Бухгалтерлік есепті 1С Бухгалтерия жүйесінде жүргізу



«1С Кәсіпорын» жүйесі (7.7 версия). 1С жүйесі қарапайым да күрделі бухгалтерлік есеп программасы болып саналады, ло әртүрлі меншік формасындағы және әртүрлі қызмет саласындағы кәсіпорындарда қолдануы мүмкін. Жүйесінің жұмысы мынадай негізгі үш компонентке негізделіп жасалған: «Оперативтік», «Бухгалтерлік есеп» және «Есептеу» компоненті.
Бухгалтерлік есеп компоненті кәсіпорынның шаруашылық қызметін қамтиды.Бұл шоттар жоспарын, операциялар мен проводкаларды және бухгалтерлік қорытынды есепті қамтамасыз етеді.Жинақтамалы шоттар бойынша көп өлшемді және деңгейді есеп жүргізуге мүмкіндік береді.Есептің қалған бөліктерінде, мысалы валюталық есеп, қосалқы шоттар және басқалары оның қосымша бөлігі болып табылады, кейде олар пайдаланбауы да мүмкін.Есеп ақшалай да, заттай да жүргізіледі.Көп өлшемді талдамалы есеп қорытындыларын әртүрлі бөліктерде алуға мүмкіндік береді.Құжаттарды жүргізу кезінде бухгалтер проводкаларды қолмен немесе автоматты түрде еңгізе алады.
«Жедел есеп» компоненті – белгілі бір уақытқа байланысты шаруашылық операцияларды басқаруға арналған.Бұл компоненттердің негізі қалдықтар немесе айналымдардың көп өлшемді есеп жүйесін құрайтын тіркелімдер болып есептеледі.Тіркелімдегі ресурстар қозғалысы Кіріс және Шығыс сияқты екі тәсілмен туындауы мүмкін, сонымен қатар бұл ереже тіркелімнің барлық ресурстары үшін орындалуы тиіс.Сонымен қалдықтар тіркелімі кірістелетін және шығысталатын ресурстар бойынша балансты белгілеп қана қоймай, оның «Жедел есеп» компонентінің негізгі тәсілі болып табылады.Барлық құжаттар кәсіпорынның шаруашылық қызметіндегі іс-әрекеттер тізбекті құрайды.Құжаттың басқа құжатқа қатысты жайғасымы күнімен, уақытымен, сонымен қатар тізбегінің бір күндегі бір уақытымен белгілеу қосымша шамасымен анықталады.Құжаттарды «кейінгі күнмен» өткізу және түзету ерекше факт болып есептелінеді және белгілі бір ережелер бойынша орындалады.»Жедел есеп» компонентінен оның кез келген күрделі есепті және кәсіпорынның экономикалық қызметінің әр бөлігі бойынша құрылымын ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін көруге болады.»Есептеу» компоненті арнайы алгоритмдер бойынша кезеңдік есептемені орындайды.Бұл компонентінің негізі болып, кезендік есеп беру деректері және олардың алдыңғы тарихы сақталған қорытынды есеп журналы болып табылады.Қорытынды есеп журналына міндетті түрде есеп беру обьектісі немесе басқа да анықтамалар жатады.Бұл анықтамалық бойынша есеп жүргізілетін обьектілер түрі анықталады.Журналдағы жол бір күннен бір жылға дейінгі кез келген кезең үшін, анықтамалықтағы бір обьекті бойынша қорытынды есеп беруді бейнелейді.Ақпаратты еңгізудің қолайлылығы ескеріледі.Құжаттарды толтырғанда алдын-ала қойылған параметр арқылы немесе сәйкес анықтамалықтан тандау арқылы мәндерді еңгізу жүзеге асырылады.Бір анықтамалықтың өзі есеп берудің бірнеше түріне қатысуы мүмкін онда ол үшін бірнеше журнал құрылады.Конфигурациялау сатысында икемделген есептеме журналының саны шектеусіз және шешілуге қажетті есептер санымен анықталады.Әр журналға күрделі есеп алгоритмі сәйкес келеді.Нақты алгоритмді сипаттау үшін «есептеу түрі» ұғымы енгізілген.Компоненттегі есептеу түрінің саны да шектелмеген.Есептеу алгоритмі арнайы тіл көмегімен сипатталады.Есептеу түріне мысалы ретінде, «айлықты есептеу», «табыс салығын» немесе «өтелімді «амортизацияны)» айтуға болады.Есептеудің бірнеше түрлетін қандайда бір белгі арқылы

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Бухгалтерлік есепті 1С Бухгалтерия жүйесінде жүргізу
1С Кәсіпорын жүйесі (7.7 версия). 1С жүйесі қарапайым да күрделі
бухгалтерлік есеп программасы болып саналады, ло әртүрлі меншік
формасындағы және әртүрлі қызмет саласындағы кәсіпорындарда қолдануы
мүмкін. Жүйесінің жұмысы мынадай негізгі үш компонентке негізделіп
жасалған: Оперативтік, Бухгалтерлік есеп және Есептеу компоненті.
Бухгалтерлік есеп компоненті кәсіпорынның шаруашылық қызметін
қамтиды.Бұл шоттар жоспарын, операциялар мен проводкаларды және
бухгалтерлік қорытынды есепті қамтамасыз етеді.Жинақтамалы шоттар бойынша
көп өлшемді және деңгейді есеп жүргізуге мүмкіндік береді.Есептің қалған
бөліктерінде, мысалы валюталық есеп, қосалқы шоттар және басқалары оның
қосымша бөлігі болып табылады, кейде олар пайдаланбауы да мүмкін.Есеп
ақшалай да, заттай да жүргізіледі.Көп өлшемді талдамалы есеп қорытындыларын
әртүрлі бөліктерде алуға мүмкіндік береді.Құжаттарды жүргізу кезінде
бухгалтер проводкаларды қолмен немесе автоматты түрде еңгізе алады.
Жедел есеп компоненті – белгілі бір уақытқа байланысты шаруашылық
операцияларды басқаруға арналған.Бұл компоненттердің негізі қалдықтар
немесе айналымдардың көп өлшемді есеп жүйесін құрайтын тіркелімдер болып
есептеледі.Тіркелімдегі ресурстар қозғалысы Кіріс және Шығыс сияқты екі
тәсілмен туындауы мүмкін, сонымен қатар бұл ереже тіркелімнің барлық
ресурстары үшін орындалуы тиіс.Сонымен қалдықтар тіркелімі кірістелетін
және шығысталатын ресурстар бойынша балансты белгілеп қана қоймай, оның
Жедел есеп компонентінің негізгі тәсілі болып табылады.Барлық құжаттар
кәсіпорынның шаруашылық қызметіндегі іс-әрекеттер тізбекті құрайды.Құжаттың
басқа құжатқа қатысты жайғасымы күнімен, уақытымен, сонымен қатар
тізбегінің бір күндегі бір уақытымен белгілеу қосымша шамасымен
анықталады.Құжаттарды кейінгі күнмен өткізу және түзету ерекше факт болып
есептелінеді және белгілі бір ережелер бойынша орындалады.Жедел есеп
компонентінен оның кез келген күрделі есепті және кәсіпорынның экономикалық
қызметінің әр бөлігі бойынша құрылымын ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін
көруге болады.Есептеу компоненті арнайы алгоритмдер бойынша кезеңдік
есептемені орындайды.Бұл компонентінің негізі болып, кезендік есеп беру
деректері және олардың алдыңғы тарихы сақталған қорытынды есеп журналы
болып табылады.Қорытынды есеп журналына міндетті түрде есеп беру обьектісі
немесе басқа да анықтамалар жатады.Бұл анықтамалық бойынша есеп
жүргізілетін обьектілер түрі анықталады.Журналдағы жол бір күннен бір жылға
дейінгі кез келген кезең үшін, анықтамалықтағы бір обьекті бойынша
қорытынды есеп беруді бейнелейді.Ақпаратты еңгізудің қолайлылығы
ескеріледі.Құжаттарды толтырғанда алдын-ала қойылған параметр арқылы немесе
сәйкес анықтамалықтан тандау арқылы мәндерді еңгізу жүзеге асырылады.Бір
анықтамалықтың өзі есеп берудің бірнеше түріне қатысуы мүмкін онда ол үшін
бірнеше журнал құрылады.Конфигурациялау сатысында икемделген есептеме
журналының саны шектеусіз және шешілуге қажетті есептер санымен
анықталады.Әр журналға күрделі есеп алгоритмі сәйкес келеді.Нақты
алгоритмді сипаттау үшін есептеу түрі ұғымы енгізілген.Компоненттегі
есептеу түрінің саны да шектелмеген.Есептеу алгоритмі арнайы тіл көмегімен
сипатталады.Есептеу түріне мысалы ретінде, айлықты есептеу, табыс
салығын немесе өтелімді амортизацияны) айтуға болады.Есептеудің бірнеше
түрлетін қандайда бір белгі арқылы біріктіру үшін есептеу тобы деген ұғым
енгізілген.есептеу тобына мысалы, - салық салынатын есептеулер, орташа
жалақыны есептеуге енетіндер және басқалар жатады.
Жүйенің негізгі мүмкіндіктері:
1С: Бухгалтерия жүйесі бухгалтерлік есептің барлық бөлімінде қолданылады:
• Банк және касса есебі;
• Негізгі құралдар және материалдық емес активтер есебі;
• Тауарлар есебі, өнім өндіру және қызмет көрсету;
• Валюталық операциялар;
• Ұйымдармен, алашашақтармен, берешектермен, есеп беруші тұлғалармен
өзара есеп айырысу есебі;
• Еңбекақы бойынша есеп айырысу;
• Бюджетпен есеп айырысу;
• Есептің басқа бөлігі.
Басқа да есеп жүргізу үшін өте икемді:
• Көп деңгейлі шоттар жоспарымен жинақтамалы есеп жүргізу;
• Бірнеше шоттар жоспарымен жұмыс істеу;
• Валюталық есеп;
• Көп деңгейлі талдамалы есеп;
• Өлшеміне байланысты көп деңгейлі талдамалы есеп;
• Сандық есеп;
• Бір деректер базасымен бірнеше кәсіпорындарда есеп жүргізу (желілік).
Программаға ақпараттарды енгізу бірнеше режимде:
• Қолмен енгізу режимі;
• Типтік операциялар режимі;
• Құжаттау режимі арқылы жүргізіледі.
Программа жеке немесе желі бойынша жұмыс істейді.Әр түрлі обьектілермен
бір уақытта жұмыс істеу үшін қолайлы көп терезелі интерфейспен қамтамасыз
етілген.Есептің қалған бөліктерінде, мысалы валюталық есеп, қосалқы шоттар
бойынша есеп ақшалайда, заттай жүргізіледі.Жүйеде әртүрлі валюталармен
жұмыс жасау қарастырылған.Валюта түрлері мен курстары бойынша анықтамалық
жасалған.
Кез келген бухгалтерлік программамен жұмыс тұрақты немесе шартты-тұрақты
деректерді пайдалану арқылы жүргізіледі.Сондықтан, бухгалтерлік программаны
жұмысқа дайындаудың ең бірінші, жауапты және кезеңі тұрақты немесе шартты-
тұрақты деректерді компьютерге енгізу болып табылады.Шартты-тұрақты
деректерді күнделікті жұмыс барысында да енгізуге болады. 1С: Бухгалтерия
программасында осындай деректерді сақтауға арналған анықтамалықтар мен
сыныптамалар бар.Олардың ішінде ең негізгісі Шоттар жоспары болып табылады.
Программамен жұмысты бастамас бұрын бухгалтер-пайдаланушы кәсіпорында
жүргізілетін негізгі есеп принцинципін және оны жүргізу барысында
қолданылатын шоттарды анықтап алып, оны қазақстандық шоттар жоспарына
ауыстыруы керек, осы шоттар негізінде бухгалтерлік есеп жүргізіледі және
керекті құжаттар алынады.Кәсіпорында нормативтік құжаттармен берілген
стандартты шоттар жоспары және басқа да арнайы шоттар жоспары
қолданылады.Шоттар жүйесі кәсіпорынның есеп саясатына байланысты.1С:
Бухгалтерия жүйесінде есепті бірнеше шоттар жоспарында жүргізілу
мүмкіндіктері қарастырылған.
Шоттар жоспары басты менюдің Амалдар (Операции) пунктінен Шоттар
жоспары (План счетов) бөлімін тандау арқылы іске қосылады.Шоттар
жоспарының әр жолы бухгалтерлік есептің нақты немесе қосалқы шоттың
көрсететін кестесінен тұрады:
Код – шоттың толық коды (нөмірі);
Атауы (Наименование) – шоттың қосалқы шоттың атауы;
Вал. – валюталық есеп жүргізу белгісі.Егер берілген шот немесе қосалқы
шот бойынша валюталық есеп жүргізілсе, онда Вал. бағанасы (+) таңбасы
қойылады;
Кол. – сандық есеп жүргізу белгісі.Егер берілген шот немесе қосалқы шот
бойынша сандық есеп жүргізілсе, онда Кол. бағанасы (+) таңбасы қойылады;
Заб. – баланстан тыс шоттар белгісі;
Акт. – активтік шоттар белгісі.Нақты мәндері мынадай мәндерді
қабылдайды: А – активтік, П – пассивтік, АП – активті-пассивтік;
Субконто 1,...,Субконто 10 – Субконто түрінің мәні, бағанада көртелген,
берілген шоттың талдамалы есебін анықтайды.Мысалы, кестеде көрсетілгендей
Субконто 1 бағанасындағы Негізгі құралдар бірінші деңгейдегі субконто түрі
– Негізгі құрал, ал Субконто 2 бағанасындағы екінші деңгейдегі субконто
түрі – Бөлімшелер екенін, яғни осы шот бойынша талдамалы есеп
жүргізілетінін білдіреді.
Егер жүйеде бірнеше шоттар қолданылатын болса, онда терезенін жоғарғы
жағында шоттар жоспарының атауы көрсетілген кескін (закладка) шығады.Кесте
шоттар жоспарын таңдау үшін сол кестенің бірін тандаған жеткілікті немесе
басты менюдегі Әрекет (Действия) пунктінен Шоттар жоспарын тандау
(Выбрать план счетов) командасын таңдау керек.
Шоттар жоспарымен жұмыс істеуге арналған пернелер:
• Ctrl+Shift+F және Ctrl+Shift+B – шоттар жоспарына өту;
• Ctrl+төменгі сызық – нақты шоттың қосалқы шотын қарап шығу немесе
менюдің Әрекет (Действия) пунктіндегі Келесі деңгей (Следуйщии
уровень) командасын танда;
• Ctrl+жоғарғы сызық – кері қайту үшін немесе менюдіңӘрекет (Действия)
пунктіндегі Алдыңғы деңгей (Предыдущии уровень) командасын
таңдау.Нақты шотты іздеу үшін пернелер тақтасынан сол шоттың нөмерін
таңдау жеткілікті.
Жаңа шот немесе қосалқы шот еңгізу үшін келесі амалдар орандалады:
• Шоттар жоспары терезіндегі құралдар тақтасынан --- кнопкасын таңдаңыз
немесе
• Ins пернесін басыңыз немесе
• Программаның басты менюсіндегі Әрекет (Действия) пунктіндегі Жаңа
(Новый) командасын таңдаңыз.Шоттарды өзгерту үшін басты менюдің
Әрекет (Действия) пунктіндегі Өзгерту (Изменить) командасын
таңдаңыз немесе
• --- шоттар жоспары терезесінің құралдар тақтасын --- кнопкасын немесе
Shift+Enter пернелерін басыңыз.Жеке терезелерге түзету еңгізу
барысында түзетуді аяқтағаннан кейін Ок кнопкасын немесе терезені
басу керек.Құралдар тақтасындағы --- кнопкасы немесе Enter пенесі
еңгізілген жазуды сақтайды.
Шоттар диалогта қарау үшін келесі іс-әрекеттердің бірін орындаңыз:
• Шоттар жоспары терезіндегі құралдар тақтасынан --- кнопкасын таңдаңыз
немесе
• Программаның басты менюсіндегі Әрекет (Действия) пунктіндегі Қарау
(Просмотр) командасын таңдаңыз.

Шотты көшіру.
Шотты немесе қосалқы шотты шоттар жоспарына көшіру, бар шотты немесе
қосалқы шотты көшіру арқылы енгізілуі мүмкін.Ол үшін курсорды керекті шотқа
немесе қосалқы шотқа қойып, келесі әрекеттердің бірін орындау жеткілікті:
• F9 пернесін басыңыз немесе
• Шоттар жоспары терезесінің құралдар тақтасынан --- кнопкасын таңдаңыз
немесе
• Программаның Әрекет (Действия) пунктіндегі Көшіру (Копировать)
командасын таңдаңыз.

Шоттарды жою.
Шоттар жоспарына еңгізген шоттар пайдаланушымен жұмыстың барысында жойылуы
немесе жойылуға белгіленуі мүмкін.Шотты қосалқы шотты жою үшін немесе жоюға
белгілеу үшін курсорды сол шотқа қойып, келесі іс-әрекеттердің бірін
орыңдаңыз:
• Del пернесін басыңыз немесе
• Шоттар жоспары терезіндегі құралдар тақтасынан --- кнопкасын таңдаңыз
немесе
• Менюдің Әрекет (Действия) пунктіндегі Жою (Удалить) командасын
таңдаңыз.
Экрандағы сұранысқа Иә (Да) деп жауап бергеннен кейін таңдалған шот
жойылады.

Жойылуға белгіленген белгіні алып тастау.
Шоттағы қосалқы шоттағы белгіні алып тастау үшін курсорды керекті
шотқақосалқы шотқа қойып келесі әрекеттердің бірін таңдаңыз:
• Del пернесін басыңыз немесе
• Шоттар жоспары терезіндегі құралдар тақтасынан --- кнопкасын таңдаңыз
немесе
• Менюдің Әрекет (Действия) пунктіндегі Жоюдағы белгіні алып тастау
(отменить пометку на удаление) командасын басыңыз.
Егер шоттың деректермелері қайталанатын болса, онда ең соңғы еңгізілген
деректемелер ғана емес, алдыңғы еңгізілген деректемелер күнімен қоса
сақталады.Әр шот бойынша оның мәнін өзгерту тарихы, басқа шоттардың
тарихына тәуелсіз сақталадыү

Анықтамалықтар.
Талдамалы есеп жүргізу және алғашқы құжаттарды құру барысында
анықтамалықтардың құрылымын пайдалану ең негізгі ақпарат болып
табылады.1С Бухгалтерия жүйесінде көп деңгеңгейлі анықтамалықтар (10
деңгейге дейін) ұйымдастыруға болады. Бұұл шоттар бойынша шоттар көп
деңгейлі талдамалы есеп жүргізуге мүмкіндік беріледі.Жүйеде бағынышыты
анықтамалықтар механизмі қарастырылған.Мұндай механизм әр түрлі
анықтамалықтардың элементтерін бір-бірімен, мысалы, кәсіпорынмен жасалған
шартты, тауарлар мен олардың өлшем бірілігі, тағы басқаларын
байланыстыруға мүмкіндік береді.Бағынышты анықтамалықтардағы әрбір
элемент негізгі анықтамалықтың нақты бір элементімен байланысты.Жұмыс
барысында бағынышты анықтамалық терезесінен таңдалған элементтер жиынтығы
негізгі иеленуші анықтамалықтың ағңымдағы элементі болып табылады.Мысалы,
ұйымның анықтамалығында курсор нақты ээлементке қойылған болса, онда оның
бағынышты келісім шарттар анықтамалығында тек ағымдағы ұйымның келісім
шарттары туралы деректер шығарады.
Анықтамалықпен жұмыс екі режимде жүргізіледі:
• Анықтамалықтан элементті таңдау;
• Анықтамалықтағы элементтерді түзету және қарап шығу.
Қарап шығу және таңдау режимніде анықтамалықтарды программаның басты
менюнен, құралдар тақтасынан. Басқа формалардың немесе басқа амлдардың
кнопкасын ббасу арқылы ашуға болады.
Таңдау режимінде субконто мәнін,тұрақтыларды, басқа анықтамалық
деректемелерін немесе құжат деректемелерін енгізу үшін, F4 пернесін таңдау
арқылы анықтамалықты ашуға болады.Бұл екі режимнің айырмашылығы сонда
таңдау режимінде анықтамалықтан курсорды керекті элементке қойып, Enter
пернесін немесе құралдар тақтасынан керекті кнопканы басу арқылы
түзетілетін деректемені немесе тұрақтының мәні ретінде ағымдағы элементті
енгізе аласыз.
Анықтамалық формасына программаның басты менюінддегі Амалдар (Операции)
пунктінен Анықтамалық (Справочник) бөлімін таңдау арқылы қол жеткізуге
болады.Экранға жүйедегі тізімде бар анықтамалықтар тізімі шығады.
Маустың немесе перненің көмегімен тізімнен керекті анықтамалықтың атауын
тандап Ок кнопкасын басыңыз. Егер анықтамалық көп элементтен және көп
бағанадан тұрса, онда анықтамалық кестесіне оның нақты бөлігі шығады, ал
кестенің сол жағына және төменгі бөлігіне қарау сызығы шығады.Егер ағымдағы
анықтамалық үшін менюдің Әрекет (Действия) пунктіндегі Сатылы
(Иерархиялық) тізім командасы таңдалған болса, онда анықтамалық
бағанасының сол жағына жолдың типін көрсететін шартты белгілер шығады:
• --- бұл жолдың анықтамалық элементін көрсетеді
• --- бұл жол анықтамалық тобына сәйкес келеді.Топтардың тақырыбы
анықтамалық тізімнің жоғарғы жағында орналасқан.Маустың сол сол жақ
кнопкасын екі рет басу арқылы осы топқа кіретін анықтамалық элементін
таңдауға болады
• --- бұл жол қарап шығуға ашылған топтар атауын көрсетеді.Мұндай
жолдар анықтамалық атауы ретінде кестенің жоғарғы бөлігінде
орналасады және түзетуге болмайды. Маустың сол жақ кнопкасын осы
топқа екі рет басу арқылы топты жабуға болады.
Бұдан басқа анықтамалықтар элементін және анықтамалық тобын жоюға
арналған шартты белгілер болуы мүмкін.

Анықтамалықты қарап шығу.
Анықтамалықтағы жолдың екі түрі болуы мүмкін: анықтамалықтың элементі
және анықтамалық тобының атауы. Анықтамалықтағы топты ашу келесі
тәсілдердің бірімен орындалуы мүмкін:
• Кестедегі керекті топ атауының таңбасына маустың көмегімен екі рет
басу немесе
• Курсорды керекті топ атауына қойып Ctrl+төменгі сызық немесе
• Курсорды керекті менюдегі Әрекет (Действия) пунктіндегі Келесі
деңгей (Следуйшии уровень) командасын таңдау.
Осы әрекеттердің нәтижеснде таңдалған топ ашылады --- таңбасы ---
таңбасына ауысады. Осы топ атауы және жоғарғы деңгейдегі барлық топтардың
атауы кестенің бірінші жолында көрсетіледі. Алдыңғы деңгейге қайта оралу
үшін Ctrl+жоғарғы сызық пернесінің командасын басыңыз.Егер бірнеше
деңгейді аттап өткіңіз келсе, керекті жолдағы топ атауының таңбасына ---
маустың көмегімен екі рет басыңыз.

Топтың бұтақ тәріздес түрін қарап шығу.
Топтың бұтақ тәріздес түрінің құрамы анықтамалқытағы топтың атауынан
тұрады және ол біріншіден, анықтамалықтың құрылымын қарап шығу үшін,
екіншіден, анықтамалықтың нақты тобына кіретін элементтерге тез өту үшін
ыңғайлы. Бұтақтағы + таңбасы осы бұтақтың ішінде қосалқы бұтақ барын
білдіреді. Топты ашу маустың көмегімен таңбаға екі рет басу арқылы
асырылады + таңдасы - ке ауысады. Ал топты жабу үшін - таңбасын
маустың көмегімен екі рет басу жеткілікті.

Анықтамалық элементтерін реттеу.
Анықтамалық терезесі көруге немесе элементтерді таңдауға ашылғанда оны
коды, элементтерінің атауы немесе кез келген деректемесі бойынша реттеуге
болады.Реттеуді программаның басты менюсіндегі Әрекет (Действия)
пунктіндегі Реттеу (Сортировка) командасын таңдау арқылы
орындалады.Реттеуді жылдамдату үшін келесі пернелер қосындысы қолданылады:
• Ctrl+1 элементті коды бойынша реттеу
• Ctrl+2 элементті атауы бойынша реттеу
• Ctrl+3 кез елген деректеме бойынша реттеу.

Анықтамалыққы жаңа элемент еңгізу.
Анықтамалыққа жаңа элемент еңгізу үшін келесі амалдар орындалады:
• Анықтамалық терезесіндегі құралдар тақтасынан --- кнопкасын таңдаңыз
немесе
• Ins пернесін басыңыз немесе
• Программаның бас менюсіндегі Әрекет (Действия) пунктіндегі Жаңа
(Новый) командасын таңдаңыз.
Анықмалықтағы элементтерді түзету үшін курсорды түзетілетін ұяшыққа
Enter пернесін басыңыз немесе маустың көмегімен сол элементке екі рет
басыңыз. Егер түзету элементтерді таңдауға ашылған анықтамалықта болса,
онда түзету режимінен ұяшықтарға өту Shift+Enter пернелерінің көмегімен
орындалады. Деректемелерді түзету барысында жолдың басқа бағанасына өту
үшін Tab және Shift+Enter пернелері қолданылады. Деректемелердегі
өзгерістерді аяқтау үшін құралдар тақтасындағы --- кнопкасын немесе Enter
пернесін басу керек. Ал, түзетуден бас тарту ұшін Esc пернесін
басыңыз.Қарап шығу көп пайдаланымды режимде, яғни бір ақпатар қорымен бір
уақытта бірнеше пайдаланушы жұмыс істеген кезде қолданылады. Анықтамалық
элементтерін қарап шығу үшін курсорды жолдың керекті элементіне қойып,
келесі іс-әрекеттердің бірін орындаңыз:
• Анықтамалық терезіндегі құралдар тақтасынан --- кнопкасын таңдаңыз
немесе
• Менюдің Әрекет (Действия) пунктіндегі Қарау (Просмотр) командасын
таңдаңыз.

Анықтамалықтың элементтерін жою (жоюға белгілеу).
Анықтамалықтан жою және жоюға белгілеу үшін курсорды керекті элементке
қойып келесі іс-әрекеттердің бірін орындаңыз:
• Del пернесін басыңыз немесе
• Анықтамалық терезесіндегі құралдар тақтасынан --- кнопкасын таңдаңыз
немесе
• Менюдің Әрекет (Действия) пунктіндегі Жою командасын таңдаңыз.
Экрандағы сұранысқа Иә деп жауап бергеннен кейін, элемент жойылады.

Жойылуға белгіленген белгіні алып тастау.
Анықтамалық элементтеріндегі белгіні алып тастау үшін курсорды керекті
элементке қойып, келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
• Del пернесін басыңыз немесе
• Анықтамалық терезесіндегі құралдар тақтасынан --- кнопкасын таңдаңыз
немесе
• Менюдің Әрекет (Действия) пунктіндегі Жолдағы белгіні алып тастау
(Отменить пометку на удаление) командасын таңдаңыз.
Экрандағы сұранысқа Иә деп жауап бергеннен кейін, анықмалықтағы
элемент қайта қалпына келеді, яғни белгіні алып тастайды.

Анықтамалық элементін көшіру.
Жаңа элемент немесе элементтер тобын көшіру, анықтамалықта бар элементтерді
немесе элементтер тобын көшіру арқылы еңгізілуі мүмкін.Ол үшін курсорды
керекті элементке немесе элементтер тобына қойып, келесі әрекеттердің бірін
орындау жеткілікті:
• F9 пернесін басыңыз немесе
• Шоттар жоспары терезесінің құралдар тақтасынан --- кнопкасын таңдаңыз
немесе
• Программаның Әрекет (Действия) пунктіндегі Көшіру (Копировать)
командасын таңдаңыз.

Тұрақтылар анықтамалығы.
Кәсіпорын жайлы барлық ақпарат Тұрақтылар тізіміне еңгізіледі.
Анықтамалықтың ыңғайлылығы сонда, оған ақпарат бір рет еңгізіліп, құжат
құру, нәтижелерді есепте, есеп беру құжаттарын алу барысында көп рет
қолданылады. Белгілі бір құжаттарды кәсіпорынның атауына өзгеріс еңгізу
жеткілікті, ал құжаттардағы барлық осы тұрақты кездесетін жол автоматты
түрде өзгереді.
Тұрақтылар анықтамалығы экранға программаның басты менюінің Амалдар
(Операции) пунктінен Тұрақтылар (Константы) бөлімін немесе құралдар
тақтасынан --- кнопкасын таңдаңыз.
Жаңа жол еңгізу үшін келесі эрекеттердің бірін орыңдаңыз:
• Тұрақтылар тарихы терезеснің құралдар тақтасынан --- кнопкасын
басыңыз немесе
• Ins пернесін басыңыз немесе
• Программаның бас менюсіндегі Әрекет (Действия) пунктіндегі Жаңа
жол (Новая строка) командасын таңдаңыз.
Кестеге күнін және тұрақтының мәнін енгізуді сұраған жаңа жол
енгізіледі. Тұрақтылар тарихына жаңа жол енгізуден бас тарту үшін Esc
пернесін басңыз.
Жаңа жолды тұрақтылар анықтамалығына бар мәнді көшіру арқылы енгізеді. Ол
үшін курсорды керекті жолға қойып келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
• F9 пернесін басыңыз немесе
• Шоттар жоспары терезесінің құралдар тақтасынан --- кнопкасын таңдаңыз
немесе
• Программаның Әрекет (Действия) пунктіндегі Жолды көшіру (Копировать
строку) командасын таңдаңыз.
Керекті түзетулерді орындағаннан кейін Enter пернесін басыңыз.
Тұрақтылар тарихынан жолды жою үшін курсорды керекті жолға қойып, келесі
әрекеттердің бірін орындаңыз:
• Del пернесін басыңыз немесе
• Шоттар жоспары терезіндегі құралдар тақтасынан --- кнопкасын таңдаңыз
немесе
• Менюдің Әрекет (Действия) пунктіндегі Жолды жою (Удалить строку)
командасын таңдаңыз.
Экрандағы жолды жою туралы сұранысы шығады. Иә деп жауап бергеннен
кейін, Тұрақтылар тарихынан жол жойылады.

Проводкаларды тексеру анықтамалығы.
1С: Бухгалтерия программасында провокалардың дұрыс толтырылуын
бухгалтерлік есеп методология тұрғысынан тексеруге арналған арнайы
Проводкаларды тексеру механизмі еңгізілген.
Проводкаларды тексеру механизмі пайдаланушының көмегімен алдын-ала
еңгізілген проводкалардың тізімінен тұрады, проводкаларды қарап шығуға және
түзетуге болады Журналға енгізілген проводкалар осы тізіммен салыстырылады,
егер енгізілген проводка тізімде жоқ болса экранға қосымша ақпарат шығады.
Проводкаларды тексеру 1С:Бухгалтерия программасында келесі режимдердің
бірін пайлану арқылы орындалады:
• Операциялар үлгісінде. Менюдің Әрекет (Действия) пунктінен
шақырылады және ағымдағы операция проводкаларын тексереді.
• Операцияларды қолмен немесе типтік операция режимі арқылы енгізу
барысында. Операцияны жазған сайын орындалады, егер жүйенің
параметрінде Операцияны жазу барысында тексеру опциясы қойылған
болса (Сервис-Параметрлер-Операция).
• Операциялар журналында. Менюдің Әрекет (Действия) пунктінен
шақырылады және журналға дәл қазір бейнеленген операция проводкаларын
ағымдағы жайғасымен бастап төмен қарай тексереді.
• Проводкалар журналында. Менюдің Әрекет (Действия) пунктінен
шақырылады және журналдағы дәл қазір бейнеленген операция
проводкаларын ағымдағы жайғасымнан бастап төмен қарай тексереді.
Осы сипатталған жағдайлардың бірінен Проводкаларды тексеру режимін
шақыру барысында әр тексерілетін проводка Проводкаларды тексеру тізімімен
салыстырылады. Егер тексерілетін проводканың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1С Бухгалтерия бағдарламасы туралы ақпарат
“1-с бухгалтерия” бағдарламасы
1С бухгалтерия бағдарламасы
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Жоспарлы төлем тәртібі және есеп айрысудың синтетикалық есебі
1С: бухгалтериядағы банк операциялар есебі
Кассирдің касса есебін дайындау тәртібі және құжаттарды рәсімдеу
Бухгалтерлік есептің және аудиттің ақпараттандырылған жүйелерінің қолданыстағы бағыттары
Кассадағы операциялар есебі
Бухгалтерлік есепті компьютеризациялау
Пәндер