Денсаулық сақтау технологияларының мақсаты мен оқу-үрдісіндегі маңызы



I.Кіріспе
II. Негізігі бөлім
2.1 Денсаулық сақтау педагогикасы және оны жүзеге асыру технологиялары
2.2 Денсаулық сақтау педагогикасы, денсаулық сақтау технологиялары туралы түсінік
III. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қазіргі уақытта әлеуметтік экономикалық даму кезеңінде денсаулық сақтаудағы жеке тұлғаның рөлі көтерілуде. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдаған "Қазақстан – 2030" жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда денсаулықты сақтаудың маңызы туралы және салауатты өмір сүру салтын дамытудың қоғам үшін аса қажеттігі туралы айтып өткен болатын. Денсаулық дегеніміз – аурулардың жоқтығы ғана емес, ол физикалық шынығудың белгілі бір деңгейі, психикалық және физикалық сәттіліктің негізі.
Денсаулықты сақтау мен қайта қалпына келтіру әр адамның өзіне байланысты. Ол оған әрекеттенгенде ғана (өз балаларын да үйрету қажет) жетеді. Жасалатын әрекет саналы түрде, өз сұранысын қанағаттандыру үшін жасалу қажет. Денсаулықты сақтау үшін салауатты өмір салтына оң ықыластың болғаны жөн. Бұл ретте оқушы тұлғасы ең құнды дүние болып табылады. Тәрбиенің жалпы жүйесінде мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады.Мықты денсаулықтың, дененің дұрыс жетілуінің , жоғары жұмыс қабілетінің негізі нақ осы мектеп жасына дейінгі балалық шақта қаланады: қозғалыс қызметінің қалыптасуы, сондақ – ақ дене қасиетерінің бастапқы тәрбиесі де осы жылдарда өтеді. Баланың дене жағынан қалыптасуы оның интелектуалдық және моральдық еріктік жетілуімен, барлық психологиялық функцияларының дамуымен тығыз байланысты. Мұндай да өмір жағдайларының әсері мен тәрбие шешуі роль атқарады.
Өмірді қорғау мен денсаулықты нығайту, бала организімінің функцияларын жетілдіру, оның дені дұрыс жетілдірудегі ықпалы, жұмыс қабілетін арттыру мектеп жасына дейінгі балалық жылдарында дене жағынан тәрбиелеудегі ең басты міндеттер болып табылады.
Бұл міндеттердің маңыздылығы мынада органдар мен жүйелердің тез өсуіне және дамуына қарамастан, олардың қызметі әлі жетілмеген, организмнің қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан, кішкентай балалар сыртқы ортаның бқолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды.
Сондықтан сүйек жүйелері мен байланыс – буын аппаратының дұрыс әрі мерзімімен жетілуіне , бел омыртқаны физиологиялық міндеттерінің қалыптасқанына табан дөңестерінің дұрыс жетілуіне ықпал жасау қажет.Басты міндет , балалардың қозғалыстарын жетілдіру, қимылдық дағдыларын және дененің икемділік , шапшаңдық күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.
1. Назарбаев Н.А. Казахстан- 2030- Алматы: Білім, 1997.-96с
2. Акиева Г.С. Педагогические основы развития и совершенствования системы охраны здоровья школьников.-Алматы, 1997
3. Алимжанова Г.Д. Концепция формирования здорового образа жизни школьников.- Алматы, 2001.-28с
4. Ахаев А.В. Управление здоровьесберегающим процессом.- Усть-Каменогорск, 2004.-70с
5. Даленов Е.Д. Хасин В.Б. О научном обосновании и технологическом обеспечении методик здоровьесбережения учащихся общеобразовательной школы // Здоровьеи болезнь-2007-№4
6. Аканов А.А. Формирование здорового образа жизни в Республике Казахстан // Валеология.Физвоспитание.Спорт-2004-№1
7. Смирнов Н.К. Забота о здоровье учащихся как критерий оценки работы школы // Методист-2005-№4
8. Брехман И.И. Введение в валеологию – науку о здоровье. - Л.: Наука, 1987.- 125с
9. Лисицын Ю.П. Образ жизни и здоровье населения. –М.: Знание, 1982. – 40с.
10. Колбанов В.В., Зайцев Г.К. Валеология в школе.- СПб,1992.-50с
11. Амосов Н.М. Раздумья о здоровье.- М.: ФиС, 1987.- 64с

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ
МАҚСАТЫ МЕН ОҚУ-ҮРДІСІНДЕГІ МАҢЫЗЫ

Мазмұны

I.Кіріспе
II. Негізігі бөлім
2.1 Денсаулық сақтау педагогикасы және оны жүзеге асыру технологиялары
2.2 Денсаулық сақтау педагогикасы, денсаулық сақтау технологиялары туралы түсінік
III. Қорытынды

Кіріспе

Тазалық - денсаулық негізі,
Денсаулық - байлық негізі.

Қазіргі уақытта әлеуметтік экономикалық даму кезеңінде денсаулық сақтаудағы жеке тұлғаның рөлі көтерілуде. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдаған "Қазақстан - 2030" жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда денсаулықты сақтаудың маңызы туралы және салауатты өмір сүру салтын дамытудың қоғам үшін аса қажеттігі туралы айтып өткен болатын. Денсаулық дегеніміз - аурулардың жоқтығы ғана емес, ол физикалық шынығудың белгілі бір деңгейі, психикалық және физикалық сәттіліктің негізі.
Денсаулықты сақтау мен қайта қалпына келтіру әр адамның өзіне байланысты. Ол оған әрекеттенгенде ғана (өз балаларын да үйрету қажет) жетеді. Жасалатын әрекет саналы түрде, өз сұранысын қанағаттандыру үшін жасалу қажет. Денсаулықты сақтау үшін салауатты өмір салтына оң ықыластың болғаны жөн. Бұл ретте оқушы тұлғасы ең құнды дүние болып табылады. Тәрбиенің жалпы жүйесінде мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады.Мықты денсаулықтың, дененің дұрыс жетілуінің , жоғары жұмыс қабілетінің негізі нақ осы мектеп жасына дейінгі балалық шақта қаланады: қозғалыс қызметінің қалыптасуы, сондақ - ақ дене қасиетерінің бастапқы тәрбиесі де осы жылдарда өтеді. Баланың дене жағынан қалыптасуы оның интелектуалдық және моральдық еріктік жетілуімен, барлық психологиялық функцияларының дамуымен тығыз байланысты. Мұндай да өмір жағдайларының әсері мен тәрбие шешуі роль атқарады.
Өмірді қорғау мен денсаулықты нығайту, бала организімінің функцияларын жетілдіру, оның дені дұрыс жетілдірудегі ықпалы, жұмыс қабілетін арттыру мектеп жасына дейінгі балалық жылдарында дене жағынан тәрбиелеудегі ең басты міндеттер болып табылады.
Бұл міндеттердің маңыздылығы мынада органдар мен жүйелердің тез өсуіне және дамуына қарамастан, олардың қызметі әлі жетілмеген, организмнің қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан, кішкентай балалар сыртқы ортаның бқолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды.
Сондықтан сүйек жүйелері мен байланыс - буын аппаратының дұрыс әрі мерзімімен жетілуіне , бел омыртқаны физиологиялық міндеттерінің қалыптасқанына табан дөңестерінің дұрыс жетілуіне ықпал жасау қажет.Басты міндет , балалардың қозғалыстарын жетілдіру, қимылдық дағдыларын және дененің икемділік , шапшаңдық күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.

2.1 Денсаулық сақтау педагогикасы және оны жүзеге асыру технологиялары

Қазақстан Республикасының бүгінгі күнгі білім беру тұжырымдамасы мен білім беру жүйесін реформалаудың негізгі бағыттарындағы оқыту үрдісінің педагогикалық технологиялары ретінде және денсаулықты сақтауды ұйымдастырудағы жаңалық ретінде оқу - тәрбие үрдісіне денсаулық сақтау технологиялары енгізілуде. Оқыту мазмұнына жаңалық ендіру оқу үрдісіне қатысушылардан үлкен күш пен еңбекті талап ететін үрдіс. Ол өз кезегінде физиологиялық шаршау мен психоэмоциялық артық жүктеме түріндегі ағзаның функционалдық ахуалының әр түрлі ауытқуларын тудырады. Сол себепті де оқушыларда созылмалы аурулар, психиканың бұзылуы және стресстік жағдайлар көп болады. Сондықтан болар арнайы мамандандырылған мектептерде жалпы білім беретін мектептерге қарағанда оқушылар көп ауырады.
Педагогика ғылымына технология ұғымы ХХ ғасырдың 60-жылдарында ене бастады. Қазіргі уақытта технология ұғымына бастапқы затты түрлендіріп күтілген параметрлерді алу үшін қажетті әдістердің жиынтығы деп түсінік береді. Денсаулық сақтау технологияларында күтілетін параметрге адамның (бала, жасөспірім, ересек адам) физикалық, психологиялық, әлеуметтік жағдайының сәтті болуы жатады. Ал педагогикалық технологиялар күтілген параметрлерге жетуді жеңілдететін біршама талаптарға жауап береді. Технологиялардың негізгі ерекшелігі соңғы нәтижені алдын - ала болжай алады.
Технологияда мақсат негізгі компонент ретінде қаралады және оған жету деңгейін анықтай алады. Технология алға қойылған мақсатқа жетудің барабар құралдарын қолдана отырып, оқу - тәрбие үрдісінің құрылымын анықтауға мүмкіндік береді. Барабарлық (адекваттық) дегенді педагогикалық технологиялардың оқушылардың жас ерекшелігіне, олардың физикалық, психоэмоциялық жай - күйіне сәйкес келуі деп түсіну керек. Сонымен бірге қалыптасқан педагогикалық жағдайға педагогикалық технология қолданатын денсаулық сақтау тәсілдерінің сәйкес келуі.
Соңғы кезде дәстүрлі сыныптық-сабақ жүйесінде оқу үрдісін ұйымдастырудың кейбір жақтарының кемшіл тұстары ашылуда. Сол себепті де оқытудың тиімділігін арттыратын қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды іздеп табу аса маңызды міндеттердің бірі.
Технология дегеніміз - білім беру үрдісіне қажетті әдіс - тәсілдер жүйесі және техникалық және адами ресурстарды пайдалана отырып оқытуды жетілдіре отырып білімді меңгерту.
Білім беру технологияларының жіктелуінде денсаулық сақтау технологиялары деген ұғым жоқ. Себебі, ол нақты бір технология түрінде болмайды. Десек те, денсаулық сақтау технологиясы ұғымы білім беру мекемесінің оқушы денсаулығын қалыптастыру, сақтау және нығайту бағытындағы барлық жұмыстарын біріктіреді.
Бүгінгі мектептің мақсаты - оқушыны өмірге дайындау. Оқушының мектепте алған білімі - оның болашақ өміріне қажетті, қолданылатын білім болуы қажет. Бұл мақсатқа оқушы мен мұғалім денсаулығын көздейтін оқу - тәрбие үрдісін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін жинақтаған денсаулық сақтау педагогикасы арқылы жете алады. Мұғалім педагогиканың соңғы жаңалықтарын біле отырып, оқушы, ата - ана, медицина қызметкерлері мен өз әріптестерімен бірлесе отырып, өз жұмысын бүкіл педагогикалық үрдістің қатысушылары денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағыттап жоспарлайды.
Денсаулық технологиясы деген бірегей технология жол. Ол тек білім беру үрдісінің міндеттерінің бірі ретінде көрінуі мүмкін. Ол оқу үрдісінің медицина-гигиеналық бағыты (педагог - медицина қызметкері - оқушының тығыз байланысы жүзеге асатын), дене шынықтыру - сауықтыру бағыты (дене шынықтыру сабақтарына ерекше назар аударатын), экологиялық (табиғатпен үйлесімді қарым-қатынас жасау) және тағы басқа да болуы мүмкін. Тек оқытуды кешенді түрде қарастырғанда ғана оқушы денсаулығын қалыптастыру мен нығайту міндеттері шешілуі мүмкін.
Денсаулық сақтау технологиялары көптеген педагогтарға белгілі психологиялық - педагогикалық әдіс - тәсілдер, технологияларды, мәселені шешу жолдарын жинақтайды және соған қоса мұғалімнің өзін-өзі үнемі жетілдіруге ұмтылысы қажет.
Сауықтыру педагогикасының негізгі артықшылықтары мынада:
дені сау бала - практика жүзінде жетуге болатын бала дамуы;
сауықтыру дегеніміз емдеу - профилактикалық шаралардың жиынтығы емес, баланың психофизиологиялық мүмкіндігін дамыту формасы;
жеке-дара саралап оқыту дегеніміз - оқушыны сауықтыра дамыту жұмыстарының негізгі құралы.
Денсаулық сақтау технологияларының мақсаты - оқушының мектепте
жүрген кезінде денсаулығын сақтау, оның денсаулығын сақтау туралы білім, білігі мен дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін қолдана білуге үйрету. Барлық денсаулық сақтау технологияларының негізгі ерекшеліктері - оқушылар денсаулығын үнемі экспресс - диагностикадан өткізіп, бақылап отыру және ағзаның қалыпты дамуын бақылап, оқушы денсаулығы туралы қажетті қорытындылар (оқу жылының басы мен аяғында) жасап отырады.
Кез-келген білім мекемелерінің негізгі қызметі денсаулық сақтау технологиялары негізінде оқушыны салауатты өмір сүруге дайындау.
Сонымен денсаулық сақтау технологияларын ендірудегі мақсат - денсаулық сақтау жөніндегі мұғалімнің білімін жетілдіру, оқушының дене шынықтыру жаттығулары мен салауатты өмір сүру салтының денсаулық сақтауды ұйымдастыру - сауықтыру әдістемесін жетілдіру.
Денсаулық сақтау технологиясы мұғалімнен .үлкен кәсіби біліктілікті (оның білімі, білігі, мәдениеті, оқушыға деген ізгілікті қарым - қатынасы, оқытудың жеке тұлғалыққа бағытталған жүйесінде жұмыс істей білуі) қажет етеді. Мақсатқа жету мен оң нәтиже алу үшін технологиялық амалдар мен денсаулық сақтаушы әрекеттер жасалу қажет.
Денсаулық сақтау технологияларын талдау жасаудың мақсаты - пәнінің мазмұнын игертуге қажетті психологиялық қабілеттердің кешенін анықтау. Оқушының сенсомоторлы, перцептивті, интеллектуальды (көрнекі - образды) және эмоциялық, қызмет түрі пәнді игеру кезінде өзгеріске түседі: мақсат мотивке, амал - әрекетке айналуы мүмкін. Сондықтан негізгі және өзгерген түрдегі әрекеттерді ажырата білу керек.
Денсаулық сақтау технологияларының жалпы құрылымы мен жүргізілу барысын біле отырып, денсаулық сақтаудың негізгі мәселелерін шешуді жүзеге асыруымыз қажет. Бұл денсаулық сақтау технологияларының маңызды бірінші қадамы деп ойлауға болады. Екінші қадам оқушы мен педагог арасында сенімді қарым-қатынас орнату деп түсіну қажет, яғни оқушыны технологияның субъектісі деп қарау қажет.
Бұл жерде мұғалім мен оқушы қарым - қатынасы тек мәлімет алмасу ғана деп түсінбеу керек. Оқушыны мен тұрғысында дамыту сапалы даму деңгейін береді, осы тұрғыда дамыту оны нағыз субъект ретінде дамуын көздейді.
Қазіргі заман мұғалімі денсаулық сақтау жүйесіндегі мектепте жұмыс істеу үшін әдістемелік дағды мен технологиялық біліктіліктің педагогикалық минимум деңгейімен қамтамасыз етілуі қажет. Оқушыларға денсаулық сақтаудың негіздерін білдіре отырып, салауатты өмір сүруге қызығушылығы мен сұранысын туғызу қажет.
Демек, денсаулық сақтау технологиялары дегенде оқу - тәрбие үрдісінде ұтымды пайдаланып жүрген, педагогикалық ұжым меңгерген оқушы мен олардың ата - аналар үшін оқытуда және күнделікті тұрмыста пайдалану деп түсіну керек.
Оқу - тәрбие үрдісіне денсаулық сақтау технологияларын жасау мен ендіруде ғалымдар мынадай бағыттарды ерекше көрсетеді:
а оқушы ағзасын шынықтыруға негізделген оқу пәндерін тереңдетуге технологиялық жоспарлар жасау;
б оқушы қатысатын дене шынықтыру, спорттық секция мен мектептен тыс спорттық ұйымдардағы денсаулық сақтау компоненттерін жетілдіру;
в оқытудың мазмұнын оқушы денсаулығын сақтау технологияларына бейімдеу (оқушының дем алысын, денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған жаңа режимде жұмыс жасау, оқушылардың дұрыс тамақтануы, витаминді тамақтануы, дәрігерлік - гигиеналық қамсыздандыру)
г оқушының ортасы мен мектептің медико-биологиялық ресурстарын денсаулық сақтау мақсатында тиімді қолдану.
Мұғалімнің алдында жеке - тұлғалық ерекшеліктері бойынша әр түрлі құрамды оқушылар болады. Олардың әр бірінің деңгейіне сәйкес оқу - тәрбие үрдісін ұйымдастыру мұғалімнен үлкен психологиялық - педагогикалық, кәсіби - педагогикалық біліктілікті қажет етеді.
Қазіргі заманғы адамға жалпы мәдениеттік маңызы бар қасиеттер қажет. Қазіргі тұлғада жүйелі ойлана алу, өз білімін өзі толтыра алу, оны өзі мен өзгенің қажетіне жұмсай білу сияқты қасиеттер қажет немесе Әл-Фараби сөзімен айтқанда Тәрбиесіз берілген білім - әлемді бүлдіреді.
Қазіргі заманғы білім беру жалпы мәдениеттілік деңгейге жетуді ізгілікті оқыту арқылы жүзеге асыруға болады деп ойластырады. Ізгілікті тұрғыдан оқыту дегеніміз - әрбір адам бірін-бірі қайталамайтын жеке тұлға, оның өз өмір жолын таңдауға еркі бар, өзінің табиғи қабілеттерін дамытуға құқығы бар, өзінің мені бар. Өз қызығушылығы мен сұранысы және мақсаттары бар деп қарау қажет. Оқыту жүйесі тұлғаның еркін дамуымен, оның физикалық, интеллектуалдық, эмоционалдық, моральдық-еріктік және құндылық қабілеттерінің үйлесімді дамуы үшін бүкіл адамзат цивилизациясының мәдени жетістіктері негізінде дамуы жүзеге асу үшін жағдай жасайды.
Ізгілікті оқыту принципі жүзеге асу үшін оқу-тәрбие үрдісі жеке-тұлғалыққа бағытталуы қажет. Бұл деген сөз әрбір оқушының табиғи болмысы, жеке қабілет ерекшелігі, қызығушылығы мен сұраныстары мен икемділіктері негізінде білім берудегі жетістігі қамтамасыз етілуі қажет. Мұның мәнін американдық психолог Джон Дьюи сөзімен айтсақ: Бала барлық нәрсенің орталығы, басы және соңы. Бұндай оқытуды жүйесімен қамтамасыз ету үшін, бір жағы оқушының тұлғалық параметрлерін дамыту, екінші жағынан оқытудың балама форма, әдіс, бағдарламаларын таңдау мүмкіндігін дамыту керек. Ол үшін оқу мекемелерінің оқу жоспарының жылжымалы бөлігін дамыту қажет.

2.2 Денсаулық сақтау педагогикасы, денсаулық сақтау технологиялары туралы түсінік

Денсаулық сақтау технологияларының негізгі міндеті - оқушының еңбегі мен демалыс режимін ұйымдастыру, оқушының бүкіл оқу үрдісі барысында қажуы мен зорығуының алдын алу үшін жағдай жасау. Олардың алдын алу шаралары туралы сөз ету үшін жұмысқабілеттілік, қажу, зорығу ұғымдарына түсінік беріп өтелік.
Жұмысқабілеттілік дегеніміз - адамның өз күшін аз шығын жасай отырып, берілген жұмысты сапалы, әрі тиімді орындай білу қабілеті.
Оқу үрдісі барысында жұмысқабілеттілік белгілі бір заңдылыққа сүйенген толқынды өзгеріске түседі. Сабақ басында оқушының жұмысқа қабілеттілігі аса жоғары болмайды, ол біртіндеп көтеріледі. Бұл кезең ену фазасы деп аталады. Бұл кезеңде біріншіден, іс-әрекетті жүйелік және гуморалдық басқаруға дайындау, екіншіден, біртіндеп іс-әрекеттердің стреотипінің қалыптасуы, үшіншіден вегативті қызметтің қажетті деңгейге жетуі жүзеге асады. Балаларда үлкендерге қарағанда ену фазасы әлдеқайда қысқа немесе жылдам өтеді, бұл олардағы жүйке жүйесінің қозуының жоғарлығы мен функционалды белсенділігімен түсіндіріледі.
Ену фазасынан соң, тиімді тұрақты жұмысқабілеттілік фазасы келеді, бұл кезеңде оқушылар өнімді, әрі сапалы жұмыс істей бастайды. Дегенмен бұл кезеңнің ұзақтығы алғашқы кезеңдегі сияқты әр баланың жас ерекшелігіне, денсаулық жағдайына, шынығу деңгейіне байланысты әртүрлі болады. Сонан соң жұмысқабілеттілік біртіндеп төмендейді де қажу дами бастайды. Бірақ оқу әрекетінің соңында (егер ол белгілі болса) жұмысқабілеттілік аз ғана, қысқа мерзімге көтеріледі. Егер қандай да бір себептермен жұмыс нәтижесі күтілгендей болмаса, жұмысқабілеттілік өте төмен түсуі мүмкін.
Қажу үрдісі дегеніміз - жұмысты орындау барысында ағзада болатын өзгерістер жиынтығы, ол біртіндеп жұмыстың тоқтатылуына алып келеді. Қажу жағдайын шаршау арқылы сезілетін жұмысқабілеттіліктің төмендеуімен сипаттауға болады. Қажу кезінде адам талап етілетін белсенділік пен жұмыс сапасын көрсете алмайды немесе жалғастырудан бас тартады.
Қажудың биологиялық рөлінің маңызы зор. Біріншіден, ағзаны өте ұзақ және аса қиын жұмыс кезінде арып-аршудан қорғайды. Екіншіден, қажудың шыңына жеткізбей қайталануы ағзаның функционалдық мүмкіндіктерін көтеру құралы болып табылады.
Сонымен қажу адамның жұмысқа қабілеттілігінің уақытша төмендеуі мен оның физиологиялық күйін анықтайтын болса, зорығу дегеніміз - жұмысқа қабілеттіліктің ұзақ және терең төмендеуі, ағзаның өмір қажеттілігін қамтамасыз ететін әрекеттерінің бұзылуы, оны қалпына келтіру үшін ұзақ дем алу, тіптен кейбір жағдайларда емдеу шараларын қолдану керек болады. Басқаша айтқанда зорығу дегеніміз ағзаның физиологиялық күйі емес, патологиясы.
Осыған орай денсаулық сақтау технологияларының ең негізгі міндеті - оқушының еңбегі мен демалысын ұйымдастыру кезінде оның жұмысқа қабілеттілігінің оқу сабағының барысында (мейлі ол бір сабақ, бір күн, апта, тоқсан, жарты жыл, жыл, мектепте оқыған бүкіл мерзім де) жоғары болуы, қажудың алдын-алу, зорығуды мүлдем болдырмау.
Қажу да, зорығу да үлкендерге қарағанда балаларда тез болады, бұл олардың жүйке жүйесінің ерекшелігімен түсіндіріледі. Бастауыш сынып оқушыларының қажу себептерінің орта және жоғары сынып оқушыларына қарағанда өзгешелігі бар. Осыған орай А.А.Никольской бала дамуының мынадай жалпы жағдайларын бөліп көрсетеді:
даму жаймен және біртіндеп жүзеге асады;
эмоционалдық, ақыл - ой, ерік әрекеттері арасында қандай байланыс болса, рухани даму мен физикалық даму арасында да тығыз байланыс бар. Сол себепті оқу мен тәрбиені қаншалықты дұрыс ұйымдастырса, соншалықты үйлесімді, жан - жақты даму жүзеге асады;
даму үрдісі кезінде психологиялық әрекеттің барлық бағыты бір мезгілде қатыспайды және олардың даму жылдамдығы мен энергиясы біркелкі емес: даму орташа болып немесе әртүрлі себептермен жылдамдауы мүмкін;
бала дамуын жасанды жылдамдатуға болмайды, әр жас кезеңіне тән өз күшін толық жұмсау қажет.
Бұл міндетті бағдарламалық - нормативтік деңгейде бастап, бір сабақты
өтуге дейін, яғни барлық деңгейде денсаулық сақтау педагогикасы қолданатын технологиялар арқылы шешу мүмкін.
Денсаулық сақтау технологиялары мақсаттары қоғам сұранысын ескеріп оқыту принциптерін анықтайды.
Денсаулық сақтау педагогикасының принциптері.
Принциптер жалпы әдістемелік пен арнаулы принциптерді жинақтай отырып, сауықтыру педагогикасының арнайы заңдылықтарын білдіретін біртұтас жүйені құрайды.
Жалпы әдістемелік принциптері - денсаулық сақтау оқыту технологияларының мақсатына сәйкес келетін оқыту мазмұнын, оқу процесінің ұйымдастыру формалары мен әдістері анықтайтын жағдай.
Әдістемені денсаулық сақтау заңдылығына сәйкес қолданылса ғана төменгі сынып оқушыларының ағзасына және психикасына әсер етуі жемісті болады.
Саналылық және белсенділік принципі оқушылардағы терең түсінушілікті, тұрақты қызығушылықты, танымдық іс-әрекетке саналы қатынасты қалыптастыруға бағытталады. Саналылық пен белсенділікті арттыруға педагогтардың ағзаны шынықтыру педагогикасының мәселелерін шешетін арнайы әдіс - тәсілдерді қолдануы әсер етеді. Белсенді іс - әрекеттің сауықтыруға әсерін түсіне отырып, бала танымдық сипаттағы міндеттерді өз бетінше және шығармашылық тұрғыдан шеше алуды үйренеді. Оқушылардағы өз бетінше әрекет етуге, инициатива мен шығармашылыққа деген жоғары деңгейді белсенділік принципі анықтайды.
Көрнекілік принципі оқу үрдісін оқушының таным процесіне барлық сезім мүшелерін максималды қолдануына құрылуын міндеттейді. Көрнекілік принципі сезіну мен ойлаудың бір-бірімен байланыстылығына негізделіп құрылған. Ол танымдық үрдіске бүкіл сенсорлық жүйенің қызметін бағыттауға көмектеседі.
Жүйелілік және бірізділік принципі білім, білік, дағдының бір-бірімен байланысында көрінеді. Алдын - ала дайындалған және тізбектелген әрекеттер жүйесі жаңаны танып білуге және оның негізінде келесі, аса қиын материалдарды танып білуге ауысып отыруға мүмкіндік береді. Мектептің бүкіл оқу кезеңінде оқу - тәрбие үрдісінің жүйелілігің жоспарлылығын, үздіксіздігін жүйелік принципі қамтамасыз етеді.
Арнайы принциптер ішінде сауықтыру педагогикасының заңдылықтарына сүйенетін принцип - зияныңды келтірме, яғни медицина қызметкерлері, педагогтар, ата - аналар үшін бірдей маңызды зиян келтірмеу принципі. Бұл принцип негізінде кез - келген мамандардың кәсіби этикасы, медициналық деонтология, педагогика мен дидактика негіздері құрылады.
Біліктілік пен дағдыны қайталау принципі ең маңыздылардың бірі. Бірнеше рет қайталау нәтижесінде динамикалық стереотиптер ендіріледі. Әрекет элементтерінің сипаттамасы жаттығулар мен олардың орындалу шарттарын өзгерткен жағдайда, әдіс-тәсілдердің көптүрлігі мен әр түрлі тапсырмаларда көрінеді.
Стереотипке варианттық өзгерістерді ендіру кезеңдік принципін ұстануды сұрайды. Оған оқытудың бір деңгейінен екінші деңгейіне өту жатады.
Денсаулық сақтау технологияларында сауықтыру бағыты бойынша ерекше принцип - мүмкіндік және даралық принципі.
Даралық принципі оқыту мен тәрбиелеудің жалпы заңдылықтары негізінде жүзеге асады. Мұғалдім оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оның дамуын жоспарлайды және болжайды. Оқушының жеке дайындығын ескере отырып, оның әрекеттілік қабілеттері мен денсаулығына сүйеніп, біліктілігі мен дағдысын жетілдіру жолдары, қозғалыс режимін құрау, танымдық әрекеттің әр түрлі формаларына қатыстыру қажет.
Оқушыға шамадан тыс талаптар мен тапсырмалар берілгенде ағзадағы жағымсыз және зиянды салдарларды шығару үшін мүмкіндік және даралық принципі белгіленеді.
Үздіксіздік принципі сауықтыру педагогикасының толық жүйе екендігінің құрылым заңдылықтарын көрсетеді. Ол оқушы жүктемесі мен демалысын кезекпен жүйелі қайталау принципімен тығыз байланысты. Бұндай кезекпен қайталану оқушыларға тиімді әсер етеді, сабақтан сабаққа, бір кезеңнен бір кезеңге өтуіне көмектеседі.
Циклдік принцип сауықтыру педагогикасы үрдісін тәртіпке келтіруге көмектеседі. Ол сабақтардың бірінен соң бірі қайталануы арқылы, оқушының келесі кезеңге дайындығын жақсартады.
Денсаулық сақтау технологияларын қолдануда жас және жеке қабілеттерін ескеру принципі оқушының білігі мен дағдысын қалыптастыру, баланың әрекет қабілеттері мен ағзаның қызметтік мүмкіндігін дамытады.
Тұлғаны жан - жақты және үйлесімді дамыту принципі үлкен маңызға ие. Ол тұлғаның психофизикалық қабілеттерін, білік пен дағдыларын біргелікте жүзеге асуын және физикалық, интеллектуалдық, рухани, адамгершілік және эстетикалық дамуды, яғни жан - жақты тұлғаны дамытуға ықпал етеді.
Сауықтыру принципі оқу үрдісі барысында бала денсаулығын нығайту міндеттерін шешеді.
Кешенді дисциплина аралық оқыту принципі педагогтер мен медицина қызметкерлерінің тығыз байланысын айтады.
Белсенді оқыту принципі оқытудың белсенді формалары мен әдістеріне (жұппен оқыту, топтық жұмыс, ойын технологиялары, т.б.) үнемі қолдануда көрінеді.
Оқушының өз денсаулығы мен айналасындағы адамдар денсаулығына жауапкершілікті қалыптастыру принципі де бар.
Теория мен практиканың байланыс принципі практика жүзінде денсаулық сақтау мен шынықтыруда өз білімін қолдануды оқушыларға үйретуге шақырады. Оқушыға өзін қоршаған ортаны білім көзі ретінде ғана емес, білімді қолдану ортасы ретінде үйретуіміз қажет.
Денсаулық сақтау технологияларының мақсатына жету үшін оқытудың мынадай құралдары қолданылады:
1 қозғалысқа бағытталған құралдар;
2 табиғаттың сауықтыру күштері;
3 гигиеналық факторлар.
Бұл құралдарды кешенді түрде пайдаланғанда ғана сауықтыру педагогикасы міндеттерін шешеді. Қозғалысқа бағытталған құралдарда сауықтыру технологияларының міндетін шешеді және оларға мыналар жатады:
қозғалыс;
физикалық жаттығулар;
сергіту минуттары мен үзілістегі бойжазулар;
эмоцияны басу мен тыныштық минуттары;
гимнастика (сауықтыру гимнастикасы, саусақтық, корригирация-лық, тыныс алу, салқын тиюдің алдын алу, сергітуге арналған);
емдік дене шынықтыру;
қозғалысты ойындар;
массаж, психогимнастика, тренинг т.б.
Табиғаттың сауықтыру күштерін қолдану оқытудың денсаулық сақтау
технологияларының мақсатына жетуге үлкен септігін тигізеді. Таза ауада сабақ өткізу биологиялық процестердің белсенділігін арттырады, ағзаның жалпы жұмыс қабілеттілігін арттырады, қажу процесін тежейді.
Метеорологиялық жағдайды бақылап отыру (күн сәулесі, ауа мен су температурасының әсері, атмосфералық қысымның өзгерісі, ауаның қозғалысы мен иондануы, т.б.) бала ағзасындағы биохимиялық өзгерістерді анықтауға, оқушы денсаулығы мен жұмысқабілеттілігінің өзгеруіне соқтырудың жағымсыз факторларының алдын алады.
Күн және ауа ванналарын сауықтырудың өзіндік құралдары ретінде көрсетуге болады: фитотерапия, ароматерапия, ингаляция, витаминді терапия (тамақ рационына витаминдерді қосу, суды иодтау, жылына 2 рет (желтоқсан мен көктемде) глицин аминқышқылын оқушылардың есте сақтауын күшейту мақсатында қолдану).
Мектепте фитобарлар, физиотерапия кабинеттерін ашу, педагогикалық оқушыны сауықтыру тренингтерін өткізу де жатады.
Денсаулық сақтау технологияларының мақсатына жеткізетін гигиеналық құралдарға мыналар жатады:
СанПин белгілеген санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы;
Жеке бас пен қоғамдық гигиенаның сақталуы (тәннің тазалығы, оқу орнының тазалығы, ауаның тазалығы, т.б.)
Оқу өтілетін орынды желдету және дымқыл тазарту;
Күннің жалпы режимін сақтау, қозғалыс, тамақтану мен ұйқы режимін ұстану;
Оқушыларға қарапайым қол жуу дағдысын, түшкіру мен жөтелу кезінде беторамал қолдану сияқты дағдыларды үйрету, т.б.
Салауатты өмір сүрудің қарапайым тәсілдерін оқып үйрену, дененің бір жерін кесіп алғанда, денеге дақ түскенде, күю кезінде, жәндіктер шағып алғанда алғашқы көмек көрсетудің қарапайым дағдыларын үйрету, жұқпалы аурулардың алдын алу үшін егу жүргізуді ұйымдастыру, оқушыда зорығу болмас үшін оқу жүктемесін шектеу.
Гигиеналық талаптарды орындамау оқытудың денсаулық сақтау технологияларының тиімділігін төмендетеді.
Жоғарыда келтірілген құралдарды пайдалануға қойылатын бірден-бір талап оларды жүйелі, кешенді түрде пайдалану қажет.
Олар:
- алдын алу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулық сақтау технологияларының мақсаты мен оқу-үрдісіндегі маңызы туралы
Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудың сынып жетекшінің іс-әрекеті
Қазіргі замандағы педагогикалық оқыту технологиялары
Тәрбие технологиялары ұғымының мәні
Жылдық білім беру жүйесіндегі информатика рөлі
Салауатты өмір салты туралы
Биологияны оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану
Оқушылардың барлығын табысты оқыту
Денсаулық сақтау педагогикасы және оны жүзеге асыру технологиялары
Ақпараттық технологияның тиімділігі
Пәндер