Қаназдыққа қарсы дәрілік заттар



Темір препараттары тек темір жетіспеушілігі дәлелденген жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін. Емнің басында кез келген қаназдықтың салмақты себептерін алып тастау маңызды (мысалы, АІЖ эрозиясы немесе қатерлі ісігі).
Темір жетіспеушіліктің алдын алу шаралары үшін темір препараттарын тағайындау кезінде, науқастардағы тағаммен жеткіліксіз темір жетіспеушілігінің даму тәуекелінде қосымша факторлар мақұлдануы мүмкін.
Алдын алу шаралары сонымен қатар малабсорбция, меноррагия кезінде, гастроэктомия жасаған науқастарға, гемодиализ кезінде, шала туылған және дене салмағы жетілмеген нәрестелерге көрсетілуі мүмкін. Темір тұздарымен алдын алу шараларын жүктілік кезінде темір жетіспеушілігінің дамуы үшін қосымша факторлар жағдайы болғанда жүргізілуі тиіс; жүктілік кезіндегі темір жетіспеушілігінің қаназдығында темірдің және фолий қышқылы препараттарының төменгі мөлшері қолданылады.

Темір тұздарын мүмкіндігінше пероральды енгізу керек. Олар бір-бірінен тек сіңірілу дәрежесі жағынан ерекшеленуі мүмкін, сол себепті препаратты таңдау да жанама әсерлерінің жиілігі мен бағасына негізделінеді. Ересектердегі темір жетіспеушілік қаныаздықты емдеу үшін пероральды қарапайым темірдің мөлшері тамақпен 100–200 мг тәулігіне құрайды. Қарапайым темірдің әртүрлі тұздардағы құрамы мынандай: темір фумараты 200 мг (темір 65 мг), темір глюконаты 300 мг (темір 35 мг), темір сукцинаты 100 мг (темір 35 мг), темір сульфаты 300 мг (темір 60 мг), құрғақ темір сульфаты 200 мг (темір 65 мг).
Гемоглобин құнарлығы орта есеппен 100–200 мг/100 мл күніне көтерілуі тиіс немесе 2 г/100 мл 3-4 апта ішінде. Гемоглобин деңгейі қалпына келген соң, темірдің қорын толтыру үшін 3 айға дейін қабылдау керек.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қаназдыққа қарсы дәрілік заттар

Темір жетіспеушілік қаныаздықты емдеуге арналған препараттар.

Темір препараттары тек темір жетіспеушілігі дәлелденген жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін. Емнің басында кез келген қаназдықтың салмақты себептерін алып тастау маңызды (мысалы, АІЖ эрозиясы немесе қатерлі ісігі).

Темір жетіспеушіліктің алдын алу шаралары үшін темір препараттарын тағайындау кезінде, науқастардағы тағаммен жеткіліксіз темір жетіспеушілігінің даму тәуекелінде қосымша факторлар мақұлдануы мүмкін.

Алдын алу шаралары сонымен қатар малабсорбция, меноррагия кезінде, гастроэктомия жасаған науқастарға, гемодиализ кезінде, шала туылған және дене салмағы жетілмеген нәрестелерге көрсетілуі мүмкін. Темір тұздарымен алдын алу шараларын жүктілік кезінде темір жетіспеушілігінің дамуы үшін қосымша факторлар жағдайы болғанда жүргізілуі тиіс; жүктілік кезіндегі темір жетіспеушілігінің қаназдығында темірдің және фолий қышқылы препараттарының төменгі мөлшері қолданылады.

Темір тұздарын мүмкіндігінше пероральды енгізу керек. Олар бір-бірінен тек сіңірілу дәрежесі жағынан ерекшеленуі мүмкін, сол себепті препаратты таңдау да жанама әсерлерінің жиілігі мен бағасына негізделінеді. Ересектердегі темір жетіспеушілік қаныаздықты емдеу үшін пероральды қарапайым темірдің мөлшері тамақпен 100 - 200 мг тәулігіне құрайды. Қарапайым темірдің әртүрлі тұздардағы құрамы мынандай: темір фумараты 200 мг (темір 65 мг), темір глюконаты 300 мг (темір 35 мг), темір сукцинаты 100 мг (темір 35 мг), темір сульфаты 300 мг (темір 60 мг), құрғақ темір сульфаты 200 мг (темір 65 мг).

Гемоглобин құнарлығы орта есеппен 100 - 200 мг100 мл күніне көтерілуі тиіс немесе 2 г100 мл 3-4 апта ішінде. Гемоглобин деңгейі қалпына келген соң, темірдің қорын толтыру үшін 3 айға дейін қабылдау керек.

Темірді кешкі уақытта қабылдағанда, оның сіңірілуі жақсы жүретіні көрсетілген. Темірді тамақпен қабылдау, оның биожетістігін төмендетуі мүмкін, бірақ тұрақтылығын және емге приверженность жақсартады.

Егер бір тұзды қолданғаннан жанама әсерлері дамыса, оның мөлшерін төмендетуге болады немесе темірдің басқа тұзына ауыстыруға болады, бірақ жақсы көтеруі қарапайым темір құрамының аз болуына байланысты болады. Темір тұздарын қолданғанда асқаза-ішек жолдарының тітіркенуі болуы мүмкін. Жүректің айнуы мен эпигастриидің ауруы мөлшерге тәуелді болып келеді. Темір препараттарын ішке қолданған кезде әсіресе егде жастағыларда іштің қатуы, кейде нәжіске толуы болуы мүмкін. Темірді ішке қолданғанда тоқ ішектің қабынуымен ауыратын науқастарда диареяны күшейтуі мүмкін, сонымен қатар ішек стриктурасы мен дивертикуласымен ауыратын науқастарға сақтықпен қолдану керек. Темірдің темір декстраны түрінде (темір гидроксиді декстранмен біріккен) [ӘДҰ моделді тізіміне кірмеген], тек науқастар пероральды темірді көтере алмаған жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкін немесе дәрігер науқастың дәріні жүйелік қабылдауына күмәнданған кезде, немесе шамалы қан кету жалғасқан кезде, немесе сіңірілуі бұзылғанда тағайындайды. Кейбір темір препараттарының құрамына аскорбин қышқылы кіреді, ондай препараттардың терапиялық ерекшелігі шамалы, бірақ бағасы жоғары болып келеді. Темір препараттарына тек фолий қышқылынан басқа жүкті әйелдерге витаминдерді енгізудің (мысалы В тобының витаминдері) негіздемесі жоқ. Көптеген созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын, гемодиализдегі науқастарға (немесе перитонеальды диализдегі) темірді ретімен көк тамырға енгізу қажет. Парентеральды темір пайдаға қарағанда көп зиян келтіруі мүмкін. Тек гемодиализдегі науқастарға ғана, басқаларында ішке қолдануға қарағанда, парентеральды қолдану кезінде жауапты реакция тез дамымайды.
Ішке қолданылатын темір препараттары
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

^ Темір жетіспеушілігік қаназдық. Емдеу: ересектерге 100-200 мг кәдімгі темір бір неше бөлінген мөлшерде; темір жетіспеушілік қаныаздықтың алдын алу шаралары - ересек әйелдерге 60 мг кәдімгі темір күніне, 5 жасқа дейінгі балаларға - 2мгкг (ең жоғарғы 30 мг) күніне, 5 жастан үлкен балаларға 30 мг күніне. Әйелдер мен 5 жастан асқан балаларға фолий қышқылымен қолдануға болады.

^ Кері көрсеткіштері.

Гемосидероз, гемохроматоз, қаназдықтың кез келген түрі темір жетіспеушілігі туғызбаған, қайта қан құюды қабылдаған науқастар; темір препараттарымен парентеральды терапия жүргізілгенде.

Сақтандыру.

Темір препараттарын қабылдау 6 айдан артық созылмауы керек.

^ Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

жүктілік; пептикалық жаралар, энтерит, жаралы колит, дивертикулез.

Әрекеттесуі: 1 Қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категория - А.

^ Емшекпен емізу: төс сүтіне өтеді.

Жанама әсерлері

Іштің қатуы; диарея; нәжістің қара болуы; жүректің айнуы, эпигастральды аймақтың ауруы, АІЖ тітіркенуі; ұзақ немесе үлкен мөлшерде қолданғанда гемосидерозға әкелуі мүмкін.

Парентеральды енгізуге арналған темір препараттары
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Темір препараттарын ішке қолданғанда, темір жетіспеушілігінің орынын толтыра алмаған жағдайларда: АІЖ темірдің сіңірілуі бұзылғанда, препараттарды ішке қолданғанда рефрактерлік болуы, оларды уақытында қолдану мүмкіндіктері болмаған жағдайларда.

Жедел тгеморрагиядан кейінгі қаназдық[D], СБЖ ауыратын науқастардағы темір жетіспеушілік қаназдығы.
^ ЭПОЭТИН АЛЬФА және БЕТА

(Рекомбинантты адам эритропоэтині)

(EPOETIN ALFA and BETA)

(Recombinant human erythropoietins)

Шығарылу түрі.

Клиникалық әсері эпоэтин альфа мен эпоэтин бетаның айырмашылығы жоқ және препаратты дәрігердің жазып беруіне байланысты таңдайды.

Сауыттағы лиофилизирленген ұнтақ, 1000 ЕД, 2000 ЕД, 5000 ЕД; егуге арналған ерітінді 1000 МЕ, 2000 МЕ, 4000 МЕ, 10000 МЕ.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі кезіндегі қаныаздық гемо- және перитонеальды диализдегі ересектерге, диализ алдындағы науқастарға, гемодиализдегі балаларға.

Та немесе кт. Енгізу әдісі өзгерген жағдайда бұрынғы мөлшермен енгізеді, кейін қажет жағдайда мөлшерін түзетеді (бірдей терапиялық ықпалға қол жеткізу үшін та енгізуде 20-30% -ға төмендеу, кт енгізуге қарағанда). Алғашқы мөлшер - 20 МЕкг 3 реттен аптасына, әлде 10 МЕкг 7 реттен аптасына. Гематокриттің жоғарлауы жеткіліксіз болған жағдайда (0,5% -дан аз аптасына), әр 4 аптада мөлшерін 40 МЕкг-ға 3 реттен аптасына жоғарлату мүмкін. Кт енгізген кезде (баяу 2 минут ішінде) бастапқы мөлшер - 40 МЕкг 3 рет аптасына, 4 аптадан кейін 80 МЕкг 3 рет аптасына жоғарлатуға болады. Мөлшерін жоғарлату қажеттілігі болған жағдайда, оны 20 МЕкг 3 рет аптасына 4 апталық ара қашықтықпен жоғарлатуға болады. Енгізу әдісіне байланыссыз, ең жоғарғы мөлшер 720 МЕкгаптасына жоғарламауы керек. Гемодиализдегі науқастарға артериовенозды фистула арқылы диализден кейін енгізеді. Ұстап тұрушы терапия: гематокриттің деңгейін 30-35%-да ұстап тұру үшін бастапқы мөлшерін келесі мөлшерден екі есе төмендетеді. Кейіннен ұстап тұрушы мөлшерді 1-2 апталық ара қашықтықпен әр науқасқа жеке таңдайды, гематокрит 30-35% деңгейде болу үшін. Гемодиализдегі балаларға бастапқы мөлшер - 50 МЕкг 3 реттен аптасына. Қажет жағдайда бір реттік мөлшерді 1 рет 4 аптада 25 МЕкг-ға тиімді гемоглабиннің құнарлығына қол жеткізгенше жоғарлатады. Дене салмағы 10 кг-нан төмен балалардағы ұстап тұрушы мөлшер - 75-150 МЕкг (орта есеппен 100 МЕкг), 10-30 кг - 60-150 МЕкг (орта есеппен 75 МЕкг), 30 кг - нан жоғары 30-100 МЕкг (орта есеппен 33 МЕкг). Қорытынды ауыр қаныаздықпен ауыратын науқастарға (гемоглобин 68 гл-ден төмен) үлкен ұстап тұрушы мөлшер қажет, жеңіл қаныаздыққа қарағанда. Орта ұстап тұрушы мөлшер - 30 МЕкг 3 рет аптасына (диализден кейін). Емдеу - өмірінің ақырына дейін, қажет жағдайларда емді доғаруға болады.

^ АИЖВ-зарарланған науқастардағы зидовудинмен емделу барысындағы қаныаздық (эндогенді эритропоэтиннің құнарлығы 500 МЕмл немесе аз болғанда);

Бастапқы мөлшер - 100 МЕкг 3 рет аптасына та немесе кт 8 апта бойы. Қажет жағдайда бір реттік мөлшерді 4 аптада 1 рет 50-100 МЕкг-ға сол енгізу жиілігімен жоғарлатады. Препаратты мөлшері 300 МЕкг 3 рет аптасына енгізуде әсері болмаған жағдайда, әрі қарай жүргізілетін емнің мақсаты жоқ. Ұстап тұрушы мөлшер гематокрит деңгейін 30-35%-да ұстап тұруы қажет. Егер ол 40%-дан жоғары болса, дәрінің қолдануын доғару керек, оның 36%-ға төмендеуіне дейін. Емді қайта бастағанда мөлшерін 25%-ға төмендету керек.

^ Миеломды ауру кезіндегі, неходжкинский лимфомасындағы қатерлі ісіктің төменгі дәрежесіндегі қаныаздық. Миелоидты емес ісіктер кезіндегі қаныаздық (сонымен қатар цитостатикалық ем тұсында); ұзақ химиотерапия курсын қабылдаушы миелоидты емес ісіктер кезіндегі қаныаздықтың алдын алу шаралары. Емді бастар алдында гемоглабин денгейінің көрсеткіші 130 гл-ден жоғары болуы керек. Та, бастапқы мөлшері - 450 МЕкг аптасына, 3 немесе 7 енгізуге бөлінген. Гемоглабиннің жеткілікті жоғарлауы 4 аптадан кейін болмағанда, мөлшерін екі есеге көтереді. Химиотерапия аяқталғаннан кейін емді 3 аптаға дейін созады. Егер химиотерапияның бірінші кезегінде гемоглабин деңгейі емге қарамастан 10 гл-ге төмендесе, дәріні әрі қарай қолдану тиімсіз. Миеломды аурумен және неходжкинскии лимфомамен ауырған кезде бастапқы мөлшер - 450 МЕкг аптасына. Гемоглабин деңгейі 4 аптадан кейін жоғарламаса, мөлшерін екі есе жоғарлатады. Егер 8 аптадан кейін науқас гемотрансфузияны қажет ететін болса немесе гемоглобин денгейі ең болмағанда 5 гл-ге жоғарламаса, препаратты қолдануды доғару керек. Ең жоғарғы мөлшер 900 МЕкг-нан аспауы керек. Емдеу ұзақтығы әр адамға жеке, қаныаздық қайталанған кезде емді қайталау керек.

^ Шала туылған нәрестелердегі қаныаздық дене салмағы 1.5 кг-нан төмен. Та мөлшері 200 МЕкг 3 рет аптасына, өмірінің 6 күнінен бастап, гемоглабин мен гематокрит көрсеткіштерінің толығына жеткенше, бірақ 6 аптадан артық емес.

Қаныаздықпен ауыратын науқастарды үлкен қан кетулер күтілетін операцияға дайындау (гемоглобин - 100-130 гл) (2-4 бірлікте немесе 900-1800 мл) аллогенді гемотрансфузияларды қажеттілікті төмендету және эритропоэзді қалпына келтіруді жақсарту үшін; гематокриті 33-39% науқастарды үлкен операциялық араласуларға дайындау бағдарламасында аллогенді трансфузияны қолдануға байланысты болатын аутологиялық қанның жинауын жеңілдету және тәуекелді төмендету үшін (қажетті құйылатын қанның жоғарлығында күтіледі, оны эпотинді қолданбастан алуға болады. Аутологиялық қанды қолданатын науқастарға хирургиялық араласулар алдында - 600 МЕкг 2 реттен аптасына. Қажет жағдайда эритропоэзді аз белсендіретін кезде - 150-300 МЕкг 2 реттен аптасына. Емдеу курсы - 3 апта. Қан жинау гематокриттің көлемі - 33% немесе жоғары кезде және гемоглобин - 110 гл және жоғары кезде жасайды. Науқастарға операция алдында және операциядан кейінгі кезеңде, аутологиялық қан жинау бағдарламасына қатыспайтындарға - та 600 МЕкг аптасына, ұзақтығы 3 аптаға дейін. Болатын операцияларда (21, 14, 7 күндері операция алдында) және операция алдында. Егер операция алдындағы кезеңді қысқарту керек болса, онда күнде 300 МЕкг-нан 10 күндей операцияға дейін енгізеді, операция күні және операциядан кейін 4 күндей енгізеді.

Барлық жағдайларда дәрінің мөлшерленуі гемоглобин деңгейінің ең кем дегенде 2 гл-ге 100 млайына жоғарлауын қамтамас етуі керек және тұрақты деңгейі 10-12 г100 мл құрауы тиіс (9,5-11 г100 мл балаларда). Әр рекомбинанттық эритропоэтин препараттарының мөлшерлеу ерекшелігі өндірушілердің ережелерінде көрсетілген.

^ Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, артериальды гипертензия, гипотензивті терапияға тұрақтылықта, жүктілік, лактация кезеңі, парциальды қызыл жасушалы аплазия алдында эритропоэтинмен жүргізілген емнің салдарынан болған. Аутогемотрансфузия үшін донорлық қанның көлемін жоғарлату мақсатымен қолданғанда (қосымша): миокардтың инфаркттынан кейін немесе инсульт 1 ай бұрынғы, тұрақсыз стенокардия, терең тамырлардың тромбозының тәуекелі (сонымен қатар анамнезіндегі тромбоэмболия).

Сақтандыру.

Бірінші енгізгеннен кейін науқасты қадағалау қажет, әсіресе алғашқы 4 сағатта. Емдеу кезінде апта сайын АҚ мен жалпы қанның анализін, гематокритті, тромбоцитті және ферритинді анықтау қажет. Бақылай алатын артериальды гипертензиямен ауыратын науқастарда немесе тромботикалық асқынуларда антигипертензиялық препараттардың жәненемесе антикоагулянттардың мөлшерін жоғарлату керек. Шұғыл емдеу шараларын жүргізу кезінде гипертониялық криз даму кезінде, эпотинмен емдеуді доғару керек. Бауыр жетіспеушілігімен ауыратын науқастарға эпотинді тағайындағанда, оның метаболизмі баяулайды және эритропоэздің күшеюі айқын болады. Емнің алдында препаратқа болатын әр түрлі реакциялардың себептерін шеттету керек (темірдің, фолий қышқылының, цианокобаламиннің жетіспеушілігі, алюминимен ауыр улану, қосымша инфекциялар, қабыну үдерістері және жарақаттар, жасырын қан кетулер, гемолиз, сүйек миының әр түрлі фиброздары) және қажет жағдайларда емді түзету керек. Көптеген науқастарда уремиямен, ісік ауруларымен және ВИЧ-инфицирленген науқастарда плазмада ферритин деңгейі гемотокриттің жоғарлауымен бірге төмендейді. Емдеу курсының барлық кезеңінде ферритин деңгейін анықтап отыру керек. Егер ол 100 нгмл-ден төмен құраса, темір перпараттарын ішке тағайындау арқылы орын басушы ем тағайындалынады есептеу бойынша 200-300 мгтәулігіне (балалар үшін 100-200 мгтәулігіне). Шала туылған нәрестелерге пероральды ем темір препараттарымен мөлшері 2 мгтәулігіне лажы болса ерте тағайындалынады. Аутологиялық қан тапсыратын науқастар және операция алдында және кейінгі кезеңдегі науқастар, сол сияқты темір препараттарымен мөлшері 200 мгтәу дейін адекватты ем қабылдауы тиіс.

^ Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Тромбоз кезінде (анамнезінде), қатерлі ісіктерде, орақ тәрізді жасушалы қаныаздық, анамнезіндегі темір жетіспеушілігісіз шамалы қаныаздық, рефрактерлі қаныаздық, қояншық, созылмалы бауыр және бүйрек жетіспеушілігі, жүктілік және лактация кезеңі. Диализдегі емес нефросклерозбен ауыратын науқастарға, препаратты қолдану шешімі жеке қабылдануы керек, себебі бұндай науқастарда бүйрек қызметінің бірден нашарлау мүмкіндіктері бар.

Әрекеттесуі: ... Қосымшаны қара.

Жүктілік пен лактация кезеңі:

Жүктілік және лактация (емшекпен емізу) кезінде препаратты қолдану тәжірибесі жеткілікті емес. Репродуктивті жастағы әйелдер препаратты қолданғанда етеккірінің қайта басталуы мүмкін.

^ Жанама әсерлері

Тұмау тәрізді симптоматика (емнің басында), АҚ жоғарлауы, гипертензивті криз энцефалопатиямен жүретін, тромбоцитоз, тромбоз, тамырлардың атеросклерозының күшеюі, порфирияның асқынуы, гиперкалиемия, гиперфосфатемия, аллергия, енгізілген жердегі реакция.

^ Саудаға тіркелген атауы: Эпокрин, Рекормон, Эпкрес.
Мегалобластикалық қаназдықты емдеуге қолданылатын препараттар
Мегалобластты қаназдық витамин В12 , әлде фолий қышқылының, әлде екеуінің де жетіспеушілігінің нәтижесінде дамиды. Фолий қышқылының клиникалық көріністері В 12 витаминінің жетіспеушілігіне ұқсас болып келеді, тек бірге жүретін ауыр невропатия дамымайды; әр жағдайда қаныаздықтың себептерін белгілеу өте қажет. Гидроксокобаламинді В12 витаминінің тамақпен жеткіліксіз түсуінен, әлде сіңірілуінің бұзылуынан, әлде пернициозды қаныаздық кезіндегі (В12 витаминінің сіңірілуіне қажетті ішкі фактордың болмауынан) жетіспеушілігін емдеу үшін қолданады. Тамақтың жетіспеушілігі, жүктілік, қояншыққа қарсы дәрілерді қолданғанда немесе сіңірілуінің бұзылуында болатын фолий жетіспеушілік жағдайларын, фолий қышқылының көмегімен емдейді, бірақ ол себебі белгіленбеген мегалобластты қаныаздық кезде В12 витаминісіз қолданбауы тиіс, себебі В12 витаминнің жетіспеушілігімен жүретін неврологиялық бұзылыстардың асқыну тәуекелі жоғарлауына байланысты.

Темір тұздарынан және фолий қышқылынан тұратын препараттар жүктілік кездегі болатын мегалобластты қаныаздықтың алдын алу шаралары үшін қолданылады. Бұл дәрілік түрдегі фолий қышқылының төменгі мөлшерлері мегалобластты қаныаздықты емдеу үшін жеткіліксіз.

Ұрықтанудың алдында және жүктіліктің ерте мерзімінде фолий қышқылын дұрыс қолдану, ұрықта жүйке түтікшелерінің даму кемістігінің тәуекелін төмендетеді. Сол себепті жүктілікті жоспарлаған әйелдер ұрықтанудың алдында және жүктіліктің бірінші 12 аптасында фолий қышқылын жеткілікті қабылдауы тиіс; фолий қышқылын тамақ қоспасы ретінде тағайындауға болады немесе дәрі ретінде мөлшері 400 - 500 мкг күніне қабылдау. Жүктілікке күдігі бар әйел қосымша фолий қышқылын қабылдамаса, онде тез арада фолий қышқылын қабылдау керек және жүктілік дәлелденгенде 12 аптаға дейін қабылдауды созу керек.

Егер әйелде баланың жүйке түтікшесінің даму кемістігімен туылу тәуекелі жоғары болса (мысалы, алдыңғы баладағы жүйке түтікшесінің даму кемістігі) фолий қышқылын жоғары мөлшерде қабылдауы тиіс - шамамен 5 мг күніне, ұрықтанудың алдында және жүктіліктің алғашқы 12 аптасында. Қояншыққа қарсы препараттарды қабылдаған әйел фолий қышқылын қабылдар алдында дәрігермен кеңесуі керек.
Фолий ҚЫШҚЫЛЫ

^ (FOLIC ACID)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар, фолий қышқылы, 1 мг.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Фолий жетіспеушілік мегалобластты қаназдық[А]. Макроцитарлы қаныаздық. Мегалобластты В12 жетіспеушлікті жүктілік кездегі қаназдық. Ересектерге және 1 жастан үлкен балаларға 5 мг-нан күніне 4 ай бойы, мальабсорбция (жеткіліксіз сіңірілгенде) кезінде тәулігіне 15 мг-ға дейін болуы мүмкін; безгек кезінде 5 мг-нан күніне 2 реттен темір препараттарымен бірге.

^ Жүктілік кездегі жүйке түтікшесінің даму кемістігінің алдын алу шаралары үшін[А]. Бірінші жүйке түтікшелерінің даму кемістігінің алдын алу шаралары: ішке, ересектерге 400 - 500 мкг-нан күніне ұрықтануға дейін және жүктіліктің бірінші 12 аптасында. Жүйке түтікшесінің даму кемістігінің қайталануын алдын алу шаралары үшін ересектерге ішке 5 мг-нан (4 мг-ға дейін тәулігіне төмендету, егер сәйкес препарат болса) ең аз дегенде 4 апта ұрықтануға дейін және жүктіліктің алғашқы 12 аптасында.

^ Жанама әсерлерінің алдын алу шаралары (асқазан-ішек, гематологиялық) аптасына 5 мг метотрексат немесе 28-29 апта бойы 1 мгтәу. қабылдайтын ревматоидты артритпен ауыратын науқастарда.

^ Гемодиализ кезінде фолий қышқылының алдын алу шаралары. Ересектерге 5 мг-нан әр 1-7 күн; балаларға 1-12 жастағы 250 мкгкг (ең жоғарғы 10 мг) тәулігіне бір рет күніне, 12 жастан үлкен балаларға 5-10 мг-нан тәулігіне бір реттен.

Гипергомоцистеинемия[В]. Ішке 0,8-5 мгтәу 3-12 апта бойы.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық. Себебі белгіленбеген мегалобластты қаназдық кезінде В12 витаминісіз қолданылмайды, қаназдық немесе кез келген В12жетіспеушілігі кезінде жұлын миының жедел асты біріккен дегенерация тәуекелінің көріністері болуынан; фолийге тәуелді қатерлі аурулар.

Сақтандыру.

Қояншыққа қарсы ем қабылдайтын әйелдерге, фолий қышқылымен емді бастар алдында дәрігердің кеңесі керек;

Әрекеттесуі: 1 Қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категория - А.

^ Емшекпен емізу: төс сүтіне өтеді.

Жанама әсерлері

Бронхтың тарылуы; аллергиялық реакциялар; эритема; қызба; жалпы қалжырау; бөртпелеп; қышынулар.
^ Саудаға тіркелген атауы: Фолиевая кислота, Фолацин.

ЦИАНОКОБАЛАМИН

(CYANOCOBALAMIN)

Шығарылу түрі.Егуге арналған ерітінді, 500 мкг, ампула 1 мл-ден [ӘДҰ ұсынылған Гидроксокобаламин].
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

В12 витаминінің жетіспеушілігі салдарынан болған мегалобласты қаназдық. Мегалобластты қаныаздық неврологиялық көріністерсіз, бұлшық етке, ересектерге және балаларға алғашқыда 1 мг-нан 3 реттен күніне 2 апта бойы, кейін 1 мг-нан әр 3 ай сайын. Мегалобластты қаныаздық неврологиялық көріністермен, бұлшық етке ересектерге және балаларға алғашқыда 1 мг-нан күн ара жағдайы тұрақтанғанша, кейін 1 мг-нан әр 2 ас сайын. Алиментарлы макроцитарлы қаныаздықтың алдын алу шаралары кезінде, бұлшық етке ересектерге және балаларға 1 мг-нан әр 2 - 3 ай сайын.

^ Темекі амблиопиясы және Лебера көру атрофиясы, бұлшық етке, ересектерге және балаларға 1 мг-нан күніне 2 апта бойы, кейін 1 мг-нан күніне екі реттен жағдайы тұрақтанғанша, кейін 1 мг-нан әр 1 - 3 ай сайын.

В12 витаминінің жетіспеушілігін алдын алу шаралары. В12 витаминінің жетіспеушілігімен жүретін созылмалы аурулар (мысалы, Аддисона-Бирмер ауруы, созылмалы гепатит, бауыр циррозы, бауыр жетіспеушілігі, сәуле аурулары). В12 витаминінің сіңірілуінің бұзылысымен жүретін асқаза мен ішектің патологиясы (асқазан, аш ішек бөлігінің резекциясы, Крона ауруы, целиакия, мальабсорбция синдромы, спру). Бұлшық етке 100-200 мкг күн ара.

^ Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, тромбоэмболия, эритремия, эритроцитоз, жүктілік, емшекпен емізу.

Сақтандыру.

Шұғыл жағдайлардан басқа, дәл диагнозы қойылмастан емді бастауға болмайды; емнің ерте кезеңінде гипокалиемиялық аритмия туу тәуекеліне байланысты, қанның сары суындағы калий деңгейін қадағалау қажет. Стенокардия кезінде сақтықпен қолдану керек.

Әрекеттесуі: 1 Қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категория - С.

^ Емшекпен емізу: төс сүтіне өтеді.

Жанама әсерлері

Диарея (1-10%), қышыма, экзантема, қызба, тоңу, тасқыну, жүректің айнуы, бастың айналуы; сирек акне-тәрізді және буллезді жаралар, анафилаксия.

^ Саудаға тіркелген атауы: Витамин В12, Цианокобаламин.
Коагуляцияға әсер ететін дәрілік заттар

Антикоагулянттарды тромбаның тромбоциттер мен эритроциттерден тұратын фибрин торшасынан құралған кездегі, тромба түзілуінің немесе венозды бөлімдегі қан айналымдағы қан айналым баяулағанда, тромбоздың таралуының алдын алу шаралары үшін қолданады. Сол себепті, олар аяқтың терең көк тамырларының тромбозын емдеу және алдын алу шаралары үшін, жүректің ревматикалық зақымдалуындағы эмболияны және жүрекше фибрилляциясының (жыбырлауық аритмия) және жүректің жасанды қалпақшаларында тромбаның түзілуінің алдын алу шаралары үшін кеңінен қолданады.

Гепарин парентеральді тікелей әсер ететін антикоагулянт, қанның тез ұюына кедергі жасайды, бірақ әсер кезеңі қысқа. Төменгі молекулярлы гепариндер ұзақ кезең әсер етеді.

Терең көк тамырлардың тромбозын және өкпе артериясы жүйесіндегі эмболияны емдеу үшін гепариннің күш түсетін мөлшерін көк тамырға енгізеді кейіннен көк тамырға тамшылатып енгізеді (инфузияға арналған мөлшерлеуді қолданып) немесе тері астына кезеңмен енгізу. Пероральды антикоагулянттарды гепаринмен бірге тағайындайды. Гепарин ең аз дегенде 5 күндей қолданылуы тиіс, пероральды антикоагулянттардың әсері басталғанша, ал ХҚҚ (халықаралық қалыпты қатынас) терапиялық маңызбен шектелгендіктен екі күн кезекпен. Күнделікті зертханалық мониторинг өте қажет. Гепарин сонымен қатар миокардтың инфаркты, тұрақсыз стенокардия, шеткі артериялардың жедел окклюзиясы және гемодиализ жүргізген кезде де қолданылады.

Хирургиялық мамандарға жататын науқастарда гепариннің төменгі мөлшері тері астына енгізу ретінде операциядан кейінгі жоғары тәуекел топтарындағы терең көк тамырлардың тромбозы мен өкпе артериясы жүйесіндегі эмболияның (семіздік, қатерлі ісіктермен, терең көк тамырлардың тромбозы мен өкпе артериясы жүйесіндегі эмболиясы анамнезінде, 40 жастан жоғары науқастар, тромболиттік бұзылыстары бар немесе белгіленген науқастар, үлкен немесе ауыр операцияларды басынан өткізген науқастар) алдын алу шараларына қолданылады. Гепарин сонымен қатар тәуекелі жоғары топтағы науқастарда - семіздікпен немесе жүрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастардың төсек тәртібін сақтаған жағдайлары кезінде бағалы дәрі болып келеді.

Қан кетулер дамыған кезде гепариннің қолданылуын доғарған жеткілікті, бірақ тез әсерін доғару үшін арнайы антидотқа протамин сульфаты жатады.

Пероральды тікелей емес әсер ететін антикоагулянттардың толық антикоагулянттық әсерінінің дамуы үшін, ең аз дегенде 48-72 сағат қажет; егер әсері тез қажет болса гепаринмен бірге қолдану керек. Варфарин терең көк тамырлардың, өкпе артериясы жүйесінің тромбозы кезінде, жүрекше фибрилляциясы кезінде эмболия даму тәуекелі бар науқастарға және жүрек қалпақшалары протезделген науқастарға (қақпақшаларда тромбоның дамуын шеттету үшін) қолдану көрсетілген; пероральды антикоагулянттар бас ми тамырларының тромбозы мен шеткі артериялардың окклюзиясы кезінде бірінші қатардағы дәрілер ретінде қолданбауы тиіс. Пероральды антикоагулянттардың негізгі жанама әсерлеріне қан кетулер жатады. Протромбин уақытының мониторингі қажет (ХҚҚ түрінде ұсынылатын - халықаралық қалыпты қатынас) алғашқыда күніне, кейіннен жауабына қарай үлкен ара қашықтықпен.

Ауыр қан кетулер пайда болғанда варфаринді қолдануды доғару және фитоменадион (витамин К) көк тамырға баяу енгізуді тағайындау.

^ Жүктілік кездегі антикоагулянттар

Пероральды антикоагулянттар тератогенді әсерге ие және жүктіліктің І үш айында қолданбауы тиіс. Әйел жүкті болған кезде осы қауіп туралы ескерту керек, себебі жүктіліктің 6 айына дейін варфаринді қолдануды доғарса, көп жағдайларда ұрықтың кемістіктерінің даму тәуекелі шеттеледі. Пероральды антикоагулянттар плаценттен өтіп, плаценттен қан кету немесе ұрықта қан кету тәуекелін дамытады, әсіресе жүктіліктің соңғы бірнеше аптасында және туу кезінде. Сол себепті мүмкіндігінше пероральды антикоагулянттарды жүктілік кезінде, әсіресе жүктіліктің І-ші және ІІІ-ші үш айында қолданбауға тырысу керек. Анамнезінде жасанды жүрек қақпақшалары, қайталаушы венозды тромбоз немесе өкпе артериясы жүйесіндегі эмболиясы бар жүкті әйелдерге препараттарды тағайындау қиынға соғады.

Гемофилия

Десмопрессин [Моделді тізім ӘДҰ кірмейді] парентеральды (егу) гемостазға ықпалын тигізуі мүмкін және гемофиллияның жеңіл түрлерінде тиімді болуы мүмкін. Үлкен емес ем шараларды жүргізген кезде, мысалы жақ тіс хирургиясында, ол VIII фактор қажеттілігінің орынын басуы мүмкін. VIII және IX факторларды қолдану туралы 11.2 бөлімді қара. [Редакторлардың ескертпелері: бұл топтың дәрілерін қолдану мамандырылған көмекке жатады]
ГЕПАРИН

(HEPARIN)

Шығарылу түрі.

Егуге арналған ерітінді, гепариннің натрий тұзы 5000 ЕД, 25000 ЕД, сауытта [ӘДҰ ұсынылған].

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Терең тамырлардың тромбозын, өкпе артериясының эмболиясын, тұрақсыз стенокардия, миокардтың инфаркты, шеткі артериялардың жедел эмболиясын емдеу[А-В]: көк тамырға енгізу, ересектерге қаныққан мөлшер 5000 ЕД (75 ЕДкг) немесе ауыр өкпе эмболиясында 10 000 ЕД, кейіннен үздіксіз көк тамырға инфузия жасау, тамшылатып 15 - 25 ЕД(кг·сағ), орта есеппен 18 ЕДкгсағ, немесе тері астына егу 15 000 ЕД әр 12 сағат (көк тамырға егуге болмайды); зертханалық мониторинг өте маңызды, күнделікті мөлшерге қажетті түзетулер енгізу керек; Дене салмағы төмен ересектерге немесе балаларға қанығу мөлшерді төмендетіп береді, кейін үзіліссіз көк тамырға тамшылатып 15 - 25 ЕД(кг·сағат) енгізу немесе тері астына егу 250 ЕДкг әр 12 сағатта.

^ Тромбоэмболияның алдын алу шаралары[А] жалпы хирургияда (стационарлық тәжірибеде), тері астына егу, ересектерге 5 000 ЕД 2 сағат алдын операцияға дейін, кейіннен әр 8 - 12 сағат сайын 7-10 күндей немесе науқастың ауруханадан шыққанына дейін (мониторинг қажет емес); жүктілік кезінде (мониторинг қажет емес) 5 000 - 10 000 ЕД әр 12 сағат сайын (маңызды: жүктілік кезде жасанды жүрек қақпақшаларын гепаринмен қорғаудың қажеті жоқ - бұл мамандардың қатысуын талап етеді).

Экстракорпаральды қан айналым әдістерін операция кезінде қолдануда қан ұюдың алдын алу шараларында (140-400 ЕДкг немесе 1500-2000 ЕД-ден 500 мл қанға) (поддержание АЧТВ на уровне более 480с), қан құю кезде, гемодиализ жүргізгенде (бас кезде 10000 ЕД, тағыда 30000-50000 ЕД емшараның ортасында 2000-5000 ЕД болюсты, кейін 10 ЕДкгсағ под контролем АЧТВ - 70-80 с), зерттеуге қан алған кезде.

Микротромб түзілгенде және микроциркуляция бұзылыстарында алдын алу шаралары, жыбырлауық аритмия кезіндегі тромбоздың, жүректің митральды ақауларының, ДВС-синдромының (бірінші фазасы) гемолитико-уремиялық синдромның, қызыл жегі нефритінің, ревматизмнің алдын алу шаралары - қолдану деңгейінің дәлелі С және D байланысты.

^ Кері көрсеткіштері

Гепаринге жоғары сезімталдық; гемофилия және басқа да геморрагиялық аурулар, тромбоцитопения, пептиттік жара, жуыр арада болған миға қан құюылу, ауыр гипертензия, бауырдың және бүйректің ауыр аурулары (өңештің көк тамырларының кеңеюімен жүретін, бауыр циррозы), үлкен жарақаттардан кейін немесе жуырда болған операция (әсіресе көзге немесе жүйке жүйесіне), жедел бактериальды эндокардит, белсенді өкпе құрты, антифосфолипидті синдром, АІЖ эрозивті-жаралармен зақымдалуы; етеккір кезеңі, қауіпті түсік, жұлын миының пункциясынан кейінгі жағдай.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Бауыр жетіспеушілігі немесе бүйрек жетіспеушілігі; төменгі молекулярлы гепаринге ижоғары сезімталдық; жұлын ми немесе эпидуральды жансыздандыру - гематома түзілу тәуекелі; Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінде, қант диабетінің ІІ типі, қышқылдану кезінде калий сақтаушы несеп айдағыштармен бірге қолдану - гиперкалиемия тәуекелі жоғарлайды. Гепаринмен емдеудің ұзаруы кезінде тәуекел жоғарлайды. Егер гепаринмен емдеу 7 күнге дейін созылса және одан көп болса, гепаринді енгізер алдында калий деңгейін анықтау керек және гепаринді енгізу курс барысында бақылап отыру керек.

Әрекеттесуі: 1 Қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категория - С.

^ Емшекпен емізу: төс сүтіне өтеуі туралы мәліметтер жоқ.

Жанама әсерлері

Иммунологиялық тромбоцитопения емнің басталуынан кейін 6-10 күндері дамиды (гепаринді тез доғаруды қажет етеді); қан кетулер, терінің некрозы, жоғары сезімталдық реакциясы, уртикария, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қанның ұюына қарсы дәрілік заттар
Морфологиялық, экологиялық және биоэкологиялық классификация
Асқабақтың емдік қасиеті
Жаңғақ жеген жан суықтамайды
Жылқының індетті анемиясы
Ультракүлгін сәулелену
Сүт және сүт қышқылды өнімдер
Ультракүлгін сәулелену туралы түсінік
Қанның тасымалдаушы липопротеиндерінің құрамы, құрылысы және жіктелуі
Бөдене құсының емдік қасиеті
Пәндер