XVI-XVIII ғғ. Қазақ-Орыс қарым-қатынастарының зерттелуі мен елшіліктер тарихы



Кіріспе

1 XVI.XVIII ҒҒ. ҚАЗАҚ.ОРЫС ҚАРЫМ.ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ МЕН ЕЛШІЛІКТЕР ТАРИХЫ
1.1.Қазақ.орыс қатынастарының тарихнамасы
1.2.XVI.XVIІІ ғғ. қазақ.орыс елдері арасындағы дәстүрлі елшілік байланыстар тарихы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы бірнеше ғасырларға созылған отаршылдық бұғауынан арылып, өз тәуелсіздігіне қол жеткізіп, егеменді ел ретінде дүниежүзіне танымал болды. Осыдан бастап дербес мемлекет ретінде қазақ халқы өзінің төл тарихына үңіліп, ата-бабаларының сан ғасырлар бойы жүріп өткен жолын зерттеуге деген құштарлығы артып, қызығушылығы мен сұранысы өсті. Сондықтан да Отандық тарихты обьективті тұрғыдан қайта қарап, зерттелмеген беттерін қайта жазу, ашылмай келген көмескі тұстарын тереңірек зерттеу – бүгінгі таңда татарихшылардың алдында тұрған кезек күттірмес өзекті мәселелердің бірі.
Қазақстан тарихында ең бір өзекті де күрделі, қарама-қайшылықтарға толы мәселе - XVI-XVIII ғғ. қазақ-орыс қарым-қатынастары. Өйткені, XVI-XVIII ғғ. қазақ елі мен орыстар арасындағы байланыстардың тарихын жан-жақты, бүгінгі күнгі талаптарға сай зерттеп, оның зерделенуіндегі жетістіктер мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндіктер туғызатын тарихнамалық ізденістердің қажеттілігі туындап отыр. Сондай-ақ, өзінің дамуында ұзақ әрі ауыр, күрделі де өзіндік ерекшеліктерге толы болған қазақ-орыс қарым-қатынастары төл тарихнамамызда обьективті тұрғыдан зерделеніп, тиісті бағасын ала алған жоқ. Дегенмен, біздің зерттеу обьектіміз болып отырған Қазақ хандығының орыс елімен байланыстарын бүгінгі жаңарған тарих ғылымының сұранысына орай терең зерттеудің қажеттілігін академик М.Қ. Қозыбаев: «...бізде зерттелмей келе жатқан мәселе – ұлтаралық, мемлекетаралық қатынас, өркениеттер ықпалы, мәмлегерлік тарихы», - деп, атап көрсеткен еді.
Әртүрлі саяси оқиғаларды басынан кешірген қазақ халқының тарихында XVI-XVIII ғасырлар аралығы ерекше кезеңдердің бірі болып табылады. Өйткені, осы кезеңде қазіргі Тәуелсіз Қазақстан Республикасының іргетасы – Қазақ хандығы тарих сахнасына шығып, қазақ елі халық болып қалыптасып, ішкі және сыртқы саясатын белсенділікпен жүргізе бастады.
1. Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 388 б.
2. Абусейтова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в XV-XVII вв. (история, политика, дипломатия). – Алматы: Дайк-Пресс, 1998. - С. 268.
3. Әбділдабекова А.М. XVIІІ-ХХ ғасыр басындағы Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы: Тарихнама мәселелері: Оқу құралы. – Алматы: Дайк-Пресс, 2007. – 160 б.
4. Казахско-русские отношения в XVІ-XVІІІ веках (Сборник документов и материалов). / Состав.: Ф.Н. Киреев, А.К. Алейникова, Г.И. Семенюк, Т.Ж. Шойнбаев. - Алма-Ата: АН КазССР, 1961. - Т. 1. - С. 743.
5. Материалы по истории Казахского ханство XV-XVIII веков. (извлечение из персидских и тюркских сочинений). – Алма-Ата: АН КазССР, 1969. - С. 651.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
Кіріспе

1 XVI-XVIII ҒҒ. ҚАЗАҚ-ОРЫС ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ МЕН ЕЛШІЛІКТЕР ТАРИХЫ
1.1.Қазақ-орыс қатынастарының тарихнамасы
1.2.XVI-XVIІІ ғғ. қазақ-орыс елдері арасындағы дәстүрлі елшілік байланыстар тарихы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы бірнеше ғасырларға созылған отаршылдық бұғауынан арылып, өз тәуелсіздігіне қол жеткізіп, егеменді ел ретінде дүниежүзіне танымал болды. Осыдан бастап дербес мемлекет ретінде қазақ халқы өзінің төл тарихына үңіліп, ата-бабаларының сан ғасырлар бойы жүріп өткен жолын зерттеуге деген құштарлығы артып, қызығушылығы мен сұранысы өсті. Сондықтан да Отандық тарихты обьективті тұрғыдан қайта қарап, зерттелмеген беттерін қайта жазу, ашылмай келген көмескі тұстарын тереңірек зерттеу - бүгінгі таңда татарихшылардың алдында тұрған кезек күттірмес өзекті мәселелердің бірі.
Қазақстан тарихында ең бір өзекті де күрделі, қарама-қайшылықтарға толы мәселе - XVI-XVIII ғғ. қазақ-орыс қарым-қатынастары. Өйткені, XVI-XVIII ғғ. қазақ елі мен орыстар арасындағы байланыстардың тарихын жан-жақты, бүгінгі күнгі талаптарға сай зерттеп, оның зерделенуіндегі жетістіктер мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндіктер туғызатын тарихнамалық ізденістердің қажеттілігі туындап отыр. Сондай-ақ, өзінің дамуында ұзақ әрі ауыр, күрделі де өзіндік ерекшеліктерге толы болған қазақ-орыс қарым-қатынастары төл тарихнамамызда обьективті тұрғыдан зерделеніп, тиісті бағасын ала алған жоқ. Дегенмен, біздің зерттеу обьектіміз болып отырған Қазақ хандығының орыс елімен байланыстарын бүгінгі жаңарған тарих ғылымының сұранысына орай терең зерттеудің қажеттілігін академик М.Қ. Қозыбаев: ...бізде зерттелмей келе жатқан мәселе - ұлтаралық, мемлекетаралық қатынас, өркениеттер ықпалы, мәмлегерлік тарихы, - деп, атап көрсеткен еді.
Әртүрлі саяси оқиғаларды басынан кешірген қазақ халқының тарихында XVI-XVIII ғасырлар аралығы ерекше кезеңдердің бірі болып табылады. Өйткені, осы кезеңде қазіргі Тәуелсіз Қазақстан Республикасының іргетасы - Қазақ хандығы тарих сахнасына шығып, қазақ елі халық болып қалыптасып, ішкі және сыртқы саясатын белсенділікпен жүргізе бастады.
XVI-XVIII ғғ. аралығындағы Қазақ хандығының көрші мемлекеттермен, соның ішінде іргелес орыс елімен жасаған қарым-қатынасын зерттеудің бүгінгі таңда маңызы зор. Әрине, осы уақытқа дейін Қазақ хандығының көрші орыс елімен қарым-қатынас тарихы көптеген ғылыми зерттеулерде қарастырылған мәселелердің бірі болғанымен, төл тарихнамамызда обьективті зерттелініп, бір арнаға түсе алмай немесе Кеңес дәуірі тұсындағы зерттеушілердің еңбектерінде маркстік-лениндік идеологияның үстемдік етуімен бір жақты, үстірт қарастырылып келген тақырыптардың бірі болғанына көзіміз жетіп отыр.

. 1 XVI-XVIII ҒҒ. ҚАЗАҚ-ОРЫС ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ МЕН ЕЛШІЛІКТЕР ТАРИХЫ
1.1.Қазақ-орыс қатынастарының тарихнамасы

Қазіргі кезеңдегі қазақ мемлекеттілігінің жағдайы жүйелі қайта құру үрдісімен сипатталады. Осыған сай, бұл қазақ-орыс қарым-қатынастарының тарихын зерттеу маңызды орынды иеленді. Мемлекетаралық байланыстар тарихының қалыптасуы, отарлауға дейінгі даму эволюциясын ретроспективті талдау, содан кейін Ресейдің империялық саясатының белсендеуіне қатысты, қазақ жерлерін отарлау есебінен территориясын кеңейту, Ресей империясының құрамына кіруі ғылыми және саяси маңызға ие. Ол қазақ-орыс қатынастар тарихын зерттеуге қатысты бұрынғы прогрестік ойлау, бір бағыттық еліктеушілік(стереотиптер) пен догмалардан тәуелсіз, жаңа тұрғылардың қалыптасуы, тарихи білімнің мазмұны мен деректік базасын, тарихнаманың болашақта дамуы мүддесі үшін қажет.
Соңғы он жылдықта XVI-XVIII ғасырлар кезеңіндегі қазақ-орыс байланыстарына арналған бірнеше еңбектер жарияланды, олар Қазақстанды төмендету мен Ресейдің рөлін дәріптеуге негізделген бұрынғы методологиялық тұрғыларды қайта ой елегінен өткізу тұрғысынан жазылған. Бүгінде отарлық тәуелділік пен бағыныштылық идеологиясынан арылу Қазақстандық ғалымдардың көзқарастары мен пікірлерінің алуан түрлілігіне, кейде түбегейлі бір-біріне қарама-қарсы болуына алып келді. Бірқатар еңбектерде ұлттық экономиканың ұйысуы, ұлттық тәуелсіздігіміздің жойылуы, ұлттық мәдениетіміздің кедейленуі тек қана Ресейдің осы аймақта нықталып қалуының салдарынан болғандығы негізделіп, біржақты бағаланады. Сондықтан да бұл мәселені жаңа концептуалдық тұрғыдан, жан-жақты зерттеу қажет.
ХVІ-ХVІІІ ғасыр Қазақстан тарихында негізгі кезеңдердің бірі болып табылады. Бұл қазақ мемлекеттілігінің күшеюі мен нығаю кезеңі. Ғасыр басында Қазақ хандығы көрші елдермен тығыз байланыстар орнатып, әскери-саяси, сауда-экономикалық, рухани-мәдени салада белсенділік көрсетті. Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттік беделін арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым-қатынас саласында белгілі табыстарға қол жеткізді. Қазақ елі өз кезегінде өмір сүрген Орта Азия хандықтарымен, Еділ бойындағы елдермен, батыс Сібір хандығы мен орыс мемлекетімен саяси, сауда-саттық және дипломатиялық қарым-қатынастар орнатты.
Қазақ хандығы батыстағы көршісі Мәскеу мемлекетімен қарым-қатынасқа түсу тарихы қаншалықты күрделі болса, соншалықты жүйеге толық түспеген мәселелердің бірі. Тарихи материализмге негізделген маркстік-лениндік идеология мен методологияның тоқырауы қазақстандық тарих ғылымының алдында ХVІ-ХVІІІ ғғ. қазақ-орыс қарым-қатынастары тарихнамасының теориялық-методологиялық жаңа негізін жасау мәселесін тудырды. Теориялық және методологиялық мәселелерді жаңа көзқараспен негіздеу үшін тарихнамалық ой-пікірлер мен тұжырымдарды анықтап қана қоймай, болашақта тәуелсіз Қазақстан тарихы қандай бағыттарда зерделеніп, зерттелуі керектігін де анықтауымыз керек. Онсыз тәуелсіз тарих ғылымы да, тарихнама алға баспайды.
Қазақстанның тәуелсіздік алуы өз елінің тарихын қайта қарап, бұрын соңды маркстік-лениндік идеологияға сай жазылған мәселелерді қайта ой елегінен өткізіп, салиқалы да салмақты зерттеулерді жазуға негіз берді. Біз қарастырып отырған XVI-XVIII ғғ. қазақ-орыс қарым-қатынастарын зерттеу осы кезеңде де өзінің жалғасын тауып, жаңа концептуалдық негізде, өркениеттілік, ұлттық идеяны басшылыққа алып әртүрлі қырынан зерттеліне бастады.
Қазақстанның отарлық кезеңінің тарихына, әсіресе оның түйінді мәселелеріне отандық тарих негізінен еліміз тәуелсіздік алғаннан соң, яғни 1991 жылдан кейін баса назар аудара бастады. Бұл түсінікті де, өйткені, шет аймақ халықтарының сол кезде отар елдер халықтары аталатынындай, жабайылар тарихы мәселелері өткен кездерде империялық өктемдіктің және марксизмнің қасаң қағидасы, тоталитаризм, жеке адамға табынушылық идеологиясының ықпалымен көрінеу бұрмалаушылыққа ұшыратылды.
XVI-XVIII ғғ. қазақ-орыс қарым-қатынастары мәселесі хақында көптеген зерттеулер баршылық. Алайда жарияланған еңбектер бір жүйеге келтіріліп, сараланбаған, яғни екі ел арасындағы түрлі байланыстар туралы арнайы жазылған іргелі тарихи және тарихнамалық зерттеулер жоқтың қасы. Зерттеуші Н. Алдабек3 өзінің ғылыми монографиясында Орталық Азиядағы халықаралық қатынастардың қалыптасу тарихы Қытай мен Ресейдің осы аймақтағы жүргізген саясатына тікелей байланысты деп атап өткен. Қытай мемлекеті Орталық Азиядағы халықаралық қатынастарға сонау көне замандардан, б. з. дейінгі бірінші мың жылдықтан бастап, яғни, өзінің Ұлы қабырғасын сала бастаған кезеңнен бері араласа бастаса, Ресей өзінің бұл аймақтағы империялық шекараларын Қытаймен жақындастырған кезеңнен, яғни, ХҮШ ғасырдан бастап қана кіріскені мәлім. Бұл екі елдің үш жүз жылдан астам уақыттан бері келе жатқан Орталық Азиядағы геосаяси бәсекелестігінің тарихына қазіргі заман заңдылықтары тұрғысынан көз жүгіртіп, олардың арасындағы мемлекетаралық қатынастарының қалыптасу, даму мәселелеріне жаңаша көзқараспен қарап, объективті баға беруді қажет ететіні сөзсіз. Патшалық Ресей Орталық Азиядағы халықтар мен елдерге қатысты мемлекетаралық саясатының қыр-сырына тереңірек үңілу бұл мәселені жүйелі зерттеуде жаңа ғылыми методологиялық негіздерге сүйенуге мәжбүр етеді. Себебі осы күнге дейін, Ресей мен Қазақстан арасындағы өзара байланыстардың тарихын сараптауда қолданылып келген әдістер екі елдің арасындағы қатынастардың нағыз объективті сипатын ашуға, оның кейбір маңызды аспектілерінің қырларын шынайы себептерімен қоса көрсетуге жеткілікті болмай шықты.
Кез келген мемлекет немесе қоғам өзінің қоғамдық, ұлттық және мемлекеттік мүдделерін саясат арқылы іске асыратыны белгілі. Яғни саясат осы мүдделердің көрінісі, оны іске асырудың бірден-бір жолы болып табылады. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын негізгі үш факторлар тобы айқындайды: обьективтік тарихи, геосаяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайлар. Әрбір мемлекет өзінің сыртқы саясатын ұлттық немесе мемлекеттік мүддені сақтау және оны жүзеге асыру барысында халықаралық қатынастардың әрқилы факторларын есепке ала отырып іске асыратыны белгілі. Осы факторлардың кешенін айқындайтын географиялық, саяси, геосаяси, әлеуметтік-экономикалық, сауда қатынастары, отаршылдық саясат, қысқа мерзімдік қалыптасқан халықаралық жағдайлар немесе өте ұзақ мерзімге бағытталған халықаралық қатынастар тәрізді факторлар мемлекеттердің сыртқы саясатындағы, қазіргі кездегі халықаралық қатынастар теориясындағы жиі қолданылып жүрген, ұлттық мүддесі немесе мемлекеттік мүдде концепцияларының мазмұнын айқындауға негіз болып отыр.
Мемлекеттер арасындағы мүдделердің бір-бірімен қайшылыққа келуі халықаралық қатынастар теориясындағы сыртқы саясатта әрекет етуші обьективті жағдай мен субьектілердің де атқаратын роліне байланысты болады. Қазақ хандығы да, Орыс елі де халықаралық қатынастарда әрқайсысы жеке дербес субьектілер болғандықтан, олардың сыртқы саясаттағы ұлттық-мемлекеттік мүдделерінің өзіне тән ерекшеліктері мен айырмашылықтары болады.
Ұлттық-мемлекеттік мүдделердің сыртқы саясатта түрліше көрініс табуы, оларды іске асырушы мемлекеттік тұлғаларға да байланысты болады. Мысалы жеке тұлғалар мемлекеттер арасындағы саясатта ерекше роль атқарып, мемлекеттік мүдделерді қалыптастыруды өз қолдарына алатындықтан, тұлғалар арасындағы келіспеушілік немесе өзара татулық мүдделердің де өзгеруіне әкеліп отырады.
Кез келген екі елдің сыртқы саясатын қалыптастыруда ішкі және сыртқы обьективтік, субьективтік факторлар шешуші және тұрақты роль атқарады, олардың арасындағы мүдделер тоғысуы немесе қайшы келу сипатын айқындау да шешуші маңызға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ-орыс байланыстарының алғашқы кезеңі
Жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі
Түркістан - қазақ хандығының астанасы
Жоңғар хандығының құрылуы
Дешті қыпшақтың мысыр мамлүк мемлекетімен XIII-XV ғғ. байланыстары
XVI-XVIII ғғ. Қазақ хандығы мен орыс мемлекеті арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени, дипломатиялық қарым-қатынас
Моғолстан мемлекетінің саяси тарихы
ҚАЗАҚ - ЖОҢҒАР ҚАТЫНАСТАРЫ ҚАЗАҚ ЗЕРТТЕУШІЛЕРІНІҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ
Қазақ хандарының дипломатиялық хаттарының тарихи маңызы
Осман империясының еуропадағы сыртқы саяси және дипломатиялық бағыттары
Пәндер