Жас ерекшеліктеріне сай баланы сауықтыру шараларының маңызы


ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ САЙ БАЛАНЫ САУЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
Мазмұны
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2. 1 Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері
2. 2 Сәби және мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дене дамуы мендене дайындығы
2. 3 Сабақ әдістемесінің ерекшеліктері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жас ұрпақ тәрбиесі - адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Бала туылғаннан бастап, мектепке барғанға дейінгі алғашқы жылдар адам өмірінде өте үлкен маңызға ие. Бұл кезеңде денсаулықтың іргетасы шыңдалады, әр түрлі қабілеттер дами бастайды бастайды, сапалы қасиеттері көрінеді және мінез-құлық ерекшеліктері қалыптасады. Осы жылдарда баланың қалай тәрбиеленуі, оның болашақтағы оқуына, жеке адамзат болып қалыптасуына негіз болады.
Баланы алғашқы жылдары жан-жақты тәрбиелеудің негізгісі дене тәрбиесі болып табылады. Дұрыс дамып келе жатқан бала ылғи да қозғалысқа қабілетті болады. Үш жасқа дейінгі баланың тәуліктік қажеттілігі 6, 5 локамация, ал жеті жастағылардікі 16-18 локамация. Қозғалыс ықпалымен жүрек-буын, тыныс алу және жүйке жүйесі қызметі жақсартады, трек-қимыл жүйесі жетіліп зат алмасу реттеледі. Олар бала ағзасының ауруға қарсы әрекетін күшейтіп, қорғаныс күшін реттейді. Бала қимыл арқылы әлемдітаниды, оның психикасы, еркі, дербестігі, үлгерімі, ұйымшылдығы дамиды. Әсіресе қол саусақтарының қимылы зор мәнге ие, болады. Мидың үлкен жарты шеңбер үлкен жарты шеңбер бөлігінің белсенділігін арттырып, тіл қозғаушы орталықтың дамуын реттейді. Сондықтан бала неғұрлым түрлі қимыл-қозғалыстарды меңгерсе, соғұрлым сезім, қабылдау және де басқа психикалық процестерді дамуын мүмкіндік туғызады.
Мектепке дейінгі мекемелерде 2 айдан 7 жасқа дейінгі балалар қатысады. Анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне, өмір шарттарына, тәрбиесі мен оқу біліміне қарай болып бөлінеді. Олар яслилік және мектепке дейінгі топтар болып бөлінеді. Ясли: нәрестелік жастағы бірінші топ (2 айдан 1 жасқа дейін) және нәрестелік екінші топ (1 жастан 2 жасқа дейін) . Мектепке дейінгі: бірінші сәбилік топ (3 жастан 4 жасқа дейін), орташа топ (4 жастан 5 жасқа дейін), жоғары топ (5 жастан 6 жасқа дейн) және мектепке дайындық топ (6 жастан 7 жасқа дейін) . Қимылды дамыту ерекшеліктері. Бала үшін өмірінің алғашқы үш айы бір қалыпты өтеді. Ол ересектерге дыбыстау арқылы ғана жауап береді. Бала күлгенде «өміршеңдік кешені» деп аталатын қимылды қолдап көтермелеу керек. Бұл баланың барлық бұлшық еттерінің дамуына, ағзаны нығайтуға, жалпы өмір сүруге талпынысын арттырады. Қозғалысты меңгеру құбылысы өте тез өтеді. Бала екі айлығында жилжиды, жеті-сегіз айлығында отырып-тұра алады, ал он-он бір айлығында өз бетінше қимылдау белсенділігін арттыру керек және осы қимылдарды жүйеге түсірген жөн. Мысалы, оны алғашқыда отыруға, тұруға, жүруге үйрету қажет.
Баланың жас ерекшеліктеріне сай баланы сауықтыру шараларының маңызы зор. Соған орай жоба жұмысы барысында 12 жылдық білім берудің қажеттілігі, бес жасар балаларды мектепалды даярлықтан өткізу мәселелерімен бірге, жалпы білім беретін мектептерде және балалар бақшасында білім, білімділік бағдармалардың сапасын арттырып, тәрбие жұмысын жетілдіруді көздеу маңыздылығын көрсетпекпіз.
2. 1 Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесінің
маңызы мен міндеттері
Мақсаты: баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызғушылықтарын арттыру, қимылдық іскерліктері мен дағдыларын жетілдіру.
Міндеттері:
- жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, лақтырып тосып алу, еңбектеу және өрмелеудегі негізгі қимыл түрлерін орындау іскерліктерін жетілдіру;
- ұйымшылдыққа, дербестікке, шығармашылыққа, құрдастарымен өзара достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу, икемділікке, шапшаңдыққа, шыдамдылыққа үйрету, тепе-теңдік қалпын сақтау іскерліктерін меңгерту;
- барлығы бірге, бірдей қарқынмен әрекет етуге үйрету;
- денесін дұрыс ұстауға, жеке бас гигиенасын сақтау дағдысы мен денсаулық сақтау негіздерін қалыптастыру;
- спорттық ойындармен, жаттығулармен таныстыру;
- белсенді қимыл-қозғалыс (қимылдың қосымша түрлерін соның ішінде емдік-сауықтыру бағытындағы қимыл әрекеттерін енгізу, өз еркімен қимыл-қозғалыс жасау үшін күн тәртібінен уақыт бөліп, мүмкіншілік жасау) уақытын ұлғайту;
- әр халықтың қимылды ойындарына, сабақтағы спорттық құрал-жабдықтарды қолдануға қызығушылықтарын арттыру;
- түрлі спорттық құрал-жабдықтармен жабдықталған, әр түрлі қимыл әрекеттерін дамытуға жағдай жасайтын қозғалыс ортасын құру.
Балаларды мектепке дайындауда психологиялық өріс-еркіндік, батылдық, имандылық тәрбиелерін бала бойына сіңіріп, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру шешуші роль атқарады. Сондай-ақ, балаларды мектепалды даярлықтан өткізу барысында оқыту мен тәрбиелеудің төрт міндеті қарастырылады. Бірінші міндет: әлеуметтік дамуда баланың үлкендермен қарым-қатынасы және өз құрбы-құрдастар мен баланың ой-өрісінің қалыптасу мүмкіндіктері көзделеді, өз отанына, отбасына халқының салт-дәстүріне көңіл бөлу жолдары қарастырылады.
Адам баласының өмірге келуі мен мектепке оқуға баруы арасындағы алғашқы жеті жыл уақыты оның келешек өмірінде өте үлкен маңызы бар. Өйткені осы кезеңде адамның денсаулығы, әр түрлі қабілеттері, адамгершілік қасиеттері, мінез-құлқы қалыптаса бастайды. Баланың денесін шынықтыру, өмірге керек қозғалыс шеберлігін қалыптастыру, гигиеналық әдеттерді бойларына сіңіру үшін осы бір балалық балғын шақ өте бір қолайлы кезең.
Баланың ағзасының жан-жақты дамуының негізі, тәрбие көзі дене тәрбиесі болып табылады. Табиғи, дұрыс өсіп келе жатқан бала тұрақты түрде қозғалғысы келіп тұрады. Оның осы қозғалыс әрекетін жанұяда, бала бақшасында дұрыс ұйымдастыру оның жүрек-қан тамырлары, дем алу, жүйке жүйесі, зат алмасу жүйесі қызметтерін жақсартады, қозғалыс-тірек аппараттарын нығайтады. Баланың ауруға қарсылық күшін, ағзаның қорғаныс күшін күшейтеді. Қозғалыс арқылы бала өмірді, табиғатты тани бастайды, оның психологиясы, ерік-күші, өзіндік қасиеттері дамиды. Бала көбірек қозғалыстарды білген сайын оның таным, түйсік, қабылдау, сезім, қабілет және басқа да әр түрлі психикалық мүмкіншіліктері кең көлемде дамиды. Сондықтан да осы кезеңде дене тәрбиесі сауатты, дұрыс жүргізілмесе, өткізіп алған уақытты қуып жету, жіберілген қателіктерді түзету қиын болады.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың негізгі міндеттері үш үлкен топқа бөлінеді:
Сауықтыру міндеттері:
1. Бала ағзасын шынықтыру арқылы, сыртқы ортаның зиянды әсерлеріне қарсы тұра алу қабілеттіктерін жетілдіру. Табиғаттың табиғи күштерін, ауаны, суды, күн қызуын дұрыс пайдалану арқылы бала денесі шынығады. Оның әр түрлі суық тию арқылы болатын тұмау, жөтелу, тамақ ауруларына қарсылық күштері көбейеді.
2. Қозғалыс тірек аппараттарын нығайту және дұрыс мүсінді қалыптастыру. Қозғалыс белсенділігі көлеміне әсер ететін жалпақ табан болмауы үшін, табан және сирақ бұлшық еттеріне арналған жаттығуларға көңіл бөлу. Бала денесі үйлесімді дамуы үшін денесінің екі жағындағы бұлшық еттерге бірдей мөлшерде жаттығулар беру. Күнделікті өмірде аз жұмыс істейтін бұлшық еттер топтарына көбірек жаттығулар беру.
Жас кезінен балаға дұрыс мүсін туралы мағлұмат беру қажет. Еңкіштік, бір иықтың екіншісінен биіктігі, омыртқаның қисаюы және т. б. мүсін қисаюларын дұрыстаудың ең бір әрекетті амалы дене жаттығулары екені олардың әрқашанда ойларында болу керек.
3. Вегетативтік мүшелердің қызмет мүмкіншіліктерін жоғарылату. Баланың белсенді қозғалыстары жүрек-қан тамыры және тыныс алу жүйелерінің, тамақ қорыту, дене температурасын реттеу жүйелерінің, ағзадағы зат алмасу үрдістерінің қызметтерін жақсартады. Зәр шығару органдарында зәр шықпай қалу үрдістерін болдырмайды.
4. Жылдамдық, үйлесімділік, төзімділік секілді дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу. Мектепке дейінгі жастарда дене мүмкіншіліктерінің бірін ғана және дамытуға арнайы көңіл бөлуге болмайды. Қозғалыстарды әр түрлі етіп құрастыру, амалдарын ауыстыру, әр түрлі бағыттау арқылы дене қасиеттерін кешенді, үйлесімді дамытуға көп көңіл бөлген дұрыс.
Білім беру міндеттері:
1. Өмірге керек негізгі қозғалыс ептілігі мен дағдыларын қалыптастыру.
Жүйке жүйесінің икемділігі арқасында мектеп жасына дейінгі балалар жаңа қозғалыс түрлерін тез және оңай үйреніп алады. Дене өсуімен бірге олардың қозғалыс ептіліктері де қалыптаса бастайды: үш айда олар басын көтеріп, ұстап тұра алады; алты айлықтарында қолдарын қозғалтады, еңбектейді, шалқадан жатқан күйден ішіне аударыла, ішіне жатқан күйде қолымен тіреле кеудесін көтере алады; он бір айлығында отыруды, жатуды, заттарға тіреле тұруды, жүруді үйрету, бір жылда міндетті түрде жүруге үйрету қажет; үш жасында бала жүру, жүгіру, әр түрлі нәрселерге өрмелеу қозғалыстарын меңгеруі; төрт жасында әр түрлі заттарды лақтыру, биік жерлерден секіру, заттарды қағып алу, үш дөңгелекті велосипедті тебе алу; алты-жеті жасында өмірде, тұрмыс жағдайында кездесетін қозғалыстардың көпшілігін: жүгіру, жүзу, шаңғы тебу, басқышпен жоғары өрмелеу, кедергілерден асып өтулер және т. б. орындай алулары керек.
2. Дене тәрбиесі сабақтарына деген тұрақты қызығушылықтарын қалыптастыру.
Балалардың дене тәрбиесі жаттығуларына деген тұрақты қызығушылықтарын қалыптастыруға ең қолайлы уақыт - мектепке дейінгі балалық кезең. Ол үшін балалар орындай алатын, орындаған жаттығулардан олар қанағат алып, ары қарайғы әрекеттерге ынтықтыратын тапсырмалар берілуі қажет. Орындалған тапсырмаларды бағалау, көңіл бөлу, мадақтау арқылы дене тәрбиесіне деген жақсы көзқарас қалыптастырылады, баланың дене жаттығуларымен тұрақты айналысуға ұмтылуына себеп болады.
Балалардың ақылдылықтарын, дүниетанымдарын, көзқарастарын кең дамыту үшін, оларға жаттығулар жасау кездерінде дене тәрбиесі, спорт саласындағы қарапайым білім негіздерінен мағлұматтар беріліп отырылуы керек.
Тәрбиелік міндеттері :
1. Балаларды моральді - жігерлік қасиеттерге тәрбиелеу. Ол қасиеттер: адалдық, батылдылық, тәуекелшілдік, қайсарлылық, табандылық т. с. с.
2. Дене тәрбиесі арқылы балалардың ақылдылық, өнегелік, эстетикалық, еңбек тәрбиелеріне әсер ету, көмектесу.
Осы баяндалған сауықтыру, білім беру, тәрбиелеу міндеттері жеке-жеке қарастырылса да, олар бір-бірлерімен тығыз байланысты. Сондықтан балалармен жұмыс істегенде осы міндеттерді кешенді түрде орындаған дұрыс болады. Сонда ғана бала денесі дене дайындығы жағынан ғана емес, рухани жағынан да дамиды.
2. 2. Сәби және мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дене дамуы мендене дайындығы
Биологиялық белгілеріне байланысты мектепке дейінгі балалардың жастары мынандай кезеңдерге бөлінеді:
1. Жаңа туған сәби - алғашқы 1 айға дейінгі уақыты.
2. Емшектегі сәби - 1 айдан 1 жасқа дейінгі уақыт.
3. Балбөбек немесе ясли жасы кезеңі - 1 жастан 4 жасқа дейінгі уақыт.
4. Мектепке дейінгі кезең - 4 жастан 7 жасқа дейінгі уақыт.
Балалардың ағзасы осы сәби және мектепке дейінгі кезеңде үнемі өсіп, дамуда болады. Ағзадағы клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп атайды. Өсумен қатар ағзадағы даму үрдісі жүріп жатады. Даму - сапалық көрсеткіш. Ағзаның дамуы деп сан көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, ағза мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Ағзаның дамуы екі түрлі болады: дене дамуы және функциялық даму.
Дене дамуының көрсеткіштері: адамның бойы, салмағы, кеуде клеткасының көлемі, дене мүшелерінің ұзындығы т. с. с.
Функциялық дамудың көрсеткіштері дене мүшелерінің атқаратын қызметтеріне байланысты әр түрлі болады. Мысалы, жүректің жұмыс жасауы дамуын анықтау үшін қан қысымын, жүрек соғу жиілігін, жүктеме бергеннен кейінгі қалпына келу уақытын өлшейді.
Өсу мен даму адам өмірінде бірде жылдамдап, бірде баяулайды. Тіпті бір жылдың ішіндегі бойдың өсуі бірдей емес: баланың бойы қыста нашар, жазда тез, күндіз аз, түнде көбірек өседі. Мұны өсу мен дамудың гетерохондылығы дейді (гетерос - әр түрлі, хронос - уақыт) .
Сәби және мектепке дейінгі жас кезеңінде бала ағзасы тез өседі, дамиды. Оның бойы, салмағы өте тез қарқында өсіп дами бастайды (2-кесте) .
2-кесте. Сәби және мектепке дейінгі жастардағы балалардың дене салмағы мен бойларының өсуінің орташа көрсеткіштері ( Ю. Ф. Замановскийдің деректері бойынша, 1989)
Баланың өсуі мен дамуының сыртқы белгісіне оның дене пропорциясының өзгеруі жатады. Дене пропорциясы деп адамның басының, тұла бойы мен аяқтарының ұзындығының, көлемінің бір-біріне арақатынасын айтады. Ересек адаммен салыстырғанда жаңа туған сәбидің аяқтары қысқа, тұла бойы мен бастары үлкен болады. Мұндай пропорция 1 жасқа дейін сақталады. 1 жастан кейін омыртқа сүйектерінің өсу қарқыны жіліктердің өсу қарқынынан жылдамырақ болып, дене пропорциясы өзгере бастайды. 2 жастан әрі қарай жілік сүйектері жылдамырақ өседі де, 6 жаста дене пропорциясы өзгеріп, баланың аяқтарының ұзындығы кеудесінен артық бола бастайды. 5-6 жастағы баланың қол-аяқтары ұзарып, жалпы ұсқыны өзгереді. 6 жастан әрі қарай тағы да омыртқа сүйектерінің өсу қарқыны күшейеді, сондықтан 7 жастағы баланың аяқтары мен тұла бойының ұзындығының арақатынасы теңеседі.
3-6 жас аралығында баланың бойы тез, біркелкі өседі. Жылына бойы 5-6 см, салмағы 2 кг өседі. 7 жастан бастап балалардың бойлары жылдам өсіп, бір жылда 8-10 см көбейеді. Осы жылдам өсу ағзадағы эндориндік қозғалыстарға байланысты. Екінші жылдам өсу, 13-14 жастағы, жыныстық жетілу кезеңіне сай келеді.
Баланың қозғалыс-тірек жүйесі . Кеңістікте қимылдап жүру, денені тік қалыпта ұстау, теңдікті сақтау қабілеттері адамның сүйек-ет жүйесінің қасиеттері мен қызметіне байланысты. Сүйек-ет жүйесіне, яғни қозғалыс-тірек аппаратына адамның қаңқасы мен бұлшық еттері жатады.
Қаңқа (склет) - екі жүзден астам сүйектерден тұратын адамның негізгі қатты тұлғасы. Олардың көбі бір-бірімен буын арқылы жалғасып, қозғаламалы келеді. Қаңқаға бұлшық еттер бекітілген. Ет пен сүйек адамның негізгі тірегі және оның қозғалуы, еңбек етуі осы сүйек-ет жүйесінің қызметіне байланысты. Ол жұлынның, мидың және көптеген ішкі мүшелердің сауыты болғандықтан, қорғану қызметін де атқарады, яғни жұмсақ мүшелерді (жүрек, бауыр, өкпе, ішек-қарын, бүйрек т. б. ) соққыдан және басқа да түрлі жағымсыз әсерлерден қорғайды.
Бұлшық еттердің ұштары сүйекке бекітілген, олардың көбі екі сүйекке бекігендіктен, олардың қозғалысын іске асырады. Әрбір сүйекке екі, тіпті одан да көп еттердің ұштасуы мүмкін. Бұлшық еттердің негізгі қызметі - сүйектерді қозғау, адамның еңбек етуін, күрделі жұмыстарды орындауын қамтамасыз ету.
Адамның қимыл-қозғалысына ет пен сүйектен басқа қозғалыс-тірек жүйесіне кіретін буындар, сіңірлер, тарамыстар қатысады.
Омыртқа жотасының өсуі баланың алғашқы жасында жедел жүреді. Жаңа туған нәрестелердің омыртқаларында алты сүйектену нүктелерін көруге болады. Олар бір жасқа таман біріге бастайды. Омыртқа аралығында буындардың шеміршектері қалың және серпінді келеді. Сондықтан олардың омыртқа жотасы ересектермен салыстырғанда жеңіл қимылдайды. Дегенмен бір жастағы баланың омыртқа жотасының иілуі нашар әрі тұрақсыздау болады. 2-3 жаста омыртқа одан әрі қарай сүйектене береді. Омыртқааралық буын шеміршектері әлі де болса қалыңдау болып, омыртқа жотасы жақсы қимылдайды. Бұл кезде сегізкөздік, құймышақ омыртқалары біріге бастағанымен аралары толық бітпейді. Баланың бойы таңертең өлшегенде 5-6 см ұзын (ересек адамда 2-3 см ғана), кешке өлшегенде соншалықты аласа болып тұрады. 4-5 жасқа дейін омыртқалар тез өсіп, иілістері толық қалыптасады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың омыртқалары ұзарып, жуандайды. 5-6 жастағы балалардың омыртқа жотасы тез қисаяды. Омыртқааралық шеміршектердегі заттың алмасуы өте күшті болады. Сондықтан түрлі жағдайлардың әсерінен омыртқаның өсуі тез бұзылып, омыртқа жотасының патологиялық сколиозы (бір жақ бүйіріне қарай қисаю), лордоз, кифоз т. б. өзгерістері пайда болады. Лордоз ( лат. Лордоз - алға қисаю, иілу), кифоз (лат. Кифоз - артқа қарай иілу, қисаю) . Мысалы, өте жылдам 8-12 м /сек жылдамдықпен қозғалғанда мойын және көкірек омыртқалары зақымданады. Бала өте аз қозғалғанда да ұсақ зақымдар пайда болып, олардың негізінде кейіннен омыртқа кемшіліктері дамиды.
Табан сүйектері бір-бірімен буын арқылы күмбезденіп қосылған. Табан күмбезі баланың аяғын басу барысында толық қалыптасады. Табан күмбезі сүйектерді мықтап бекітіп тұратын тарамыстардың даму барысында пайда болып, табанға күш түскенде оның күмбезі төмендейді. Табан күмбезінің дұрыс қалыптасуына тар аяқ киім, ауыр жүк тасу, ұзақ уақыт табанға күш түсіру, кішкентай баланың түрегеліп тұруы, мешел ауруы кері әсер етеді. Мұндайда жалпақ табан пайда болады. Жалпақ табан жағдайында баланың сымбаты бұзылады, қан айналысы нашарлап, аяқ тез шаршайды. Жалаңаяқ жүру, бұлшық еттерді күшейтетін түрлі жаттығулар, спорт ойындары, дене жаттығулары жалпақ табандылықтың алдын алады, яғни оны болдырмайды, табан күмбезін дұрыс қалыптастырады.
Табан күмбезі 13-17 жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан бойжеткендерге 17-18 жасқа дейін биік өкшелі аяқ киімді киюге болмайды. Себебі ондай аяқ киімдер табан күмбезінің дұрыс қалыптасуына байланысты аяқты тез шаршатады. Балалар мен жастардың аяқ киімдерінің өкшесі 1, 5-2 см болғанда табан күмбезі жақсы болып, табан еттері мен сіңірлері жақсы дамиды.
Бала туғаннан үш жасқа дейінгі жас кезінде баланың жүйке-бұлшық ет аппаратының аздап қозуы мен лабильділігі байқалады, бұлшық еттері әлі әлсіз болады. Бұлшық еттердің қызметі, негізгі қасиеті - жиырылуға байланысты орындалады. Жиырылу арқылы бұлшық ет қысқарып, оның жиырылу қабілетін көрсетеді. Бұлшық еттердің өсіп, жетілуі әр түрлі. Алғашқы жылы ең алдымен құрсақ етері дамып, кейіннен шайнау еттері жетіледі. Еңбектену мен жүруге байланысты жыл аяғында аяқ-қол және арқа еттері өсіп дамиды.
Баланың қимыл, қозғалысы. Жаңа туған нәресте денесінің аяқ-қолдарының қимылдары өте көп, бірақ ол дұрыс үйлеспеген еріксіз шым-шытырық қимылдар түрінде орындалады. Алғашқы дұрыс бағытталған қимылдар баланың 2-3 айлығында көріне бастайды: ең алдымен жарық көзіне немесе дыбыс шыққан жаққа басын бұрады. 3 айда шалқасынан жатқан бала аунап түсе алады, 7 айда отырады. Кейіннен заттарды ұстап үйренуге және еңбектеуге байланысты қолдарының ерікті қимылдары пайда болады. Бұл қимылдар көру арқылы кеңістіктен баланың алған мәліметтеріне байланысты туындайды. Баланың көру және қозғалыс жүйелері жеке-жеке қызмет атқарса, 3-6 айда бір-бірімен үйлесімді көру-қозғалыс жүйесіне айналады. Алғаш кезде көру арқылы тек қана сыртқы орта туралы мәліметтер жиналады. Кейіннен қозғалыстары көру жүйесінің бақылауында болып, біртіндеп, орындалатын күрделі қимылдарға айналады. Екінші белгі жүйесінің дамуы қозғалысты реттейтін жүйенің пайда болып, дамуына ықпалын тигізеді. Нәрестеде үлкендердің айтуы бойынша орындалатын қимылдар қалыптасады, ал соның негізінде саналы қозғалыс қимылдары жетіледі.
Қозғалыстың дамуы қозғалыс-тірек жүйесі мен жүйке жүйесінің дамып жетілуіне байланысты. Жүру, жүгіру, секіру, шапқылау т. б. күрделі қимылдар және оларды дұрыс бағыттау қабілеті 3-5 жаста жетіледі. Дегенмен мектепке дейінгі жастағы және 1-2 сынып оқушыларының қозғалысын дұрыс үйлестіру тетіктері еркін жетіле қоймайды. Бірақ олар күнделікті тіршілікке қажетті қимылдарды, жазу, сызу, сурет салу т. б. қозғалыс әрекеттерін игеріп үлгереді. Тұрақты жаттығу арқылы балаларда үйлесімді қозғалыс дамиды. Қозғалудың ең күшті дамуы 3-6 жаста байқалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz