1920-1930 жж. Қазақстандағы мәдениеттің дамуы

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
 Кеңестік әдебиеттің қалыптасуы
 Қазақстан бейнелеу өнері
 Музыка өнері
 Театр өнері
 Кинематография
3. Әдебиеттер тізімі
Қазақ көркем әдебиетіндегі осы екі ағым арасында 1922—1923 жылдары, содан соң 1926-1928 жылдары қызу пікірталас болып өтті. 20-жылдардың ортасы мен соңында қазақ әдебиетіне Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев, А.Тоқмағамбетов, Ғ.Орманов секілді талантты жастар келіп, кеңес адамдарының — ауыл және қала еңбеккерлерінің бейнесін жасады. Қазақ кеңес ақын-жазушыларының шығармашылығында В.И.Ленин бейнесі жеке тақырыпқа айналды.
1934 жылы 8 мамыр күні Мәскеудегі Шығыс мәдениеті мұражайында «Кеңестік Қазақстан өнері» көрмесі ашылды. Онда Н.Крутильников, Қ.Қожықов, Ө.Исмаилов, т.б. суретшілердің шығармалары қойылды. 1935 жылы «Қазақстандағы Кеңес өкіметіне 15 жыл» көрмесінің базасында Қазақ мемлекеттік Көркем өнер галереясы құрылды.
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары елге көрнекі үгіт аса қажет болды. 1920 жылы Верныйда басты міндеті — саяси плакаттар шығаруға арналған көркемөнер шеберханалары ашылды. Көркемөнер плакаттар түрінде көшелерге ілініп, адамдарды революциялық рухта болуға үндеді. Н.Хлудов, А.Пономарев сияқты суретшілердің шығармашылығы көпшілікке кең танымал болды
Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық - гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық/М.Қойгелдиев, Ө.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: 1920-1930жж. мәдениеттің дамуы.

Мамандығы: ЖМ 103Б группа
Тексерген: Оразова Г. М.
Орындаған Тілеубеков А. Т.

Алматы 2014

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жоспар:
1. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Кіріспе
2. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Негізгі бөлім
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Кеңестік әдебиеттің қалыптасуы

Қазақстан бейнелеу өнері

Музыка өнері

Театр өнері
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Кинематография
3. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Әдебиеттер тізімі

Қазақ көркем әдебиетіндегі осы екі ағым арасында 1922 -- 1923 жылдары, содан соң 1926-1928 жылдары қызу пікірталас болып өтті. 20-жылдардың ортасы мен соңында қазақ әдебиетіне Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев, А.Тоқмағамбетов, Ғ.Орманов секілді талантты жастар келіп, кеңес адамдарының -- ауыл және қала еңбеккерлерінің бейнесін жасады. Қазақ кеңес ақын-жазушыларының шығармашылығында В.И.Ленин бейнесі жеке тақырыпқа айналды.

1934 жылы 8 мамыр күні Мәскеудегі Шығыс мәдениеті мұражайында Кеңестік Қазақстан өнері көрмесі ашылды. Онда Н.Крутильников, Қ.Қожықов, Ө.Исмаилов, т.б. суретшілердің шығармалары қойылды. 1935 жылы Қазақстандағы Кеңес өкіметіне 15 жыл көрмесінің базасында Қазақ мемлекеттік Көркем өнер галереясы құрылды.

Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары елге көрнекі үгіт аса қажет болды. 1920 жылы Верныйда басты міндеті -- саяси плакаттар шығаруға арналған көркемөнер шеберханалары ашылды. Көркемөнер плакаттар түрінде көшелерге ілініп, адамдарды революциялық рухта болуға үндеді. Н.Хлудов, А.Пономарев сияқты суретшілердің шығармашылығы көпшілікке кең танымал болды
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
20-жылдардың басында Қазақстандағы мәдени революция міндеттерін шешу барысында көркемөнерпаздар ұжымдары, халықтық театрлар өмірге келе бастады. Тұңғыш кәсіпқой қазақ театрын ұйымдастыру мәселесі 1925 жылы каңтарда Орынбор қаласында өткен I Жалпықазақтық съезде көтерілді. 1925 жылы сәуір айында Қазақстан Кеңестерінің V съезінде Қазақстанда тұңғыш кәсіпқой театр ашу туралы шешім шығарылды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Негізгі бөлім
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Кеңестік әдебиеттің қалыптасуы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Республикада алғашқылардың бірі болып ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамыту және насихаттау ісімен айналысқан Түркістан өлкесіндегі Талап қоғамы. Басқарманың құрылтайшысы және жетекшілері жазушы М.Әуезов, этнограф Ә.Диваев, профессорлар Х.Досмұхамедов, А.Шмидт, Н. Архангельский, М. Тынышпаев, М. Есболов, И. Тоқтыбаев, Қ. Тыныстановтар болды. Қоғам Жарғысының жобасын Түркістан ағарту ісі жөніндегі халық комиссариаты мемлекеттік ғалымдар кеңесі бекітті. 1923 жылы 4 желтоқсандағы Талап қоғамының мақсаты мен қызмет шеңбері төмендегідей болды:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
қазақ әдеби тілінің, терминологиясы мен орфографиясы, т.б. мәселелерін қарастыру; І ұлттық өнерді зерттеу;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
қазақ халқының тарихы мен тұрмысын зерттеу;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
қазақ мектептерінде оқыту мәселелерін қарастыру;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
қазақ ғылыми қызметкерлері мен қазақ өнері қайраткерлеріне көмек көрсету.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қоғам құрамына А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М Міржақып Дулатұлы, Қ.Кемеңгеров, т.б. енді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Осы кезеңде жаңа кеңестік әдебиет қалыптаса бастайды. Оның Қазақстандағы өкілдері С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Б.Ізтөлин жөнө т.б. болды. Олардың шығармашылығы айқын социалистік реализм және пролетарлық интернационализм ұстанымына негізделді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1925 жылғы 18 мамырда Қазақстанда Пролетар-шаруа жазушылардың Қазақ ассоциациясы (ҚазАПП) құрылды. ҚазАПП жаңа социалистік әдебиет жасау ісін қолға алды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Мәдениеттегі кез келген құбылыс таптық, пролетарлық күрес тұрғысынан бағаланды. Халық шығармашылығының көптеген түрлері, мысалы, Едіге, Қобыланды батыр реакцияшыл, ұлтшылдық көзқарастағы шығарма деп жарияланды. А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, М.Дулатұлы қуғынға ұшырады. Абай шығармалары талқылауға түсті.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Басқа жанрлардың арасында бірінші орынға саяси лирика шығарылды. Кеңестік жарқын шындықты жабырқау өткен өмірмен салыстыру тәсілі кең қолданысқа енді. ҚазАПП қызметінде қазақтың ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті дәстүрлерін жоққа шығару көзқарасы барған сайын белең ала бастады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазақ көркем әдебиетіндегі осы екі ағым арасында 1922 -- 1923 жылдары, содан соң 1926-1928 жылдары қызу пікірталас болып өтті. 20-жылдардың ортасы мен соңында қазақ әдебиетіне Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев, А.Тоқмағамбетов, Ғ.Орманов секілді талантты жастар келіп, кеңес адамдарының -- ауыл және қала еңбеккерлерінің бейнесін жасады. Қазақ кеңес ақын-жазушыларының шығармашылығында В.И.Ленин бейнесі жеке тақырыпқа айналды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1934 жылы 12 -- 18 маусым күндері Қазақстан жазушыларының I съезі өтіп, онда идеялық тәрбие жүргізудегі қуатты құрал кеңестік әдебиет болуы керек екендігі баса айтылды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазақ кеңес әдебиеті фольклор дәстүріне сүйенді. Мәселен, Жамбыл Жабаев (1846 -- 1945 жылдары) шығармаларында ел өмірінің айтулы оқиғалары көрініс тапты. Жаңа өмір мен кеңес адамдарын ақын Нұрпейіс Байғанин (1860 -- 1945 жылдары) өзінің эпостық жырларына арқау етті. Иса Байзақов (1900 -- 1946 жылдары) шығармашылығы нағыз халықтық мәнге ие болды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
20 -- 30-жылдар қазақ кеңес әдебиетінде проза, драматургия және әдеби сын сияқты жаңа жанрлар дамыған кезең болды. І.Жансүгіров Жолдастар романын жазды, С.Мұқанов Байдың ұлы, Достар, Ботагөз романдарын тудырды. Қазақ драматургиясын дамытуда Мұхтар Әуезовтің рөлі зор. Қазақ театр өнерінің дамуы оның есімімен тығыз байланысты.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ресми билік құптаған негізгі тақырып -- кеңестік қоғамның құрылуы және дамуы, қазақтардың туған өлкесін түлетуге қосқан үлесі, жергілікті халықтың социалистік еңбектегі ерлігі, т.б. болып саналды. 1934 жылы республикада Қазақ әдебиеті баспасы ашылды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Баспадан социалистік реализм рухындағы әр түрлі жанрдағы шығармалар жарық көре бастады. Бұл кезде Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері -- И.Шухов, П.Кузнецов, Г.Шарипов, т.б. жазушылар көпшілікке танылды. Д.Снегиннің Шығыстан соққан жел, Жетісу жөне Менің қалам атты жинақтары жарық көрді. Латиф Ансари жас ұйғыр ақындарының Таңғы сәуле атты өлеңдер жинағын құрастырды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Сонымен бірге Коммунистік партия тарапынан идеологиялық бақылаудың күшеюіне байланысты көптеген әдебиет өкілдері қудалауға түсе бастады. 1937 -- 1938 жылдардағы қуғын-сүргін барысында қазақ әдебиеті өзінің бетке ұстар өкілдерінен айырылды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазақ әдебиетінің ұлттық ағымының өкілдері -- Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы, Ө.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, т.б. қуғын-сүргінге ұшырады. Осы жылдары қазақ кеңес әдебиетінің көрнекті өкілдері -- С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, т.б. да қудаланған болатын. Саяси қуғын-сүргін қазақ әдебиеті мен тілінің дамуына айтарлықтай зиянын тигізді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазақстан бейнелеу өнері
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары елге көрнекі үгіт аса қажет болды. 1920 жылы Верныйда басты міндеті -- саяси плакаттар шығаруға арналған көркемөнер шеберханалары ашылды. Көркемөнер плакаттар түрінде көшелерге ілініп, адамдарды революциялық рухта болуға үндеді. Н.Хлудов, А.Пономарев сияқты суретшілердің шығармашылығы көпшілікке кең танымал болды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1928 жылы Қазақ АКСР Ағарту халкомы Қазақстан, Сібір және Урал суретшілерінің жылжымалы көрмесін ұйымдастырды. 1932 жылы жарық көрген Әдеби-көркем ұйымдарды қайта құру туралы қаулыға сәйкес республикада 1933 жылы Суретшілер одағы құрылды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1934 жылы 8 мамыр күні Мәскеудегі Шығыс мәдениеті мұражайында Кеңестік Қазақстан өнері көрмесі ашылды. Онда Н.Крутильников, Қ.Қожықов, Ө.Исмаилов, т.б. суретшілердің шығармалары қойылды. 1935 жылы Қазақстандағы Кеңес өкіметіне 15 жыл көрмесінің базасында Қазақ мемлекеттік Көркем өнер галереясы құрылды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Әбубәкір Исмаилов қазақ бейнелеу өнерінің алғашқы өкілдерінің бірі. 1927 жылы ол Бейсембай Сәрсенбаев екеуі Омбыдағы Врубель атындағы көркем өнер училищесінің жанынан қазақ жастары үшін ашылған біржылдық студияға түседі. Келесі жылы ол Мәскеуге оқуға жіберіледі.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
XX ғасырдың 20-жылдарының соңына қарай Әбілхан Қастеевтің де шығармашылық жолы басталады. Ол алғашқы кәсіптік дағдыларын Н.Г.Хлудовтан оқып-үйрену арқылы алған.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Бейнелеу өнері саласында маман кадрлар даярлау ісімен Алматыдағы театр-көркемөнер училищесі айналысты.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазақстанның суретшілері өз шығармаларында өткен өмір суреттерін бейнелеуге ұмтылды. Ә.Қастеев революцияға дейінгі Қазақстандағы әлеуметтік жанжалдар төркінін ашып көрсетуге тырысқан суреттер сериясын жасады. Қызды зорлықпен әкету, Садақа жинаған молла, Құрғақшылықта тасаттық беру, Кәрі байдың құда түсуі суреттері әйелдердің бас еркі жоқтығын, қарапайым халықты, алдап-арбау көріністерін көз алдыға әкелді. Бейнелеу өнерінің шеберлері өздері өмір сүріп жатқан кезең, әсіресе 30-жылдар тақырыбына көбірек мән бергені байқалады. Суретшілер кеңес адамын, олардың ерлігі мен коммунистік идеяға адалдығын бейнелеуге көңіл бөле бастады. Бұл жылдары партиялық идеологияның Қазақстан суретшілері шығармашылығына әсері анық байқалды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Музыка өнері
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тіпті азамат соғысы жылдарында-ақ музыка жаңа тақырыптармен толыға түскен еді. Алғашқы революцияшыл қазақ әндері туды. Ақындар мен әншілер Кеңес өкіметі идеяларын насихаттауда маңызды рөл атқарды. Әсіресе С.Сейфуллиннің Жас қазақ марселъезасы атты революциялық рухтағы әні кең таралды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Азамат, жүнжіме, жүрме бос
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қол ұстас, бірігіп тізе қос!
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ту ұстап дұшпанға барайық,
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Теңдіктің ұранын салайық.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тізесін батырған залымнан
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Күн туды біз теңдік алайық!
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазақстанның уездік орталықтарында жергілікті органдар Музыкалық мекемелерді ұйымдастыруға баса көңіл бөлді. Бұл халықты саяси ағарту міндеттеріне байланысты еді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1919 жылы Ақмолада музыкалық мектеп, ал келесі жылы театр, музыка және би үйірмелері бар Халық үйі ашылды. Осы жылы Верныйда жергілікті гарнизонның мәдени ағарту коллегиясы жанынан П.М.Виноградовтың бастамасыменҚызыл әскерлер хоры ұйымдастырылды. Ұзамай-ақ қалада әскер пәлімдері мен парктерде ойнайтын симфониялық оркестр жұмыс істей бастады. 1920 жылы Орынборда музыка мектебі мен музыка кітапханасы, сондай-ақ халық аспаптары оркестрлері үшін көркемдік репертуар құрастыратын комиссия ұйымдастырылды. Петропавлда осы жылы халықтық консерватория ашылды. Бұл жылдары ұйымдастырылған музыкалық мекемелер радио мен теледидардыңорнына халыққа идеологиялық тәрбие беруде маңызды рөл атқарды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Халық арасынан талантты орындаушыларды іздеп тауып, кеңестік музыкалық ұжымдарға тарту үшін слеттер мен байқаулар өткізіле бастады. Қазақстанның көптеген аудандары мен облыстарында әншілер, ақындар, музыканттар байқауы тұрақты өткізіліп тұрды. 1922 жылы Қарқаралыда өткен байқауда бірінші орынды талантты әнші Ғаббас Айтпаев иеленді. 1924 жыды Петропавлда ірі ақын, сазгер әрі әнші Ыбырай Сандыбаев қатысқан слет өтті.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1923 жылы Мәскеуге Ә.Қашаубаев, И.Байзаков, Е.Өмірзақов, Ғ.Айтпаева, Қ.Байжанов, Қ.Жандарбеков, т.б. қазақ әншілері мен музыканттары шақырылып, концерт қойды. 1925 жылы жаңа астана Қызылордада Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Елубай Өмірзақов, т.б. қатысуымен қазан халық музыкасының үлкен концерті өтті.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазақ музыка мәдениетін зерттеу және насихаттау ісінде қазақ музыка фольклорын қажымай жинаушы сазгерАлександр Викторович Затаевичтің (1869 -- 1936 ) рөлі үлкен. Орынборға 1920 жылы келген ол 3 жыл ішінде 1500-ден астам қазақ әндері мен күйлерін жазып алды. Республика үкіметі А.В.Затаевичтің еңбегін жоғары бағалап, оған 1923 жылы 9 тамызда Қазақ АКСР-нің Халық әртісі атағын берді. Ол барлығы -- 2300 шығарма жазып алған, оның ішінде ұйғыр, дүнген, өзбек, қарақалпақ, татар, корей ұлттық музыкалары да бар. Қазақ халқының 1000 әні деген алғашқы жинағы 1925 жылы Орынборда, ал Қазақ халкының 500 әні мен күйі деген екінші жинағы 1931 жылы Алматыда жарық көрді. Ол жинаған қазақ халқының бай музыкалық қазынасы дүние жүзі елдерін Қазақстанның өзіндік музыка өнерімен таныстырды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1926 жылы Қызылордада қазақ театры ашылып, Қазақстанның музыкалық орталығына айналды. Ол өзінің алғашқы онжылдығы бойында негізінен музыкалық театр болды. Қазақ көрермендерін тарту үшін театрда спектакльден кейін концерт берілетін.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1931 жылы Алматыда қуатты радио тарату станциясы жұмыс істей бастады. Радиоорталықта түңғыш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XX ғ. 20 -30 жж. Қазақстандағы демографиялық мәселелер
Қазақстандағы музей ісінің тарихы
Зерттеу жұмысын жазу барысында соңғы жылдары Отандық тарих ғылымында болып жатқан түбегейлі өзгерістерді негізге алдық
Мәдени жаңғыру қарқыны
Қазақ жеріндегі ашаршылық ерешеліктері
Қазақстандағы 1920-1940 жылдардағы қазақ мәдениеті
XX ғ. бірінші жартысындағы Қазақстан
Өзбекстан халық ағарту комиссары
Темірбек Қараұлы Жүргеновтың өмірі мен қоғамдық - саяси қызметін зерттеу
Тоталитарлық жүйенің қалыптасуы: сипаты, шаралары, сабақтары
Пәндер