Орта ғасыр кезіндегі Корея мен Қытай қарым-қатынастары


ЖОСПАР
Кіріспе . . . 2- 4 бет
Негізгі бөлім . . . 6- 40 бет
І- тарау V-X ғасырдағы Корей мен Қытай қатынастары
- Корей және Суй, Тан әулеттері . . . 6- 9 бет
- Корей мемлекеттері және Тан әулеті арасындағы
Қатынастары . . . 10- 12 бет
ІІ-тарау X-XVІІ ғасырлардағы Корей-Қытай қатнастарының
даму сипаты . . . 13- 21 бет
2. 1 Корея және Сун қатынастары . . . 22- 24 бет
2. 2 Корея мен Мин әулеті арсындағы қатынас . . . 25- 31 бет
2. 3 Кореяның Сун, Мин әулеттері мен мәдени
байланысы . . . 32- 40 бет
Қорытынды . . . 41 бет
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 42-43 бет
КІРІСПЕ
Бұл бітіру жұмысымның өзектілігі VІ- ғасырынан ХVІІ-ғасырына дейінгі Корея мен Қытайдың қатынастарын көрсетеді. Корейдің орта ғасырда өткен әр қайсы патшалықтарының өздері үстемдік еткен кездерінде Қытаймен арадағы саяси, экономика, мәдениет жақтарындағы барыс-келістері мен қарым-қатынастары байымдалады. Тарихта екі ел мәдениетінің бір-бірінің дамуына келелі ықпал көрсеткені тарихта белгілі. сондықтан бұл екі ел арасындғы мәдени ауысуларды байымдап қалмастан, құлаш жая, тереңдей дамыған осы мәдени алмасуларды екі елдің саяси орнықтылығы мен баянды достық қатынасына пайда келтіргендігін, мұның саяси, әскери істер жағындағы қарым-қатынастарға дейін кеңейгендігі сөз етілді. Қытай мен Корей шығыс Азия елдеріне жатады, әрі шекарасы тұтасып жатқан көршілес елдер. бұл екі ел арасындағы ұзақ уақыттық барыс-келіске барынша тиімді шарт-жағдай жаратты. Қытай мен Корей арасындағы барыс-келісті, тіпті сонау тас құралдар дәуіріне дейін апаруға болады. Ал орта ғасыр мезгілінде, Корей-Қытай арасындағы қарым- қатынас бұрынғыдан да тығыз бола түсті әрі мәдениет жақтағы қатынастары төтенше дамыды. Саяси қатынас жақта Корей-Қытай елдері алым-салық алушы мен алым-салық беруші қатынасында ұзақ уақыт бекем тұрды. Бұл қатынаста елшілердің барыс-келісі дәнекерлік роль атқарады. Қытай Корейге алым-салық төлеп келді, сонымен қатар екі ел салық алушы мен беруші қатынасы негізінде, әскери одақ құрып, сыртқы шапқыншылққа бірігіп қарсы тұрды. Тарихтағы әйгілі Имжин соғысы осының айқын дәлелі. 1592 жылы Жапония Корей мен Қытайға соғыс ашты. Қытай-Корей әскерлері біріге отырып Жапон жасақтарымен соғысты, ақырында Жапонияның шапқыншылығын тойтарып, соғыста жеңіп шықты. Қытай_ феодалдық қоғамға өткеннен кейін, ұзақ тарихи мезгіл бойына шығыс азияның экономика, мәдениет саласындағы қуатты ел болды. Деседе Корей-Қытай екі ел арасындағы алым-салық алу мен беру қатынасының әдеттегі күшті елдердің әлсіз елге қаратқан баса билеушілік саясатымен бірдей қарауға болмайды, Қытай патшалығының Корей орда оқымыстыларына атақ беру түзімін Кореяны саяси жақтан тізгіндегендік деуге келмейді. Шынын айтқанда Қорей Қытайдың өкімет жұмыстарына тым килікпеді. Қытай Корейдің ұзақ саяси түзіміне, мәдениеті мен ғылым техникасына қызғушылқ танытып келді, әрі үйренді. Орта ғасырдағы Қытайдың қоғамдық экономикасының мәдеиетінің дамуын Қытайдың ықпалынан бөле қарауға болмайды. Қытай иероглифінің Корейде қолданылуы екі ел арасындағы мәдени ауысуларды кеңейтті және тереңдетті. Қытайдың ежелгі системалы жазуы жауласқан бектіктер дәуірінде-ақ Корей түбегіне кіреді. Оңтүстік Хан және солтүстік Хан патшалқтары кезінде, Қытай жазуы Корей халқының жазбаша жазуына айналады. Қытай жазуы недәуір ұзақ уақытқа дейін Корей үкімет тарапы қолданатын жазу болды. Кореяның кітаптары, заң-жарлықтары, ереже-түзімдері түгелдей Қытай иероглифімен жазылған. Мәдени баиланысы жағындағы тағы бір типтік мысал, ойшылдар ілімі. Қытайдың дәстүрлі ойшылдар ілімі Хан дәуірінде Қытай жазуымен бірге Корейге тараған. Сонау үш патшалық дәуірінде мейлі патша ордасы болсын, әлде оқымыстылар болсын бәрі де тағылымшылдар идеясының өз елдеріне жасаитын белсенді ролына төтенше мән берген. Тіпті тағылымшылдар идеясын мемлекет үстемдігінің саяси теориясы және кісілік мөралдың өлшемі еткен. Сөйтіп ойшылдар идеясы бірте-бірте Корей ілім саласындағылар мен идеялогия саласынлағылардың негізгі ағымына айналған. Корей патшалары ойшылдар идеясын мемлекеттің билік тәртібі мен оқу білім, мәдениеттің негізгі өлшемі еткен, тағылымшылдар идеясы Кореяның қоғамдық өмірінің әрқайсы салаларына дейін тіпті, Корей ұлтының ұлттық мінез-құлқына дейін сіңіп кетті. бүгінгі күні тағылымшылдар идеясы Корея мемлекетінде осы замандық көзқарастарға тәуелді болғаны былай тұрсын, Қайта шыт жаңа гүлденіп, мызғымас орынға шығып отыр. Мәдени қарым-қатынас білім беру, ән-музыка сынды салаларды шарпыды. Сондықтан Корей-Қытай арасындағы қарым-қатынас тарихын, анығырақ айтқанда, Корей-Қытай мәдени ауыс-күйіс тарихы деп ауыз толтырып айтуға болады. Бұл бітіру жұмысымның мазмұны- бітіру жұмысының көлкмі мен мазмұнына қойылатн талаптар мен шарттарға байланысты бітіру жұмысы 3 бөлімнен тұрады. Олар: кіріспе, негізгі бөлім, қортынды бөлім. Негізгі бөлім екі тарауға бөлінген: І- тарау V-X ғасырлардағы Корей мен Қытай қатынастары. Мұнда Корей мен Суй, Тан әулеттері арасындағы қатынастар жәйлі сөз болған. V-X ғасырда Кореядағы Когуре, Пекче, Силла мемлекеттері тұсындағы Суй, Тан әулеттрі мен болған саяси байланысы. ІІ- тарауда X-XVІІ ғасырдағы Корей- Қытай қатынастарының даму сипаты. Мұнда Корея мен Сун, Мин әулеттері мен қатынастары пайымдалған. Бітіру жұмысымда негізгі фактор ретінде орта ғасыр кзеңіндегі Корей мен Қытай қарым-қатынастарының Кореяның әлеуметтік, экономикалық, мәдени, саяси жағындағы ықпалы әсіресе алым-берім, айырбас қатынастарының дамуы екі елдің достығын онан әрі нығаитты. Қытай иероглифінің Корей қоғамында орнын табуы Корей оқу ағарту саласына тигізген ықпалы зор болды.
Негізгі бөлім
І-тарау. V-X ғасырдағы Корей-Қытай қарым-қатынастары
V-X ғасыр кезінде Корей түбегінде КогуреПекчеСилла сынды үш мемлекет өмір сүрді. Когуре Шуанту аймағында көркейіп, кейін келе Шижунлылаң аймағын ж. э 313 жылы, Дайфаң аймағын, Ляодунь аймағын v-ғаысрдың басында арт-артынан жояды. Бұл Когуренің оңтүстікке жорық жасау саясаты көлеміндегі іс еді. Оңтүстікке жорық саясатын атқарған бастапқы кезде, Когуремен Пекче Дайфаң аймағына таласып, талай жыл соғыс толастамайды. Соңында Дайфаң аймағын бір жола басып алады, әрі Ханганның оңтүстік терістігіндегі Пекченің жерын басып алады. ж. э 472 жылы Когуре астанасын Пхенянға көшіріп, Силла, Пекче мемлекеттерімен Корей түбегіне таласады. Бұл Корейдің үш мемлекеттік кезеңі есептеледі. Бұл кездегі Когуре орта жазыққа қарай ірге кеңейту саясатын бір жолата тоқтатып, тікелей Корей түбегіне таласады. Силла мен Пекче Когуреге жеке-жеке төтеп бере алмайтындықтарын байқап, бірлесіп қарсы тұру саясатын қолданады. сонымен бір мезгіл теке тірес жағдай қалыптасады. Пекче мен Силла осы тұста тығыз одақтасып, Когуреге бірлесіп әскери шабуыл жасаумен бірге, шеттің көмегіне қол жеткізу үшін дипломатиялық қимыл өрістетеді.
Солтүстік Уи әулеті мемлекетіне ж. э 472 жылы Пекче елші жіберіп, жасақ дайындап, Когуреге жазалау соғысын жүргізуді талап етеді. Бірақ бұл талапқа Уи әулеті мемлекеті сыпайы лебіз білдіріп бас тартады. Уи әулеті мемлекеті жазып қалдырған қатысты мәлміеттерге қарағанда Уи әулеті мемлекеті Пекчеге елші жіберген. Осы жолғы дипломатиялық қимылда Пекче жасақ кіргізу мақсатына жете алмағанымен, екі жақтың сауда қатынасының дамуы тарихи маңыз алады. Пекче мен Суң әулеті мемлекетінің қатынасы ертеректе қалыптасқан.
Суң әулеті мемлекетінің Уди патшасы Юңджоу ж. э 420 жылы шығысты тыныштандырушы сардары Пекченің патшасы Иояңға “шығысты тыныштандырушы аға сардары ” атағын береді. Оңтүстік Ци дәуіріне жеткенде бұл қатынас анағұрлым дамып, Пекче патшасы Ци патшалығынан атақ беруді талап етіп қалмастан, патша әулетінің лауазымды адамдары да атақ беруді талап еткен. Дуңсон мемлекеті ж. э 479-501 жылдары кезінде Ци патшалығынан лауазым алған. Оңтүстік Ци патшалығы да Пекчеге елші жіберіп, жоғары лауазым беріп, Пекчемен оңтүстік Ци достық дипломатиялық қатынасын орнатқан. Ляңуди патша Ци патшалығығының патшасы Дуңцыңханға “шығысты тыныштандырушы аға сардар” атағын берген. ж. э 512 жылы Пекче тағы елші жіберіп тарту таралғы жолдаған. ж. э 521 жылы Ляң ордасына да тарту - таралғы ұсынған.
Цынуынди патшасы ж. э 562 жылы Пекче ханы Иомйоңға “Әмір аға сардар” лауазымын берген. Тақтан түскен патша Шуанди патшасы, кейінгі патша және Пекче патшалығы елші жіберіп, тарту-таралғы ұсынады .
Силла мен Қытайдың дипломатиялық қатынасы сонау алдыңғы Цинның Фужян дәүірінен тартып, елші жіберіп барыс-келіс жасаған. Ляң мемлекетінің Уди патшасы Ляң мемлекетіне тарту-таралғы ұсынған.
Силла Корей түбегін бірлікке келтіруге кіріскен. Қытайдың мәдениетін үйреніп, Силла қоғамына реформа жасаған. Силла Корей түбегін бірлікке келтіру жолында жүргізген реформа қозғалысы, Жыжың, Фашың, Жыншың, Жынжы, Жынппиң сықылды 6 патша арқылы 100жыл жалғасты. Бұл Корей түбегінің бірлікке келуінің алғы шарты болған еді.
1. 1 Корей және Суй әулеті
Сүй әулеті мемлекетімен Когуренің саяси қатынасы бұрынғы замандағы сияқты бағыныштылық қатынаста болып келген, Сүй әулеті мемлекеті Унди патшасы ж. э 581 жылы, Когуренің патшасы Гауяң (Пиоң Яң ханы) елші жіберіп, тарту - таралғы ұсынады. Силла ж. э 608 жылы Силла Когуренің шапқыншылық жасап кіруі себебінен әйгілі монах Юангуаңға хат жаздырып, Сүй әулеті мемлекетінен жасақ шығарып Когурені жазалауды талап етеді. ж. э 611 жылы Сүй әулеті мемлекетіне тағы елші жіберіп, жасақ жіберуді талап етеді. Сүй әулеті мемлекетінің Яңди патшасы жасақ шығаруға мақұл болады. ж. э 612 жылы Сүй әулеті мемлекеті Когуреге "Ляодунь соғысын" қозғайды. Бірақ Сашуйда (тарихшылар қазіргі Циңцуанган деп есептейді ) жеңіліске ұшырайды. теңіз жасақтары Пхенянда жеңіліп қалады. Сүйәулеті мемлекеті Яңди патшасының Когуреге жорық жасауының басты мақсаты бүкіл Қытайды бірлікке келтіру, ежелгі шекараның қалпын сақтау еді. Үйткені Сүй әулеті мемлекетінен Тан әулеті мемлекетіне дейін, Ляодунь ежелден Қытайдың аймақ, аудандары деп есептеп келген.
Тан әулеті мемлекетін Люуан құрған. Ол Гаузу деп аталады. Тан әулеті мемлекеті бүкіл Қытайды бірлікке келе қоимағандықтан, шығысқа қарауға мұрсасы тимеген. Корей түбегіндегі үш мемлекетке рақайластыру саясатын қолданып келген. Тайзұң патшасы Когуре бйлеуші тобының ішкі бөлегінде ішкі қақтығыс туылып, құқықты уәзір Цуангайсуын патша Жяну-ды өлтіріп, патшаның немере ұлын патша деп жасырып қойып, өзі Молижы болып алады да, мемлекеттің бар құқығын шеңгелдейді. Көп өтпей, Силла мемлекетінің елшісі Тан әулеті мемлекетіне барып, құтқаруды талап етеді. Когуремен Пекче бірлесіп, "тәңірдің ұлына қараймыз " дейді. Тайзұң патша елші жіберіп, үш мемлекетті рақайластыруға насихаттайды. Бірақ Гайсуын қасарысып тұрып алғандықтан, рақайластыру сәтсіздікке ұшырайды. Осыдан тартып, Тан әулеті мемлекеті Когуреге жазалау жорығын жасауға мәжбүр болады.
Тан әулеті мемлекеттерінің сарбаздары Когуренің батыс солтүстіктегі маңызды қаласы Шынцыңды (Қытайдың қазіргі Фушүн қаласын) басып алады, онан кейін Ляодунь (Қытайдың қазіргі Ляуояаң қаласы) Қаласын, Байяан қаласын (Қытайдың қазіргі Юянь ауданы), Биша қаласын (Қытайдың қазіргі Даянь қаласы) басып алып, Таң әулеті мемлекеті қайтадан Ляуо (қытайдың Ляуодунь қаласы), Ян (Қытайдың қазіргі Байян қаласы), Гай (Қытайдың қазіргі Гаймо қаласы) сынды 3 Дуан құрады. Тан әулеті мемлекетінің қолы ең соңында Ан-ші қаласына (Ляунан өлкесінде) шабуыл жасайды. Ан-шы қаласын екі ай қоршап жатады, бірақ ала алмайды, оның үстіне Ляодуньда суық түсіп, шөп қурап, мұз қатып, жасақ аттарының тұруы қыйынға соғады. Оның үстіне әскерлердің азығы да таусылады. сонымен жасақ шегіндіру бұйрығы түсіріледі. Осы жолғы соғыста Таң әулеті мемлекетінің сарбаздары Когуренің 10 қаласын басып алады. Сарбазын шегіндірген соң басып алған қалаларынын шегініп шығады. Тайзұң патша бұйрық түсіріп, тізе бүгуге келген Коре ұлыс басының 3500 ден артық адамына лауазым беріп, орта жазыққа жібереді. Мұнан сырт, жаңа құрған Ляуо, Гай, Ян сынды 3 дуаннан 70мың адам кіргізеді. Бұл реткі соғыстың нәтижесі онша зор болмағанымен, Когуренің оңтүстікке бет алып Силлаға шапқыншылық жасауын тежеді.
Тан әулеті мемлекетінің Тайзұң патшасы Когуреге екінші реткі жазалау соғысын қозғады. Осы жолы Таң әулеті мемлекеті қосыны теңіз және құрлық екі жақтан Когуреге соғыс ашты. Когуренің әскері ойсырай жеңіледі. Бірақ Тан әулеті мемлекетінің Тайзұң патшасы Лишымин науқастан қайтыс болып, соғыс еріксіз тоқтатылады.
Гаузұң патшасы Когуре, Пекче, Мохы бірлесіп, Силланың терістігіндегі 36 қаланы тартып алады. Силла құрып жоғалуға таяған шешуші кезеңде, Таң әулеті мемелекетіне елші жіберіп құтқаруды талап етеді. Таң әулеті мемлекеті жасақ жіберіп Когуреге шабуыл жасап, Шынцыңде (Қытайдың қазіргі Ляуониң өлкесінің Фушунь қаласының солтүстігінде) Когуренің әскерін жеңедіде, кейін шегініп шығады. осыдан кейін Таң әулеті мемлекеті мен Когуре неше рет соғысып, кейде жеңіп, кейде жеңіліп отырады.
Силланың Ули-йе ханы Пекче, Силла жеріне қайта-қайта шапқыншылық жасай бергендіктен, Таң әулеті мемлекетінің құтқаруын өтініп елші жібереді. Таң әулеті мемлекеті 13 мың әскерін жіберіп, теңізден өтіп Пекчеге жазалау соғысын жүргізеді, Силла ханы Цинцунциу бүкіл мемлекеттегі әскерін бастап, Таң әулеті мемлекеті әскерлерімен бірлесіп, Пекчеге шабуыл жасайды да Пекче жеңіледі. Пекче ханы Фу Иуй И Сы ханзада Фу Иуй И Сы және ұлыс басы сынды 58 адам және бір бөлім шаруалар Қытайға кіреді.
Когуренің құқықты уәзірі Цуангайсунь науқастан қайтыс болады, бұл қайтыс болған уәзірдің 3 ұлының араларында өзара қайшылықтар туылып, Молижы болған Намсең інілері Намган, Намсен екуімен шығыса алмайды. Көп өтпей, екі інісі оны қуып салады. Ол шегініп Ныйчың (Қытайдың қазіргі Жилін өгкесінің Джи-ань деген жері) барып, Таң әулеті мемлекетінен көмек сұрауға ұлын жібереді. Намсеңнің Таң әулеті мемлекетінің жеріне кіргеннен кейін, Гаузуң патша оған мансап беріп, Лылаң аймағының уәлиі лауазымын береді. Цуангайсунның ұлдарының ішкі қақтығысы Когуренің күшін әлсіретті. Баузаң ханының Таң әулеті мемлекетінің теңіз-құрлық жасақтарын Пхенянға шоғырландырады. Баузаң ханы қол астындағыларын бастап, қаладан шығып тізе бүгуге мәжбүр болады. Таң әулеті мемлекеті Пхенянда Ан-дунь басқақтығын (үкмет құрлымының аты) құрады, әрі патша Гаузаң мен уәзірі Цуаннаншың, Цуаннанжян сияқтыларды орта жазыққа жібереді. Зуңжаңның 2-жылынан кейін Когуренің жерінде қарсылық туылғандықтан, Таң әулеті мемлекеті жағдайды тыныштандыру үшін, Когуре елінің 28200 түтінін тағы да орта жазыққа көшіреді.
1. 2 Тан дәуіріндегі Қорей мен Кытайдың мәдениет қатынасы
Таң дәуірі Қытайдың ерте заманғы мәдениетінің көркейген дәуірі, Таң әулеті мемлекетінің анағұрлым мол жерді иелеп, атағы алысқа таралды. Сондықтан, Қытайға келіп тұруына, оқуға, заң үйренуге келген шетелдіктер көп болды. Бұлардың арасында іргелес, мәдениеті Қытаймен ұқсас келетін Когуре, Пекче, Силла сынды үш мемлекеттен келгендер недәуір басым орынды ұстады.
Таң әулеті мемлекетінің мәдениеті гүлденіп-көркейгендіктен, Силла, Гоцан, Пекче, Коре ұлыстарының сұлтандары мен олардың ұрпақтарынан 8000 нан астам адам оқуға келген-ді. Осы 8 мың адамнан қаншасының Корей түбегінен келгендігі белгісіз. Бірақ осы 5 мемлекеттің ішіндегі үшеуінің иелеген салыстырмасынан қарағанда, Корей түбегінен келгендерінің саны недәуір басым орынды иелегендігін, басқа мемлекеттердің бәрінен көп екендігін көруге болады. Таң әулеті мемлекетінің орта және соңғы мезгілінде, мемлекет қуаты әлсіресе де, Силла мемлекетінен сонда да көп сандағы оқушылар келіп оқыды. Уыньзуң патшасының патша ордасы оқуын бітірген оқушылардан еліне қайтып кетуді талап етілген Силлалық 216 оқушылардан басқа, сол елде қайтпай қалып, жалғастырып оқыған оқушыларда бар еді. Бұлардың кейбіреуі оқуын бітіріп еліне қайтқан, кейбіреуі Тан әулеті мемлекетінде қалып, едәуір ұзақ уақыт тұрған. олар Тан әулеті мемелекетінде тұратын Корей азаматтарына айналған.
Тан дәуірінде бір сыпыра елдердің ханзадалары, ақсүйектері Тан еліне келген. Корей түбегіндегі үш мемелкеттің адамдары да осыдан қағыс қалмаған. Тан әулеті мемлекетінің бастапқы кезінде, Коремен Пекче жойылғандықтан, осы екі елден келгендер жөніндегі дерек көп емес. ескі және жаңа "Таннаманың" "Силла естеліктеріне" қарағанда Жынгуаннан Гаузуң дәуірі аралығында, Вынваң, Ким Чун Чу, Ким Боп Мин, Ким Ин Мун сынды хан әулеттерінің ұрпақтары арт-артынан Тан әулеті мемлекетіне келген. Джан Кион, Бо Иок, Де Хуа жылдарында Тан әулеті мемлекетіне тағы елші жіберген. Келгендердің көпшілігі елдеріне қайтқан, кейбіреулері қайтпай, Тан әулеті мемлекетіне ұзақ уақыт бойы тұрып қалған еді.
"Тан жырларының толық жинағында" қоштасу жырларынан: Корей түбегіндегі монахтар Тан әулеті мемлекетіне дхарма үйренуге сонау алғашқы Тан дәуірінде келе бастағандығын, тіпті сонау бес мемлекет дәуірінде де монахтардың Қытайға келгендігін, бес мемлекет дәуірінде орта жазықтағы бір сыпыра ғибадатханалардың бәрінде Корей түбегінен келген монахтардың тұрғандығын білуге болады. Вон Ин "Тан еліне келіп дхарма үйрену" деген кітаптың 2-томында, Уындыңдағы Цышан ғибадатханасында 15-тамызда қарбыз мерекесі тойланғандығы қақында деректер естелікке алынған. Ғибадатханада шелпек сыяқты тағамдармен қарбыз мерекесі тойланады. Бұл мереке Силла елінде ғана бар, басқа мемлекетте болмайды. “Осы мерекені үлкен-кіші, кәрі-жас, монахтар мен жай халық, тектілермен тексіздер бәрі тойлайды, оның бәрі Силлалықтар”- деп жазылған. Осы байымдаулардан, осы ғибадатханалардағы монахтардың негізінен Корей түбегінен келгендігін білуге болады. Таң дәуірінің саяси, экономика орталығы әрі өзге елден келген жоғары жік көшпенділерінің тұрағы болған Чаң-ань, Лоянь сынды жерлерде бірсыпыра Корейлік монахтар тұрған.
Осы келтірілген дәлелдерден, Тан әулеті мемлекеті, бес патшалық дәуірінде, Корей түбегі мен Тан дәуірінің, тіпті кейінгі бес патшалық дәуірінің мәдениет ауыс- күйісінің көп болғандығын, әрі недәуір терең екендігін көруге болады.
Корей түбегінен Қытайға қоныс аударып келгендер негізінен Тан дәуірі мен бес патшалық дәуірінде келген. Бұл әрине Тан дәуірінің бастспқы мезгілінде Көрей түбегіне соғыс қозғауымен байланысты, одан қала берсе, теңіз қарақшылары адам олжалау жолымен Қытайдың теңіз жағалауы өңіріне қыруар Силлалықтарды алып келген көшпенділер болсын, немесе зорлықпен әкелінген көшпенділер болсын, бәрінің келу жолында бір ортақ ерекшелік бар, ол болса Корея мен Тан әулеті мемлекетінің құдірет-күші.
... жалғасыІІ тарау. X-XVІІ ғасырдағы Корей-Қытай қатынастарының даму сипаты
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz