Халықаралық терроризммен күрестің құқықтық негіздері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕСТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ.7
1.1. Халықаралық терроризмнің түсінігі және пайда болу негіздері ... ..7
1.2. Халықаралық терроризммен күрестің құқықтық негіздері ... ... ... ..13
1.3. Терроризммен күрестiң халықаралық. құқықтық механизмдерi ... .23

II. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕС ЖОЛЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ ЫҚПАЛДАСТЫҚ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
2.1. Халықаралық терроризммен күрес жолындағы мемлекетаралық ықпалдастық нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
2.2.Банктер мен өзге де несие ұйымдарының халықаралық терроризмдi қаржыландыруын қадағалаудың Қазақстандағы тәжiрибесi ... ... ... ... ... 34
2.3. Орта Азияда және Қазақстанда халықаралық терроризммен күрес ... ..42

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .61
Халықаралық террроризммен күрес мәселесi бүгiнде әлемдегi ең өзiктiде өткiр проблемалардың бiрi болып табылады. Сондықтанда бұл келеңсiз құбылыстың пайда болу негiздерi мен оны болдырмауға немесе алдын алу және терроризммен ұтымды күрес жүргiзу құқықтық механизмдерiн қарастыру мақсатында халықаралық деңгейде үнемi iзденiс, iс шаралар ұйымдастырылып отыру қажет. Сол себептен де халықарылық терроризммен күрестiң құқықтық теориялық негiздерiн саралау, әрине, отандық зерттеушiлер үшiн өзектi, әрi тың тақырыптардың бiрi болып табылады. Жалпы соңғы он жылда белсендi зерттеле бастады. Алайда бұл тақырыптың құқықтық – теориялық аспектiлерi аз зерттелген осы тұрғыдан алғанда бiздердiң дипломдық жұмысымыздың тақырыбына арқау болып отырған халықаралық терроризммен күрес мәселесi өзiнiң өзектiлiгiн айқын аңғартады.
Бүгiнде Қазақстан өз дамуының жаңа тарихи кезеңiнде тұрып, дербес мемлекет ретiнде өзiнiң, тәуелсiздiгi, жер аумағының тұтастығын, ұлттық қауiпсiздiгiн қорғауға бағытталған үлкен iс шаралар ұйымдастырды, соның бiрi халықаралық терроризммен күресу, оның алдын алуды реттеуге арналған заңдар қабылдап үлгердi, алайда сол елiмiздiң тәуелсiздiгiнiң алғашқы жылдарында қабылданған заңдар, әрине, бүгiн өзiнiң мазмұндық сапасы бойынша жаңа заман талабына толық жауап бере алады деп айтуға болмайды. Сондықтанда халықаралық терроризммен күрестiң құқықтық негiздерiне жаңаша, қайта құқықтық – теориялық сараптау жасаудың объективтi қажеттiлiгi туындап отыр.
Нормативтiк-құқықтық актiлер

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 ж.
2. Қазақстан Республика 26 ақпан 2005 ж. қабылданған заң “Эстремизмге қарсы күрес іс—қимылдары”.
3. Қазақстан Республикасының “Ұлттық қауіпсіздігі туралы” Заңы 26 маусым 1998 ж.
4. “Терроризмнiң алдын алу және оны болдырмау” Женева конвенциясы 1937 ж.
5. “Терроризм актiлерiнiң алдын алу және оларды жасағаны үшiн жазалар туралы” Америка конвенциясы 1971 ж.
6.“Терроризммен күрес туралы” Европалық конвенция 1976 ж.
1978 жылы 4 тамызда терроризммен күресу бойынша аумақтық Конвенция
7.Оңтүстiк Азияның аумақтық ынтымақтастық Ассоциясы мақұлдаған “Терроризмнiң алдын туралы” Конвенция бiрiккен Араб мемлекеттерiнiң 1987 ж.
8. “Халықаралық сипатта болатын тұлғаларға қарсы қылмыс нысанындағы және қорқытып талап етушiлiкпен байланасты, терроризм актiлерiнiң алдын алу және оларды жасағаны үшiн жазалар туралы” Конвенция 1991 ж.
9.Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Герман Федерациялық Республикасының Үкiметi арасында “Ұйымдасқан қылмыспен,терроризммен және қылмыстардың басқа да қауiптi түрлерiмен күресудегi ынтымақтастық туралы” 1995 ж. 10 сәуiрде келiсiм бекiтiлдi
10. БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында “Мемлекеттiк терроризм саясатына және басқа тәуелсiз мемлекеттердегi қоғамдық саяси құрылымда бұзуға бағытталған мемлекеттердiң кез келген әрекеттерiне жол бермеу туралы” 1984 ж. қарар қабылданды
11. БҰҰ-ның 1994 ж. “Халықаралық терроризмдi жоюдың әдiстерi туралы” декларациясы
12. Международная конвенция о борьбе с финансированием терроризма принята резолюцией 54/109 Генеральной Ассамблей ООН от 9 декабря 1999 года.
13.2000 жылы 21 сәуірде қабылданған “Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәджікістан Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы терроризм, саяси және діни экстремизммен, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылықпен және Тараптардың басқа да қауіпсіздің және тұрақтылық қауіп қатерлерімен күресу бойынша бірлескен әрекеттер туралы келісім шарт”.
14. 2003 жылы 24 ақпанда Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткен “Терроримзді қаржыландырумен күрес бойынша Халықаралық конвенция”.
Жеке зерттеулер
1.Абишева А.К. Правовые вопросы борьбы с международным терроризмом.// Халықаралық ғылыми –тәжiрибелiк конференция материалдары. ҚазГЗУ Алматы заң академиясы. 2006.
2.Аушарин Г. Контроль за деятельностью банков и кредитных организаций в целях противодействия финансирования международного терроризма в Республике Казахстан и иммунитет государства.// Научно – практические конференции по экономико – правовой тематике. Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева. Астана: данекер, 2004.
3. Құлжабаева Ж.О. 11 –тарау. Халықаралық қылмыстық құқық. Халықаралық жария құқық. Жалпы және ерекше бөлiмдер. –Алматы: “HAS” баспа компаниясы, 2003.
4.Кулжабаева Ж.О. Правовые формы сотрудничества государств в борьбе с международным терроризмом // “Право и государство”, № 3, 2000.
5.Қабаева Ж.Н. Қазақстан Республикасындағы экстремизмнiң алдын алу мәселелерi және қазiргi жағдайы // “Әдiлеттiң ғылыми еңбектерi” №1 (19-а) 2006.
6.Қайыржанов Е.І., а. заң. ғыл. док. проф. Жұмағалиев А.Қ. з.ғ. кан. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері. Оқулық./Құраст. Е,Баянов. Алматы. 2003.
7.Канафин Д.К. Материалы научно-практической конференции. “Право и государство” №3.2000.
8.Кайдаров Р.Е. Терроризм: причины возникновения, разрастания и меры противодействия // “Право и государство”, № 3, 2000.
9.Косиченко А.Г., Ашимбаев М.С. гл.2. Международно-правовые механизмы борьбы с терроризмом.// Современный терроризм: взгляд из Центральной Азии. Алматы: Дайк-Пресс, 2002.
10.Ляхов Е.Г. Проблемы сотрудничества государств в борьб с международным терроримом. М., 1979.
11.Мейрқұлова. Террористiк ұйымдардың жалпы сипаттамасы.// Жас ғаламдардың халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конференциясының материалдары.-Астана, 2006.
12.Международно – правовые механизмы борьбы с терроризмом. Под ред. Косиченко А.Г., Ашимбаев М.С. и др. –Алматы: Дайк – Пресс, 2002.
13.Маханова Қ.А. 15-тарау. Қылмыстылықпен күресудегi мемлекеттердiң ынтымақтастығы. Халықаралық құқық. Дәрiстер курсы. –Алматы. ҚазГЗУ, 2003.
14.Муканов С. Некоторые аспекты классификации террористической деятельности // “Право и государство”, № 3, 2000.
15. Назарбаев Н.Ә. “Сындарлы он жыл” - Алматы: Атамура, 2003.
15.Накипова А.Ш. Об особенностях фиксации информации о готовящемся акте терроризма // Д.А. Қонаев атындағы университет хабаршысы. №1(18) 2006.
16.Некоторые рекомендации по переговорам с террористами по телефону // Борьба с преступностью за рубежом. 1994. №7.
17.Основные направления внутренней и внешней политики на 2004 год. Послание Президента народу Казахстана. – Астана, 4 апреля 2003 г. // Огни Алатау. 2003. 8 апреля.
18.Распространение экстремизма и терроризма в Центральной Азии и Казахстана. Под ред. Косиченко А.Г., Ашимбаев М.С. и др. –Алматы: Дайк – Пресс, 2002.
19.Тоқсанбаев А.Б. Интерпол “Международный терроризм- Алматы, 2004.
20.Терроризм в системе международных отношений. Под ред. Косиченко А.Г., Ашимбаев М.С. и др. –Алматы: Дайк – Пресс, 2002.
21.Федосенко В.В. Некоторые вопросы международно-правового опыта борьбы с финансированием терроризма // Халықаралық ғылыми –практикалық конференцияның материалдары. ҚазГЗУ Алматы заң академиясы. 2007.
22.Шерматова С. Исламский фактор в руках полтических элит// Ислам на постсовестком пространсте: взгляд изнутри.-М.: Арт-Бизнес-Центр, 2001.



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕСТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ.7
1.1. Халықаралық терроризмнің түсінігі және пайда болу негіздері ... ..7
1.2. Халықаралық терроризммен күрестің құқықтық негіздері ... ... ... ..13
1.3. Терроризммен күрестiң халықаралық- құқықтық механизмдерi ... .23

I. II. Халықаралық терроризмМен күрес жолындағы мемлекетаралық ықпалдастық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
2.1. Халықаралық терроризммен күрес жолындағы мемлекетаралық ықпалдастық нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
2.2.Банктер мен өзге де несие ұйымдарының халықаралық терроризмдi қаржыландыруын қадағалаудың Қазақстандағы тәжiрибесi ... ... ... ... ... 34
2.3. Орта Азияда және Қазақстанда халықаралық терроризммен күрес ... ..42

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 58
Пайдаланылған Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .61

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектiлiгi. Халықаралық террроризммен күрес мәселесi бүгiнде әлемдегi ең өзiктiде өткiр проблемалардың бiрi болып табылады. Сондықтанда бұл келеңсiз құбылыстың пайда болу негiздерi мен оны болдырмауға немесе алдын алу және терроризммен ұтымды күрес жүргiзу құқықтық механизмдерiн қарастыру мақсатында халықаралық деңгейде үнемi iзденiс, iс шаралар ұйымдастырылып отыру қажет. Сол себептен де халықарылық терроризммен күрестiң құқықтық теориялық негiздерiн саралау, әрине, отандық зерттеушiлер үшiн өзектi, әрi тың тақырыптардың бiрi болып табылады. Жалпы соңғы он жылда белсендi зерттеле бастады. Алайда бұл тақырыптың құқықтық – теориялық аспектiлерi аз зерттелген осы тұрғыдан алғанда бiздердiң дипломдық жұмысымыздың тақырыбына арқау болып отырған халықаралық терроризммен күрес мәселесi өзiнiң өзектiлiгiн айқын аңғартады.
Бүгiнде Қазақстан өз дамуының жаңа тарихи кезеңiнде тұрып, дербес мемлекет ретiнде өзiнiң, тәуелсiздiгi, жер аумағының тұтастығын, ұлттық қауiпсiздiгiн қорғауға бағытталған үлкен iс шаралар ұйымдастырды, соның бiрi халықаралық терроризммен күресу, оның алдын алуды реттеуге арналған заңдар қабылдап үлгердi, алайда сол елiмiздiң тәуелсiздiгiнiң алғашқы жылдарында қабылданған заңдар, әрине, бүгiн өзiнiң мазмұндық сапасы бойынша жаңа заман талабына толық жауап бере алады деп айтуға болмайды. Сондықтанда халықаралық терроризммен күрестiң құқықтық негiздерiне жаңаша, қайта құқықтық – теориялық сараптау жасаудың объективтi қажеттiлiгi туындап отыр.
Ал мұндай мақсаттарды жүзеге асыру, әрине, халықаралық терроризммен күрес мәселесiнiң құқықтық негiздерiнiң әрi ұтымды, әрi реттеудiң әлемдiк деңгейдегi озық үлгi, әдiс- тәсiлдер мен жаңа прогрессивтiк жолдарын қарастыруды қажет етерi сөзсiз. Бұл бағытта, егемен ел, әлем таныған дербес мемлекет ретiнде Қазақстан Республикасы терроризм мен экстремизiмге қарсы заңнама негiздерi мен теориясы мейiлiнше, жедел қайта қарастырудың маңызы зор деп бiлемiз.
Бүгiнде халықаралық терроризммен күрес мәселесi тек ұлттық заңнама шеңберiнде ғана қалып қоймай сондай-ақ халықаралық құқықтық өлшем сипатына ие болып отыр және де бұл сала бойынша жаңа заман талаптарына сай жеткiлiктi теориялық және құқықтық негiздер қалыптастыруға мүмкiндiгiнше тиiмдi ат салысу қажет.
Тақырыптың зерттелу деңгейi. Халықаралық терроризммен күрестiң құқықтық негiздерi жалпы әлемдiк деңгейдегi ең ауқымды әрi күрделi, өткiр де өзектi проблемаларының бiрiне деп жоғарыда отап өттiк. Өкiнiшке орай, соған қарамастан, Қазақстан Республикасында халықаралық терроризммен күрестiң құқықтық негiздерi құқықтық - теориялық тұрғыдан кешендi түрде әлi күнге дейiн толыққанда зерттелген емес, сол себептенде бұл сала бойынша арнайы монографиялық еңбектер мен диссертациялық еңбектер мен диссертациялық зерттеулер жоқ. Қарастырып отырған халықаралық терроризммен күрестiң құқықтық негiздерiне қатысты қазақша материалдардың тапшылығына қарамастан бiздер осы мәселеге қатысты құқықтық - теориялық зерттеудi жүзеге асыруға ұмтылыс жасап отырмыз.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен мiндеттерi. Халықаралық терроризммен күреске қатысты теориялық зерттеудiң басты мақсаты болып жалпы терроризм ұғымын, белгiлерiн және оның құқықтық теориялық негiздерiн саралау арқылы бұл қылмыстық құбылыстың мәнiн ашып көрсету болып табылады.
Осы мақсаттарға қол жеткiзу үшiн төмендегiдей мiндеттер белгiленедi:
Халықаралық терроризмнiң түсiнiгiн, пайда болу негiздерiн, жалпы терроризммен күрестiң отандық және халықаралық құқықтық негiздерiн, терроризммен күресудiң халықаралық құқықтық негiздерiн саралау және де осы бағыттағы мемлекетаралық ықпалдастық мәселелерiн қарастыру, осы мәселеге қатысты өзге де өзектi құқықтық, теориялық және тәжiрибелiк мәселелердi зерттеу, оларға талдау жасау, қорыту және елiмiздегi қолданыстағы кейбiр қылмыстық заңдардың сапалық мазмұнын саралау арқылы оларда орын алған жетiспеушiлiктердi анықтап, зерттеу нәтижесiнде қол жеткiзiлген құқықтық, теориялық тұжырымдарды негiздеу және терроризммен күрестiң құқықтық негiзi болып табылатын арнайы сиппатағы ұлттық заңдар мазмұнын жетiлдiруге бағытталған тәжiрибелiк ұсыныстар жасау т.б. мәселелердi қарастыру.
Зерттеудiң әдiстемелiк негiздерi: Дипломдық жұмыстың әдiстемелiк негiзiн жалпы ғылыми диалектикалық танымдық әдiстерiмен қатар, арнайы логикалық, нақты тарихи, салыстырмалы-құқықтық талдау, әлеуметтiк зерттеу сияқты әдiстерi құрайды. Зерттеудiң теориялық негiзiн отандық және шетелдiк заңгер ғалымдардың теориялық және тәжiрибелiк мәнi бар ғылыми еңбектерi қалайды.
Зерттеу нәтижесiнде мынандай негiзгi тұжырымдар жасалды:
-Террироризм әлемдiк деңгейдегi әлi жеңiп болмаған қоғамға аса қауiптi қылмыстың жаңа бiр түрi болып табылады;
-Терроризммен күрес мәселесi тек жекелеген мемлекеттердiң iшкi проблемасы ретiнде қарастырылмау тиiс, сондықтанда оған әлемнiң барлық мемлекеттерi бiрлесе отсалысып халықаралық терроризммен күреске үнемi халықаралық ұйымдар ықпалдастық жасап отыру қажете;
- Терроризммен күрестiң құқықтық негiзi болып табылатын ұлттық қылмыстық заңнамалар халықаралық терроризммен күресуге бағытталған халықаралық құқық нормаларына қайшы келмеуi тиiс;
-Жекелеген мемлекеттердiң терроризммен күрес жолындағы қол жеткiзген ең үздiк ұтымда күрес, айла тәсiлдерi әлемдiк дәрежеде жедел және кең қолданыс табуы тиiс;
-Терроризмнiң пайда болуына негiз болатын мемлекетаралық жанжалдар мен қауiптi қақтығыстардың алдын алып оларды болдырмауға халықаралық деңгейдегi iс шаралар ұйымдастырлуы қажет деп бiлемiз.
Зерттеу жұмысының құрылымы және көлемi. Дипломдық жұмыс көлемi 60 беттен тұрады. Құрылымы жағынан жұмыс кiрiспеден, екi бөлiмнен және алты бөлiмшеден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.



I. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕСТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Халықаралық терроризмнің түсінігі және пайда болу негіздері

Терроризм латынның “terror” — қорқыныш деген сөзінен шыққан. Дипломатиялық сөздікте халықаралық терроризмге мынадай анықтама берген: "Адамдардың орынсыз өліміне әкеп соғатын, мемлекеттер мен олардың өкілдерінің қалыпты дипломатиялық қызметін бұзатын және халықаралық байланыстардың, кездесулердің, сондай-ақ, мемлекеттер арасындағы көлік байланыстарының жүзеге асуын қиындататын халықаралық көлемдегі қоғамға қауіпті әрекет"1.
Терроризм — қазіргі дәуірдегі ең қауіпті халықаралық қылмыс түрі болып табылады. Мұндай қылмыстар көп жағдайларда ұлттық шектен шығып халықаралық сипат алуда. Террорлық әрекеттер әр түрлі болуы мүмкін, бірақ оның бәрін біріктірген екі түрлі элемент бар. Оның біріншісі терроризм — мемлекеттік өкімет билігін күйретуге бағытталған; екіншісі — терроризмді жүзеге асыру арқылы яғни террористердің ұйымдасқан, қатыгездік әрекеттері арқылы тұрғындарға үрей, қорқыныш, қорғансыздық. сезімін туғызу болып табылады
Әлемдегі барлық мемлекеттер терроризм, ақша белгілерін қолдан жасау, әуе кемелерін басып алу және айдап кету, есірткі және психотропты заттардың заңсыз айналымы, қарақшылық және басқа халықаралық сипаттағы қылмыс түрлерімен күресуде ынтымақтастықты белсенді түрде жүзеге асыруға бірлесіп мүдделілік танытуда.
Халықаралық терроризм халықаралық қылмыстардың ауыр түрлерінің біріне жатады. Қылмыстың бұл түрімен күрес 1937 ж. басталды. Осы жылы "Терроризмнің алдын алу және оны болдырмау" Женева конвенциясы қабылданды. Бұл конвенцияда террористік деп танылған және жазалануға жататын әрекеттердің тізімі көрсетілді. Аталған конвенция күшіне енбесе де, ол терроризммен күресуге бағытталған кейінгі конвенциялардың қабылдануына негіз болды.
Халықаралық терроризм актілеріне (әрекеттеріне) шетелдік мемлекет және үкімет басшыларын, дипломаттарды және халықаралық қорғаудағы басқа да тұлғаларды өлтіру, дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың штаб-пәтерлерін жару, жоғарыда аталған тұлғалардың үй-жайлары мен көлік құралдарына шабуыл жасау, қоғамдық орындардағы, аэропорттардағы, вокзалдардағы, көшелердегі және т.б. диверсиялар.
Бұл қылмыс түрінің субъектілеріне жеке тұлғалар да, террористік ұйымдар да жатады2.
Қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру мемлекеттік органдарды, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешімдер қабылдауына ықпал ету мақсатында адамның өміріне қастандық жасау, сондай-ақ дәл сол мақсатта оның мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өміріне қастандық жасау осы халықаралық қылмыс құрамынан аса ауырлататын түрі болып табылады. Бұл тұрғыдағы халықаралық қылмысты іс-әрекеттердің жәбірленушілері белгілі бір шешім қабылдауға ықпал ететін адамдар немесе мемлекет, қоғам қайраткерлері болады. Адамның, белгілі бір шешім қабылдауға ықпалының болған болмағаны нақты жағдайларға байланысты анықталады.
Жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттерді істегенге дейін тиісті органдарға хабарлап, көрсетілген зардаптардың қаупін болғызбауды тиятын, сөйтіп мемлекеттік өкімет органдарына терроризм актісі бойынша төнген қауіпті тойтаруға нақты мүмкіндік алуға мүмкіндік беретін әрекеттерді істегендерді мемлекеттік органдарға дер кезінде ескерту жасаған адам деп білеміз. Басқа жолмен терроризм актісінің жүзеге асырылуын болдырмауға жәрдемдесуге адамның өзінің жарылысты, өртті, қылмыскерлердің қару-жарақты, не мүлікті өз бетімен басып алуын тойтаратын әрекеттері жатады.
Осыларды істеген адамның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы (мысалы қаруды, жарылғыш заттарды, жарылғыш құрылымдарды заңсыз сақтау, өткізу, алу, оларды ұрлау т.б.) болмаса, ол терроризм үшін халықаралық қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру, сондай-ақ, көрсетілген мазмұндағы материалдарды таратқандық үшін жеке халықаралық қылмыстық жауаптылық көзделген.
Терроризмді насихаттау деп ауызша, жазбаша немесе басқа да тәсілдермен көпшілік арасында осындай іс-әрекеттерді істеу үшін жүргізілген әр түрлі ұйымдастырушылық қызметтерді айтамыз.
Жария тұрыс шақыру деп ашық түрде көпшілік алдында терроризм актісін жасауға бағытталған тікелей-әрекеттерді айтамыз.
Материалдарды тарату деп бөтен адамдарға жазбаша түрде жазылған терроризмді насихаттайтын немесе сол терроризм актісін жасауға итермелейтін мазмұнда жазылған мәтіндерді үлестіруді айтамыз.
Террористік ұйымға террористік іс-әрекетті жүзеге асыру мақсатында құрылған немесе өзінің іс-әрекетінде терроризмді пайдалану мүмкіндігін мойындайтын ұйым, сондай-ақ осы ұйымның басқарушы органдарының бірінің келісімімен оның құрылымдық бөлімшелерінің бірі террористік іс-әрекетті жүзеге асыратыны болса онда оларда террористік ұйым деп танылады.
Ал осы топқа басшылық ету деп, террористік топты құрған, оған адамдар тартқан, осы топтың қызметін тікелей ұйымдастырған іс-әрекеттерді айтамыз.
Террорлық акт - жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті зардаптар туындау қаупін төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер ондай іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ адам өміріне дәл сол мақсаттарда қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өміріне оның мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында қастандық жасау болып табылады.
Терроризм актісін дайындауға қатысқан адам, егер ол мемлекеттік органдарды дер кезінде ескертуімен немесе басқа жолмен терроризм актісінің жүзеге асырылуын болдырмауға жәрдемдессе және егер ол адамның іс- әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, халықаралық қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Заң террорлық әрекетке-адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін төндіретін жарылыс жасауды, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер жасауды, егер осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік органдарының шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасап, сондай-ақ, аталған іс-әрекеттерді дәл сол мақсатта жасаумен қорқытуды іске асыру деген анықтама береді.
Заң тұрғысынан алғандағы мағынасына сәйкес терроризмді адамдар көбірек шоғырланатын құнды мүліктер сақталатын жерлерде жүзеге асырылатын немесе ең бастапқыда-ақ белгілі бір маңыздылығы бар ғимаратты не құрылысты жоюға бағытталған жарылыс жасау, өртеп жіберу немесе басқа, адамдардың қаза болуы не елеулі мүліктік зиян келтіру қаупін немесе өзге де қоғамдық қауіпті салдардың орын алуын тудыратын басқа да әрекеттер осы қылмысты жасау тәсілдері болып табылады ( гранатамен ататын немесе дәрімен ататын қарудың басқа түрлерінен ату, электрмен, сумен не газбен жабдықтаушы жүйелерді істен шығару, т.б).
Көрсетілген әрекеттерді жасаумен қорқыту деп аталған пиғылдың шын екендігін оны дәлелдейтін әрекеттер жасау арқылы (жарылғыш заттар алу, жарылғыш қондырғыларды орнату, т.б) қуаттай отырып, террорлық әрекет жасау жөнінде тікелей айтуды түсінеміз. Адамдардың қаза болу, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың орын алу қауіптілігін төндіру терроризмнің міндетті белгісі болып табылады.
Қоғамға қауіпті басқа зардаптардың қатарына мыналарды жатқызуға болады, тұрғын үйлер, өндірістік немесе басқа ғимараттар мен құрылыстар орналасқан төңіректің үлкен жерлерін су басуы, апат, катастрофа, апат, аймақтың химиялық немесе радиоктивті заттармен ластануы, т.б.
Терроризм адамдардың қаза болуына, елеулі зиян келуіне немесе қоғамға қауіпті басқа зардаптардың орын алуына шынайы қауіп төндіретін жарылыс, өртеу не басқа әрекеттердің жасалу сәтінен бастап аяқталған халықаралық қылмыс ретінде танылады. Терроризмді аяқталған қылмыс ретінде тану үшін өлімнің не басқа зиянды зардаптардың міндетті түрде орын алуы талап етілмейді.
Тұлға адамдардың қаза болу, елеулі мүліктік зиян келтіру немесе қоғамға қауіпті басқа зардаптар орын алатындай қауіп төндіруші жарылыс, өртеу не басқа әрекет жасайтындығын немесе осындай әрекеттермен қорқытатындығын түсініп біледі және нақ сол әрекеттерді жасауды тілейді.
Терроризмнің мақсаты, яғни қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету- оның негізгі белгісі болып табылады.
Қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, сол сияқты халықты қорқыту мақсаттары тұлғаның қоғамды дүрбелең күйге ұшыратуға, қалың көпшілікті өздерінің өмірі, денсаулығы, мүлкінің сақталуы үшін үрейлендіруге ұмтылумен сипатталады.
Ал, мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсаты айыптының бұл органдарды терроршылар үшін тиімді, бірақ заңсыз әрі тиімсіз әрекеттер жасауға не шешімдер қабылдауға мәжбүр қылатындай ниетінің болуымен байланысты.
Қазіргі кезде терроризм деген ұғым мен ислам дінін жиі байланыстырып қарастырады, алайда шын мәнінде, исламның өз басында ешқандай агрессияшылдық жоқ, әрине терроризмнің көрініс табуына тағы бір себеп саяси радикализм болуыда мүмкін. Қоғамдық көңіл күйдің радикалдауының кез-келген түрі белгілі бір топтардың мақсатын жүзеге асырудағы әдістерімен тәсілдерінің радикалдануына әсер етеді3.
Сонымен халықаралық терроризм проблемасы бүгінгі таңға дейін әрбір мемлекеттің ішкі ісі деп саналмайды. Бірақ ұлттық қылмыстылықпен күресу жағдайы қазіргі уақытта жекелеген мемлекеттерге ғана емес, бүкіл адамзатқа қауіп төндіретін қылмыстардың өсуімен күрделеніп, мемлекеттердің бірлесіп күресуін және күнделікті өзара ынтымақтасуын талап етеді. Мұндай ынтымақтасуды бірқатар факторлар қажет етеді.
Халықаралық қылмыстылықтың тұрақты өсуі, ол халықаралық терроризм.


1.2. Халықаралық терроризммен күрестің құқықтық негіздері

Халықаралык терроризм проблемаларына байланысты мәселелерді талқылауға БҰҰ-ның басты органдары мен қосалқы органдары және арнайы құрылған органдары (аd hoc) тартылады. Мысалы, 1979-1980 жж. БҰҰ Халықаралық Соты Ирандағы кепілге алынған американдықтардың ісін қарады; 1986 ж. сот Никарагуаның АҚШ-қа қойған Никарагуаның аумақтық суларын АҚШ-тың миналауы туралы талап-арызы бойынша шешім қабылдады. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі басқыншылық барысындағы халықаралық терроризм актілеріне байланысты мемлекеттердің шағымдарын қарады, мысалы Израильдің Ливанға қарсы (70—80-жж.), АҚШ-тың Гренадаға қарсы (1983 ж.) шағымдары. Қарастырылып отырған мәселеде БҰҰ Бас Ассамблеясының негізгі қарары ретінде 1972 ж. 18 желтоқсанда 27-сессияда қабылданған қарарды айтуға болады, ол БҰҰ мүше мемлекеттерінің халықаралық терроризм проблемасына қатынастарын айқындап берді және оны қарау үшін халықаралық терроризм жөніндегі Арнайы Комитетке мандат берді. Террористік актілердің, әсіресе дипломаттарға қатысты, кең қанат жаюы мемлекеттерді 1973 ж. "Халықаралық қорғауы бар тұлғаларға, соның ішінде дипломатиялық агенттерге қарсы қылмыстарды тоқтату мен жазалау туралы" конвенция қабылдауға итермеледі4.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 1987 ж. 7 желтоқсандағы және 1989 жылдың 4 желтоқсандағы қарарлардың да маңызы аса зор. Оларда БҰҰ аясында және басқа да халықаралық ұйымдар жанынан халықаралық терроризм проблемалары жөніндегі арнайы органдар мен орталықтарды құру туралы мәселе қойылған болатын. Сонымен қатар, осындай проблемаларды шешуде БҰҰ-ның қосалқы органдары белсенділік танытты, оның ішінде, Қылмыстылықтың алдын алу және құқық бұзушылармен қатысу жөніндегі БҰҰ Комитеті.
Халықаралық терроризммен күресудегі ынтымақтастыққа халықаралық қылмыстық полиция ұйымы - Интерпол да өз ықпалын тигізіп келеді және тигізуде. Интерполдың халықаралық терроризммен күрестегі қызметінің негізгі бағыттарына ақпараттар алмасу және осы құбылысқа деген ұйымның қатынасын, оның шешу жолдарын айқындайтын саяси-заңдық негізін жасау болып табылады. Интерпол қызметіне ұйымдасқан қылмыс пен есірткі заттарының заңсыз айналымы шеңберінде жасалатын қылмыстарға байланысты терроризм мәселелерін шешу де кіреді.
Халықаралық терроризмді бұлтартпау шаралары туралы мәселелерді шешуге бағытталған мемлекеттердің кез келген әрекеттері халықаралық ынтымақтастық заңдарына негізделуі тиіс, ол өз кезегінде халықаралық құқықтың: мемлекеттердің дербес теңдігі, ішкі істерге мемлекеттердің қол сұқпауы, бейбітшілікті қолдау және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты қағидаларының негізінде жүзеге асырылуы керек.
Халықаралық терроризммен күрес мәселелері жөніндегі халықаралық келісімдерді саралағанда террористердің жиі кездесетін әрекеттерін айқындауға мүмкіндік туды:
- елшілік, миссиялар, халықаралық ұйымның өкілдігі немесе штаб-пәтерлерінің ғимараттарын жару;
- мүліктерді бұзуға немесе құртуға және адамдарға дене жарақаттарын салу немесе өлтіруге байланысты көшелердегі, әуе-жай, вокзал, мәдени орталықтар, өндірістік ғимараттар, сауда және кәсіби қызметпен айналысатын орындардағы бүлдіру актілері;
- жолданған заттар, бандерольдар, хаттар және басқа да пошталық жолдаулар ішіне салынған жарылғыш құрылғыларды қасақана қолдану;
- қоғамдық ғимараттарға қарсы бағытталған кез келген бүлдіру актілері;
- халықаралық терроризм актілерін жасау мақсатында және оған кез келген нысанда қатысуға астыртын сөз байласу және басқалары.
Халықаралық террористік актілерге (халықаралық терроризм нысандарына) мыналарды жатқызады: адамдарды кепілге алу, азаматтық авиацияға қарсы бағытталған актілер, қарақшылық (теңіздегі терроризм), сондай-ақ заңсыз басқыншылық және ядролық материал қолдану. Олардың ерекше халықаралық қауіптілігіне, кең таралғандығына және жасалу нысандарының әр түрлілігіне байланысты мемлекеттер олармен күрес жолында арнайы Конвенциялар қабылдап, оларды халықаралық сипаттағы жеке қылмыстар деп бөледі.
Халықаралық заңдылық пен құқықтық тәртіптің нормативті-құқықтық негіздерінің ережелерін дұрыс және тиімді имплементациялау - құзыретті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, халықаралық қатынастың барлық қатысушыларының қызметіне қойылатын негізгі талаптардың бірі. Егер жалпы қылмыстық істермен күресте ең алдымен ішкі мемлекеттік құқық нормалары ішінара, халықаралық құқық нормалары негізінде әрекет ететін құқық қорғау органдары (полиция, сот органдары, прокуратура және басқалары) және кейбір ведомствоаралық ұйымдар (Интерпол) әрекет етсе, халықаралық қылмыспен күресте аталған органдар мен ұйымдардан басқа, халықаралық құқық және конституциялық сыртқы саяси қағидалар негізінде, қажетті жағдайларда нормалар негізінде әрекет ететін сыртқы қатынас органдары, халықаралық, үкіметаралық ұйымдар қатысады.
Халықаралық терроризммен күрес жөніндегі келісімдердің тиімділігінің артуын қандай да бір елдің ішкі мемлекеттік заңнамадағы олардың ережелерінің бекітілуінен, яғни трансформациялануынан байқауға болады.
Қазақстан Республикасы халықаралық терроризммен күресуде басқа мемлекеттермен белсенді ынтымақтасуда. Қазақстан Республикасының 1995 ж. Конституциясында, оның ішінде 1-баптың 1-тармағында: "1. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы -адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары" - деп жарияланған. Соған орай, адам мемлекеттің ерекше қорғауында болады. Мемлекеттердің конституциялық сыртқы саяси қағидаларына келсек, олардын халықаралық заңдылық пен құқықтық тәртіпке, мемлекетаралық қатынастарға жағымсыз әсер ететін халықаралық терроризмнің алдын алу және бұлтартпау үшін жүзеге асуы Конституцияның мынадай ережесінде көрініс тапқан. 8-бапқа сәйкес, Қазақстан Республикасы халықаралық құқық қағидалары мен нормаларын құрметтейді, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасау, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартады.
Сонымен, Қазақстан Республикасының 1995 ж. Конституциясының ережелеріне орай, Қазақстанның басқа мемлекеттермен қатынасы күш қолдану немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасаудан өзара бас тарту қағидасы мен ынтымақтасу қағидасын сақтау негізіне құрылған.
Осы қағидалар халықаралық терроризммен күреске бағытталған халықаралық қатынастарды жасауға және қылмыстылық пен терроризм-мен күресетін халықаралық ұйымдарға Қазақстан Республикасының кіруіне және қатысуына бағдар болады.
1992 ж. 25 мамырда Мәскеуде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Шартқа қол қойылды, оны Қазақстан сол жылдың шілде айында бекітті. 34-бапта: "Елдер ұйымдасқан, оның ішінде халықаралық қылмыстылықпен, терроризммен, қарақшылықпен, нашақорлықпен, сондай-ақ есірткілер мен қарулардың... заңсыз айналымымен, теңіз кеме қатынасы мен азаматтық авиацияға қарсы бағытталған актілермен күресудегі ынтымақтастықты дамытатын және тереңдетін болады "— деп жарияланған.
1992 ж. осыған ұқсас шарттар Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы, Молдова Республикасы арасында; 1993 ж. Қырғызстан, Түркменстан, Грузия, Армения, және Тәжікстанмен жасалды. 1994 ж. Қазақстан Республикасы мен Украина арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Шартқа қол қойылды.
Қазақстан Республикасы көптеген мемлекеттермен халықаралық терроризммен күресуде біріккен әрекеттер қабылдау туралы шарттар жасасты. Мәселен, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Иран Ислам Республикасы Үкіметі арасында 1999 ж. 6 қазанда Тегеранда қабылданған "Ұйымдасқан қылмыс пен терроризммен күресудегі ынтымақтастық туралы" Келісім. Осы келісімнін кіріспесінде "ұйымдасқан қылмыс пен терроризммен күрес саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығы" ерекше атап көрсетілген. Тараптар осы салада мәліметтер алмасуға уағдаласты және өз қызметтерінің негізгі бағыттарын айқындаған:
- ұйымдасқан қылмыспен және терроризммен күрес саласындағы қылмыстардың алдын алу және тергеу;
- құжаттар, ақша, бағалы қағаздарды ... қолдан жасаумен күрес;
- қару, оқтар және жарылғыш заттар ... контрабандасымен күрес.
Тараптар сондай-ақ ішкі істер министрліктері мен басқа да органдардың өкілдерінен Бірлескен комиссия құрды, осы шартқа қатысушы-мемлекеттер аумағында кезекпен сессия өткізіп тұруға уағдаласты.
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Герман Федерациялық Республикасы Үкіметінің (бүгінгі таңда Германия) арасында 1995 ж. 10 сәуірінде қол қойылған "Ұйымдасқан қылмыс, террроризм және басқа да қауіпті қылмыстар түрімен күресуге ынтымақтастық" туралы келісім 10 жылға жасалған. Келісімнің кіріспесінде "1992 ж. 22 қыркүйегінде қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Германия Федерациялық Республикасы арасындағы қатынастардың негізі туралы" Бірлескен мәлімдеме негізінде тараптар "екі ел арасындағы байланыстарды дамытуға үлес қосуға ниеттенеді", терроризм, есірткі заттары мен психотропты заттарды шектен тыс пайдаланумен, әуе жолымен заңсыз шығып кетудің тиімді алдын алу және күресу мақсатында ынтымақтасуға ниеттенеміз" - деп белгіленген. 1-бапта осындай ынтымақтастықтың шегі әр тараптың ішкі (ұлттық) заңымен айқындалған. Терроризммен күресу мақсатында жоспарланып жатқан және жасалған террористік актілер, олардың жүзеге асырылу нысандары, террорлық топтар туралы ақпараттар алмасу көзделген.
Келісімде терроризм актілері қоғамдық қауіпсіздікке елеулі қауіп төндіретін қылмыс деп жарияланған. Осы шартқа орай, адамдардың әуе жолымен заңсыз кіруімен күресу және жауап қайтару шараларын жасауға байланысты бірлескен саралау жүргізу жөнінде жұмыс тобы құрылды. Қатысушы екі елдің осы бағыттағы қызметтеріне жауапты құзыретті огандар айқындалды.
Халықаралық терроризмнін мемлекетаралық қатынастарға булдіруші әсер ететінін, оның мемлекеттердің дипломатиялық қатынастарына, туристер алмасу мен іскер ынтымақтастыққа, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке тұтастай алғанда қауіп төндіретінін сезіне отырып, әрбір мемлекеттің өзін қорғау реакциясын түсінуге болады. Ол ішкі мемлекеттік деңгейде жауап беру шараларын көздейді, сол арқылы халықаралық заңдылық пен құқықтық тәртіптің нормативті-құқықтық негіздері мен бірлігін нығайтуға жәрдемдесетіні айтуға болады.
Бұрын егемен Қазақстанның жаңа қылмыстық заң негіздері қабылданға дейін, мәселен, Қазақ ССР-нің Қылмыстық Кодексі мемлекеттің саяси және идеологиялық мүдделерін алдыға қоятын. Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімі аса қауіпті мемлекеттік қылмыстармен басталып, одан кейін социалистік меншікке қарсы қылмыстар, содан кейін ғана - жеке адамға қарсы қылмыстар орын алатын. Бүгінде Қазақстан Республиксының Қылмыстық кодексінде "Терроризм" деп аталатын 233-баппен енгізілген. Осы бапта: "1. Терроризм, яғни адамдардың каза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру, не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер жасау, егер осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған іс-әрекеттерді дәл сол мақсатта жасаймын деп қорқыту...". Сипаттаушы белгілер ретінде мыналар аталған: қайталану, рецидив, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша, абайсызда адам өліміне немесе басқа ауыр зардаптарға әкеп соғуы, сондай-ақ жаппай қырып-жоятын қаруды, радиоактивтік материалдарды... қолдану арқылы қылмыс жасау..." деп көрсетілген.
Егер бұрын әрекет еткен Қылмыстық Заңда тек мемлекеттер немесе қоғамдық қайраткерлерге қарсы жасалған терроризм үшін жауапкершілік көзделсе, жаңа заңда халыққа катысты, оның ішінде әрбір нақты адам мен азаматқа қатысты жасалған террорлық сипаттағы әрекеттер үшін жауапкершілік көзделген.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде терроризм үшін жауапкершілік екі нормада 167 және 233-баптарда бекітілген. Сонымен бірге, Қылмыстық кодекстің 167-бабы ҚазКСР Қылмыстық кодексінін 52-бабының орнына келсе, 233-бап жаңадан енгізілген.
Қазакстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234-бабында адамды кепілге алу жөнінде анықтама берілген. Осы құбылыс жөніндегі халықаралық-құқықтық нормалардың өзгеруі Қазақстан Республикасының ұлттық заңдарына оның аумағында осы қылмыстармен күресу ісіне қосқан маңызды үлесі болып табылады.
239-бапта қылмыс деп "әуе немесе су көлігін не жылжымалы теміржол құрамын айдап әкету, сол сияқты осындай көлік пен құрамды айдап әкету мақсатында басып алу..." белгіленген. Теңіз қарақшылығының белгілері 240-бапта орын алған, соған сәйкес, "қарақшылық дегеніміз - теңіз немесе өзен кемесіне бөтеннін мүлкін басып алу мақсатында күш колданамын деп қорқытып шабуыл жасау" болып табылады.
247, 248, 249-баптарда радиоактивті материалдарды заңсыз сатып алу, сақтау, пайдалану, біреуге беру немесе бұлдіру, сондай-ақ оларды тасымалдау мен көму немесе радиоактивті материалдарды ұрлау немесе қорқытып алу қылмыс деп айқындалған.
251-бапта тағы бір қылмыс түрі белгіленген, ол террористік актіні орындау үшін көмекші сипатында - атыс каруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, біреуге беру, өткізу, сақтау..., сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 252-255-баптарында да бейнеленген. Жоғарыда аталғандарға қоса, қылмыстық жазаланатын әрекет ретінде 242-бапқа сәйкес, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау, атап айтқанда: адамдардың қаза болуы... қаупін тудыратын жарылыс, өрт қою немесе өзге іс-әрекеттердің дайындалып жатқаны туралы көрінеу жалған хабарлауды айта аламыз.
Қазақстан Республикасынын "Терроризмге қарсы күрес туралы" 1999 ж. Заңы Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы күрестің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін, мемлекеттік органдардың және меншік нысандарына қарамастан, ұйымдардың қызмет тәртібін, сондай-ақ азаматтардың терроризмге қарсы күресті жүзеге асыруға байланысты құқықтарын, міндеттері мен кепілдіктерін белгілейді. Онда мынадай ұғымдар айқындалған: "терроризм", "террорлық әрекет", "халықаралық терроризм", "террорлық акция", "террорлық акті", "террорлық ұйым", "терроршы", "терроризмге қарсы операциялар", "арнаулы мақсаттағы бөлімшелер" және т.б.5
Сонымен қатар, аумақтық сипаттағы бірнеше конвенциялар қабылданды. Мысалы: 1971 ж "Терроризм актілерінің алдын алу және оларды жасағаны үшін жазалар туралы" Америка конвенциясы, 1976 ж. "Терроризммен күрес туралы" Европалық конвенция, 1987 ж. Оңтүстік Азияның аумақтық ынтымақтастық Ассоциациясы мақұлдаған "Терроризмнің алдын алу туралы" Конвенция біріккен Араб мемлекеттерінің 1991 жылғы "Халықаралық сипатта болатын тұлғаларға қарсы қылмыс нысанындағы және қорқытып талап етушілікпен байланысты, терроризм актілерінің алдын алу және оларды жасағаны үшін жазалар туралы" Конвенция.
Сонымен қатар, мемлекеттер терроризммен күресуге бағытталған екіжақты шарттар да бекітеді. Атап айтсақ, 1995 ж. 10 сәуірде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Герман Федерациялық Республикасының Үкіметі арасында "Үйымдасқан қылмыспен, терроризммен және қылмыс-тардың басқа да қауіпті түрлерімен күресудегі ынтымақтастық туралы" келісім бекітілді6.
Терроризммен күресу үшін арнайы органдар да құрылады. Мысалы, БҰҰ жүйесінде халықаралық терроризм жөнінде арнайы комитет құрылған. Оның 35 мүшесі бар. Бұл комитеттің шеңберінде террористік актілермен күрес жөніндегі конвенциялардың жобалары дайындалады. БҰҰ Бас Ассамблеясы Комитет дайындаған ұсыныстардың негізінде мемлекеттердің әрекеттерін терроризммен күресуге бағыттайды.

Қазақстан Республика 26 ақпан 2005 ж. қабылданған заң “Эстремизмге қарсы күрес іс—қимылдары” 1 баптың 8 бөлімінде Ұйымды экстремистік деп тану сот тәртібімен жүзеге асырылады. Егер ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің біреуі болсада осы ұйымның басшы органдарының бірінің рұқсатымен эстремизімде жүзеге асыратын болса, ұйым экстремистік деп танылады.
Ұйымды экстремистік деп тану туралы өтінішті сотқа Қазақстан Республикасының прокуроры, ішкі-істер органдары немесе азаматтары береді.
Мемлекет органдарының экстремизімді анықтау және оның жолын кесу жөніндегі құзреті, экстремистік ұйымдары және экстремизмді жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алу. Экстремизм және (немесе) заңды тұлғаның, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бірлестігінің мынадай экстремистік мақсаттарды; Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысын күшпен өзгертуді егемеңдігін, оның ауматының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзады, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігімен қорғаныс қабілетінс нұқсан келтіруді өкіметті күшпен басып алуды немесе өкіметі күшпен ұстап тұруды, заңсыз зксеримндірілген құрылымдарды құруды, оған басшылық жасауды және қатысуды, қарулы бүлік ұйымдастыруды және оған қатысуды. әлеументтік тектік-топтық саяси экстремизді алауыздықты қоздыруды сондай ақ азаматтардың қауіпсіздігіне, өміріне, денсаулығына, имандылығына немесе құқытарымен бостандықтарына қатер төндіретін кез-келген діни практиканы қолдануды, діни экстремизмді көздейтін іс-әрекет ұымдастыру және (немссе) жасау7.

1.3.Терроризммен күресудің халықаралық-құқықтық механизмдері

Терроризммен күресудің заңнамалық негіздері ұлттық және халықаралық деңгейде де бар. Бірақ 2001 жылғы 11 қыркүйектегі террактардан кейін мемлекеттердің көбісі олардың заңнамасы терроизммен күресу туралы арнайы заңдары мүлдем жоқ екенін немесе осы заңдар бүгінгі күннің талаптарына сай келмейтіні анықтады.
Евроодақта тек қана кейбір мемлекеттерде ғана, терроризмге қатысты заңдар бар. Мамандардың пікір бойынша терроизммен күресу туралы ең жақсы заң Ұлыбританияда (2000 жылы қабылданған болатын). 2000 жылғы заңда терроризм “үкіметің шешімдеріне әсер ету немесе адамдарды саяси, діни, немесе идеологиялық көзқарастар бойынша қорқыту мақсаттарында әрекетпен қауіп төндіру” деп анықталады. Терроризм туралы заңға жататын, әрекеттерге жатады: “өлімге қауіп-қатер, халықтың денсаулығына және қауіпсіздігіне қауіп-қатер немесе мүлікке зиян келтіру”.
ХХ ғасырда әлемдік ұйымдастық терроризммен күресудің заңнамалық қамтамасыз ету мүмкіндіктерін жасаған болатын.
Екінші дүниежүзілік соғыс алдында Ұлттар Лигасының эгидасында терроризмді алдын-алу және террорлық әрекеттер үшін жазалау туралы Конвенция, Халықаралық сотты (193 жылы) құру Конвенциялар әзірленген болатын. Олар іске аспады, бірақ “халықаралық терроризм”, “ұлттық шекералардан тыс терроршылдардың ізін қуу механизмі”, “терроршылдарды беру” сияқты ұғымдар пайда болды. Терроризмді алдын-алу және террорлық әрекеттер үшін жазалау туралы Конвенциясына бірінші рет терроризммен күресу бойынша халықаралық-құқықтық нормалар және ұлттық заңнаманы үйлестіру қажеттілігіне көрсетілген болатын. Басты назар мемлкет басшысының және саяси қайраткерлердің өміріне қорғауға аударылады және жалпы халықты терроримзнен қорғауға назар аударылмайды8.
1971 жылы террорлық актілердің алдын алу және олар үшін жазалау туралы Американың 13 мемлекеттерінің (АМҰ Конвенциясы) бірінші аумақтық Конвенциясы бекітілген болатын. Қазіргі уақытта БҰҰ эгидасында терроризммен күресу бойынша мемлекеттердің серіктестігінң көпжақты жүйесі бар. Жерде, әуеде және теңізде терроримзнен қорғау туралы 11 Конвенциялар және протоколар әрекет етеді. Олардың ішінде азаматтық авиацияның қауіпсіздігіне қол сұғатын террорлық актілермен күресу бағытталған, 1963 жылғы Токиялық, 1970 жылғы Гаагтық және 1971 жылығы Монреалдық конвенциялар.
Токиялық, Гаагтық және Монреальдық конвенцияларға 1988 жылы қабылданған халықаралық әуежайлардағы заңсыз зорлық-зомбылықты актілермен күрес туралы Протокол байланысты болады. 1991 жылы жалпы қоғамдық тәсілдерді қолданып жасалатын, террорлық әрекеттерді тану және алдын-алу мақсаттарында ядерлы материалды қорғау туралы Конвенция және жарылатын пластикалық заттарды маркерлеу туралы Конвенция қабыланды. 1982 жылы заңсыз акциялардан, соның ішінде теңіз кемелеріне қарсы террорлық акциялардан қорғауға бағытталған Рим конвенциясы қабылданды. Осы Конвенцияның 3 бабында “әрбір тұлға қылмыс жасайды, егер ол заңсыз және әдейі: а) кемені басып алады немесе күшпен немесек күш қауіп-қатерімен немесе қорқытудың басқа нысанын қолданып бақылауды жүзеге асырса; б) белгілі бір қылмыс жасауға азғырады, осындай қылмысты жасауға қатысушы болса”. Осында, 5 бапқа сәйкес “осы қылмыстардың ауырлық сипатына қарай әрбір мемлекет-қатысушы қылмыстарға сәйкес жазалар көздейді”.
Осыдан басқа, Рим конвенциясының 7 бабында келесі көрсетіледі: “әрбір-мелмекет-қатысушы егер оның территориясында қылмыскер немесе қылмысқа деп саналатын адам болса және осыны жағдайлар талап етсе өзінің заңнамасына сәйкес ол оны қамауға алады”.
1977 жылдың қаңтарында европалық деңгейде 1978 жылы 4 тамызда терроризммен күресу бойынша аумақтық Конвенцияға қол қойылып ол күшіне енген болатын. Онда терроризм ұғымынының деполитизациясы және терроршыладарды экстрадиция туралы сұрақ тура қойылған.
Осылай, “Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы” ҚР Заңының 5 бабында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлер арасында: “шет мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен ұйымдарының, сондай-ақ жеке адамдардың Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсізідігіне нұқсан келтіруге бағытталған баршалылық, террорлық, диверсиялық және өз де іс-әрекеттері; кез келген нысандарғы саяси экстремизм, оның ішінде әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты немесе алаусыздықты қоздыру”. Осыған сәйкес, 19 бапқа сәйкес “ылмысқа, соның ішінде оны ұйымдасқан түрлеріне, сыбайлас жемқорлық пен терроршылдыққа қарсы күресті күшейту”” меншіктің нысандарына байланысты емес мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың әрекеттерімен шешімдерінің қоғамдық қауіпсізідігін қаматамасыз ету бағыттарының бірі болу керек.
2000 жылғы 10 ақпандағы “Терроризм және экстремизм көріністерін алдын-алу және кесу бойынша шаралар туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына мемлекеттік билік органдары алдында келесідей мақсаттар қойылған:
“ - халықаралық қатынастарда екі жақты және көпжақты форматтры визалық режимді реттеу;
-қарулану, әскери техника және өқ-дәрілерді сақтау, қолдану және әкелу-әкету бойынша бақылауды күшейту;
-туристтік және бақса миграционды ағымдарға мемлекеттік реттеушілік және бақылау бойынша шаралардың жүйесін әзірлеу;
-діни бірлестіктердің қызметіне мониторинг жүргізу;
-мемлекетте таратылатын әдебиеттің діни экспертизасын жасауды қамтамасыз ету;
-халықаралық авиационды, темір жол, өзен және автокөлік хабарламаларды реттеу бойынша шараларды әзірлеу;
-шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан территориясында болу тәртіптерін сақтауға қатаң бақылауды қамтамасыз ету;
-жоғары оқу органдарының студенттерін және оқытушыларын халықаралық ауыстыру экспертизасын жүргізу;
-жалпы білім беру мектептерінің бітіруші класстары үшін дінтану негіздері бойынша бағдарлама және оқулықты әзірлеу;
-оңтүстік, оңтүстік-батыс және батыс бағыттарда кедендік бақылаудың қосымша пункттерін жасау;
-діни бірлестіктермен және діни білім мекемелерімен, сонымен қатар, шетел қатысуымен қайырымдылық, мәдени және білім ұйымдарының заңдылықты сақтауды тексеру;
-терроризммен күресу бөлімшелерінің нығайту, сонымен қатар терроризм және экстремизмді алыдн алу және жолын кесу бойынша жедел іздестіру қызметін күшейту;
-легалды емес мигранттарды мемлекет шекалараларына тыс депортацияға қажетт қаражаттар бөлу;
-орталық және жергілікті атқарушы органдардың ғимараттарын, өмірмен қамтамасыз ету аумақтардың объектілерін және басқа да стратегиялық объектілердің және сонымен қатар маңызды қоғамдық саяси шараларды өткізу жерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру.”
Терроризм және экстремизммен күресу және қарсылық білдіруге қатысты заңнамалық актілердің қатарына 2000 жылғы 16 мамырдағы “2001-2005 жылға нашақорлық және нашақорлық бизнеспен күресу стратегиясы туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы жатады. Нашақорлық және нашақорлық бизнесті жеңудің процессінің дамуында Стратегияны жүзеге асыру үш өзара байланысты кезеңге бөлінді - 1-кезең 2001 жылды қамтиды, 2-ші кезең 2002-2003 жылдарды, 3-ші кезең 2004-2005 жылдарды қамтиды.
Экстремизм және терроризмді таратудың ішкі қауіп қатерімен күресудің заңнамалық актілерімен бірге Қазақстан терроризммен күресудің саласында халықаралық шарттардың қатарына қол қойды. Осындай құжаттардың негізгілердің бірі болып 2000 жылы 21 сәуірде қабылданған “Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәджікістан Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы терроризм, саяси және діни экстремизммен, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылықпен және Тараптардың басқа да қауіпсіздің және тұрақтылық қауіп қатерлерімен күресу бойынша бірлескен әрекеттер туралы келісім шарт” табылады.
Көрсетілген төртжақты Шарттың төртінші бабында терроризм және экстремизммен күресу бойынша бірлескен шаралар ретінде келесі көрсетілген:
“1. Тараптар терроизм, саяси және діни экстремизм, конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған әрекеттер, немесе территориалды біртектілікті бұзу, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсылық білдіруге байланысты бірлескен күштер қолдану.
2. Тараптардың қауіпсіздігіне және сонымен қатар олардың азаматтарының өміріне, құқықтарына және заңды мүдделеріне қауіп төндіретін көрсетілген құбылыстармен өздерінің орталық құзыретті органдарының серіктестігінің тиімділігін көтеру бойынша шаралар жасау керек”.
Көрсетілген төрт жақты Шарттан басқа, 2000 мамырда Қазақстан “1992 ж. 15 мамырдағы ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың тиімділігін арттыру туралы және оның қазіргі геосаяси жағдайға бейімделу туралы Меморандумға” қол қойды9.
Жеткен келісім шарттармен шектелмей Қазақстан экстремизм және тероримзнің әр түрлі нысандарымен күрес саласында халықаралық келісімдердің инициаторы болды.

II. II. Халықаралық терроризмМен күрес жолындағы мемлекетаралық ықпалдастық

2.1. Халықаралық терроризммен күрес жолындағы мемлекетаралық ықпалдастық нысандары

Терроризм – халықаралық қатынастарға жағымсыз әсер ететін, қазіргі әлемнің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Террористтік актілердің құрбандарының саны өсіп, ал террористер қолданған әдіс, тәсілдер әр түрлі және бұрмалаушылық болып келеді.
Халықаралық терроризм сипатына және қоғамға қауіптілік деңгейіне байланысты ұлттық құқық бойынша және халықаралық құқық бойынша қылмыс болып саналады, яғни оның жауапкершілігі халықаралық құқық бойынша көзделеді.
Терроризммен күрес барлық мемлекеттерге жалпы құндылықтарда және халықаралық құқықтың нормаларында жүргізілуі керек. Терроризм проблемасын жоюдың негізгі жолы мемлекеттердің серіктестігі арқылы жатыр.
Мемлекеттердің терроризммен күресудің саяси-құқықтық қатынастары белгілі деңгейлерден өтті, және олардың ерекшеліктерін біліп халықаралық терроизмді жоюдың келесі қадамдарын көрсетуге болады.
Осы зерттеліп жатқан саладағы халықаралық серіктестік ХХ ғасырдың 20-шы жылдардың екінші бөлігінде 30-щы жыларда халықаралық заңнаманы бірыңғайлау бойынша халықаралық конференциялардың жұмысынан басталды10.
1934 жылы V Халықаралық конференцияда терроризм түсінігі келесідей анықталған болатын - әлеуметтік ұйымды жою мақсатында, халықты терроршылдық жасай алатын, әр түрлі тәсіл қолдану. Осы әрекеттерге, жоғарыда айтылған құқық бұзушылықты жасауға бағытталған заттарды дайындау, сақтау, қолдану немесе тасымалдау теңестірілді. 1934 жылы халықаралық ұйымдастықта Марселдегі Югославияның королі Александр І және Францияның премьер-министрі – Луи Борту өлімімен байланысты терроизммен күресудің қажеттілігі бірінші рет айтқандығын айта кеткен жөн болады. 1937 жылы Ұлттар Лигасының ұсынысы бойынша юрисдикция институтына маңызды өзгерістер енгізілген, ұлттық құқық қорғау органдары арсында серіктестіктің мәселері толық реттелген “Терроризмді алдын-алу және ол үшін жаза туралы Конвенция” және “Халықаралық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық терроризммен күресудің құқықтық негіздері
Терроризм және халықаралық террористік экстремистік үйымдар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕСТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
Халықаралық құқықтағы терроризм және оған қарсы күрес
Терроризммен күресудің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық мәселелері
Терроризм үшін қылмыстық жауапкершілік мәселелері
Ислам діні бейбітшілікті жақтайтын дін
Терроризм қылмысының қылмыстық - құқықтық сипаттамасы
Еуропадағы терроризмнің таралуының себептері
Терроризмге қарсы күрестің халықаралық тәжірибесі
Пәндер