Юань империясының әлеуметтік жағдайы


М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ . . . 3-7
- Юань империясының әлеуметтік жағдайы. Юань империясының құрылуы . . . 7-19Юань Моңғол империясындағы міндеткерліктер
мен салық салу жүйесі . . . 19-32
- Юань империясының экономикалық жағдайы. Империяның экономикалық дамуы . . . 32-38Сауда қарым-қатынастары . . . 38-43Қытайдағы моңғол үстемдігінің құлатылуы . . . 43-51
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 52-54
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 55-56
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі.
Моңғолдардың ұзақ жылдар бойы жүргізген қантөгіс соғыстары нәтидесінде көршілес Қытайды бірітіндеп жаулап болатын. Шыңғыс хан негізін қалаған Моңғол әулеті, ұлы қағаны Құбылай кезінде (1260-1294 жж. ), Юань әулеті атағына ие болды. Тарихшылардың айтуы бойынша бұл кезең, жат жерлік феодал - басқыншылар мен олардың одақтасы Құбылайға қызметке тұрған, Қытайлардың әскери-федалдық бюрократиясының жоғарғы топтарының Қытай халқын езгіге салып, қанау кезеңі болды.
Шыңғыс хан мен оның мұрагерлерінің атына байланысты оқиғалар бұрыннан бері Қытай тарихшыларының қызықтыруда. Олардың біразы 1960-шы жылдардың басынан бастап Моңғолдардың өткенін бұрмалау арқылы көрсете бастады. Олар ең алдымен Моңғол халқының өз бетінше ұлттық-мемлекет құру құқығына шек келтіріп, оны жоққа шығарады. Оны Моңғолияның Қытайға қатысы жағынан «тарихи тұрғыда оны шетелдік мемлекет деп есептеуге келмейді». өйткені оның халқы «атам заманынан бері Қытай жерінде тұрып жатыр».
Тарихнамалық шолу.
Бұл мәселе төңірегінде Қытай, Ресей және шетелдік Қытайтанушы ғалымдары жан-жақты зерттеу жүргізген. Дегенмен, әлі күнге дейін құрамы мен идеологиясына қатысты ортақ пікір жоқ десе болады. Біздің бүгінгі бітіру жұмысымыздың мақсаты, сол пікірлерді қарастыра келіп, өзіндік көзқарас қалыптастыру.
Реакциондық гоминьдан идеологиясынан кейін, олар моңғолдарды «Қытайдың аз ұлт өкілдері» ретінде ғана қарастырады. Міне осылайша Шыңғыс хан олар үшін - «Қытайдың аз ғана ұлт» өкілдерінің ханы.
Бұндай дәйексіз пікірдің өзіндік шығу тарихы бар. Ол ертедегі «бір тұтас Қытай ұлты» деген концепция негізінде, ақылға сыйымсыз ұсыныс. Моңолдар мен Қытайлар (ханьдықтар) арасындағы туысқандық болған дейді. Олар ежелден бері бір ғана, жалғыз ұлт бар, олардың негізгі ядросы, жинақтаушысы «ханьдықтар», ал елдегі қалған халықтар олардан таралған бұтақтар делінеді. Бұндай бұрмаулаушылықты сынай отырып, ұлы Қытай жазушы - демократы Лу Синь 30-шы жылдары былай деген болатын:
«20 жасымда мен біздің Шыңғыс хан Еуропаны жаулар алғанда «біздің алтын ғасырларымыз» болды дегенді естідім». Тек қана маған 25 жас толғанда ғана «біздің алтын ғасырларымыз» деген кезде Моңғолдар Қытайды бағындырып, біздің құл болғандығымызды білдім.
Қытай тарихшылары «Шыңғыс хан Қытайдың даңкты саяси және әскери қызметкері», оның ұрпақтары «Қытайды біріктіруді аяқтап. Юань: Мин және Цинь - әулеттерінің 600 жыджан астам уақытқа шекарасын мызғымастығын» - дейді. Кейбір Қытай тарихшылары ешбір негізсіз Юань династиясын Қытайдағы көрптеген әулеттердің бірі ретінде ғана қарастырады. Құбылай олардың айтуынша хань және хонь емес халықтар үшін «бейбітшілік» пен «бірлік» орнатты. Аса зор Юань империясының территориясында, оның құрамында Қытай да бар, бай Гон және басқа Қытай тарихшыларныңы көзқарасы бойынша, Моңғолдардың Қытай жеріндегі жүгенсіздігін тарихи қажеттіліктен деп ақтауға ұмтылғанын көреміз. Тіпті Шыңғыс ханның іс-әрекетін марапаттай отырып, Қытай тарихшыары, оның құрған «бір тұтас көп ұлтты мемлекеті» феодалдық емес құлиеленушілік болды дейді. Бұл олардың тарихи фактілерді білмегендігінен емес, XIII-XIV ғасырдағы Моңғолияның әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесін төмендетуден туындаса керек.
Кеңес дәуіріндегі отандық тарихшылар мен Моңғол ғалымдары өздерінің ғылыми зерттеу еңбектерінде бір тұтас дәлелдермен, кейбір Қытай тарихшыларының пікірлерінің дәйексіздігін көрсетті. Соның ішінде олардың Моңғол халқының саяси және экономикалық тәуелсіздігінің әр түрлі кезеңдерін жоққа шығаруының дұрыс еместігін Құбылайдың Қытайдағы билігін идеаландыруын, моңғолдардың әлемдік мәдениетке қосқан үлесін жоққа шығарушылықтарын сынады.
Ежелгі заманнан бастап, бамбук планкалары мен жібек маталарына, бал ашатын сүйектерге, қала ыдыстарға, кейін қағазға кәсіби ақылды және кәсіьи төрелер (шенеуніктер) айналасында болып жатқан оқиғаларды өздері көрген-білгендерін қағазға түсіріп отырды. Мемлекетпен құпталатын жазба жұмыстары шежірелері Қытайдың рухани өмірі туралы негізгі құраушы бөлігі болып табылады. Алғашқы және тиғапикалық жалпылама сипатқа ие болған күнделікті тарихы, оқиғаларды қағыз бетіне түсірген отырған.
Әдетте жаңа әулет таққа отырғаннан кейін, алдыңғы әулет тарихын жазып отыру үшін кәсіби тарихшылар коммисиясы құрылатынг еді. Мұндай коммисиялар Қытай тарихында 24 рет кездеседі. Олар алдыңғы әулеттің тарихи оқиғаларын толықтай және дәл жеткізуге, оқырмандарды жазбаны оқыған кезде белгілі бір шешімге келуге тырысты. Оқырмандарға оқытқызудың себебі, олар басқарушы әулеттің лештимдігін дұрыстау үшін. Әрине, жаңа әулеттің басқарғанын жаңа интерпрация және ежелде өткен оқиғалардың дұрыстығын дәлелдеу үшін керек етті. Мұндай жағдайда комиссия мүшелері тарихи мәліметтерді өздеріне тиімді етіп көшіріп жазды. Бірақ тарихты қайта көшіру ежелден сақталып келген конфуциандық этика мен дидактика, насихаттаудың қатаң сақталуымен бағаланды.
Жұмыстың дерек көздері.
Міне осы жоғарыда айтылған пікірлерді саралай келе, біздің диплом жұмысымыздың тақырыбы да, осы пікірлердің қайсысы тарихи шындыққа жанысымды екендігін анықтауға бағытталағн. Іздену жұмысы барысында мынадай дерек көздерін пайдаландым: «Моңғолдың құпия шежіресі», [1] «Юань-Ши», [2] Рашид ад-Диннің «Жылнамалар жинағы», [3] Әбілғазының «Түркі шежіресі», [4] Ата-Мәлік Жувейнидің «История покорителя мира», [5] Плано Карпини мен Вильгельм Рубруктың «Истрия моноголов и путешествия в Восточные страны», [6, 7] Марко Поло [8] кітаптарын пайдаландым.
Зерттеу еңбектеріне келетін болсақ Долой Чулуунның «Монголия в XIII-XIV вв. » [9] деген еңбегін, К. Д. Осеонның «От Чингизхана до Темирлана», [10] Эренжен Хора-Даванның «Чингизхан как полководец и его наследие», [11] «Татаро-монголы в Азии и Европе», [12] деген жинақты және қазақ тілінде шыққан журналдарда шыққан мақалаларды пайдаландым.
Моңғолдар Қытай халқын жаулап алып, өз басқару принциптерін енгізбек болған мақсаттары жүзеге аспады. Моңғол билеушілерінің мұндай әрекеттері Қытай халқының наразылығын тудырды.
Жұмыстың методологиялық негізі. Жұмыс жазылу барысында объективті, тарихилық, жүйелік әдістерімен қамтылды. Сонымен қатар, зерттеу барысында көрнекті кеңестік және шетелдік қытайтанушы тарихшы ғалымдардың еңбектеріне жүгіндік.
Жұмыстың негізгі құрылымы: кіріспеден, 3 тараудан және қорытындыдан тұрады.
Кіріспеде негізінен моңғол тарихындағы Юань империясының орны мен оны зерттеу проблемалары, дерек көзі мен зерттеу дәрежесі, жоспары баяндалады.
Бірінші тараудың тақырыбы: Шыңғыс хан мен әлемдік дервасының ыдырауы мен моңғолдардың Юань империясының құрылуы. Бұл тарауда Арық Бұға мен Құбылайдың арасындағы хан тағына таласы мен оның нәтижеасінде Моңғол империясындағы ыдырау процесі мен Құбылай негізін салған Юань империсяняң құрылуы туралы сөз болады.
Екінші тарауда: Юань Моңғол империясындағы міндеткерлік пен салық жүйесі деп аталады. Бұл тарауда Қытай территориясындағы Моңғолдардың экономикалық-әлеуметтік өмірі деректер негізінде баяндалады.
Үшінші тарау: Юань империясының құлауы. Тарауда Тогон-Темір кезінде жергілікті халықты аяусыз қанау нәтижесінде ұлт-азаттық күрестердің күшейгендігін, соның нәтидесінде қарудың күшімен тұрған Моңғол билігінің құлауына әкелгендігі айтылады.
Қорытындысында, Юань империясының Моңғол тарихындағы орны мен маңызына тоқталдық.
- Юань империясының әлеуметтік жағдайы.
Юань империясының құрылуы
XII ғ. Қытай жерінде төрт мемлекет өмір сүрді: солтүстікте - чжуржэн-дердің Цзинь мемлекеті, солтүстік-батыста - тибет-таңғұттардың Батыс Ся мемлекеті және оңтүстікте - қытайлықтардың Оңтүстік Сұң империясы мен Юнаньдағы Наньчжао (Дали) мемлекеті.
Қытай жеріндегі бұндай саяси жағдай бүл елге көшпелі тайпалардың басқыншылық әрекеті нәтижесінде қалыптасқан болатын. Біртүтас бүтін Қытай енді болмады. Оның үстіне, XIII ғ. басында елдің үстінен моңғол шапқыншылығының қаупі төнген кезде, осы мемлекеттердің әрқайсысы ішкі шиеленістерінен әбден әлсіреген жөне өздерінің тәуелсіздігін сақтап қалуға барынша дәрменсіз мемлекеттер болған еді.
ХШ ғ. басында, Қытайдың солтүстік шекарасында татар, тайжуыт, керей, найман, меркіт деп аталған, кейін моңғол тайпасының негізін салған көшпелі тайпалар пайда болды. Ал XII ғ. ортасында, олар қазіргі МХР территориясында, Хэйлунцзян өзенінің жоғары жағында және Байкал көлінің айналасындағы далаларда көшіп-қонып жүрген болатын.
Моңғолдардың өмір сүрген табиғи ортасы олардың алғашқы қауымдық кезеңдегі егіншілік, аңшылық және мал бағуды қатар алып жүрген күрделі жүйеден сараланып шығып, енді тек көшпелі мал шаруашылығымен айналысуына жағдай жасады. Ірі қара жөне ұсақ малдарды, жылқыларды асырауға қажетті су мен шөпке бай жайылым жерлерді іздеумен күнелтіп, қөшпелі моңғол тайпалары Ұлы даланың шексіз-шетсіз аймақтарына көшіп- қонып жүрді. Үй жануарлары моңғолдарды тамақпен асырады. Олардың терісі мен жүндерінен киім-кешек, жүннен үйге қажетті киіз және аяқка киетін жасалып, үй тұрмысындағы бұйымдар өзірленді. Көшпелілердің қолөнершілері жасаған бұйымдар көбінесе үй тұрмысында пайдаланылатын, ал малды өздерінің отырықшы көршілеріндегі көшпелілерге қажетті егіншілік заттарына, астыққа, қалалық қолөнершілердің бұйымдарына айырбастайтын. Көшпелі шаруашылығы, барған сайын, әртүрлі салаларға бөліне бастап, дамыған отырықшы халықпен арадағы сауданың мәні күн сайын артып отырды - қоғамының дамуы, көп жағдайда, Қытаймен арадағы байланысқа байланысты болды. Қытайдан алғаш рет моңғол өміріне темір бұйымдар енді. Шеберлерінің ұсталық тәжірибесін моңғолдар қару-жарақ жасауға пайдаланды. Жайылымдар мен құлдар үшін күресте моңғолдарға қару-жарақ өте қажет еді.
Моңғол қоғамының негізін басы бос, тәуелсіз араттар құрады. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын бүл шаруалар мал бағумен қатар, оның жүнін қырқу, одан киіз үйге қажетті киіз басу мен кілем тоқу дәстүрін де калыптастырды. Олардың шаруашылығында кейде соғыста тұтқынға түскен, содан құлға айналғандардың еңбегі де пайдаланылды.
Моңғолдардың көшпелі қоғамында уақыт өткен сайын, елеулі өзгерістерге өту кезеңі жүріп отырды. Алғашқы кезде рулық қауымның дөстүрі катаң сақталатын еді. Үнемі көшіп-қонып жүретін рулар бір жерге тоқтап коныстанғанда, ру басының киіз үйінің төңірегіне дөңгеленіп, соның айналасына үйлерін шеңбер жасап тігетін болған және бүл күрен деп аталатын. Дәл осы әлеуметтік дәстүр өте сұрапыл да қатал дала жағдайында, көшпелі өмірдің қиындыққа төзімділігін, әрбір ру мүшесінің қауіпсіздігінің сақталуын камтамасыз ететін. XII ғ. аяғынан бастап, мүлік теңсіздігінің өсуіне байланысты моңғолдар қандас туыстық белгілері бойынша жақын, аздаған отбасылардың басын біріктірген айыл болып көшуге дағдылана бастайды. Рудың ыдырауға ұшырауына байланысты, өкімет билігі үшін ұзаққа созылған күрес кезінде алғашқы тайпалық одақтар пайда бола бастайды. Тайпалық одақтардың басында, тайпа ақсүйектерінің - нойондардың мүддесін іске асырушы, мұрагер билеушілер отырды.
Моңғол тайпалық одақтарының ішінде борджигин руынан шыққан Есугей батыр басқарған одақтың аты кеңінен танымал болды. Оның тайпасы казіргі Үлаан - Батордың солтүстігі мен шығыс жағындағы далаларда көшіп жүретін еді. Ол өзінің беделі мен ерлігі арқасында күшті тайпалық одақтың көсемі, яғни қағанына айналады. Есугей батырдың ерлік әрекетін оның баласы Темучин жалғастырады. Әкесінің жауынгерлік мінезіне тартқан Темучин өзіне біртіндеп батыс жақтағы Алтай тауларына дейінгі, Шығысында - Хэйлунцзян езенінің жоғары жағына дейінгі жерлерді басып ала бастайды, сөйтіп моңғолдық жер иеліктерін кеңейтеді. 1203 жылы ол өзінің саяси бәсекелестері Жамуға мен Уаң ханды жеңіп шығады.
1206 жылы нойондардың құрылтайында Темучин бүкіл моңғолдардың билеуші ханы - Шыңғысхан (1155-1227 жж. шамасы) деп жарияланады. Ол өзінің мемлекетін Моңғол мемлекеті деп жариялап, бірден басқыншылық әрекеттерін бастайды. Шыңғысхан өзінің мемлекетті басқару әдістері мен заңдары туралы атақты Ясасын жазады. Онда басқыншылық соғыстар моңғолдардың өмір сүру тәсілі деп көрсетіледі. Шыңғысханның әскерінің барлық күш-қуаты оның көшпелі өмірде әбден шыныққан атты әскерінде болатын.
Моңғолдардың әскери өмір салтын нойондарға қызмет ететін, ру ақсүйектерінің ішінен құралған өскери жасақтар - нөкерлер қалыптастырды. Осы рулық әскери жасақтардан моңғолдардың қарулы күштері құралды, оларды қанды жорықтарда әбден шыңдалған, рулық қандас туыстық қатынаспен бекітілген жетекшілер басқарды. Моңғолдардың әскерінің қатары олардың жаугершілік кезінде қолға түсірген түтқындары есебінен толықтырылып отырды.
Моңғолдардың басқыншылық соғыстары 1209 жылғы Батыс Ся мемлекетіне жасаған шабуылынан басталады. Таңғұттар өздерін Шыңғысханның вассалымыз деп мойындап қана қоймай, моңғолдар жағына өтіп, чжурчжэндердің Цзинь империясын талқандауға қатысады. Шыңғысханның' жағына оңтүстік Сүң империясы да өтіп, уақытты ұтымды пайдалану мақсатымен, чжуржэндерге жыл сайын төлеп келген алымдарын тоқтатып, оларға қарсы моңғолдармен бірлескен одаққа қосылатынын мәлімдейді. Моңғолдар болса Солтүстік Қытай жеріне билігін орнықтыруды өте жылдам белсенділікпен іске асыра бастайды. 1210 жылы моңғолдар чжурчжэндердің Цзинь мемлекетінің шекарасына өтіп, бұл елге де басқыншылық соғысын бастайды. Моңғолдар чжурчжэндер басып алған бұрынғы Қытай жеріндегі қалалар мен ауылдарды тонап, халықты қырғынға ұшыратып, алға жылжиды. Цзинь әскерлері куатты моңғол әскерінің күшіне төтеп бере алмай, моңғолдардан бітім сұрайды. Шыңғысханның әскері алғашқы кезде қала-бекіністерді алудағы төжірибесінің жоқтығынан біраз қиындыққа тап болып, әскерлері біраз шығынға ұшырағандықтан, 1211 жылы уақытша чжурчжэндердің бұл өтінішін қабыл алып, бітімге келеді. Бірақ бүл жағдай ұзаққа созылмайды, сәл тыныстаудан күш алған моңғол әскері шабуылын қайта бастайды. 1215 жылы моңғолдар Пекинді ұзақ уақыт қоршауға алып, ақыры басып алып, оны қирауға ұшыратады.
Чжурчжэндердің моңғол әскерінен тез арада жеңіліс табуының себебі, XII ғ. аяғы мен XIII ғ. басында Цзинь империясында үлкен езгерістер жүрген еді. Олардың біразы отырықшылық өмірғе көшіп, егіншілікпен айналысқан болатын. Осының нәтижесінде чжурчжэндердің коғамында әлеуметгік жіктеліс жүріп, ол бұл этностың ішіндегі шиеленісті өршітіп, жікке бөлінуді күшейтіп жібереді. Ұйыған тұтастықты жоғалту және әскердің бұрынғы күш-қабілетінен айрылуы чжурчжэндердің моңғолдардан ойсырай жеңілуіне әкеп соққан еді. Сонымен қатар жергілікті қытай халқының біразы чжурчжэндердің әскері қатарында соғысып, қалаларды қорғау, бекіністер салуда көмектессе, екінші бір қытайлық топтар моңғолдар жағына өтіп, оларға чжурчжэндерді жоюға көмек керсетті. Оңтүстік Сұң мемлекеті моңғолдармен келісімге келіп, чжурчжэндерғе қарсы моңғолдармен әскери одаққа бірігеді, сөйтіп, 1224 жылы онтүстік Қытай Цзинь императорына салық төлеуді тоқтатады. 1226 жылға қарай моңғолдар Цзинь империясының біраз жерін басып алады.
Шыңғысханның әскері алға жылжи отырып, Шаньдунді бетке алады. Содан кейін әскердің бір бөлігі Кореяны бетке алып, солтүстік-шығыска жылжиды. Алайда, моңғолдардың негізғі күштері кері қайтып, еліне аттанады да, 1218 жьшы Батысқа жорығын бастайды. 1218 жылы Батыс Ляонын бұрынғы иеліктерін басып алып, моңғолдар Орта Азиядағы Хорезм мемлекетінің шекарасына жақындайды.
Ал моңғолдардың Батыс Ся мемлекетіне шабуылы Шыңғысханнын көз тірі кезінде екінші рет басталып, кері қайтқан болатын, енді 1226 жылы моңғолдар сегіз жыл өткізіп барып, қайта шабуылдайды. Таңғұттарды ойсыра жеңғен Шығысхан ескері, бүл Батыс Ся мемлекетін 1227 жылы біржола жойып, осы жеңісті жорықтан қайтып келе жатып, Шыңғысқан қайтыс болады. Моңғол мемлекетін уақытша оның кіші ұлы Төле билейді.
Моңғолдар Қытайдың солтүстіқ-шығыс жерін басып алу кезінде ірі қиындыққа тап болады. Моңғол әскерлері биік тау асуы Туңғуаннан Хуаңхэ өзенінен өтуге, сөйтіп, Хэнань жеріне жетуге ұзақ уақыт әрекеттенеді. Хэнаньға ақыры моңғол әскерінің тұяғы тигенімен, бұндағы қытай қалалары қатты қарсылық көрсетеді. Қоршауға алынған Қайфын қаласы жанталаса қарсыласады. Қалада ашаршылық орнап, оны қорғаушылар жаппай қырыла бастаса да, қала қарсыласып бақты. Қару-жарақ таусылғанда, кайфывдықтар моңғолдардың әрбір атқан жебесінен терт жебе жасап, онымен өздеріне қарсы оқ жаудырды.
Моңғол мемлекетінің ұлы ханы болып, 1229 жылы, Шыңғысханның екінші ұлы - Үгедей сайланады. Империяның астанасы ретінде Қарақорым қаласы белгіленді (қазіргі Ұланбаатор қаласының оңтүстік-батыс жағында) . Осыдан кейін моңғолдардың атты әскері ұлы қабырғаның оң жағына қарай аттанып, чжурчжэндердің қолында қалған жерлерді басып алуға кірісті. Осы Цзинь мемлекетінің басына ауыр қүн туған кезінде, Үгедей оңтүстік Тұң императорымен чжурчжэндерге қарсы әскери одақ құрады, ол үшін тұңдарға Хэнань жерін беруге уәде етеді. Моңғолдармен одақтасуға бара отырып, қытай үкіметі олардың көмегімен өздерінің ежелгі жауы - Чжурчжэндерді талқандап, олардың басып алған жерлерін қайтарып аламыз деп үміттенді. Алайда бүл үміт ақталмайтын арман еді.
Солтүстік Қытайды бағындыруды аяқтап, 1234 жылы моңғолдар Чжурчжэндердің мемлекетін толық талқандайды. Ел іші қаңырап бос қалды. Чжурчжэндермен соғысты аяқтай салысымен, моңғолдар оңтүстік Сұң
империясына қарсы, олармен жасалған қелісімді бүзып, соғыс жариялайды. Осы уақыттан бастап, қытай халқының моңғолдарға қарсы жүз жылға созылған кескілескен қарсыласу соғысы басталады. 1235 жылы моңғол әскерлері Сұң империясының жеріне басып кіргенде, олар жергілікті тұрғын халықтың жан беріп, жан алған қарсылығына тап болады. Қоршауға алынған қалалар жан аямай қорғанды. Моңғолдар оңтүстік Қытайды бағындыру үшін, оларға қарсы төрт ірі жорық жасады. Моңғол хандарының құрылтайында басқыншылық корықтардың болашақ жоспарлары жасалып, кімнің қайда аттанатыны белгіленеді. 1251 жылы моңғолдар Қытайға Хұбылай бастаған үлкен әскери күштерін аттандырады. Осы жорықтардың бірінде ұлы моңғол хандарының бірі Меңке қатысып, Сычуандағы Нунции қаласын қоршау кезінде, ол қайтыс болады. Сычуандағы жеңістен кейін моңғолдар Гуансидегі Учан қаласынан шығып, Гулянды алған соң, солтүстіққе қарай Чаншаға жақындайды. Янцзының жағалауында шабуыл солтүстіктен оңтүстікке қарай басталады. 1257 жылдан бастап моңғолдар Оңтүстік Сұң империясын жан-жақтан қоршауға алады, әсіресе олардың әскері Дайвьет мемлекетінің шекарасына жақын келіп, Тибет пен Наньчжао мемлекетін бағындырған соң, қауіпті қүшейте түседі. Сөйтіп, Сұң империясы үш жақтан қоршауға алынады. Бірақ оңтүстіқ сұңдық астана Ханчжоуды алу үшін моңғолдар 1279 жылға дейін күресті. Моңғолдардың әскері астанаға жақындағанын білген соң, Сұң үкіметі олармен кеселіссөз жүргізуғе асығады, ақыры 1279 жылы Ханчжоуды соғыссыз береді. Сол жылы астананы алғаннан кейін де, қытай еріктілерінен құралған әскерлері моңғолдарға қарсы азаттық жолындағы күресті тоқтатқан емес. Сұң сарайы елдің қорғанысын қамтамасыз етуғе дәрменсіз болғанымен, халық отанын жан аямай қорғай білді. Басқыншыларға қарсы кескілескен қарсы топ Вэнь Тяньсяң (1236-1282) басқарған армия ұзақ уақыт жалғастырды. Ұзақ уақыт қорғаныстан кейін, 1276 жылы Цзянсиде Вэнь Тян жеңіліске ұшырап, тұтқынға түседі. Хұбылайға қызмет еткеннен гөрі өлуді артық көрген ол, өзін өлім жазасына кескенді калады. Түрмеде отырып жазған оның патриоттық елеңдері халыққа кеңінен танымал болды. Кейбір әскери қолбасшылары сұң флотының кемелерімен аралдарға қарай кетіп, моңғолдарға қарсы күресті теңізде де жалғастырады. 1280 жылы моңғолдармен теңіздегі шайқаста қытай әскерінің қалған бөлігін талқандайды. Осылайша бүкіл Қытай жеріне моңғолдардың үстемдігі орнайды.
ХІІІ ғасырдың екінші жартысында төмен бүкіл монғол империясы өзінің ыдырауы жағдайына жақындаған болатын. Бұл процесс Мүнке ханның өлімінен (1251-1259) кейін тіпті күшейе түсті. Монғол империясы бөлшектерге ыдырап, ақыр соңында бірнеше мемлекеттерге бөлініп, әр қайсысы өз бетінше өмір сүріп, дами бастады. Империяның ішіндегі саяси тоқырау күшейген кезде, Монғол феодалдары арасында қаған тағы үшін, артықшылықтар мен билік үшін күрестер асқына түсті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz