Ерте орта ғасырлардағы Түрік Қағанаттарына қатысты Қытай деректеріндегі мәліметтер


Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
1. ЕРТЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ТҮРІК ҚАҒАНАТТАРЫНА ҚАТЫСТЫ
ҚЫТАЙ ДЕРЕКТЕРІНДЕГІ МӘЛІМЕТТЕР
1. 1. Түрік атауының шығуы туралы қытай деректері . . . 9
1. 2. Түрік қағанатының қүрылуына және өркендеуіне байланысты қытай
жылнамаларындағы мәліметтер . . . 15
2. ҚЫТАЙ ЖЫЛНАМАЛАРЫНДАҒЫ ТҮРІКТЕРДІҢ ҚЫТАЙМЕН САЯСИ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ МӘЛІМЕТТЕР
2. 1. Түркі, Батыс түрік қағанаттарының қытайлармен саяси
қарым-қатынас туралы қытай деректері . . . 26
2. 2. Сауда-Экономикалық байланыстары жөніндегі деректер . . . 32
2. 3. Түріктердің қытайлармен мәдени байланыстары жөніндегі деректік
мәліметтері . . . 39
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 47
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 49
КІРІСПЕ Тақырыптың өзектілігі: Кез-келген халық өзінің ұлттық тарихын тереңінен зерттеп-зерделеуге ұмтылыс жасайды. Патшалық, кейін Кеңестік дәуір тарихшылары түркі халқының бай тарихи мұраларын зерттеуде сыңаржақты пікір қалыптастырды. Мемлекетіміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін бұрмаланып тарих бетінде ақтаңдаққа ұрынған жәйттерді қайта қолға алды. Сондықтан біз қарастырғалы отырған көне түркілердің көршілес орналасқан Қытай империясымен жүргізген саяси, экономикалық, мәдени байланыстарындағы бай тарихи мұраларды бітіру жұмысының тақырыбына арқау етіп отырмыз. Бұл мәселе бүкіл түркі халықтарын ойландыратын үлкен өзекті мәселе екенін айтқымыз келеді.Әлем тарихының аясынан алып қарасақ, көне түрік халқы мен оның өзінің, ол құрған мемлекеттің тарихы: түріктер қайдан пайда болды, сосын артына мол мұра қалдырып болып, көптеген халықтарға атын беріп, неге құрып кетті? - деген сауалға келіп құяды. Осынау мәселені тек саяси тарихты немесе әлеуметтік қарым-қатынасты талдау арқылы шешу жолында талай-талай талпыныстар жасалса да одан ешбір нәтиже шықпады.
Адамзат тарихынан алатын орнының орасан зор маңызына қарамастан, көне түріктер саны аз болған, сол себепті де Қытай мен Иранға қоныстас көрші болуы олардың іс-әрекеттеріне әсер етпей тұра алмады. Демек, осынау елдердің әлеуметтік және саяси тарихы бірге өріліп, байланысып кеткен, сондықтан да оқиғалар желісін қалпына келтіру үшін біз олардың әрқайсысының тарихын назардан тыс қалдырмауға тырыстық.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Көне түркілер мен Қытай арасында, ы қарым-қатынас жөніндегі зерттеу жұмыстары ХІХ ғасырдың орта шенінде ірі тарихшылар еңбектерінен көрініс тапты.
Оның ішінде Н. Я. Бичуриннің ғылыми қызметі ерекше. Н. Я. Бичуриннің қытай жазба ескерткіштерінің ертедегі Орта Азия халықтары туралы мәліметтері жинағын бастырып шығаруы синологиядағы аса көрнекті құбылыс болды[1. 52б] . Үш томдық еңбекте қытай деректемелерінің Қазақстанды ертеде және ортағасырларда мекендеушілердің: хуннулардың (сюннулардың), үйсіндердің, қаңлылардың, янцайлар мен түрік тайпаларының тарихы жөніндегі негізгі ақпарат жинақталған.
Қытай жылнамаларының материалдарына ауқымды тарихи филологиялық түсініктемелер берілген. Қытай деректемелеріне негізделген нақ сондай ертедегі зерттеулерді араб деректемелерін қоса отырып Абель Ремюза, Ст. Жюльен жүргізген[2. 505б] . Оларда түріктердің, эфталиттердің тарихы Орта Азия мен Қазақстанда манихей, будда діндерінің таралуы қарастырылады. Орталық және Ішкі Азияның ортағасырлық тарихын жазуға, тарихи оқиғаларды ашатын қытай деректемелерін басып шығару өз кезінде одан әрі жалғастырылды. Қытай және Византия деректерін салыстыру негізінде Э. Шаванн (1903) ҮІ-ҮІІІ ғасырлардағы Жетісудың батыс түріктерінің тарихын зерттеді[3. 97б] . Қытай, Үндістан, Алдыңғы Азия және Византия арасындағы өзара қатынастар мен мәдени алмасуды жеңілдету ісінде батыс түріктерінің атқарған рөлін анықтады: Сюань Цзанның маршрутын тарихи-географиялық тұрғыдан түсіндіріп берді, Сыма Цяннің “тарихи жазбаларын” аударуды жүзеге асырып, оған ауқымжы тарихи түсініктемелер жазды. Біршама уақыт өткен соң да Грот (1921) хуннулар туралы тарауды аудару және олар туралы неғұрлым толық текстологиялық мәліметтер келтіру үшін Сыма Цяннің шығармасын қайтадан қолға алады[4. 77б]
Жазбаша (көне түрік және қытай) деректемелеріне жүгіне отырып, А. Н. Бернштам ежелгі түрік мемлекетінің әлеуметтік құрылымын зерттеп, әскери-демократиялық қоғамның ерте феодалдық қатынастар жүйесіне ұласуын айқындады. Ол сондай-ақ У-УІІ ғасырлардағы соғды қоныстанушылығының рөлі мен маңызын және оның Түрік қағанатымен өзара қатынасын анықтады. [5. 87б]
Н. Я. Бичуриннің жақсы дәстүрін жалғастыра отырып, Н. В. Кюнер Орталық Азия халықтары туралы қытайдың құнды хабарларының үлкен топтамасын жариялады. Түріктер туралы тарихи мәліметтердің қытай тілінде екі томдық жинағы шығарылды [6. 85б]
Ертедегі және алдыңғы орта ғасырлардағы Қазақстан жөніндегі қытай деректерінің хабарлары тартылды. Оларға үйсіндер, Түрік қағанаты кезіндегі түріктер, түркештер, қарлұқтар жөнінде Ю. А. Зуев [7. 4б] жасаған талдау жемісті болып шықты. Қытай жылнамаларынан аудармалардың жариялануы, әулеттік хроникалардың мәліметтерін ежелгі түрік ескерткіштері мен генеологиялық аңыздардың материалдарымен, сол сияқты антик дәстүрімен салыстыру ертедегі Қазақстанның этникалық үрдістерінің, саяси оқиғалары мен тарихи географиясының кейбір жақтарын жаңаша түсінуге мүмкіндік берді.
Көне түрік жазуын зерттеу ісінде С. Е. Маловтың еңбектерінің маңызы ерекше. Ғалымдардың ежелгі түрік ескерткіштерінің материалдарына негізделген зерттеулерінің нәтижелері түрік қағанаттары шеңберінде болған этногенетикалық үрдістердің Орталық Азия мен Сібірдің түркі тілдес халықтарының қалыптасу тарихына өте елеулі ықпал жасағанын көрсетт[8. 78б] .
С. Г. Кляшторный монографиясында ежелгі түріктердің руналық текстерінен алынған материалдар талданып, жүйеге келтірілген, олар басқа деректемелердің материалдарымен салғастырылып, қол жеткен нәтижелер Қазақстан мен Орта Азия тарихына сәйкес тарихнамалық тұрғыдан да, деректану тұрғысынан да қорытылған. Түріктер тарихын талдап жасаумен бірге, кангюй проблемасы, Жетісуға соғдылардың қоныстануы соншалықты мұқият зерттелді[9. 185б] .
Л. Н. Гумилев түрік халықтарының тарихы жөніндегі кітаптарының жарыққа шығуын да атап өту қажет. Олар хунну державасы мен ежелгі түріктердің мемлекетіне арналған. Сол әлеуметтік-саяси көшпелі қауымдастықтардың пайда болу, даму және жойылу заңдылықтары зерттеледі. Автор кең көлемді тарихи проблемаларға (хуннулар мен түріктердің саяси өміріне, олардың тұрмысына, дініне, мәдениетіне), сондай-ақ екі дәуір - ертедегі дәуір мен орта ғасырлар шебіндегі Ішкі және Орталық Азия көшпелілерінің географиялық орналасуына зор көңіл бөлген[10. 197б] .
Қазақстанның аса көрнекті ғалымы, ағартушы, саяхатшы, этнограф, Қазақстанның, Орта және Оралық Азияның тарихы мен мәдениетін зерттеуші Ш. Ш. Уәлихановтың туғанына 150 жыл толуына қарай 5 томдық Шығармалар жинағының жаңа басылымы жарыққа шықты. Ш. Уәлиханов шығармаларының өзектілігі негізінен ерте орта ғасырлар, түріктердің этникалық, саяси және этнографиясын зерттеуде, ең тұңғыш қазақ деректанушысы ретіндегі үлесі өте зор болып табылады[11. 123б] .
Осы орайда, 1985 жылы Алматыда ЮНЕСКО шеңберінде “Орта ғасырлардағы Орталық Азиядағы мәдени-тарихи үрдістер” деген халықаралық конференция өткізілді. Онда ҮІІІ-ХҮІІ ғасырларда Орталық Азияда болып өткен этно-мәдени үрдістерге, аймақтың көшпелі және отырықшы халқы өркениетінің әлеуметтік-экономикалық базасы мен олардың арасындағы өзара қатынастарға, мемлекеттік құрылыс сипатына, мәдениеттердің өзара байланысы мен өзара ықпалына баса назар аударылғанын атап айтқан жөн.
Қытай жылнамаларының материалдарын ғылыми айналымға енгізу, ертедегі және ортағасырлық Қазақстанның түрік тайпаларының тарихын талдап шешуде А. Ш. Қадырбаев бастаған ғалымдаржалғастырды [12. 18б] .
С. Г. Кляшторный мен Т. И. Сұлтановтың жазбаша деректемелер мен археологиялық деректердің бай материалына сүйеніп жазған “Қазақстан ІІІ мыңжылдық жылнамасы” деген кітабының шығуы Қазақстан тарихнамасында елеулі құбылыс болды. Ғалымдар Қазақстанның шығыстанушы-тарихшылары мен археологтарының халықаралық үлкен қоғамдастығы жетістіктерін қорыту еңбегін өз мойнына алған. Қазақ халқы этногенезінің жалпы үрдісін авторлар 2-3 мың жыл бойы халықтың екі тобының: үнді-европалық және орталық-азиялық топтарының өзара әсері мен қосылуы деп көрсетеді. [13. 66, 68бб] . Сондай-ақ бүгінгі таңда мәдени бағдарлама аясында қазақ-қытай қатынасына байланысты еңбектерді жазған Мұхамедханұлы Н [14. 128б], Мыңжан Н [15. 161б], Қинаятұлы З [16. 297б] есімдерін атауға тиіспіз. Аталған авторлар еңбектері бітіру жұмысының мазмұнын ашуда үлкен көмекші құрал болды. Осы мәдени баңдарламаның соңғы жылдарағы ерекше олжасы, қытай деректемелерін Сүлейменов атындағы Шығыстану инистутының қызметкерлерінің бастамасымен қазақша аудармасының жарық көргенін ерекше атап айтуға болады[17] .
Деректік негізі: Жібек жолының толысып гүлденуі Қытайда Таң әулеті билік еткен кезеңге (618-907 ж. ж) тұстас келеді. Орталық Азия халықтары, олардың тарихы туралы мәліметтердің келесі үлкен кешені сол дәуірге арналған екі жылнамада бар. “Таң әулетінің ескі тарихын” (“Цзю Таншу”) Қытайдың бөлшектенуі кезінде - автордың тобы[18. 4б], ал “Таң әулетінің жаңа тарихын” (“Синь Таншу”) [19. 4б] да Сун дәуірінде (1043-60ж. ж) Қытайдың аса көрнекті ғалымы әрі ақыны Суян Сю (1007-72 ж. ж) бастаған авторлар ұжымы жазған[20. 8б] . Таң әулетінің тарихы жөніндегі екінші еңбек біріншісінен жаңсақтықтар мен қателер көп табылуына байланысты жазылған. Жылнамаларда батыс түріктер, түркештер, олардың этногенезі, Батыс түрік қағанатының, Түркеш қағанатының құрылуы мен олардың ыдырауы туралы саяси тарих пен этнологиялық мәліметтер берілген.
Қарлұқтар, олардың Жетісуда және Қазақстанның оңтүстігінде, сондай-ақ қазіргі Қырғызстанда орналасуы туралы қытай материалдары өте құнды[21. 177б] . Ертедегі дәуір мен б. з. УІІІ ғасырына дейінгі Орталық Азия тайпалары мен олардың мемлекеттік құрылымдары тарихыныңнегізі арқауын нақ қытай деректемелері бойынша біршама толық жасауға болады, бұл әсіресе үйсіндердің, қаңлылардың, ежелгі түріктердің, түркештердің, қарлұқтардың саяси тарихына байланысты.
Орталық Азияға саясатшылардың жазбалар Таң әулеті билеген кезеңде де, ХІІІ ғасырда да ең басты дерек болып қала береді. “Сянь Таншу” мен “Цзю Таншуда” Жетісуға Шығыс Түркістан полистері арқылы жүріп өткен қытай саяхатшыларының маршруттары: Шу, Талас өзендерінің аңғарлары, Ыстықкөл суреттелген. Алайда олардың ішінде буддаға тауап етуші Сюань Цзан (шамамен 596-664 ж. ж ) қалдырған жазбалар мейлінше толық болып табылады[22. 10б] . Ол жазған шығарма “Ұлы Таң әулеті кезіндегі Батыс өлкесі туралы жазбалар” (“Да Таң Сиюйцзи”) деп аталады және Сюань Цзанның Орта Азия арқылы Үндістанға саяхатына арналған. Сюань Цзан Суяб, Невакет, Талас арқылы жүріп өткен. Ол қаһан сарайын, түрік тайпалары мен басқа да тайпалар кәсібінің әдет-ғұрпын суреттеген[23. 320б] .
Ертедегі және орта ғасырлардағы қытай деректемелері, сыңаржақ болғанына қарамастан, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерттеуде ерекше құнды.
Біздің заманымыздағы мыңжылдықта ежелгі түрік және түркі тілдес тайпалар мекендеген жерлерден шыққан көне түрік жазбаша ескерткіштерінің құны баға жеткісіз.
Түрік авторлар жазған бұл жазбаша деректемелердің елеулі және даусыз екі қасиеті бар, олар - автохтондылығымен, яғни жерлекті сипатта болуымен және түпнұсқалылығымен ерекшеленеді - автор өзінің көз алдында не болғаны немесе болғанынан көп уақыт өтпеген оқиғалар жайында, өзі жақсы білетін фактілер туралы жазған. Сол арқылы ежелгі түрік деректемелері түрік қоғамындағы этникалық, әлеуметтік және мәдени үрдістер туралы жат жерлік байқаушылар жазған мәліметтерге неғұрлым дәл түсінік береді. Монғолия жерінен мейлінше құнды ежелгі түр текстері табылды. Деректануда Енисей мен Таластан ашылған ескерткіштердің зор маңызы бар.
Ең алдымен түрік хандары Күл-тегін (732) мен Білге қаған (735) құрметіне қойылған ескерткіштер - Кошоцайдам құлпытастарын атап өту керек. Бұл жазбалардың авторы, басқа да көпшілігіндегі сияқты, қаған әулетінен шыққан Йолығ-тегін болған, ол түрік тілінде жазған есімі бізге белгілі тұңғыш жазушы. Осы екі ескерткіш басқа да руна жазбаларының бәрі дерлік салыстырылатын өзінше бір өлшемдерге айналды. Тоныкөк ескерткіші (шамамен 716), Құлшора құрметіне орнатылған ескерткіш (722), Онгин жазбасы қосылатын Кошоцайдамның мәнерлі тексі негізінен Шығыс түрік қағанаты жөнінде мәліметтер береді.
Сонымен бірге оларда Қазақстан мен Орта Азияның батыс түріктері тарихының оқиғаларына қатысты маңызды естеліктер бар, оларға талдау жасау тарихи-географиялық, тарихи-саяси және этнографиялық прроблемалардың тұтас кешенін зерттеу жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді. Ең құндысы - “он оқ” (он жебе) халқы, түргештер, қарлұқтар, оғыздар, кенгерестер, Жетісу соғдылары туралы мәліметтер.
Елтеміш Білге қаған (747-759) құрметіне жазылған эпитафия болып табылатын Селенга тасы (яғ, и Шине Усу ескерткіші) орхон есерткіштеріне жатады. Бұл жазбада түріктермен бірге ұйғырлардың тайпалық бірлестігіне билік еткен қыпшақтар уақыты жағынан бірінші рет ауызға алынады. Елтеміш қағанның түріктермен, түркештермен, қарлұқтармен және басмылдармен өзара қатынастарының тарихы да баяндалады.
Батыс түрік қағанатының Жетісудан (Талас өңірінен) табылған ескерткіштері елеулі мәдени тарихи қазына болып табылады, оған қабірлерге қойылған құлпытастарға, теңгелерге, тұрмыстық заттар мен ағаш таяқшаларға жазылған ое екі жазба жатады. Бұл ескерткіштердің жоғарғы мерзімі едәуір айқын - ҮІІІ ғасыр, ал төменгі хронологиялық шегі тегінде, ҮІ-ҮІІ ғасырлар шегі болуы ықтимал.
Қорыта айтқанда, ежелгі түрік ескерткіштерінің алдыңғы ортағасырлық Қазақстанның тарихи географиясы мәселелерін талдап шешуге айқын жарық беретін дерек ретіндегі маңызы бағалау қиын.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеті:
ҮІ-ҮІІІ ғасырлар аралығындағы көне түріктер мен қытай елі арасындағы қарым-қатынасты қарастыру үшін біз алдымызға мынадай мақсаттар мен міндеттерді қойдық:
- ҮІ-ҮІІІ ғасырлардағы түріктердің мемлекеттіліктің ерте түрлері жөніндгі мәселеге ден қою;
- Қытай деректеріндегі түрік атауының шығуы туралы мәліметтерге назар аудару;
- ҮІ-ҮІІІ ғасырдардағы қытай тарихын хронологиялық деңгейде түркі қағанаттарымен өзара саяси байланысын баяндау;
- Түркі қағанатынан батыс қағанатының бөлініп шығу барысын Қытай мемлекетімен туындаған саяси қайшылықтар негізінде талдау;
- Түрік-қытай арасындағы мәдени қарым-қатынасындағы Жібек жолының рөлін айқындау;
- Қытай деректеріндегі Түркілер жайлы мағлұматтарға талдау жасау,
- Түріктердің салт - дәстүріне байланысты қытай жылнамаларындағы мәліметтерге талдау жасау;
- Сауда-экономикалық байланыстары жөніндегі деректік мәліметтер саралау
- Қытай деректеріндегі Түркі мәдениеті туралы мәліметтердің құндылығын ашып көрсету;
Бітіру жұмысының құрылымы: кіріспе, екі тарау, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. ЕРТЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ТҮРІК ҚАҒАНАТТАРЫНА ҚАТЫСТЫ ҚЫТАЙ ДЕРЕКТЕРІНДЕГІ МӘЛІМЕТТЕР
1. 1. Түрік атауының шығуы туралы қытай деректері
Түрік қағанатының құрылу тарихы заманымызға дейінгі VI ғасырдан, заманымызға дейінгі XII ғасырға дейін созылды. Бұл ұлыстар мен қағанаттықтан, нәсілдік белгілерінде, экономикалық тұрмыс қалпында, мәдениетінде мен тілінде жақындық және біркелкілік бар. Олар Қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына, және Қазақ халқының тарихында өте жоғары маңызға ие.
VI ғасырдан, XII ғасырға дейінгі аралық, Түрік қағанатының құрылуынан бастап, гүлдену, даму, кезеңдерін бастан кешірді. Осы мемлекет төңірегіндегі ұлыстар мен тайпалар бір тұтас үкіметке бағынып, ұзақ уақыт бойы аралас - құралас өмір сүрді.
Түріктер туралы алғаш рет Қытай деректері мен, жылнамаларында түрік атауы 542 жылы кездеседі. Түріктер VI ғасырдан бастап Алтай тауының күн бетін мекендеген көшпелі тайпалар еді. Қытай деректерінде «Көне жоунаме » түріктер туралы былай баяндалады: “Түріктер Ғұндардың бір тармағы. Олардың арғы тегі - Ашина. Олар өз алдына ұлыс құрды. Кейін оларды көршілес мемлекет талқандады да, халқын түгел қырды. Бірақ он жасар ер баланы жасақтар баласынып, өлтіруге қимай аяқтарын кесіп шалғынды иен далаға тастап кетті. Бұл баланы бір қаншық қасқыр үнемі ет әкеліп беріп оны асырады. Бала ер жеткен соң Қасқырмен жақындасып оны буаз қылды”[24. 93б] .
Көршілес мемлекеттің ханы бұл баланың тірі екенін білі, оны өлтіруге тағыда адам жіберді. жіберген адамы баланың қасындағы Қасқырды көріп, баламен бірге оны да өлтірмекші болды. қасқыр қашып құтылып елінің терістігіндегі бір тауға келіп, паналады. Ол тауда үңгір бар еді. Қасқыр онда аумағы бірнеше жүз шақырым(哩) * келетін төрт жағы таумен қоршалған шалғынды жазыққа кезікті. қасқыр сол араға бой жасырып, он ұл тапты. Бұлар ержеткен соң әйел алып бала сүйді. әр қайсысының өз Ауғысы(тегі ) болды. Ашина - солардың бірінің тегі. олар өсіп - өніп бірнеше жүз отбасы болды. Талай замандардан кейін олар бірінен соң бірі үңгір ден шығып Нане ег( жу жандар) бағынышты болды. Алтын тауды мекендеп жужандардың темірін соғатын теміршісі болды. Алтын таудың пішіні Дулығаға ұқсайтын еді, олар дулығаны өз тілінде «Түрік» дейді. сонымен Түрік сөзі олардың халқының намы болып қала берді ”[25. 92-93б. ] .
Жоғарыдағы аңызға келетін болсақ Қытайлар оларды Ғұндардың бір тармағы дейді. Және оларды Қасқырдан тараған деп қарайды. Әрине бұл бір аңыз. «Ата тегін білу және оларды әдейі жаттап алып айту, Орта Азиялық халықтардың өзгеше сипаты » деп түсіндіреді әйгілі ғалым зерттеуші Л. Гумилев[26. 25б] . Бұл дәстүр қазақ халқында күні бүгінге дейін сақталып келеді. Мысалға алып айтса
«Тегін білу, Тектіліктің белгісі» дейтін атамыз. Қазақ бұл мәтелді тегін айтпаса керек.
Сол үшінде, Түріктердің мейлі қасқырдан тарасын - тарамасын, олардың басқалай наным - сенімдерімен қатысты болсын, әйтеуір қасқыр олар үшін өте маңызды, өте қасиетті ұғым екендігінде күмән жоқ.
Ал, түріктер туралы екінші аңызға келетін болсақ қытайдың « Жоунамасында» былай баяндайды: “ Түріктердің арғы аталары Ғұндардың терістігіндегі Сақ(塞国) елінен шықты. Олардың ұлыс Аббасы Абам Бек деп аталды. Олар он жеті ағайынды еді. Оның бірі Іді Ншида еді, ол қасқырдан туды. Абам Бектер тумысынан ақымақ болды да мемлекеттері жойылып кетті. Ал, Ншиданың табиғаттың өзгеше құбылысын сезетін қасиеті бар еді. Ол күнді жауғызып, жел соқтыра алатын еді. Ол екі әйел алды. оларды жаз бен қыс тәңірлерінің қызы дейді. Оның біреуінен төрт ұл көрді. Оның біреуі «»Аққуға айналып кетті; біреуі Абасу* мен Кем өзендер арасынан Қырғұр деген мемлекет құрды; енді бірі Щатша суының бойынан мемлекет құрды. тағы бірі Бас Щатшаш тауында мекендеді. Бұл оның үлкен ұлы еді. Бұл тауда Абам Бектің ұрпақтары да болды. олар көбінде аш - жалаңаш жүруші еді. Үлкен ұлы от шығарып олардың бойын жылытты, асырады және барлығына қолғабыс тигізді. сонымен олар үлкен ұлды қошаметтеп, өздерінің Билеуші етіп сайлады. бұған түрік деген нам берілді. оның өз аты - Нғыд Түрік Шад еді. оның он әйелі болды. балаларының барлығы Шешелерінің тегімен аталды. Нғыд түрік өлгеннен кейін он әйелдің балалары өздерінің ішінен біреуін Таққа отырғызуды ұйғарды. олар бір Бәйтеректің түбіне жиналды . Олар: «Қайсысымыз осы Бәйтерекке жоғары секірсек, сол таққа отырады » деп уәделесті. Ашина жасының кішілігіне қарамай бәрінен биік секірді. Сонан бауырлары Ағыш Шад деген наммен қошаметтеп таққа отырғызды”[27, 93б. ] .
Бұл аңыздың бірінші аңыздан, бір өзгешелігі онда түріктерді Сақ елінен шықты дейді. Бірақ оларды айналып келіп Қасқырмен байланыстырады. айналып келіп жоғарыдағы екі аңыз Түрік халықтарының шыққан тегін түгел қамтымайды, тек олардың билеуші әулетінің тегі ғана айтылады. Түріктердің шығуы жөніндегі бұл нұсқаларда аңыз деуге татырлық ештеңе жоқ. Бірақ жоғарыда айтылған екі аңыздың айтылуы екі түрлі болғанымен, бұл аңыздардың барлығының түйіні түріктердің арғы тегі қасқырдың тұқымы дегенге саяды, әрі « Бөрі »( қасқыр ) сөзі VI ғасырда, түріктер үшін аса мәнді сөз болғаны айдан анық. Қытай авторлары “ түрік ханы ” мен “ бөрі ” ұғымын мағыналас деп есептейді, сонда тегі түрік хандарының көз қарасына сүйенсе керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz