Беттестіру жүргізудің-техника криминалистикалық және тактика криминалистикалық аспектілері


Түсінік хаты
Бітірушілік біліктілік жұмысының тақырыбы ”Беттестіру жүргізудің-техника криминалистикалық және тактика криминалистикалық аспектілері”. Бұл тақырыптың мазмұнын ашу барысында жауап алудың тактикасына тоқталмай кету тіптен мүмкін емес. Себебі, беттестіру жауап алудың бір түрі. Сондықтан жұмысты орындау барысында ғұрыптық тәсіл қолданылып, бірінші кезекте жауап алудың тактикасына тоқталынып, оның ішінде беттестіру тактикасында жеке сұрақ ретінде қарастырылды.
Жалпылай алғанда жұмыс кіріспеден екі тараудан және қортынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Әр тарауда екі-екіден сұрақтың мазмұны ашылды.
Кіріспе бөлімінде қарастырылып отырған тергеу әрекетінің маңыздылығы, оның өзектілігі ұсынылды.
1-ші тарау жауап алудың жалпы ережелері деп аталынып онда, жауап алу, оның түсінігі, оның түрлері және міндеттері және жауаптың қалыптасу кезеңдері туралы мәселер қарастырылды.
2-ші тарау тергеу әрекетінің тактикалық ерекшеліктері атауымен екі сұрақ қарастырылды, біріншісі жауап алғанда қолданылатын тактикалық әдістер ал екінші сұрақта беттестіру тактикасының мазмұны кеңінен ашылып көрсетілді.
Қортынды да жалпы тақырып бойынша қорытынды жасалынып, өз тұрғымнан ұсыныстар келтірілді.
Қолданылған әдебиеттер тізімінде жұмысты орындау барысында қолданылған әдебиеттердің тізімі келтіріліп оларға сілтемелер жасалынды.
Кіріспе
1 тарау Жауап алудың жалпы ережелері.
1. 1. Жауап алу, оның түсінігі, оның түрлері және міндеттері
Жауаптың қалыптасу кезеңдері
2 тарау Тергеу әрекетінің тактикалық ерекшеліктері
2. 1. Жауап алғанда қолданылатын тактикалық әдістер
Беттестіру тактикасы
Қортынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Жауап алу, оның түсінігі, оның түрлері және міндеттері.
Тергеу өдірісінде жауап алу-бұл қылмыстық іс үшін маңызды мәліметтерді игеру тұлғалардан көрсетім алу процесі.
Жауап алу-дәлелдемелерді жинаудың кең тараған тәсілдері болып табылады.
Жауап алудың мақсаты болған оқиға туралы шынайы, жан-жақты, толық көрсетім алумен қортындыланады. Бұл көрсетімдер дәлелдемелердің нақты дәлелдемелерді құрамында алып жүретін дәлелдемелердің қайнар көзі болып саналады. Сезіктілер және айыпталушылар үшін жауап алу өздерінің қылмысқа қатыстылығын немесе кінәләгін теріске шығарушы қорғану құралының бірі болып саналады. Бұл жауап алуды тергеу әрекеті ретінде маңыздылығын бағалап ескеру үшін қажетті.
Жауап алу тергеушіге тергелудегі қылмыстық іс бойынша оқиғаға немесе оған қатысты тұлғаларға байланысты ақпараттар беру процесі болып саналады. Бұл ақапараттар жауапталушыға қылмыс көрінісі болып жатқанда қабылданып, есінде сақталып, сонан соң тергеушіге беріледі. Ол құбылыстарды қабылдау, ақпараттарды жинақтап, оны бергенге дейінгі кезең психологиялық сипат алады, осы аралықта адамның психологиясына неше түрлі объективті және субъективті факторлар әсер етіп, ол қылмыс немесе оқиға туралы көрсетім беруде оның шынайылығына, толықтылығына әсер етеді.
Жауап алу дегеніміз заңда көрсетілген тергеу және сот әрекеті. Ол арқылы жасалған қылмыстың мән-жайлары жөнінде керекті деректер, мәліметтер алынып, олар қылмысты ашуға пайдаланылады. Іс жүргізу жағдайына байланысты жауап беретін адамнан жауап алудың бірнеше түрі бар. Атап айтқанда, жауапталушының процесуалдық жағдайына қарай:
-жәбірленушіден;
-сезіктіден;
-куәгерден;
-айыпкерден;
жауапталушының жасына қарай:
-ересектерден;
-кәмелеттік жасқа толмағандардан;
қатысушылардың құрамына қарай;
-үшінші тұлғалардың қатысуынсыз, қорғаушының қатысуымен;
-сарапшыдан;
-маманнан;
-кәмелеттік жасқа толмағанның заңды өкілінен;
-педогогтан;
-аудармашыдан жауап алу деп түрлерге бөлінеді. Кімнен жауап алынса да ол қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі тиіс. Бірақ іс бойынша неғұрлым көп, маңызды мәліметтер жинап, осы тергеу әрекетінің сапасын арттыру үшін жауап алғанда бұған тиімді, ыңғайлы тактикалық әдістер қолданылады. Бірақ ол қанша ыңғайлы болғанымен заңда көрсетілген тәртіпке қарсы келмеуі керек.
Сонымен қатар, алғашқы, қайталап, қосымша жауап алу деп бөлуге де болады.
Алғашқы жауап алу, толық көлемде жауап алу құралы /тактикалық түсініктерден тергеуші алғашқы жауап алуда, басқа тергеу әрекеттерін жүргізумен анықталатын жағдайларды қоспағанда, мысалы тергеу экспериментін жүргізу арқылы тергеуші басқа да бір мән-жайларды анықтауы мүмкін, сонан соң ғана тергеуші жауап алу барысында ол жәйттер туралы жауап алу барысында сұрауы мүмкін/.
Қайталап жауап алу барысында тергеуші жауапталушы алдыңғы жауап алу барысында көрсетілген қандай да бір жәйіттер анықтау мақсатында қайта оралуы. Қайталап жауап алудың мақсаты: бұрын алды алынған көрсетімдерді нақтылау, алғашқыда алынған көрсетімдерді салыстыру үшін, жауапалушының жалған жауап беруіне ыңғайлауы немесе толық көрсетім бермеуі.
Қосымша жауап алудың қайталап жауап алудан айырмашылығы-бұл алдыңғы жауап алу барысында көрініс таппаған іс бойынша жағдайлар туралы көрсетім алуы. Қосымша жауап алудың тапсырмасы алдыңғы алынған жауаптарды толықтыру. Сол себепті қосымша жауап алу еркін айтусыз сұрақ-жауап сызбасында жүргізілуі мүмкін.
Жауап алу тактикасы, криминалистикалық тактиканың тарауы ретінде өзінің таным ережелерін ұсынады, олар әрбір жауап алудың түрлері үшін сипатты. Жауап алудың тактикалық ерекшеліктері қылмыстық істердің ауырлығына, тергеу әдістемесінің ерекшелігіне байланысты өңделеді.
Жауап алудың қандай да болмасын тактикалық тәсілдері таңдалып алынсада ол әрекеттер заң шеңберінен шықпауы керек және де жауап алынуға ешкім мәжбүрленуі тиіс емес. Объективті жағынан жауап алуға мәжбүеу қылмыстық жауаптылыққа тартылумен ұштасады. Ол ҚР ҚК-нің 347-ші бабында айыпталушыдан, сезіктіден, жәбірленушіден, куәгерден мәжбүрлеп жауап алуға рұқсат етілмейтіндігі көрсетілген. Осы баптың екінші бөлімінде заңгер зорлық-зомбылық әрекеттер жасап жауап алудың қауіптілігі жайлы айтады.
Тергеулік ахуал сипаттамасына қарай даулы және даусыз деп те бөлуге болады.
Даусыз ахуал деп егерде жауапталушы қандай да болмасын процесуалдық жағдайына қарамастан, тергеудегі қылмыстық іс бойынша шынайы толық түрде көрсетім беріп отырғанда қалыптасады.
Даулы жағдай, көп жағдайларда сезіктілерден, айыпталушылардан жауап алу барысында белең алады. Себебі, қылмыстық қатысушылардың бұл түрі өздерінің жасаған қылчмыстық әрекеттерін жасыру мақсатында тергеушіге жалған жауап беріп, алдын ала тергеудің бағытын бұрып, кедергі келтіруге тырысады.
Жауаптың қандай түрі болмасын оның әрбірі өзіне тән тактикалық ерекшеліктеріне бойынша жүргізіледі. Дегенмен де жауаптың кез-келген түрін жүргізу барысында жалпыға ортақ процесуалды және тактикалық сипаттағы жалпы ережелері бар.
Қылмыстық іс жүргізу заңдылығы жекелеген баптарында жауап алудың ерекшеліктеріне қарай әр түрлерін және тәртіптерін қарастырады: куәлардан, жәбірленушіден, сезіктілерден, айыпталушылардан, кәмелеттік жасқа толмағандардан жауап алу. Сонымен қатар, ҚР ҚІЖК-нің 213-ші бабы жауап алудың қандай түрі болмасын жалпы басшылыққа алынуға қажетті жалпы ережелерін ұсынады.
Мысалы, 14-пен 16-ты жасқа толмағандардан жауап алу барысында тергеушінің шешімі бойынша тергеу әрекетіне педогог қатысуы мүмкін. Сонымен қатар, қажеттілігіне қарай тергеу әрекетін жүргізу барысында кәмелеттік жасқа толмағандардың заңды өкілдері де қатыстырылады. Жауап алмастан бұрын оларға қылмыстық іс бойынша жалған жауап бергендігі немесе жауап беруден бас тартқаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылатындығы ескертіледі, сонымен қоса, жауапталушының міндеттері мен құқықтары да түсіндірілуі тиіс.
Жауап алғанда қылмысты оқиғаға қатысты мынадай мәліметтер:қылмыстың болған уақыты, оның орны, амал-әдісі, қылмысмысты кімдердің жасағандығы, оған қанша адамның қатысқандығы, жасалған әрекеттің зардабы, залалы, сипаты мен мөлшері және қылмысты оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталады. Бұлар-заңда көрсетілген, міндетті түрде дәлелдеуге жататын жағдайлар, қылмысты оқиғаға тікелей қатынасы бар деректі мәліметтер. Сондай-ақ жауап алу арқылы тікелей қылмысты оқиғаға қатынасы жоқ, бірақ қылмысты ашуға керекті аралық мәліметтер алынады. Айтайық, қылмыскердің қайда жүргенін, оның мекен-жайын білу үшін қылмыскердің ең жақын адамдарынан да жауап алуға тура келеді. Жауап алудың мұндай аралық түрінің, қылмысты оқиғаға тікелей қатынасы болмаса да, істі тез ашуда, қылмыскерді тауып ұстауға, істің кейбір мән-жайын анықтауда үлкен маңызы бар.
Жәбірленушінің, куәгердің жауаптары жасағаны басқа деректерді нақтылап, тергеушінің, судьяның оқиғаның мән-жайына толық қанығып, тиісті шешім қабылдауына зор септігін тигізеді. Дегенмен, болған қылмыстың мән-жайын қылмыскердің өзінен артық ешкім білмейді. Сондықтан қылмысты мойындап, өз қателігін дұрыс түсінген қылмыскерден аса маңызды мәліметтер алуға болады. Бірақ оны асыра бағалап, оған ерекше сенімділікпен қарауға болмайды. Өйткені істегі деректердің дәлелдемелік күштері бірдей, бірінен-бірінің артықшылығы жоқ. Сондықтан қылмыскердің қылмысын мойындап, берген жауабынада сын көзбен қарау керек. Тіпті, кей жағдайларда қылмыскердің жасаған ауыр қылмысын жасыру үшін, бір ұсақ қылмыстарын мойнына алып, тергеушіні осыған сендіріп, өзінің жасаған ауыр қылмыстарынан құтылып кетуге тырысуы мүмкін. Айып істегі барлық деректердің тұжырымды қортындысына ғана негізделуі тиіс.
Жауап алуға дайындық:
-жауап алу үшін бастапқы мәліметтерді жинауды;
-жауаптың тактикалық қамтамассыз етілуін;
-жауап алудың орнын, кезеңін таңдау және жауапталушыны шақыру тәсілін анықтау;
-жауап алуды техникалық қамтассыз етуді қамтиды.
Жауап алу үшін бастапқы мәліметтерді жинау дайындық кезеңі үшін жауап алудың үзіксіз элементі болып табылады, оның нәтижесін және тиімділігін анықтайды. Алғашқы ақпараттар өзінің шығу табиғаты бойынша әртүрлі болады. Олардың ішінде жауап алу затына жататынын бөліп алу қажетті.
Жауап алуға дайындық барысында тергеуші дәлелденуге жататын жағдайларды анықтап алу тиіс. Егерде тергеушіден нақты дәлелденетін жайлардың мақсаты болмаса, тергеу әрекетінің тиімдігі және қажеттілігі жоғалады. Қылмыстық іс құжаттарында жауап алу затына қатысты мәліметтер болады. Сол себепті қылмыстық істі тергеу жауап алу анықтау көзқарасында танысып шығуы тиіс. Осындай істер мен танысу, олардан қажетті мәліметтерді жазып алу, олардың қылмыстық істің қай бетте екендігін білуі, тергеу әрекетін жүргізу барысында дұрыс бағыт алуға мүмкіндік береді.
Жауап алу затына қатысты ақпараттар аранайы сипат алады. Ол тергеушіден аранйы әдебиеттермен танысып, оқуын талап етеді, яғни тергелудегі қылмыстық іс бойынша қандай да бір салалардың технологиясы, тауарайналымы туралы мәліметтер алынады. Мұндай жағдайларда тергеуші қажетті салалардың мамандарымен ақылдасып, кеңестер алуға мүмкіндігі де бар.
Жауап алу затына жатқызылатын ақпараттар жедел қайнар көздерден де алынуы мүмкін. Оны жауап алу барысында қолдану арнайы білімдерді қолдану ережелерін сақтау арқылы жүзеге асырылады, сонымен қатар ондай ақпараттардың дәлелдемелік емес, тек қана бағдарлаушы бағыты болатындығын естен шығармаған жөн.
Жауап алудың пәрменділігіне және сапасына тергеушінің осы тергеу әрекетін өткізу алдында жүргізген дайындық жұмыстары көп әсер етеді. Куәгер жәбірленушіден не қылмыскерден жауап алар алдында тергеуші, біріншіден деректерді, құжатарды толық оқып, танысуы керек. Іспен толық танысып болғаннан кейін, әр жауап алғанда қандай мәселелерге назар аудару керек екендігін анықтап, жоспарлап, жазып алуы тиіс. Әр жауапкерге қандай сұрақ қоюы керек екендігін және осы сұрақтарды қандай кезекте қою керек екендігін алдын ала анықтап, белгілеген жөн.
Жауап алуға дайындық үстінде осы адамның мінез-құлқы, моральдік және интелектуалдық қасиеттері жөнінде белгілі мәліметтер жинап, ол адамның кім, қандай адам екенін біліп, онымен қандай бағытта қалай сөйлесу керек екендігін тергеушінің алдын ала жүйелеп алғаны жөн.
Дайындық жұмыстарын өткізу барысында жауапты қай уақытта, қай күні алу керектігін шешу керек. Бұл мәселені шешкенде, жауап алуға шақырылатын куәгерлердің денсаулығы, жасы есепке алынуы тиіс. Әрине біреулер оны өтірік жауап беруге азғырып, көндіруі мүмкін деген қауіп туса, одан уақыт өткізбей дереу жауап алған жөн.
Жауап алу уақытысын белгілегенде тергеуші бұған өзінің бос уақыты бар ма, жоқ па соны мұқият ескеруі тиіс. Бұрын басқа тергеу әрекеттері жоспарланған, басқа да жұмыстар қат-қабат келген күнге жауап алуды белгілеуге болмайды. Асығыс, шаршап жүргенде өткізілген шараның сапасы, әрине, төмен болады.
Қай жерде жауап алу керек екендігі де алдын ала жоспарланады. Көбінесе тергеуші жауапты өзінің жұмыс бөлмесінде алады. Кей жағдайларда жауапкердің денсаулығына байланысты жауапты оның үйіне, не ауруханаға барып алуға тура келеді. Қылмыскер қамауда отырса, тергеуші одан жауапты көбінесе сол қамау орнында алады. Кейде айыпкерлерді тергеушінің талап етуі бойынша, қамау орнының әкімшілігі тергеушінің жұмыс бөлмесіне жеткізеді. Мұндай жағдайда егерде сезікті, айыпталушы уақытша ұстау абақтысында қамауда отырған болса, онда тергеуші айдаумен қамтамассыз ету мәселесінде қарастыруы қажет.
Жауап алу орнын және кезеңін таңдау. Жауап алудың кезінде таңдау жауапталушының игеруіндегі мәліметтердің, ақпараттардың тергеу үшін маңыздылығымен, олардың процесуалдық жағдайларымен және де олардың басқа да тұлғалармен байланысы мен анықталады. Кейбір жауапталушы тұлғалардан жауап алу кезеңі заңмен анықталынады, мысалы ұсталған, қамауға алынған сезіктіден жауап ұсталғаннан уақыттан 24 сағаттан кешіктірілмей, айыпталушыдан-айып тағылған уақытта тез арада жауап алынуы тиіс.
Жауап алудың кезеңі туралы сұрақты шешу тергеушінің таңдап алған тұлғалардан жауап алу кезектілігіне де әсер етеді. Бұл жағдайда тергеудің құпиялығы туралы сұрақтарда естен шығарылмауы тиіс. Сондай-ақ, кезек күттікмейтін жағдайлардан басқа, қатты жан күйзеліс жағдайындағы тұлғадан жауап алынуы мүмкіндігінше рұқсат етілмейді.
Сонымен қатар қай жерде жауап алынуы туралы сұрақты шешу нақты қалыптасқан ахуалға байланысты болады. Дегенмен де тергеуші, қандай ахуал болмаса да жағдайды, жауап алу жағдайына келтіруі керек, яғни психологиялық байланыс жасауға мүмкіндік туғызатын, тергеу құпиясын сақтау және т. б.
Тәжірибе көрсеткендей жауапталушыларды қызмет кабинетіне әкеліп, яғни ішікі істер органдарында жауап алу өте тиімді нәтиже береді. Дегенмен де тергеушінің жауапталушының қызцмет орнында немесе ауруханада, үй-жайында тергеу әрекетін жүргізуге мүмкіндігі бар бар.
Дайындық жұмысы жауап алу жоспарын құрумен аяқталады. Жауап алатын әр адамға арнап құрған жоспарда, оған қойылатын сұрақтар жазылады, істегі қандай деректер мен фактілердің дәлелденетіні көрсетіледі, ол деректерді қандай кезекте көрсету керектігі белгіленеді. Жазбаша жоспар құру тәжірибесінде аз жас тергеушілерге өте қажет. Көп эпизотты істерде мұндай жоспар істің мән-жайын толық зерттеп, анықтауға көмек береді. Көп эпизотты істер бойынша да тергеуші жоспар жасау барысында қылмыстық іске қандай қатысушыға байланысты қандай сұрақ қойылатындығы, әрбір қатысушыдан жауап алу кезектілігі, олардың қылмысты жасау барысында атқарған рөлдеріне де маңызды назар аударуы қажет.
Жауап алуға дайындық кезеңі барысында әрбір қылмысты жасауға қатысушылардың психологиялық жақтарын да ескерген жөн. Сонымен қатар, жауап алу барысында қолданылатын криминалистикалық техникаларды да алдын ала әзірлеген жөн. Егерде жауаптылушы сезікті немесе айыпталушы кәмелеттік жасқа толмаған болса, ондай жағдайда тергеу әрекетіне қатысатын қорғаушылар, заңды өкілдерінің қатысуын қамтамассыз ету шаралары да қарастырылуы тиіс.
2. Жауаптың қалыптасу кезеңдері.
Жауап алу мен беттестіру Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 26-шы тарауында қарастырылған. Осы заңның 211-ші бабында жауап алудың тәртібі қарастырылған.
1. Куә және жәбірленуші, сондай-ақ, бостандықта жүрген сезікті, айыпталушы жауап алуға олардан қолхат ала отырып тапсырылатын хабарлау қағазы арқылы шақырылады, ал олар болмаған жағдайда кәмелетке толған отбасы мүшелерінің, көршілердің, жергілікті атқарушы орган өкілдерінің бірі арқылы немесе олардың жұмыс немесе оқу орындарының әкімшілігі арқылы тапсырылады. Жауап алынатын адам өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып шақыртылуы мүмкін.
2. Хабарлау қағазында кімнің және кім ретінде, кімге және қандай мекен жай бойынша шақырылатыны, жауап алуға келетін уақыт /күні, сағаты/, сондай-ақ, дәлелсіз себептер мен келмеудің салдары көрсетіледі.
3. Кәмелетке толмаған адам оның ата-анасы немесе өзге заңды өкілдері арқылы шақырылады.
4. Күзетпен ұстаудағы сезікті және айыпталушының жауап алуға ол күзетте ұсталып отырған орынның әкімшілігі арқылы шақыртылады.
Жауап алудың орны мен уақыты жұмысты орындау барысында қарастырылған дегенменде ҚР ҚІЖК-нің 212-ші бабының талабын қарастырып өткенді жөн көріп отырмын.
1. Жауап алу алдын ала тергеу өтетін жерде жүргізіледі. Тергеуші қажет деп тапқан жағдайда жауап алуды жауап алынатын адам тұратын жерде өткізуге құқылы.
2. Жауап алу кейінге қалдыруға болмайтын жағдайлардан басқасында күндізгі уақытта жүргізіледі.
3. Жауап алу үзіліссіз төрт сағаттан артық жүргізілмеуге тиіс. Жауап алуды демалу мен ас ішуге арналған кемінде бір сағат үзілістен кейін жалғастыруға жол беріледі, мұның өзінде жауап алудың бір күн ішіндегі жалпы ұзақтығы сегіз сағаттан аспауы тиіс. Медициналық дәлелдер болған жағдайда жауап алудың ұзақтығы дәрігердің жазбаша қортындысының негізінде белгіленеді екендігі көрсетілген.
Осы заңның 213-ші бабы жауап алуды жүргізудің жалпы ережелерін ұсынады.
1. Жауап алудың алдында тергеуші жауап алынатын адамның жеке басын анықтауға тиіс. Егер жауап алынатын адамның іс бойынша жүргізіліп отырған тілді білетіндігіне күмән туса, оның қай тілде жауап бергісі келетіні анықталады.
2. Жауап алуға шақырылған адамға одан кім ретінде, қандай қылмыстық іс бойынша жауап алынатындығы хабарланады, осы Заңда көзделген құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі, бұл туралы хаттамаға белгі қойылады.
3. Жауап алу жауап алынатын адамға іс бойынша өзіне белгілі мән-жайларды айтуды ұсынудан басталады. Егер жауап алынатын адам іске мүлде қатысы жоқ мән-жайлар туралы айтса, оған бұл туралы ескертулер жасауға болады.
4. Егер баяндау аяқталғаннан кейін жауап алынып адамға айғақтарды нақтылау мен толықтыруға бағытталған сұрақтар қойылуы мүмкін. Жетекші сұрақтар қоюға тиым салынады.
5. Егер айғақтар цифрлық деректер мен немесе есте сақтау қиын өзге мәліметтер мен байланысты болса, жауап алынатын адам өзінің өтініші бойынша немесе оның келісімімен хаттамаға қоса тіркелуі мүмкін құжаттар мен жазбаларды пайдалануға құқылы.
6. Жауап алу барысында тергеуші жауап алынып отырған адамға заттай дәлелдер мен құжаттарды көрсете алады, ал еркін баяндау аяқталғаннан кейін қылымыстық іс материалдарындағы айғақтарды жария ете алады, ал еркін баяндау аяқыталғаннан кейін қылмыстық іс материалдардағы айғақтарды жария ете алады, дыбыс және бейнежазуларды немесе кино түсіру материалдарын тыңдап, көрсете алады.
7. Мылқау немесе саңырау куәдан, жәбірленушіден, сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу оның белгілерін түсінетін және онымен белгілер арқылы сөйлесе алатын адамның қатысуымен жүзеге асырылады. Мұндай адамның жауап алуға қатысуы хаттамада көрсетіледі.
8. Жауап алынатын адамның психикалық немесе өзгеде ауыр науқасы болғанда одан жауап алу дәрігердің рұқсатымен және оның қатысуымен жүзеге асырылады.
9. Тергелетін істің мән-жайлары бойынша бұрын берілген айғақтарды нақтылау немесе толықтыру қажеттілігі пайда болған жағдайда қайтадан /қосымша/ жауап алу жүргізілуі мүмкін екендігі айтылған.
Осы заңдың 214-ші бабында куә мен жәбірленушіден жауап алу тәртібі көрсетілген. Бір іс бойынша шақырылуған куәлардан, жәбірленушілерден басқа куәлардан және жәбірленушілерден бөлек жауап алынады. Тергеуші бір іс бойынша шақырылған куәлар, жәбірленушілер жауап алу басталғанға дейін өзара сөйлеспейтіндей шаралар қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz