Кеңес өкіметінің көші-қон саясаты



1. Кіріпе
2. Негізгі бөлім
• Соғысқа дейінгі кезеңдегі саяси қуғын.сүргін және халықтар депортациясы
• Қазақстанға күштеп қоныс аударылғандар
• Соғыс жылдарындағы саяси қуғын.сүргін және халықтар депортациясы
• Екінші дүниежүзілік соғыстың халық санына тигізген әсері. Еңбек армиялары
3. Пайдаланылған әдебиеттер
20-жылдардың соңы - 30-жылдардың басында басталған қуғын-сүргін соғыстан кейінгі кезенде де жалғастырылып, ол көптеген бұрынғы әскери тұтқындарды - Кеңес Армиясының солдаттары мен офицерлерін қамтыды. Көптеген «әшкерелеудің» ішінде «ленинградтық іс», «дәрігерлер ісі» т.с.с. істер болды. Өнеркәсіптегі жұмысшылардың төменгі мамандық деңгейіне байланысты болған кез келген апаттар мен ақаулар «халық жауларының» әрекеттері ретінде түсіндірілді. Халықтарды күштеп қоныс аудару - біздің елдің өткен тарихының қайғылы беттерінің бірі. 40-жылдардағы депортацияға байланысты оқиғалар жөнінде ұзақ уақыт бойы еш нөрсе айтылмады. Тұтастай халықтарды қоныс аудару «операциялары» әр түрлі негізде жүргізіліп, жапа жабу, басқалардың әрекеттері үшін адамдарды тобымен жауапкершілікке тарту т.б. әдістер қолданылды. КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комиссариаты III басқармасының 1946 жылғы қазан айындағы мәліметтері бойынша Қазақстанға 2463940 адам күштеп жер аударылған. Жүз мыңдаған отбасы мүшелері бір-бірінен көз жазып қалды, олардың кейбіреуі бала-шағасынан мәңгілікке айрылды. Отанының кешегі корғаушылары - солдаттар да жер аударылып, олар өз отбасыларынан біржола немесе ұзақ уакытқа қол үзді. Осындай ауыр күндерде республиканы мекендеген әр түрлі ұлттардың өкілдері өздерінің үздік адамгершілік және интернационалдың қасиеттерін көрсете алды. Олар жазықсыз жапа шегушілерді жылы қабылдап, мейірімділік танытты, олармен соңғы нандарына дейін бөлісті. Қоныс аударғандар да борышта қалмай, бірден еңбекке араласып, Қазақстанға үлкен кемек көрсетті. 1940-1950 жылдары да ұлт саясатын қудалау ісі жалғасты. М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов,С. Мұканов «Қазіргі тақырыпка пьеса жазбайтындар» ретінде саналды. Ө. Тәжбаевтың «Біз қазақпыз» атты шығармасы ескі хандар мен бай-шонжарлар өмірін мақтау, марапаттау деп сынға алынды. Белгілі композитор А. Жұбанов «феодалдық- байшылық дәстүрлерді асыра дәріптегені» үшін катаң сынға ұшырады. Әсіресе 1947 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің «Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындагы саяси өрескел қателіктер туралы» қаулысы жарияланған соң ултшылдықты айыптау кеңінен қанат жаяды.
1. Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык- гуманитарлык бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / М.Қойгелдиев, Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б
2. google.kz

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Кеңес өкіметінің көші-қон саясаты. Халықтар депортациясы

Мамандығы: ЖМ 103Б группа
Тексерген: Оразова Г. М.
Орындаған Тілеубеков А. Т.

Алматы 2014

Мазмұны
1. Кіріпе
2. Негізгі бөлім
* Соғысқа дейінгі кезеңдегі саяси қуғын-сүргін және халықтар депортациясы
* Қазақстанға күштеп қоныс аударылғандар
* Соғыс жылдарындағы саяси қуғын-сүргін және халықтар депортациясы
* Екінші дүниежүзілік соғыстың халық санына тигізген әсері. Еңбек армиялары
3. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
20-жылдардың соңы - 30-жылдардың басында басталған қуғын-сүргін соғыстан кейінгі кезенде де жалғастырылып, ол көптеген бұрынғы әскери тұтқындарды - Кеңес Армиясының солдаттары мен офицерлерін қамтыды. Көптеген әшкерелеудің ішінде ленинградтық іс, дәрігерлер ісі т.с.с. істер болды. Өнеркәсіптегі жұмысшылардың төменгі мамандық деңгейіне байланысты болған кез келген апаттар мен ақаулар халық жауларының әрекеттері ретінде түсіндірілді. Халықтарды күштеп қоныс аудару - біздің елдің өткен тарихының қайғылы беттерінің бірі. 40-жылдардағы депортацияға байланысты оқиғалар жөнінде ұзақ уақыт бойы еш нөрсе айтылмады. Тұтастай халықтарды қоныс аудару операциялары әр түрлі негізде жүргізіліп, жапа жабу, басқалардың әрекеттері үшін адамдарды тобымен жауапкершілікке тарту т.б. әдістер қолданылды. КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комиссариаты III басқармасының 1946 жылғы қазан айындағы мәліметтері бойынша Қазақстанға 2463940 адам күштеп жер аударылған. Жүз мыңдаған отбасы мүшелері бір-бірінен көз жазып қалды, олардың кейбіреуі бала-шағасынан мәңгілікке айрылды. Отанының кешегі корғаушылары - солдаттар да жер аударылып, олар өз отбасыларынан біржола немесе ұзақ уакытқа қол үзді. Осындай ауыр күндерде республиканы мекендеген әр түрлі ұлттардың өкілдері өздерінің үздік адамгершілік және интернационалдың қасиеттерін көрсете алды. Олар жазықсыз жапа шегушілерді жылы қабылдап, мейірімділік танытты, олармен соңғы нандарына дейін бөлісті. Қоныс аударғандар да борышта қалмай, бірден еңбекке араласып, Қазақстанға үлкен кемек көрсетті. 1940-1950 жылдары да ұлт саясатын қудалау ісі жалғасты. М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов,С. Мұканов Қазіргі тақырыпка пьеса жазбайтындар ретінде саналды. Ө. Тәжбаевтың Біз қазақпыз атты шығармасы ескі хандар мен бай-шонжарлар өмірін мақтау, марапаттау деп сынға алынды. Белгілі композитор А. Жұбанов феодалдық- байшылық дәстүрлерді асыра дәріптегені үшін катаң сынға ұшырады. Әсіресе 1947 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындагы саяси өрескел қателіктер туралы қаулысы жарияланған соң ултшылдықты айыптау кеңінен қанат жаяды. Қазан төңкерісінен бұрынғы жазылған ұлттық сипаттағы шығармаларды зерттеуші ғалымдар қуғындалды. Орталық Комитет 1948 жылы тамыз айында Қазақ совет әдебиетінін; жағдайы және оны одан әрі дамыту туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде Б. Кенжебаев, Т. Нүртазин, Ә. Қоңыратбаев, Е. Ысмайылов, М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Ө. Марғүлан секілді талантты зерттеушілер үлтшылдар қатарына жатқызылды. Әдебиетші ғалымдардың бір тобы Кенесарыны дәріптеушілерретінде де айыпталды. 1947 жылы жарияланган Қазақстан XIX ғасырдың 20-40-жылдарында атты монографиялық зерттеудің авторы, талантты тарихшы ғалым Е. Бекмаханов жазықсыз қудаланып, 25 жылга сотталады. Оның көзкарасын жақтап, ғылымға адалдық танытқан тарихшылар да қудаланды. Қазақстандық ғалымдардың жазықсыз жазалануына араша болуға ұмтылған республиканың Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қ. Сәтбаев қызметінен босатылып, Қазақстаннан кетуге мәжбүр болады. Тек кана 1956 жылы КОКП-ның XX съезінде сталиндік жеке баска табынушылық әшкереленіп, айыпталғаннан кейін жазықсыз тұлғаларды қудалау саясаты токтатылды. Солай дегенмен де еркін ойлайтын, демократиялық тәртіпті жақтағандар әдеттегідей түрмелерге жабылды. Сталиншілдіктің ауыр қылмыстарының бірі - Қазақстан аумагында тұзеу мекемелерінің тутас жуйесін. - Степлаг, Карлаг (Қараганды лагері), АЛЖИР (Акмолинский лагеръ жен изменников Родины) лагерьлерін салуы болды. Бүл лагерьлерде жазықсыз айыпталған мыңдаған адамдар өз мерзімін өтеді. Олардың катарында М. Тухачевскийдіңанасы мен қарындасы, Гамарниктің отбасы мүшелері, Т. Рысқұловтың әйелі мен кызы, Т. Жүргеновтің, С. Қожановтыңәйелдері т. б. болды.

Негізгі бөлім
Соғысқа дейінгі кезеңдегі саяси қуғын-сүргін және халықтар депортациясы
Социалистік заманда Кеңес Одағын мекендеген халықтардың қай-қайсысы болсын сталиндік зорлық-зомбылықтан, геноцид пен этноцидтен, саяси қуғын-сүргіннен аман қалған жоқ.
Кеңес өкіметі жылдарында жекелеген партия, кеңес, комсомол қызметкерлері ғана емес, тұтас бір халықтар -- сенімсіз де сатқын ұлттар қатарына жатқызылып, тарихи атамекенінен күштеп жер аударылды.
Депортация латынша deportatio -- қуғындау, көшіру деген мағынаны білдіреді. Халықтар депортациясын белгілі бір ұлт өкілдерінің белгілі бір іс-әрекеттеріне байланысты елден қуылуы деп түсіну қажет. Ал шетел тіліне енген сөздер сөздігінде депортация -- қылмыстық және әкімшілік жаза ретінде мемлекеттен қуылу, көшіру, жер аудару деп көрсетілген.
1920 -- 1950 жылдары тұрғындарды күштеп көшіру -- сталиндік қуғын-сүргіннің негізгі құрамдас бір бөлігіне айналды. Жалпы КСРО- да депортацияға ұшырағандардың саны 1920 жылдан 1949 жылға дейін 3,2 млн адамға жетті. КСРО-да ең көп орын алған жаппай қуғын-сүргіндік көші-қондардың төмендегідей түрлері қолданылды:
этностың белгілері бойынша депортация (жазаланган халықтар, шекараларды тазалау,сенімсіз халықтар).
әлеуметтік-таптық белгілері бойынша депортация (1934 жылға дейінгі кулақтарды жер аудару) кезінде келгендерді арнайы көшірілгендер (спецпереселенцы) деп атады.
саяси мүдде негізіндегі 1934 -- 1944 жылдары көшірілгендерді еңбек қоныстарындағылар деп атады. 1944 жылдан бастап арнайы қоныс аударылғандар деген атау қолданылды.
Жоғарыда аталған күштеп жүргізілген депортациялардың ішінде мерзімі жағынан большевиктік әлеуметтік-таптық геноцид бірінші болып жүзеге асырылды. Кубань казактары, зиялылар, діни адамдар алғашқы большевиктік тәжірибенің құрбанына айналды. Одан кейін кулақтар мен байларды тап ретінде жою басталды. Оларды үш санатқа бөлді. Солардың ішінен екінші санатқа жататындарды КСРО- ның алыс аудандарына жер аудару көзделді. Жоспарлы түрде әкімшілік күшпен алып келіп қоныстандырудың мұндай ауқымы этностардың гендік қорына нұқсан келтірді, миллиондаған шаруалар ұжымдастыру жылдарында аштан қырылды. Жаппай ату жазаларына ұшырады және лагерь капастарына қамалды.
Қазақстандағы байларды тәркілеу барысында шамамен 5500 отбасы сыртқа көшірілсе, Қазақстанға Орта және Төменгі Еділ бойы, Орталық қаратопырақты және Мәскеу облыстары, Солтүстік Кавказ өңірінен 1932 -- 1933 жылдары мыңдаған адамдар жер аударылды. Қазақстан Сібір сөзінің синониміне айналды. Осылайша халықтарды күштеп көшіру соғысқа дейінгі кезеңде басталып, әр түрлі әлеуметтік топтар мен сословиелерді, этностық топтарды КСРО-ның орталық аудандарынан 20 -- 30-жылдары Қазақстан, Орал, Орталық Азия, Сібір, Қиыр Шығысқа жаппай көшіріп-қондыру қызу жүргізіліп жатты.
Кулак деп аталған миллиондаған таңдаулы шаруалардың көзін құртқан этнодемографиялық дағдарыс халықтарға зор зиянын тигізді. Қазақстанда ұжымдастыру науқаны кезінде жер аударылған кулактардан тұратын арнайы көшірілгендердің 100-ге тарта қоныстары болды. Олар арнайы комендатураларда есепте тұрды. ГУЛАГ қызметі жүйесіне күшпен тартылып, көмір өндіру, металл өндірісі, темір жол мен электростанциялар, НКВД (Ішкі істер Халық Комиссариаты) құрылыс объектілерінде, мақта өсіру, қызылша, қант өндірістерінде және т.б. жұмыс күші ретінде пайдаланылды.
Арнайы қоныс аударылғандардың азаматтық құқығы сақталды, қоныстанған әкімшілік аудан көлемінде жүріп-тұруына рұксат етілді. Бірақ қоныстанған жерінен кетуге құқығы болмады. Олардың тұрмыстық-шаруашылық мәселелерін шешу НКВД-ның, ГУЛАГ басшыларына жүктелді.
1930 жылдардың ортасында жаппай саяси қуғын-сүргіннің тереңдеуіне Сталиннің Троцкий-Зиновьев топтарымен және оңшыл оппортунистермен күресі түрткі болды. Орталықтағы болып жатқан бұл оқиғалар ұлт республикасында, өлкелерде тұрғындарды жаппай саяси кудалауға жол ашып берді. Осы үлгімен мұнда да халық жауларын -- ұлтшыл-фашистерді әшкерелеу қолдан ұйымдастырылды. Елде сталиндік жаппай қуғын-сүргіннің кең етек алуына негіз қаланды.
Қазақстанға күштеп қоныс аударылғандар
1936 жылы КСРО ХКК құпия қаулыларының негізінде Батыс Украинадан Қазақ АКСР- не 15 мың поляк және неміс шаруашылықтарын көшіріп-қоныстандыру басталды. Олардың көп бөлігі Солтүстік Қазақстанға, қалғаны Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды. Ресейдің ішкі аудандарынан, Украинадан, Белоруссия мен басқа республикалардан арнайы коныс аударылғандардың жалпы саны 1936 жылға қарай 360 мың адамға жетті.
Еділ өңірі немістерін Сібірге депортациялау идеясы 1915 жылы туса да, оны жүзеге асыруда көптеген кедергілер кездесті. Ал 1937 -- 1938 жылдары немістердің ұлттық мәселесі қайта жандана бастады. Патша жүзеге асыра алмаған идеяны қолға алуға ыңғайлы кезең туғандай еді. Қазақстандағы Кіші Қазан науканы кезінде босап қалған жерлерге корейлерді, финдер мен поляктарды орналастырғаннан кейін кезек немістерге де келді.
Соғыстың алдында Қазақстан аумағына тағы да поляк ұлты өкілдерінің екінші толқыны көшіріліп әкелінді. 1939 -- 1940 жылдары Гитлер армиясының Полынаға басып кіруіне байланысты Батыс Украина, Белоруссиядағы поляктар қосымша кашып келе бастады. 1940 -- 1941 жылдары поляктардың осы бөлігі Қазақстанға қоныстандырылды. Дегенмен 1936 жылғы көшірілгендер мен 1940 -- 1941 жылдары көшірілген поляк азаматтарының құқық жағынан айырмашылықтары болды. Соңғы келгендер поляк осадниктері мен босқындары ретінде өмір сүрді. Кеңес үкіметі КСРО аумағына келген поляктардан армия құрып, гитлерлік Германияға қарсы қою жағын да ойластырған еді. 1940 -- 1941 жылдары 200 мыңдай поляк Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазакстан, Талдықорған, Жамбыл, Алматы облыстарына орналастырылды. Поляк-кеңес пактісіне қол қойылғаннан кейін олардың көп бөлігі Владислав Андерс бастаған поляк армиясының қатарында өскери қимылдарға қатысты. Андерс армиясына енгісі келмегендердің бір бөлігі Қазақстан аумағында қалды. Соғыстан кейін олардың көпшілігі еліне қайтқанымен, 30-жылдарда депортацияланған бөлігі қалып қойды.
Тоталитарлық тәртіптің құрсауына алғашқылардың бірі болып қиыршығыстық корейлер ілікті. Олардың кейбір белсенді бөлігін 1935 -- 1936 жылдары күштеп әкімшілік қоныс аудару басталды. Жалпы, жаппай көшіріп-қоныстандыру екі кезеңнен түрды. Оның алғашқысы 1937 жылдың күзінен 1938 жылдың көктеміне дейін созылды. жылдың қыркүйек айының соңынан бастап алғашқы эшелондармен бірге Қазақстандағы корейлердің тарихы басталды. Жапон шпионы деп жала жабылған корейліктерді қазақтар жанашырлықпен қарсы алып, олардың аянышты халдеріне түсіністікпен қарады, құшағын жайып қарсы алып, қиын жағдайда қол ұшын беруден тайынған жоқ.
1938 жылдың көктемінде корейлерді көшірудің екінші кезеңі басталды. Енді олар тұрақты мекендерге орналастырылды. Негізгі бөлігі жойылып кеткен кеңшарлар мен игерілмеген жерлерге орналасқандықтан, тұрғын үй, жұмыспен, еңбек құралдарымен қамту жағы жетіспеді. Жаппай күшпен қоныс аудару корей халқын өзінің тарихи отаны -- Кореядан көп жылдарға қатынасын үзіп, білім, тіл, мәдениет саласында орны толмайтын шығынға үшыратты. 1938 жылы 1 қыркүйекте барлық корей тіліндегі мектептер, Қазақстандағы педагогикалық училище, 1939 жылы Қызылордадағы корей педагогикалық институты жабылды, корей тіліндегі оқулықтар жойылды.
70 корей ұжымшарлары республиканың 8 облысында -- Қызылордада, Алматы, Солтүстік Қазақстан, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы көші-қон үдерістері: тарихи-демографиялық аспект (1917-1991 жж.)
Қазақстандағы демографиялық процестер туралы ақпарат
Патша өкіметінің көші-қон саясаты туралы
ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРАТЫН ӨЗГЕ ҰЛТТАР МЕН ЭТНОСТЫҚ ТОПТАР
Қазақстан халқының КСРО уақытында ашашрылқта болған жағдайы
Қазақ ұлтының негізін құраған қайнар көздер
Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру
Қазақ халқының саны
Урбанизация туралы
Халықаралық миграция және мемлекеттердің миграциялық саясатын шешу принциптері
Пәндер