ШЫҰ халықаралық құқықтың субъектiсi ретiнде


Мазмұны

Кiрiспе

Негiзгi бөлiм

  1. ШЫҰ халықаралық құқықтың субъектiсi ретiндеШЫҰ-ның құрылу тарихы : алғышарттары мен себептерi. ШЫҰ-ның мақсаттары мен қағидалары.
  2. ШЫҰ-ның органдарыШЫҰ-ның органдарының құрылысы мен функциялары. ШЫҰ-ның органдарының жұмыс атқаруы мен шешiм қабылдау тәртiбi. ШЫҰ-дағы мүшелiк.
  3. ШЫҰ-ның ынтымақтастық бағыттарыШЫҰ аясындағы экономикалық ынтымақтастық. ШЫҰ-ның мүше мемлекеттерiнiң қауiпсiздiк саласында ынтымақтастығы: халықаралық деңгейде терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы күресуде ынтымақтастығы.

Қорытынды.

Кiрiспе

Бiтiру жұмысының жалпы сипаттамасы. Шанхай ынтымақтастық ұйымы көпжақты ынтымақтастықты дамытудағы жаңа халықаралық ұйым. Бұл ұйымның құрылуымен тек алты мүше-мелекеттiң арасындағы қарым-қатынастарын реттейтiн ұйым ғана емес, сонымен қатар бүкiл әлемнiң елдерiне әсерiн тигiзбей қоймайтын жаңа бiр тарихи оқиға болды. Соңғы жылдары посткеңестiк кеңiстiкте әскери-саяси, сонымен қатар экономикалық сипаттағы (ТМД, ГУУАМ, ЕврАзЭС және т. б. ) интеграциялық ұнымдар құрылған болатын. Алайда олардың бәрi өзiне жүктелген үмiттi ақтай алмауда. Осыған орай қазiргi таңда Шанхай ынтымақтастық ұйымы бiрден-бiр мүмкiндiгi зор және өмiршең ұйым ретiнде өзiн-өзi танытып отыр.

Зерттеу тақырыбының өзектiлiгi : бiрнеше себептермен анықталады. Қазiргi кезде Орталық Азияда қауiпсiздiк және сауда-экономикалық салаларда ынтымақтастығын дамытып, реттеп отыратын бiрден-бiр ШЫҰ-ның ролiн арттыру керек. ШЫҰ-ны өзiнiң мүшелерiне тиiмдiлiгiн арттырып, арасында ынтымақтастықты тереңдете отырып, әлемдiк қауымдастықтың назарын өзiне ерекше аудартып отыр.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы ашық ұйым болғандықтан, әлемнiң барлық бейбiтшiлiктi қолдайтын елдерiне ашық. Бұл ұйымға кiрген мемлекеттер арасында территориялық даулар жоқ, бiрақ ортақ мүдделерi бар. Қытай мен Орта Азиялық мемлекеттерге өздерiнiң күштерiн терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы күрес жүргiзу мәселесiне қатысты ынтымақтасу өте қолайлы және тиiмдi болып келедi. Қытай, Ресей және Орта Азиялық мемлекеттер көлiктiк салада өзара тиiмдiлiк ынтымақтастықты кеңейтуде мүдделi.

Ортақ мүдделердiң болуы және тығыз ынтымақтастық бөлек мемлекеттерге немесе сол мемлекеттердiң құрылымдарына қарсы геосаяси альянстың құрылуын бiлдiрмейдi. Мәскеулiк Самиттiң қорытынды Декларациясында Шанхай ынтымақтастық ұйымы “мүше-мемлекеттер арасында өзара сенiмдiлiктi, достықты күшейту үшiн” және “бөлек мемлекеттерге қарсы немесе мемлекеттер топтарына қарсы бағытталған ұйым болып табылмайды” деп айтылған. Осыған орай Шанхай ынтымақтастық ұйымының құқықтық жағдайын анықтай отырып, осы ұйымның қауiпсiздiк және экономикалық салаларда маңызын ашық көрсету.

Зерттелген тақырыптың маңыздылығы : Шанхай ынтымақтастық ұйымының халықаралық қауiпсiздiк қамтамасыз ету мен экономика саласында мемлекеттер арасында ынтымақтастықты нығайту және күшейтуге құрылған жаңа халықаралық ұйым болумен байланысты. Осы ұйымға мүше-мелекеттердiң шешiлмеген iшкi iшкi мәселелерi сырттан келген қауiп-қатерi дiни-саяси экстремизм, халықаралық терроризм, заңсыз есiрткi айналымы нысанында катализатор ретiнде көрiнедi. ШЫҰ-ның мүше-мемлекеттерiнiң әскери-саяси, қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде ынтымақтастығы мәселесiн зерттеу маңызды болып отыр.

Тағы бiр назар аударатын мәселе ШЫҰ-на мүше мемлекеттердiң экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету, онсыз аймақта қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мүмкiн емес. ШЫҰ шеңберiнде сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейту ШЫҰ-ның маңызды халықаралық экономикалық жобалардың бiрi екендiгiн көрсетедi.

Мәселенiң зерттелу деңгейi : ШЫҰ-ның құқықтық жағдайының мәселесiн зерттеу мен талдауға арналған әдебиеттер жоқтың қасы, себебi ШЫҰ өте жас ынтымақтастық ұйымы болып табылады.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының қазiргi таңда өткiлiп жатқан жұмыстарының нәтижелерi бәрiн дерлiк баспа беттерiне басылуда. Атап айтатын болсақ, "Егемен Қазақстан" республикалық саяси газетi, "Континент" журналы, "Саясат" журналдары бар. Сонымен қатар "Московский журнал международного права", "Междунородная жизнь" журналдары.

Зерттеулер мен мамандарға келсек В. Ярочкии, Р. Бурнашев, С. Власов, еңбектерiнде ШЫҰ-ң ынтымақтасу бағыттарының, басқа да көптеген аймақтық қауiпсiздiк жүйесiнiң элементтерiн зерттеген.

Әсiресе, К. Сыроежкиннiң еңбектерi ой қызықтырады. Ол ШЫҰ шеңберiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету шаралары туралы, ШЫҰ шеңберiнде өткен кездесулердi толыққанды зерттейдi, Оған қоса А. Лукин де ШЫҰ-ның мәселлерi мен мүмкiндiктерiн ашып көрсете алды. Көпполярлы бейбiтшiлiк жағындағы ШЫҰ-ның анық ұстанымы әлемнiң көптеген елдерiнiң қызығушылығын тудыратынын айтқан.

ШЫҰ жас ұйымы болғандықтан әдебиеттер жоқ, көптеген ғалымдар ШЫҰ-ны зерттеумен айналысса да, ШЫҰ-ның құқықтық мәртебесiнiң толыққынды сипаттап жүйелi түрде зерттелмеген. Мәселенiң жеткiлiксiз зерттелуi нәтижесiнде бiтiру жұмысын зерттеу кезiнде оның мақсатын, объектiсiн, пәнiн талдау қажет.

Зертеу мақсаты ШЫҰ-ның құқықтық мәртебесiн анықтап көрсету. Осы мақсатқа жету үшiн келесi мiндеттердi алға қосу керек:

  • ШЫҰ-ның құқықтық мәртебесiн айқындауда оның құрылу тарихи, мақсаттары мен мiндеттерiн ашып көрсету;
  • ШЫҰ-ның құрылысының құзыретiн, атқаратын қызметiн, қандай салаларда ынтымақтаса қызмет ететiнiн анықтау;
  • ШЫҰ-ның мүше-мемлекеттерiнiң халықаралық терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы күресуде ынтымақтастығының механизмiн анықтау.

Зерттеу объектiсi ШЫҰ мүше-мемлекеттерiнiң ынтымақтастығы.

Зерттеу пәнi Шанхай ынтымақтастық ұйымының құқықтық мәртебесi.

Бiтiру жұмысы үш бөлiмнен тұрады: Кiрiспе бөлiм, негiзгi бөлiм, қорытынды бөлiм.

Негiзгi бөлiм үш тараудан екi тармақшадан құралған. Бiрiншi тарауда жалпы ШЫҰ сипатталып, оның құрылу тарихы, ұйымның мақсаттары мен мiндеттерi ашылып көрсетiлген. Екiншi тарауда ШЫҰ-ның органдарына, құрылысына, оның жұмыс атқаруына көңiл аудылған. Жұмыстың соңғы тарауында ШЫҰ-ның қауiпсiздiк және экономика саласында ынтымақтастығы ашылып көрсетiлген.

  1. ШЫҰ халықаралық құқықтың субъектiсi ретiнде

1. 1 ШЫҰ-ның құрылу тарихы: алғышарттары мен себептерi

25 сәуірде 1996 ж. Ресейдiң сол кездегi президенті Б. Ельциннің Қытайға сапары кезінде Қытай Халық Республикасының бұрынғы төрағасы Цзян Цзэминь, Ресей мемлекеті басшысы Ельцин, Қазақстан мемлекет басшысы Н. Назарбаев, Қырғыстан Республикасының мемлекет басшысы А. Акаев және Тәжікстан Республикасының мемлекет басшысы И. Рахмонов Шанхайда кездесу өткізіп, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы, Қырғыстан Республикасы және Тәжікстан Республикасы арасында "Шекара аймағындағы әскери сала сенімділікті нығайтуға қатысты келісімге" қол қойды. Бұл келісім бес елдің қауіпсіздігі үшін ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемнің тұрақтылығы мен бейбітшілігі үшін маңызы зор болатын.

1997 ж. 24 сәуірде Қытай Халық Республикасы төрағасының Ресейге сапары кезінде бес елдің өкілдері Мәскеуде кездесу өткізді және "Шекара аймағында әскери күштерді өзара қысқарту туралы" бесжақты келісімге қол қойды. Бұл құжат 1996 ж. қол қойылған Шанхай құжатына толықтыру және нақтылық ретінде болды, сонымен бiрге, қауіпсіздік мәселелерінде өзара сенімділікті күшейттi. Сонымен екі ірі көршілес держава, Қытай мен Ресей стратегиялық серіктес болды; екi елдің ортақ дамуына және өркендеуіне сенімділік және өзара ынтымақтастық көмегін тигізітініне сенімді болды. Қытай Халық Республикасының төрағасы Цзян Цзэминь Қазақстан Республикасының мемлекет басшысымен кездесуінде Қазақстанмен достық ынтымақтастықтың тұрақты және ұзақ мерзімді қатынасын дамыту қытайдың сыртқы сааясатының маңызды бөлігі болып табылатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, жалпы күшпен XXI ғасырға бағытталған жан-жақты ынтымақтастықтың достық қатынасын орнатуды көздеді.

Қытай Халық Республикасы төрағасы Цзян Цзэминь Қырғызстан президенті А. Акаевпен және Тәжікстан президенті И. Рахмоновпен бөлек кездесу өткізді.

1998 ж. 3 шілдеде Қазақстан Республикасының президентінің шақыруымен Қытай Халық Республикасы төрағасы Цзян Цзэминь Қазақстанға “бестіктің” үшінші кездесуіне қатысу үшін бағыт алды. Сол кезде Қытай Халық Республикасның төрағасы бейбітшілік пен тұрақтылықты қорғау, өркендету мен дамытуға үлес қосу жөнінде мәлімдеді; Аймақтың дамуы мен бейбітшілік мәселелеріне қатысты, оңтүстік Азиядағы жағдайға және бес елдің аймақтық экономикалық ынтымақтыстық мәселелеріне қатысты Қытай позициясын анықтап мәлімдеген болатын. Сонымен қатар, ол аймақтың дамуы мен бейбіт өмір сүруіне бағытталған күш-жігерін аямаған болатын деп мәлімдеді; Ресеймен және орта азиялық көршілермен бұл салада достық ынтымақтастыққа қол жеткізілді және бес ел арасында достық ынтымақтастықтың сақталуы мен дамуы үшiн ұлттық сепаратизммен, терроризммен, қару колдабандастан және басқа да аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін зұлымдықпен күресті жалғастыру керектігін көрсетті. Кездесу өткен соң, бес елдің сыртқы істер министрлері “Аймақтық декларацияға” қол қойды. Бұл декларацияда бес елдің екіжақты және көпжақты ынтымақтастығының кеңеюі мен күшеюі олардың халықтарының түпкі мүдделеріне сәйкес келеді және бүкіл Азияның тұрақтылығы, қауіпсіздігі, дамуы мен өркендеуінің маңызды факторы болып табылады. 1996 ж. 24 - 26 тамызына дейін Қытай Халық Республикасының терағасы Цзян Цзэминь Қырғызстан астанасы Бишкекте болып, бес ел басшыларының төртінші кездесуіне қатысты; Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан кездесу барысында Қытай Халық Республикасы терағасы халықаралық жағдай, аймақтық қауіпсіздік және аймақтық экономикалық ынтымақтастық мәселелерi жөнінде төрт елдiң басшылары ойларымен ауысты. Бұл бес елдің әрі қарай көршілес достық қатынасының және өзара ынтымақтақтың дамуына ықпалын тигізді. 25 тамызда бес елдің мемлекет басшылары “Бiшкектік коммюникеге” қол қойды, онда 1996ж. Шанхайдағы кездесуден кейінгі уақыт арасындағы бес елдің ынтымақтыстық нәтижелерімен мәлімдеді, дәуір рухына сай келетін аймақтық қауіпсіздік пен ынтымақастығының нығайтылуы жөнінен бес елдің тәжірибе жүзінде жасалған қадамдарын жоғары түрде бағалады. Қырғызстан президенті Акаевтың “Жібек жолының” қазіргі заманғы халықаралық ынтымақтастықта қайта өрлеу туралы идеясын қоштады. Сонымен қатар осы бес елдің ынтымақтастығы ашық және басқа елдерге қарсы бағыттанмағандығын мәлімдеді.

2000 ж. 4 шілде күнінің екінші жартысында Тәжікстан астанасы Душанбеде Қытай, Тәжікстан, Ресей, Қазақстан және Қырғызстан сыртқы істер министрлерiнiң кездесуі өтті. Бұл “Шанхай бестігінің” шеңберінде өткен сыртқы істер министрлігінің ең бірінші кездесуі болды. Бұл кездесуде әрі қарай екі жақты және көпжақты ынтымақтастықты күшейту және сыртқы саяси стратегиясының келістіру мәселелерін талқылады, халықаралық және аумақтық жағдай мәселелері жөніндегі ойларымен бөлісті1.

2000 ж. 5 шілдесінде Қытай Халық Республикасы терағасы Цзян Цзэминь Душанбеге сапарға аттанып, онда бес елдің басшылары халықаралық және аймақтық жағдай жөнінде ойларымен алмасып, ХХI бейбітшілік, ынтымақтастық және достықтың сарайын салуға қатысты толық өзара түсіністікке қол жеткізді. Цзян Цзэминь жаңа ғасырға аяқ басар кезде “Шанхай бестігінің” алдында адамзатты соғыстан құтқару, мәңгі бейбітшілікке қол жеткізу, болашақта гүлдену, өркендеу және даму сияқты ұлы мақсаттар тұр деген болатын.

Бұл үшін Қытай Халық Республикасының төрағасы төрт ұсынысты алға шығарды:

1. “Шанхай бестігінің” механизмін толықтыру және кемелдендіру, оның шеңберінде көпсатылы және көпсалалы кездесу механизмін жасау және кездесу механизмін ынтымақтастық механизмі деңгейіне жеткізу.

2. Қауіпсіздік саласында ынтымақтастықты тереңдету, әртүрлі сепарртисттік, ланкестік және экстремисттік күштерді жою.

3. Екіжақты және көпжақты сауда-экономикалық ынтымақтастыққа мүмкіндік туғызу; Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанға Қытайдың Батыс аумақтарын танып-білуде қатысуын қоштау.

4. Халықаралық аренада ынтымақтастықты күшейту, көпполярлық әлемнің дамуына кемек көрсету.

Душанбелік кездесу “Шанхай бестігінің” мемлекет басшыларының кездесуінің бірінші сатысын аяқтады.

Келесі кездесу 2001 ж. 15 маусымда болды. Шанхайда бұл күні Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан (“Шанхай бестігінің”) өздерінің қатарына Өзбекстанды алды. Сол күні Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) құрылуы туралы декларациясына қол қойылды. Бұның атын “белгілі мөлшерде батыс одақтарына геосаяси жағынан тең түрде қарсылық” тұғызу үшін өзгерткен болатын.

Бұл ұйымның мүшесі тек ғана саяси жобалармен ғана емес, сонымен қатар біріккен экономикалық жобалармен де айналысады (әсіресе Орта Азиядағы мұнайгаздық кеніштерін өндеу саласында) .

Шанхай ынтымақтастық ұйымы “Шанхай бестігінің” (Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай және Тәжікстан) негізінде құрылды.

“Шанхай бестігі” өз кезінде “шекара аймағында әскери салада сенімділікті нығайту туралы келісім” 1996 ж. және “Шекара аймағында әскери күштi өзара қысқарту туралы келісiмге 1997 ж. сәйкес құрылған.

Осы келісімдердің біріншісін жасасу үшін бес елдің басшылары 1996 ж. Шанхайда кездесті. Бұл “Шанхай бестігі” терминінің пайда болуына негіз болды2.

2001 жылдың 14-15 маусымда жаңа аумақтық ұжым Шанхай ынтымақтастық ұйымы құрылды. Қатысушы-мемлекеттер арасында өзара сенімділікті, достықты және көршілес қатынасты нығайтуды; мемлекеттер арасында саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени, білім беру, энергетикалық, транспорттық, экономикалық және басқа салада ынтымақтастықты күшейту және оның дамуын жігерлендіру; аумақта қауіпсіздік пен тұрақтылықгы, бейбітшілікті қамтамасыз ету және сақтау өзiнiң мақсаты ретiнде көрсеттi3 .

  1. ШЫҰ-ң мақсаты мен қағидалары

Саммитте Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы туралы декларациясында Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуының қағидалық бағыттары айқын көрсетілген. Олар бір жылдың ішінде заңи тілге аударылды және негізгі құжатында Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хартиясында көрініс тапты.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының хартиясы Санкт-Петербургте кездесуде қабылданды.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының негізгі алатын құжаты - Хартия Шанхай ынтымақтастық ұйымының мақсаттары мен ынтымақтастығының негізгі бағыттарын анықтайтын, ұйымның құрылымы мен басқа елдермен және халықаралық ұйымдармен өзара қатынасының тәртібін анықтайды.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы келесідей қағидаларды қатаң сақтайды:

  • “БҰҰ жарғысының” қағидалары мен мақсатын қатаң түрде орындау;
  • тәуелсіздікті, егемендікті және территориялық тұтастықты өзара сыйлау;
  • ішкі істерге араласпау;
  • күш пен қауіпті күштеп қолданбау;
  • барлық мүшелердің тең құқылығы;
  • барлық мәселелерді өзара кеңес беру жолымен шешу;
  • одақтарға кірмеу, басқа мемлекеттер мен ұйымдарға қарсы шықпау;
  • басқа халықаралық және аумақтық ұйымдармен, басқа мемлекеттермен диалогтар, алмасулар және әртүрлі ынтымақтастық жүргізуге дайын болу, Шанхай ынтымақтастық ұйымының өзара сенімділіктi әскери күштерді қысқарту, ынтымақтастық жолымен қауіпсіздікке жетуді сақтайтын жаңа қауіпсіздік концепциясын, серіктестік негіз болып табылатын мемлекетаралық қатынастардың жаңа түрін, үлкен және кіші мемлекеттердің ортақ күшімен сипатталатын ынтымақтастықтың жаңа түрін қолдайды.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылу процессі кезінде “өзара сенімділік, теңдік, өзара қарым-қатынас, көптүрлі мәдениетті сыйлау, ортақ дамуға жетуді көздеуді” сипаттайтын “Шанхайлық рух” деп аталатын түсінiк пайда болды4.

Хартияның 1-ші бабында көрсетiлгендегі Шанхай ынтымақтастық ұйымының негізі мақсаты болып:

  • мүше мемлекеттер арасында өзара сенімділік, достықты нығайту; аумақта бейбітшілікті, қауіпсіздікті, тұрақтылықты сақтау мен нығайту мақсатында көпсалалы ынтымақтастықты нығайту, жаңа демократиялық, әділ және рационалды саяси және экономикалық халықаралық тәртіпті орнатуға ықпал ету;
  • терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге бірлесе отырып тойтарыс беру, есірткі мен қарудың заңсыз айналымымен және басқа да трансұлттық қылмыс түрлерімен күрес жүргізу, сонымен қатар заңсыз миграцияға қарсы күресу;
  • жалпының мүддесі болып табылатын саяси, сауда экономикалық, қорғаныстық, құқық қорғаушылық, табиғат қорғаушылық, мәдени, ғылыми-техникалық, білім беру, энергетикалық, траспорттық, қаржы-несиелік және басқа салаларда аймақтық ынтымастықты қолдау;
  • аумақта көпжақты және балансталған экономикалық өсуге, әлеуметтік және мәдени дамуға ортақ іс-әрекетпен мүше-мемлекеттер халқының өмір жағдайын жақсарту және өмір деңгейін жоғарылату мақсатында тең құқылық серіктестік негізінде ортақ іс-әрекетпен аймақта көпжақты және балансталған экономикалық өсуге, әлеуметтік және мәдени дамуға ықпал ету;
  • әлемдік экономикаға интеграция кезінде координацияланған тәсіл табу;
  • мүше-мемлекеттің халықаралық міндеттеріне сәйкес адамның құқтары мен негізгі бостандықтарын қамтамасыз етуге ықпал ету;
  • басқа мемлекеттер және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасты орнату және дамыту;
  • халықаралық қақтығыстарды алдын-алуға қосыла бірге әрекет жасау және оларды бейбіт жолмен реттеу;
  • XXI ғасырда болатын мәселелерді шешуге бірлесе отырып шешім іздеу.
  • Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттер келісідей қағидаларды ұстанады:
  • егемендікті, тәуелсіздікті, мемлекеттің территориялық тұтастығын өзара сыйлау және мемлекет шекарасының мағзымастығы, iшкi iстерге араласпау, күшпен басып кiрмеу және қауіп-қатерді күштеп қолданбау, белгілі аймақтарда біржақты әскери басымдықтан бас тарту.
  • барлық мүше-мемлекеттің тең құқылығы, әрбір мүшенің көзқарасын сыйлау және өзара түсінісу негізінде ортақ көзқарасты іздестіру;
  • ортақ мүдделер саласында ортақ іс-әрекеттерді этаппен орындау;
  • мүше-мемлекеттер арасындағы қақтығыстарды бейбіт жолмен жеңу;
  • Шанхай ынтымақтастық ұйымының басқа мемлекеттерге және халықаралық ұйымдарға қарсы бағытталмауы;
  • Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүдделеріне қайшы келетін кез-келген іс-әрекеттерді болдырмау;
  • Хартияда және басқа да Шанхай ынтымақтастық ұйымының шеңберінде қабылданған құжаттарда көрсетілген міндеттерді ерікті түрде орындау.

Сонымен қатар Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хартиясың 3-ші бабында ұйымның ынтымақтастығың бағыттары да көрсетілген5 .

ШЫҰ шеңберiндегi ынтымақтастықтың негiзгi бағыттары болып:

  • аймақта қауiпсiздiк пен сенiмдiлiктi орнату және бейбiтшiлiктi сақтау;
  • халықаралық ұйымдарда және халықаралық форумдарда ортақ мүдде болып табылатын сыртқы саяси мәселелерге қатысты ортақ көзқарасты iздестiру;
  • терроризмге, сепаратизмге және экстермизмге, қару мен есiрткiнiң заңсыз айналысына, басқа да трансұлттық қылмыс түрлерiне, сонымен қатар, заңсыз миграцияға да ортақ қарпсылық көрсету бойынша шараларды өңдеп iске асыру;
  • қарусыздандыру мәселесi бойныша күштi жүйелеуi және қаруландыруға қоса қадағалау жүргiзу;
  • әр түрдегi аймақтық-экономикалық ынтымақтасытқты қолдау, қызметтер мен технологиялар, капиталдың, тауарлардың еркiн айналысын болдырту мақсатында сауда мен инвестицияларға ыңғайлы жағдай жасау;
  • транспорт және коммуникация саласындағы инфраструктураны тиiмдi қолдану, мүше-мемлекеттердiң транзиттiк потенциалын одан әрi дамыту, кемелдендiру, экономикалық жүйенi дамыту;
  • аймақта су ресурстарын қолдануды қоса алғанда, рационалды табиғатты қолдануды қамтамасыз ету, ортақ арнайы қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бағдарламалар мен жобаларды iске асыру;
  • табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуда өзара көмек көрсету және олардың салдарын жою;
  • ШЫҰ-ның шеңберiнде ынтымақтастықты дамыту мақсатында құқықтық ақпаратпен алмасып отыру;
  • ғылым және техника, бiлiм беру, денсаулық қорғау, мәдениет, спорт және туризм саласында өзара қатынасты кеңейту;

Сонымен қатар Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүше-мемлекеттерi өздерiнiң ерiктерi бойынша ынтымақтастық салаларын кеңейте алады 6 .


2. ШЫҰ-ның органдары

2. 1 ШЫҰ-ның органдарының құрылысы мен функциялары

Шанхай ынтымақтастық ұйым құрылымына кеңестер механизмі мен тұрақты әрекет ететін органдар кіреді. Ұйым шеңберінде мақсаттарына жету үшін келесі органдар қызмет етеді:

  • Мемлекеттердің басшыларының Кеңесі
  • Үкімет басшыларының Кеңесі
  • Сыртқы істер министрлері Кеңесі

Министрліктер немесе ведомстволардың басшыларының Кеңесі.

  • Ұлттық координаторлар Кеңесі
  • Терроризмге қарсы аймақтық құрылым
  • Хатшылық

Терроризмге қарсы аймақтық құрылымнан басқа, ШЫҰ-ның органдары қызметі мен жұмыс тәртібі мемлекет басшыларының Кеңесі бекітетін нұсқаулармен анықталады.

Мемлекет басшылары Кеңесі ШЫҰ-ның басқа да органдарын құру туралы шешім қабылдай алады. Жаңа органдардың құрылуы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хартиясына қосымша протокол ретiнде толтырылады. Мемлекет басшыларының Кеңесi ШЫҰ-ның жоғарғы органы болып табылады. Бұл орган Ұйымның қызметiнiң негiзгi бағыттарын айқындап iске асырады, ұйымның басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынасын реттейдi, ұйымның iшкi құрылысының және қызметiнiң мәселелерiн шешедi, сонымен қатар өзектi хпалықаралық мәселелердi қарастырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық құқықтық норма ұғымы мен белгілері
Халықаралық ұйымдардың қызметтері және жіктелуі
Қазақстан - халықаралық сахнадағы
Әлемдік саясат жаһандық мазмұндағы саясат
Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы орны
ҚР-ның геосаяси мүдделері
Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық
Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық
Қазақстанның геосаяси жағдайы
Қауіпсіздікті нығайтуға арналған ұйым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz