Ресейдің жүргізген әлеуметтік-экономикалық реформалары



 Кіріспе
 Негізгі бөлім
1.1867—1868 жылдардағы реформаның дайындалуы. Дала комиссиясы
2. Қазақстанда реформа жүргізудің себептері және оны әзірлеу барысы
3. 1867—1868 жылдардағы әкімшілік басқару мен салық жүйесіндегі өзгерістер
4. Сот жүйесіндегі өзгерістер
5. Жер мәселесі және 80—90.жылдардағы әкімшілік басқару жүйедегі өзгерістер
6. Реформалардың басталуы
7. Басқарудың ерекшеліктері
8. Сайлау жүйесі
9. Қазынагерлік жүйе және міндетті атқарылатын борыштар
10. Денсаулық сақтау саласындағы реформа
11. Жерді пайдалану мәселелері
12. Реформаның отаршылдық сипаты
 Қорытынды
 Пайдаланған әдебиеттер
XIX ғасырдық екінші жартысындағы азиялық шет аумақтарды отарлау кезеңінің аяқталуы, Ресейдің өзіндегі үлкен өзгерістермен сөйкес келді. Ұлы реформатор Александр II, капиталисттік қоғамдық қатынастарды дамытуға бағытталған маңызды саяси қадам жасады. Феодализмнің қалдықтары капитализімнің дамуын тежен отырды. Бұны патша үкіметі де патшаның өзі де түсініп отырды. Патша Александр ІІ-нің реформасы, біріншіден, шаруа қүқығын алып тастап, көптеген крестьяндарды шаруа тәуелділігінен босату болды. Сонымен қатар, реформа, азаматтық, өскери сот жүйесіне әсер етті.
Ал, Қазақстанның отарланған жерлеріне келетін болсақ, патша сол жерлердің өкімшілік басқару жүйесін қолға алды. XIX ғасырдың бірінші жартысында заңнамалық актілер қабылданып, оның негізгі мақсаты қазақ халқына жаңа басқару түрін бірте-бірте ендіру болды. 60 жылдардың ортасында патша өкімшілігімен Қазақстан аумағын басқару туралы жоба шығарылды. Келешекте бүл жоба, 1867 жылы 11 шілдеде «Жетісу жөне Сырдария облыстарын басқару тура- лы уақытша ереже» атымен, ресми қүжат ретінде іске асырылады. Бір жылдан кейін, 21 қазанда, патша Александр ІІ- мен «Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже» атты, Қазақстан үшін ерекше орын алған екінші нормативтік қүжатқа қол қойылды.
1.К.А.Жиренчин. Политическое развитие Казахстана в ХIХ — начале ХХ веков.
2.Алматы “Жетi жарғы”. 1996.
3.Нұрпейiсов К. Алаш һәм Алашорда. — Алматы: “Ататек”, 1995.
Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. Алматы. 1995
4. Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.Алматы: Атамұра,

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СОӨЖ

Тақырыбы: Ресейдің жүргізген әлеуметтік-экономикалық реформалары

Мамандығы:ЖБ 103Б группа
Тексерген: Оразова Г. М.
Орындаған Қошаева Д

Алматы 2014

Жоспар
➢ Кіріспе
➢ Негізгі бөлім
1.1867—1868 жылдардағы реформаның дайындалуы. Дала комиссиясы
2. Қазақстанда реформа жүргізудің себептері және оны әзірлеу барысы
3. 1867—1868 жылдардағы әкімшілік басқару мен салық жүйесіндегі өзгерістер
4. Сот жүйесіндегі өзгерістер
5. Жер мәселесі және 80—90-жылдардағы әкімшілік басқару жүйедегі өзгерістер
6. Реформалардың басталуы
7. Басқарудың ерекшеліктері
8. Сайлау жүйесі
9. Қазынагерлік жүйе және міндетті атқарылатын борыштар
10. Денсаулық сақтау саласындағы реформа
11. Жерді пайдалану мәселелері
12. Реформаның отаршылдық сипаты
➢ Қорытынды
➢ Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

XIX ғасырдық екінші жартысындағы азиялық шет аумақтарды отарлау
кезеңінің аяқталуы, Ресейдің өзіндегі үлкен өзгерістермен сөйкес келді. Ұлы
реформатор Александр II, капиталисттік қоғамдық қатынастарды дамытуға
бағытталған маңызды саяси қадам жасады. Феодализмнің қалдықтары
капитализімнің дамуын тежен отырды. Бұны патша үкіметі де патшаның өзі де
түсініп отырды. Патша Александр ІІ-нің реформасы, біріншіден, шаруа қүқығын
алып тастап, көптеген крестьяндарды шаруа тәуелділігінен босату болды.
Сонымен қатар, реформа, азаматтық, өскери сот жүйесіне әсер етті.
Ал, Қазақстанның отарланған жерлеріне келетін болсақ, патша сол
жерлердің өкімшілік басқару жүйесін қолға алды. XIX ғасырдың бірінші
жартысында заңнамалық актілер қабылданып, оның негізгі мақсаты қазақ
халқына жаңа басқару түрін бірте-бірте ендіру болды. 60 жылдардың ортасында
патша өкімшілігімен Қазақстан аумағын басқару туралы жоба шығарылды.
Келешекте бүл жоба, 1867 жылы 11 шілдеде Жетісу жөне Сырдария облыстарын
басқару тура- лы уақытша ереже атымен, ресми қүжат ретінде іске асырылады.
Бір жылдан кейін, 21 қазанда, патша Александр ІІ- мен Орал, Торғай, Ақмола
және Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже атты, Қазақстан үшін
ерекше орын алған екінші нормативтік қүжатқа қол қойылды.

Негізгі бөлім

1867—1868 жылдардағы реформаның дайындалуы. Дала комиссиясы
Қазақстанның Ресей құрамына қосылуының аяқталуы империяның Қазақ өлкесіне
байланысты саясатына біршама түбірлі өзгерістер әкелді.

Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды жаулап алғаннан кейін, патша үкіметі
аймақтағы ағылшындарды ығыстырып шығарған болатын. ЬІңғайлы халықаралық
жағдайды пайдаланып, Ресей империясы Қазақстанда отаршылдық төртіпті
күшейтуді колға алды.

Патша үкіметінің отаршылдық саясатының осылайша өзгеруітң айқын көрінісі
— қазақтарды басқару туралы 1867—1868 жылдардағы әкімшілік реформасы.

1867—1868 жылдардағы патша үкіметі реформасының негізгі мақсаты — қазақ
өлкесінде отаршылдық тәртіпті нығайтуға бағытталды. XIX ғасырдың екінші
жартысындағы әзгерістер де бұған едәуір ықпалын тигізді. Капитализмнің
кеңінен дамуы үшін де Қазақстандағы бұрынғы басқару жүйесін өзгерту қажет
болды.

Осы міндетті жүзеге асыру үшін XIX ғасырдың 60-жылдары басында
қазақтардың саяси өкімшілік, сот ісін басқару жүйесін қайта құрудың жобасын
әзірлеуге арнаулы комиссия құрылды.

Комиссия Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторы қазақтарын екі
түрлі басқаруды жойып, бүкіл қазақ даласын екі — Батыс және Шығыс
облыстарға беліп басқаруды ұсынды.

1864 жылы 12 желтоқсанда Әскери және Ішкі істер министрлігінің бас қосқан
комитеті мәжілісінде жоба мақұлданбады. Қазақтарды болашақтағы басқару
құрылымы мәселесін енді үкімет Дала комиссиясына беру қажет деген шешім
қабылдады. Комиссияға ішкі істер министрінің статс-кеңесшісі, полковник
Гирс төрағалық етті. Бұл Дала комиссиясының құрамына аталған
министрліктердің әрқайсысынан екі өкіл және Орынбор өлкесі мен Батыс Сібір
өлкелері әкімшіліктерінің мүшелері енді. Комиссияға қазақ даласын аралап,
жергілікті көшпенділер өмірімен танысып, болашақтағы өкімшілік басқару
негіздері туралы жоба жасау міндеті жүктелді.

Гирс комиссиясы 1865 жылы 27 маусымда Орынбор, Батыс Сібір және Түркістан
өлкесін аралауға шықты. Халықтың жағдайын жақсартатын, оларды сұлтандардың
үстемдігінен босататын ізгілікті реформаның жасалу барысы құпия түрде
жүргізілді.

Патша үкіметінің қазақ даласында әзірлеп жатқан әкімшілік-сот құрылысы
реформасының үлгісін алғаш рет сынға алғандардың қатарында Шоқан Уәлиханов
(1835—1865 жылдары) тұрды. Ш. Уәлиханов Сот реформасы туралы хат атты
Омбыда жазылған әйгілі еңбегінде қазақ даласындағы сот реформасы жайлы айта
келіп,
“ Біз қабылдағалы отырған реформа сол халықтың мүддесі, пайдасы үшін
жасалынып отырғандықтан, оның материалдық мұқтаждығына шақталуы әрі сол
қоғамның ұлттық мінез-құлқына сай келуі қажет. Бұл жағдайдан тыс жасалынған
өзгерістің бәрі де зиянды әрі аномал (жат) құбылыс ретінде қауымды айықпас
дертке шалдықтырып, тұралатып, мешеулетуі мүмкін екендігін ”

де ескертеді. Өкінішке орай, Шоқанның бұл демократиялық көзқарастары
кезінде ескерусіз калды.

1865—1866 жылдары қазақ даласын аралап шыққан комиссия қазақ жерлерін
басқару туралы жаңа Ереженің негізін жасау барысында екіге бөлінді.
Олардың бір тобы қазақ даласын жоғарыдан тағайындалған шенеуніктер
басқаруы қажет деп санады, ал енді бір тобы қазақтардың өздерін-өздері
басқаруын жартылай қалдыру керектігін алға тартты.

1867 жылы 11 шілдеде II Александр Жетісу және Сырдария облыстарын басқару
туралы, 1868 жылы 21 қазанда Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын
басқару туралы реформалардың жобасына қол қойды. Қазақ халқын басқару
жөніндегі ережелер жобасы отаршыл билік өкілдерінің белсенді араласуымен
жоғарыдан дайындалды.
Қазақстанда реформа жүргізудің себептері және оны әзірлеу барысы

1822 және 1824 жылдары жүргізілген реформалар XIX ғасырдың 60-жылдарына
қарай бірте-бірте жарамсыз болып қала бастады. Сондықтан да жаңа реформалар
жүргізудің қажеттігі туындады. Өйткені біріншіден, қазақ даласында
сұлтандардың билігі әлі де бұрынғысынша сақталып қала берген еді. Олардың
билігі патша үкіметінің Қазақстан аймағын неғұрлым тезірек отарлауына
кедергі келтірумен болды. Екіншіден, кезінде тиісті жарғыларға сай
қабылданған әкімшілік-аумақтық бөлініс оған қосымша аумақтардың қосылуына
байланысты жаңа жағдайдағы өзгерістерге сәйкес келмей қалды. Мәселен, XIX
ғасырдың 60-жылдарында Ресей империясына Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу
аумағы қосылған болатын. Сондықтан да енді осы аймақтарды әкімшілік жағынан
бағындыру және шаруашылық жағынан нығайта түсу қажет болды. Өлкені басқару
ісін Ресейдің өзге аймақтарындағы басқару құрылымына барынша жақындатып,
бірыңғайландыру талап етілді. Үшіншіден, Ресейдің еуропалық бөлігінде
қарқынды дамып келе жатқан өнеркәсіп үшін арзан шикізат көздері мен жұмысшы
күші қажет болды. Төртіншіден, Қазақстанның кең-байтақ аумағын мекендеген
қазақтар үшін бірыңғай салық жүйесін енгізу талап етілді. Бесіншіден,
Ресейдің еуропалық бөлігіндегі жері жоқ шаруаларды Қазақстан аумағына
ұйымдастырылған түрде көшіру көзделді. Міне, тап осы себептерге байланысты
Қазақстанда жаңа әкімшілік-аумақтық және әлеуметтік-экономикалық реформалар
жасау қажеттігі туындады.
1867—1868 жылдардағы әкімшілік басқару мен салық жүйесіндегі өзгерістер

Ресейдегі капитализмнің қарыштап дамуы ұлт аймақтарының, соның ішінде
Қазақстанның рөлін өсірді. Қазақстан — шикізат пен арзан рынок көзіне
айналды. Қазақстан өлкесінің жері мен қазба байлығын тезірек игеру үшін
қазақтарды басқаруды Ресейдің әкімшілік-саяси жүйесімен жақындастыру қажет
еді.

Қазақстандағы буржуазиялық реформалар бағыты Ресейдің қазақ даласындағы
ұстанымын нығайтуға бағытталды. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы басқару
жүйесі ескіріп, жергілікті басқару шекаралық басқарумен бірігіп кеткен еді.

1867—1868 жылдары Қазақстан аумағы 3 генерал-губернаторлық пен 6 облысқа
кірді. Қазақстандағы отарлаушы әкімшіліктің жоғары өкілі — генерал-
губернаторлар болды. Олар өлкенің бүкіл әкімшілік-полициялық аппаратын
басқарды, яғни өз қарамағындағы аумақтың тыныштығына жауап берді. Басқаша
айтқанда, Ресей империясының жоғары заңдарының орындалуын қадағалады, яғни
1867—1868 жылдары реформа бойынша Батыс Сібір, Орынбор, Түркістан
өлкелерінің басшыларына неғұрлым басым құқықтар берілді:

әскери қолбасшы, соның ішінде казак жасағының атаманы;
кең түрдегі әкімшілік функция (уезд бастығын тағайындау, т.б.);
сот функциясы (уездік соттарды бекітті).

Соның ішінде Түркістан генерал-губернаторына кең құқықтар беріледі,
себебі Ұлы жүз Ресей империясына ең соңында кіргендіктен, өлкенің
қашықтығынан көрші елдермен дипломатиялық қатынас орнату сияқты, т.б.
міндеттерді атқарды. Облысты әскери губернатор басқарды. Үш билік:
әкімшілік, сот билігі ісіне бақылау, әскери билік әскери губернаторлардың
қолына жинақталды.

Әскери губернаторлар облыс аумағындағы (Сырдария, Торғай облыстарынан
басқа) казак әскерінің атаманы болып саналды. Бұл ережелер екі жылдық сынақ
мерзімі белгіленіп, уақытша статус алғандықтан, халық наразылықтарының
тууына байланысты тек. 1886 жылдары Түркістанда, 1891 жылы Далалық өлкеде
өз заңды күшіне енді.

Міне, осы құрылған әкімшілік, әскери, полициялық аппаратты ұстап тұру
үшін орасан зор қаржы керек еді. Орталық Азия мен Түркістанның Ресейге
қосылуы аяқталғаннан кейін де осы бір орасан зор аумақта 50 мыңдық армия
сақталып қалды. Әкімшілік аппаратты, әскерді өлкелік бюджет асырауға тиіс
болды.

Жергілікті тұрғындардан салық жинау жүйесі қайтадан жасалды. Бұрынғы
түтін салығына земстволыы алымдар қосылды. Олардың мөлшері де жылдан-жылға
өсіп отырды. Отырықшы аймақтарда жер салығы деп аталып, жер өңдеуші салықты
тек ақшамен күзде төлеуге тиіс болды. Земстволық салық өкімшілікті ұстауға,
көпір, жол жөндеу мен дайындауға жұмсалды.

Көшпелі және жартылай көшпелі тұрғындардың негізгі салығы 1865 жылы 1,50
т болса, 1882 жылы 4 сомға жетті. Олар тағы да земстволық немесе қоғамдық
салықтар (ауыл старшыны мен түземдік әкімшілікті ұстау үшін), т. б. ақшалай
алымдар төлеуге тиіс болды.

Әрбір қазақ шаңырағы мынандай мөлшерде салық төлеп тұрды:түтін салығы — 4
сом,земство салығы — 1 с. 25 т.,қоғамдық салықтар (жеке салықтар) — 1 с. 25
т.;мектептерге — 50 т., барлығы 7 сомды құрады.

Әлеуметтік жағдайына қарамастан, кедей мен байларға салық мөлшері бірдей
белгіленді. Әрі малдың бағасы ең төмен кезі — күзде төлеуге тиіс болды. Жер
өңдеушіпер харадж, танап салығы, зекет (тауардан алынатын салық) сияқты
салықтар төледі.

Харадж бойынша, өнімнің 110-і мөлшерінде заттай немесе ақшалай құнын
төледі;
танап салығы ақшалай (1 танап = 18 десятина) танап мөлшеріне қарай
белгіленді;
зекет тауар құнының 140 мөлшерінде алынды.

Осылайша, отарлаушы Ресейдің салық саясаты әр түрлі әлеуметтік топтардың
қарсылығын тудырды, мал өсірушілер мен отырықшы тұрғындар салықтың өсуіне
наразы болды. Әрбір уезд болысқа, болыс ауылға бөлінді. Бір болыста — 2
мың, бір ауылда — 200 түтіннен аспауы керек болды. Патша үкіметі қазақ
болыстары мен ауылдарында отарлық биліктің мықты тірегі болатын жергілікті
әкімшілік құруға тырысты. Болыс пен ауыл старшындарын (селолық қоғамды,
ақсақалдар қоғамын) сайлау сатып алу арқылы жүрді.
Сот жүйесіндегі өзгерістер

1867—1868 жылдары Ереже бойынша Сот билігінің органдарына мыналар
жатты:уездік соттар,әскери-сот комиссиялары,облыстық басқарма және үкімет
сенаты.

Уездік сот, әскери сот комиссиялары қылмыстық істерді қарады, ал облыстық
басқармада азаматтық істер қаралды. Бұл сот мекемелерінің барлығы жалпы
империялық заң негізінде жұмыс істеді.

Билер соты сақталды. Сырдария облысында ол қазыларсоты деп аталды. Бірақ
билерді де болыс бастықтары сияқты 3 жылға сайлайтын болды. Қазақтардың
арасындағы істерді шешуге әрбір болыстан 4-тен 8-ге дейін билер сайланды.
Сайланған билерді губернатор бекітті, алайда оларға жалақы төленбеді.

Дегенмен әрбір шешілген істен билік деп аталған кесімнің 110 бөлігін
алуына рұқсат етілді. Билер соты 300 сомға дейінгі істерді шеше алды, бірақ
олардың шешімі 30 сомға дейінгі істер үшін ғана түпкілікті бола алды.
Сырдария облысында қазылар соты 100 сомға дейінгі істі түпкілікті шешті.
Құны 300 сомнан асатын істер үшін билердің болыстық және төтенше съездері
шақырылды.

Олар құны 500 сомға дейінгі істерді түпкілікті шеше алды. Ал 500 сомнан
асатын істерді бекітуге уезд бастығы облыстық басқармаға жіберіп отырды.
Облыстық басқарманың жалпы жиналысында құны 2 мың сомға дейінгі істер
түпкілікті шетттілді. Облыстық басқармаға келіп түскен әр түрлі уездерге
жататын болыстарға қатысты істер женінде болыстық билердің төтенше съездері
шақырылды.

Түркістан өлкесін басқару туралы 1886 жылғы Ереже бойынша қазақ
даласында империялық тұрпаттағы соттар құрылды:бітістіруші
судьялар;облыстық соттар;
жоғарғы сот инстанциясы — Үкіметтік сенат болды.

1867 жылы Ережеден айырмашылығы — әскери соттар алынып тасталды. Халық
соты (билер соты) сақталып қалды. Облыс шеңберінде облыстық соттар құрылды,
ал уездерде және ірі қалаларда бітістіруші судьялар тағайындалды. Оларды
Әділет министрі тағайындады.

Жергілікті халық арасындағы қылмыстар мен қылмыстық әрекеттер халық
сотының қарамағында қалдырылды. Әдетте, қылмыстық және азаматтық істерді
қарау билердің қарауынан басталды. Әскери губернаторлар бекіткен халық
соттары (қазылар соты) Қазақстандағы отаршылдық сот жүйесінің ең соңғы
буыны болды (Халық соты → бітістіруші сот → облыстық сот → Сенат).
Жер мәселесі және 80—90-жылдардағы әкімшілік басқару жүйедегі өзгерістер

Уақытша Ереженің отарлық сипаты патша үкіметінің жер саясатынан көрініс
тапты. Жер мемлекеттің меншігі деп жарияланды. 1886 жылы Ереженің III
тарауында жер мәселесі туралы Мал жайылымы алып жатқан мемлекет
меншігіндегі жерлер көшпенділердің қоғамдық пайдалануына беріледі делінсе,
1891 жылы Ережеге мына бап қосылып, жерді күштеп тартып алуға заңдық негіз
қаланды: Мал жайылымдары алып жатқан жерлер, сонымен қатар жер қойнауы мен
ормандар да мемлекет меншігі деп танылады.

Көшпенділерден артылып қалған жерлер мемлекеттік мүлік министрлігінің
қарамағына өтеді. Көшпенділер пайдаланған жер қыстауға, жайлауға және
өңдейтін жерлерге бөлінеді. Мал жайылымдары жетіспеген жағдайда, мал
иелері ауыл қоғамдары мен жеке адамдардың жерінде мал жайғаны үшін ақы
төлеуге тиіс болды.

Сонымен, патша үкіметінің жер және салық саясаты отарлық сипатта болды,
халықты әбден титықтатты, ауқаттылардың, көпестердің, т. б. баюына жол
ашты. Қазақ көшпелі қоғамы, патриархаттық-рулық қоғам ыдырау жолына түсті.
Көшпелі қоғам мүшелерінің жайылымын тартып алғандықтан, қазақтар жерді
жалға алуға мәжбүр болды, ал ақшалай салық төлеу мал санының кемуіне
әкелді.

1886 жылы 2 маусымдағы Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже бойынша
Түркістан өлкесіне Сырдария, Ферғана, Самарқан облыстары кірді. Сырдария
облысы Әмудария бөлімі мен 5:Қазалы,Перовск,Шымкент,Әулиеата,Т ашкент
уездерінен тұрды.

Түркістан өлкесін басқару әскери министрліктің қарамағында болады
делінген. Әкімшілік құрылысы бас басқарма мен жергілікті басқармалардан
тұрды. Түркістан өлкесінің бас басқармасы генерал-губернаторға сеніп
тапсырылды. Бас басқарма мемлекеттік құрылыс жұмыстары, сауданы
ұйымдастыру, несие операцияларын бекіту, саяси жағынан күмән туғызатын
түземдіктерді жер аудару сияқты міндеттерді атқарды. 1886—1891 жылғы
реформаларда жергілікті басқаруға ерекше мән берілді. Олар отырықшы
түземдіктерді басқару және көшпелі қазақтарды басқару деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Осман империясының еуропадағы сыртқы саяси және дипломатиялық бағыттары
Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулауы: әскери-отарлық әкімшілік пен жергілікті халық арасындағы қатынас
Софьяға таққа ұмтылмасқа
Ресейдегі И. Грозный және Ұлы Петр
Осман империясы. III Сәлімнің реформалары
Осман империясының құрылуы
Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі (XVIII – XIX ғғ.)
Қаһарлы Иванның билік еткен уақытындағы жарқын реформалары
Алаш партиясының бағдарламалық жобасының маңызы
X ғасырлардағы Ежелгі Славяндар шаруашылығы
Пәндер