Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру



Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі
Бухгалтерлік құжаттардың жіктелуі
Құжат айналымы
Мүлікті және міндеттемелерді түгендеу
Бағалау және калькуляциялау
Шаруашылық үдерістерінің есебі және кәсіпорын қызметініц негізгі көрсеткіштері
Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу үшін кәсіпорында күнделікті орындалып отыратын барлық операциялардың міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып отыратындығы бухгалтерлік есептің басқа ғылымдардан ерекше екендігін алдыңғы тарауларда айтып өткенбіз. Бухгалтерлік құжат деп кәсіпорындар мен ұйымдарда орындалған операция-ларды дәлелдейтін және алдағы уақытта орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша куәлікті атауға бодады.
Жалпы кәсіпорындағы атқарылып жатқан жұмыстың, орындалған тапсырманың үздіксіз, белгілі бір тәртіппен, арнайы үлгідегі қағаздарға жазылып және оған тиісті адамдардың қолдарының қойылуы (қажет болған жағдайда кәсіпорын мен ұйым мөр таңбасының басылуы) құжаттау деп аталады. Сондықтан да құжаттау бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Себебі осы құжаттар арқылы ғана кез келген уақытта кәсіпорын бойынша орындалған жұмыстың, атқарылған қызметтің қай мерзімде жасалғанын және оған қандай мөлшерде шығын жұмсалғанын дәлелдеуге болады.
Құжат кәсіпорындағы орындалған шаруашылық операцияларына сәйкес үздіксіз толтырылып, олардың мазмұнын толық ашып көрсетеді және ол бухгалтерлік есептің негізі болып табылады.
Бухгалтерлік құжат — кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың орындалғанын растайтын немесе оны орындауға заңды түрде құқық беретін жазбаша куәлік.
Орындалған шаруашылық операцияларын бастапқы құжатқа түсіруді бухгалтерлік есеп теориясында алғашқы есеп сатысы деп атайды.
Кәсіпорында жүргізілетін шаруашылық құбылыстарының әр түрлі болу себебінен бастапқы құжаттардың нысаны (формасы) бірдей болмайды. Шаруашылық құбылыстары түгелдей бастапқы құжатпен құжатталуы тиіс. Әрбір бастапқы құжатқа орындалған шаруашылық операциясының мазмұны жазылып және белгілі бір көрсеткіштер түсіріледі. Құжат көрсеткіштерін деректемелер (реквизиттер) деп атайды. Олар міндетті және толықтырушы болып бөлінеді. Міндетті деректемелер (реквизиттер) бухгалтерлік құжаттарды заңды құқықпен қамтамасыз етеді.
Міндетті деректемеге (реквизитке) жататындар:
- құжаттың аты, нысанының коды;
- құжаттың толтырылған уақыты (күні, айы және жылы);
- құжатты толтырған занды немесе жеке тұлғаның аты-жөні;
- шаруашылық операциясының мазмұны;
- шаруашылық операцияның өлшемі (натуралдық немесе ақшалай);
- шаруашылық операцияның жүргізілуіне және соған сәйкес құжаттарды толтыруға жауапты адамдардың аты-жөні;
- жауапты атқарушының қолы.
Қосымша деректемелер (реквизиттер) шаруашылық операция көрінісінің ерекшеліктерімен және құжаттардың тағайындалуымен анықталады. Әр түрлі талаптарға байланысты бастапқы құжатта келесідей қосымша деректемелер (реквизиттер) болуы керек: құжаттың реттік номері, ұйымның банк мекемесіндегі есеп айырысу шотының нөмірі, шаруашылық операцияны орындау үшін негіз болатын құжаттар және тағы басқалары.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі
Бухгалтерлік құжаттардың жіктелуі
Құжат айналымы
Мүлікті және міндеттемелерді түгендеу
Бағалау және калькуляциялау
Шаруашылық үдерістерінің есебі және кәсіпорын қызметініц негізгі
көрсеткіштері

Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу үшін кәсіпорында күнделікті орындалып
отыратын барлық операциялардың міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып
отыратындығы бухгалтерлік есептің басқа ғылымдардан ерекше екендігін
алдыңғы тарауларда айтып өткенбіз. Бухгалтерлік құжат деп кәсіпорындар мен
ұйымдарда орындалған операция-ларды дәлелдейтін және алдағы уақытта
орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша
куәлікті атауға бодады.
Жалпы кәсіпорындағы атқарылып жатқан жұмыстың, орындалған тапсырманың
үздіксіз, белгілі бір тәртіппен, арнайы үлгідегі қағаздарға жазылып және
оған тиісті адамдардың қолдарының қойылуы (қажет болған жағдайда кәсіпорын
мен ұйым мөр таңбасының басылуы) құжаттау деп аталады. Сондықтан да
құжаттау бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Себебі осы құжаттар
арқылы ғана кез келген уақытта кәсіпорын бойынша орындалған жұмыстың,
атқарылған қызметтің қай мерзімде жасалғанын және оған қандай мөлшерде
шығын жұмсалғанын дәлелдеуге болады.
Құжат кәсіпорындағы орындалған шаруашылық операцияларына сәйкес
үздіксіз толтырылып, олардың мазмұнын толық ашып көрсетеді және ол
бухгалтерлік есептің негізі болып табылады.
Бухгалтерлік құжат — кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың
орындалғанын растайтын немесе оны орындауға заңды түрде құқық беретін
жазбаша куәлік.
Орындалған шаруашылық операцияларын бастапқы құжатқа түсіруді
бухгалтерлік есеп теориясында алғашқы есеп сатысы деп атайды.
Кәсіпорында жүргізілетін шаруашылық құбылыстарының әр түрлі болу
себебінен бастапқы құжаттардың нысаны (формасы) бірдей болмайды. Шаруашылық
құбылыстары түгелдей бастапқы құжатпен құжатталуы тиіс. Әрбір бастапқы
құжатқа орындалған шаруашылық операциясының мазмұны жазылып және белгілі
бір көрсеткіштер түсіріледі. Құжат көрсеткіштерін деректемелер
(реквизиттер) деп атайды. Олар міндетті және толықтырушы болып бөлінеді.
Міндетті деректемелер (реквизиттер) бухгалтерлік құжаттарды заңды құқықпен
қамтамасыз етеді.
Міндетті деректемеге (реквизитке) жататындар:
- құжаттың аты, нысанының коды;
- құжаттың толтырылған уақыты (күні, айы және жылы);
- құжатты толтырған занды немесе жеке тұлғаның аты-жөні;
- шаруашылық операциясының мазмұны;
- шаруашылық операцияның өлшемі (натуралдық немесе ақшалай);
- шаруашылық операцияның жүргізілуіне және соған сәйкес құжаттарды
толтыруға жауапты адамдардың аты-жөні;
- жауапты атқарушының қолы.
Қосымша деректемелер (реквизиттер) шаруашылық операция көрінісінің
ерекшеліктерімен және құжаттардың тағайындалуымен анықталады. Әр түрлі
талаптарға байланысты бастапқы құжатта келесідей қосымша деректемелер
(реквизиттер) болуы керек: құжаттың реттік номері, ұйымның банк
мекемесіндегі есеп айырысу шотының нөмірі, шаруашылық операцияны орындау
үшін негіз болатын құжаттар және тағы басқалары.
Құжаттардың нысандары (формалары) келесі есеп бөлімдері бойынша
топтасады:
1) ауылшаруашылық өнім мен шикізат;
2) еңбек және еңбекақы;
3) негізгі құралдар мен материаддық емес активтер;
4) материалдар;
5) кем бағалы және тез тозғыш заттар;
6) капиталдық құрылыстағы жұмыс;
7) құрылыс машиналар мен механизмдердің жұмысы;
8) автокөліктегі жұмыс;
9) түгендеу нәтижелері;
10) кассалық операциялар;
11) сауда операциялары.
Құжаттар дер кезінде, яғни операцияның орындалуы барысында толтырылуы
керек. Егер бұл айтылған уақытта оларды толтыруға мүмкіндік болмаған
жағдайда құжаттар операция аяқталған сәтте толтырылады. Уақытында
толтырылмаған құжат кәсіпорын меншігінің сақталуын бақылауды қиындатады
және ол операцияның бухгалтерлік есепшотына кешіктіріліп жазылуына әкеліп
соқтырады. Осы себептен ұйымның бухгалтерлік қорытынды есебін жасау мерзімі
кешіктірілуі мүмкін.
Құжаттардағы жазбалар сиямен, марикті қаламсаппен, жазба машинасымен
(компьютермен) және басқа да олардың архивте көрсетілген уақыт мерзіміне
дейін сақталуын қамтамасыз ететін заттармен толтьрылады. Құжаттағы жазбалар
анық және дұрыс көрсетілуі керек. Құжатты толтырған адам тиісті жеріне
өзінің қолын анық етіп қоюға міндетті. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы алғашқы
есеп құжаттарына қолдарын қоятын адамдарды ұйым басшысы бас бухгалтердің
келісімімен тағайындайды.
Ақша операциялары бойынша толгырылатын құжаттар және есеп айырысу
құжаттары, сошмен қатар кәсіпорынның қаржылық-несиелік міндегерін
куәландыратын құжаттар бас бухгалтердің қолынсыз заңсыз (жарамсыз) болып
саналып, оны орындау жүзеге асырылмайды. Егер кейбір операцияларды орындау
барысында кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтерінің көзқарастары әр түрлі
болған жағдайда оларға толтырылатын құжаттар кәсіпорын басшысының жазбаша
өкімі бойынша толтырылады. Соған сәйкес бұл операция үшін барлық
Жауапкершілікті кәсіпорынның басшысы өз мойнына алады.
Алғашқы (бастапқы) құжаттарды толтырғанда жасалған қателерді келесі
жолдармен түзетуге болады: дұрыс емес тексті не соманы оқылатындай етіп
түзу сызықпен сызады да оның жанына дұрыс жазба жазылады. Бұл құжатқа
түзету енгізілгені жазылып және уақыты (күні, айы, жылы) көрсетіліп құжат
толтырушы өз қолын қояды.
Кассалық және банктік құжаттарға түзету енгізуге болмайды. Егер аталған
құжаттарды толтыру барысында қате жіберілген жағдайда оларды қайта толтыру
қажет.
Бухгалтерлік есепте пайдаланылатын алғашқы құжаттардың басқадай
түрлеріне түзету енгізу тек қана шаруашылық операцияларына қатысушылардың
келісімімен жүргізіліп және олар өздерінің келісім бергендігін растап,
түзету енгізілген уақытты (күні, айы, жылы) көрсетіп қолдарын қояды.

Бухгалтерлік құжаттардың жіктелуі
Есептеу үдерісінде (процесінде) ыңғайлы және дұрыс болуы үшін құжаттар
келесі ерекшеліктері бойынша жіктеледі: мақсаты бойынша (назначению),
құрастырылған орнына байланысты (месту составления), көрсету тәсілі
(способу отражения) және операция мазмұнының көлемі (объему содержания)
бойынша.
Мақсаты бойынша құжаттар үкімдік (распорядительные), атқарушылық
(оправдательные, исполнительные), бухгалтерлік толтыру (бухгалтерского
оформления) және құрамдастырылған (комбинированные) болып бөлінеді.
Үкім құжаттарына — шаруашылық операцияларды жүргізуі туралы бұйрықтар
мен өкімдер жатады. Мысалы, жұмысшыларға сыйақы беру туралы бұйрық,
тауарларды алуға берілген сенім хат және тағы басқалар. Бұл құжаттардың
шаруашылық операциялардың аяқталуына дейін күші болады. Оған міндетті түрде
операцияны орындауға бұйрық беретін жауапты адамдардың қолы қойылуы керек.
Үкім құжаттарының негізінде есепте жазу көрсетілмейді, себебі шаруашылық
операциясын орындау үкім шығарылғаннан кейін ғана орындалады.
Атқарушылық (растайтын) құжаттар — шаруашылық операциялардың
орындалғанын көрсетеді (растайды). Бұл құжаттарға — тауарлық-материалдық
қорларды алу үшін толтырылған жүкқұжат (накладнойлар), кассалық кіріс ету
және кассалық шығыс ету ордерлері және тағы басқаларын жатқызуға болады.
Құжаттардың бұл түрі операция жасалған сәтте толтырылып және оған жауапты
адамдар қолдарын қояды. Сонымен бірге орындалған операцияларды бухгалтерлік
есепшотында жазып көрсетуге негіз болып табылатын және оны растайтын
құжаттардың түрі.
Бухгалтерлік толтырылған құжаттар — ұйымның бухгалтериясы жасаған әр
түрлі анықтамалар, бухгалтерлік есеп шоттары бойынша орындалатын
операцияларға негіз болатын кәсіпорынның бухгалтері толтырған есеп
айырысулар. Оларға негізгі құралдар, материалдық емес активтер,
материалдар, әлеуметтік сақтандыру аударымдары, еңбекақы төлемдері және
тағы басқа бухгалтерия толтырған құжаттар жатқызылады.
Біріктірілген құжаттарының құрамына бірнеше функцияны қатар атқаратын
барлық құжаттар кіреді. Мысалы: кассирге орындауға берілген кассалық шығыс
ету ордері оны орындағанша үкімдік болып есептелінсе, кассир ақшаны алушыға
бергеннен кейін атқарушылық болып есептеледі. Біріктірілген құжаттардың
бухгалтерлік есепте қолданылуы өте ыңғайлы, ол құжаттың өңцелуін
жеңілдетеді және құжаттың санын қысқартады.
Толтырылатын (құрастырылатын) орнына байланысты құжаттар ішкі және
сыртқы болып бөлінеді.
Ішкі құжаттар дегеніміз белгілі бір кәсіпорында толтырылып
(құрастырылып) оның ішінде жүргізілетін құжаттар болып табылады.
Құжаттардың бұндай түрі арқылы қандайда бір кәсіпорынның ішкі операциялары
құжатталады. Ондай құжаттардың қатарына тауар-материалдық құндылықтардың
ішкі қозғалысы барысында толтырылатын жүкқұжаттарды (накладнойларды),
жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы және басқа да төлемдерді төлеуге
арналған төлем тізімдемелерін (ведомостарын), есеп айырысуға тиісті
тұлғаларға толтырылатын аванстық есептерді және тағы да басқа құжаттарды
жатқызуға болады.
Сыртқы құжаттарға — кәсіпорынға басқа ұйымдардан келіп түскен немесе
ұйымның басқаларға түрлі операциялар бойынша жіберген құжаттарын
жатқызамыз. Олардың қатарына жабдықтаушы кәсіпорындардан келіп түскен
тауарлық-материалдық қорлар бойынша толтырылған шот-фактураларды,
сенімхаттарды және тағы да басқа құжаттарды жатқызуға болады.
Операцияның көрініс алу тәсіліне байланысты бухгалтерлік құжаттарды
алғашқы (бастапқы) құжаттар және жиынтық (сводные) құжаттар деп бөліп
қарастырады.
Алғашқы (бастапқы) құжаттардың өзі олардың толтырылатын операцияларының
мазмұнына қарай бір рет қолданылатын және жинақталған деп аталатын екі
түрге бөлінеді.
Бір рет қолданылатын құжат арқылы бір ғана операция құжатталады немесе
ондай құжат орыңдалған операцияның соңында ғана толтырылады. Мысалы:
тауарды босату үшін толтырылатын накладнойлар.
Жинақталған құжаттарда белгілі бір мерзім аралығында орындалған
біртектес операциялар жазылады. Мысалы: Дкционерлік қоғамнан бір күнде
босатылған өнімге толтырылатын зоборлық карта.
Құжат айналымы
Жұмыс кезінде бухгалтерлер түрлі құжаттармен жұмыс жасайды: нормативті-
құқықтық, ұйымдастырушылық - өкімгерлік, ақпаратты-анықтамалық, есеп
айырысу ақша құжаттары және басқа да алғашқы есептік құжаттар. Олар ұйымның
шаруашылық қызметін айқындайды. Бухгалтерлік қызметтің сапасы құжат
айналымының ұйымдастыруына байланысты. Кәсіпорындар мен ұйымдарда құжаттар
-бірнеше кезеңнен өтеді. Олар: жасалу немесе толтырылу, есепке алыну,
тексерілу немесе өңделу, бухгалтерлік есепте операцияларды айқындау,
мұрағатқа (архивке) өткізу және тағы да басқа кезеңдер. Сонымен құжат
айналымы дегеніміз кәсіпорындардағы құжаттардың қозғалысы, немесе басқаша
түрде олардың жасалуынан (құрылуынан), яғни толтырылуынан бастап олардың
қызметінің аяқталуы және мұрағатқа өткізілу кезеңін айтады.
Құжат айналымының ережесі және есептік ақпараттың өнделу технологиясы
кәсіпорынның қабылдаған есептік саясатында көрсетіліп бекітіледі.
Құжат айналымының басқару механизмін дайындау, кәсіпорындағы
бухгалтерлік есептің үдерісінде негізгі буын болып табылады. Құжат
айналымын ұйымдастыру арқылы бухгалтерлік қызметтің тұрақтылығы, құжаттың
қозғалысы мен өнделуінің жолдары және оперативтілігі, ұйымдық шешімдерді
қабылдаудың уақыттылығы қамтамасыз етіледі.
Құжат айналымын басқарудың жүйесі кәсіпорында келесі кезеңдерді
қамтиды:
- бухгалтерлік қызмет туралы ережені дайындау,
- бухгалтерияның және кәсіпорындағы есепке қатысы бар басқа
қызметкерлердің лауазымдық қызмет нұсқаулығын дайындау;
- кәсіпорындағы құжат айналымының кестесін (графигін) құру;
- есепті ақпаратты өңдеу технологиясын құру;
- істің номенклатурасын құру және құжатты ағымдағы сақтау тәртібі;
- құжаттың бағалы сараптамасы (экспертизасы) және істі ұзақ сақтауға
дайындау.
"Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру" туралы Қазақстан
Республикасының заңына сәйкес кез келген кәсіпорынның басшысы есептік
жұмыстың көлеміне байланысты мынадай жұмысты жүргізе алады:
1) бухгалтерлік қызметті құрылымдық бөлімше ретінде құру;
2) қызметкерлер құрамына бухгалтер лауазымын енгізу;
3) шарттық негізінде бухгалтерлік есептің жүргізілуін мамандандырылған
ұйымға немесе бухгалтер-маманына беру;
4) кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп жұмысын өзі жүргізу.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда бухгалтерлік есеп жұмысының көлемі көп
болған жағдайда бірнеше қызметкерлері бар бөлек құрылымдық бөлімше ретінде
бухгалтерлік қызмет құрылады. Осыған сәйкес кәсіпорында бухгалтерлік қызмет
туралы ереже және қызметкерлердің лауазымды қызмет нұсқаулығын реттемелеу
(регламенттеу) қызметі қарастырылуы қажет. Бухгалтерлік қызмет туралы
ережені белгіленген заңға сәйкес ұйымның бас бухгалтері басқа мүдделі
лауазымды адамдармен келісе отырып әзірлейді және оны тек қана кәсіпорын
басшысы бекітеді. Ереже бөлімшенің мәртебесін, оның басқару жүйесіндегі
орнын және оның ішкі ұйымын анықтайды. Ереженің мәтіні әдетте келесі
бөлімшелерді қамтиды:
- жалпы ережелер;
- негізгі міндеттер;
- қызметтер;
- құқықтар мен міндеттемелер;
- жауапкершілік;
- өзара қарым-қатынас (қызмет бабындағы байланыс);
- жұмыстың ұйымдастырылуы.
Кәсіпорындағы бухгалтерлік қызмет туралы ереженің қолданылу мерзімі
шектелмейді. Ереженің мәтініне бөлек өзгерістер енгізу кәсіпорын басшысының
сәйкес бұйрығымен орындалады. Бұл ережемен және оған енгізілетін
өзгерістермен ұйымдағы бухгалтерияның барлық қызметкерлері міндетті түрде
таныстырылып отырылуы тиіс.
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп құжаттары мен құжат айналымы кеетесін
(графигін) құруды кәсіпорынның бас бухгалтері ұйымдастырады. Құжат
айналымының кестесі кәсіпорын басшысының бұйрығымен бекітіледі. Кесте
немесе тәсім (схема) құру, тексеру және талдау жөніндегі жұмыстар тізбесі
түрінде рәсімделуі мүмкін. Оларда барлық қүрылымдық бөлімшелермен орындау-
шылардың өзара байланысы және жұмыстың орындалу мерзімі көрсетілуі керек.
Кәсіпорынның есепке қатысы бар қызметкерлері өздерінің саласына қатысты
құжаттарды құжат айналымы кестесіне сәйкес жасайды және ұсынады. Ол үшін
әрбір орындаушыға кестеден көшірмесі беріледі. Көшірмеде орындаушының
саласына қатысты құжаттар аталып, олардың орындалу мерзімі жазылады. Осы
кестенің сақталуын ұйымның бас бухгалтері қадағалап отыруға тиіс. Сонымен
қатар кәсіпорынның бас бухгалтері кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп жұмысының
дұрыс және уақтылы жүргізуіне жауапты болып табылады. Құжаттар кестеде
көрсетілген уақытта бухгалтерияға өткізілуі тиіс. Құжаттарды қабылдау
кезінде бухгалтер құжаттардың белгілі талаптарға сай, дұрыс рәсімделуін
тексеруі керек.
Ережеге сай рәсімделмеген құжаттар жауапты адамға, яғни оны жасаған
(толтырған) адамға қайта өңдеу үшін қайтарылуы қажет.
Бухгалтер құжатты қабылдау барысында ең біріншіден мазмұны бойынша
тексереді, яғни жүргізілген жұмыстардың заңдылығын анықтайды. Олардың
нормативтік актілер мен қолданылып жүрген нұсқауларға қайшы келмейтіндігін
қадағалайды. Содан кейін оның деректемелерінің (реквизиттерінің) толық
толтырылуын, тиісті лауазымды адамдардың қолтаңбаларының болуын, сомалардың
нақты көрсетілуі мен операциялардың құрылымын тексереді. Бұдан кейін
бухгалтер арифметикалық тексеру жүргізеді, яғни құжаттарды таксалаудың
дұрыстығын тексереді. Ол тауарлық-материалдық қорлардың көлемін (санын)
оның бағасына көбейту арқылы орындалады.
Тексеріп болғаннан кейін бухгалтер құжаттарды өңдейді. Өңдеу құжат
бойынша әр операцияны есептейтін шоттарды анықтауға негізделген. Керек
болған жағдайда біртекті құжаттарды топтастырады, содан кейін бухгалтерлік
есепшоттарында жазу жүргізеді. Кәсіпорын бухгалтериясында құжаттар белгілі
бір ұқсастықтарына, операциялардың түріне қарай топталып бөлек папкаларға
тігіледі (түптеледі). Папкаларда құжаттың нөмірі, орындалған уақыты (айы,
жылы), жинақтамалы шоттың шифры және олардың саны көрсетіледі. Папкаларға
тігілген (түптелген) құжаттар архивке өткізіледі. Бухгалтерлік алғашқы
құжаттардың папкаларға тігіліп (түптеліп) нөмірленуі сақтаудың тәртібіне
және қажет болған құжатты іздестіру кезінде жылдам орындауды қамтамасыз
етуге арналған.
Сақтау мерзімдері әр түрлі құжаттар бірге орналастырылмайды.
Номенклатурадағы істердің бас тақырыптары құжаттардың маңыздылығы және
олардың өзара байланысына қарай белгілі бір жүйелілікпен орналастырулары
қажет.
Ведомстволық архивтердің (1986 жыл) қызметінің негізгі ережелеріне
сәйкес уақытша сақталатын істер (10 жылға дейін) жеңілдетілген рәсімдеуге
жатқызылуы мүмкін: құжат тігілетін папка (скорошивательді) іс парақтарының
нөмірлері көрсетілмеуі мүмкін (банктік, кассалық құжаттар мен аванстық
есептерден басқалары). Олар сараптаманың жүргізілу кезеңінде бухгалтерлік
есептің 1983 жылдың 29 ішіндедегі нөмірі 105-құжаттар мен құжат айналымы
деп аталатын ережесіне сәйкес түптелуі қажет.
Жыл сайын кәсіпорынның сараптау комиссиясы белгілеген сақтау мерзімінің
өтуіне байланысты жабылуға (жойылуы) жататын құжаттармен іс-қағаздарын
белгілеп, оларға тиісті актілер толтырады. 1967 жылдың 3 желтоқсанда
бұрынғы КСРО-дағы бас мұрағат басқармасының жарлығымен Мемлекеттік
комитеттер, министрліктер, ведомостволар мен басқа да мекемелер, ұйымдар
және кәсіпорындардың шаруашылық қызметі барысында толтыратын типтік
құжаттарының тізімі, сондай-ақ оларды сақтау мерзімі (кейіннен өзгертулер
енгізіліп түзетілген) бекітілген болатын. Жалпы құжаттарды сақтау мерзімі
құжаттарын Мемлекеттік мұрағатқа тапсырмайтын ұйымдар үшін белгіленген.
Мұндай Мемлекеттік мұрағаттарға құжаттарын тапсырмайтын ұйымдар өз іс-
құжаттарын (тәжірибелік қажеттілігі жоқ және тізімге сәйкес сақтау мерзімі
өткен) мұрағат органдарымен келіспей жоя алады. Кәсіпорындағы жоюға
іріктелініп алынған құжаттарға акт жасалып, Жойылатын құжаттар мен
шикізаттарды қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорынға өңдеуге беріледі.
Құжаттарды жоюға берген уақытта қабылдау-өткізу жүк құжаттары
(наклоднойлары) толтырылады. Кәсіпорындардағы негізгі бухгалтерлік
құжаттарды сақтау мерзімі олардың түрлеріне қарай әр түрлі болып
белгіленген.
Кәсіпорынның бухгалтерлік баланстары мен оған қосымшаларға, түсініктеме
хаттарға:
а) жылдық — 10 жыл;
ә) айлық, тоқсандық — 3 жыл.
Шаруашылық операцияларының жасалу фактісін бекітетін және бухгалтерлік
жазуларға негіз болып табылған алғашқы құжаттар мен оларға қосымшаларға
(кассалық, банк құжаттары, банктың хабарлама құжаттары мен аударма талап
хаттары, банк көшірмелері, жұмыс нарядтары, табельдер, мүліктер мен
материалдарды қабылдау, тапсыру немесе есептен шығару актілері, тауар-
материалдық құндылықтардың (алуға берілетін) есебі бойынша квитанциялар мен
жүкқұжаттар (накладнойлар), аванстық есептер және тағы басқаларына) — 5
жыл.
Түгендеу карточкалары мен негізгі құралдар есебінің кітаптары — негізгі
құралдарды есептен шығарғаннан кейін — 3 жыл.
Ақшалар мен тауарлық-материалдық қорларды алуға берілетін сенім
хаттарға (оның ішінде күші жойылған сенім хаттарға) — 3 жыл.
Есептік тіркелімге (регистрге) (бас кітап, журнал-ордерлері, өндеу
кестелері және тағы басқаларына) — 5 жыл.
Қосалқы және бақылау кітаптарына, (кассалық кіріс ету немесе кассалық
шығыс ету ордерлері, сенім хаттар, төлем тапсырмаларына) журналдарға,
карточкаларға, касса кітаптарына, айналым тізімдемелеріне (ведомостарына) —
5 жыл.
Депонештелген еңбекақы есебінің кітаптарына, атқару парақтарын тіркеу
журналдарына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың теориялық негіздері
Мал шаруашылығының бухгалтерлік есебі
Кәсіпорында бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру
Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру
Бухгалтерлік есеп стандарттары
Бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушылардың ролі
Ауылшаруашылық кооперативіндегі есепті ұйымдастыруды жетілдіру
Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жағдайы
Бухгалтерлік есеп жүргізу нысандары
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды негізі
Пәндер