зерттеу арқылы автордың болмыс- бітімі айқындалып, оның жазушы- публицист ретіндегі ой- пікірлері жан- жақты ашылды. .
Зерттеудің әдістемесі . Дипломдық жұмыс материалдарды талдау, фактілер мен деректерді тексеру әдісіне негізделді. Дипломдық жұмыстың негізгі әдісі талдауға арналған.
Зерттелу деңгейі. Ізденіс барысында Николай Анастасьевтің 2004 жылы «Өлке» баспасынан жарық көрген, жазушының өмірі мен шығармашылығы хақындағы «Небо в чашечке цветка» атты монографиясы игі әсерін тигізді. Автор бұл еңбегінде Әбдіжәміл Нұрпейісовтің прозасын жан- жақты зерттеп, талдаған, ал публицистік шығармаларына көп тоқталмайды. Ә. Нұрпейісовтің әр жылдары баспасөз беттерінде жарық көрген мақалаларын, эссе, очерктерін, хаттарын, құттықтау сөздерін топтастырған Герольд Бельгердің «Возвышая наши святыни» атты жинағы да айтарлықтай көмегін тигізді. Диплом жұмысында З. Қабдоловтың, Т. Амандосовтың, Қ. Мұхамеджановтың, Ж. Дадебаевтың, Ә. Кекілбаевтің, Ш. Елеукеновтің, С. Әшімбаевтің, Т. Ахтановтың, Р. Бердібаевтің т. б. сол сияқты көптеген ақын- жазушылар мен ғалымдардың естеліктері мен шығармашылығына қатысты әдеби- сын пікірлері де пайдаланылды.
Диплом жұмысының теориялық және практикалық мәні. Жұмыстың нәтижелері мен тұжырымдары жоғары оқу орындарының студенттеріне, Нұрпейісовтану бағытындағы зерттеулерге айқын бағдар болмақ.
Дипломдық жұмыстың құрылымы . Диплом жұмысы кіріспеден, «Әбдіжәміл Нұрпейісов шығармашылығының бастау-бұлақтары» және «Әбдіжәміл Нұрпейісов шығармашылығының өзіндік ерекшеліктері» атты екі тараудан, қорытындыдан, сілтемелер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I- тарау. Ә. Нұрпейісов шығармашылығының бастау - бұлақтары
1. 1. Жазушы шығармашылығына туған жері мен елінің әсері
Адам баласы үшін ең әуелі қашан да туып- өскен елі мен жері қымбат. Осы бір қасиетті сөздің қадірі мен парқын шыр етіп дүниеге келген, кіндік қаны тамған, мынау жарық дүниемен қауыштырған өлкені сүйе білгенде ғана түсінесің. Ыстығы табаныңнан өтіп, бүкіл тәніңді аралап, қаныңа жылу тарататын туған өлкеге деген махаббат ешбір жанда салқын тартпақ емес. Қолына қалам алып, сөз өнерінің дертін арқалалауға мойын ұсынған адам өзінің туып- өскен жеріне, оның тағдырына, болашағына айрықша ықылас, алаңдаушылық танытпайынша, дүниеге келелі де кесек шығарма әкеле алмасы даусыз. Сондықтан, жазушының шығармашылығын оның туған жерінен бөліп алып, жеке- дара қарастыруға болмайды.
Туған Арал Әбдіжәміл Нұрпейісов үшін оның мәңгі махаббатына айналған. «Туған жерің- туған анаңдай өзіңе ыстық. Тасы мен топырағына дейін жүрегіңді шоқтай күйдіріп тұрғасын, сен өзгелердің де осы даланы жаны үзіле жақсы көріп, бар өлкеден шоқтығын асырып, Арқадағы сол анау Көкшетаудай, не әлде Қарқаралыдай жер жаннаты болғанын қалайсың. .
Туған жеріңді мақтаса, тап бір өзіңді мақтағандай төбең көкке жетеді. Көңілің өсіп, аруақтанып қаласың. Өйткені, ол шыр етіп жарық дүниеге келгенде алғаш рет жауырының тиген, кіндік қаның тамған жер. Баяғы бала кезіңде осы даланың май топырағын жалаң аяғымен бұрқылдатып басып, зырлап жүгіріп жүріп, қозы, лақ қуып өстің. Табаныңа осы даланың шөңгесі кірді.
Сенің көңіліңе салса, туған жердің топырағы да алтын. Оның қайнап тұрған қапырық ыссы желі де торғын орамал желпіп өткендей, жұпардай тиіп, жаның жай тауып қоя береді» [7] . Жазушы өзінің туған жері туралы осылайша тебірене толғанады. Толғаныс болғанда да, шын жүректен төгіліп түскен, атамекенге деген іңкәрліктің шексіз ынтызар моншағы [8] .
Былайша қарағанда, бәз біреу үшін жаныңды қоярға жер таптырмайтын ыстық күн, қалқа болар көлеңкесі жоқ құмды дала, суы ішуге жарамайтын Аралдың туып- өскен перзентті үшін жұмақтай көрінері сөзсіз. Біле білген адамға оның бүгінгі және одан кейінгі талай ұрпаққа үлгі боларлық, өнеге берерлік тағылымды тарихы бар. Сол себепті де, жазушының шығармашылығы оның туып- өскен жеріне деген сүйіспеншілігімен тығыз байланысты. Бұл ретте Арал мен Арал балықшыларының тағдыры Әбдіжәміл Нұрпейісовтің бүкіл шығармашылығының үзілмес арқауы десек қателеспейміз. Успенский: «Нағыз суреткердің тұрақты тақырыбы болуы керек » деген болатын. Ә. Нұрпейісов осы талап үдесінен шыққан жазушы. Әбіш Кекілбаевтың айтуынша, «Арал төңірегінен тағы бір кесек суреткер туып, ол да Арал туралы жазса, бәрібір Нұрпейісовтің Аралстанын оқырман көз алдынан қалтарысқа әкете алмас еді. Нұрпейісовтің Аралы кесек мінездер мен кескекті тартыстардың қорығы сияқты» [9] .
Жазушы жүрек елжіретерлік сезіммен туған жері туралы ой- толғанысын одан әрі былай өрбітеді: «Жаз айындағы Алатаудың қойнауын білесің ғой, жер жаннаты. Мәуесінде бұлбұл сайраған жасыл ағаш саясында, таудан аққан мөп- мөлдір суға аяғыңды малып, рахаттанып отырғанда, шыныңды айтшы, айдай әлемде осыдан асқан жер бар деп ойлайсың ба? Дәм- тұз айдап кең дүниенің қай қиырында жүрсем де, Арал теңізі мен Арал даласы бір сәт есімнен шығып көрген емес» [10] .
Тіптен, көргеннің көзін жаулап, естігеннің құлағын елеңдететін, «Қазақстанның Швейцариясы» атанған сұлу өлке- Көкшетаудың әсем табиғатына тамсана отырып та, жазушы Арал туралы ерекше мейіріммен сөз қозғайды.
«Жаз бойы жұрттың зықын алып бітетін есірік жынды жел сәл уф етсе де ала тағанақ жердің ақшаңдағы бұрқырай жөнелетін рақаты шамалы өңірдің, әсіресе шілде айында шыжғырған ыстығы шекеңді шағып, ал қаңтардың ақ түтек бораны жан біткенді бүгежектетіп жіберетін қытымыр қаталдығына қарамастан, сен үшін сол шіркіннің жүзі неге шоқтай ыстық. Сыбағаңа тиген азғантай тірлікте тағдыр айдап, сен қай жерде, қай ел, қай қырдың астында күнделікті тірлік қамын жеп, күйбең- күйбең жүрсең де, өзгесі өзге, сіңірін созып, шаршап талықсыған жалғыз атты жолаушыға таңдайын жібітер сыңар тамшы берместен безеріп жататын сол шаңдағы бұрқыраған сары бұйратты дала сәл есіңе түссе де құдды сен ана дидарын елестеткендей жүзің жылып, жаның жадырап қоя беретінін айт!Иә, қалайда, әйтеуір туған жерің түндігіне түтін исі сіңген ыстық ұяң сияқты ет бауырыңды елжіретіп тұратын бір қасиеті бар». Әбдіжәміл Нұрпейісов табиғат барын үйіп- төгіп бере салған Көкшенің сұлулығына қанша сұқтанса да, перзенттік сүйіспеншілікпен Арал жайында сөз етеді. Көкшетаудың сұлулығына сұқтана отырып, Арал туралы еріксіз салыстырып кеткенін өзі де байқамайды. «Жөн білетін кісілер: «жаман жер» дейді. Тек қай жердің де жақсылығын көре білу үшін кісі дәл сол арада туып- өскен перзенттің көзімен қарау керек дейді. Әрине, солайы солай. Ал, біз әңгіме еткелі отырған Көкшетаудың жөні басқа. Иә, маңдайында көзі бар кісі әсте таңданбай, тамашалап қарамай сүлесоқ өте алмайды. Мен де осы өлкеге келген сайын ана жақтағы ақ соры бетіне шығып жататын алатағанақ Арал өңірін әрқашан есіме алып, адам мінезі сияқты табиғат мінезінің де бауырынан шыққанның бәріне бірдейлігі жоқ екен- ау деп ойлаймын» [11] .
Туған топырағының, атамекенінің асыл қазынасы- даналық тағылымы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің тұла бойына ана сүтімен дарыған. Ол туған халқымен, туған жерімен бірге адымдап, бірге тыныстап келе жатқан ел азаматы. Ол бірде: «Иә, мына тусыраған тұл даланың үстінен ту-ту бағзы заманнан бермен қарай сансыз ұрпақ көші өтті. Осы дала біздің де талай ұл мен қызға атамекен болыпты. Олар да өзіміз сияқты осы дүниеге әр қилы асқақ арманмен құлшынып келіп, бірақ бірде- бірі дегеніне жете алмай, опасыз сұм жалғаннан күңіреніп өтіпті. Және ізсіз өтіпті. Біз сияқты, олардың тағдыры талқыға түсіп, тірлік үшін тайталасқан, жағаласа бірде жау қолында шалғайы кетіп, дар- дар етіп жағасы жыртылып жатса да ел намысы үшін арпалысқан ерлері арын бермепті, күші басым жаудың бірде астына түссе, бірде үстіне шығып, алыс- жұлыспен өмір кешкен азғантай халық осы далада бағзы заманнан бермен қарай мал бағып, егін егіп, балық аулап күн кешті. Олар да өзіміз сияқты түндік астында түтін түтетіп, осы даланың бір аруына ғашық болған. Жар құшқан, перзент сүйген. Осы мына өрттей ыстық күн астында қаназасы кеуіп жатқан қу медиен дала бізге мекен болғалы қаншама қасіретті ананың, қаралы жесірдің, қорғансыз жетімнің көз жасы көлдей ақты. Осы даланың келешегі үшін қиғылық қуған қаншама асыл боздақтарымыз қанын, терін төкті»[12], - деп туған халқының, өскен өлкенің өткеніне терең философиялық мағынада көз жүгіртеді. Осы тебіреніс пен толғанысқа толы жолдардан жүрек елжіретерлік сезімді көре аламыз.
Әбдіжәміл Нұрпейісов қай очеркте болсын, кім туралы жазса да, ретін тауып, сынасын келтіріп, Арал жөнінде айтып қалады. Туған жерінің әсерін жазушы шығармашылығынан анық аңғаруға болады. Өйткені, құдіретті мекеннің қадір- қасиетін айтпау мүмкін емес. Себебі, сол жерде тудың, кіндігің кесілді, сол жерде ана тәрбиесі мен әке қамқорлығын көрдің. Жазушы үшін жазы ыстық, қысы ызғарлы Аралдан артық «Жерұйық» жоқтай сезіледі.
1. 2. Ұлттық шығармашылық орта
1963 жылдың ақпан айында Әбдіжәміл Нұрпейісов Қазақстан Жазушылар Одағының органы- «Жұлдыз» журналының редакторлық қызметіне тағайындалады. Оның редакторлық қыры жеке тақырыптың желісі болуға әбден лайық. Журналға жаңа басшының келуімен көптеген тың идеялар да қоса келді. «Жұлдыз» жаңаша қырынан таныла бастады. Бұрын мемлекет қаражат бөліп, сол арқылы арнайы ұйымдастырылған шығармашылық топ әр жерлерге барып, концерттер қойып, халықты журналға жазылуға үндейтін еді. Ал, Әбдіжәміл Нұрпейісов болса, осы қаржыны басқа мақсатта пайдалану туралы ұсыныс жасады. «Жұлдыз» журналының бетінде бәйге ұйымдастырып, жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар тағайындады. Кейбіреулері «бұл қалай болар екен » деп күдіктенгенімен, Ә. Нұрпейісов редактор болған кезде «Жұлдыздың» таралымы 38835- тен 60975- ке жетті, яғни бұдан біз журнал таралымының арта түскенін анық байқай аламыз. «Жұлдыз» журналы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің басшылығымен жастарға қолдау көрсетіп, олардың шығармашылық өрлеуіне мүмкіндік туғызды. Өйткені, кезінде жас Әбдіжәмілге де қазақтың бетке ұстар қалам қайраткерлері қолдан келген көмегін жасап, ақыл- кеңестерімен бөлісті. Жастардың өсуінен уақыт аямайтын екі жазушы болса, бірі, ал жалғыз болса, сол жалғыз-Сәбит Мұқанов. Талай қаламгерді қашан қанаты қатайғанша, қамқорлығына алып, көзінен таса етпейтін [13] . Ол Әбдіжәміл Нұрпейісовке бағыт сілтеп, шығармасын аяқтауға бар мүмкіндікті жасады. Әбдіжәміл болса, алаңсыз жазуға кірісті. 1948 жылы роман аяқталып, әр жерде талқылана бастады.
«Сәбең мәз. Әдебиетке қаламының қарымы бар жастың қосылғанына шәк келтірмейді. Тіпті зор үміт артады.
Сәбең орысша да айтқыш. Жас авторға әдеттен тыс баға берді.
-В литературу пришел писатель, которого я ждал в течение последних двадцати лет, - деп салмасы бар ма?» [14]
Жазуды жаңадан бастап, енді- енді көріне бастаған жас ақын- жазушыларды бауырға тартып баулу, яғни рухани- шығармашылық көңілмен оқи отырып, жетістік- кемшілігін әділ түрде көрсетіп, дер кезінде қажетті бағыт- бағдар сілтеу, қысқасы қаламгерлік аяқ алыстарын көзден таса қалдырмай ақыл- кеңес беріп, қолдап, құптап отыру- бүгінгі әдебиеттің болашағын жан- жақты ойлау. Бір ғана Мұхтар Әуезовты алайықшы. Оның сапарға аттанар алдында, 1961 жылы қазақтың сол кездегі біраз жас жазушыларына жазған әйгілі хатында парасатты жүректің лүпілі, әкелік қамқорлықтың айғағы жатқан жоқ па? Айталық, сол атын атаған жандардың ішінде Әбдіжәміл Нұрпейісовтің де творчестволық дүниелерін алғаш таныған, оған қуана қол соққан да осы ұлы кісі [15] . Әбдіжәміл Нұрпейісов Мұхтар Әуезов сынды заңғар жазушыдан көп көмек көрді. Бұл жөнінде жазушы өз естелігінде былай дейді: «Осы кісі 1949 жылдың көктем айының бір күні түс ауа бергенде мені қасына ертіп опера театрына апарды. Бұнда Москвада болатын қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде көрсететін үлкен концертті комиссия мүшелерінің назарынан өткізеді екен. Зәулім театрдың кең залында он бес- жиырмадай адам бар. Атақты ақын, жазушылар, белгілі артистер.
Сахнаға қарағанда романшының көзіне бейтаныс нәрселер түсті. Шоғырлана қалған бір топ кісі домбыра және бұның бұрын көрмеген музыка аспаптарын бауырына баладай қысып отыр. Әлден уақта бір бұйра шаш, қаншырдай қатқан таяқшаны көтерген күйі екі қолын жайып кеп қалып еді, айнала бәрі тына қалды. Сәл кідірістен соң жаңағы таяқшасын сілтеп кеп жіберіп еді, сахна дүр сілкінгендей болды. Әбдіжәміл үшін бұл құлақ естіп, көз көрмеген құбылыс болды. Аузы аңқиып ашылып қалыпты. Мұхаңа көзі түсіп кетіп еді, ол бұған таңдана қарап қалыпты. Жас романшы қапы соққан жерін енді сезді. Аузын жауып үлгергенше, Мұхаң бетін бұрып:
- Сен оркестрді бұрын тыңдамап па ең ?-деді.
Әбдіжәміл сасып қалып: «жоқ!»-деді.
Сол-ақ екен Әуезов тыжырынып, бетін әрмен бұрып:
-Жә, пәлі . . . роман жазып жүр, ал өзі нетронутый мальчишка, - деді қалды [16] . Мұхтар Әуезов, әрине, Әбдіжәмілдің жастығын айтқан жоқ. Роман жазған адам білімді, көргені көп, түйгені мол, талғамы терең адам болу керектігін меңзеген еді. Дегенмен, талантты жастардың артық- тұртық мінездеріне кешірімді Мұхаң, Әбдіжәмілдің болашағына қатты сенді. Кейінгі толқын інілерінен жылы сөзін аяған жоқ [17] . Аға қамқорлығының нәтижесінде тиісті бағыт- бағдар алған Нұрпейісов жастарды әдебиетке тартуға өз үлесін қосты. Сол себепті «Жұлдыз» журналының 1963 жылғы алтыншы саны жастар шығармашылығына арналды. Осыған қатысты жаңа редактор «Армысың, бейтаныс жас ұрпақ» деген А. Пушкиннің сөзін негізге ала отырып, журналдың кіріспесінде:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz