Денсаулық сақтау технологияларының мақсаты мен оқу-үрдісіндегі маңызы туралы



I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Денсаулық сақтау технологиялары
2.2 Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары
III. Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
XXI- ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой- өрісі жоғары, жан- жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр.Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақшаның маңызы зор. Баланың бақытты болуы үшін, денінің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек. Дені сау баланың ақыл - ойы айқын, өз- өзіне сенімді, жан- жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Сондықтан , бала организімінің қызметін жетілдіру, қабілетін арттыру ең басты міндетіміз.Организмнің қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. Сондықтан да сүйектің, буынның дұрыс әрі мерзімінде жетілуіне бел омыртқаның физиологиялық иіндерінің қалыптасуына табан дөңестерінің дұрыс жетілуіне айрықша мән беру керек. Бұлшық еттерді қатайту, жүрек қан тамыр жүйесінің жетілуіне, тыныс алудың тереңдігі мен ырғақтылығына , тыныс алуды қозғалыспен үйлестіруге мүмкіндік жасап, үнемі ықпал жасау керек.Сондай- ақ баланың қозғалысын жетілдіру, қимыл- дағдыларын және дененің икемділігін , шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыруға тұрмыста және дене тәрбиесі оқу іс- әрекеттерінде қажетті жеке және қоғамдық гигиена дағдыларын дамытуға баса назар аударылады. Осы орайда денсаулық сақтаушы технологияларының мектепке дейінгі ұйымдардағы маңыздылығын көрсетпекпіз.
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жалпы орта білім. Негізгі ереже.Астана - 2010.
2. Ахаев А.В. Здоровьесберегающие технологии обучения.- Усть-Каменогорск, 2004.
3. Жексенбаева Ү.Ж. 12 жылдық білім берудің құрылымдық - мазмұндық ерекшеліктері. - 12 жылдық білім. №5 2006.
4. Аммарин Б. А. «Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі» М. 1999.
5. Ашмарин Б.А. Дене тәрбиесіндегі педагогикалық ізденістің ілімі мен әдістемесі. — М., ФиС, 1978
6. Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қамтамасыз
етудегі дене тәрбиесі Республикалық ғылыми әдістемелік түтас жинақ
бағдарламасы 2001-2005 жыддарға. Алматы 2001.
7. Дене тәрбиесі іліміне кіріспе дене тәрбиесі институттарына арналған оқу құралы. Матвеев А. Т. редакциясы М. ФИС. 1993.
8. Дене тәрбиесі жэне спорт арқылы Қазақстан Республикасының халқын
сауықтыру бағдарламасы. Алматы 1999.
9. Дене тәрбиесі мүғалімдеріне арналған кітап. Каюрова С. редакциясы
бойынша. -М., ФиС, 1973 Н.Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі.
10. Дене тәрбиесі институттарынға арналған оқу құралы. Матвеев М., Говиков А.Д. басқаруымен. 2-ші басылым. —М.:ФиС, 1976. Т.1, 2тарау.
11. Мұхамеджанова Ұ.Б. «Дене тәрбиесі пәнінің әдістемесі» Астана 2004ж
Қайжанов С. «Дене тәрбиесі» 5-6 сынып. Алматы 2001ж
12. Төтенов Б. «Қазақ спорт ойындары» Алматы 1990ж.
13. Қабланов Ж. «Спорт теминдерінің сөздігі мен тарихы» Алматы 2002ж
14. Сағындықов Е. «Қазақтың ұлтттық ойындары» Алматы Рауан 1991ж
15 Қазақстан Республикасының Дене шынықтыру және спорт туралы заңы 1997ж.
16. Мұхаммеджанова Ұ. Ж. «Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесінің методиксын пайдалану жолдары» Астана 2007.
17. Таймбетов Т. «Дене тәрбиесі жаттығулары сабағындағы жалпы дамыту жаттығула

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ОҚУ-ҮРДІСІНДЕГІ МАҢЫЗЫ

Мазмұны
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Денсаулық сақтау технологиялары
2.2 Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары
III. Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

XXI- ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой- өрісі жоғары, жан- жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр.Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні - мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақшаның маңызы зор. Баланың бақытты болуы үшін, денінің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек. Дені сау баланың ақыл - ойы айқын, өз- өзіне сенімді, жан- жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Сондықтан , бала организімінің қызметін жетілдіру, қабілетін арттыру ең басты міндетіміз.Организмнің қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. Сондықтан да сүйектің, буынның дұрыс әрі мерзімінде жетілуіне бел омыртқаның физиологиялық иіндерінің қалыптасуына табан дөңестерінің дұрыс жетілуіне айрықша мән беру керек. Бұлшық еттерді қатайту, жүрек қан тамыр жүйесінің жетілуіне, тыныс алудың тереңдігі мен ырғақтылығына , тыныс алуды қозғалыспен үйлестіруге мүмкіндік жасап, үнемі ықпал жасау керек.Сондай- ақ баланың қозғалысын жетілдіру, қимыл- дағдыларын және дененің икемділігін , шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыруға тұрмыста және дене тәрбиесі оқу іс- әрекеттерінде қажетті жеке және қоғамдық гигиена дағдыларын дамытуға баса назар аударылады. Осы орайда денсаулық сақтаушы технологияларының мектепке дейінгі ұйымдардағы маңыздылығын көрсетпекпіз.

2.1 Денсаулық сақтау технологиялары

Денсаулық сақтау технологияларын жалпы екі топқа бөлуге болады:
1.Медициналық - бұл мед. қызметкерлердің емдік-дене тәрбиесі, физио-массаж, су процедуралары және т.б өткізілуі).
2. Педагогикалық- бұл амалдар, әдіс-тәсілдер және адымдар жүйесінің бірізділігі, яғни әрекеттің жүйесін анықтау, педагогикалық процесіндегі әрекет жүйесінің түрлерін өңдеу, кепілдемелі нәтижеге қол жеткізу болды.
Денсаулық сақтау технологияларын біз, өзіміздің қалыпты балабақшамызға сәйкес және алдын-ала әр педагогтың кәсіби-шеберліктерін жетілдіргеннен кейін ғана таңдап алдық
Олар: (Ынталандыру, салауатты өмір салтын үйрету, түзету (коррекциялық) технологиялар
1.Ынталандыру- бұл технология өзінің атына сәйкес, яғни баланың ағзасын шаршатпай, қалжытарпай үнемі қызықтырып, алға тарту(хатха-йога жат-ры-айға ұшу, арыстан, бүркіт, мерген, т.б.)
2.Бұл технологияда бала өзбетімен дербес әрекеттеніп бір мәселені шешіп барып өз ағзасын бекітеді, жетілдіреді. Нақты бір талапты орындауға тырысады. Осыған балабақшада арнайы жағдайлар туғыздық. Яғни, топтарда шынықтыруға арналған бұрыштар, спорт залында дене тәрбие сабағына арналған құрал-жабдықтармен қамтамасыз еттік және балабақша алаңында спорт алаңын жабдықтадық.
3.Түзету (коррекциялық) технологияларда баланың әліде жаңа жетіліп келе жатқан ағзасындағы жағымсыз мінез-қылықтарына кедергі болу, баланың тұйықтық, өз-өзіне сенімдіздік, гипер-белденді, дөреклігін жоя отыра, оның эстетикалық-шығармашылық талғамдарын тәрбиелеу, жетелеу.
Өзіміздің білім беру мекемесінің жұмысында денсаулық сақтау бағыттын сипаттау үшін Денсаулық сақтау іс-әрекеті деген тұжырымдаманы қолданып жүзеге асыруды арнайы мамандармен (мед. қызметкерлері, психолог, т.б.) байланыстыра ұйымдастырдық. Және де баланы сауықтыру және аурудың алдын-алу емдік жұмыстарының жүйесін өңдеп құрастырдық:
+ Нүктелі және қарындаш массаж
+ Ұйымдастырылған оқу-әрекеттер үстінде көзге арналған жаттығулар кешені
+ Хатха-йога элементтерімен гимнастика
+ Жалпақ табандықтың алдан-алу кешені
+ Сымбаттың бұзылуының алдан-алу кешені (жастықсыз ұйықтау)
+ Тыныс алу жаттығулары
+ Ұйымдастырылған оқу-әрекеттер үстінде ақыл-ой шаршауын жою(редаксациялық үзіліс, сергіту сәттері, құлақ шеттерін уқалау)
+ Серуен + динамикалық сағат
+ Шынықтыру шаралары (Майкасыз ұйықтау, жалаң аяқ жүру, кеңінен жуыну, рижский әдісімен шынығу)
+ Күн тәртібінде ұтымды қимыл-қозғалыстар.
Тымау және жұқпалы ауруларының жоғарлау кезіндегі өткізілген іс-шаралар
+ Пияз, сарымсақпен хош иістендіру
+ Пияз, сарымсақ
+ Серуен алдында ауыз қуысын сарымсақ тұнбасымен шаю
Балабақшада сонымен қатар баланың денсаулығын нығайту және аурудың алдын-алуға мүмкіндік беретін, күн тәртібіндегі шынықтыру шараларына ерекше назар аудардық. Шынықтыру шаралары баланың балабақшадағы болған барлық кезіндегі ағымында қамтамасыз етілгенде ғана тиімді болатыны көрінді.
Ескерілетін жағдайлар:
1.Мекемеде жылу және ауа тәртібін нақты ұйымдастыру
2.Балаларды ұтымды үзіліссіз киіндіру
3.Жылдың барлық маусымында серуен тәртібін сақтау
4.Дене тәрбиесі мен ертеңгілік гимнастиканы жалаң аяқ өткізу
Біздің сәбилер бақшасындағы қолданылатын шынықтыруларға тоқталсақ:
Сымбаттының бұзылуы
Жалпы, адам баласының дене қозғалысының сымбаты да түзу болуы оның денсаулығын білдіреді. Өз денесін емін-еркін ұстап жүретін адам қашан да көз тартарлық көрікті болып жүреді. Негізінде адам баласы іштен сымбатты болып тумайды. Адам өсіп-жетілу, еңбек ету процестерінде, сондай-ақ, дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану барысында қалыптасады.Адам денесінің сымбаты жас кезден бастап қалыптаса бастайды. Бұл тек сұлулық жағынан ғана емес, анатомия және физиологиялық тұрғыдан қаралады. Демек, дене құрылысы сұлу да сымбатты келген адамдардың ішкі мүшелері дұрыс жұмыс істейді деген сөз. Әсіресе, жүрек, өкпе, бауыр мүшелері дұрыс, қалыпты жағдайда жұмыс істегенде адамның жүріс-тұрысы, әрбір қозғалыстар артық жүктеме түсірмей еркін орындалады. Ал мүсін келбеті бұзылған кезде, басын салбыратып еңкейіп жүреуі, жүріс-тұрысы епсіз, қозғалысы сылбыр болады. Себебі, ішкі органдардың функцияналдық қызметінің бұзылуынан бала өзінің қозғалысын және аяқ-қолдарының қимылын үйлестіре алмайды.
Адамның сымбаттылығы негізінен алғанда омыртқаға байланысты болады, өйткені ол бүкіл қаңқа сүйектерін біріктіріп тұрған негізгі буын.Сымбаттың бұзылуы - омыртқаның бүгіліп-жазылып тұратын бұлшық еттерінің дұрыс жетілмеуі біріншіден мешел ауруына, екіншіден, адамның омыртқа жотасы қисайып сколиоз ауруына әкеп соғады.
Жалпақ табандылықты қалаай анықтауға болады? Бұл сұрақтың жауабы: аяққа сұйық май жағып, қағаз бетіне тұру, 1-1,5 минуттан кейін алып қарау. Егер табан екі шеңбер тәрізді құраса, жалпақтабан жоқ, ал толық табан жасалса жалпақтабандылықтың бар болуы не жаңа басталуын көрсетеді. Өлшемі бойынша 1:4 - дұрыс, 2:4- жалпақтау , 3:4 - жалпақ. Жалпақтабандылықты алдын алудын ең тиімдісі дұрыс аяқ киім алу. Баланың аяқ киімі аяғымен бірдей және тақасының биіктігі 5-8 мм болу керек Біз жалпақтабандылықты алдын - алу үшін Денсаулық жолы деген жолақшаны қолданамыз.
Арт-терапия
Шығармашылық әрекетте баланың өз-өзін тануға мүмкіндік береді, өзінің қарым-қатынасын, бүкіл әлемге және айналасындағы адамдарға танытады.Бала шығармашылығы ол оның шынайы өмір көрінісі. Өзі туралы айтуға тырысатын өзінің сезімдерін қуанышы мен мұңын білдіретін өзіндік тілі.
Арт-терапияның элементтері мен жаттығуларының негізідері:
өзі жайлы танымын қалыптастыру
+ сезімі мен эмоциясын білу және өзгеге білдіру
+ позитивті қабылдауды қалыптастыру
+ коммуникативтік дағдыларын дамыту
+ отбасының эмоционалдық жақындастығы психоэмоциялық кернеуді шешу

Арттерапияның тағы бір саласы - психо - терапия. 1930-шы жылдары психолог Фредрик Аллен арттерапияны кеңінен қолданып, оның Қатынас терапиясы депте атаған. (Өз сөзімен)
(Стретчинг)Созылу
Стретчинг алғаш Швецияда пайда болып, 20 жыл ішінде бүкіл әлемге белсенді түрде таратылды. Стретчинпен айналысқанда сіз денеңіздің жоғары жұмыс істеу қабілеттігіне ие боласыз және жүрек жүйесінің жұмысын жақсартатынына көздеріңізді жеткізе аласыз. Ағылшын тілінен аударғанда to stretch етістігі созылу деген мағынаны білдіреді. Баланың жас шамалық ерекешелігіне қарай дене тәрбие сабағының бағыттары да әртүрлі болады:
1.Сәби балаларына ол - рақаттанушылық туғызу, кеңістікті бағдарлай білу, құрал-жабдықтармен дұрыс жұмыс істеу, сақтану тәсілдерінің элементтерін үйрету
2.Ортаңғы жаста - Физиологиялық сапаны дамыту (ең бастысы төзімділік пен жігер)
3.Ересек топтарында - Қимылдың сұранысын қалыптастыру, қимыл және дербестік қабілеттерін дамыту және т.б.
Денсаулық сақтау технологиясына негіздеп оқу - тәрбие үрдісін ұйымдастыруды төмендегідей қарастыруға болады:
1) сабақты денсаулық сақтау принципіне сүйене отырып құру;
2) сабақта денсаулық сақтау техологияларын қолдану;
3) қозғалыс қоңырауларын ұйымдастыру.
Денсаулық сақтауға бағытталған сабақ құрылымының мынадай 4 тәртібін анықтауға болады:
1) сабақты дұрыс ұйымдастыру;
2) қабылдау іс-әрекетін қолдану;
3) баланың жұмыс қаблетінің кеңістігін анықтау;
4) баланың ақыл-ойының жеделдігін бөліп тастау;
Денсаулық сақтау технологиясы.
Денсаулық сақтау технологиясының мақсаты: Баланың денсаулығын нығайтуға,білім дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары,баланың денсаулығы мен оның дене бітімінің қалыптасыуна үлкен үлес қосады.
Қазіргі таңда адамдардың даму жағдайында оның денсаулығын қалыптастыруда реттік жүйесіз мүмкін емес.
Денсаулық сақтау педагогикалық технологиясын мына төмендегілермен тығыз байланыста болады:
-Мектепке дейінгі мекемелермен.
-Ондағы балалардың күнделікті қатынасуы.
-Тәрбиешілердің жұмыс бағдарламасы.
-Мектепке дейінгі ұйымдардағы іс-шаралар.
-Педагогтың кәсібі құзіреттілігі.
-Балалардың денсаулық көрсетілімі.
Денсаулық сақтау технологиясы мынадай топтарға жіктеледі:
Әдістемелік-профилактикалық: медбикенің жетекшілігі мен медициналық талаптардың нормасына байланысты. Медициналық құралдарды қолдану және балалардың тамақтануын қадағалау, алдын алу іс-шараларын жүргізу.
Сауықтыру-шынықтыру: бұл балалардың денсаулығын нығайтып, шынықтыруға бағыттау. Физикалық дамуының сапасын жақсардтуда шынықтыру, тыныс алу жаттығулары жатады.
Баланың әлеуметтік-психологиялық сәттілігін қамтамасыз ету.
:: Денсаулықты сақтау және денсаулық нығайту.
:: Педагогтардың денсаулық мәдениетін дамытуға бағыттау.Сонымен қатар мәдени кәсіби денсаулық.
:: Салауатты өмір салтына қажеттілікті дамыту: денсаулықты сақтау және оған жағдай жасау (спорттық және қимылды ойындар технологиясын қолдану ,көзге арналған және тыныс алу жаттығулары т.б.)
:: (динамикалық үзіліс, релаксация, ритмопластика)
:: Білім беру:
:: Мектепке дейінгі баланың мәдени денсаулықтарын тәрбиелеу.
:: Оқытуда және тәрбиелеуде жекешілдікке оқытуға тұспалдау.
:: Салауатты өмір салтын үйрету.
Денешынықтыру сабақтарының техникасын қолдану, қатынастық ойындар, кедергі ойындар (ойын тренингтер, теропиялық ойындар, өзін өзіне массаж жасау).

Денсаулық сақтау технологиясына сенсорлық дамыту ортасын ендіру.
Дене тәрбиесі балалардың ақыл- ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және белсенді болуларына мүмкіндік тудырады. Балалар мекемелерінде дене тәрбиесінің мазмұны жүргізілуіне , дене жаттығулары, табиғаттың сауықтырушы күші, гигиеналық және әлеуметтік - тұрмыстық факторлар қолданылады. Дене жаттығуы- дене тәрбиесінің негізгі және ерекше құралы, ол педагогтың арнайы іріктеп алған, әдістемелік дұрыс ұйымдастырылған және басқаруға болатын қозғалыс пен қозғалыс қызметінің күрделі түрлерін қамтиды. Дене жаттығуы еркінді сипаттағы белсенді қимыл - әрекеттеріне негізделген. Дене жаттығуы баланың жан- жақты жетілуіне ықпал етеді. Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны денені жаттықтыру болып табылады. Ол мынадай түрлерге бөлінеді. - Таңертеңгілік жаттығу - Қимыл- қозғалыс ойындары, спорт ойындары. - Спорттық жаттығулар. Балабақшадағы дене тәрбиесін ұйымдастырудың түрлері: күн әртібі бойынша сауықтыру шаралары ( таңертеңгілік жаттығу, қимыл- қозғалыс ойындары, серуен кезіндегі жаттығулар мен спорттық ойындар, сергіту сәттері , ауладан тыс жерге саяхат жасау, спорттық ойын сауықтар). Дене шынықтыру балалардың денсаулығын сақтап, нығайтады.

2.1 Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы негізгі міндеттердің бірі - дене тәрбиесін дұрыс жүргізу болып табылады. Дене тәрбиесі - жалпы тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Ол тәрбиенің басқа түрлері - адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек тәрбиелерімен байланысты. Сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесі процесінде жалпы тәрбие мақсатынан туындайтын педагогикалық міндеттер де шешімін табады. Ден тәрбиесі білімі - дене тәрбиесі салаларының бірі; ол арнаулы білімді, қимыл-қозғалыс дағдылары мен іскерліктерді меңгеріп қамтиды.
Дене тәрбиесі мәдениеті - жалпы мәдениеттің бір бөлігі, қоғамның адам денесін жетілдіру саласында қоғамдық -- тарихи практика процесінде жиналған табыстарының жиынтығы. Ден тәрбиесімәдениеті - дене тәрбиесі теориясының барлық ұғымдарының ішіндегі ең кең ұғым. Ол оғарыда қарастырылған ұғымдардың бәрінің мазмұнын қамтиды.
Дене тәрбиесі теориясы - адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым. Ол педагогикалық ғылымдар жүйесіне енеді, психологиямен және педагогикамен, спорттың жекелеген түрлерінің теориясы және методикасымен тығыз байланыста болады.
Дене тәрбиесі теориясы спорттың жекелеген түрлерінің жалпы және өзіндік заңдылықтарын спортпен айналысатындардың әр түрлі құрамындағылармен сабақтар оқу және өткізу методикасын талдап жасау кезінде ескеріп отырады. Мәселен, спорттың жекелеген түрлері бойынша жүргізілген зерттеулердің мәліметтері мектеп жасына дейінгі балалармен сабақ өткізу методикасын талдап жасауға көмектеседі.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы - коммунистік қоғамның болашақ құрылысшысы - баланың дене тәрбиесінің жалпы заңдылықтары жайындағы ғылым. Балалар дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесі жүйесінің жалпы идеологиялық және методологиялық негіздерінен шығады және оның бір бөлігі болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы тәрбиелеу және оқыту процесінде баланың дамуын басқарудың жалпы заңдылықтарын танып біледі.
Мектепке дейінгі жастағы балалар дене тәрбиесінің басты міндеті -- өмір қорғау және денсаулық нығайту, балалардың орғанизмін шынықтыру болып табылады.
Ал, жақсы денсаулық барлық органдар мен организм жүйелерінің нормаға сай жұмыс істеуімен анықталады.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясының қазіргі кездегі проблемаларын одан әрі дамыту қоғамдық өмір талаптарымен байланысты.
Өмірдің шапшаң қарқыны, ғылыми - техникалық прогресс, еңбектің алуан саласындағы сан түрлі шығармашылық іс-әрекет қабылдау, еске сақтау, ойлау процестерінің активтілігін, дәл және тез бағдарлауға және түсіп жатқан информация тудыратын реакцияға деген қабілетті талап етеді. Осыған байланысты сәби жастан бастап балалардың дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру, денсаулығын нығайту және жан-жақты дамыту, мектепке және алдағы қоғамдық өмірге дер кезінде даярлаудыжүзеге асыру маңызды болып табылады.
Дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары балалардың сан алуын іс-әрекетінің тәрбие-білім беру комплексі болып табылады, бұл іс-әрекетің негізі баланың қимыл белсенділігінен құралады. Бұл формалардың жиынтығын балалардың толық дәрежеде денесін дамыту және денсаулығын нығайту үшін қажетті белгілі бір қимыл режимін құрайды.
Балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына мыналар жатады:
1) физкультура сабақтары;
2) физкультуралық-сауықтыру шаралары (ертеңгілік гимнастика, физкультминутка, дене жаттығуларымен ұштастырылған шынықтыру процедураллары);
3) балалардың дене тәрбиесіжөніндегі күнделікті жұмыс (қимыл - қозғалыс ойындары, серуендер, жекелеген балалармен және шағын топтармен дербес жұмыс істеу, дене жаттығуларының сан алуан түрлерімен өз беттерінше айналысу, мейрамдар).
Бұл формалардың барлығы бәрі дене тәрбиесінің жалпы міндеттеріне және баланың жан-жақты дамуына жауап бере отырып, өзара байланысты болады: олардың әрбірінің өзіндік арнаулы міндеттері бар, олар мектепке дейінгі мекеменің күн режиміндегі міндеттің орнын анықтайды. Балабақшаның түрлі топтарындағы дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларының арақатынасы балалардың жасын және жеке басты-типологиялық ерекшелігін олардың дене дайындығы дәрежесін, сондай-ақ белгілі бір топтың және бүкіл мекеменің нақты жағдайын ескере отырып, тәрбие-білім беру міндетімен анықталады.
Сәби жастағы топтың балаларымен жұмыс істеудің негізгі формасы дене жаттықтыруларымен жеке айналысу болып табылады (қимыл-қозғалыс ойындары, гимнастика, массаж).
Ертеңгілік гимнастика және физкультура сабақтары кішкентайлардың бірінші кішкентайлар тобынан бастап барлық топтарда жүргізіледі, бірақ әрбір топта олар қозғағыз материал мен сабақ өткізу методикасын іріктеу жөнінен өзіндік ерекшелікке ие болады. Балабақшаның ересектер тобында маңызы басым физкультминуткалар жақсы тынығу және балалардың жұмыс қабілетін қалпына келтіру сәті ретінде сабаққа және екі сабақтың аралығына енгізіледі. Шынықтыратын процедуралар барлық топтарда пайдаланылады. Алайда бөлме ішіндегі, даладағы қимыл - қозғалдыс кезіндегі бірте - бірте температурасы төмендейтін таза ауа ваннасы көбінесе ересектер тобында қолданылады. Балаларды таза ауадағы қимыл - қозғалыс ойындары және өз бетінше сан алуан қимыл жасау әрекеті барлық жастағы топтарда балалардың күнделікті өмірінің міндетті түрде мазмұны болып табылады.
Физкультура сабақтары - балаларға дене тәрбиесі жаттығуларын жүйелі түрде үйретудің негізгі формасы. Сабақтың арнаулы міндеті барлық жастағы топтардың балаларын дұрыс қимыл-қозғалыс үйрету мен дене қасиетін тәрбиелеу болып табылады.Сабақтың маңыздылығы өзара байланысты сауықтыру, білім беру, тәрбиелеу міндеттерін жүйелі түрде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулық сақтау технологияларының мақсаты мен оқу-үрдісіндегі маңызы
Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудың сынып жетекшінің іс-әрекеті
Қазіргі замандағы педагогикалық оқыту технологиялары
Тәрбие технологиялары ұғымының мәні
Жылдық білім беру жүйесіндегі информатика рөлі
Салауатты өмір салты туралы
Биологияны оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану
Оқушылардың барлығын табысты оқыту
Денсаулық сақтау педагогикасы және оны жүзеге асыру технологиялары
Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру арқылы бәсекеге қабілетті тұлғаны дамыту
Пәндер