Мемлекеттік меншік құқығы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.1 Мемлекеттік меншік құқығының ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Мемлекеттік меншік құқығының субъектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3 Мемлекеттік меншік құқығының мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.4 Мемлекеттік меншік құқығының объектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.5 Мемлекеттік және коммуналдық кәсіпорындарды мемлекет
иелігінен алу және жекешелендіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.6 Шаруашылық жүргізу құқығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
1.7 Оралымды басқару құқығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Курстық жұмысымның мақсат – міндеті: біздің Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жолында көптеген жетістіктерге жетті, мемлекетіміздің саяси – экономикалық жағдайы, ахуалы, Қазақстан тарихы дами бастады, оның ішінде тауар – ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондықтан мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар қарастырылады.
Сонымен аша келгенде, менің тақырыбым « Азаматтардың мемлекеттік меншік құқығы» туралы жалпы мағұлмат беру.
Соңғы жылдары Қазақстанда жекешелендіружәне мемлекеттік меншіктен шығару жөнінде кешенді шаралардың жүзеге асырылуының нәтижесінде меншік қатынастарында және коммерциялық іс-әрекеттің ұйымдастырушылық-құқықтық формаларында бірқатар өзгерістер болып өтті, соның ішінде:
— меншік формаларының көп түрлілігі;
— жеке меншіктің Қазақстан экономикасындағы меншіктің негізгі формаларының біріне айналуы;
— халық шаруашылығының барлық салаларында дерлік мемлекеттік меншік монополиясын жеңу;
— нарық инфрақұрылымы мен меншіктің жаңа формаларына қызмет көрсететін механизмдердің қалыптасуы.
Нормативтік құқықтық актілер
-Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж. (өзгертулер мен толықтырулар 07.10.98ж.)
-Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы, Ерекше бөлімдері. Алматы,
-"Тұрғын үй қатынастары туралы" Заң Алматы: Жеті-Жарғы. 2002ж.

Арнайы әдебиеттер
1. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, оқулық,
2. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, Ерекше
3. Сулейменов М.К.
4. Зиманов С.З, Состояние и задачи разработки проблем
Зиманов С.З, Состояние и задачи разработки проблем обычного
5.Қазақстан Республикасы Презвдентінін "Мемлекеттік акционерлік қоғамдардың басшыларына
6. Грахданский кодекс Республики Казахстан — толковяние
7.С.С. Алексеев. Собственное право — социализм.
8.«Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы 19.06.1995 ж.
9. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16.01.2001 ж.
10.Жайлин Г.А Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы Жалпы бөлім: Алматы Жеті Жарғы 2001 ж.
11.Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы 1-том Алматы Жеті Жарғы 2001 ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Респбликасының Білім және ғылым министірлігі
ҚазҚЗУ Гуманитарлық - заң колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Азаматтық құқық
Тақырыбы: Мемлекеттік меншік құқығы



Орындаған: ПК-32 топ студенті
Тоқсанбай Нұрсәуле
Жетекшісі: құқықтық пәндер оқытушысы
Абилхадирова.К.Б

Астана қ. 2015ж.

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.1 Мемлекеттік меншік құқығының ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Мемлекеттік меншік құқығының субъектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3 Мемлекеттік меншік құқығының мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.4 Мемлекеттік меншік құқығының объектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.5 Мемлекеттік және коммуналдық кәсіпорындарды мемлекет
иелігінен алу және жекешелендіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.6 Шаруашылық жүргізу құқығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
1.7 Оралымды басқару құқығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Кіріспе

Курстық жұмысымның мақсат - міндеті: біздің Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жолында көптеген жетістіктерге жетті, мемлекетіміздің саяси - экономикалық жағдайы, ахуалы, Қазақстан тарихы дами бастады, оның ішінде тауар - ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондықтан мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар қарастырылады.
Сонымен аша келгенде, менің тақырыбым Азаматтардың мемлекеттік меншік құқығы туралы жалпы мағұлмат беру.
Соңғы жылдары Қазақстанда жекешелендіружәне мемлекеттік меншіктен шығару жөнінде кешенді шаралардың жүзеге асырылуының нәтижесінде меншік қатынастарында және коммерциялық іс-әрекеттің ұйымдастырушылық-құқықтық формаларында бірқатар өзгерістер болып өтті, соның ішінде:
-- меншік формаларының көп түрлілігі;
-- жеке меншіктің Қазақстан экономикасындағы меншіктің негізгі формаларының біріне айналуы;
-- халық шаруашылығының барлық салаларында дерлік мемлекеттік меншік монополиясын жеңу;
-- нарық инфрақұрылымы мен меншіктің жаңа формаларына қызмет көрсететін механизмдердің қалыптасуы.
Мемлекеттік меншіктен шығару - бұл мемлекеттің экономикадағы шамадан тыс рөлін бәсеңдетуге бағытталған мемлекеттік меншікті қайта қалыптастыру жөніндегі шаралар жиынтығы. Мемлекеттік меншіктен шығару монополизмді жеңуге, бәсекелестік пен кәсіпкерліктің дамуына бағытталған.
Мемлекеттік меншіктен шығару шаралары жекешелендірумен тығыз байланысты құрайды.
Жекешелендіру - бұл меншікті жекелеген азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке меншігіне беруде көрініс табатын мемлекеттік меншіктен шығару бағыттарының бірі.
Қазақстан Республикасындағы 10 жыл аралығында мемлекеттік меншіктен шығару және жекешелендіру үрдістерінде әрқайсысына өзіндік мақсаттары мен міндеттері тән төрт кезеңді бөліп көрсетуге болады. Бұл үрдістердің басталуы Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу кезеңіне сәйкес келеді.
I кезең 1991-1992 жылдарды қамтиды. I кезеңдегі жекешелендіру үрдісінің негізгі бағыты болып, кәсіпорындарды ұжымдық немесе акционерлік меншікке беру, бұл кәсіпорындардың еңбек ұжымдарына жеңілдіктермен және сауда, қызмет көрсету объектілерін сату (соның ішінде тұрмыстық купондар) жолымен жүзеге асқан орталықтанған-жоспарлыдан нарықтық экономикаға өту талаптарын қамтамасыз ету мақсатында кең масштабты мемлекеттік меншіктен шығару табылады.
II кезең 1993-1995 жылдар аралығын қамтиды.
Берілген кезең 1993 жылдың 5 наурызындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы 1993-1995 жылдарға деген мемлекеттік меншіктен шығару және жекешелендірудің ұлттық бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды.
Жекешелендірудің екінші кезеңіндегі бағдарлама институционалды реформалардың негізгі бағыттарын анықтады:
-- Кіші сауда кәсіпорындары, коммуналды шаруашылықтар, тұрмыстық қызмет көрсету аукциондары мен сайыстары арқылы жүзеге асырылған кіші жекешелендіру.
-- Инвестициялық жекешелендіру купондары үшін 200-ден 5000-ға дейін жұмысшылары бар орташа кәсіпорындардың жалпылама жекешелендірілуі.
-- Ірі және уникалды мүліктік кешендердің (5000 адам жұмысшылары бар кәсіпорындардың) жеке жобалары бойынша жекешелендіру.
-- мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жекешелендірілуі.
Жекешелендірудің III кезеңі 1996-1998 жылдарды қамтып, №246 1996 жылдың 27 ақпанынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарғысымен бекітілген 1996-1998 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік меншіктен шығару және жекешелендіру Бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты болып, жекешелендіру үрдісін аяқтау жолымен Қазақстан Республикасы экономикасындағы жеке меншік сектордың басымдылығына қол жеткізу және бекіту табылды.
IV кезең 1999-2000 жылдарды қамтып, №683 1999 жылдың 1 маусымынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарғысымен бекітілген 1999-2000 жылдарға Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру және басқару тиімділігін көтеру бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды.
V кезең Бағдарламасының негізгі мақсаты болып, мемлекеттік мүлікті жекешелендіру және басқарудың құқықтық негіздерін жетілдіру, мемлекеттік мүлікті сайыстық жекешелендіруді басқару және қамтамасыз ету тиімділігін көтеру, есебін арттыру болып табылды.
1991-2000 жылдары жалпы республика бойынша мемлекеттік мүлік пен жекешелендіру Комитеті және оның облыстық бөлімшелері мен мемлекеттік меншік объектілерінің 34,5 мыңы жекешелендірілді.

Мемлекеттік меншік құқығының ұғымы
Мемлекеттік меншік құқығы дегеніміз мемлекеттің заң актілерімен танылған және қорғалатын, өзіне тиесілі мүлікті өз қалауы бойынша иемдену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Дамыған елдер экономикасындағы мемлекеттік сектордың өзіндік салмағы әрқашан қомақты болған, әсіресе ол энергетика, көлік, космонавтика, әлеуметтік сала және инфрақұрылым, жазалау аппаратын ұстау және с.с. қаржыны көп керек ететін салаларда. Кез келген мемлекеттің қалыпты өмір өмір сүруі үшін қандайда бір төтенше жағдайларға (әскери әрекеттерге, табиғи апаттарға, техногендік сипаттағы апаттарға, эпидемияға,т.б.) арналған материалдық резерв (азық - түлік, отын т.б.) болуы керек. Сондықтан материалдық ресурстардың мемлекеттің қолына шоғырлануы және тіптен мемлекеттік кәсіпкерлік - қалыпты жағдай. Мәселе мемлекеттің өз мүліктік қызметін қалай атқаратындығында, ол қоғамның жкономикалық дамуының әмбебап реттегіші болып табылатын рынокка қатты теріс әсер етпеуі тиіс.
Мемелекеттік меншік қатынасы теңдікті жариялай отырып, бірақ белгілі бір ерекшеліктерге ие: а) мемлекет егеменді биліктің иесі, ол осыған орй заңдар қабылдап, әкімшілік актілерін шығарады; ә) мемлекет заңды тұлға болып табылмайды, сондықтан да оның атынан өкімет билігі мен басқару органдары әрекет етеді, олар өздерінің құзыреті шегінде, белгіленген заңдар мен ережелер шеңберінде қимылдайды; б) мемлекеттік меншіктің аумағы зор, ол кез келген мүлікті, оның ішінде айналымнан алынған немесе шектелгендерін де иелене алады; в) мүлікті меншікке алуды әртүрлі тәсілдер қолданады, айталық, салық баж салығы, жинау және т.б. бар; г) мемлекеттік меншік негізінде әлеуметтік міндеттер жүзеге асады, яғни тұрғындарды күнкөріске қажеттілікпен қамтамасыз етеді.

Мемелекеттік меншік құқығын объективтік мағынада Қазақстан Республикасы атынан мемлекетке жататын материалдық игіліктерді бектінен және қорғайтын құқықтық нормалардың жиынтығы деп түсіну керек және де ол мемлекттік мүлікті иеленуге, пайдалануға және билік етуге байланысты тәртіп жүйесін бекітеді.
Мемлекеттік меншік құқығын субъективтік мағынада мүлікті иелену, пайдалану және билік ету жөнінде мемлекеттік өкілеттігіне жататын құқықтардан тұрады, мемлекет оның Қазақстан халқының мүддесі жолында өз қалауы бойынша жүзеге асырады.
Заң әдебиеттерінде мемлекеттік меншік түсінігі ерекше орныға ие болды Мемлекет өзінің кесіпорындарында, қазыналық кәсіпорындар мен мекемелерге мүлікті иелену құқығын бергенімен, мемлекет меншік иесі ретінде бұл мүліктерге иелену құқығын сақтайды. Өйткені, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқықтық өкілеттікті иеленуі мемлекет иелігін жоққа шығармайды, ол көлемі бойынша да, мақсаты бойынша да бір-біріне сай келмейді.
Қазіргі таңда мемлекеттік занды тұлғалардың иелену құқығы мемлекеттік иелену құқығымен салыстырғанда, оның бір бөлшегі, тұтас нәрсенің бір бөлігіндей ғана болады. Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын және мекемелер салалық мүліктік кешен ретінде мемлекеттік меншіктің объектісі болып табылады, демек оның иелігінде болады.
Мемлекеттің билік ету құқығы мемлекеттік мүлікті иелену мен пайдалану, мүлікті бөлу, ұтымды құқықтық әдістерді айқындау, сол арқылы мемлекеттік меншікті басқаруды өз дәрежесінде жүзеге асыру тәртібін белгілеуінен тұрады. Мемлекеттің билік ету құқығы жаңа нормаларды шығару, оларды өзгерту мен тоқтату, сондай-ақ оралымды қызмет процесінде өндірістің каржылары мен өнімдерін ұйымдастыру жөніндегі әкімшілік актілердің көмегін пайдалана отырып жүзеге асы-рады.
Мемлекеттік биліктің билік етуге байланысты қатынастары Азаматтық кодекстен басқа да көптеген заң актілерімен реттеледі. Мысалы, "Жекешелендіру туралы" Жарлықтың І6-бабы негізіндежекешелендіругежататын кәсіпорын занды тәртіпке сай акционерлік қоғамға айналуы мүмкін, бұл орайда кейіннен сатып алу құқығы сенімділік басқаруға немесе жалға беріледі.
Азамат, кооператив мүшесі кооперативпен шығатын жағдайда өзінің жарнасын қайтаруды және басқа төлемдерді төлеуін талап етуге құқылы (Өндірістік кооперативтер туралыЖарлықтың 13-бабы). Кооператив мүшесіне жарнаны немесе басқа да мүлікті беру жылдың аяғында, бухгалтерлік есеп-қисап қорытындысымен жүзеге асада. Кететін кооператив мүшесінің келісімі бойынша оған төленетін төлем заттай берілуі де мүмкін.
Жердің меншік иесі азамат меншік құқығына тән үш құқықты: еркін иелену, пайдалану және билік ету құқықтарын еншілейді. Жер туралы Заңда бұл өкілеттіктер нақтыланған. Заңның 19-бабына сәйкес учаскесінің меншік иесі заң актілерінде өзгеше көзделмесе, жер учаскесін мемлекеттік органдардың қандай да болсын рұқсатын алмай-ақ, өз қалауы бойынша иелену,пайдалану және билік ету құқығын жүзеге асырады. Азамат-меншік иесі өзінің жер учаскесімен заң актілерінде тыйым салынбаған кез-келген мәмілелерді жасауға, атап айтқанда, жер учаскесін уағдаластық баға бойынша сатуға, шаруашылық серіктестігінің жарғылық қорына жарна ретінде енгізуге, кепілдікке беруге, сыйға және мұра етіп қалдыруға құқылы. Жер учаскесіне меншік құқығы басқа адамға мәміле жасаған сәттегі барлық ауыртпалығымен қоса берілелі. Азамат, жер учаскесінің меншік иесі жер учаскесін уақытша пайдалану туралы шарттың негізінде жер учаскесін пайдалануға беруге құқылы.

Мемлекеттік меншік құқығының субъектілері
Мемлекет меншік құқығының ерекше субъектісі болып табылады. Бұл оның жоғарғы абстрактілігімен және формальділігімен анықталады. Көптеген әртүрлі сипаттағы функцияларды жүзеге асырудың қажеттігі және бірдей бағынышты мемлекеттік органдардың тармақталған жүйесі мемлекеттік меншік құқығын іске асыратын субъектілердің көп болуын алдын ала анықтады. Сондықтан оларды екі деңгейге бөлген дұрыс: кімді білдіреді, соның деңгейі және кім білдіреді, соның деңгейі. Қазақстан Республикасының заңнамасының заңнамасы өз атынан әрекет ететіндей құқығы бар мемлекеттік меншіктің екі субъектісін қарастырады: бүтіндей Қазақстан Республикасы және әкімшілік - аумақтық бөліністер. Яғни, азаматтық айналымда бұл субъектілер мемлекеттік меншік құқығын көтеретіндер болып саналады. Атқарылатын міндетке қарай мемлекет аталған субъектілердің біреуінің атынан меншік иесінің құқық өкілеттігін жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы және әкімшілік - аумақтық бөлініс заңды тұлғалар емес. Бірақ, мемлекетке және әкімшілік - аумақтық бөліністерге заңды тұлғалардың азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарға қатысуын анықтайтын нормалар, егер заң құжаттарынан өзгеше норма туындамайтын болса, қолданылады. (АК - ның 114 -- бабы). Қазақстан Республикасы және әкімшілік - аумақтық бөлініс азаматтық құқық субъектілері ретінде АК-ның және басқа азаматтық заң құжаттарының заңды тұлғалардың азаматтық айналымға қатысуын анықтайтын нормаларының шеңберінде әрекет етеді. Бұлар, бәрінен бұрын, шарт жасасу тәртібі, келтірген зиян үшін жауаптылық, меншік құқығы жайындағы АК-ның жалпы сипаттағы баптары. Бұл жалпы ережеге жатпайтындар да бар. Біріншіден, Қазақстан Республикасының және әкімшілік-аумақтық бөліністердің мәртебелерінің ерекшеліктерін және құқық өкілеттіктерінің ауқымын ескеру қажет. Мысалы, мемлекетке және әкімшілік-аумақтық бөлініске заңды тұлғаларды тіркеу туралы нормалар таралмайды. Бұл субъектілер қандайда бір есепке тіркелусіз, Конституциямен конституциялық заңдар негізінде әрекет етеді. Екіншіден, АК - ның өзіндегі бірқатар баптар Қазақстан Республикасы қатысатын құқықтық қатынастарға жатады немесе оған қандай да бір азаматтық - құқықтық міндеттемелер жүктейді (АК-ның 9-бабының 5-т, 104-бабының 6-т, 266-бабы).
Мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс, ерекше субъектілер ретінде, азаматтық құқық қатынастары субъектісінің барлық құқытарына ие және құқықсубъектілікте тек күшіндегі заңдармен ғана шектеледі. Заңнамада анықталған жағдайларда, әкімшілік - аумақтық бөлініс азаматтық құқық қатынастарында мемлекет мүддесін білдіре алады.
Қазақстан Республикасының смемлекеттік өкімет билігі мен басқару органдары өздерінің осы органдардың мәртебесін айқындайтын заң актілерінде, ережелерде және өзге де құжаттарда белгіленген құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының атынан өз әрекеттері арқылы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттер алып, оларды жүзеге асырады, сотта өкілдік ете алады(АК-ның 111-бабының 2-тармағы ).
Үкімет бұл контексте алғы шепте тұр. Оның құқықтық мәртебесі 18.12.1995 жылғы №2688 "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы"Конституциялық заңда белгіленген. Осы Заңның 9 - бабының 8-тармақшасына сәйкес Үкімет "ммелекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады, оны пайдалану жөнінде шаралар қарастырып оларды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік меншік құқығының қорғалуын қамтамассыз етеді". Яғни Үкімет мемлекеттік меншік субъектісі ретінде мемлекет атынан өкілдік ала алады. Сонымен қатар ол мемлекеттік мүлікті иемденуге, пайдалануға және оған билік етуге қатысты кез келген әрекетті жасай алады, мәмілелер жасайды, мемлекеттік мүлікті бөліп таратады және қайта бөледі.
Үкімет жүйесінде Қаржы министрлігінің орны ерекше. Мемлекеттік меншік субъектісінің көптеген функцияларын :Үкімет Қаржы министрлігіне берген. Мысалы, республикалық қазынаның қаражаты ҚР Қаржы министрлігінің қарамағында болады, ол оған мемлекет атынан билік жасайды. Бұл функцияларды тікелей Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті орындайды. Ол Үкіметтің 1999 жылғы 24 мамырдағы N626 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы Ережесінің негізінде әрекет етеді. Қазынашылық комитет республикалық бюджетті орындау және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен қаражаттарға есептік - кассалық қызмет көрсету, мемлекеттік бюджет - қаражат пен мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен қаражаттың мақсатты пайдалануына қаржылық бақылау жөніндегі арнайы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Меншік иесінің құқық өкілеттігін жүзеге асыратын орталық атқару органдары жүйесіндегі маңызды орынды мемлекеттік мүлікті басқару және оны жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік орган алады, оның аты да, ведомстволық бағыныштылығы да ауық - ауық өзгеріп тұрады.
Меншік иесі функциясын өзге де орталық атқарушы билік органдары орындайды. Мысалы, республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік меншік иесі субъектісінің функциялары министрліктерге, мемлекеттік комитеттерге, ведомстволарға және министрліктердің кейбір департаменттеріне және Үкімет өкілеттік берген өзге органдарға жүктелген.
Заңнамада көзделген реттер мен тәртіпте Қазақстан Республикасының арнайы тапсырмасымен оның атынан өзге де мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар өкілдік ете алады (АК - ның 111 - бабының 2 -- тармағы). Мысалы, мемлекет қатысқан акционерлік қоғамға мемлекет атынан акционер - мемлекет функциясын орындауға уәкілеттік берілген тұлға тағайындалады,
Жергілікті өкілдік және атқарушы органдар заң құжаттарында, ережелерде немесе сол органдардың мәртебесін анықтайтын өзге құжаттарда белгіленген өз құзіреті шегінде әкімшілік- аумақтық бөлініс атынан әрекет етіп мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттер иемдене алады, сотта оның мүддесін қорғай алады. Заңнамада көздеглген ретте және тәртіпте, арнаулы тапсырма бойынша жергілікті мемлекеттік орргандар, заңды тұлғалар (мемлекеттік еместерді қоса) мен азаматтар да әкімшілік - аумақтық бөліністің мүддесін білдіре алады. Мысалы, әкімшілік - аумақьық бөлініс қатысқан акционерлік қоғамға әкімшілік - аумақтық бөлініс атынан акционер -- әкімшілік - аумақтық бөліністің мүддесін қорғауға құқық берілген тұлға тағайындалады. Заңнама тікелей сондай құқық берген мемелекеттік органдармен заңды тұлғалар ғана әкімшілік - аумақтық бөлініс атынан азаматтық құқық қатынастарына кіре алады. Азаматтық айналымда әкімшілік - аумақтық бөлініс атынан әрекет жасай алатын билік және басқару органдарына, бірінші кезекте, маслихаттар, әкімат, атқарушы биліктің аумақтық органдары (облыстық әділет басқармасы, облыстық қаржы басқармасы, мемлекеттік мүлікті басқары жөніндегі аумақтық комитет ) жатады.
Жер учаскесі жеке меншікте және ортақ меншікте бола алады. Жер учаскесі қанша дегенмен азаматтық құқықтың обьектісі болғаннан соң қозғалмайтын мүлік ретінде оған Азаматтық кодекстің меншік туралы еркжелері кеңінен қолданылады (Азаматтық Кодекстің 11-бабы). Жер учаскесіне ортақ меншіктің-үлестік және бірлескен деген екі түрі болады.
Азаматтық кодекстің 240-бабы 1-тармағына сәйкес мүліктің меншік иесі болып табылмайтын, бірақ өзінің жеке қозғалмайтын мүлкіндей он бес жыл бойы, не өзге мүлікті кем дегенде бес жыл адал, ашық және ұдайы иеленген азамат ол мүлікке меншік құқығын(иелену мерзімін)алатын болса, бұл институт жер учаскесі қозғалмайтын мүлік болғандықтан жер учаскесіне де қолданылады.
Меншік құқығынан бас тарту-азамат немесе заңды тұлға өзіне тиесілі мүлікке меншік құқығынан бас тарта алады,бұл жөнінде ол жариялайды,не бұл мүлікке қандай да болсын құқықтарын сақтау ниетінсіз озінің мүлікті иеленуден,пайдаланудан және оған билік етуден шеттейтінін айқын дәлелдейтін басқа да әрекеттер жасайды. Меншік құқығынан бас тарту осы мүлікке басқа тұлға меншік иесінің құқықтары мен ніндеттерін тоқтатуғаәкеліп соқтырмайды.
Меншік иесі мүлкінен ақы өндіріп алу-меншік иесі міндеттемелері бойынша мүліктен ақы өндіріп алу, егер шарта өзгеше көзделмесе, сот тәртібімен жүргізіледі. Ақы өндіріліп алынатын мүлікке меншік иесінін меншік құқығы заңдарда көзделген тәртіп бойынша меншік құқығы көшетін адамның алып койылған мүлікке меншік құқығы пайда болған кезден бастап тоқтатылады.

Мемлекеттік меншік құқығының мазмұны
Меншік құқығының мамұны құқықтар мен міндеттердің жиынтығымен анықталады."Меншік иелерінің өз құқықтырын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді " (Конституцияның 6 - бабының 2- тармағы ). Яғни, мемлекет, мемлекеттік меншік объектілерінің бірден - бір меншік иесі ретінде, азаматтық құқықтарды, сондай - ақ міндеттерді жүзеге асырудың шектері мен қорғауды заң арқылы өзі үшін өзі анықтайды.
АК - ның 188 - бабының 2 - тармағына сәйкес өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы меншік иесіне берілген. Азаматтық айналымда мемлекет екі субъект арқылы берілген: Қазақстан Республикасы және әкімшілік - аумақтық бөлініс, олар мемлекеттік меншікті іске асыра отырып, өз аттарынан әрекет етеді. Сондықтан субъектік құрамның күрделілігі меншік иесінің құқық өкілеттіліктерін мемлекеттік меншіктің аталған субъектілерінің бірі болып табылатын мемлекет пен олардың мүддесін білдіруі мүмкін тұлға арасында бөлуді көздейді.
Мемлекеттік меншікті иелену құқығы дегеніміз - мүлікті іс жүзінде иемденуді жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Мемлекет, материалданбаған ерекше субъект ретінде, барлық реттерде иемдену құқығының титулын сақтайды, өз мүлкін іс жүзінде иемденуді мемлекеттік органдар жүйесі арқылы жүзеге асырады. Мемлекеттің иемдену құқығы туралы мәселе заң әдебиеттерінде дау туғызады. Мысалы, А. В. Венедиктов иемдену дегенді затқа іс жүзінде үстемдік жасау құқығы, "затты қолда ұстау" құқығы деп түсінеді. Сондықтан ол ммелекет ұшан - ғайыр өз мүлкін тікелей емес, тек өз органдары арқылы ғана иемденеді дейді.
Мемлекеттік меншікті пайдалану құқығы дегеніміз - ммелекеттік мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай - ақ одан пайда алудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Пайда табыс, өсім, жеміс, төл түрінде және өзге формаларда болуы мүмкін. Мемлекеттік мүлікті пайдалану әртүрлі формада жүзеге асырылады. Мысалы, заңмен жол берілген салада кәсіпкерлік қызметпен айналысатын мемлекеттік органдарға мемлекеттің жер учаскелерін жалға және пайдалануға беруі, пайдалы қазбалар өндіруі, ғимараттар мен құрал - жабдықтарды, жиһазды пайдалануға беруі кең таралған.
Мемлекеттік меншікке билік жасау құқығы дегеніміз мүліктің заңдық тағдырын анықтаудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Айналымда жүрген мемлекеттік мүліктің деніә ақша қаражаты болғандықтан, әдетте, пайдалану және билік жасау құқық өкілеттіктері біріне бірі сәйкес келеді. Мемлекет негізінен бюджет ақшасын таратады. Бұл функцияны жүзеге асыруға өкілдік және атқарушы билік органдары тартылады. Алдымен Парламент пен мәслихаттар бюджетті бекітеді, сонан соң Қазынашылық пен Әкіматтар ақша қаражатын мемлекеттік органдар бойынша бөледі, ал олар қаржыландыру субъектісіне жеткізеді.
Мемлекеттік меншік шектерінде мынадай схема жиі қолданылады - ммелекет мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын мемлекеттік заңды тұлғаларға береді. Бұл ретте мемлекет меншік құқығын жоғалтпайды. Ол дегеніміз - мемлекетке жоғарыда аталған үш заттық құқықтан басқа тағы да титулдық құқық бар деген сөз, ол меншік құқығын жоғалтқанда шарт бойынша тек ерікті түрде ғана иеліктен алынуы мүмкін не пайдалану - билік ету нәтижесінде объектінің жаратылып кетуі нәтижесінде тоқтайды. Бұл тезис АК - ның 188 - бабының 3 - тармағында бекімін тапқан, онда былай делінген: меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқада әдістермен ауыртпалықтар түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы. Бұл ереже мемлекеттік заңды тұлғада арнаулы құқыққабілеттік бар екендігіне есептелген, ал мемлекет, өзінің абсалюттік меншік құқығын іске асыра отырып өзінің мүлкін, азаматтық айналымда көзделген мақсатта қатаң пайдаланылуы үшін, мемлекеттік заңды тұлғаларға береді. Ммелекеттік органдар мен әкімшілік - аумақтық бөліністердің өздері де мемлекеттік ақша қаражатын бекітілген бюджетке сай жұмсайды.
Коммуналдық меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және сату жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті орган жүзеге асырады.
Мемлекеттік меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және сату тәрібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Сот шешімі бойынша коммуналдық меншікке түсті деп танылмаған иесіз қозғалмайтын зат оны тастап кеткен меншік иесінің иелігіне, пайлануына және билік етуіне қайта қабылдануы, не иелену мерзіміне орай меншікке алынуы мүмкін.

Мемлекеттік меншік құқығының объектілері
Мемлекет өз меншігіне кез келген объектіні ала алады. Мемлекеттік меншік объектілері республикалық немесе коммуналдық меншікке кіреді. Республикалық мемлекеттік меншік субъектісі Қазақстан Республикасы болып табылады. Ал, коммуналдық мемлекеттік меншік субъектісі -- әкімшілік-аумақтық бөлініс. Мемлекеттік меншікті республикалық және коммуналдық деп бөлуді Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады. Тиісінше, мемлекеттік мүлікті меншіктің бір түрінен екінші түріне аудару мәселесін Үкімет немесе ол өкілеттік берген орган шешеді.
АК-ның 192-бабының 2-тармағына сәйкес қазынаға алтын-валюта қоры мен алмаз қоры кірді. 1995 жылғы 30 наурыздағы №2155 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкы туралы Заң (ары қарай - Ұлттық Банк туралы Заң) бұл қорды алтын-валюта активтері деп атайды (10,15,41, 56, 58 және 60-баптар). Қазақстан Ұлттық Банкының алтын-валют қоры қазақстан теңгесінің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жасалады және пайдаланылады, ол: тазартылған алтыннан; Қазақстан Республикасындағы және шет елдердегі Қазақстан Ұлттық Банкы есебіндегі банкнот түріндегі шетел валюталарынан, мәнеттерден және қаражат қалдықтарынан; шет елдердің үкіметтері немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарған және кепілдік берген бағалы қағаздардан; өтімпаздығы және сақталуы қамтамасыз етілген, шетел валютасында ірілендірілген басқа сыртқы активтерден тұрады.
Ұлттық Банк алтын-валюта активтерінің құрылымы мен оларды орналастыру төртібін анықтайды. Алтын-валюта активтерін Қазақстан Республикасы резиденттері мен резидент еместерінің несие (қарыз) беру және кепілдіктер беру немесе басқа міндеттемелер формасыңда пайдалануына, Ұлттық Банк туралы Заңда көзделген жағдайлардан басқа реттерде, жол берілмейді. Алтын-валют активтерінің құрылымын ұлғайтуды және өзгертуді Ұлттық Банк жүргізеді (Ұлттық Банк туралы Заңның 58-бабы).
Қазақстан Республикасының коммуналдық меншігі жергілікті қазынадан және заң актілеріне сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп берілген мүліктен тұрады. Жергілікті бюджеттің қаражаты және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де коммуналдық мүлікжергілікті қазынаны құрайды (АК-ның 192-бабының 3-тармағы).
Мемлекет қатысқан мәміленің объектісі - қазына мүлкі, тек ғана мемлекет меншігінде болатын объектілер және оның мүліктік құқықтармен байланысты мүліктік емес құқықтары, сондай-ақ жекешелендіру туралы заңнамада көзделген арнаулы объектілер бола алады. Жекешелендіру кезінде мемлекет өзі немесе құқық берілген мемлекеттік орган арқылы кәсіпорынды түгелдей, акциялардың мемлекеттік пакетін немесе таратылған кәсіпорын мүлкін сатушы болады.
Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігінде тауарлық ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу, ағаш отырғызу үшін берілген (берілетін) жерлер, сондай-ақ құрылыс салу үшін берілген (берілетін) немесе өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлер, олардың кешендері тұрғызылып қойған жерлер, ғимараттарға (құрылыстарға) қызмет көрсету үшін қажетті жерлер болуы мүмкін.
Мынадай жер учаскелерінің жеке меншікте болуы мүмкін емес (олар тек мемлекет меншігінде болады):
1) қорғаныс және мемлекеттік қауіпсіздік, қорғаныс өнеркәсібі үшін қажетті; Мемлекеттік шекараны күзету және қорғау үшін инженерлік-техникалық құрылыстар, коммуникациялар тұрғызылған; кеден орналасқан;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
3) орман және су қорлары;
4) магистралдық темір жол тараптары мен ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары орналасқан;
5) елді мекендердегі ортақ пайдаланылатын аумақтар (Жер кодексінің 26-бабының 2-тармағы).
Меншік құқығына ие болу негіздері.
Егер шартта немесе заңдарда өзгеше көзделмесе, жаңа затқа меншік құқығы оны дайындаған немесе жасаған тұлғаға тиеді.
Меншік иесі бар мүлікке меншік құқығына басқа адам сатып алу - сату, айырбастау, сыйға тарту немесе осы мүлікті иеліктен айыру туралы өзге мәміленің негізінде ие болуы мүмкін. Азамат қайтыс болған ретте оған тиесілі мүлікке меншік құқығы өсиетке немесе заңға сәйкес мұрагерлік бойынша басқа адамдарға көшеді.
Көзделген реттермен тәртіп бойынша тұлға меншік иесі жоқ мүлікке, меншік иесі белгісіз мүлікке не меншік иесі бас тартқан немесе өзге негіздер бойынша ол меншік құқығын жоғалтқан мүлікке мншік құқығын алуы мүмкін.
Тұтыну (тұрғын үй, құрылыс, саяжай, гараж немесе өзге) кооперативтің мүшелері, жарна жинақтауға құқығы бар, пәтер, саяжай, гараж және кооператив осы адамдардың пайдалануына берген өзге де үй-жай үшін өзінің үлестік жарнасын толық төлеген басқа да адамдар аталған мүліктің меншік құқығына ие болады.
Иесіз заттар.
Меншік иесі жоқ немесе меншік иесі белгісіз зат не меншік иесі оның меншік құқығынан бас тартқан зат иесіз болып табылады.
Егер меншік иесі бас тартқан заттарға меншік құқығын алу туралы, олжа туралы қараусыз жануарлар туралы, және қазына туралы ережелер теріске шығармаса, иелену көнелігіне сәйкес иесіз қозғалмалы заттарға меншік құқығы алынуы мүмкін.

Мемлекеттік меншікті жекешелендіру
Жекешелендіру дегеніміз - мемлекеттік мүлікті жеке, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және шетелдік заңды тұлғалардың меншігіне, меншік иесі болып табылатын мемлекеттің еркімен, заң актілерінде белгіленген арнаулы процедуралар шеңберінде сату.
Жекешелендірудегі мақсат - мемлекеттік мүлікті жеке меншік иесіне беру арқылы оны ынталы әрі ұтымды пайдалану. Мұның астарында мемлекеттің ұтымды шаруашылық жүргізуге мүдделі еместігі және қабілетсіз екендігі жайында даулы болжам жатыр. Тек рынок ғана сұраным мен ұсыныстың ара қатынасын дәл анықтай алады, қоғамға қажетті өндірісті ұйымдастырады және қоғам мүшелерін өнімді еңбекке ынталандырады деген топшылама бар.
Жекешелендіру сонау КСРО кезінде-ақ басталды. КСРО-ның 1991 жылғы 1 маусымдағы Мемлекет меншігінен алудың және жекешелендірудің негізгі бастамалары туралы Заңы мен Қазақ КСР-дің 1991 жылғы 22 маусымдағы Мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру туралы Заңы экономиканың мемлекеттік секторын екі бағытта қысқартуды көздейді: мемлекеттік кәсіпорындарды меншіктің басқа (мемлекеттік емес) формаларына негізделген кәсіпорындарға айналдыру (мемлекет меншігінен алу) арқылы және мемлекеттік мүлікті азаматтардың және олар құрған заңды тұлғалардың меншігіне беру (жекешелендіру) арқылы.
Қазақстанда жекешелендіру төрт кезенде жүргізілді. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікті мемлекет меншігінен алудың және жекешелендірудің 1991-1992 жылдарға арналған Бағдарламасы шеңберінде (1-кезең) мыналар жүзеге асырылды: кәсіпорындарды кейін сатып алу құқығымен еңбек ұжымына жалға беру, ұжымдық кәсіпорнына айналдыру; мемлекеттік мүлікті еңбек ұжымының өтеусіз сатып алуы; халықтың жекешелендіруге инвестициялық купондар (ЖИК) арқылы қатысуы; мемлекеттік мүлікті аукцион және конкурс арқылы сату.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 05 наурыздағы №1135 Жарлығымен Қазақстан Республикасыңда мемлекет меншігінен алудың және жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы (2-кезең) бекітілді. Ол мынадай міндеттер атқарды: мемлекеттік кәсіпорындарды акциялау; жеке жобалар бойынша жекешелендіру; жаппай жекешелендіру; шағын жекешелендіру; агроөнеркөсіп кешеніңде жекешелендіру. Президенттің Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдарға қайта құруды ұйымдастыру шаралары туралы Жарлығына сәйкес еңбек ұжымының қызметкерлері акциялардың он пайызына дейін ақысыз алуға құқылы болды; жаппай жекешелендіру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік және меншік құқығы
Азаматтардың меншік құқығы
ҚАЗАҚСТАН ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ
Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншіктің бірдей мойындалуының және қорғалуының конституциялық құқықтық негіздері
Меншік құқығын тану
Жерге меншік құқығы
Меншік құқығының жалпы сипаттамасы
Меншік құқығының түсінігі
Меншiк құқығы ұғымы және оның мазмұны
Меншік құқығы туралы жалпы ережелер
Пәндер