Бөкей ордасының құрылуы


Бөкей ордасының құрылуы.
Кіші жүз - үш жүздің ішіндегі жерді ең көп иеленген өлке. Ол Жайық пен Тобылдаң бастап Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі алқапты қамтып (850 000 шақырым) жатыр. Оңтүстіг інде Хиуа, Қоқан хандықтарымен, Түрікмен, Қарақалпак иеліктерімен, солтүстігінде Ресейдің Астрахан, Саратов және Орынбор губернияларымен, шығысың да Ұлы және Орта жүз жерімен шектеседі.
_ ХІХ ғасыр басында Кіші жүздің біркатар ауылдары Ресей империясының құрамындағы Жайық пен Еділ өзендерінің төмеңгі ағысын қамтыды. Олар кейін Бөкей ордасы немесе Ішкі орданы (географиялык орналасуы бойьнша) құрды. 1801 жылғы 11 наурызда император I Павелдің Жарлығымен Кіші жүз қазақтарының осы жерде көшіп-қонуы заңдастырылды. 1803 жылғы есепке карағанда олардың мал саны едәуір болған (70мың түйе, 30мың жылқы, 250 мың ірі қара мал, 1 миллионнан астам қой) .
Патша үкіметі Кіші жүз руларына Жайық пен Еділ арасында еркін коныстануға қайта мүмкіндік беру арқылы қазақтардың жер үшін күресін біршама бәсеңдетіп, оны өзінің отарлау саясатындағы басты бағыт деп қарастырды.
Бөкей Нұралыұлы (1804 - 1845жж) - Кіші жүздің белді сұлтандарының бірі. Саяси күреске ХVIII ғасырдың соңынан араласа бастаған. Өзінің туған ағасы Қаратаймен алакөз болып, кейіннен Айшуақ ханмен де жағаласты. ХIX
ғасырдың басында осы Ханның кеңесіне төраға болды, алайда тәкаппарлығы оның бағыныштылығына жол бермеді, орыс өкіметіне жағымды болды.
Жәңгір жас кезінен білімге құштарлығын байқатты. Астрахан губернаторының үйінде тәрбиеленді. Парсы, орыс, араб тілдерін білді. Сауда-саттыққа қамқорлық жасады. Ресей елінде белгілі қайраткер ретінде бедел мен билікке ие болды.
Бөкей хандығы құрылуының алғашкы жылдарынан бастап - шұрайлы, тәуір жайылымды жерді, хан өз туыстары мен хан сарайындағы ақсүйектерге бөліп берді. Өйткені Бөкей - Ішкі орданың хандары тақты ұзак ұстап отыра алмайтындықтарын түсінді. Екіншіден, _Ресей императоры ордадағы ішкі мәселелерді шешуде Бөкей мен оның мирасқорларын орыс үкіметінің сойылын соғатын қолшоқпар ретінде ғана таныды. Жәңгірдің империя мүддесін қалтқысыз қорғауға тырысатынына Ресей билеушілерінің күмәні болмады.
Патша үкіметіне толық арқа сүйеген Ішкі орда ханы қолына әкімшілік, сот биліктерін шоғырландырып, орданы басқару жүйесінде бірқатар өзгерістерді іске асырды. Бұған дейін бұрынғы қазақ хандарының тұрақты ордасы болмаса, енді патша үкіметі каражатына Жасқұс деген жерде хан сарайы салына бастады. Сұлтандардан құралған "Хандык, кеңес" нақты жеңілдіктерге ие болған, шын мәнінде хан саясатын іске асыратын өкілдік мекеме еді. 1827 жылы ұйымдастырылған, 12 биден құралған "Хандық кеңес" те орда әкімшілігінің басты құрамды бөлігі болды. Сонымен қатар хан тапсырмаларын орындайтын 12 старшын орда ішінде баж салығының жиналуын қадағалап, ордадан тыс жерлерде қазақтар мүддесіне байланысты мәселелермен айналысты. Басқару жүйесін өзгерту, хандық билеп-төстеу саясатының күшеюі, сондай-ақ алым-салық көлемінің жылдан-жылға ұлғаюы - қазақы дәстүрлі құқықтардың әлсіреуіне, жергілікті феодалдық топтардың халықты езіп-жаншуы тереңдей түсуіне алып келді.
. 2. Мәдениет және қоғам
1828 жылы Жәңгір өз үйінің бір бөлмесіне әулеттік-династиялық құнды заттарды, ат әбзелдерін, жауынгер қару-жарағын жинастырып, қару-жарақ палатасын ұйымдастырады. Бұл - қазақ жерінде ашылған тұңғыш музей болатын.
1841 ж. желтоқсанның 6 Нарынқұмда Қазақстан тарихында ең түңғыш қазақша-орысша білім беретін мектеп ашылды. Бұл мектептен есімі елге танылған талай тұлғалар білім алды. Солардың бірі - қазақтан шыққан ғалым-этнограф Мұхамедсалық Бабажанов. Оның қазақтар жөніндегі зерттеулері, тарихи мұралары туралы басылымдары жоғары бағаланып, 1862 жылы Орыс жағрапиялық қоғамының күміс медалімен марапатталады. Жәңгір мектебінен білім бастауын алған жүзден астам ғалым-зерттеушілер, Асан Тайманов сынды жиырмадан астам академиктер шықты.
1844 ж. Қазақ жастарының Ресейдің жоғары оқу орындарында оқуы үшін вакансиялық орындар алынды. Осы уақытта көшпелі және жартылай көшпелі қазақ халқына қызмет ететін дәріхана және емдеу орны, өте сирек кездесетін экспонаттары бар қару-жарақ музейі ашылды.
Бөкей хандығынан шыққан көрнекті композиторлар Құрманғазы мен Дәулеткерей Қазақстанның мәдениеті мен қоғамдық ойының тарихында орасан зор рөл атқарды.
Бөкей хандығы құрылуының алғашқы жылдарынан бастап шұрайлы тәуір жайылымды жерлерде хан өз туыстары мен хан сарайындағы ақсүйектерге бөліп берді. Өйткені Бөкейдің - Ішкі орданың хандары тақты ұзақ ұстап отыра алмайтындарын түсінді.
Жәңгір өз қоластындағы халқының денсаулығына да үлкен көңіл бөліп отырған. 1825 ж. С. Жәнібеков деген қазақты шешекке қарсы екпе жұмысын жүргізуді үйрену үшін оқуға жібереді. 1826 ж. бастап Ордада шешек ауруына қарсы екпе жұмыстары жүргізіледі. 1832 ж. Жәңгір ханның шақыртуымен Хан ставкасына дәрігер А. А. Сергачев келеді. Кейін 1839 ж. тұңғыш дәріхана ашылады. Осы кезеңдерде Ордада В. Ф. Евланов, Пупорев, т. б. дәрігерлер қызмет атқарады. 1852 ж. Ордада 16 кереуеттік қоғамдық аурухана ашылады. Бүл аурухана күні бүгінге дейін сақталып, халыққа қалтқысыз қызмет етіп келе жатыр.
1832 ж. хан Жәңгір халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, сауда-саттық саласын дамытып, жолға қою мақсатында жәрмеңке ұйымдастырады. Жәрмеңке көктем және күз айларында өткізіліп, оған Ресейдің Сарытау, Мәскеу, Нижний Новгород, т. б. губернияларынан саудагерлер келген. 1846 ж. көктемгі жәрмеңкеге 3883 адам қатысса, 1851 ж. тауар айналымы 1, 5 миллион күміс ақша құраған.
Жәңгір бөкейлік қазақтардың өз дінін жоғалтпай, сақтап қалуы үшін 1835 ж. өз үйінің ауласына ерекше архитектуралық үлгімен мешіт салдырады. Ел ішінде оны «Хан мешіті» деп атаған. Сол кездегі хандықтың құрамына қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек, Қазтал (Казталовка), Жаңғала, Бөкей ордасы (Орда) аудандары, Атырау облысының Махамбет, Құрманғазы аудандары, көршілес Ресейдің Волгоград облысы Палласовка ауданының, Астархан облысы Құмөзек, Володарский, Қарабайлы аудандарының бір бөлігі енген.
Шаруалар көтерілісінің басталу себептері және оның барысы. Бөкей ордасындағы ауылдық-қауымдык, жерді ірі орыс помещиктері Юсупов пен Безбородконың хан туыстары мен баска да ақсүйек топтардың иемденіп ал-уы, билеуші топтардың озбырлығы, патшаның және Астрахан губернаторының қолдауына арқа сүйеген Жәңгір билігінің бұқара мүддесіне қайшы келуі - жалпы хандык басқару жүйесін шайқалтты. Алым-салықтың ауыртпалығы да әлеуметтік қарсылыктың тереңдеуіне себепші болды. Жыл сайын хан сарайына ноғай, қызыл-құрт, байбакты, жагаппас, адай, беріш, есентемір, жетіру, серкеш, алшын рулары 10 - 50 мың сом аралығында ақшалай салык төлеуге тиісті болды. Сонымен қатар күзде әрбір шаңырак хан сарайы мұқтаждығына кұны кем дегенде 70 сомнан кем түспейтін бір жылкыдан беруге міндеттелді.
Ата-бабасының жерінде көшіп-конғаны, шөп жинағаны, орыс помещиктерінің шабындығын басып өткені үшін де арнайы салық төлеген казақтардың жағдайы тіпті қиындады. Ішкі ордамен іргелес өңірде орыс бекіністерінің салына бастауы, патша шенеуніктерінің, помещиктері мен жергілікті аукатты топтардың қазақ шаруаларын екі жақтап қанауы көтеріліске антифеодалдық кана емес, Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы бағыт берді. Көтеріліске 1833 жылы Жәңгір ханның өз қайын атасы Қарауылқожа Бабажанұлын Каспий теңізі өңірінде көшіп жүрген қазақ руларына билеуші етіп тағайындауы түрткі болды. Әрине, Жәңгір ханның әділетсіздігі мен қазақ шаруаларына ракымсыздығы да халыктың наразылығын тудырмай қоймады.
Қожаның жүгенсіздігі, Жәңгір және оны қоршаған әлеуметтік топтардың халық мүддесімен санаспауы ішкі тартысты жылдан-жылға шиеленістірді. Қарауылқожаның үстінен түскен бұкараның шағымдарына Жәңгір мән бермей, жауып тастап отырды. Әбден зығырданы қайнаған шаруалардың әділетті талаптарын орындатудың бір ғана жолы - отаршылдықка, феодалдык озбырлыкка қарсы қарулы күрес екендігіне жәбірленгендердің көзі жетті.
Ішкі ордадағы көтеріліс үш кезеңге бөлінед і. 1833- 1 836, жылдар - көтерілістің басты алғышарттарының қалыптасуы; 1837 жылдың басынан осы жылдың аяғына дейін көтерілістің етек алған кезеңі, патша жазалаушы әскерімен, хан итаршыларымен қақтығыстар; 1 837 жылдың желтоқсан айынан 1838_жылғы шілде айына дейін көтерілісшілер күшінің әлсіреп, жеңілу кезеңі.
Көтерілістің негізгі козғаушы күші - қазак шаруалары. Сонымен қатар оған бірқатар старшын, билер де катысты. Алайда көтеріліс тегеуіріні әлсірей бастағанда үстем тап өкілдері Жәңгір мен патша жазалаушы отрядтары жағына қарай жалтарып, солқылдақтық көрсетіп, оның жеңілісін тездете түсті.
Көтеріліске старшындар батыр Исатай Тайманұлы (1791 - 1838жж. ) мен атакты акын Махамбет Өтемісұлы (1803 -1846 жж. ) басшылық етті. Қозғалыстың белгілі басшыларының арасында Исатайдың серіктері Сарт Еділұлы, Тінәлі Тайсойғанұлы, Ұса Төлегенұлы, Иманбай Қандыбайұлы тағы да баска бұкара арасынан шыққан, көтерілістің аяғына дейін жан аямай алыскан ерлер бар еді.
Исатай Тайманүлы жасынан өзінің тапкырлығымен, қабілетімен көзге түсті. 1812 жылы оны Бөкей хан берәш_руының Жайық бөлімінің с тарщыны етіп тағайындаған. 1814 жылы Орын бо р Шекаралык, комиссиясы старшындыққа бекіткен. 1817 жылдаң бастап Исатай батырдың патша шенеуніктерімен байланысы салқындай бастады. 1817-1823 жылдары Орынбор генерал-губернаторының көрсетуі бойынша жала жабылып, сотқа тартылған Исатай ақталып шыққанымен, хан сарайымен қарым-қатынасы суи берді. Жәңгір ханның Исатайдың соңына түсуі жерден айырылып, озбырлыққа душар болған халықтың мүддесін қорғап, әлеуметтік теңсіздікке қарсы күреске шығуына себепші болды.
Исатайдың жауынгер серігі, белгілі ержүрек акын Махамбет Өтемісұлы да беріш руының Исатай сияқты старшыны болды. Орысша да, ана тілінде де сауатты Махамбет Орынбор Шекаралық комиссиясында да, Кіші орданың қазақтары арасында да белгілі болды. Біраз жерді аралаған, соның ішінде Хиуада болған, езілген еңбекшілердің ауыр өміріне налыған Махамбеттің көзқарасы ерте қалыптасты. Алғашында Жәңгірдің сарайына, хан отбасына жақын жүрген Махамбет -шешендік, суырыпсалма акындың өнерін аксүйектерді түйреп, сынауда шебнр пайдаланды. Исатай мен халықтың атынан еңбекшілер арасында үндеу тараткан Махамбеттің көтеріліс максатын айқындаудағы, шаруаларды көтерудегі орны ерекше.
Исатайдьщ Жөқгірге жазған хатынан үзінді
бүзушы, бүлікші" ретінде сипаттайды. Бүл тек көтері-лісті үйымдастырушы мен дем берушісіне қарсыльщ емес, сонымен катар екі жаклы кднаудың кыспағында қалған Ішкі орданың қальщ тобына деген жеккөрушілік еді.
Жәңгірдің сойылын соғушы Баймағамбет сүлтанға, ханның өзіне жөне досы Исатайға арналған Махамбет өлеңдерінен Кіші жүзді камтыған осы көтерілістің максаттарын, басты талаптарын байкауға болады. Қозға-лыстың басты максаты - хан озбырлығына шек кою, шаруалар жағдайын біршама жақсарту, жер мөселесіндегі патша үкіметінің отаршылдьщ саясатын езгерту. Бүл талаптар шаруалардың жөне ханның озбырлығьша ду-шар болған би, старшын топтарыньвд да біркатар мүд-делеріне сай келді.
Көтерілістің бәсеңдеуі. Көтерілісшілерді қудалаған жазалаушылардың да жағдайы қиындап кетті. Суыктың күшеюі, атты әскерге жемшөптің тапшылығы Исатайды қуалап, жиі орын ауыстыруға мәжбүр болған полковник Гекенің отрядын әбден қалжыратты. Губернатор В. А. Перовский Гекенің әскери тобын, жаңадан Жайық шебінен жіберілетін отрядпен ауыстыруды ұсынды. Исатайды ұстап, облыстық басқармаға тірідей тапсыр-ғанға 1000 сом, батырдың басын алғанға 500 сом тігілсе де, Ордада бірде-бір қазақ губернатордың ұсынысын қабылдамады.
Максатына жете алмаған Гекенің отряды Кулагин бекінісіне кайтып оралды. Көтерілістің бастапқы кезінде Жайықтан Кіші жүз жеріне етуді ойына да алмаған Исатай, аз ғана серіктерімен бұл мақсатка жете алмайды деп, қамсыз отырған Жайык бойындағы патша бекіністерінің коменданттарын жер соқтырып кетті. 1837 жылғы 13 желтоқсанда Жаманқала бекінісіне жақын жерде жазалаушылардын, тобын бұзып, Жайықтан шығысқа қарай өтіп үлгірді. Сұлтан Баймағамбет, хорун-жий Жилин бастаған жазалаушылар іле-шала қуғын ұйымдастырса да, Исатайдың ізінен айырылып қалды.
Кіші жүзге өткен сәтте Исатайдың жанында бар болғаны 40 адам, оның ішінде өзінің отбасы болды. Көтерілісшілерді ұстауға Кіші жүздің өзге де сұлтандары қатысты. Сұлтан Баймағамбет Айшуақұлының қолы Исатайдан ажыраған көтерілісшілердің бір тобын қолдарына түсірді. Олардың ішінде Исатайдың ұлы Досмұханбет, батырдың жұбайы Дінбаян, Махамбет Өтемісұлынын, інісі Сүлеймен, тағы 12 адам Орал қаласындағы түрмеге жіберілді. В. А. Перовский Исатай тобының Жайықтан өтіп кетуіне "кінәлі" хорунжий Мизинов пен Бородинді әскери сотқа тартуды талап етті.
Исатайдың Кіші жүзге өтуі осы өңірде сұлтан Кенесары Қасымұлы көтерілісінің әсерімен кең тарала бастаған халық қозғалысымен тұспа-тұс келді. 1838 жылдын басында солтүстік-шығыс Қазақстаннан батысқа қарай ойыса бастаған Кенесары топтарын Торғай бойын қоныстаған қыпшақ, арғын, кейінен жағалбайлы, табын рулары қолдады. Елек өзені бойында көшіп жүрген батыр Жоламан Тіленшіұлының жасақтары Кенесарыға қосылды. Осы кезеңде шекті руының жерінде уакытша қоныстанған Исатайдың кетерілісті қайтадан лаулатуға барльщ мүмкіндіктері бар еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz