Сәкен Сейфуллин (1894—1938)


'
СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН (1894-1938)
Ол социалистіқ революция дауылы қанаттандырған жалынды күрескер ақын Сәкен Сейфуллиннің өмірлік, әсемдік сырлары мол талантты шыгармалары қазақ совет әдебиеті тарихының төрінен орын алады. Туған халқының ұлт- азаттық арманы мен революция мақсатын үштастыра білген Сәкен творчестволық өсу жолында үлы өнер қайраткерлерінің қатарына көтерілді.
Жаңа - социалистік өмірді, жаңа - пролетариаттық мәдениетті жасаудың ауыр жүгін көтеріп, ңазаң әдебиетінде оның соны дәстурін ңалыптастыру, сөз жоқ, ұлы талант иесіне тән сипат.
Сәкен Сейфуллин - «Қазақ совет әдебиетінің негізін қалаған жазушы ғана емес, сол негіздің үстіне салтанатты сарайын да салысқан адам. Бұл - әдебиеттің алғашқы жиырма жылында, барлық жанрында да Сәкеннің сіңірген еңбегі ұлан-байтақ. Сәкен қазақ совет әдебиетінің барлық жанрын-да да алдыңғы қатарда болып, бәрінде де ескірмес, өшпес үлгілер жасады. Скен Сейфуллин - қазақ әдебиетінде жаңа эрасы,
«Асау тұлпар» жинагынан бастап, қазаңтың революцияшыл поэзиясын «Советстан», «Көкшетау», «Қызыл ат», «Альбатрос» поэмаларымен көркемдіктің жаңа биігіне көтерген новатор ақын. «Тар жол, тайгақ кешудей» монументальды шежіре, «Қызыл сұңқарлардай» түңғыш револю-циялық драма авторы, «Жер қазгандар» повесімен бүгінгі жүмыскер өмірін алғаш бейнелеген жазушы, ауыз әдебиетінің орасан мол байлығын ғылыми жүйемен зерттеп, қазақ әдебиеті туралы оқу қүралын жасаған ғалым Сәкен Сейфуллиннің күрделі еңбегі қазақ совет әдебиетінің қалыптасу процесінде шешуші роль атқарып, бағыт-бағдарын анықтап отырды.
Қазақ халқының революция дәуіріндегі және социалис-тік құрылыс жылдарындагы ерен ерлігі мен еңбегін, ойарманы мен сезімін социалистік реализмнің негізгі арнасында бейнелеген Сәкен үлт әдебиетінің идеялық, творчестволық өресін биікке көтеру арқылы бүкіл одақтық совет әдебиетіне үлес қосты. Сөйтіп, көп тілді, бір мақсатты совет әдебиетінің негізін қалаушылардың қатарынан орын алып, «Сәкен Сей-фуллин совет халқының мақтанышына» айналды.
Аса көрнекті совет ақыны және революционер, қоғам қайраткері Сәкеннің қызу күрес үстінде дамыған жазушылық қызметі өте-мөте қызықты. Революциялық дәуір шындарын үлкен ақындық шабытпен дер кезінде жырлау со-вет әдебиетінің қалыптасу тағдырын шешкен күрделі твор-честволық процесс. Осы процестің заңдылығын анықтау түрғысынан суреткердің ақындық, қогамдық қызметінің не-гізгі кезеңдеріне назар аударған жөн.
Сәкен 1894 жылы Ақмола облысы, Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылында (қазіргі Қарағанды облысы Жаңа Арқа ауданы) 23 майда саятшы Сейфулланың шағын шаруалы семьясында дүниеге келген. Өзінің өмірі тура-лы бір жазғанында, Сәкен әке-шешесшің ән-күйге, ойын-сауыққа, қызықты әңгімеге құмар болғандығын айтады. Елдегі белгілі ақын, әншілер сол үйдің, кейін Сөкеннің жақын адамдарына айналып отырған. Сәкеннің шешесі Жамал ақындық, шешендік сөзді жақсы білген. Ол өзінің түңғышы Садуақастың (Сәкен деп еркелетіп атап кетеді) халық өнеріне, көркемдікке деген алғашқы сезімдерін оятып өсіреді.
Зерек, алғыр Сәкен ауыл молдасының сабағын қанағат тұтпағаннан кейін оны әкесі Нілді (Успенский) мыс заводындағы орыс-қазақ мектебіне 1905 жылы оқуга береді. Сәкен өзінің осы балалық шагын есіне түсіргенде: «Нілді заводында үш жыл оқыдым. Сол үш кыста, бір сабақ орысша әліппе кітапшасынан алған оқуым болса, екінші сабақ үсталардың дүкен күйінен, аласүрып жұлқынған машина әрекетінген, жер астында жұмыс істеп шығатын шахты, кен жұмыскерлерінің жатақ, тұрмыс күйінен, тіршілік күйлерінен алған сабақ көңілге мығым орнаған тоқу болды . . . алгаш өлең жазуды мен бала күнімде осы Шлді заводында бастадым, деп жазды. Ол Спасскі жұмысшыларының 1907 жылғы ереуілінің сұсты көрінісін көзімен көріп, көңіліне тоқыды.
Жас Сәкен еңбек адамдарының ортасында білім, алғашқы поэзиялық эсер алып қана қоймайды, озбыр қанаушылардан жапа көріп, мехнат шеккен жүмысшылардың өмірі оның таптық ой-санасының ерте оянуына да эсер етеді.
1908-1913 жылдары Ақмола қаласында әуелі Приход-ская школада, одан кейін екі класты училищеде оқиды. Білімі толыса түскен Сәкен орыс тіліндегі әдебиет кітаптарын көп оқумен қатар, алыс ауылдардан оқу іздеп келген бірталай қазақ балаларына орысша сабақ береді.
Сәкеннің қоғамдық, эстетикалың ой-пікірінің қалыптасуына Ақмола, Омбы қаласындағы орыстың озық ойлы оқытушы, жазушыларының әсері болғандығын ақынның өзі де, замандастары да толық растайды. Революционер жазушы Ф. Березовскиймен достығы көп жайды аңғартады. Орыстың революцияшыл демократтары В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Некрасов және А. М. Горький шығармаларын, сонымен катар татардың Г. Тоқай бастаған азатшылдың әдебиетін қадағалап оқуы, қалада, елде бостандыққа талпынған қалың бұқарамен тығыз байланысты болуы Сәкеннің дұрыс идеялық бағытын анықтай береді. Осы дүрыс бағыт оның 1916 жылғы тарихи қозғалыс сынынан сүрінбей өтуіне жол ашқандығы даусыз.
Омбы семинариясын бітіргеннен кейін Сәкен Ақмола уезінде оқытушы болып қызмет етеді. Осы кезде 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі басталып, Сәкен көтеріліс жасаған елдің ортасында жүріп, өзінің шығармалары арқылы қалың бұқараның дүниежүзілік соғысқа, патша үкіметіне қарсы ашынған ызалы күрестерін қостап, ауыр халге душар болған халыққа жаны ашиды.
Сәкеннің өнер жолына талпынуы ерте басталған. Өз аулында әңгіме, жырды көп естіп, жадына саңтаған дарын өлеңнің өнер екендігін түсінеді. Орыс пен шет ел классиктерінің шығармаларын оқу, Абайдың кемеңгер поэзиясымен танысу, «Айқап» журналында хат-хабар, сын мақаламен қатар, бірді-екілі өлеңін жариялау жас талаптың келешегін айқындаған арна. Омбыдағы оқушы жастардың күшімен 1914 жылы Қазан қаласында ағартушылық бағыты бар «Өткен күндер» атты өлеңдер жинағын бастырып шыгарады.
Жас ақын өз шығармаларына үлкен талап қойып, ұлт әдебиетін өркендету жолында арымай-талмай еңбек ету керектігін түсінгенін «Ақын» атты өлеңінде қараңғылық пей мешеуліктің құшағындағы туған халқын сәулелі өмірге, білімді жолға бастауды арман еткендігін көремз.
Жинақтағы өлеңнің көпшілігінде қаладағы шәкірт ақынның туып өскен ауылға деген сағыныщы, білім алу жолындагы талап-мақсаты, жастық шақтың сезім күйлері жырлаиды. Егер ақын «Туган ел», «Кетпейтін естен ғашың жар», «Сағыну» сияқты лирикаларында табигат көріністерін, өзі-нің көңіл-күйлерін шебер суреттей алатын талантын байқатса, «Жайлауда», «Інішегіме», «Кім басшы», «Нүра» сияқты өлеңдерінде пікір қайшылықтарына ұрынады; мазмүны мен көркемдігі жинақты келіп отырмайды, суреттеулері де ала-қүла. Әрине, бүл олқылық автордың жастырына және әлеуметтік көзқарастарының әлі пісіп жетпегеніне, өмір тәжірибесі мен білім дәрежесінің кемелдене қоймағанына байланысты еді.
Рас сол жинақта жарияланған және1915-1916 жылда-ры жазылып, кейін «Асау түлпар» жинағына кірген кейбір өлеңдерінде Сәкеннің өзі өскен қоғамдық ортаға наразылығы, әсіресе отаршылдық пен феодалдық мешеуліктің қыспағындағы қазақ халқының аянышты халіне жаны ашу сезі-мі байқалады. (Қазақ халқын алға бастайтын жанашыр басшы жоқ, білімге талпынған жастар аз деп қамыға тұрса да, жас ақын халық оянады, елдің ендігі бас көтерер азаматы оқыған жастар болады, жетім-жесірді, жарлы-жалшыларды аяңдар деген сияқты ой-пікірлерін білдіріп («Түс», «Қазақ сабағы», «Інішегіме», «Оқымаған қазақ» т. б. өлеңдері) өнер-білімге шақырады.
Қазақ аулының әлеуметтік шындығын, өз дәуірінің прогресшіл идеясын аз да болса осылайша жырлау ақынды, бір Жағынан, өзімен замандас С. Торайгыров, С. Дөнентаев, С. Көбеев сияқты жазушылармен үндес етсе, екінші жағынан, өзінің заңды творчестволық даму жолымен оны 1917 революциялық позицияға әкелді.
Сол кездегі бұқарашыл ақын-жазушылардың ішінен Сә-кеннің революциялық позицияға келуінің тағы бір негізгі себебі: жас шағынан бастап жүмысшы ортасымен, Ақмоламен Омбыдагы революциялың қозғалыспен, орыс революционерлерімен тығыз байланыста болуы. Сондықтан да оның революция дәуірінде бүлталақсыз бірден Коммунистік пар-тия бастаған ұлы күрес жолына түсуі табиғи.
Буржуазиялық февраль революциясы езілген халықтарға теңдік алып береді деген үміт ақталмаған шақта, социалистік ұлы революция болды да, ақынңың қоғамдық және әдебиеттік қызметінің жаңа дәуірі басталды. Ол Ақмола қаласында совет үкіметін орнатысып, Совет президиумының мүшесі, Халың ағарту комиссары болады. Қазақстандағы түңғыш революцияшыл «Тіршілік» газетін шығарысады. 1918 жылдың басында Коммунист партиясының қатарына кіріп, өзінің тағдырын, творчестволық өмірін революция тағдырымен берік ұштастырады.
Октябрьдің әрі солдаты, әрі жыршысы болу сирек кездесетін бақыт. Сондықтан ол ең революцияшыл жүмыскер табына арнаған толғауында:
Қызыл тудың
Сабын бірге сүйгенмін,
Жалын отқа
Бірге пісіп куйгенмін.
Сертті күнде
Қанды түнде
Қызыл туға
Жанды бірге түйгенмін, -
деп жар салуына толық еркі бар еді. Қалада ашылған мектептер мен курстарда оқытушы, газеттің редакторы, Советтің комиссары, «Жас қазақ» ұйымының бастығы, жиналыс, митиңгілерде баяндамашы, ойын-сауық үйірмелерінің жетекшісі, ақыны, әншісі, артисі ретінде С. Сейфуллинщң ат-қарған орасан мол әлеуметтік жүмыстары ақынды жаңа творчестволық еңбекке рухтандырып отырган. Сәкен Ақмолаға қарасты қалың елмен, Қазақстанның басқа алып түкпірлеріндегі революцияшыл топтарымен, орыс, қазақ, татардың күрескерлерімен тығыз байланыс жасай отырып, жігерлі қоғамдық жүмыс жүргізеді. Көп оқиды, көп жазады. Сөйтіп күрес үстінде өсіп, шыңдала түселі.
Бұл кезеңде Сәкеннің творчестволық жұмысы еш бәсеңдемеген, Қайнаған қызу өмір оның ақындық жан дүниесін билеп, жаңа шығармалар бірінен соң бірі туып жатқан. Революция дәуірінің ақын шабытын қанаттандырғаны сондай, ол:
Дүниеге жайып қүшаңты, Күштерім құлаш сермеген. Шаттанған жалын өлеңді, Айтпауға ерік бермеген, деп өзінің еркін билеген ақындық құдіреттің алдына бас иген. Шабытты көңілден туған сөз шынайы ақындық сезімі. Мұнда жасанды әсірелеу де жоқ. Күрестің өзінен, ақын жанының тебіренуінен туған сафенер туындысы. «Асығып тез аттандық», «Тергеген болсаң айтайын», «Қырда», «Кел жігіттер», «Акша қар» сияқты ақынның идеялық-көркемдік қалыптасуын танытатын өлеңдері және көптеген мақала, фельетондары, очеркі «Тіршілік» газеті арқылы халык, арасына кең таралады. «Бақыт жолына» атты түңғыш рево-люцияшыл драмасын жазып, қалалық сахнада қояды. Сөйтіп, Октябрь революциясынан кейін Сәкен творчествосында революцияшыл жаңа дәуір басталады. Онын, творчестволық өнері ұлы революцияшыл күрестің өткір қүралына айналады.
Шиеленіскен тап тартысы, азамат соғысы - Сэкеннің өзі қолма-қол араласқан майданы. Осы қатал күрес ақынды қаншалықты идеялық-творчестволық жағынан желпіндіріп, шыңдап кемелдендіре түссе, оның жеке өміріне соншалыкты зор қауіп те тудырып отырды. 1918 жылы июньде контрреволюцияшыл күштер Ақмола қаласында Совет үкіметін уақытша құлатқанда Сәкен бір топ большевиктермен бірге түтқынға алынады. Қол-аяғын кісендеп, жеті айдай Ақмо-ла түрмесінде үстап, Сарыарқаның сары аязында Петропавл қаласына жаяу айдайды. Олар Колчак түрмелері мен атаман Аннековтың азап вагонында ең ауыр қысымдарды басынан кешіреді. Бірақ социалистік революция ісіне жан-тәнімен берілген ақын сол айдауда жүргенде де азаттық үшін күрестен, творчестволық қызметтен бас тартпаған.
Қажыма, ер көңілім, бәрі де өтер, Сан азап бір күлкідей болмай кетер. Қара түн басып тұрса алды-артыңды Жарқырап ататын таң әлі-ақ жетер, -
Деп өзіне, өзінің революционер достарына қайрат-жігер береді. Азаттық таңын аңсаған ақын Колчактың Омбыдағы түтқын лагерінен 1919 жылдың мартында қашып шығып, ажал тырнағынан аман құтылады.
Сибирь даласы мен Сарыарқада пана таба алмай, Бетпақты кесіп өтіп, Совет үкіметі толық орнаган Түркстан еліне жетеді. Міне, осындай қиын-қыстау күндерде де Түркстанның Әулиеата (қазіргі Жамбыл облысы) уезіне қарасты ел ішінде саяси-революциялық, творчестволық қызметін толастатпайды. Бір жағынан, совет заңын іске асырумен шұғылданса, екінші жағынан, «Біздің жақта», «Шөлде», «Жас қазаң марсельезасы», «Қашқынның ауылы», «Тау ішінде» сияңты тамаша лирикалық, эпикалың шығармаларын жазып таратады.
Сәкен 1920 жылдың көктемінде Ақмолаға қайтып келіп, Атқару Комитеті председателінің орынбасары қызметін атқарады. Әлеумет ісіне белсене араласып, елдегі саналы кедейлердің жаңа өмір құруына басшылық етеді.
1920 жылы Қазақ Автономиялы Республикасы құрылғанда С. Сейфуллин Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің президиум мүшесі, Жер-су комиссиясының председателі болып сайланады. 1922 жылы біраз уақыт Халық ағарту комиссарының орынбасары, III советтер съезінде Қазақстан Халың Комиссарлары Советінің председателі болып тағайындалады. Осы жылы Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің мүшесі болып сайланып, бүкілодаңтық съезд, мәжілістерге қатысады. Мұнан кейінгі жылдарында да Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің мүшелігіне әлденеше рет сайланады. Қандай жауапты мемлекеттік істе жүрсе де мәдениет құрылысы оның негізгі қызмет саласы еді. 1922 - 1925 жылдары «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы болды. 1925 жылдан 1937 жылга дейін Қазақстандағы мәдени-ағарту мекемелерінде істеді. Жоғары дәрежелі педагогикалық оқу орындарында оқытушы, әдебиет майданы (қазір-гі «Жұлдыз») журналында редакторлық қызмет атқарды.
С. Сейфуллин - совет дәуіріндегі қазақтың ақын жазушыларының көбіне аға, үстаз. «Еңбекші қазақ» газеті мен «Қызыл Қазақстан» журналының төңірегіне халық ортасынан шыққан жас таланттарды жинап, олардың қаламгерлік өнерінің өсуіне үнемі көмек көрсетіп отырды.
Қазақ совет әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сәбит Мұңановтан бастап, Ғабит Мүсірепов, Жақан Сыздықов, Асқар Тоңмағамбетов, Тайыр Жароков, Әбділда Тәжібаев, Өтебай Тұрманжанов, Сабыр Шәріпов, Шолпан Иманбаева, Қалмақан Әбдіңадыров, Мәжит Дәулетбаев, Жұмағали Саин т. б. көптеген ақын-жазушылардың, ҚазПИ-де оқыған әдебиетші жастардың С. Сейфуллиннен творчество-лың жәрдем алмағандары кемде-кем.
Сәкен Қазақстанның пролетариат шаруа жазушылары ассоциациясына (ҚазАПП) жетекші болып, оның төңірегіне пролетарлың әдеби күштерді топтастыра білді. Әдебиет майданындагы идеологиялык жауларға, ұлтшылдыққа, ескішілдікке қарсы бітімсіз күрес жүргізді. Әсіресе мерзімді баспа-сөзде және жеке кітап болып үздіксіз жарияланған шығармалары Қазақстан мәдениетінің тарихында орасан зор оқиға, қоғамдық күрестің пәрменді қүралы болды.
«Дүниенің қүлдың шынжырын қиратып, әділдік, теңдік іздеген, көкіректері жанып, бақыт іздеген жастар! қыран-дай жер-көкте қанат жайып, дүние шетіне көз жіберген, асау тұлпардай қиырсыз жерге құлаш керіп, бақыт, махаббат іздеген жастар! Сендерге арналды бүл әндер! Күрес үшін, еркін, шаттық еңбек үшін туған, сендер, шақырыңдар арттағы құлдықта жүрген бауырларыңды!» деген романтикалың арнаумен(1922 жылы «Асау тұлпар» жинағы, «Ба-ңыт жолы» мен «Қызыл сұңқарлар» атты революцияшыл драмалары жарияланды.
«Асау тұлпардан» кейін «Домбыра» (1924), «Экспресс» (1926) атты өлең, поэмалар жинағын жариялап, «Көкшетау» поэмасын жазуға кіріседі. Бұл шығармалар өмір шындығын жан-жақты қамтыған реалистік күшімен ғана емес, ақынның новаторлығын барынша айқындай түседі.
1927 жылы «Тар жол, тайғақ кешу» атты мемуарлық романы, «Еңбек шарт -жалшылар қорғаны» деген өлең очеркі, 1928 жылы «Жер қазғандар» повесі мен «Түрмыс толңынында» атты өлең, поэмалар жинағы, 1929 жылы халықтың дастан «Көкшетау», 1932 жылы «Қазақ әдебиеті» (әдебиет тарихы туралы еңбек), 1933 жылы «Альбатрос» (поэма), 1934 жылы «Қызыл ат» (поэма), 1935 жылы «Социалистан» (өлеңдер мен поэма), «Айша» (повесть пен әңгімелер) т. б. кітаптары жарияланды. Сәкеннің бүлардан басқа әркезде газет-журналдарда басылған әңгіме, очерк, мақала, өлеңдері, аяңталмаған повесть, романдары да бар. 1932-1936 жылдары «Біздің түрмыс», «Сол жылдарда» атты повесть, романдары үзінді болып газет-журналдарда, жинақтарда басылған. .
Сәкеннің жинап, құрастыруымен ауыз әдебиетінің көп-теген нүсқалары да жарияланған. «Көкшетау», «Қызыл ту», «Айша» т. б. шығармалары орысшаға аударылган.
Сәкен Қазақстандағы советтік құрушы, мәдениет революциясының ең қиын, түйінді мәселелерінің маркстік-лениндік нысана тұрғысынан дұрыс шешілуіне жігерлі араласқан белсенді қоғам, мәдениет қайраткері, білімпаз сыншы, әдебиет зерттеушісі. Ол қазақтың ауыз әдебиеті мұрасын, ақын-жыршыларының өнерін жинап, зерттеу жұмысымен шұғылданды. Жамбыл сияқты көптеген ақындармен жақын араласып, олардың өлең жырларын жариялады. Ол өзімен замандас совет ақын-жазушыларының: Максим Горь-кий, Демьян Бедный, В. Маяковский, Ф. Гладков, В. Бах-метьев, А. Серафимович шығармаларын оқумен бірге, олар-дың бірталайымен жақын, аралас таныс болған. Сәкен өзінің еңбектеріне В. Бартольд, В. В. Радлов, Г. Н. Потанин, Н. Аристов, А. Левшин, Н. М. Карамзин, И. Э. Фишер, Бе-ляминов-Зернов, А. П. Чулошников, С. Асфендияров, Ә. Диваев, тағы басқаларының кітаптарын, қазақ әдебиеті тарихы туралы зерттеулерін де пайдаланды.
Қазақ әдебиетінде сын жанрының қалыптасуында Сәкеннің сыншылдық, зерттеушілік еңбектерінің маңызы ерекше зор. Оның 1914 жылғы «Манап» драмасы туралы мақаласынан бастап, «Әдебиет және оның багыттары», «Қазақ, көркем әдебиеті туралы», «Әдебиет майданында», «Көшпелі дәуірдегі қазақ әдебиеті күйлерінен», «Әдебиет - тап құралы», «Өрлеу үстінде», «Даулы мәселелер туралы» т. б. мақалалары мен сөйлеген сөздерінде бүгінгі әдебиеттің творчестволық мақсаты мен міндеттеріне, әсіресе, әдебиеттің күрес құралы екендігіне айрықша назар аударып, әдебиет саласындағы ескішілдік, ымырашылдықпен аяусыз күресті. Орыстың классикалық және пролетарлық әдебиетінен үйреніп, өнеге алуға шақырды. Қазақ әдебиеттану ғылымының алғашқы зор қадамы болып есептелетін «Қазақ әдебиеті» атты күрделі ғылми еңбек те С. Сейфуллиннің қаламынан туды1935 жылы орта мектептің бесінші класына арнап «Көркем әдебиет» атты оқулық-хрестоматия жасауы да әдебиет тануға қаланған кірпіш. С. Сейфуллиннің сыншылық, зерттеушілік еңбектерінде пролеткультшілдіктен өрбіген тұрпайы социологиялық көз қарастың салқыны кездесіп қалатыны да беруі. Алайда, оның мақалалары мен сөйлеген сөздерінде, оқулықтарында әдебиет пен өнердің өмірмен тығыз байланыстылығы, поэзиядағы жаңашылдықтың, тіл шеберлігінің негізгі принциптері, жаңа әдебиетті соны творчестволық арнамен өркендету жайында айтқан тапқыр да өткір тұжырымдары, қомақты ойлары қазірде де ескірген жоқ.
Тамаша күрескер ақынның партиялық принципке берік табанды, ізгі адамгершілік касиеті замандастарына да, кейінгі ұрпақ қауымға да үлгі болуда. Сәкен революцияшыл мазмұнды жаңашыл шығармаларымен де, сөйлеген сөзімен де, қоғамдық қызметімен де тұстастарына елеулі ықпал жа-сап отырған. Шындықты айтуға келгенде ол ешкімге бас имес батыл да, қылыштай өткір сыншы да, жалын атқан құдіретті де ақын. Сәкен ізгі адамшылық қасиетке жат екі жүзді құбылмалы қылықтармен, жем іздеген тауықтай жаяама «достықпен», көз бояушылықпен батыл күрес жүргізді.
Отызыншы жылдардың орта кезі Сәкеннің үлкен бір творчестволық жұмыспен шұғылданған, әдебиеттің күрделі жанрларында жаңа шығармалар жазуға бет бұрған шабытты дәуірі еді. Орыс классиктерінің шығармаларын аудару, игеру ісімен де, Қазақстан жазушыларының ынтымағын, Совет Одағындағы көрнекті жазушылармен байланысын нығайту істерімен де шұғылданады.
Осыншама ерен еңбек еткен ұлы дарынның әдеби қызметінің 20 жылдығы 1936 жылы тойланды. Совет әдебиетін өркендетудегі еңбегі жоғары бағаланып, «Еңбек қызыл ту» орденімен наградталды. Творчестволық кемеліне келіп, өз заманының шындығын өндіре жазып келе жатқан шағын да С. Сейфуллин 1937 жылы жалған жалаға тап болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz