Аурухана мен емханалардағы бөлімшелерде жүргізілетін санитарлық эпидемияға қарсы іс-шаралар тәртібі


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім.

  • Аурухана мен емханалардағы бөлімшелерде жүргізілетін санитарлық эпидемияға қарсы іс-шаралар тәртібі.
  • Ерекше стерильді аймақтар туралы түсінік.

III. Қорытынды.

IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.

Осы «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленген және денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

Осы Санитариялық қағидалар:

1) құрылысқа жер учаскесін таңдау;

2) жобалау, салу, қайта жаңарту;

3) үй-жайларды және жабдықтарды күтіп-ұстау;

4) медициналық қалдықтарды жинау, залалсыздандыру, тасымалдау, сақтау және көму;

5) науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ медицина персоналының еңбек жағдайлары;

6) медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерилдеу және дезинфекциялауды жүргізу;

7) санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу кезінде денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтиды.

Кез келген емдеу сауықтыру мекемелеріндегі медициналық мейірбике жұмысының негізгі бағыттарының бірі санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шамаларды орындау және онымен қамтамасыз ету болып табылады.

Санитарлық- эпидемияға қарсы тәртіп дегеніміз аурухана ішілік жұқпаның таралмауын алдын алуға бағытталған санитарлық- профилактикалық және эпидемияға қарсы іс- шаралардың жиынтығы.

АСЕПТИКА дегеніміз пациенттің ағзасына микроорганизмдерді түсірмеуді алдын алуға бағытталған іс шаралар жиынтығы. Ол зарарсыздандыру және залалсыздандыру жолымен микробтар және оның спораларын жою арқылы жүзеге асады.

АНТИСЕПТИКА дегеніміз жараға түскен кробтарды жоюға арналған іс шаралар жиынтығы.

Механикалық антисептика жарадағы өлі және езілген ұлпаларды (тканьді), ұйыған қанды, бөгде затты тазалау, жараны көп мөлшердегі сұйықтықпен жуу, тазалау жатады.

Физикалық антисептика жарада микробтардың өмір сүруі үшін жағымсыз (қолайсыз) жағдай туғызу, яғни жараны кварцтау, яғни УКС-мен емдеу, жараға дренаж, турундаларды гипертоникалық ерітіндіге малып, қолдана отырып жарадағы іріңді, басқа да сұйықтықты сыртқа шығару.

Химиялық антисептика- микробқа қарсы әсері бар түрлі дәрілік заттарды қолдануға негізделген. Бұл дәрәләк заттарды антисептиктер деп атайды (этил спирті, калий перманганаты, сутегінің асқын тотығы, йод, бриллиант жасылы, фурациллин ерітіндісі) .

Биологиялық антисептика дегеніміз антибиотиктерді, сарысуларды (сыворотка), вакциналарды қолдану.

Негізгі бөлім.

Аурухана мен емханалардағы бөлімшелерде жүргізілетін санитарлық эпидемияға қарсы іс-шаралар тәртібі.

1. Қабылдау бөлімшесінің санитарлық-эпидемиологиялық тәртібі.

Қабылдау бөлімшесінде барлық келіп түсетін науқастардың жұтқыншағын қарау, температурасын өлшеу, сырқатнамасына белгі қоя отырып, педикулезге, қышымаға, дерматомикозға тексеру жүргізіледі. Зертханалық зерттеулер жүргізу үшін көрсеткіштер бойынша биоматериал алу жүргізіледі.

Инфекциялық ауруға күдіктену кезінде пациентті инфекциялық аурулар бөлімшесіне (ауруханаға) ауыстырғанға дейін қабылдау бөлімшесінің жанындағы диагностикалық палатаға оқшаулайды.

Науқастар стационарға келіп түскен кезде қабылдау бөлімшесінде санитариялық өңдеуден өтеді және таза іш киімдер, пижама, аяқ киім жиыны беріледі. Стационарда, туберкулезге қарсы ұйымдарда емделіп жатқан науқастарды қоспағанда, науқастардың үй киімімен жүруіне жол беріледі.

2. Босанатын бөлімшенің санитарлық-эпидемиологиялық тәртібі.

Босанатын әйелге айғақтар бойынша тексеруден кейін немесе әйелдің қалауы бойынша санитариялық өңдеу жүргізіледі.

Жеке босандыру палатасы сұйық сабынмен, антисептикпен, бір рет пайдаланылатын сүлгімен, қол жуу техникасы бойынша қабырғалық көрнекі құралмен, кілемшемен, доппен, швед шкафымен қамтамасыз етіледі. Палаталарда ылғалды жинауға болатын заттарды қолданған жағдайда еркін интерьерге, ана мен бала үшін өзінің таза киімін қолдануға жол беріледі.

Босандыру палатасында ауаның температурасы кемінде +25 0 С болуы тиіс. Егер мерзімінен бұрын босану күтілетін болса, ауаның температуры кемінде +28 0 С болуы тиіс.

Босанғаннан кейінгі бөлімшенің палаталары циклмен, кемінде үш-бес күн болудан аспайтындай етіп толықтырылуы тиіс, үй-жайдың температурасы кемінде 25 0 С болуы тиіс.

Ана мен бала бірге болатын палатада жаңа туған нәрестелер үшін жеке балалар төсектері және жаңа туған нәрестелерге арналған құндақтайтын үстел орнатылады.

Шала туған балаларға арналған палатада ауаның температурасы +25 0 С - +28 0 С болуы тиіс.

Балалар бөлімшесінің құрамында балаларға арналған қоспаларды дайындауға және құюға арналған үй-жай көзделеді. Құрғақ сүт қоспаларының қаптамасы ашылғаннан кейін ашылған күні мен уақыты көрсетілген таңбасы болуы тиіс.

3. Мәйіт сақтауға арналған бөлімшенің санитарлық-эпидемиологиялық тәртібі.

Мәйіттерді сақтауға арналған үй-жай +2°С - +4°С температураны қамтамасыз ететін тоңазытқыш қондырғыларымен, мәйіттерді тасымалдауға арналған механикаландыру құралдарымен, стеллаждармен, сөрелермен немесе арнайы сейфтермен жабдықталады. Мәйіттерді еденде сақтауға жол берілмейді. Мәйіттерді әртүрлі қабаттарда сақтаған кезде лифт жабдықталады.

4. Инфекциялық аурулар бөлімшесінің санитарлық-эпидемиологиялық тәртібі.

Бөлімшелердің жұмысы палатада пациенттерге қызмет көрсету және медициналық көмек көрсету қағидаты бойынша ұйымдастырылады.

Персоналдың боксқа кіру есігі арнайы киімді ауыстыру, қолды жуу және дезинфекциялау жүргізілетін шлюздер арқылы инфекциялық емес «шартты таза» дәліз арқылы көзделеді.

Инфекциялық аурулар бөлімшесінің бокстарында палатаға шлюздерден әйнектелген жақтаулар, шлюзден палатаға тамақ, дәрілік заттар мен киім-кешекті жеткізуге арналған беру шкафы көзделеді. Боксталған палаталарда осы шкафтар дәлізден палатаға ұйымдастырылады. Науқастардың тамақтануы палатада жүзеге асырылады.

Ішек инфекциялары бар науқастар жеке таңбаланған түбектермен (астыға төселетін төсеммен) қамтамасыз етіледі, олардың таңбасы науқастың кереуетінің нөміріне сәйкес келеді. Науқастың бөлінділері зарарсыздандырылады.

Нозологиялық түрлер бойынша палаталарды (үш күн ішінде) толтыру циклдігі сақталады.

Мәжбүрлеп емдеу бөлімшелерінде мамандандырылған тәулік бойғы күзеттің болуы қамтамасыз етіледі.

Мәжбүрлеп емдеуге арналған бөлімшеде науқастардың дәріге сезімталдығына және жынысына (ер және әйел) байланысты туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеуге бөлек жатқызу қамтамасыз етіледі.

Симптомдық емдеуді қажет ететін, тұрақты бацилла бөлетін туберкулездің созылмалы түрімен ауыратын науқастар бацилла бөлуді тоқтату кезеңіне дейін туберкулезге қарсы ұйымдардың жанындағы мамандандырылған ұйымдарда немесе бөлімшелерде оқшаулануға жатады.

Туберкулезге қарсы диспансерлерде мульти (поли) резистентті штамм бөлетін науқастарды амбулаториялық қабылдауға арналған жеке кабинеттер бөлінеді.

Қақырық жинау бөлмесі бактерицидті экрандалған сәулелегіштермен, антисептикалық сабыны және антисептика ерітіндісі бар дозаторы бар қол жууға арналған раковинамен, дезинфекциялық ерітіндісі бар сыйымдылықтармен, таза контейнерлер мен қақырығы бар (бикстер, мырыш және тот баспайтын құрыштан жасалған тұтқалары бар металл жәшіктер) контейнерлерге арналған сыйымдылықтармен жабдықталады, үй-жай ауасын алмастыру жиілігі сағатына кемінде 6-12 көлемдегі жергілікті желдету жүйесімен жабдықталады.

Ауыр жағдайларды қоспағанда, стационарлық науқастарға баруға жол берілмейді. Келушілер қорғаныш дәрежесі жоғары бетперделерді пайдалануы тиіс.

Туберкулездің микобактерияларын бөлетін науқастары тамақтануды палаталарда жүзеге асырады.

5. Науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыруға, медицина персоналының еңбек жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар.

Денсаулық сақтау объектісінің ас блогын инфекциялық бөлімшелерден басқа корпустармен және бас корпуспен қолайлы жер асты және жер бетіндегі көлік байланыстарымен қосылған, бөлек тұрған ғимаратта орналастырады.

Тағамдарды дайындау кезінде өндірістік үдерістің ағымдылығы қатаң сақталады. Шикізат пен дайын өнімдердің қарама-қарсы ағымына жол беруге болмайды. Шикізатты, тағам өнімдерін тауар көршілестігі қағидаларын сақтай отырып сақтайды. Тоңазытқыш жабдығы болмаған жағдайда тез бұзылатын тағам өнімдерін сақтауға жол берілмейді.

Күнсайынғы таратылатын ас мәзірін жасау кезінде «Республиканың мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тамақтанудың заттай нормаларын және жұмсақ мүкәммалмен жабдықтаудың ең төменгі нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 128 қаулысымен бекітілген тамақ нормалары ескеріледі.

Ас мәзiрiн әзірлеген кезде өнімдер мен тағамдарды ауыстыру күндерінде емдәмнің химиялық құрамы мен тағамдық құндылығын (құнарлылығын) есептеу жүзеге асырылады.

Күнсайын ас блогында дайын тағамның тәуліктік сынамасы қалдырылуы тиіс. Тәуліктік сынама үшін бірінші тағамның жарты үлесі қалдырылады, үлесті екінші тағамдар кемінде 100 грамм (бұдан әрі - гр) мөлшерінде толығымен алынады, үшінші тағамдар кемінде 200 гр мөлшерінде алынады. Тәуліктік сынамалар тоңазытқышта арнайы бөлінген орында +2 - +6 градус Цельсий (бұдан әрі - ºС ) температурада қақпақтары жабылған банкаларда сақталады. Жиырма төрт сағат өткеннен кейін тәуліктік сынама тағам қалдықтарына тасталады. Тәуліктік сынаманы сақтауға арналған ыдыс (сыйымдылықтар, қақпақтар) бес минут бойы қайната отырып өңделеді.

Дайын тамақты аурухананың буфет бөлімшелеріне жеткізген кезде термостар немесе қақпақтары тығыз жабылатын ыдыс пайдаланылады. Тасымалдау арнайы таңбаланған арбалардың көмегімен жүзеге асырылады.

Дайын тағамды таратуды буфетшілер және бөлімшенің кезекші мейірбикелері «тағам таратуға арналған» деп таңбаланған халаттарда жүргізеді. Тағамды таратуды бақылауды тағайындалған диетаға сәйкес аға мейірбике жүзеге асырады.

Тарату кезінде бірінші тағамдар мен ыстық сусындарда температура + 75ºС, екіншілерде + 65º С төмен болмауы, салқын тағамдар мен сусындарда +7-ден 14ºС дейiн болуы тиіс. Тарататын сәтке дейін бірінші және екінші тағамдар дайындалған сәтінен бастап eкi сағатқа дейін ыстық плитада тұруына болады. Тамақты бір күн бұрын дайындалған тамақтың және сол күнi ертерек мерзімдерде дайындалған тамақтың қалдықтарымен араластыруға жол берілмейді.

Буфет бөлімшелерінде: тамақ таратуға арналған және үш ұялы ванна қондырғысы бар ыдыс жууға арналған екі үй-жай көзделеді.

Буфеттерде жуу ванналарына су келтірілген резервтік су ысытқыштар, инфекциялық, тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы бөлімшелерінің буфеттерінде асхана ыдысын өңдеуге арналған ауа стерилизаторлары орнатылады.

Ыдысты өңдеуді мынадай тәртіппен жүргізеді: тамақты механикалық алып тастау және бірінші жуғышта майсыздандыру құралдарымен жуу, екінші жуғышта ыстық сумен шаю және ыдысты арнайы сөрелерде, торларда кептіру.

Денсаулық сақтау объектілеріне

қойылатын санитариялық-

эпидемиологиялық талаптар»

санитариялық қағидаларына

қосымша.

Аудандық емхананың негізгі бөлімшелері үй-жайларының ауданы

Үй-жайлар атауы

Ауданы м 2

кемінде

№: Жалпы үй-жайлар
№: 1
Үй-жайлар атауы: Дәріхана мен анықтамасы бар вестибюль
Ауданы м2кемінде: 10
№: 2
Үй-жайлар атауы: Орта медициналық персонал кабинеті
Ауданы м2кемінде: 12
№: 3
Үй-жайлар атауы: Акушериялық қабылдау кабинеті
Ауданы м2кемінде: 12
№: 4
Үй-жайлар атауы: Емшара кабинеті
Ауданы м2кемінде: 12
№: 5
Үй-жайлар атауы: Егу кабинеті
Ауданы м2кемінде: 8
№: 6
Үй-жайлар атауы: Шаруашылық және тұрмыстық үй-жайлар
Ауданы м2кемінде: 11
№: 7
Үй-жайлар атауы: Дезинфекциялау құралдарын дайындауға және сақтауға арналған үй-жай
Ауданы м2кемінде: 4
№: 8
Үй-жайлар атауы: Қол жууға арналған раковинасы (қол жуғышы) бар дәретхана
Ауданы м2кемінде: 3
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медициналық әртүрлі құралдар
Науқастың инфекцияларға бейімділігі
Медициналық көмек көрсету үшін сырқатты қабылдау
ӘСКЕРИ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ
Инфекционды қауіпсіздік. Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялар
Мейірбике ісі негіздері оқу әдістемелік құрал
Дезинфекция
Емдеу - сақтандыру мекемелерінің түрлері және ондағы медицина қызметкерлер жұмысының ұйымдастырылуы жайында
Микроклимат. Ластану
Аурухананың қабылдау бөлшшесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz