Бүгінгі терминологияның даму сипаты



Термин сөздер –ғылым саласына сәйкес біршама жүйеленген сөздер тобы. Қоғамдық қатынастағы ғылым мен білімнің , техниканың заман талабына сәйкес дамып, өркендеп отыруына орай және терминалогиядағы бейнелік пен реңктік құбылыстың ұлттық сипатқа ие болуы әр халықтың төл тарихымен, мәдениетімен, салт- дәстүрімен, ырым – жоралғысымен тікелей байланысты.Терминнің мағанасы жылжымалы, өзгермелі емес, әрқашан тұрақты болады да, ғылым мен техниканың бір саласына меншіктеліп, соған түпкілікті қызмет атқарады. Сондықтан терминдер жалпылама ортақ сөзден ерекшеленіп, арнаулы сөздер тобына жатқызылады.Қазақ тіліндегі кәсіби терминология негізінен екі түрлі жолмен жасалған:
1.Қазақ сөздерінен әр түрлі тәсіл арқылы жасалған терминдер. Мысалы: өркениет, ғарыш, сынақ, мүшелтой, таспа, қондырғы, елтаңба, т.б
2.Орыс тілінен қабылданған, қазақша баламалары жоқ ғылым, техника, т.б салалардағы интернационалдық арнаулы терминдер. Мысалы:математика, спорт, лингвистика, медицина, биология, экономика, т.б
Бір тілдің шеңберінде қолданылатын терминнің жиынтығы –терминология деп аталады. Терминология әдеби тіл лексикасының бір саласы болып табылады. Қазақ терминологиясы қазіргі таңда жан – жақты қарастырылып, қауырт жиналып, терілуде. Терминнің отыздан аса сөздіктері басылып, жарық көрді.
Белгілі бір тілдегі ғылым мен техника саласындағы арнаулы атаулардың сөздігін терминологиялық сөздік деп атаймыз. Терминдер топталып бір сөздік түрінде де, белгілі бір ғылым саласына байланысты жеке-жеке кітап болып та шыға береді. Сөздіктерге лингвистика, әдебиеттану, музыка, металлургия өнеркәсібі, тау-кен ісі, физикалық география, математика, физика, астрономия, геология, юриспруденция, педагогика, психология, медицина, іс жүргізу, экономика, философия, спорт –физкультура, құрылыс және құрылыс материалдары, ботаника, топырақ тану,темір жол, биология, химия, археология, механика, машина, мал дәрігерлік, әлеуметтік-экономиялық, анатомиялық, өсімдіктер физиологиясы, биохимиясы, қоғамдық-саяси терминдер, т.б енгізіледі.

Қазақ терминологиясындағы алдын –ала негізге алуға тиісті бағдарлар анықтап көрсетуді және терминологиялық сөздіктерді түзуде пайдалануды талап етеді. Терминологиялық сөздікке автор тарапынан енгізілген өзгерістер мен жаңалықтар олардың терминдерді берудегі тиімділігі мен сөздік құрылымына қажеттілігіне көз жеткізбей тұрып енгізілмеуі керек. Кез-келген мейлі лексикографиядағы, мейлі терминографиядағы болсын сөздік түрі және ондағы терминдердің түсіндірмесі, аудармасы ешқандай күдіксіз, еркін пайдаланатындай болып шығарылуы керек. Қазіргі қазақ терминографиясындағы әр саланың терминологиялық сөздіктерінің әр автор тарапынан түзілген бірнеше нұсқаларының болуы орынсыз. Және «сөздіктің баламасы» деген ұғым да болмауы керек. Терминологиялық сөздікке алынатын терминдердің қалыптасқан терминдер, не жаңа терминдер екендігі

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Баяндама
Тақырыбы: Бүгінгі терминологияның даму сипаты

Термин сөздер –ғылым саласына сәйкес біршама жүйеленген сөздер тобы.
Қоғамдық қатынастағы ғылым мен білімнің , техниканың заман талабына сәйкес
дамып, өркендеп отыруына орай және терминалогиядағы бейнелік пен реңктік
құбылыстың ұлттық сипатқа ие болуы әр халықтың төл тарихымен, мәдениетімен,
салт- дәстүрімен, ырым – жоралғысымен тікелей байланысты.Терминнің мағанасы
жылжымалы, өзгермелі емес, әрқашан тұрақты болады да, ғылым мен техниканың
бір саласына меншіктеліп, соған түпкілікті қызмет атқарады. Сондықтан
терминдер жалпылама ортақ сөзден ерекшеленіп, арнаулы сөздер тобына
жатқызылады.Қазақ тіліндегі кәсіби терминология негізінен екі түрлі жолмен
жасалған:
1.Қазақ сөздерінен әр түрлі тәсіл арқылы жасалған терминдер. Мысалы:
өркениет, ғарыш, сынақ, мүшелтой, таспа, қондырғы, елтаңба, т.б
2.Орыс тілінен қабылданған, қазақша баламалары жоқ ғылым, техника, т.б
салалардағы интернационалдық арнаулы терминдер. Мысалы:математика, спорт,
лингвистика, медицина, биология, экономика, т.б
Бір тілдің шеңберінде қолданылатын терминнің жиынтығы –терминология деп
аталады. Терминология әдеби тіл лексикасының бір саласы болып табылады.
Қазақ терминологиясы қазіргі таңда жан – жақты қарастырылып, қауырт
жиналып, терілуде. Терминнің отыздан аса сөздіктері басылып, жарық көрді.
Белгілі бір тілдегі ғылым мен техника саласындағы арнаулы атаулардың
сөздігін терминологиялық сөздік деп атаймыз. Терминдер топталып бір сөздік
түрінде де, белгілі бір ғылым саласына байланысты жеке-жеке кітап болып та
шыға береді. Сөздіктерге лингвистика, әдебиеттану, музыка, металлургия
өнеркәсібі, тау-кен ісі, физикалық география, математика, физика,
астрономия, геология, юриспруденция, педагогика, психология, медицина, іс
жүргізу, экономика, философия, спорт –физкультура, құрылыс және құрылыс
материалдары, ботаника, топырақ тану,темір жол, биология, химия,
археология, механика, машина, мал дәрігерлік, әлеуметтік-экономиялық,
анатомиялық, өсімдіктер физиологиясы, биохимиясы, қоғамдық-саяси терминдер,
т.б енгізіледі.

Қазақ терминологиясындағы алдын –ала негізге алуға тиісті бағдарлар
анықтап көрсетуді және терминологиялық сөздіктерді түзуде пайдалануды талап
етеді. Терминологиялық сөздікке автор тарапынан енгізілген өзгерістер мен
жаңалықтар олардың терминдерді берудегі тиімділігі мен сөздік құрылымына
қажеттілігіне көз жеткізбей тұрып енгізілмеуі керек. Кез-келген мейлі
лексикографиядағы, мейлі терминографиядағы болсын сөздік түрі және ондағы
терминдердің түсіндірмесі, аудармасы ешқандай күдіксіз, еркін
пайдаланатындай болып шығарылуы керек. Қазіргі қазақ терминографиясындағы
әр саланың терминологиялық сөздіктерінің әр автор тарапынан түзілген
бірнеше нұсқаларының болуы орынсыз. Және сөздіктің баламасы деген ұғым да
болмауы керек. Терминологиялық сөздікке алынатын терминдердің қалыптасқан
терминдер, не жаңа терминдер екендігі жоспарлап алуды немесе сөздікті түзу
барысында ескеруді қажет етеді. Терминологиялық сөздіктерді шығаруда
негізге алатын ең қиын мәселелердің бірі - терминдерді сұрыптау, оларды
сұрыптау принцптерін белгілеп алу. Терминологиялық сөздікті түзушілер үшін
терминдер мен термин емес сөздердің арасын, салалық терминдер мен сала
аралық терминдердің арасын ажыратып беру қазіргі қазақ терминографиясында
қиынға айналып отыр.
Осы заманғы медицина ғылымының дамуына байланысты туындаған жаңа ғылыми
ұғымдар мен концепциялар медицина лексикасының үнемі жаңа терминдермен
толығып отыруына себепкер болып отыр. Ұлттық тілдің бір тармағы болатын
ғылым мен техника тілінде бір ұғымның термин жүйеде түрлі тәсілдермен
берілу құбылысы байқалады. Әрбір термин бір мағынаны білдіріп, бір ұғым
бір атаумен берілуге тиіс, бірақ өмірде үнемі бұлай бола бермейтіні
байқалады. Термин сөз бір ұғымды білдіру үшін қолданылатындықтан, бір
ұғымның бірнеше атауының болуы дұрыс емес, алайда терминологияда осы
құбылыс орын алып отыр. Мәселен қазақ тіліндегі лингвистикалық терминдердің
көпшілігі ұлттық тілдің негізінде емес, орыс тіліне, ал орыс тілі
терминдері грек және латын тілдерінен алынған болатын. Орыс тіліндегі
терминдерге лайықты атаулық баламалар табу үстінде қолданысқа түспей
қалтарыста қалып жүрген ана тіліндегі кейбір көнерген сөздер мен жергілікті
сөздер активтеніп қайтадан іске қосылған. Мысалы: кезік, желқабық, тынжы,
сояу, шөңге, т.б.
Бір ғана жаңа ұғымның бірнеше баламалармен берілу қазіргі ұлттық
терминологияның қалыптасу процесінде болатын құбылыс. Мысалы: сауалнама –
пікіртерім (анкета), айыппұл – айыпақы (штраф), демеуші – демеурін –
медетші (спонсор),омарталы телефон – ұялы телефон. Қазіргі кезде халықтық
қолданысқа түскен, бұқаралық ақпарат құралдары тілінде тұрақтала бастаған
нұсқалары ретінде ұялы телефон, күнпарақ, кәдесый, демеуші, айыппұл,
өтемақыны айтуға болады. Ең алдымен бір жаңа ұғым үшін бірнеше
баламалардың ұсынылуы кез-келген терминнің қалыптасу кезеңінде кездесетін
жағдай. Бұл әсіресе қазіргі қазақ ұлттық терминологияның қалыптасу
процесінде айқын байқалады. Өзге тілдегі терминдердің , терминдік
тіркестердің қазақ тіліндегі баламасын қалыптастыруда қазіргі кезде бірнеше
лексикалық еденицалар ұсынылып қолданысқа түсіп жүр. Әдеби тілдің терминдік
жүйесіндегі осындай сипат жарнама мәтіндерінен көруге болады. Мысалы:
жарнамаларда зубной налет терминдік тіркесі тіс қарғы, тіске қақ тұру,
тіс дағы жарыспа қатарлары қолданылады. Ал, стоматология терминдерінің
орысша- қазақша түсіндірме сөздігінде:налет – қақ, өңез, таңдақ деп
берілген.

Мемлекеттік тілде әскери терминдердің қалыптасуы.
Мемлекеттік тіл мен терминология мәселесі бір- бірімен тығыз байланыста,
бірлікте шешілетін нәрсе. Терминология проблемаларының маңыздылығы ,
бүгінгі күннің терминологиясын дұрыс жасалуын, оның реттілігімен,
тұрақтылығымен, екіншіден, мемлекет тілінің ертеңгі күй –жайы мен
болашағын қанаттандыра алатын ахуалмен өлшенуге тиісті. Қазақ тілін
мемлекеттік тіл ретінде дамытудың ең басты жолы - оның ғылыми терминдерін
жасау, оларды ретке келтіру, жүйеге түсіру және оны қолданысқа түсіру.
Қазақ тілінің терминология мәселелерінің бірі - әскери терминдер. Әскери
терминдер әсіресе соңғы кезде қалыптасып, дамып бітпеген терминдік
салалардың қатарында саналады. Әскери термин жүйеге түспей , реттелмей
жүргендері мен қазақшадан гөрі орысша терминдерідің қолданылуы басым және
жиі. Әскери терминдерге байланысты біраз кемшіліктің бірі –
интернационалдық терминдерді қазақшаға аударсақ, терминнің мәні
бұрмаланып кетеді , терминдерді халықаралық аренада жүйеге келтіру керек
деген сияқты сылтауларды желеу етіп, орыс тіліндегі терминдерді аудармай
алу керектігі 70 жыл бойы насихатталып келгендіктен , тілімізде қазақша
терминдерден гөрі орысша терминдердің саны көп. Сондай –ақ ғылыми ортада
терминдер көп сыңарлы, көп мағыналы болмау керек деген қағида белгілі
болғандықтан, әскери терминдердің сөздіктерінде бір ғылыми ұғымға екі- үш
түрлі балама ұсынылып келеді. Кейбір сөздіктер Қазақстан Республикасының
Үкімет жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы тарапынан
бекітілмеген. 2002 жылы Әскери терминдердің орысша – қазақша түсіндірме
сөздігі жарық көреді. Сөздікте Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің
басқару органдарында халықаралық –құқықтық нормаларды, әскери заңдар
жобаларын, әскери басқармалардағы жарғылық және басшылық құжаттарды
дайындау, жасау ісінде қолдануға арналған сөздікке 2000-нан астам әскери
термин енген. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ терминологиясы қалыптасуының кезеңдік сипаты
Ғалым аты біліммен, тіл біліміне сіңірген еңбегімен өлшенбек
ХІХ ғ.екінші жартысынан 1930 жылға дейінгі аралықта орын алған өзгерістер және терминология мәселесі
Дипломатиялық құжат тілінің терминдері
Терминология және медициналық терминдер
Термин сөздер және олардың қалыптасу жолдары
МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРЫЛУ ТАРИХЫ
Ахмет Байтұрсыновтың тіл біліміне қажет терминдерінің жалпы сипаты
Терминологияның зерттелуінің бастауы
Қазақ тіліндегі терминдердің қалыптасуы
Пәндер