Заңды тұлға және оның ұғымы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Респбликасының Білім және ғылым министірлігі

ҚазҚЗУ Гуманитарлық - заң колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: << Азаматтық құқық >>

Тақырыбы: Заңды тұлға және оның ұғымы

Орындаған: ПК-32 топ студенті

Айжан Амангелді

Жетекшісі: құқықтық пәндер оқытушысы

Абилхадирова. К. Б

Астана қ. 2015ж.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

I Заңды тұлғаның ұғымы, түсінігі . . . 6

1. 1 Заңды тұлға ұғымы және құқық субъектілігі . . . 6

ІІ Заңды тұлғаның түрлері . . . 12

2. 1 Коммерциялық ұйым және коммерциялық емес ұйым . . . 12

Қорытынды . . . 18

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 20

Кіріспе

Заңды тұлға дегеніміз адамның кез - келген жиынтығы емес, ұйымдық бірлігімен бөлшектенетін, яғни мақсаттарымен міндетпе, құқықтары айқын көрсетілген өз жарғысы және ережесе бар ұйымдық бірлік.

Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады [1] .

Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуы тиіс.

Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі Заңды тұлғаны екіге бөледі:

1. Коммерциялық;

2. Коммерциялық емес.

Өз қызметінің мақсаты ретінде табысын келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) заңды тұлға бола алады.

Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкін.

Коммециялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғамдар тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.

Жұмыстың маңыздылығы. Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен таңылған біріңғай субъектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық құқық ілімінде (теориясында) заңды тұлғаның, оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы (мәні), құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар. Олардың авторлары заңды тұлға институты қандай қоғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қаралмақ, мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның мән -мағнасы неле деген сауалдарға байланысты әртүрлі пікір білдіреді. Азаматтық құқық теориясына көп еңбек еткен көрнекті ғалым профессор С. И. Аскназий «мемлекттік ілімнің» авторы. Ол былай деп айтқан: «мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі турады да, шаруаылық қызметтің нақты саласында тізгінді өзі ұстайды» Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтындар оған» егер олай болса мемлекет өзімен- өзі құқықтық қатынаста болуы керек қой» деген уәж айтады [2] .

Ал ғалым Д. М. Генкин «әлеуметтік ақиқат» теориясын ұсынады, яғни онда ол қоғамдағы тауар айналымы қатынастарының тарихи- экономикалық заңдылығын басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде қажеттілікке орай реттелетінін айтады. Профессор Ю. К. Толстой «директор ілімін» алға тартты, оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші - директоры болып табылады.

Азаматтық құқықтануда О. А. Красавчиковтың «әлеуметтік байланыстар ілімі», А. А. Пушкиннің «ұйымдастыру ілімі», Е. А. Суховтың «мақсатты мүлік» тәрізді ғылыми тұжырымдары да айтарлықтай кең тараған. Сөйтiп, заңды тұлғағаға «адамдардың қатынасы» жөнінде әртүрлі пікірлер айтылған және де бұл орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның бірінде бұл адамдар заңды тұлға мүдесі үшін әрекет етеді, екіншісінде адамдардың әрекеті осы институтпен (саламен) реттеледі, үшіншісінде адамдардың әрекеті заңды тұлғаның әрекетінен көрінеді, ал кейде құқықтарды жүзеге асыруда, мәмілелерді жасауда оның еркі танылады [3] .

Кейбір авторлар бұл белгілерді біріктіруге тырысып, заңды тұлғаның сыртында оның құқықтары мен міндеттерін «жасырын» атқарушы тұратындығын дәлелдемек болады.

Заңды тұлға туралы ілімде осындай әр қилы пікірлер кездесуінің өзі оның күрделі құқықтық құбылысы екендігін анық дәлелдей түсінеді.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері, оның оның өзектілігімен дәрежесіне тікелей байланысты туындайды.

Осы курстық жұмысты орындау барысындағы алға қойылған мақсат - Азаматтық кодексте көрсетілген заңды тұлға тақырыбының өзектілігін ашып толық қанды сипаттау.

Осы мақсатты жүзеге асыруда алдымызға қойған ең негізгі міндеттер:

-ол заңды тұлға ұғымына тоқталу;

-осы заңды тұлға құрамына кіретін қатысушылардың құқықтық жағдайын, оның түрлерін ашып көрсету ;

- заңды тұлғаның түрлері коммерциялық заңды тұлға, коммерциялық емес заңды тұлға туралы ақпараттарды жинап зерттеу.

Курстық жұмыс құрылымы 21 беттен, кіріспеден және екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I Заңды тұлғаның ұғымы, түсінігі

1. 1 Заңды тұлға ұғымы және құқық субъектілігі

Заңды тұлға - заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма, т. б. Ол өз атынан мүліктік және жеке беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала алады‚ сотта‚ төрелік сотта (арбитражда) талапкер немесе жауапкер бола алады. Әрбір заңды тұлға заңда‚ әкімшілік актіде немесе өзінің жарғысында көзделген міндеттерді жүзеге асырады‚ сол тәртіппен реттелетін ішкі құрылымы болады‚ меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды басқаруында оқшау мүлкі бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді [1] .

Заңды тұлғаның фирмалық атауы‚ дербес балансы мен сметасы‚ банктерде есеп айырысу шоттары, сондай-ақ мөрі болады. Ол дербес салық төлеуші ретінде әрекет етеді. Заңды тұлға мүлкінің құралуына қатысуына қарай оның құрылтайшыларында осы заңды тұлғаға қатысты міндеттемелік құқықтары не оның мүлкіне заттық құқықтары болады.

Құрылтайшыларының міндеттемелік құқықтары бар заңды тұлғаға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акцион. қоғамдар, өндірістік кооперативтер мен тұтыну кооперативтері жатады. Мүлкіне құрылтайшыларының меншік құқығы немесе өзгедей заттық құқығы бар заңды тұлғаға мемл. және жергілікті (муниципалдық) кәсіпорындар, соның ішінде еншілес кәсіпорындар, сондай-ақ, меншік иесі қаржыландыратын жекеменшік кәсіпорындар (фирмалар) жатады. Құрылтайшыларының мүліктік құқықтары жоқ заңды тұлғаға қоғамдық және діни ұйымдар (бірлестіктер), қайырымдылық және өзгедей қорлар, бірлестіктер (қауымдастықтар мен одақтар) жатады. Сондай-ақ, өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда алуды көздейтін коммерциялық ұйымдар мен табыс алуды көздемейтін және алынған табысты құрылтайшылар арасында бөліспейтін коммерциялық емес ұйымдар да заңды тұлғаға жатады [2] .

АК-тің 33 бабының 1 тармағының 1 бөліміне сәйкес меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Мұндай анықтама тым дәстүрлі болып табылады. Салыстыра кетейік: заңды тұлғалар деп оқшау мүлкі бар, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие бола алатын және міндеттер атқара алатын, сотта, төрелік сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйымдар танылады (ҚазКСР АК-тің 23 бабы) . Тағы бір нұсқаны көрелік: заңды тұлға деп меншігінде, толық шаруашылық иелігінде немесе жедел басқаруында оқшау мүлкі бар, өзінің міндеттемесі бойынша осы мүлкімен жауап беретін және сотта, төрелік сотта өз атынан сөз сөйлейтін ұйым танылады. Заңды тұлғалар мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге ие бола алады (АЗН-нің 11 бабы, 1 тармағы) . Сонымен, жаңа Кодексте ұсынылған анықтама іс жүзінде 1963 жылғы АК-тің, сол сияқты 1991 жылғы Негіздерінің идеясы мен рухын сақтап қалды. Бұрынғыдай біз заңды тұлғаның өз атынан құқықтар мен міңдеттерге ие болу мүмкіндігі туралы, оның іс жүргізушілік құқық субъектілігі туралы сөз етілгенін кґреміз. Сондай-ақ, Негіздермен қатар, анықтамаға заңды тұлғаның өз міндеттемелері бойынша оқшау мүлкімен жауаптылығы туралы ереже де "ауысты" [4] .

Аталмыш анықтама уақыт сынынан өтіп, қоғамдық шындықты көрсетеді деген қорытынды еріксіз туып отыр. Біздің пікірімізше, көрсетілген анықтама тек қана белгілерден (сыртқы белгілерден) тұратындықтан және заңды тұлғаның мағынасының өзін, мәнін ашпайтындықтан ең сәтті болып табылмайды. Азаматтық құқық оқу пәні ретінде, әдетте, оқу әдебиетінде айтарлықтай толық баяндалған оның келесі белгілерін ашып көрсетеді:

- ұйымдық бірлікті;

- мүліктік оқшаулануды;

-дербес мүліктік (сондай-ақ "азаматтық-құқықтық" деген сөз қолданылады) жауапкершілік;

- азаматтық айналымда өз атынан сөйлеуі.

Заңды тұлғаның белгілері туралы сөз етіп, біз шын мәнінде, заңды анықтамаға жүгінетініміз, оларды содан шығаратынымыз анық. Мұндай жағдай негізделген болып танылуы екіталай, өйткені анықтама белгілерді емес, пәннің мән-мазмұнын ашуға тиіс. Анықтама - бұл белгілі және жете ұғынып болған терминдердің (сөздердің) көмегімен белгісіз терминнің (сөздің) мағынасын анықтау. Сондықтан заңды тұлға ұғымын құрастыру жөнінде айта отырып, осы мәселені шешуге жаңа ыңғайларды жасау қажет болып көрінеді. Бұған соңғы жылдары жарық көрген бірқатар еңбектер арналған. Мәселен, заңды тұлға және оның белгілері ұғымы мәселесі бойынша қатаң ұстанымды И. П. Грешников білдірді. Ол кеңестік кезеңнен кейінгі республикалардың Азаматтық кодекстерінде заңды тұлғаның құқықтарымен ұйымдастырудың сипаттамалары мен пәндік белгілерінің тек жай ғана атап көрсетілуі орын алған деп атап өтеді. Мұндай белгілеуді анықтама деп есептеуге болмайды, өйткені анықтаманы тұжырымдаған заңгерлер тұлға ұғымына емес (және де оған зейін салмайды), олар үшін қазіргі шындыққа жүгінеді. Белгілі дәрежеде бұл мәселелер оқу әдебиетінде де көрініс табады. Мәселен, В. С. Мартемьянованың редакциясымен "Шаруашылық құқық" атты оқулығында заңды тұлға мәнін кәсіпкер тұлғасы арқылы түсіндіру мүмкіндігі қарастырылады. "Кәсіпорындар және кәсіпкерлік қызмет туралы" Заңынан кез келген кәсіпорынның, жеке, сол сияқты мемлекеттік және муниципалды кәсіпорынның мәнін бүгінде осы тұлға білдіреді деген қорытынды шығаруға болады [6] .

Е. А. Сухановтың редакциясымен "Азаматтық құқық" атты оқулығында "мақсатты мүлік" теориясы пайдасына дәлелдер келтіріледі. Және де бұл ойды Е. А. Суханов бұған дейін де ұсынған болатын. Мәселен, өзінің "Система юридических лиц" атты еңбегінде ол кәсіпорынды белгілі бір ұйымның синонимі ретінде түсіну дұрыс емес екенін атап өтіп, назарды ұйымдық белгілерден мүліктік белгілерге кешіруді ұсынады. "Заңды тұлға - белгілі бір күйіндегі ұйымдасқан ұжым ғана емес, бірінші кезекте оның құрылтайшыларымен (қатысушыларымен) дербес коммерциялық қызмет үшін бөлінген "тұлғаландырылған мүлік" болып көрінеді", - деп жазады ол. Мемлекеттік меншіктің оның "жалпы халықтық" сипатын бір мезетте белсенді жариялау кезіндегі үстемдігі заманында астында белгілі бір негізі болған "еңбек үжымы" теориясы қазіргі уақытта өзін толығымен жоққа шығарды. Сонымен қоса, Е. А. Суханов әділ жазып кеткендей, дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде бір тұлғаның, яғни бір қатысушыдан тұратын заңды тұлғалар компаниялардың таралуы заңды тұлғаның мәнін басқаша түсіндіретін өзге де теорияларға зейін салып қарауға мәжбүр етеді [7] .

Соңғы дәлелмен де, әсіресе біздің де ұлттық заңнамамызда бұған дейін
және қазіргі уақытта да "бір тұлғаның компаниясы" көзделетін жәйтті есепке алсақ, келіспеске болмас. Ю. Г. Басин заңды тұлға ең алдымен мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастар үшін тәжірибелік мәнге ие екенін көрсетіп, сөйтіп тағы бір рет оның мүліктік оқшаулану секілді белгісінің ерекше маңыздылығын атап өтеді. "Заңды тұлғаның құрылтайшылары өзінің кәсіпкерлік қаупін өзі үшін жол беруге боларлық деп есептейтін қаржы көлемімен шектеу мүмкіндігіне ие". "Мүліктік оқшаулану - заңды тұлғаның негізгі белгісі, одан оның дербес мүліктік жауапкершілігі келіп шығады" - Р. А. Маметованың пікірі осындай . Осыған ұқсас көзқарасты К. В. Мукашева білдіреді [8] .

Әрі келтірілген пікірлердің үзілді-кесілді екендігімен, біздің пікірімізше, әрқашан келісуге болмайды, дегенмен, заңды тұлға ұғымын құрастыру кезінде, бірінші кезекте, мүмкін, нақ мүліктік мәселелерге негізделу қажет екендігін атап кеткен жөн. Алайда оны тек қана оқшау мүлік жиынтығы ретінде түсіну, сөзсіз, қажетті дәрежеде осы феноменнің мәнін бейнелей алмайды. Өйткені мүліктің оқшаулануы екі немесе бірнеше қатысушылар бірлескен қызмет туралы шарт негізінде шартқа қатысушы ортақ мүліктегі үлесін өзге де қатысушылардың келісімінсіз иелік етуге құқылы еместігіне қарамастан жаңа заңды тұлғаны құрусыз нақтылы мақсатқа жету үшін өздерінің мүлкін біріктірген кезде қарапайым серіктестікті құруда да орын алады. Сөйтіп, бұл мәселеде өзге де аспектілерді ескерген жөн. Бұған дейін айтылғандай, азаматтық құқық заңды тұлғаның
белгілерінің бірі ретінде ұйымдық бірлікті бөліп көрсетеді. Заңды тұлғаның мәнін ашудағы оның рөлі аса зор деп есептейміз. Осыған орай, біздің пікірімізше заңды тұлға өзінің ұйымдық жағынан пісіп - жетілуімен ерекшеленеді. Бұл белгінің екі жақты мағынасы бар. Бір жағынан (сыртқы жағынан пісіп - жетілуі) - бұл заңды тұлғаның заңмен көзделген ұйымдық - құқықтық нысандарының бірінде құрылуы мен қызмет жасауы.

Мәселен, АК-тің 34 бабы коммерциялық заңды тұлғалар тек мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам және ґндірістік кооператив түрінде құрылуы мүмкін екендігін белгілейді. Коммерциялық емес заңды тұлғалар мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтынушылық кооператив, қоғамдық қор, діни бірлестік және заңнамалық актілермен көзделген өзге нысанында құрылады. Бұл дәлелді өзге ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғаларды АК-пен көзделген ұйымдық - құқықтық нысандарға өзгертуді міндет еткен ҚР Жоғарғы Кеңесінің "Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексін күшіне енгізу туралы (Жалпы бґлім) " Қаулысының 4 тармағы айғақтайды. Екінші жағынан (ішкі жағынан пісіп - жетілуі) - бұл, шын мәнінде, заңды тұлғаның өзінің міндеттері мен функцияларын орындауға қабілетті тұтастық ретінде айқын ішкі құрылымымен ерекшеленуінен, өзінің басқару органдарына ие болуынан және т. б. тұратын ұйымдық бірлік болып табылады [9] .

Егер заңды тұлғаның сыртқы пісіп-жетілуі заңнамамен белгіленсе, ішкісі - заңнамамен және құрылтай құжаттарымен белгіленеді. Заңды тұлға ұғымы мен белгілерімен байланысты тағы бір жайтқа назар аударайық. Заңды тұлға оның мемлекеттік тіркелуге дейін құрылған деп есептеле алмайды. Құрылтай шартына қол қою және (немесе) жарғыны бекіту - бұл әлі заңды тұлғаны кұру емес, тек құрылтайшылардың ниеті ғана. Ал мемлекеттік тіркелу фактісі - бұл оның "тууы" фактісі. Қаншалықты әдеттен тыс болғанымен, бірақ мемлекеттік билік органының актісі (Президент Жарлығы, Үкімет Қаулысы) негізінде заңды тұлғаның пайда болуы кезінде ол осы актінің күшіне енуі сәтінен емес, бұл ұйымның белгіленген тәртіптегі мемлекеттік тіркелу сәтінен құрылған болып есептеледі. Осыған орай АК-тің 42 бабының 1 тармағының тұжырымы қарсылық туғызады: заңды тұлға әділет органдарында тіркелуге тиіс. Біздің пікірімізше, "тиіс" деген сөз міндеттің болуын ұйғарады. Іс жүзінде, тіркелу бойынша міндет әзірге құрылмаған "заңды тұлғаға" (немесе "заңды тұлғаға" қатысты) жүктеледі. АК-тің 42 бабының 1 және 3 тармақтарын бір тармаққа біріктіріп, келесі редакциясында баяндаған дұрыс: заңды тұлға оның мемлекеттік тіркелу сәтінен бастап құрылған деп есептеледі. Мемлекеттік тіркелу тәртібі заңнамамен айқындалады [10] .

ІІ Заңды тұлғаның түрлері

2. 1 Коммерциялық ұйым және коммерциялық емес ұйым

Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның міндетті түрде фирмалық атауы болуға тиіс. Мұнда заңды тұлғаның бөгде фирмалық атауды пайдаланғаны үшін кінәлы субьектілерді материаддық жауагпылыққа тартуға дейінгі фирмалық атауды пайдалану ерекше құқығы бар. Басқа тұлғалар белгілі бір ақы үшін заңды тұлғаның фирмалық атауын пайдалана алады.

Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға:

- Мемлекеттік кәсіпорын

- Шаруашылық серіктестік

- Акционерлік қоғам

- Өндірістік кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкін.

Комерциялық ұйым коммерциялық емес ұйымға қарағанда да азаматтық айналымда қызметтердің кең шеңберінде атқара алады, ал соңғысының әрекет ету аясы белгілі бір қызмет шеңберінде шектелген [11] .

Заңды тұлға фирмалық атаумен қатар, тауарлық белгі, қызмет көрсету белгісі (сауда маркасы) секілді дараландыру қүралдарын да пайдалануы мүмкін. Тауарлык, белгі (қызмет көрсету белгісі) дегеніміз
- бұл тіркелген ауызша, бейнелік, көлемдік немесе басқа да таңбалар, олар бір шаруашылық жүргізуші субъектілердің тауарларын немесе көрсететін қызметін басқа шаруашылық субъектілерінің осы тектес тауарлары мен көрсететін қызметінен айыруға мүмкіңдік береді (1993 ж. 18 қаңтардағы "Тауарлык белгілер, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығарылған орындарының атауы туралы" Заңның 4-бабы) . Заңды тұлғанын даралану қүралы ретіндегі тауарлық белгінің немесе қызмет көрсету белгісінің заңды тұлғаның өнімдерін түтынушылар үшін де, заңды тұлғаның өзі үшін де зор практикалық маңызы бар. Мысалы, өндірушіге сапасыз тауары үшін шағым айтып, талап қою үшін қайырылу қажет болатын жағдайда тауарды дайындаушыны тауарлық белгі бойынша табу мүмкіндігі бар. Сонымен бірге, тауарлық белгі, тауарлық марка белгілі тауардың өндірушісін айыру қүралы болып табылады.

Тауарлық белгіге теңестірілетін қызмет көрсету белгісін негізгі міндеті қызмет көрсету болатын заңды тұлғалар тіркеп отырады.
Тауардың шығарылған орнының атауы да заңды тұлғаны даралаңдыру қүралы болып саналады. Қасиеттері едәуір дәрежеде табиғат жағдайларына немесе олардың шығарылатын жерлеріндегі адам факторларына байланысты болатын өнімдерді дайындайтын ұйымдар тауардың шығатын орнының атауъш тіркеуге және пайдалануға құқылы (мысалы, Вологда шілтері, Дымково ойыншықтары) . Тауарлык, белгіден өзгеше, тауардың шығарылатын орнының атауын пайдалану құқығы айрықша құқық емес, оны сол жерде осындай тауар дайындайтын басқа заңды тұлғалар да пайдалануы мүмкін.

Сонымен, заңды тұлға дегеніміз - бұл меншігінде, шаруашылықты жүргізу құқығында, оралымды басқаруында оқшауланған мүлкі бар және өз міндеттемелері бойынша осы мүлкімен дербес жауап беретін, азаматтық айналымда өз атынан әрекет ететін ұйым [12] .

Заңдар немесе құрылтай құжаттары арқылы құқықтың басқа субъектілері алдында арнайы уәкілеттіксіз (сенімхатсыз) өз атынан әрекет етуге уәкілетсі заңды тұлғаның адамдары мен ұжымдық құрылымдары заңды тұлғаның органдарына жатады.

Заңды тұлғаның органдары дара (директор, президент, басқарушы) не ұжымдық (алқалық) болуы мүмкін. Мысалы, жалпы жиналыс, басқарма, диреісгорлар кеңесі және т. с. с. ұжымдық органдарға жатады.
Заңды тұлғалардын органдарын тағайындау, сайлау түрлері мен тәргібін, олардың өкілеттіктерін заңды тұлғалардың жекелеген түрлері туралы заң актілері меи құрылтай құжаттары анықтайды.

Заңды тұлғаның органы мүліктік қатынастарда дербес субъект ретінде емес, заңды тұлғаның атынан әрекет етеді. Заңды тұлғалардың құқық кабілеттілігі мен әрекет кабілеттілігі олар мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап бір мезгілде пайда болатыңцықтан (АК-нын 42-бабының 3-тармағы), заңды тұлғалар үшін бұл санаттарды ажыратудың маңызы жоқ.
Жалпы құқық қабіпеттілігі бар азаматтардан өзгеше, заңды тұлғалардын арнайы құқық қабілеттілігі болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы»
Азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері
Азаматтық құқық пәнінен лекция тезистері
Азаматтың құқық қабiлеттiлiгiнiң негiзгi мазмұны
Қылмыстың арнайы субъектісі
Тұлға, мемлекет және құқықты қарастырып зерттеу
Құқық, жеке тұлға, қоғам
ҚР ҚК 310 бабында қарастырылған қылмыс құрамын терең және жан-жақты зерттеу
МҮЛІКТІ ИЕЛІКТЕН АЛУДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТМЕЛЕР
Сатып алу-сату шартының ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz