Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіру



Қазіргі кезде Қазақстан Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөздерді қарқынды жүргізуде және бұл процесс аяқталуға жақын. Осы брошюра тұтастай алғанда БСҰ жүйесін қысқаша таныстыруға, атап айтқанда, адамдардың өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктерді және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған оның екі келісімін таныстыруға арналған.

Бүкіл дүниежүзілік Сауда Ұйымы – елдер арасындағы сауданың тәртібін белгілейтін халықаралық ұйым. Оның қызметінің негізі халықаралық саудаға қатысушы елдердің басым көпшілігі келіскен және қол қойған БСҰ келісімінен бастау алады. Негізінен бұл мемлекеттер өздеріне соның шеңберінде халықаралық стандарттар шеңберінде келісілген міндеттемелер алып сауда саясатын жүргізетін халықаралық шарттар.

Бүкіл дүниежүзілік Сауда Ұйымы барлық елдердің алдынан әлемдік нарыққа неғұрлым кеңінен қол жеткізудің мүмкіндіктерін ашады. Бүгінгі күні БСҰ 150 елді біріктіріп отыр. БСҰ-ның келісімдерімен және басқа заңдық құжаттарымен тауарлардың және қызмет көрсетулердің бүкіл әлемдік саудадағы 97 процентке жуығы реттеледі.

БСҰ белгілеген “ойын ережелері”, кейбіреулерін қоспағанда, сыртқы сауда қызметінің барлық аспектілерінде саудадағы кемсітушілікті іс жүзінде жояды. БСҰ-ға қосылудың халықаралық сауданы ырықтандырудан және оның шарттық-құқықтық базасын нығайтудан кез келген елдің пайда табатынымен ғана байланысты емес екенін, оның белгілі бір шегіністер жасауды талап ететін қосымша міндеттемелер жүктейтінін де түсіну қажет.

БСҰ мүшесі бола отырып біздің еліміз сыртқы нарықтағы кемсітушіліктен өз экономикасының мүдделерін қорғай алады. Қазақстанды БСҰ-мен келісімдерге сәйкес белгілі бір міндеттемелер қабылдап, оларды өмірге енгізу күтіп тұр. Бұл ретте біз ішкі нарық пен отандық өндірісті қорғауды ұмытпауға тиіспіз.

Соңғы жылдары БСҰ-ға кірген елдердің қатарында бұрынғы КСРО-ның 7 мемлекеті: Армения, Грузия, Латвия, Эстония, Литва, Молдова және Қырғызстан бар. Қазіргі кезде 29 ел БСҰ-ға кіру жөнінде келіссөздер жүргізу процесінде тұр. Оның ішінде 6 ТМД елдері: Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Украина және Өзбекстан бар.

БСҰ келісімі

БСҰ келісіміне әлемнің 150 елі қол қойған және кіру процесінде тұрған 29 елмен қол қою туралы келіссөздер жүргізілуде. Бұл келісім халықаралық сауданың құқықтық негізі болып табылады. Шынтуайтына келгенде олар мүше елдердің маңызды сауда құқықтарына кепілдік беретін келісім-шарттар болып табылады. Олар сондай-ақ үкіметті сауда саясатын келісілген шеңберде жүргізуге міндеттейді. Елдің бүкіл заңнамасын БСҰ-ның барлық

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
БСҰ-ға кіру

Қазіргі кезде Қазақстан Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі
келіссөздерді қарқынды жүргізуде және бұл процесс аяқталуға жақын. Осы
брошюра тұтастай алғанда БСҰ жүйесін қысқаша таныстыруға, атап айтқанда,
адамдардың өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктерді және қоршаған
ортаны қорғауға бағытталған оның екі келісімін таныстыруға арналған.

Бүкіл дүниежүзілік Сауда Ұйымы – елдер арасындағы сауданың тәртібін
белгілейтін халықаралық ұйым. Оның қызметінің негізі халықаралық саудаға
қатысушы елдердің басым көпшілігі келіскен және қол қойған БСҰ келісімінен
бастау алады. Негізінен бұл мемлекеттер өздеріне соның шеңберінде
халықаралық стандарттар шеңберінде келісілген міндеттемелер алып сауда
саясатын жүргізетін халықаралық шарттар.

Бүкіл дүниежүзілік Сауда Ұйымы барлық елдердің алдынан әлемдік нарыққа
неғұрлым кеңінен қол жеткізудің мүмкіндіктерін ашады. Бүгінгі күні БСҰ 150
елді біріктіріп отыр. БСҰ-ның келісімдерімен және басқа заңдық құжаттарымен
тауарлардың және қызмет көрсетулердің бүкіл әлемдік саудадағы 97 процентке
жуығы реттеледі.

БСҰ белгілеген “ойын ережелері”, кейбіреулерін қоспағанда, сыртқы сауда
қызметінің барлық аспектілерінде саудадағы кемсітушілікті іс жүзінде жояды.
БСҰ-ға қосылудың халықаралық сауданы ырықтандырудан және оның шарттық-
құқықтық базасын нығайтудан кез келген елдің пайда табатынымен ғана
байланысты емес екенін, оның белгілі бір шегіністер жасауды талап ететін
қосымша міндеттемелер жүктейтінін де түсіну қажет.

БСҰ мүшесі бола отырып біздің еліміз сыртқы нарықтағы кемсітушіліктен өз
экономикасының мүдделерін қорғай алады. Қазақстанды БСҰ-мен келісімдерге
сәйкес белгілі бір міндеттемелер қабылдап, оларды өмірге енгізу күтіп тұр.
Бұл ретте біз ішкі нарық пен отандық өндірісті қорғауды ұмытпауға тиіспіз.

Соңғы жылдары БСҰ-ға кірген елдердің қатарында бұрынғы КСРО-ның 7
мемлекеті: Армения, Грузия, Латвия, Эстония, Литва, Молдова және Қырғызстан
бар. Қазіргі кезде 29 ел БСҰ-ға кіру жөнінде келіссөздер жүргізу процесінде
тұр. Оның ішінде 6 ТМД елдері: Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан,
Украина және Өзбекстан бар.

БСҰ келісімі

БСҰ келісіміне әлемнің 150 елі қол қойған және кіру процесінде тұрған 29
елмен қол қою туралы келіссөздер жүргізілуде. Бұл келісім халықаралық
сауданың құқықтық негізі болып табылады. Шынтуайтына келгенде олар мүше
елдердің маңызды сауда құқықтарына кепілдік беретін келісім-шарттар болып
табылады. Олар сондай-ақ үкіметті сауда саясатын келісілген шеңберде
жүргізуге міндеттейді. Елдің бүкіл заңнамасын БСҰ-ның барлық келісімдерінің
талаптарына сәйкес келтіру БСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздер процесінің
маңызды бөлігі болып табылады.

Құқықтық мәтіндерді қамтитын келісімдерден басқа, БСҰ Келісіміне оған мүше
елдердің әрбірінің өздерінің тауарлар және қызмет көрсету нарықтарына
рұқсат ету жөніндегі БСҰ-ға мүше елдердің әрбірінің міндеттемелік тізбелері
кіреді. Мұндай тізбелер жиынтығы он мыңдаған беттерден тұрады. Қазақстан
БСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздер процесі барысында өзінің міндетемелер
тізбесін де келіседі.

БСҰ-ның негізгі келісімдерінің тізбесі төмендегі кестеде келтірілген:

Келісімнің атауынан көріп отырғанымыздай, олар халықаралық сауда
мәселелерінің кең спектрін реттейді. Осы брошюрада БСҰ-ға мүше елдер
басшылыққа алатын БСҰ-ның нақты екі Келісімі сипатталады, олар Саудадағы
техникалық кедергілер жөніндегі келісім (СТК) мен Санитарлық және
фитосанитарлық шаралар жөніндегі келісім (СФШ). Брошюра СТК мен СФШ
келісімдерінің ережелерін толық ашып көрсетуді мақсат етпейді. Екі
келісімнің арасындағы айырмашылықты ашып көрсету мәселесіне баса назар
аударылады.

БСҰ-ға мүше болуға ниет еткен елдер өздерінің заңнамасы СТК мен СФШ
келісімдерінің талаптарына сәйкес келетінін көрсетуге міндетті. Бұл осы
елдердің өздерінің екі келісімнің мөлдірлігі туралы ережені
орындайтындарына және өздерінің ұлттық заңнамасы мен әкімшілік практикасы
келісімнің талаптарына қайшы келмейтініне жұмыс топтары мүшелерінің көзін
жеткізуге тиіс екенін білдіреді.

Қазақстанның заңнамасы

Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының Заңы да техикалық
регламенттер мен санитарлық және фитосанитарлық шаралар арасын бөледі.
Санитарлық және фитосанитарлық шаралар техникалық реттеу туралы заңмен
қамтылмайды, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық, ветеринария және
өсімдіктерді қорғау туралы заңнамамен реттеледі. Практикада қандай да бір
шаралар техникалық реттеу шараларына немесе санитарлық немесе
фитосанитарлық шараларға жататын-жатпайтынына қатысты қайшылықтар жиі
туындайтыны анық. Қай заңнаманың және БСҰ-ның қайсы келісімінің қандай
техникалық талаптарға қолданылатыны осыған байланысты.

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Техникалық реттеу туралы
N 603-II Заңында техникалық реттеу санитарлық және фитосанитарлық
шараларды қоспағанда, сәйкестiктi растау, аккредиттеу және белгiленген
талаптардың сақталуын мемлекеттiк бақылау мен қадағалау жөнiндегi қызметтi
қоса алғанда, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, процестерге қойылатын мiндеттi
және ерiктi талаптарды анықтауға, белгiлеуге, қолдануға және орындауға
байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтiк реттеу ретінде
айқындалады. Техникалық реттеу туралы Заңда бұл орайда санитарлық және
фитосанитарлық шаралар ұғымының анықтамасы жоқ.

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Халықтың санитарлық-
эпидемиологиялық салауаттылығы туралы № 361-II Заңында да санитарлық
шаралар ұғымы жоқ, алайда санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар
(1-баптың 22-тармағы) санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар
(бұдан әрi - санитарлық ережелер) - сақталмауы адам өмiрiне немесе
денсаулығына қауiп төндiретiн, сондай-ақ аурулардың пайда болу және таралу
қаупiн туғызатын, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды (соның iшiнде
тiршiлiк ету ортасы факторларының адам үшiн қауіпсiздiк және (немесе)
зиянсыздық белгiлерiн) белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлер ретінде
айқындалады. Бұдан басқа, бұл заң тіршілік ету ортасының факторларына
адамға және (немесе) болашақ ұрпақтың денсаулық жай-күйіне әсер ететін
және әсер етуі мүмкін биологиялық, химиялық, физикалық, әлеуметтік және
тіршілік етудің өзге де факторлары ретінде кең анықтама береді.

Мұндай кең түсінік жағдайында барлық техникалық регламенттер іс жүзінде
санитарлық шаралар болып табылады. Мысалы, теледидардың электрлік
қауіпсіздігін алайық: бұл тіршілік ету ортасының физикалық және әлеуметтік
факторы, ол адамға әсер ете алады – тиісінше санитарлық шаралар болып
табылады?! Бұл келіспеушілікті шешу үшін, біздің ойымызша, заңнамадағы
қарама-қайшылық жағдайында халықаралық шарттардың ережелерін қолдану
принципіне сәйкес СТК мен СФШ БСҰ Келісімдерінің талаптарына жүгіну қажет.

СТК мен СФШ: ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

Саудадағы техникалық кедергілер туралы келісім Санитарлық және
фитосанитарлық келісім сияқты 1986 жылдан бастап 1994 жылдар аралығында
өткен Уругвай Раунды келіссөздерінің нәтижесі. Бұл келісімдер сауда
келісімінің бірыңғай пакетінің бөлігі ретінде 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап
күшіне енді. Екі келісім де ұқсас мүдделерді қамтамасыз етуге: адамдардың
өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға бағытталған.
Онда бұл тақырыптар неліктен екі әртүрлі келісімдерге бөлінді?

Екі келісім де халықаралық стандарттармен үйлесімді болуға және халықаралық
саудада ақталмаған техникалық, санитарлық және фитосанитарлық кедергілер
мен шектеулерді алып тастауға бағытталған. Алайда бұл шаралар келісімдерде
қамтылған өздерінің нысаналарымен ерекшеленеді. Бұл шаралар СФШ келісімімен
қамтылған жағдайлардан басқа, СТК келісімі барлық техникалық талаптарды,
ерікті стандарттарды және сәйкестікті растау рәсімдерін қамтиды. Сондықтан
осы шаралардағы айырмашылықты анықтау мақсаты үшін санитарлық және
фитосанитарлық шараларды айқындауды егжей-тегжейлі қарау маңызды..

Төменде жеке көрсетілген СФШ туралы БСҰ келісімінің анықтамасынан көріп
отырғанымыздай, екі негізгі элементті бөліп көрсетуге болады:

- біріншіден, санитарлық шаралар аурулардан, зиянкестерден және
организмдерден қорғауға байланысты;
- екіншіден, қоспалармен, ластайтын заттармен және уыттарға байланысты
қатерлерге келсек, егер олар тамақ өнімдерінде, сусындарда және жемдерде
болса ғана санитарлық шаралар болып табылады.
Тиісінше, егер әңгіме ауру қоздыратын организмдерге және тамақ өнімдеріне
байланысты қатерлер болса, онда ол санитарлық және фитосанитарлық шаралар
ретінде айқындалады.

Көрнекілік үшін бірнеше мысал келтіреміз:

- Егер тыңайтқышты қарастыратын болсақ, адамдардың және жануарлардың
денсаулығын қамтамасыз етуге арналған тамақ өнімдеріндегі немесе
жемдердегі қалдықтарға байланысты мәселелер СФШ Келісіміне жатады, ал
өнімнің сапасы мен тиімділігі немесе тыңайтқышты пайдаланушылардың
денсаулығына қауіптің болуы – СТК Келісіміне жатады;

- Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне байланысты тамақ өнімдерін таңбалау
талаптары СФШ Келісіміне жатады, ал егер әңгіме таңбалауды
орналастыратын орын, әріптердің көлемі, қоректендіретін заттардың
мазмұны және т.б. туралы болса - СТК Келісіміне жатады;

- Аурулардың таралуын болдырмау үшін контейнерлерді дезинфекциялауға
немесе оларды басқа да өңдеуге қатысы бар аспектілерде астық
тасымалдауға арналған контейнерлер туралы ережелерде – СФШ саласы, ал
контейнерлердің көлемі мен конструкциясына қатыстының бәрі – СТК
саласы. Осындай шектеулердің көптеген мысалдарын келтіруге болады.

Ақталмайтын кедергілерді жоюда СФШ-нің алға қойған мақсаты СТК Келісімімен
ұқсас болғанымен, СФШ Келісімін орындаудың айтарлықтай айырмашылығы мен
ерекшелігі бар, ол жөнінде төменде неғұрлым толық айтылады.

Мақсаттары. СФШ келісімі бойынша шаралар өмірі мен денсаулығын қорғау
мақсатында ғылыми деректер негізінде ғана енгізіле алады. Ал СТК Келісімі
өмір мен денсаулықты қорғаудан, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздіктен, алдау
практикасын болдырмаудан және қоршаған ортаны қорғаудан басқаларды қамтитын
әртүрлі мақсаттар үшін техникалық регламенттерді енгізуге рұқсат етеді.
Осылайша, СТК жөніндегі техникалық шараларды енгізуге арналған негіздер
санитарлық және фитосанитарлық шаралармен көзделгендегіден әлдеқайда
ауқымды.

Ғылыми негізділігі. СФШ Келісімі денсаулықты қорғау жөніндегі белгілі бір
шаралар тобына қолданылады және бұл ретте осындай шараларға айтарлықтай
қатаң талаптар белгілейді. Мысалы, барлық санитарлық және фитосанитарлық
шаралар ғылыми принциптерге негізделуге тиіс. Ал СТК Келісімі техникалық
талаптардың неғұрлым кең ауқымына қолданылады және рұқсат етілетін ғылыми
ақпараттың қатерді бағалауды жүргізу кезінде қарастырылатын элементтердің
бірі ғана болып табылатынын көрсетеді. Бұл техникалық шаралардың кейбіреуі
өмір мен денсаулықты қорғауға байланысты болса, басқа біреуі стандарттау
немесе алдау практикасын болдырмау мақсаттары үшін енгізіледі. Мұндай
жағдайларда қатерді бағалау үшін ғылыми ақпараттың тамақ өндірісіндегі
қажеттілігі көбірек болуы мүмкін.

Неғұрлым қолайлылық режимі. СТК Келісімі стандарттарды неғұрлым қолайлылық
режимі негізінде қолдануды талап етеді. СФШ келісімі де бірде бір мүше
мемлекетке адамдардың өмірін немесе денсаулығын, жануарларды немесе
өсімдіктерді қорғауға қажетті шаралар қабылдауға немесе қолданысқа енгізуге
рұқсат бермеуге болмайтынын мойындайды. Алайда осындай шараларды қолдану
мұндай шараларды қажетті дәрежеде қолданумен, олардың ғылыми принциптерге
негізделуімен қатар жүргізілуге тиіс және осындай жағдай қалыптасқан мүше
мемлекеттер арасында ақтауға болмайтын кемсітушілік құралы ретінде
қолданылмауға тиіс. Бұл шаралар сондай-ақ халықаралық сауданы шектеуде
бетперде болмауға тиіс. Бұл жағдайдағы негізгі айырмашылық СФШ Келісімінің
санитарлық және фитосанитарлық нормаларды жекелеген елдерге немесе бір топ
елдерге қатысты кемсітушілік негізде пайдалануға рұқсат етуінде болып отыр.
Бір қарағанда бұл неғұрлым қолайлылық режимі принципінен ауытқу сияқты
болып көрінуі мүмкін, алайда, мұны жұқтыру қатерінің белгілі бір елдерден
немесе өңірлерден ғана келу мүмкіндігімен ақтауға болады. Олардың
кейбіреуінде мұндай қатер жоқ болса да, барлық елдерге тыйым салуды
қолдануға болмайтыны анық.

Төменде осы келісімдерді қолдану салаларындағы айырмашылық келтірілген.
СФШ СТК
Тамақ өнімдері мен сусындардағы Тамақ өнімдерін, сусындар мен
тамақтық қоспалар; дәрі-дәрмектерді таңбалау;
тамақ пен сусындарды ластайтын жаңа өнімдердің сапасына қойылатын
заттар; талап;
тамақ өнімдері мен сусындардағы жаңа тамақ өнімдерінің орамасына
уыттар; қойылатын талап;
ветеринарлық препараттар мен қауіпті химикаттар мен уытты
пестицидтердің тамақ өнімдеріндегі заттарды орау және таңбалау;
қалдықтары; үй электр аспаптарына қатысты
тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін ережелер;
сертификаттаужануарлар мен радиотелефондардың, терминалдық және
өсімдіктер денсаулығын радиожабдықтардың типтік үлгілерін,
сертификаттау; ережелері мен стандарттарын бекіту
тағамның қауіпсіздігіне өңдеу рәсімдері;
әдістерінің әсері; мақта-матаны таңбалау;
тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне жолға арналған және арналмаған көлік
тікелей қатысы бар таңбалауға құралдары мен жабдықтар және оларды
қойылатын талап; тестілеу туралы ережелер;
жануарлар мен өсімдіктер карантині; кемелер және кеме жабдықтары туралы
аурулардан және оларды туындататын ережелер;
себептерден ада аймақтар құру медициналық құралдар және оларды
талабы; тестілеу туралы ережелер;
елде ауруларды және оларды ойыншықтарға қатысты қауіпсіздік
туындататын себептерді болдырмау, ережелері.
тарату, бақылау жәненемесе жою; Және т.б.
жануарларды тасымалдау үшін
пайдаланылатын контейнерлерге
қойылатын санитарлық талаптар.

СФШ Келісімі жеткілікті ғылыми негіздеме жағдайында халықаралық
стандарттармен, ұйғарымдармен және ұсыныстармен салыстырғанда елде
санитарлық және фитосанитарлық қорғаудың неғұрлым жоғары деңгейін
белгілеуді шешеді. СФШ Келісімінде сондай-ақ жеткілікті ғылыми негіздеме
әлі жоқ, бірақ іс жүзіндегі жағдай осындай шаралар енгізуді талап ететін
жағдайларда елде уақытша негіздегі қауіпсіздік шараларын енгізу мүмкіндігі
көзделеді.

Қазақстан Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кірудің табалдырығында тұр және
СФШ мен СТК келісімдерін жүзеге асыру елеулі міндет болып табылады. Аталған
келісімдерді қолдану нәтижесінде барынша көп тиімділікке қол жеткізу үшін
оларды терең зерделеу, сондай-ақ өзінің құқықтарын қорғау және қабылдаған
міндеттемелерін орындау үшін қажетті әлеуетті дамыту керек.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘСКЕРИ ДОКТРИНАСЫ

2007 жылғы 21 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің №299 Жарлығымен
мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соғыстар мен қарулы
жанжалдарды болдырмауға, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери
құралымдарды дамыту мен қолдануға негіз қалаушы көзқарастар жүйесін
білдіретін Қазақстан Республикасының жаңа Әскери доктринасы бекітілген
болатын.
Жаңа Әскери доктрина демократиялық және құқықтық мемлекет құру кезеңінде
әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін, оның ішінде әскери салада да
жетілдіруге бағдарланған 2000 жылғы Қазақстан Республикасының Әскери
доктринасын одан әрі дамыту үшін әзірленді.
Қазақстандық қоғамды әлеуметтік-экономикалық және саяси жаңарту, сондай-ақ
әлемдегі әскери-саяси жағдайдағы өзгерістер жаңа Әскери доктринаны қабылдау
үшін негіз болды.
Қазақстан, доктринада көрсетілгендей, әскери күштің мәні барынша
төмендетіліп, оның функциялары әскери жанжалдарды тежеу міндетіне
жақындастырылған халықаралық қатынастар жүйесін құруды дәйекті түрде
қолдайды.
Әскери доктрина Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін,
Мемлекет басшысы жарлықтарының талаптарын, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі
даму стратегиясын, Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, Қазақстан
Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін,
сондай-ақ Қазақстан қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды
нақтылайды.
Әскери доктрина қорғаныстық сипатта, ол ұлттық мүдделерді қорғауды, елдің
әскери қауіпсіздігіне кепілдік беруді батыл шеше отырып, Қазақстан
Республикасының бейбітшілікке бейілділігін айқындайды, асимметриялық
қатерлерге: терроризмге, экстремизмге, есірткі тасымалына, қаруды заңсыз
таратуға, заңсыз көші-қонға қарсы күресті ескере отырып, Қарулы Күштерді,
басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту шарттары мен жаңа
бағыттарын нақтылайды.
Әскери доктрина ережелерін іске асыру әскери басқару жүйесін одан әрі
жетілдіру, өзара байланысты саяси, дипломатиялық, экономикалық, әлеуметтік,
ақпараттық, құқықтық, әскери және Қазақстанның әскери қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге бағытталған басқа да шаралар кешенін жүргізу есебінен
қамтамасыз етілетін болады.
Жаңа Әскери доктрина өзара байланысты төрт бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде қауіпсіздіктің әскери-саяси негіздері ашылады, әскери-саяси
жағдайдың дамытылуына болжам жасалады, Қазақстанның әскери қауіпсіздікті
қамтамасыз ету саласындағы саясаты баяндалады; мемлекеттің әскери ұйымының
мәні көрсетіледі.
Әскери-саяси жағдайды дамытуды болжай отырып, Еуропа мен Азияның сауда және
көлік-коммуникациялық ағынының қиылысында тұрған Қазақстанның геосаяси
жағдайы, елдің бай табиғи ресурстары оған халықаралық және өңірлік
ынтымақтастықты дамыту саласында елеулі басымдықтар беретінін айтқан жөн.
Қазақстанның айналасындағы ахуал түбегейлі өзгерді. Өңірде жағдайды
тұрақсыздандыратын және ұлттық қауіпсіздікке қатер туғызатын жаңа факторлар
туындады, мұның өзі әскери қатерлердің тұрақты мониторингі жүйесінің
тиімділігін арттыруды талап етеді.
Геосаяси жағдай әлеуметтік, экономикалық және демографиялық сипаттағы
қайшылықтармен, содан туындайтын тұрақсыздық қатерімен сипатталады.
Мұндай жағдайларда Қазақстанның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету
саласындағы түйінді мақсаттар бейбітшілікті, халықаралық және өңірлік
қауіпсіздікті нығайту, мемлекеттің тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығы мен
егемендігін қорғау болып табылады.
Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін саяси шаралар мен алдын алу дипломатиясына
басымдық беріледі. Сонымен қатар әскери-қорғаныстық құрауыштарға сұраныс
сақталып отыр және, демек, Әскери доктринаның жаңа жағдайларға бейімделу
проблемасы өзекті болып қала береді.
Әскери-саяси жағдайды талдау Қазақстан Республикасының әскери
қауіпсіздігіне төнетін негізгі қатерлер мыналар болуы мүмкін екенін
білдіреді:
сыртқы:
Қазақстан шекарасының маңында қарулы жанжал ошақтарының болуы;
жекелеген мемлекеттердің жаппай қырып-жою қаруын және оны жеткізу
құралдарын жасау жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыруы;
халықаралық радикалдық топтардың қызметі, шекаралас елдердегі діни
экстремизм ұстанымының күшеюі;
ішкі:
Қазақстан Республикасының бірлігі мен аумақтық тұтастығын, елдегі ішкі
саяси тұрақтылықты бұзатын, экстремистік, ұлттық, діни, сепаратистік және
террористік қозғалыстардың, ұйымдар мен құрылымдардың құқыққа қарсы
қызметі;
заңсыз қарулы құралымдар құру, оларды жарақтандыру, дайындау және іске
қосу;
ел аумағында диверсиялар, террористік актілер, өзге де құқыққа қарсы іс-
әрекеттер үшін пайдаланылуы мүмкін қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш және
басқа да заттарды заңсыз тарату;
экономикалық және саяси тұрақтылыққа қатер төндіретін ауқымдағы ұйымдасқан
қылмыс, контрабанда және өзге де заңға қарсы қызмет.
Қабылданған жаңа Әскери доктрина Қазақстанның әскери қауіпсіздікті
қамтамасыз ету саласындағы саясатын мемлекет қызметінің маңызды
бағыттарының бірі ретінде мазмұндайды. Негізгі басымдықтар ретінде
агрессияны немесе әскери жанжалдар тұтандыруды болдырмау, тұлға мен қоғамды
қорғау, елдің саяси және экономикалық мүдделерін іске асыру үшін қолайлы
жағдайларды қамтамасыз ету қарастырылады.
Қазақстан өзінің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуді демократиялық,
құқықтық мемлекетті дамыту, әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды
жүзеге асыру, тең құқылы серіктестік, өзара тиімді ынтымақтастық,
халықаралық қатынастардағы тату көршілестік принциптерін бекіту,
халықаралық қауіпсіздіктің толық қамтитын жүйесін дәйекті түрде
қалыптастыру, өңірде бейбітшілікті сақтау мен нығайту тұрғысынан
қарастырады.
Қазақстан қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әскери емес шараларына басымдық
береді, оларға бірінші кезекте саяси-дипломатиялық, құқықтық, экономикалық,
гуманитарлық, ақпараттық-насихаттау және өзге де шаралар жатады.
Бұл мынадай міндеттерді шешуді айқындайды:
әскери салада достас мемлекеттермен, атап айтқанда, Орталық Азия елдерімен
өзара тиімді ынтымақтастық, өзара түсіністік, сенім мен ашықтық шараларын
жүзеге асыру негізінде байланыстар мен интеграциялық процестерді күшейту;
әскери жанжалдар мен соғыс өртін тұтандыруды болдырмаудың халықаралық
тетіктерін құру жөніндегі қызметті жандандыру;
сенім шараларын нығайту, мемлекетаралық қайшылықтарды шешу үшін күш
қолданудан бас тарту, халықаралық дауларды реттеу;
әлемнің демократиялық және индустриялық дамыған мемлекеттерімен
экономикалық байланысты кеңейту мен қатынастарды тереңдету;
халықаралық қоғамдастық тарапынан елдің қолдау табуын қамтамасыз ету үшін
халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану;
жаппай қырып-жою қаруын таратпау мен қару-жарақты бақылаудың халықаралық
режимдерін нығайтуға жан-жақты жәрдемдесу.
Басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен серіктестік пен
ынтымақтастық құралын, диалог пен байланыстарын кеңінен пайдалана отырып,
Қазақстан бейбітшілік тәртібін қалыптастыруға және әскери жанжалдарды
болдырмау, ал олар туындаған жағдайда – олардың бастапқы даму сатысында
жанжалдасу ахуалдарын бәсеңдету мәселелерін шешуге белсенді қатысатын
болады.
Доктрина халықаралық құқық нормалары негізінде әскери жанжалдарды
болдырмау, республиканың халықаралық қауіпсіздігі мен тұрақтылығын нығайту
ісінде Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы,
Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Ұжымдық
қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Солтүстік
Атлантика шарты ұйымы (Іс-қимыл серіктестігінің жеке жоспары және
“Бейбітшілік жолындағы серіктестік” бағдарламасы шеңберінде), Еуропадағы
қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым форматтарында мемлекеттермен
ынтымақтастық жасайды деп атап көрсетеді.
Бір&# 1179;атар объективті жағдайлардың себебімен елдің қорғаныс қабілетін
нығайту мемлекеттің өзекті міндеттерінің бірі болып қала береді. Сондықтан
әлемдік стандарттар бойынша қазіргі заманғы қару-жарақпен және техникамен
жарақтандырылған жоғары кәсіби армияның болуы Қазақстан Республикасының
өмірлік маңызы бар ұлттық мүдделерін сенімді қорғау шарттарының бірі болып
табылады.
Осыдан шыға отырып, әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі
міндеттері мыналар болып табылады:
бейбіт уақытта – мемлекеттің конституциялық құрылысын, аумағының тұтастығы
мен қол сұғылмаушылығын қорғау, мемлекеттің қорғаныс қабілетін неғұрлым
ықтимал әскери қатерлерге қарсы іс-қимыл жасауды қамтамасыз ететін деңгейде
ұстау, қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың қазіргі заманғы
үлгілерімен жарақтандыру, кадрлар даярлауды жетілдіру, бейбітшілік пен
қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау, оның
ішінде бітімгершілік қызметке, коалициялық әскери құрылысқа қатысу;
қатерлі кезеңде және әскери жанжал басталғанда – агрессияны болдырмау
немесе бейбітшілікті қалпына келтіру үшін агрессорды әскери жанжалды
бастапқы сатысында тоқтатуға мәжбүрлеу үшін халықаралық ұйымдардың әлеуетін
пайдалану, күрестің барлық түрлерін ұйымдастыру және жүргізу, ел
экономикасын соғыс жағдайы кезінде жұмыс істеуге ауыстыру, аумақтық және
азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру, әскери
саладағы шарттар негізінде әскери жанжалдарды оқшаулау және тоқтату үшін
достас мемлекеттердің мүмкіндіктерін пайдалану.
Әскери доктринада әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басым бағыттары –
әскери қатерлерді бағалау және жіктеу, мемлекеттің әскери ұйымының оларға
қарсы тиімді іс-әрекет жасауға әзірлігі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселелері
Дүниежүзілік сауда ұйымы
Қазақстанның әлемдік экономикаға кіруі – елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі
Дүниежүзілік сауда ұйымы туралы. Қазақстанның ДСҰ-ға кірудегі пайдасы мен зияны
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БҮКІЛӘЛЕМДІК САУДА ҰЙЫМЫНА КІРУІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының сауда ұйымына кірудегі маңызы
Шаруа (фермер) қожалығының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) ену жағдайындағы дамуы: Халықаралық құқықтық аспект
ГАТТ Кеңесі және ГАТТ келісімдер
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫ (ДСҰ) ТУРАЛЫ
Пәндер