Мәліметтердің жоғалуы және қалпына келтірудің негізгі тәсілдері



КІРІСПЕ

1.ТАРАУ. МӘЛІМЕТТЕРДІҢ ЖОҒАЛУЫ ЖӘНЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДІҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕРІ
1.1.Неліктен мәліметтер жоғалады
1.2.SMART . қатқыл дисктің өзін.өзі тестілеу технологиясы
1.3.Мәлiметтерлердi сәтті қалпына келтiруi ықтималдығы
1.4.Қатқыл дисктегі мәліметтерді қалпына келтіру амалдары
1.5.Мәліметтерді DVD және CD дисктерінен қалпына келтіру

2.ТАРАУ. МӘЛІМЕТТЕРДІ ҚАЛПЫНАКЕЛТІРУ УТИЛИТТЕРІ 2.1.Мәліметтерді қалпына келтіру бағдарламасының жұмысы
2.2.ISOBuster
2.2.WinHex
2.4.CardRecovery
2.5.Recuva

ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланған әдебиеттер
Мәліметтерді қалпына келтіру алғашқы компьютерлер пайда болғаннан бастап өзекті болды. Ақпаратты сақтарушылар үнемі жетілдірілуде, сонымен бірге бұл проблеманы шешудың жаңа жолдары пайда болуда.
Ақпарттарды жоғалтудың негізгі екі проблемасы бар. Бұл файлдарды жою(кездейсоқ немесе вирус әсерінен) және сақтаушының механикалық зақымдануы. Бұл екі жағдайда да жоғалған ақпаратты қалпына келтіру әдістері бар.
Қатқыл дисктің сенімділігі, маңызды мәліметтерді сақтау ақпарат көлемі әр онжылдықта екі еселенетін осы уақыттағыдай өткір болған емес.
Файлдарды қалпына келтіру алғаш DOS операциялық жүйесінің пайда болуымен мүмкін болды. DOS ОЖ авторы –Билл Гейтс.Билл Гейтс файлдарды қалпына келтірудің мейлінше қарапайым тәсілін пайдаланды.
DOS операциялық жүйесінде файлдарды жою үшін файл атына символдың бірінші әріпін алмастыру әдісі қолданылған болатын. Нәтежиесінде файл жойылмайды, тек операциялық жүйеге көрінбейді. Қорта келгенде файл ешқайда жоғалып кеткен жоқ, тек басқа атпен қатқыл дискте қалды.
Орнына жаңа ақпараттар жазылғанша мұндай файлдарды ешқандай қиындықсыз қалпына келтіруге болады. Бірақ мұндай жағдайларда арнайы бағдарламалар көмегімен қатқыл дисктің қозғаусыз кластерлерінен мәліметтерді ішінара қалпына келтіруге болдады.
1. Гультяев А.К. Восстановление данных 2-е изд.// Восстановление данных на жестких дисках с. 339-344 Питер 2006 ж.
2. http://www.piriform.com/recuva // Recuva
3. Технология SMART. http://www.izcity.com/data/soft/article1094.htm
4. Обзор программ для восстановления удаленных файлов. http://antsar.info/obzor-programm-dlya-vosstanovleniya-udalennykh-failov
5. Как работают программы восстановления данных. http://www.scorpionfin.com/index.php?option=com_content&view=article&id=148:2010-06-13-10-07-07&catid=39:2010-05-30-09-23-07&Itemid=61
6. Компьютерная помощь: восстановление данных. http://doktorkompov.ru/vosstanovlenie.php
7. Восстановление данных с DVD и CD дисков.http://citforum.ru/hardware/cd/cd_dvd_recovery

Қазақстан Республикасының
Білім және Ғылым Министрілігі
Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия Ұлттық Университеті
Ақпараттық жүйелер факультеті
Есептеу техникасы кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: МӘЛІМЕТТЕРДІҢ ЖОҒАЛУЫ ЖӘНЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДІҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕРІ

ЕТБҚ мамандығы бойынша

Жұмысты орындаған:
Курстық жұмысты қабылдаған:

КІРІСПЕ

Мәліметтерді қалпына келтіру алғашқы компьютерлер пайда болғаннан бастап өзекті болды. Ақпаратты сақтарушылар үнемі жетілдірілуде, сонымен бірге бұл проблеманы шешудың жаңа жолдары пайда болуда.
Ақпарттарды жоғалтудың негізгі екі проблемасы бар. Бұл файлдарды жою(кездейсоқ немесе вирус әсерінен) және сақтаушының механикалық зақымдануы. Бұл екі жағдайда да жоғалған ақпаратты қалпына келтіру әдістері бар.
Қатқыл дисктің сенімділігі, маңызды мәліметтерді сақтау ақпарат көлемі әр онжылдықта екі еселенетін осы уақыттағыдай өткір болған емес.
Файлдарды қалпына келтіру алғаш DOS операциялық жүйесінің пайда болуымен мүмкін болды. DOS ОЖ авторы - Билл Гейтс.Билл Гейтс файлдарды қалпына келтірудің мейлінше қарапайым тәсілін пайдаланды.
DOS операциялық жүйесінде файлдарды жою үшін файл атына символдың бірінші әріпін алмастыру әдісі қолданылған болатын. Нәтежиесінде файл жойылмайды, тек операциялық жүйеге көрінбейді. Қорта келгенде файл ешқайда жоғалып кеткен жоқ, тек басқа атпен қатқыл дискте қалды.
Орнына жаңа ақпараттар жазылғанша мұндай файлдарды ешқандай қиындықсыз қалпына келтіруге болады. Бірақ мұндай жағдайларда арнайы бағдарламалар көмегімен қатқыл дисктің қозғаусыз кластерлерінен мәліметтерді ішінара қалпына келтіруге болдады.
Файлдарды қалпына келтіру кейінгі Windows операциялық жүйелерінде де мүмкін болды. Windows 95-тен бастап алдын-ала файлдарды жою әдісі - бәрімізге үйреншікті корзина қолданыла бастады. Корзинада жатқан файлды қалпына келтіру оңай. Ал корзина тазаланған болса немесе файлдар қандайда бір бағдарламамен немесе вируспен жойлған болса не істеуге болады? Онда DOS-та қолданылған тәсіл көмекке келеді.
Қазіргі уақытта файлдарды қалпына келтірудің көптеген әдістері бар.Курстық жұмыс тақырыбы:Windows-та жойлған файлдарды қалпына келтіру
Курстық жұмыстың мақсаты мәліметтерді қалпына келтіру бағдаламаларын үйрену және талдау жасау.
-Қойылған мақсатқа жету үшін келесі тапсырмаларды онындау керек:
-Мәліметтердің жойылу себебін анықтау;
-Мәліметтерді қалпына келтіретін бағдарламаларға талдау жасау;
-Мәліметтерді жоғалтпау әдісін табу;
-Жасалған зерттеулерден қорытынды жасау.

1-ТАРАУ. МӘЛІМЕТТЕРДІҢ ЖОҒАЛУЫ ЖӘНЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДІҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕРІ
1.1.Неліктен мәліметтер жоғалады
Көптеген қолданушылар маңызды документтерімен жеке мәліметтерін қатқыл дискке сақтағанмен де, өзгелері сақтаудың басқа түрін - жиналмалы сақтаушыны қолданады.
Егер осы айтылған түрлердің қайсысы сенімді деген сұрақ туса,онда еш күмәнсіз біріншіні айтуға болады.Неліктен жиналмалы сақтаушыны соншалықты қолайсыз, жаман? Олар жаман емес,жай олар өзінің сенімсіздігімен ерекшеленеді.Айталық, дисктер оңай жырылып, құлап немесе сынып қалуы мүмкін. Кейбір физикалық немесе механикалық әсерлер Flash - сақтаушыны оңай істен шығара алады. Дегенмен, қазіргі ғылым мен заманауи техниканың көмегімен (арнайы құралдар) қатты зақымдалған сақтаушыдан мәліметтерді қалпына келтіру мүмкін болды.Қатқыл дискке келер болсақ, олар ақпарат сақтаудағы ең сенімді нұсқа болып табылады.
Неліктен мәліметтер жоғалуы болады?Осындай сұрақттарлы көптеген қолданушылар қояды.Шынымен де оның көптеген себептері болуы мүмкін.Олардың негізгілері:
1.Файлдар байқаусыздан немесе білмеусіздіктен жойылуы мүмкін.Егер олар Windows-тың жәшігінде болса,оларды қайтару арнайы құрылғысыз орындалады.Керісінше болған жағдайда мәліметтерді қайтару программасын қолдану керек болады.
2.Қолданушы қатқыл дисктегі мәліметтердің бір бөлігін форматтап немесе абайсызда өшірген жағдайда.
3.Қосымша (приложение) қате жұмыс жасамағанда және файл дұрыс сақталмаған кезде.
4.Зиян бағдарламалар файлды қатқыл дискіден өзгертіп немесе өшіріп жібергенде.
5.Аппараттық қалпына келтірілмеу немесе механикалық залал келу дербес файлдар немесе бүкіл дискіге Windows-тің қол жетімдігіне шектеу қояды.
Мәліметтер жоғалуының осы себептерін тек маман шығара алады. Диагностика нәтижесіне байланысты, ол мәліметтерді қалпына келтіру тәсілін белгілейді.Бірақ көбіне мәліметтердің жоғалуы қолданушының өзінің байқаусызда керекті ақпараттарды жойып алуынан болады.Бұл жағдайлардың қайсысы болса да файлдар мен бумалардықалпына келтіруі мүмкін.Ең бастысы кеш болмай тұрып уақытында қалпына келтіру процессін бастау керек.Алайда мәліметтерді қалпына келтіру әдісі дұрыс таңдалмаса, компьютеріңізге зиян келуі мүмкін, ал бұл болса қалпына келтіру мүмкіндігін бірден азайтады.

1.2.SMART - қатқыл дисктің өзін-өзі тестілеу технологиясы

SMART технологиясы - Self Monitoring Analysis and Reporting Technology,Өзін-өзі тексеру, талдау және есеп беру технологиясы деп аударылады. SMART - бұл қатқыл дисктің өзін-өзі тестілеу технологиясы, яғни қатқыл диск өзінің жағдайын өзі тексеріп отырады. Жинағыштың параметрлерін бақылауды орындайтын, қолданушыға құрылғының апат алдындағы жағдайын алдын-ала ескертетін арнайы бағдарлама.
Қатқыл дисктің денсаулығына объективті баға беру мүмкіндігі уақытында мәліметтердің резервті көшірмесін жасауға немесе жинағышты қатардан шығаруға дейін алмастыруға рұқсат береді . Көптеген жағдайларда бұл елеулі уақыт және ақша үнемдейді, өйткені қазіргі уақытта бизнестің маңызды құрауыштарының бірі - ақпарат.
SMART технологиясының қазiргi даму сатысы келесi бөліктерге негiзделедi:
oo Жинағыштың маңызды параметрлерінің мағыналарын қадағалау;
oo Бұзылған секторларды ауыстыру;
oo Дисктің жұмысын арнайы жазба журналдарының көмегімен жазу;
oo Жинағыштың жағдайына баға беретін ішкі тестерді орындау;
Қатқыл дисктің күйін бағалауда назар аудару керек негізгі сыни(критикалық) атрибуттар:
oo Raw Read Error Rate(Төмен деңгейлі оқудың қателік процеті) - оқу қателіктерінің пайда болу жиілігі;
oo Spin Up Time(Айналдыру уақыты) - дисік пакеттерінің тыныштық күйден жұмыс жылдымдығына дейін айналу уақыты;
oo Spin Up Retry Count (Айналдырудың қайталану санауышы) - бірінші әрекет сәтсіз болған жағдайда, дискті айналдырудың қайталау саны;
oo Seek Error Rate (Іздестіру қателігі проценті ) - басты блоктің орынын анықтаудағы қателік жиілігі;
oo Reallocated Sector Count (Ауыстырылған секторлардың санауышы) - Бұзылған секторларды ауыстыру саны.
Төменде сыналмайтын(критикалық емес) атрибуттардың толық емес тізімі берілген, алайда, олар жинағыштың жұмыс көрсеткіштеріне тікелей әсер етеді.
oo StartStop Count (Қосутоқтау санауышы) - шпинделдің қосутоқтатуының толық саныЖ
oo Power On Hours (Жұмыспен өтелген уақыт) - қосылған күйде өткізілген уақыт саны;
oo Drive Power Cycle Count (Жинақтағыштың қосуларын санауыш) - дисктi қосып - өшірудің толық айналымдарын саны;
oo Temperature (Температура) - кірістірме жылу датчигінің көрсеткішімен дисктің температурасы(Цельсий градусында).

1.3.Мәлiметтерлердi сәтті қалпына келтiруi ықтималдығы

Мәліметтерді қалпына келтірудегі мүмкіндіктер ең алдымен оның жоғалу себептеріне байланысты болады.
Жәшік. Егер мәлiметтер Windows-тың жәшігінде сақталса, оларды ешқандай қиындықсыз ОЖ-нің өз құралдарымен қалпына келтіруге болады, себебi файл өшірілмеген ол тек Recycler папкасына аударылған болады.Жәшік белгiсінің үстінен екі ретшертсек,оның ішіндегі барлық файлдарды көрсетеді. Тышқанның оң батырмасымен файлдың белгiсi бойымен шертiп жiберiңiз және ашқан мәзiрденфайлды қалпына келтiруді таңданыз, сонда файл өзінің бастапқыорнына қайтарады.
Жәшіктің сыйымдылығы дисктiң 5 - 10%-дық өлшемiмен шектеледі. Орын біткен жағдайда Windows ескi файлдарды автоматты түрде өшіріп тастайды,ал бұл жағдайда қалпына келтiру функциясы көмектеспейдi.
Файл жәшікте болмайды. Егер файлдар ескіруіне байланысты өшіріліп қойған болса немесе тiкелей ешқандай аралықсыз жәшікке жіберіліп өшірілген болса, жағдай қиын болады.Windows-та мұндай файлдарға қол жеткiзу құрылғысы жоқ.
Олар қатқыл дисктің ОЖ-сінің файлдық жүйесінде және файлды кестенің негізіде (MFT - Master File Table) жоқ болуына байланысты, Windows олардың алып тұрған орны мен жазылуларын басқа файл үшін босатады.Көбіне олар толығымен, ішінара арнайы бағдарламаның көмегімен қалпына келуі мүмкін.Бірақ бұл үрдіс тез орындалуы тиіс, әйтпесе Windows оларды жоғалтуы мүмкін.
Қалпына келу үрдісі неғұрлым тез орындалуы, оның барлық мәліметтерін аман алып қалуына мүмкіндік береді.
Егер жоғалған файл дисктен жоғалмаса,бағдарлама көп жағдайда оны толығымен қалпына келтіреді.
Жақсы бағдарлама жойылған файлдың орнына басқа мәлімет жазылмаған жағдайда қалпына келтіре алады.
Өшірілген немесе форматталған дисктің бөлігі. Форматтау кезінде кез-келген дисктердің атауы толығымен тазартылады.Оған қарамастан жақсы реаниматор-бағдарламалардың көптеген файлдарды қалпына келтіруге шамасы жетеді.
Бағдарламалық қамтамасыз етуші мәліметтердің барлық бөлімдері өшірілен жағдайда да көмектесе алады.Егер бұдан кейін ешқандай жаңа бөлімдер пайда болмай файл әлі сақталса, онда олардың кейбіреулері қалпына келтіру бағдарламасы арқылы аман қалады.
Бірнеше рет қайта жазылған файлдар. Қауіпсіз өшірілу бағдарламасы көмегімен өшірілген (мысалға, Paragon Disk Wiper) және бірнеше рет басқа ақпарат жазылған файлдарды айтамыз.
"Ақпарат шынымен біржола өшірілді" бұл жағдайда ең жақсы мәліметтерді қайтару бағдарламасы мен зертхана мамандарының өздері көмектесе алмайды.
Механикалық дефект.Қатқыл диск механикалық құрылғылар сияқты жай ғана бұзылуы мүмкін. Ескі, шулы дисктердің бұзылғандығын қосқанда шығатын қатты дауысты дыбыстар және кенеттен пайда болатын дисктің "жыжылы" сияқты ақаулар арқылы байқауға болады.
Заманауи сақтаушыларда дефектінің пайда болуы тек кішкене сезілген белгілер арқылы көрінеді.
Ал бұл жағдайда мәліметтерді толығымен сақтап қалу үшін қолданатын операцияны тек маңызды ақпаратты қалпына келтіру зертханасындағы мамандарына алуға болады.

1.4.Қатқыл дисктегі мәліметтерді қалпына келтіру амалдары

Қатқыл дисктегі мәліметттерді қалпына келтірудің жойылу себебіне байланысты екі түрлі тәсілі бар.
Бірінші жағдайда, қатқыл дисктің механикалық зақымдалуына байланысты мәліметтердің өшірілуі.
Қатқыл диск - бұл өте сезімтал құрылғы және оны винтестер немесе хард деп те атайды.Егер оның құрылғысына тереңірек үңіліп қарайтын болсақ, қатқыл дисктің магниттік бастарды санайтын және микросхеманы басқаратын көптеген жіңішке магниттік дискіден ("блиндер") тұратындығын көреміз.Қатқыл дисктің пластинасы мен басы гермозонда орналасады,яғни герметикалық қапталған және сыртқы ортамен байланысқан.
Аппараттық зақымдалудан кейін мәліметтерді қалпына келтіру өте киын болады, кей кездерде ол мүмкін болмайды.Өз қолымен гермозондағы бұзылуды немесе мәліметтерді дисктен алып тастау ақпаратты қайтарусыз жоғалтуға әкеледі,сондықтан мұндай үрдістерді арнайы "таза" бөлмеде орындау қажет.
Басқарушы микросхемадағы ақауларды жөндеу өз қолымен жасалады.Бұл жағдайда ең бастысы- термоәуелік дәнекерлегіш станция көмегімен дәнекерлеуді біру және қатқыл дисктегі донорлық түзетілудің артық болуы.
Донор дискісі мен " емделуші" дискісінен төлем - бақылауышлар алынады. Ақауы түзетілмейтін дисктің Жедел жадысы(тұрақты есте сақтайтын құрылғысы) түзетілетін қатқыл дисктің төлем - бақылауышларының термоәуелік дәнекерлегіш станция көмегімен "алынады" және "отырғызылады". Бұл қадам қазіргі заманауи винчестерлер Жедел жадысында орналасқан өзінің ерекше құрылғылары мен құрылыстары бар болғандықтан керек. Жедел жады бұзылған төлемнен түзетілген төлемге аударылғанда, жұмыс төлемін қатқыл дискіге қосуға болады.Мәліметтер ойдағыдай аман қалды.
Аппаратты бұзылулар мен ақаулардан басқа қатқыл дисктегі мәліметтердің жойылуы бағдарламалық ақау мен қолданушышың абайсызда өшіріп алуынан болады.Мұндай жағдайларда мәліметтерді арнайы бағдарламалық құрылғы-мәліметтерді қайтарып алу утилиті көмегімен орындау мүмкін болады.
FAT32 және NTFS Windows файлдық жүйесінде файлдар кестесінің көшірмесін құрылады.Мәліметтерді қалпына келтіру бағдарламасы арқылы негізгі файлдар кестесінен мәліметтерді қайта құруға болады.Файлды толық сақтап қалуға мүмкіндігі мейілінше көп болады.
Қатыл дисктегі мәліметтерді қалпына келтіру үшін утилитті таңдау пайда болған жағдайға байланысты болады. Мәліметтерді қалпына келтіру үшін қолданылатын утилит ақылы және ақысыз болады. Негізінен ақысыз утилиттердің аналогі ақылыға қарағанда әлдеқайда төмен болып келеді.
Мәліметтер жойылғаннан кейін қатқыл дискке неғұрлым аз қатынас жасалса, жойылған ақпаратты қайтаруға деген мүмкіндік соғұрлым көп болады. Сондықтан утилитті қалпына кетіп жатырған дискіге емес , басқа түзетілген дискке немесе жүктелген дискке орнату немесе жазу керек, ал қалпына келіп жатырған дискті винчестрі түзетілген компьютерге қосу керек.Сонымен қоса компьютерге қалпына келіп жатырған екінші қатқыл дискті қосуға болады. Ең бастысы қалпына келтіріліп жатырған дискке қатынас басқа дисктен болу тиіс!
Файлдар кестесінде жойылған мәліметтер туралы ақпарат болмаған жағдайда объектіні қалпына келтіру қиын болады.Бұл кезде бағдарлама винчестердің бос орындарын қарауға мәжбүр болып келеді.
Кейбір қалпына келтіргіш утилиттер табылған мәліметті номерленген файл ретінде сақтайды.
Сақтап қалғыш бағдарламалардың көбісі файлдарды атауымен тауып алады. Бұл жағдайда бағдарламалық қамтамасыз ету мәліметтердің бастапқы форматын қалпына келтіреді: тексттік файлда DOC форматында, ал суреттерді JPG форматында.
Бағдарламалардың көбісі , мысалы Microsoft Word жұмыс жасаған кезде тек таза, зақымдалмаған файлдарды талап етеді.Егер қалпына келтіру бағдарламасы документтің тек жартысын аман сақтап қалса ,онда бұл файлды Word аша алмайды.
Cондықтан қалпына келтіру бағдарламасының өндірушілері файлдардың кейбір типтері үшін арнайы жөндеуіш бағдарламалық қамтамасыздандыру функциясын енгізеді. Бұл Microsoft Office документтерін, JPG форматындағы суреттерді немесе TIFF және MP3 форматындағы өлендерді қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Сонымен, мәліметтер қатқыл дисктің жұмысы кезіндегі ақауларға, қатқыл дисктің форматталуы кезінде,қатқыл дисктің логикалық структурасы бұзылғанда және компьютерлік вирус кезінде жойылып кетуі мүмкін болып табылады.Бұл жағдайлардың әрқайсысының қалпына келтіру бағдарламасы болады.

1.5.Мәліметтерді DVD және CD дисктерінен қалпына келтіру

Сіз дискті DVD-ROM-ға салдыңыз, шырық жылпылдайды, диск айналымдарды алады және лақтырады, бірақ оның ішіндегіні өткізгіш(проводнк) аша алмайды немесе ішіндегілер көрініп тұр, алайда, керекті файлдарды көшіру мүмкін емес.
Мұндай жағдайға не алып келеді, қандай әрекет жасау мүмкіндіктері бар?
Бірінші вариант - жинақтауыштың қатысы жоқ.
Мәселе іс жүзінде операциялық жүйеде немесе вируста болуы мүмкін. DVD жетек құрылғыға(привод)бір-бірінен оптика сапасыменжәнетүзететін алгоритімдердің мүмкіншіліктерімен ерекшеленеді. Сонымен қоса линзаға дисктің оқылуына кедергі келтіретін кір немесе шаң қонуы мүмкін. Әр-түрлі жетектер бір-бірінен қолданылу жылдамдығының ауқымымен ерекшеленеді.
Сондықтан бірнішіден оқылмайтын немесе нашар оқылатын CD немесе DVD дискті басқа компьютерге немесе ноутбукте оқытып көру керек. Эксприментті нақтылығы үшін біреуіне істеу дұрыс емес. Сіздің компьютеріңізде оқылмайтын диск басқаында танылып және оқылуының нөлдік емес мүмкіндігі бар.
Екінші вариант, оның беткі қабаты ластанған.
Дисктің беткі қабатындағы лас, шаң және саусақ іздерімен күресу қиын емес. Оргтехникаға арналған арнайы сүлгімен жамылғыға зиян келтірмейтіндей етіп ласты тазалаймыз. Одан кейін құрғақ сүлгілермен мұқият сүртеміз және оны жете құрылғыға салып, оқытып көреміз.
Ортасынан шетіне қарай тазалған жөн, ешқашан дөңгелек қозғалыспен сүртпеу керек. Егер сүлгі астына ұнтақ түсіп, дискке зақым келтірсе радиалды жырық концентрлі сызаттан аз зиян келтіреді.
Ацетон, лакқа арналған еріткіш, керосин, бензин немесе басқада құрамында мұнай өнімдері бар заттарды қолдануға болмайды. Егер дискетегі ласты жою үшін қандай да бір еріткіш қодану кере болса. спирт құрамы бар еріткіштерді қолданған дұрыс.
Үшінші вариант-сызат.
Мұнда жылулық зақымданудың әр түрлі формаларын жатқызуға болады.
Сызаттарды жіктеудің екі түрлі әдісі бар:
1.Шағылыстыратын қабаттың тұтастығы бойынша.
а)Сызат шағылыстыратын бетке әсер еткен жоқ, тек поликарбонат беті зақымданған
b)Шағылыстыратын бет зақымданған.
2.Ені және орналасуы бойынша:
а) Жіңішке сызаттар. Сақтақталған ақпараттың жеткіліктілігі және привод қолданатын әр-түрлі алгоритмдер арқасында соншалықта қауіпті емес.
b)Күрделі сызаттар. Мәліметтердің көп бөлігі зақымдалғанынан басқа , қосыма проблемалар қосылады, мысалы, жетек құрылғылар мұндай жерде жолды жоғалтып келесісін оқуы мүмкін. Мұндай жағдайларда сәтті оқу көбіне жетек құрылғының мүлтіксіздігіне байланысты.
c)Концентрдік сызаттар- зақымданудың нашар варианты. Мұндай жағдайда түзетуші алгоритмдер көмектеспейтінімен қоса барлық сектор көп ақпарттармен бірге толығымен зақымданады.Өйткені олар және де орын анықтау жүйесінен жаңылады.
Ерекше зақымданулар компакт дисктің саңылаунан анық көрінеді.
Мұндай зақымдануларды полировка көмегімен түзетуге болады.
Полировканың әр-түрлі әдістері бар. Сызаттарды арнайы пастамен толтырудан, поликорбанаттың коэффицентіне жақын сыну коэффицетіне бастап, зақымдалған беткі қабатты жылыту көмегімен жою немесе тегістеуден аяқталады.
Төртінші вариант, дисктегі жарықшақ.
Жарықшақтардың екі түрі бар. Дисктің ортасынан шетіне дейін немесе керісінше. Ортасыннан болатын жарықшақтар микрозақымданулардын болады. Мұндай зақымдану дисктің ішкі радиусында ұқыпты пайдаланбаудан немесе дефектердің ақауларынан болады, одан кейін айналудың жоғарғы жылдамдығы жарықшағына өзгереді. Шеткі жақтағы жарықшақтар әдетте ұқыптты пайдаланбаудан болады, бірақ нашар баланс жасалған дисктерде тереңдей түседі.
Жинақтаушы осындай жаман зақымдалған мәліметтеррді қалпына келтіру үшін ең алдымен жарықшақтардың өсуіне жол бермейтін шаралар қолдану керек. Себебі бұл мәліметтерді толығымен қайтарылмастай етіп жоғалтуға және тіптен дисктің жетек құрылғылар ішінді жарылуына дейін жеткізуі мүмкін. Сондықтан ең болмағанда дисктің айналуын минималды жылдамдыққа дейін кеміту керек.
Алдымен жарықшақты жарқырату(засверлить) керек. Бұл үшін отқа қыздырылған, жіңішке инені қолданған дұрыс. Лупаның көмегімен жарықшақтың соңын көру және пластикке бірнеше миллиметр артығырақ тесік прокол жасау. Мұны дисктің бір жағынан емес, дисктің екі жағынан да дисктің қалыңдығының жартысына дейін пластикке ине сұғу керек.
Бұдан кейін жарықшақты ең ұлкен ұзындаққта желімдеген жөн. Бұл үшін жарықшақтың шетін сәл жүріп өтіп, суперклейді ұқыппты түрде ең аз мөлшерде жұқа қабат етіп жағамыз. Бұдан кейін шеттерін бір-біріне түйістіріп, қысамыз. Жетек құрылғы оптикасына кедергі келтірмейтіндей беттің тегіс болуын қадағалаймыз.
Төртінші вариант, жазылу барысында жаңылысуы және RW дискке жазып бітіру барысындағы сәтсіз әрекеттер.
Егер қателік мультисессиялық жинақтаушыға жазып бітіруге немесе ағымдағы жазуға қатысты болса программаның көмегімен алдыңғы ссесияларға қол жеткізуді байқап көруге болады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәйектілік принципі
Компьютерлік вирусология
Әртүрлі дәрежедегі ауырлықтағы денсаулыққа зиян келтіретін қылмыстар
Ақпарат саны
IР – телефондама желілерінің сапасына негізгі сипаттама
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргендік үшін қылмыстық жауаптылық
Мәліметтер базасының схемасын құру
Ауыл шаруашылығын көтеруге байланысты туындаған экологиялық проблемалар
Инсульттан кейінгі науқастарды оңалту әдістері
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК НАРЫҒЫ
Пәндер