Батыр сөзінің шығу тарихы



Батырлар жырында, ақын-жыраулардың толғауларында, тарихи романдарда, әртүрлі лұғаттарда батыр термині жиі кездеседі.
Әскери өнерді жақсы меңгерген, ақылдылығымен, асқан қайратымен, жау түсірер жеке басының ерлігімен аты шыққан, қол бастайтын азамат батыр деп аталған. Батыр атағы мирасқорлық жолын қумаған, әрбір адам оған жеке басының ерлігімен ие болған. “Батырлар атағының кең таралуы,-дейді М.П.Вяткин – қазақ қоғамының өзгешелік сипатының бір түрі. Бұл жағдай біз қарастырып отырған заманда өзбектерде де, қарақалпақтарда да, қырғыздарда да болмаған”.
Батыр – жалпы түркі тілдеріне ортақ көне сөздердің бірі. Көне түркі жазуларында батур, баһадур сөздері жалқы есім және әскери атақ мағыналарында қолданылған. Батыр термині көпшілік тілдерде бар: қарақалпақ, татар тілдерінде батыр, өзбек тілінде ботир, ұйғыр тілінде батур осман түріктері тілдерінде ватур , қырғыз тілінде баатыр, алтай тілінде матыр, патыр, шор тілінде бағатыр, румын тілінде бахадирка, украин, поляк, орыс тілдерінде богатырь, венгер тілінде ватор, вогул, манси тілдерінде мадур, осетин тілінде ватраз, үнді тілінде вахадур, француз тілінде бахадоир формасында ұшырайды.
Қазақтың қаһармандық эпостарында ұшырайтын батырлар: қара батыр, қара берен батыр, жеке батыр, қамал бұзған батыр болып бөлінеді.
Үрім-бұтағынан бері қарай батыр атанып келе жатқан, ауыр жараланса да ұрыс даласын тастамайтын батыр қара батыр немесе қара берен батыр деп аталған.
Жеке батыр – қауіп-қатерді елеместен, ұрысқа жолдассыз, жалғыз өзі аттанатын батыр. Қазақтың қаһармандық эпостарындағы Алпамыс, Ер Тарғын, Қобыланды, Қамбар – жауына жалғыз аттанған ұлы батырлар.
Қамал бұзған батыр – талай рет жаугершілікке қатынасып, жауын жеңіп, бірнеше рет қамал алған, атақты, танымал батыр.
Жоңғар басқыншыларына қарсы қол бастап, жауына соққы берген
Әдебиеттер

1. Өмірәлиев Қ. ҮІІІ-ХІІ ғасырлардағы көне түркі әдеби ескерткіштері.
Алматы, 1985, 60-бет
2. Айдаров Ғ. Орхон ескерткіштерінің тексі. Алматы, 1990, 104-бет
3. Қ.Өмірәлиев. «Оғуз қаған» эпосының тілі. Алматы, 1998, 228-бет
4. Сүлейменов О. Азия. Алма-Ата, 1975, 152-бет
5. Древнетюрский словарь. Ленинград, 1969

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
БАТЫР СӨЗІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ

Батырлар жырында, ақын-жыраулардың толғауларында, тарихи романдарда,
әртүрлі лұғаттарда батыр термині жиі кездеседі.
Әскери өнерді жақсы меңгерген, ақылдылығымен, асқан қайратымен, жау
түсірер жеке басының ерлігімен аты шыққан, қол бастайтын азамат батыр деп
аталған. Батыр атағы мирасқорлық жолын қумаған, әрбір адам оған жеке
басының ерлігімен ие болған. “Батырлар атағының кең таралуы,-дейді
М.П.Вяткин – қазақ қоғамының өзгешелік сипатының бір түрі. Бұл жағдай біз
қарастырып отырған заманда өзбектерде де, қарақалпақтарда да, қырғыздарда
да болмаған”.
Батыр – жалпы түркі тілдеріне ортақ көне сөздердің бірі. Көне түркі
жазуларында батур, баһадур сөздері жалқы есім және әскери атақ
мағыналарында қолданылған. Батыр термині көпшілік тілдерде бар: қарақалпақ,
татар тілдерінде батыр, өзбек тілінде ботир, ұйғыр тілінде батур осман
түріктері тілдерінде ватур , қырғыз тілінде баатыр, алтай тілінде матыр,
патыр, шор тілінде бағатыр, румын тілінде бахадирка, украин, поляк, орыс
тілдерінде богатырь, венгер тілінде ватор, вогул, манси тілдерінде мадур,
осетин тілінде ватраз, үнді тілінде вахадур, француз тілінде бахадоир
формасында ұшырайды.
Қазақтың қаһармандық эпостарында ұшырайтын батырлар: қара батыр, қара
берен батыр, жеке батыр, қамал бұзған батыр болып бөлінеді.
Үрім-бұтағынан бері қарай батыр атанып келе жатқан, ауыр жараланса да
ұрыс даласын тастамайтын батыр қара батыр немесе қара берен батыр деп
аталған.
Жеке батыр – қауіп-қатерді елеместен, ұрысқа жолдассыз, жалғыз өзі
аттанатын батыр. Қазақтың қаһармандық эпостарындағы Алпамыс, Ер Тарғын,
Қобыланды, Қамбар – жауына жалғыз аттанған ұлы батырлар.
Қамал бұзған батыр – талай рет жаугершілікке қатынасып, жауын жеңіп,
бірнеше рет қамал алған, атақты, танымал батыр.
Жоңғар басқыншыларына қарсы қол бастап, жауына соққы берген Қаракерей
Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай батырлар-батырбасы
атанған. Ертеде қазақтарда не көп батырлар көп болған. Тарихи мәліметтерге
жүгінсек, қазақтарда әр тайпаның, әр рудың өзінің батырлары болған. Жорық-
жортуыл, жаугершілік тәрізді ел, халық тағдыры шешілетін сын сағаттарда,
ауыр кезеңдерде, ер сасқан, әйел етегін басқан, ата баладан, ана қызынан
айрылған, “Ақтабан шұбырынды” аталған аласапыран заманда, қан кешті ұрыс,
жан кешті майдандарда өзінің айлакерлігімен, ерлігімен көзге түскен, жауына
қарсы аттанған азаматтардың басын біріктірген, халық ұландарын
бастағандарды, ел батырбасы деп атаған.
Ғалымдар арасында батыр сөзінің шығу тегі, қайсы тілге жататыны жайлы
әртүрлі болжамдар, қарама-қарсы пікірлер бар. Ғалым-тілшілердің бір тобы
бұл сөздің баатур түрінде “Алтын жарықта”, ал баһадур формасында монғолдың
жазба тілінде кездесуін атай келіп, мұның екеуі де монғол тілінің сөзі деп
топшылайды. В.Банг қырғыз, сағай тілдерінде ұшырайтын баатырматыр
формаларын баһадур сөзінің қысқарған түрі, яғни дыбыстық өзгерістерге
ұшыраған варианты деп табады. К.Менгес көне түркі тіліндегі батур сөзін
баһадур сөзінің қысқарған түрі деп, В.Бангтың пікірін қуаттайды. М.Рясенен
де түркі тіліндегі батур сөзін баһадурден шығарады. Т.Рамстедт парсы, орыс
тілдерінде кездесетін баһадур және батырь, түркі тілдеріндегі батыр
сөздерінің түбірі: “герой, ержүрек” мағыналарын білдіретін баһа сөзі болу
керек деп топшылайды Л.З.Будагов алтай тіліндегі пәттірмәттір сөзін монғол
тіліндегі баһадур сөзінің варианттары деп, монғол тіліне апарып телиді.
С.Е.Малов ұйғыр тіліндегі батурбатыр сөздеріне шолу жасап, оны бірде
парсы, бірде монғол тіліне жатқызады.
К.Менгес В.Хенигстің ауызша айтқан жорамалына сүйеніп, оған сілтеме
жасап, көне түркі тіліндегі батыр сөзінің шығу тегін парсы тілімен,
әсіресе, оның шығыс тобымен байланыстырады. Мұның дәлелі ретінде авеста
тіліндегі вахтар сөзін мысал ретінде келтіреді. К.Локоч баһадур парсы
тілінің сөзі, ол баһа путра сөзінен шыққан, яғни, “бақытты болып, кейін
оралу” деген мағынаны білдіреді деп көрсетеді.
Көптеген зерттеушілер монғол тіліндегі баһатур, Орхон-Енесай жазба
ескерткіштерінде кездесетін батур сөздерін талдай келіп, мұның соңғысын
көне деп табады. К.Менгес қадым заманнан батыр сөзі монғол тіліндегі
баһатур формасынан бірнеше ғасыр бұрын көне түркі жазба ескерткіштерінде
кездесетінін айтады. Ал Г.Дерфер көне түркі тілінің батыр сөзін тікелей
монғолдың баһадур сөзінен шықты деу қате, жаңсақ пікір деп көрсеткен.
Г.Дерфердің көрсетуінше, қадым заманнан Сібірдегі көне халық-руанруандардың
тілінде баһадур сөзі титул ретінде қолданылған.
Біздіңше, көне түркі тіліндегі батырбатур, монғол тіліндегі баһадур
сөздерінің шыққан тегі біздің заманымызға дейінгі кезеңдерде өмір сүрген
халық-хундардың сөзі болу керек.
Х-ХІІІ ғасырларда Краснодар өлкесіндегі Зеленчук өзенінің бойынан
табылған осетиндердің жазбаларында баһатур сөзі жалқы есім ретінде
қолданылған. Х ғасырдағы грузин хроникаларында оз-баһатари сөзі грузин
княздарының атауы ретінде кездеседі. Осетиндердің батырлық жырының
қаһарманының атауы ретінде ватураз сөзі ұшырайды. Батураз немесе батурас
сөзі асстардың (осетиндердің) батыры деген ұғымды білдіреді деген пікірлер
бар. Осетин тіліндегі бахатарбатур батураз сөздері Орхон-Енесай жазба
ескерткіштеріндегі батур, батыр сөздерімен қатар қолданылған. Демек, біздің
жыл санауымыздың І ғасырында кавказдықтар, парсылар түркі халықтарымен
тығыз қарым-қатынас жасаған.
Сөйтіп, біз қарастырып отырған батыр сөзінің екі түрі-түркі тілдеріндегі
батурбатыр, монғол тіліндегі баһадур варианттары Кавказ халықтарының
тілдерінде І ғасырда-ақ белгілі болған. Батыр сөзі Кавказ халықтарының
тілдеріне хун тілінен ауысқан.
Егер тарихқа зер сала қарасақ, 372 жылы хундар аландарды тас-талқанын
шығарып жеңіп, оларды өздерінің әскеріне қосып, батысқа қарай шеру тартқан,
Урум елін бағындырған. Батыр сөзінің көне түркі тілінің сөзі екенін
дәлелдеу үшін, ең алдымен хундар жайлы оқырмандарға мәлімет беру керек.
Хундар-Ордоста, Орта Азияда, қазақ сахарасындағы түрік қағанатынан бұрын
жасаған түркі тілдес, көшпелі тайпалардың арғы тегі. Хундар – сақ, скиф,
үйсін, дулат сияқты тайпалардың ең атақты, ең көп тарағандарының бірі. Алып
көсем Оғуз ханның тұсында хундар 24 әкімшілік ұлысқа бөлініп, Қытайды
бағындырып, көп заман оларға салық төлеттірген. Сол кездегі армян
тарихшыларының көрсетуінше, хундар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ және түрік антропонимдерінің мәнін, олардың этномәдени табиғатына тереңдеу арқылы тарихи сабақтастығын анықтау
Батырлар жырындағы тарихи сөздер
Тарихи әдебиеттердегі «қазақ» этнонимының тарихы
Әлеуметтік топтардың қызметінің негізгі бағыттарын айқындайтын зерттеулерді талдап, оның маңыздылығын айқындау
Еуразия аумағындағы мемлекеттер қоғамында Батырлар институтының пайда болу тарихы
Батырлар жырындағы көнерген сөздер
Ноғайлы дәуіріндегі жырлардың тілдік ерекшеліктері
Қазақ атауының мән - мағынасы туралы
Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылым тарихының зерттеудегі теориялық методологиялық мәселелері
Қазақ этнонимі туралы зерттеу деректері
Пәндер