Орталық азия аймағындағы интеграциялық процестер: мәселелері мен келешегі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5.9

I ТАРАУ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
1.1.Интеграция ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9.12
1.2.Интеграцияның негізгі концепциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12.25

II ТАРАУ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ АЙМАҒЫНДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ГЕОСАЯСИ ФАКТОРЛАРЫ
2.1 Орталық Азия аймағындағы интеграциялық процестердің ішкі геосаяси факторлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25.28
2.2 Орталық Азия аймағындағы интеграциялық процестердің сыртқы геосаяси факторлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28.40

III ТАРАУ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ АЙМАҒЫНДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ГЕОЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ
3.1 КСРО.ның ыдырауынан кейінгі Орталық Азия аймағындағы экономикалық қарым.қатынастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40.52
3.2 Әлем қауымдастығына интеграциясы жолындағы жаңа бағыттар ... ... ..52.59

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59.61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...61.64
Орталық Азия мемлекеттерінің егемендік алған алғашқы жылдары бірінші кезектегі міндеттер қатарында , оларды әлем елдерінің мойындауы, дүниежүзілік қауымдастыққа ықпалдасуы, мемлекеттер ішіндегі демократиялық , экономикалық түбегейлі реформаларды жүзеге асыру үшін сыртқы қолайлы ортаны қалыптастыру , аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау жатқызылады.
“Қазақстан-2030” ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасында “Өз қауіпсіздігіміз бен аумақтық тұтастығымызды қамтамасыз ету үшін біз күшті мемлекет болуымызға және көршілерімізбен берік және достық қарым-қатынастарымыз орнатуға тиіспіз... Біз Орталық Азия мемлекеттерімен байланыстарымыз бен интеграциялық процестерді күшейте береміз. Жақын және алыс болашақтағы ұлттық мүделерді қорғау мен күштердің теңдестігін қамтамасыз етудегі біздің мықты құралымыз – ынтымақтасу саясаты , ең алдымен Қазақстан,Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы Орталық Азия одағын нығайтып , дамыту, басқа мемлекетердің ісіне араласпау, қарсы тұрудан гөрі татулық ахуалын басым ұстау саясаты болуға тиіс ” деп атап көрсетілген.[1]
Жұмыстың өзектілігі.
Бүгінгі ғаламдандырудың теріс ықпалына қарсы тұрар бірден-бір күш аймақтық ықпалдастықты нығайту .Орталық Азия мемлекеттері , біз бір аймақта орналасқанбыз ,тарихи даму жолымыз бір, әуелден терең экономикалық байланыстар орнатылған , энергетикалық ,көлік , су және экономикалық жүйелеріміз ортақ , шекарамыз да ортақ , мәдени ,діни, тілдік тамырларымыз бір.
Соңғы жылдары аймақтық интеграция , ғаламдастыру процесімен қатар, мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарда үстемдік сипаттағы тенденцияға айналды. Орталық Азияда аймақтандыру процесін дамыту үшін қолайлы алғышарттар бар.
1. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030: Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание Президента страны народы Казахстана .-Алматы: Білім,1997.-с.11.
2.Назарбаев Н. Ә. Қазақстан экономикалық ,әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. –Алматы:Атамұра,2005.-45бет.
3.Чэнь Циминь . Центральная Азия : политические процессы и региональная безопасность. Алматы : 2002. –с. 24.
4. Бабак В.Центральная Азия: проблемы постсоветской интеграции // Центральная Азия .-1997. -№3. Гобл П. Возвращение на политическую карту : геополитика Центральной Азии // Центральная Азия .-1997. - №2. Коллинз Дж. Основные направления Центральноазиатской политики США//
Центральная Азия .-1997.-№2. Бен-Цолар З. К проблеме узбекистано-иранских отношений // Центральная Азия .-1997.-№1.
5. Исингарин Н.К. Проблемы интеграции в СНГ . –Алматы:Атамұра, 1998.Касенов У.Т. Центральная Азия : национальные и региональные аспекты безапосности // Казахстан и мировое сообщество. -1996.-№1. Кыдырбекулы Д.Б. Казахстан в системе региональной интеграции // Мысль. -1995.-№8.Примбетов С.Д. Интеграция в центральноазиатском регионе : проблемы и перспективы // Казахстан и мировое сообщество .-1995.-№3(4).Примбетов С.Д. Центральная Азия на пути интеграции // Аль-Пари.-1997.-№4.
6. Решение Глав государств Республики Казахстан , Кыргызской Республики и Республики Узбекистан о создании межгосударственного совета в составе Президентов и Премьер-Министров. Алматы// Казахстанская правда. -1994.-8июля. Заявление глав государств Республики Казахстан , Кыргызской Республики и Республики Узбекистан о дальнейшем углублении региональной интеграции // Казахстанская правда .-1998.- 28 марта. Сборник документов по вопросам интеграции Республики Казахстан , Кыргызской Республики и Республики Узбекистан .Алматы: Исполком Межгосударственного Совета Республики Казахстан, Кыргызской Республики и Республики Узбекистан,1995.
7.Журавская Е.Г. Региональная интеграция в развивающемся мире: немарксистские теории и реальность (на примере АСЕАН).М.:Наука.-1990.-с.7.
8. Белокреницский В.Я.Геополитическая вертикаль в Сердце Азии// Proet Contra.Т.2.№2. 1997. с99.
9. Барановский В.Г. Политическая интеграция вЗападной Европе .Некоторые вопросы теории и практики.-М.:Наука,1983.-с.31.
10. Мюрдаль Г. Мировая экономика .Проблемы и перспективы.-М.:Иностранная литература.1958.-с.122.
11. Шишиков Ю.В. Теории региональной капиталистической интеграции.-М. :Мысль.1978.-с.138.
12. Сонда, с.129.
13. Шишков Ю.В. Теории региональной капиталистической интеграции.-М.:Мысль.1978. –с.200.
14. Кушкумбаев С.К. Центральная Азия на путях интеграции : геополитика, этничность, безопасность. Алматы“ Қазақстан” .2002.-с.30.
15. Примбетов С.Д. Интеграция в Центральноазиатском регионе : проблемы и перспективы // Казахстан и мировое сообщество .-1995.-№3(4).
16. Примбетов С.Д. Центральная Азия на пути интеграции // Аль-Пари.-1997.-№4.
17.Примбетов С.Д. Казахстан и региональная экономическая интеграция //Саясат.-1996.-№7.
18. Примбетов С.Д. Интеграция в Центральноазиатском регионе : проблемы и перспективы // Казахстан и мировое сообщество.-1995.-№3(4).
19. Сұлтанәли Г.Х. Қазақстанның Орталық Азиядағы ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету мәселесінің кейбір аспектілері туралы//Дипломатия жаршысы.-2000.-№4.
20. Султанов Б.К. Территориально-пограничные проблемы в Центральной Азии //Аналитик. -2001.-№3.
21. Шоберлайн Дж. Проблемы регионального сотрудничества в Центральной Азии // Аналитик.-2001.-№3.
22. Сарсекеев М. Центральная Азия в фокусе пересечения геополитики и глобалистики //Саясат .-2003.-№11.
23. Эсенов М. Центральная Азия на пороге ХХІ века // Центральная Азия и Кавказ .1998.-№5.
24. Хуашэн Ч. Китай , Россия ,США :интересы , позиции, взаимоотношения в ЦА// Центральная Азия и Кавказ .-2004.-№5.
25. Хамраев Ф. Влияние “американского фактора ” на политику Китая в Центральной Азии//Саясат .-2003.- №11.
26. Лифань Л.,Д. Шиу Геополитические интересы России , США и Китая в Центральной Азии// Центральная Азия и Кавказ .-2004.-№3.
27. сонда.
28. Региональная интеграция в Центральной Азии . -Берлин. 1995.-с.75.
29. Бабак В. Центральная Азия : проблемы постсоветской интеграции.//Центральная Азия.-1997.-№3.
30. Акимов А.В. Центральноазиатские альтернативы ( Россия и Центральная Азия : перспективы экономической интеграции )// Евразийское сообщество: экономика, политика , безопасность .-1995.-№3.
31. Намазбаев Д. “Большая игра ”США на Кавказе и в Центральной Азии// Саясат .-2003.-№11.
32. Артыкбаев М. Проблемы совершенствования политических процессов стран Центральной Азии// Саясат.-2003.-№5.
33. Ашимбаев М. С. Концептуальные проблемы и угрозы безопасности Каспийско –Центральноазиатского региона // Аналитик.-2003.-№3.
34. Акинер Ш. Региональное сотрудничество в Центральной Азии // Аналитик . -2001.-№3.
35. Чэнь Циминь. Центральная Азия :политические процессы и региональная безопасность.-Алматы,2002.-.159с.
36. Узбекистан обрел “большого” покровителя в лице США //Институт по освещению войны и мира < http: //www . burana. bu. ru/>.
37. Ертысбаев Е. Казахстан и Назарбаев : логика перемен .-Астана : Елорда,2001.-576с.
38. Бжезинский З. Великая шахматная доска . Господство Америки и его геостратегические императивы .-М.:Междунар.отношения ,2000.-256с.
39. Ахметгалиева Б.Р. , Базаров А.А. Казахстан в интеграционном процессе в постсоветском пространстве //Казахстан-спектр .-1997.-№1-2.
40. Белокреницкий В.Я. Центральноазиатское единство миф или реальность? // Восток . -1996.-№6.
41. Гаджиев К.С. Геополитика .-М.:Международные отношения ,1997.-384с.
42. Суюнбаев М. Интеграция Центральной Евразии : геополитические и геоэкономические факторы // Центральная Азия .-1998.-№4.
43.Кушкумбаев С.К. Региональная интеграция в Центральной Азии// Саясат ,август.-1998.-с.67.
44.Марков В. Центральноазиатская интеграция: этап или альтернатива интеграции стран СНГ //Центральная Азия .-1998.-№4.
45. Коллинз Дж. Основные направления центральноазиатской политики США//Центральная Азия.-1997.-№2.
46. Резникова О. Россия , Турция и Иран в Центральной Азии // Мировая экономика и международные отношения .-М., 1997.-№1.
47. Ушакова Н.А. Постсоветские государства Центральной Азии : развитие внешнеэкономических связей в переходный период //Россия и Азия : состояние и перспективы сотрудничества .-М.: Институт востоковедения РАН ,1995.с.156.
48. сонда
49.Курганбаева Г. Концептуальные основы экономической интеграции стран Центральной Азии// Центральная Азия и Кавказ .-2004.-№5(35).
50. Лаумулин М.Т. Геополитика в Центральной Азии и безопасность Республики Казахстан .Автореф. дисс. на соиск.учен. степ. доктора политических наук.-Алматы.2003.-с.15.
51. Актуальные проблемы внешней политики Казахстана. Сб.ст.- М.:Руский паритет.1998,-с.157.
52. Рыбалкин В.Е. Международные экономические отношения .-М.: Юнити-Дана , 1999.-с.227.
53. Овчинников Г.П. Международная экономика . –Спб. :Полиус,1998.-с.295.
54. Бакаев Л.К. Интеграция новых независимых государств :сб.науч. ст. –Алматы,1998.ч2.-с.128.
55. Тикасилов М.Д. Проблемы экономической интеграции стран Центральной Азии в условиях переходной экономики . Автореф. дисс. доктора эконом.наук.-Алматы,1999.-с.45.
56. Кушкумбаев С.К. Геополитические факторы интеграционных процессов в постсоветской Центральной Азии .Автореф. дисс. канд.полит.наук.-Алматы,1999.-с. 27.
57. Сейлеханов Е. Центральная Азия : тернистый путь к единству // Мир Евразии .-2004.№2(5).с.17.
58. Карибджанов Е.С. ,Жанакова Н.Н. Опыт интеграции Европейского Союза и возможности его применения в странах СНГ.//Аналитик. -2003.№3.-с. 17.
59.Абижанов А. Эволюция интеграционных процессов в рамках ЦАС//Евразийское сообщество .-2004.№1(45).-с. 132.
60. Байбосунов К. Геополитические ориентиры Кыргызстана// Центральная Азия и Кавказ .-2004.№4.-с.150.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ МАГИСТРАТУРА БӨЛІМІ
САЯСАТТАНУ КАФЕДРАСЫ

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ АЙМАҒЫНДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН КЕЛЕШЕГІ

Орындаған:_________________________ ____________________Қайдарова Ә.С.
(қолы, күні)

Ғылыми жетекші :
с.ғ.к.,доцент______________________ ______________________Көшкінбаев С.Қ
(қолы, күні)
Рецензент :
соц.ғ.д.,профессор_________________ ______________________Садырова М.С.
(қолы, күні)

Норма бақылаушы:_________________________ ____________ Есимова Д.Г.
(қолы,күні)
Қорғауға жіберілді:
Кафедра меңгерушісі
С.ғ.д.,профессор___________________ _____________________Иватова Л.М. ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ Иватова Л.М. (қолы, күні)

АЛМАТЫ 2005

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: “Орталық Азия аймағындағы интеграциялық процестер: мәселелері мен келешегі.”
Жұмыстың көлемі: 64 бет.
Жұмыстың құрылысы: Жұмыс кіріспеден , үш тараудан , қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.
Жұмыстың мазмұны: Жұмыс барысы үш тарауды құрайды. Бірінші тарауда “Теориялық әдістемелік негіздері” мұнда аймақтық интеграция процесін зерттеудің концептуальды әдісі жасалып, “интеграция” терминіне анықтама беріліп,әлемдегі интеграциялық процестердің теориясы мен практикасы талқыланды. Екінші тарауда “Орталық Азия аймағындағы интеграциялық процестердің геосаяси факторлары” аймақтағы интеграциялық динамикаға позитивті және негативті әсер ете алатын негізгі геосаяси факторларға тоқталдық . Интеграциялық құрылымның құрылуының келешегі мен тенденцияларына геосаяси факторлардың әсері сөз етілді.
Үшінші тарау “Орталық Азия аймағындағы геоэкономикалық фактор” “КСРО-ның ыдырауынан кейінгі Орталық Азия аймағындағы экономикалық қарым-қатынастар” ,“ Әлем қауымдастығына интеграциясы жолындағы жаңа бағыттар ” деген тараушалардан тұрады. Аймақтың мемлекеттерінің әлсіз экономикалық кірігуінің себептері, экономикалық ынтымақтастықтың проблемалары сөз етіледі.
Жұмысты орындауға қолданылатын әдістер:Зерттеу жұмысы барысында тарихи-салыстырмалы, талдау, сараптау әдістері негізге алынды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.Зерттеу тақырыбы –Орталық Азиядағы мемлекетаралық интеграция процесін геосаяси , геоэкономикалық факторлар тұрғысынан зерттеу. Интеграциялық құрылымның қалыптасуына геосаяси, геоэкономикалық факторлардың ықпалы мәселесін зерттеу жұмыстың мақсатын қамтамасыз етті. Жұмыстың міндеті : Орталық Азия аймағындағы интеграциялық процестерге әсер ете алатын негізгі геосаяси , геоэкономикалық факторларды көрсету.
Жұмыстың қорытындысы: Қорытынды бөлімінде жұмыс мазмұны түйінделіп , тұжырымдар жасалды. Бүгінгі ғаламдандырудың теріс ықпалына қарсы тұрар бірден-бір күш аймақтық ықпалдастықты нығайту.Ішкі интеграция нәтижесінде Орталық Азияны жеке күш орталығына айналдыру мүмкіндігі бар. Бүгінгі күнде Орталық Азиядан интеграцияның аулы әлі алыста. Оған объективті , субъективті тәртіптегі көптеген себептер тиек болып отыр. Көптеген фактілер аймақтағы орталықтан алыстау процесіне дем береді,мұндай жағдайда біртұтас интеграцияланған Орталық Азияның пайда болу мүмкіндігі туралы айту мүмкін емес деген қорытынды жасалды.
Тірек сөздер: интеграция, саяси интеграция, стратегия, аймақтық интеграция, халықаралық қатынастар, ынтымақтастық, неолиберализм, функционализм, неофункционализм, қауымдастық, парадигма, геосаясат, глобалистика, федерализм , Орталық Азия , держава.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-9

I ТАРАУ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
1.1.Интеграция ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9-12
1.2.Интеграцияның негізгі концепциялары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...12-2 5

II ТАРАУ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ АЙМАҒЫНДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ГЕОСАЯСИ ФАКТОРЛАРЫ
2.1 Орталық Азия аймағындағы интеграциялық процестердің ішкі геосаяси факторлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25-28
2.2 Орталық Азия аймағындағы интеграциялық процестердің сыртқы геосаяси факторлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28 -40

III ТАРАУ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ АЙМАҒЫНДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ГЕОЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ
3.1 КСРО-ның ыдырауынан кейінгі Орталық Азия аймағындағы экономикалық қарым-қатынастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40-52
3.2 Әлем қауымдастығына интеграциясы жолындағы жаңа бағыттар ... ... ..52-59

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59-61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...61-64

ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ:

АҚШ- Америка Құрама Штаттары.
БҰҰ-Біріккен Ұлттар Ұйымы.
КСРО-Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы.
ҚХР-Қытай Халық Республикасы.
ШЫҰ-Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы.
ДСҰ-Дүниежүзілік сауда ұйымы.
БЭК-БіртұтасЭкономикалық Кеңістік.
ОАЫДБ-Орталық Азиялық Ынтымақтастық және даму банкі.
ОАЭҚ-Орталық Азия Экономикалық Қауымдастығы.
ТМД- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы.

КІРІСПЕ

Орталық Азия мемлекеттерінің егемендік алған алғашқы жылдары бірінші кезектегі міндеттер қатарында , оларды әлем елдерінің мойындауы, дүниежүзілік қауымдастыққа ықпалдасуы, мемлекеттер ішіндегі демократиялық , экономикалық түбегейлі реформаларды жүзеге асыру үшін сыртқы қолайлы ортаны қалыптастыру , аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау жатқызылады.
“Қазақстан-2030” ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасында “Өз қауіпсіздігіміз бен аумақтық тұтастығымызды қамтамасыз ету үшін біз күшті мемлекет болуымызға және көршілерімізбен берік және достық қарым-қатынастарымыз орнатуға тиіспіз... Біз Орталық Азия мемлекеттерімен байланыстарымыз бен интеграциялық процестерді күшейте береміз. Жақын және алыс болашақтағы ұлттық мүделерді қорғау мен күштердің теңдестігін қамтамасыз етудегі біздің мықты құралымыз – ынтымақтасу саясаты , ең алдымен Қазақстан,Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы Орталық Азия одағын нығайтып , дамыту, басқа мемлекетердің ісіне араласпау, қарсы тұрудан гөрі татулық ахуалын басым ұстау саясаты болуға тиіс ” деп атап көрсетілген.[1]
Жұмыстың өзектілігі.
Бүгінгі ғаламдандырудың теріс ықпалына қарсы тұрар бірден-бір күш аймақтық ықпалдастықты нығайту .Орталық Азия мемлекеттері , біз бір аймақта орналасқанбыз ,тарихи даму жолымыз бір, әуелден терең экономикалық байланыстар орнатылған , энергетикалық ,көлік , су және экономикалық жүйелеріміз ортақ , шекарамыз да ортақ , мәдени ,діни, тілдік тамырларымыз бір.
Соңғы жылдары аймақтық интеграция , ғаламдастыру процесімен қатар, мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарда үстемдік сипаттағы тенденцияға айналды. Орталық Азияда аймақтандыру процесін дамыту үшін қолайлы алғышарттар бар.
Қазақстан халқына арналған “Қазақстан экономикалық , әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында” Жолдауында Президент Н.Ә. Назарбаев “Біз Азия “жолбарыстары ” мен Еуропалық Одақ табыстарының сырына қаныға бастадық ... Жаһандық экономикада ірі нарықтардың маңызы да үлкен. Біз сонымен қатар , ұлы державалардың осы өңірде экономикалық басымдыққа ие болу жолындағы бәсекелестігін де байқап отырмыз.Осы жаһандық геоэкономикалық проблемаларға қатысты дұрыс тұғыр ұстанудың маңызы үлкен.
Біздің алдымызда таңдау тұр : бірі-әлемдік экономиканың мәңгілік шикізаттық қоржыны болып қалу ,екіншісі тағы бір империяның келуін күту немесе Орталық Азияның барынша интеграциялануына қарай қадам жасау.
Мен соңғысын ұсынамын .
Бұдан былайғы интеграциялануымыз – біздің өңіріміздің тұрақтылығына, прогреске ,экономикалық және әскери саяси тәуелсіздікке апаратын жол.
Мен Орталық Азия елдері Одағын құруды ұсынамын .
Біздің экономикалық мүдделеріміз де , мәдени- тарихи тамырымыз да , тіліміз, дініміз де ,экологиялық проблемаларымыз да , керек десеңіз сыртқы қатерлеріміз де ортақ.Біз тығыз экономикалық интеграцияға көшуіміз және ортақ нарық пен ортақ валютаға қарай ілгерілеуіміз керек.”[2]
Интеграция – ұзақ және күрделі процесс.Аймақ мемлекеттерінің болашағы үшін интеграцияның маңызы өте зор, алайда бұл эволюциялық процесс болуы шарт.Ол қысым арқылы емес , қатысушы мемлекеттердің нақты қажеттілігі , еркін күш-жігері негізінде құрылуы тиіс.
Орталық Азия аймағындағы интеграциялық процестерді айқындаушы негізгі факторлардың ( геосаяси, геоэкономикалық, коммуникациялық) ішінде барынша табиғи , тұрақты, саяси конъюктураның өзгеруінен тәуелсізі геосаяси фактор болып табылады.
Дәстүрлі геосаяси түсінікте Орталық Азияның көп бөлігі , бүкіл Сібірді қосқанда евразиялық кеңістікте Heart Land -та ( хартленд- жердің жүрегі) жатыр.Осылайша өз тұжырымдамсында ағылшын географы және саяси қайраткері Г.Маккиндер (1861-1947) анықтаған.[3]
Әлемнің саяси картасындағы егеменді елдердің дамуына жалпы әлемдік саяси-экономикалық үрдістер әсер етеді. Сондықтан қазіргі төрткүл дүниеде интеграциялану ісі қай кездегіден де айрықша маңыз алып келеді. Көптеген мемлекеттер бірлесудің мұндай түріне шаруашылықты өркендетудің және оның халықаралық ықпалын ұлғайтудың қажетті шарты ретінде қарап отыр.
Мәселен, саналы интеграциялық саясат Еуропалық Одаққа мүше елдерді тұрақты шаруашылық өсуі бар орталыққа айналдырды. Бұл топқа кіретін барлық мемлекеттер соңғы жылдарда бюджет тапшылығын және инфляция деңгейін ұдайы төмендете отырып , тұрақты экономикалық даму тенденциясын үстемелей түседі.Оның үстіне “еуро” деп аталатын бірыңғай еуропалық валютаның енгізілуі Еуропалық Одақ елдерінің бұрынғыдай Америка немесе Азия экономикасына тәуелді болмауына мүмкіндік береді.
Дамыған еуропалық елдерден қалып қоймау мақсатында еркін сауда жасауға келісім жасаған АҚШ , Канада мен Мексикада да панамерикандық “ ортақ базар” құру жолымен келеді.
Валюта- қаржы дағдарысының ауыр зардаптарына қарамай, АСЕАН-ға мүше мемлекеттердің де экономикалық интеграциясы тереңдей түседі. Олар да аймақтың экономикалық дағдарыстан тез шығуын осы интеграцияның даму мүмкіндігімен байланыстырады.
Әлемдік экономиканың дамуының ғаламдық тенденциясы болып бүгінгі таңда аймақтық интеграция табылады. Ол мемлекет аралық негізде және халықаралық еңбек бөлінісінің тиімді ұсынатын , экономикалық , ғылыми-техникалық ,ақпараттық және саяси бірігуге қозғалыс жасайтын күш болып табылады. Бұл мәселелерді Орталық Азия аймағында іс жүзінде асыру , ортақ энергетикалық жүйе мен өңдеу қоры өнеркәсібін реанимациялау ортақ дамуда іс жүзіне асырылуы керек.
Орталық Азия аймағындағы мемлекетаралық ынтымақтастық мәселесі барынша күрделі және қарама-қайшылықты процесс болып табылады. Оның күрделілігі мен қарама – қайшылығы Орталық Азия мемлекеттерінің қатынастарының, олардың мемлекетаралық ынтымақтастығының барлық салаларындағы оңай емес сипатымен қамтамасыз етілді.
Мәселенің зерттелу деңгейі.
Орталық Азия аймағындағы интеграциялық процестер аймақтық және әлемдік державалардың геостратегиялық және геосаяси мүдделері тұрғысынан зерттелуі бірқатар шетелдік мамандардың объектісі болды.Олардың ішінде бірқатар ғылыми-аналитикалық мақалалар мен кітаптарды В.Бабактың,З.Бен-Цолар, П.Гоблдың ,Дж. Коллинздың ,Ш.Хантер, М.Эсенов және тағы басқаларды атап көрсетуге болады. [4]
Орталық Азия аймағындағы мемлекеттер арасындағы интеграцияның бірқатар өзекті мәселелері қазақстандық мамандар К.Адильбеков, У.Қасенов, Д.Қыдырбекұлы, Н.Марданов, Н.К.Исингарин, С.Примбетов , Э.А.Туғановтың еңбектерінде көрініс тапты.[5]
Деректік негізін интеграциялық процестердің жүру жолын реттейтін жарлықтар мен ережелер , мемлекетаралық интеграцияның әр түрлі мәселелеріне қатысты материал жинақтары құрады.[6]
Зерттеу жұмысының әдістері . Зерттеу жұмысы барысында тарихи-салыстырмалы , талдау әдістерін негізге аламыз.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
Зерттеу тақырыбы - Орталық Азиядағы мемлекетаралық интеграция процесін геосаяси, геоэкономикалық факторлар тұрғысынан зерттеу. Интеграциялық құрылымның қалыптасуына геосаяси, геоэкономикалық факторлардың ықпалы мәселесін зерттеу жұмыстың мақсатын қамтамасыз етті. Жұмыстың міндеті : Орталық Азия аймағындағы интеграциялық процестерге жағымды және жағымсыз әсер ете алатын негізгі геосаяси, геоэкономикалық факторларды көрсету.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы және практикалық маңыздылығы. Орталық Азияны геосаяси көзқарас тұрғысынан зерттеу маңызды, себебі географиялық фактор бұл мемлекеттердің әр қайсысын бір-бірімен және көршілерімен байланыстырады. Әлемдік рынок ірі державалар арасында бөліске түсіп бақылауға алынатындықтан , аймақтық интеграция маңызды және қажет. Мұндағы міндет Орталық Азия елдері өз орнын орнықтыру болып табылады.
Зерттеудің нысаны.Орталық Азия аймағындағы интеграциялық процестердің мәселелері мен келешегін талдап , саралау интеграциялық процестерге ықпал ететін факторларды анықтау жұмыстың негізгі нысаны болып табылады.
Зерттеу пәні аймақ посткеңестік кезеңде басынан өткеріп отырған геосаяси трансформация контекстінде Орталық Азиядағы мемлекетаралық интеграция процесі болып табылады.
Жұмыстың жаңалығы. Жұмыста аймақтық интеграция процесі геосаяси, геоэкономикалық факторлар тұрғысынан талданды, әрі державалардың аймақтағы мүддесі жан-жақты зерттеліп отыр.
Жұмыстың мақұлдануы.
1.Орталық Азия аймағындағы интеграциялық процестердің сыртқы геосаяси факторларыМатериалы Международной научно-практической конференции.“ Политические проблемы МО и глобального развития” в рамках шестых Мустафинских политологических чтений.
Жұмыстың құрылымы.
Магистрлік диссертация кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан тұрады.Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.

I ТАРАУ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

1.1 ИНТЕГРАЦИЯ ҰҒЫМЫ

“Интеграция ” терминін алғаш рет ХХ ғасырдың 30шы жылдары бірқатар неміс және швед ғалымдары қолданысқа енгізді. [7] Әлеуметтік өмірде қолданылатын интеграция ұғымы барынша кең мағынадағы анықтама және саяси, мәдени, экономикалық және басқа салалардағы процестер мен құбылыстардың бір тобын қамтиды. Интеграция топтық, әлеуметтік, этникааралық, мемлекетаралық деп бөлінеді. Одан басқа интеграция әскери-саяси ,ғылыми-техникалық, технологиялық болады, яғни қазіргі социумның қызметінің әртүрлі жақтарын қамтиды.
Интеграция В.Белокреницкийдің түсінігі бойынша ,– бұл аймақтық саяси және (немесе) ұлттық -мемлекеттік жүйенің сақталуы мен нығаю процесі.[8]
Интеграциялық процестердің саяси негіздерін зерттеу көбінесе әртүрлі елдердегі болып жатқан ішкі және сыртқы саяси процестермен байланысты. Бізді қызықтыратын мәселе мемлекетаралық интеграциямен байланысты және халықаралық қатынастардың шеңберіне кіреді. Саяси мәселелермен байланысты проблемалардың ерекшелігін көрсету үшін елдер арасындағы интеграциялық процестерді зерттеушілер ” саяси интеграция“ ұғымын бөліп көрсетеді.
“Саяси интеграцияға” толық анықтаманы американ саясаттанушысы Э.Хаас берді. Бұл терминде ол қызмет бөлігіне өкілдік етуі барысында белгілі заңдық күші бар жаңа орталықтың жағына бағытталуға немесе оны өмір сүріп жатқан мемлекеттерге қатысты таратуға , саяси өмірдің бірнеше ұлттық жүйесінің мүшелері ұмтылатын процесті түсінді.
Саяси интеграция мәселесі бойынша әдебиеттің көп болғанына қарамастан , мамандар бұл көп қырлы процестің әртүрлі жақтарын қамтитын тұтас біріккен теорияның жоқ екенін атап өтеді. Шынында да, зерттеушілер арасында , саяси интеграцияның әртүрлі теориясының негізін қалаушылардан бастап бүгінгі күнгі ғалымдар арасында да “ саяси интеграция” ұғымының қандай да бір ортақ түсінігі қалыптасқан жоқ. Барановский айтқандай , іс жүзінде әртүрлі зерттеушілер де “саяси интеграция” түсінігімен қамтылған біркелкі емес және кейбір интуициялық суреттелген мәселелер тобын жасады.
Сонда да, Барановский интеграцияны жекелеген әр түрлі бөліктердің біртұтасқа байланысты жағдайы , сондай- ақ мұндай жағдайға әкелетін процесс деп түсінді.[9] Бұл анықтама мәні бойынша бүгінгі күнде танымал жүйелілік әдісті білдіреді.
Мысалы, құрылымдық функционализмнің негізін салушы Т.Парсонс ұсынған интеграция ұғымы негізгі екі компонентті құрайды.
Біріншіден, интеграцияның элементтерінің өзара ішкі сәйкестілігі.
Екіншіден, интеграциялық жүйе сыртқы қоршаған ортадан ерекшеленетін өзгеше жағдайларды сақтау мен қолдау.
Сол уақыта американ саясаттанушысы М.Капланның түсіндіруі ең қысқа, бірақ та біздің пікірімізше , нақты емес. Капланның көзқарасынша , интеграция - екі немесе бірнеше бөліктердің біртұтас жүйеге бірігуі немесе бір жүйенің екіншісін жұтып қоюы.
Белгілідей , халықаралық қатынастар жүйесіндегі интеграция, ең алдымен, жүйелілік сипатындағы қандай да бір тұтастықтың құрылуын түсіндіруі керек.Қазіргі уақытта бұл біртұтастықтың негізгі құраушы элементі халықаралық қатынастардың өту сипатын ескере отырып, мемлекет бола алады.Зерттеушілер бұл жерде халықаралық қатынастар мен мемлекетаралық интеграция жүйесі туралы бірдей тең ауқымдағы деп жалған түсінік пайда болуы мүмкіндігін ескертеді. Бұл түсініктер арасында белгілі бір айырмашылықтар бар екені сөзсіз. “ Тұтастық”пен “жүйелілік” ұғымдарының семантикалық жақындығы болғанына қарамастан , біріншісі екіншісіне қарағанда анықтама. Тұтастық осылайша, халықаралық қатынастар жүйесіндегі байланыстардың тұрақтылығының шекті қол жеткізілетін деңгейі мен белгілі бір бекітілуін көрсетеді. Барановскийдің пікірімен келісуге болады,
“кейбір мемлекеттердің халықаралық қатынастардың сол немесе басқа құрылымына қатысты барлық жағдайларда бірдей бір уақытта олардың интеграциясын дәлелдейді.Бұл жағдайда интеграция әрқашанда жүйе , ал жүйе әрқашанда интеграция емес деп айтуға болады. Құрылымдылық, иерархиялық, элементтердің автономдығы – бұлардың барлығы мақсатты маңызды параметрлер интеграция мен интеграция еместің арасында өлшем жүргізгенде маңызды емес.”
Барановский мұнымен байланысты интеграцияның үш белгісін бөлуді ұсынды. Біріншіге, кейбір мемлекеттер арасында бар байланыстар мен қатынастардың жекеленуі мен бұл мемлекеттерде бар бір тәртіпті байланыстар мен қатынастардың барлық жиынтығы жатады. Екінші белгіге, интеграциялық процестердегі іске асырылатын басқару , яғни интеграциялық комплекстегі мақсатты әрекеттер мен реттеу жатады, бұл ағымдар оқиғаның бытыраңқы дамуынан ажыратады. Үшінші белгіге , ресейлік зерттеуші біздің көзқарасымызша, барынша маңызды белгіні – интеграция комплекстегі тұтас және жеке құрылымдық элементтердің ара қатынасын жатқызады. Шынында да, сол және басқа мәселеде өзара байланыстылық пен бірін- бірі қамтамасыз ету қысқа мерзімді немесе елеусіз сипатта болса , онда интеграция да функциональды емес болады. Интеграция тек құрылымдық элементтерге(мемлекеттерге) жаңа шақырылуларға (өзгерген жағдайларға) жауап беру үшін бірін-бірі толықтыратын және үйлесімді стратегия жүргізу қажеттілігі туған кезде ғана жүзеге асырылады(орындалады).Бұл деңгейде негізгі даму үшін мемлекеттер арасында барынша тығыз, реттелетін, басқарылатын және бағытталған байланыстар , яғни интеграциялық топты құру қажеттілігі туған кезде ғана мүмкін.
Интеграциялық процестер – коммуникацияның дамуы негізінде әлемдік нарықтың жаһандануының нәтижесі.
Интеграциялық процестер әлемдік жүйенің әртүрлі элементтерінің (мемлекеттердің) бірін-бірі толықтыруымен және өзара тәуелділігінің өсуін дәлелдеп планетаның барлық бөліктерінде бір универсалды тәсіл ойлап табылған жоқ. Мұндай белгілі бір дәрежеде әлемнің саяси-экономикалық құрылымының ала-құлалығын ескергенде барынша қалыпты жағдай.
Интеграциялық процестер өркениеттің дамуының қазіргі негізгі заңдылықтарының бірі болып табылады.
Интеграция – уақыттың өлшемі. Қазіргі заманда әртүрлі ынтымақтастық пен интеграциялар қалыптасты, олар: пән бойынша интеграция ; географиялық принцип бойынша интеграция ; “ кеңінен” интеграция ; “терең” интеграция.

1.2. ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ

Өтіп жатқан процестерді теоретикалық тұжырымдау мен сараптаудың алғашқы қажеттілігі Батыс Европа мен Солтүстік Америка елдерімен байланысты интеграциялық зоналарда пайда болды. Мемлекетаралық интеграцияның әртүрлі концепцияларына әдістемелік база тұтас алғанда, алғашында Батыс Европада құрылған халықаралық экономикалық интеграцияның жалпы теориясының ережелері болды. Жасалған концепциялардың жоғары дамыған индустриалдық қоғамның жағдайына басым бағытталғаны заңды құбылыс екендігі белгілі. Сол кезеңде әлемдік практика басқа мысалдарды көрсете алмайтын , себебі үшінші әлем елдерінің соғыстан кейінгі кезеңде әлі де басы бірікпеген еді, сондықтан интеграцияға қадам жасай алмайтын.
Аймақтық интеграция процесін теориялық тұжырымдауға бірінші қадамды 1950 жылдары неолибералдық бағыт шеңберінде жұмыс істеуші ғалымдар ( А.Предоль, В.Ренне,) жасады.Экономиканың барынша тиімді реттеушісі ретінде нарықтық концепциядан шыға отырып , олар интеграцияны бірнеше елдерді біріктіретін ортақ геоэкономикалық кеңістіктің құрылуы деп түсінді. Бұл мақсатқа жету үшін сыртқы сауда мен валюта-қаржылық саланы мемлекеттің бақылауынан толық босату керек болды. Бұл көп жағынан мемлекеттің жұмыс істеуінің сол кезде батыстық заң және саяси ғылымдарында болған либералдық көзқарастарымен сәйкес келді.Бұл бағыттың өкілдеріне интеграция мәселесі интеграцияланушы елдердің нарықтарын , сыртқы экономикалық қызметтің либерализациялануы негізінде біріктірудің тұрпайылығының басымдылығынан көрінді. Осылайша, интеграциялық ұмтылыстардың тиімділігі бұл жерде өздерінің экономикасын біріктіруге ұмтылған мемлекеттердің саяси еркіне байланысты. Бұл бағытта белгілі бір мөлшерде әсіресе ХХ ғасырдың соңында танымал болған халықаралық қатынастардағы аймақтық концепцияның шығу көзін көруге болады.Бірақ та кейінірек оларға ұлттық протекционизм ағымымен, сондай-ақ онша тиімді емес , барынша дамымаған әлемдік деңгейдегі интеграцияның түрімен кездесуге тура келді.
Әлемдік даму тенденциялары бірқатар динамикалы дамып жатқан елдердің ұлттық мүдделерін қорғаудың тиімді әділ формуласын іздеуге алып келді. Неолибералистердің көзқарасы бойынша мұнда негізгі элемент аймақ ішінде ортақ кедендік жүйе жасау үшін жағдай жасау мен үшінші елдерге қатысты бұл жоспарда ортақ бағытты жасау болуы мүмкін.
Кедендік одақ концепциясы 1957 жылы құрылған Европалық экономикалық қауымдастықтың теориялық концепциясы болды. Бұл кезеңде Европада үстемдік еткен қауымдастыққа мүше елдердің интеграциясын таза нарықтық түсіндіру “ мемлекетке түнгі күзетші ретінде ” әдісіне толық сай келді. Бұл әдіс ішкі аймақтық қатынастар саласына ауысты және саяси факторлардан толық абстрактылауға немесе оларды толық елеуге әкелді.Оқиғаның одан әрі дамуы аймақтық концепция теориясына өзгертулер енгізді .Еркін сауда зонасының , сондай-ақ Батыс Европада Кедендік одақтың құрылуы дамудың теңсіздігі мен жүйенің жалпы тұрақсыздығын жоя алмады.
1960 жылдарда интеграцияның түрлерін зертеудің әдістерін қайтадан қарау жүрді.Либералдық әдісті немесе әлеуметтік , экономикалық және басқа салаларда мемлекеттік бақылаудың кеңеюін жақтайтын концепцияның белгілі бір синхронды дамуы мен теоретикалық концепциясының кезектесуін көруге болады.
Соңғы ағымның мәні интеграциялық процестердің бағытты реттелуіне саяды. Бұл интеграцияны тұжырымдаудың неолибералдық тәсілінің қолданылу аясын барынша тарылтты.
Осымен байланысты ғалымдар арасында интеграциялық құрылымның анықтамасының шеңберін кеңейту қажеттілігі туды. Жаңа бағытты бірқатар зерттеушілер шартты түрде “дирижистеким ” деп атады. Бұл бағытты жақтаушылар интеграция процестерін тиімді реттеу үшін институттар тобы немесе наднациональдық саяси-құқықтық институтты құруды жақтады. Практикада бұл “экономикалық одақ” концепциясының жасалуымен көрінді. Бұл ағымға тек базарлардың (нарықтардың) бірігуі ғана емес , мемлекетаралық интеграция барысында сауалдардың кең тобы үшін механизмдер мен үйлесімді органдардың жасалуы да кірді , яғни интеграциялық процестерге сай саяси әсерін болжады. Осымен байланысты американдық ғалым Б.Белаши интеграцияның екі түрлі талдауын енгізді: процесс және жағдай ретінде. Ол енгізген экономикалық салаға қолданылатын интеграцияны топтау сатысы соңынан барынша кең таралды.
Ең алдымен Б.Белаши “ ынтымақтастық пен интеграцияны ” ажыратуды ұсынды. Біздің көзқарасымызша , ол “интеграция” түсінігінің өзін анықтауда маңызды ескерту жасады. Егер ынтымақтасу процесі әртүрлі дискриминацияны қысқартуға бағытталған әрекеттерді жүргізуді шамаласа, ал интеграция процесі интеграция дискриминациясының жойылуын ұйғарды.
Белаши бойынша интеграцияның 5 түрі бар:
1 еркін сауда аймағы – мүше-мемлекеттер арасында сандық шектеулер мен тарифтер алынып тасталған жерде.
2 кедендік одақ – үшінші елдермен саудада ортақ тариф енгізілген жерде .
3 ортақ нарық – шектеулер тек саудада ғана емес, өндірістің факторларын (капитал мен жұмыс күші) қозғауға шектеу жойылған жерде.
4 экономикалық одақ – өндірістің факторлары мен тауарлардың қозғалыс еркіндігі бұл саясатты сәйкессіздігімен қамтамасыз етілген дискриминацияны жою үшін ұлттық саясатттың белгілі бір келісімімен толықтырылатын жерде.
5 толық экономикалық интеграция, ұлттық экономикалық саясат толық үйлестірілген және наднационалдық саясат органдары құрылған , яғни саяси одақ.
Ұлттық тәуелсіздіктің орталық сфералары – сыртқы саясаты мен ұлттық қауіпсіздік – наднационалдық органдардың қарауына беріледі. Мұндай шектеу егер де оның маңызды элементпен толықтырылуы болмаса саяси интеграцияны сараптауға қолданылмас еді. Белаши бойынша, интеграцияны халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың басқа түрлерінен саяси-құқықтық механизмдерінің белгілі рөлі ерекшелендіреді. Бірақта Белаши ол “неолибералды”(нарықтық) көқарас пен “дирижистік”
арасында бейтарап ұстанымдарды ұстай отырып , бұл тұжырымды одан әрі дамыта алмады .
Әлемдік интеграциялық процестердің даму динамикасы интеграция теориясының дирижистік бағыты 1960-1970жылдардың аяғында күшеюіне әсер етті. Бұл бағыттың ірі өкілдері – Р.Купер , Г.Мюрдаль, П.Стриптен , Я.Тинберген ,А.Филипп –– әртүрлі әлеуметтік –саяси көзқарастарды ұстанды, бірақ та барлығын біріктіретін ортақтық интеграцияға нарықтық көзқарастарды қабылдамауы болды. Олар бірқатар нарықтық факторларға, оның ішінде тауарлардың еркін қозғалысына күмәнданды.Швед ғалымы Г.Мюрдаль айтқандай , нарықтық концепцияны теоретикалық жоспарда кедей немесе бай елдердің дамуын теңестіргісі келді, іс жүзінде полярлану одан әрі тереңдеді. Оның пікірінше , бұл ұлттық саяси мүдделердің мәнді әсерімен негізделеді.Сәйкесінше ол мемлекеттің реттеуші рөлін және экономикалық үйлестіруді , әсіресе даму үрдісі мен деңгейін теңестіру үшін әлеуметтік саясатты күшейтуді ұсынды.[10]
Голланд ғалымы Я. Тинберген бұл мәселені сараптауда интеграцияны позитивті және негативті деп бөлді .Нарықтық концепция бойынша интеграцияның табысты болуы болуы үшін жағдай болып табылатын , яғни тауарлардың , капитал мен еңбек ресурстарының еркін ауысуын Тинберген негативті интеграция деп атады.Голланд ғалымының ойы бойынша бұл жағдайға қосымша наднациональдық деңгейдегі процестерді саналы (саяси) реттеу болған кезде , барынша қолайлы модель позитивті интеграция деп аталады.
Бүгінгі күнге дейін екінші деңгейдегі сипатқа ие мәселелердің көбісі федералдық принцип бойынша шешіледі , ол Европа одағының мемлекеттерінің терең әлеуметтік және саяси интеграциясының нәтижесі болды.
Батыс европалық интеграцияның тәжірибесі көбіне біріншілік күші бойынша , тереңдік күші мен өту жағдайы бойынша ережелік болып табылатыны сөзсіз. Әлемдегі бар интеграциялық бірлестіктердің жобалары мен әртүрлі моделдері Европалық одақтың табысты тәжірибесінің нәтижесі болып табылады. Мұндай ағым аймақтық интеграция феноменін зерттеудің теоретикалық білімін тереңдету мен кеңейту қажеттілігін туғызды.
Жоғарыда аталған тәсілдер көбіне интеграциялық ағымдардың глобалды ауқымда дамуын бейнеледі. Шынында , әртүрлі аймақтық топтар үшін сол және басқа себептер басым болды, бірақ та әлемдегі интеграциялық бірлестіктердің сандық өсуіне қарамастан, Батыс Европаның жағдайы үшін өңделген , олардың қалтарыстағы сатылы үлгіге бағытталуы сәтсіздікке және дезинтеграциялық ағымдардың жиі өсуіне алып келді.
Зерттеушілер арасында интеграцияны есептеудің “бастапқы нүктесіне” әртүрлі көзқарастар бар, белгілі сандық өзгертулер мемлекетаралық интеграциялық ағымның пайда болуына алып келген кезде.Мысалы, бірқатар батыс зерттеушілері арасында интеграциялық процестердің сандық параметрлерін анықтаудың әртүрлі математикалық әдістері кең танымал болды. Интеграциялық процестерді зерттеуші Л.Линдберг мемлекеттік қызметтің әртүрлі салаларына қатысты қабылданған шешімдерге сүйене отырып интеграциялық деңгейін өлшеу әдісін жасады. Мұндай ол 22 саланы көрсетті. Мұның негізінде шешім қабылдаудың түрлі деңгейіне сәйкес келетін бес индексті енгізді. 22 шартты бұл бес индекске енгізіп , Линдберг ең алдымен батыс-европалық аймақтағы барлық интеграцияның дамуын анықтауға тырысты.
Біздің көзқарасымызша , интеграциялық комплекстің пайда бола бастауын әртүрлі тұжырымдауға болады. Бұл интеграциялық бірлестікті анықтаудың негізіне қандай шарт алынғанына тәуелді болады .Мысалы, қазіргі Батыс Европаға тән интеграциялық деңгейді алсақ, онда автоматты түрде барлық қалған әлемдегі интеграциялық қауымдастықтар интеграциялық жол дәрежесін жоғалтады.
Қазіргі әлемдегі интеграциялық процестерді зерттеуге қызығушылық , жоғарыда айтылғандай , екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде пайда болды. Мұндай интеграцияның феноменіне қызығушылықты зерттеушілер , ең алдымен аймақтық интеграцияның күрделі халықаралық мәселелерді әскери емес тәсілмен шешуге жағымды ықпал етуімен байланыстырады.
Аймақтық интеграция мәселелерін зерттеуде теоретикалық өңдеу негізінде мамандар үш ірі бағыттағы интеграцияның көптеген концепцияларын ажыратады.
Бірінші ағым мемлекеттердің саяси және экономикалық, тарихи мүдделердің ортақтығы идеясына негізделеді. Бұл ағымды жақтаушылар институционалданған бірлестікті құру қажеттігін көтереді. ХХ ғасырдың 50ші жылдарында бірқатар американдық және европалық саясаттанушылар әртүрлі мемлекеттерді федерацияға біріктіру тенденциясын ұсынды. Бұл ағым саяси ғылымда федерализм атауын алды. Оны жақтаушылар , биліктің федералды жүйесі бірлестікке кіретін ұлт- мемлекттердің дамуына тұрақты және қауіпсіз жағдай жасай алады және федерация мен наднационалдық ұйымдардың субьектілері саяси және әкімшілік мекемелердің өкілеттілігінің нақты шектеулілігі мен жұмыс тәртібі жағдайында әр елдің ерекшелігін сақтай алады деп есептеді.[11]
Бұл бағыт шеңберінде екі ағым бар : классикалық федерализм және неофедерализм.
Бірінші ағымды жақтаушылар конституционализм мен билікті бөлу идеясына негізделген көзқарасты ұстанады. Оның мәні , аймақтық интеграция халықаралық ауқымдағы нормативі қайта құру негізінде ғана мүмкін. Американ саясаттанушысы А.Гамильтон мен британ мамандары К.Уэйр мен Р.Уотс мұндай жағдай егерде кең ауқымдағы халықаралық форум (конференция) шақырылып , оның шеңберінде ұлттық мемлекеттердің өкілетті өкілдері өз еркімен келісіп , өздерінің өкілеттіліктерінің бір бөлігін консенсустық негізінде берсе жүзеге асырылады деп есептеді.
Бұл ағымның жақтаушыларының ойы бойынша федеративтік жүйенің құрылуы интеграцияның соңғы пункті болып табылды. АҚШ, Швейцариялық конфедерацияның жұмыс істеуі мысалын қолдана отырып, федералистер федерация құруға бастама бірігуші мемлекеттердің билеуші элиталарынан тууы керек дейді. Федералдық жүйе автономды мемлекеттердің жүйесіне қарағанда мүдделерін қорғауды жақсы қамтамасыз ететінін түсіну, бұл ағымды жақтаушылардың ойы бойынша сәтті интеграцияның кепілі болып табылады.
Оқиғаның былайша дамуы үшін белгілі алғы шарттар мен жағдай керек екенін (мысалы, экономикалық мүдде, сыртқы саяси және ішкі саяси себептер) мойындағанымен, негізгі құрылымды құрушы элемент деп олар саяси еркіндік пен конституциялық революцияны санайды. Соңғысы ұлттық мемлекеттер жүйесінен федералды жүйеге сапалы секіруде болады, ол тек саяси деңгейде ғана жүзеге асырыла алады. Қалған барлық жағдайлар , оның ішінде экономикалық , ішкі және сыртқы саяси федерализация процесіне маңызды ықпал ете алмауы мүмкін. Бұл ағымды жақтаушылар үшін ең алдымен , федералдық жүйеге көшу жағдайын шешу маңызды және негізгі тіректі олар өкілеттіліктерді шектеумен, орталықтандыру деңгейімен , федералдық биліктің құрылымымен байланысты институционалдық қайта құруларға жасалды. Әлеуметтік-экономикалық , мәдени салалардағы өзгешеліктер федерация құруға кедергі емес. Сәтті интеграция , федаралистердің ойы бойынша федералды жүйе құру барысында конституциялық және құқықтық механизмдердің ашықтығы жағдайында мүмкін бола алады , ол қарапайым саяси қайта құрулардың шеңберінен асып түседі. Тұтас алғанда , мұндай ағым , интеграциялық процесс барысындағы конституциялық мүмкіндіктердің рөлін , сондай-ақ бірқатар сыртқы және ішкі саяси факторлардың рөлін жарқыратты .
Одан кейін классикалық федерализмнің дәстүрлі әдістерінің жеткіліксіздігі теорияны жаңарту қажеттігін туғызды және оның негізінде барынша кең мүмкіндіктер федералдық интеграция идеясын жүзеге асыру үшін жасауды талап етті.
Неофедералистік концепция, соңынан туған саяси және конституциялық деңгейдегі федералдық интеграция процестерінің ортақтығынан , сондай-ақ әлеуметтік интеграцияға сүйенуден басталды. Бұл бағытты жақтаушылар өздерінің бастапқы ұстанымдарында қоғамдық және экономикалық өмірдің факторларына сүйенуге тырысты. Бұл ағымның ірі өкілдерінің бірі болып американ саясаттанушысы А.Этциони табылады. Оның зерттеушілік инструментариі Т. Парсонс пен Р. Мертонның құрылымдық-функционалдық ағым шеңберінде басым өңделді.
Этциони бойынша мемлекетаралық интеграцияның негізгі мақсаты “саяси қауымдастық” құру болып табылады. Саяси қауымдастық деп ол саяси биліктің үш компонентін немесе интеграцияның үш түрін түсінеді :
1. күштеу әдістеріне тиімді бақылау жасай алу;
2. шешім қабылдайтын ықпалды орталықтың болуы;
3. бірлестікке кіруші азаматтардың ортақ идентификациялық бағыттың пайда болуы .
Бұл мектептің екінші танымал өкілі К.Фридрихтың пікірі бойынша федерализация процесі барынша кезеңделген және классикалық федералистердегідей жүйе құруда секіру үлгісін болжамайды. Федерализация процесі біртіндеп саяси бірлестіктің әртүрлі жақтарын қамти алады, ал эволюция барысында бірлестікті құрудағы федералдық мақсат барынша кеңейе береді.
Бұл неофедералистердің классикалық федералистердің негізін салушыларынан басты ерекшелігі , бірақ та сондай-ақ неофедералдық мектептің ізін салушылар интеграцияның соңғы пункті федеративті мемлекет түріндегі саяси қауымдастық болып табылады деп есептейді. Бұл процесті кезеңдеу Этциони бойынша , жүйеге динамикалық теңдік пен тұрақтылықты беру үшін қажетті тұрақтандыру сатысы мен бірқатар объективті факторлардың әсерімен болатын жарқырау кезеңін қамтиды.
Одан федерализм идеялары ХХ ғасырдың екінші жартысында англо-саксондық саяси ойға бағытталған бірқатар доктриналардың жасалуына әсер етті. Мысалы, белгілі сенатор У.Фулбрайт , сондай-ақ Г.Киссинджер атлантизм теориясы негізінде мемлекеттердің Атлантикалық одағын , оған АҚШ, және Батыс Европа елдері кіретін құруды ұсынды. Ағылшын саясаттанушысы Х.Аллен конфедерацияны одан әрі кеңірек құрамда ,
Канада ,Австралия немесе Жаңа Зеландияны қосып құруды ұсынды.Федерализм идеясы сондай-ақ мондализмге бүкіл әлемдік үкіметті құруды жақтаушылардың әртүрлі теориясына әсер етті.Көптеген елдерде бүкіләлемдік үкіметті құру идеясын жақтайтын комитеттер құрылды. Ғалымдар бұл мақсатта БҰҰ-ның өкілеттігін күшейтуді ұсынды.
Федералдық интеграцияның идеялары іс жүзінде барынша дамыған және алға басқан интеграциялық құрылым – Европалық Одақтың қызметінде жарым-жартылай жүзеге асты.Сонда да , қазіргі практика ұлттық суверендік құқықтардың және жалпы интеграциялық құрылымдарды қайта бөлу жиі баяу жүріп жатқанын көрсетіп отыр.Белгілі бір мөлшерде тіпті ұлттық мемлекеттің пайдасына қарай өкілеттікті қайта бөлгенде қайтадан секірістер байқалады.
Федерализмнің теоретикалық құрылуының кемшіліктерін интеграцияда функционалдық ағым толтыруға тырысты. Функционалистер қазіргі индустрияның дамуы, коммуникация құралдары, халықаралық ынтымақтастық үшін бірқатар әділ алғышарттар жасайды, оның үстіне функционалды интернационалдық ұйымдардың құрылуын негіздейді деп санайды. Ғылыми, экономикалық, мәдени, әлеуметтік орталардағы белгілі технологиялық өзгерістер саяси-құқықтық жүйені өзгертуді талап етеді.Интеграция алғашында мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін арнайы мекемелер құрылуымен жүзеге асырылады.
Бұл мектептің негізін салушылар Д.Митрани және А.Клоуд әлемде трансграникалық сипат алған экономикалық және технологиялық байланыстардың дамуы арасында қауіпті дисбаланс қалыптасты, глобалды ауқымдағы саяси қатынастардың саласындағы ұлттық мемлекеттердің қызметімен байланысты партикуляризм, олар экономикалық байланыстардың дамуын үзеді немесе олардың жүзеге асырылуына бөгет болып табылады деп есептеді .Бұл қалыптасқан жағдайдан шығу оларға арнайы міндеттерді атқаратын саяси емес ұйымдардың кең жүйесін құрудан көрінді .
Екі немесе одан да көп елдер арасында интернационалдық ұйым құру бұл мәселені шешу үшін функционализм теоретиктеріне бұл дисбалансты теңестіру үшін бірінші қадам ретінде көрінді.Д.Митрани ұлттардан тыс институттардың функциональды жүйесін дамыту халықаралық өмірдің әртүрлі облыстарында ынтымақтастықтың дамуына алып келе алады деп есептеді . Әр қызмет келесі міндетті автоматты түрде тудырады , осылайша функционалды ұйымның алғашқы қабаты пайда болады.Олардың сәтті әрекет етуі үшін екінші қабат қажет болады ,оның қызмет ететін саласы бірінші кезеңде пайда болған қажеттіліктер негізінде анықталады.Келесі кезең әлемдік ауқымдағы реттеуші және байланыстырушы функционалдық агенттіктердің құрылуын , яғни әлемдік үкіметке ұқсас ұйым құруды қамтиды.
Функционалистердің ойы бойынша , интеграцияның мәні саяси механизмдерді елемеуге саяды және саяси жағдайлардың күшімен ұлттық-шектеуді басып кететін табиғи,техникалық компоненттерге артықшылық беріледі.Әлемдік ауқымдағы өсіп келе жатқан байланыстар уақыт өте келе барлық шекараларды мәнсіз етеді.
Функционалды халықаралық ұйымдар халықаралық кеңістікті одан сайын кеңірек қамтып жатыр, ұлттық мемлекеттермен одан әрі сәтті бәсекелес болды. Азаматтардың қажеттілігі ұлттардан тыс функциональды ұйымдар арқылы белгілі бір дәрежеде қанағаттандырылған кезде ,олардың халықаралық институттарға бағытталуы жүреді. Мұның нәтижесінде биліктің ұлттық органдарының саяси салмағы азайып , ал халықаралықтардың сәйкесінше өседі.Саяси салада өзгерістер енді әлеуметтік –экономикалық өзгерістердің аясында жүретін болады. Бұл процесс функционалистердің пікірі бойынша , әрине жеткілікті ұзақ эволюцияны шамалайды.Функциональды теория бұнымен байланысты саяси интеграцияға үлкен мән бермеді . Интеграция бұл концепция бойынша мемлекет-ұлттардың бірігуі емес , ең алдымен бәрінен бұрын әкімшілік
және экономикалық қауымдастық.
Функционализм өкілдерінің федералды интеграция теориясының ережелеріне қатынасы қызық. Федерация құру Д.Митрани бойынша, елдер арасындағы үзілістерді мақсатты түрде жоя алмайды. Одан басқа аймақтық интеграция міндетті түрде географиялық принцпке негізделуі керек. Аймақтар деп олар шеңберінде экономикалық , технолгиялық немесе басқа қызметтер атқарылатын функциональдық зоналарды санайды. Ең соңында функционалистер үшін интеграция ең алдымен, барлық әлемді қамтуы керек. Бұл мектепті жақтаушылар , сәтті глобалдық интеграция үшін ең басты кедергілердің бірін әлемдегі экономикалық және саяси процестердің синхронды дамымауынан көрді.
Функционалды зоналардың дамуына қатысты теоретикалық жете зерттеу , біздің пікірімізше ,интеграцияға негізгі алғышарттарды сараптау үшін белгілі бір қызығушылықты туғызады .Әлемнің әр түрлі аймақтарындағы интеграциялық құрылымдарды құруға іс жүзіндегі одан әргі қадамдар әртүрлі елдер арасындағы , оның ішінде жоғары дамығандарда барынша терең қайшылықтар бар екенін көрсетті. Функционалистердің есебі федералистерге қарама-қарсы интеграция процесіне ықпал ететін барлық факторларды тек интеграцияның экономикалық негізін ғана қамти алмады. Классикалық функционализмді американдық саясаттанушылар Э.Хасс, Ф.Шмиттер ,Л. Линдбер және Д. Най жан-жақты сынады. Интеграция процесіне барынша біркелкі ( салмақты)
сипат беру үшін олар бірқатар саяси және әлеуметтік факторлардың функциональды қолданылатын үлгісін енгізді , тек тура ғана емес, кері де байланыстарға саясаттың экономикаға ықпалына маңызды мән берілді. Функционалистер сияқты экономикалық факторларға басымдылық беріліп, неофункционалистер саясатты әртүрлі акциялардың бірлесіп әрекет ететін күрделі жүйесі ретінде қарастырады.Э.Хасс плюралистік қоғамының барлық саяси шаралардың жиынтығын екі деңгейге бөлді: “ жоғары” және “төменгі” саясат деп атады. Төменгі саясат экономикалық өсу , жақсы тұрмыс және тағы басқалардың артуымен байланысты аса прагматикалық мақсаттарды қамтиды. Жоғары саясат сыртқы саяси стратегияны , ұлттық мүдделерді қорғауды , мемлекеттің халықаралық беделін қорғауды және тағы басқаны түсіндіреді .
Практикада қазіргі қоғамның жұмыс істеуі Хасс бойынша , әртүрлі әлеуметтік топтар мен мемлекеттердің бағытындағы прагматикалық мүдделердің басымдылығынан асып түседі.Сондықтан тіпті шиеленісті жағдайларда жоғарыда аталған акторлар идеологияланбаған стратегияға сай істейді ,тар саясатқа басымдылық береді.Бұдан ол қоғамдық жүйелерді дамытуда жетекші рөлді экономикалық детерминанттарға иеленеді деп тұжырымдайды. Бұл постулаттан шыға отырып , Хасс мұндай тәсіл сондай-ақ халықаралық қатынастарға да таралып интеграция процестеріне қолданылады деп санады .Экономикалық факторлар интеграция процесіне тікелей емес ,интеграциялық процестердің субъектілері – әртүрлі мүдделі топтар , партиялар , үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар ,үкімет арқылы әсер етеді .Интеграциялық процестердің акторлары полярлы мүдделері болуына қарамастан , біріккен шешімдердің артықшылығы ұлттық үкіметтердің амбициясынан басым түседі.
Бұл жерде неофункционалистердің ойы бойынша , интеграциялық процестерде саяси механизмдердің және ең алдымен шешім қабылдау мен келістіру үшін наднационалдық ұйымдардың қызметі құнсыз болып қалады. Л.Линдберг саяси интеграцияның мәнін мынаған сыйғызады, ұжымдық шешім қабылдау процесінің пайда болуы немесе құрылу уақытымен , яғни барынша сенімді үкімет аралық келіссөздер барысында олар бірігіп шешім қабылдайды немесе сол арқылы мемлекет және саяси институттар шешім қабылдау құқын иеленеді .Неофункционалистер үшін бұл жерде ең алдымен ұжымдық шешім қабылдау жүйесін жетілдіру процесі маңызды.
Неофункционалистік концепцияны классикалық функционалистердің теориясынан елеулі ажырататын тағы бір аспект, аймақтық интеграцияны іс жүзінде жүзеге асырылу мүмкіндігін алғаш рет мойындамаумен байланысты. Неофункционалистер саяси негізделген бірлестіктен экономикалық одан соң саяси интеграцияға өту процесі автоматты түрде жүруі тиіс деп есептеді. Бірақ та батыс европалық және латынамерикандық интеграция практикасы интеграцияның өзінің жолы сияқты , оның соңғы мақсаттарының да маңызды айырмашылықтары болатынын көрсетті. Осымен байланысты Хасс интеграцияның соңғы нәтижесінің үш нұсқасын көрсетті: аймақтық мемлекет, аймақтық қауым және “ асиметралді аймақтық бөлік ”.Олардың арасындағы негізгі су айрық билік ресурстарын бөлу мәселесі болды.
Аймақтық мемлекет үшін (бірінші үлгі) биліктің орталықтануы мен иерархиялық тіктік тән , яғни мәні бойынша унитарлық мемлекеттің үлгісін жаңарту. Екінші модель үшін негізгі саяси ресурстың (биліктің) бөлінуінің дистерсностығы тән .Билік үшін мұнда көптеген шешім қабылдаудың ортақ орталығы жоқ. Ал үшінші нұсқа үшін интеграция субъектілерінде билік ресурстары алынып тасталғандығы тән , әр түрлі шешім қабылдайтын орталықтар арасында ассиметриялы бөлінген ,олардың ешқайсысы басымдылық танытпайды.
Соңынан американ заңгері Р.Кайзер интеграцияның соңғы нүктесін нақтылауға тырысты. Интеграцияны дамытудың бірнеше нұсқасын ұсына отырып , Кайзер макродеңгейдің бірлігіне қатысты интеграцияның субъектісі – елдерде жалпылық сезімінің (идентификация) пайда болуына үлкен мән береді.
Жоғарыда аталған концепциядағыдай батысевропалық интеграциялық комплекстің эволюциялық дамуы бірігуші елдердің саяси элиталары деңгейінде оны бастаған жағдайда интеграция әлі де процесті әділ етпейді және бұл фазадан басқасына автоматты түрде сатылап өтуге алып келмейді.
Кейінен Э.Хасс көбіне осы себепке байланысты интеграциялық дамудағы аватоматизм концепциясынан бас тартады. Бұдан басқа интеграцияның неофункционалистік теориясының тағы бір кемшілігі интеграция барысындағы ұлттық мемлекеттің рөлін жеткілікті бағаламау болды. Неофункционализмнің постулаттарының көбісін батысевропалық интеграцияның практикасы жоққа шығарады. Сонда да, бұл ағымның өзі, интеграция процесіне ықпал етуші факторлардың үлкен тобы қарастырылғандықтан , классикалық функционализммен салыстырғанда әлі өзінің мүмкіндіктерін тауысқан жоқ. Одан басқа интеграция теориясының одан әрі дамуында бірігіп жүргізілген экономикалық және саяси негіздің ықпалын сараптау мен кері байланыс механизмі ,саясаттың экономикаға әсері үлкен маңызға ие болды.
Аймақтық интеграция саласында теоретикалық ойдың тағы бір ағымы коммуникациялық мектеп болды. Бұл саяси ой әдісінің негізін салушы американ саясаттанушысы К.Дойч болып саналады. Ол әлемдік қауымдастықты әрқашанда бірігіп әрекет ету (коммуникация ) мен өзара әсер ету процесінде болатын , мәжбүрлеу үшін механизмдері және көнуге баратын мүмкіндіктері бар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық Азия аймағы мемлекеттерінің экономикалық интеграциясының көліктік негіздері
Орта азия мемлекеттерінің интеграциялық күш жігері
Экономикалық интеграция туралы
Қауіпсіздік мәселесінің теориялық аспектілері
Халықаралық экономикалық интеграцияның объективті негіздері және мәні
Орталық Азия одағы
Нарықты тауармен қанықтыру
Қазақстан - Ресей және ТМД мемлекеттерінің мәдени байланыстары
Еуразия идеясы
Қазақстанның қазіргі тарихында еуразиялық идеяларының даму перспективасы
Пәндер