Әлем тарихындағы ғұндардың тарихы
Біздің заманымыздан бұрын I мың жылдықтың екінші жартысынан бастап Евразияның этникалық – саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпаларының ролі күшейе түсті. Осы өңірде, Байкалдан Оңтүстікте таман және Ордасқа дейін созылып жатқан далалық және шөлейт аудандарда қарабайыр малшаруашылығы мен шұғұлданған, этникалық жағынан әр түрлі тайпалар көшіп жүрді. Солардың басты бір тобы ғұндар еді.
Қазақстанның Онтүстік және Жетісу жерлерінде ғұндар б.з.б. II-I ғ.ғ. келе бастаған.
Ғұндар жайлы тарихи деректерді көрнекті Қытай тілінің мамандары Н.Я. Бичурин мен Н.Кюнердің еңбектерінен білеміз. Ал олардың тарихын жазуға еңбек еткен ғалымдар А.Н. Бенрштам, Л.И. Гумилев, Н.И. Конрад. Қазақ ғалымдарының ішінде соңғы кезде К.М. Байпаков айналысып жүр.
Б.з.б. IV-III ғасырларда Қытайдың солтүстік шекарасында тұрған тайпалар топтасып, тайпалық екі бірлестік құрды. Олардың біріншісі Сюнну (Хунну немесе ғұндар); екіншісі дунху бірлестіктері деп аталды. Сюнулар (ғұндар) өз заманындағы, көршілес елдердің тарихына ықпал жасады.

ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Әлем тарихындағы ғұндардың тархы
Мамандығы: 103Б группа
Тексерген: Оразова Г. М.
Орындаған Тлеубеков А. Т.
Алматы 2014
Жоспар:
1.КІРІСПЕ
2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
а) Ғұндар мемлекеті
б) Ғұн дәуірінің ескерткіштері
в) Ғұн дәуірінің ескерткіштері
г) Ғұндар мемлекетінің гүлденуі
д) Ғұндардың юэчжилермен, Қытаймен, үйсіндермен, қаңлылармен қарым-қатынасы
е) Ғұндар және халықтардың орын ауыстыруы
КІРІСПЕ
Біздің заманымыздан бұрын I мың жылдықтың екінші жартысынан бастап Евразияның этникалық - саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпаларының ролі күшейе түсті. Осы өңірде, Байкалдан Оңтүстікте таман және Ордасқа дейін созылып жатқан далалық және шөлейт аудандарда қарабайыр малшаруашылығы мен шұғұлданған, этникалық жағынан әр түрлі тайпалар көшіп жүрді. Солардың басты бір тобы ғұндар еді.

Ғұндардың этникалық шығу тегі, тілі осы күнге дейін дәлелденбей отыр. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы тегі деп есептейді.
Сонымен Қытай жылнамаларымен археологиялық зерттеулерге қарағанда, б.з.б IV-III ғасырларда Қытайдың Солтүстігінде Байкалдан Ордосқа дейінгі аралықты мекендеген күшті ғұн тайпаларының бірлестігі құрылды. Олар өздерімен көрші жатқан халықтарын басып алумен қатар Қытай жерінде дүркін-дүркін шабуыл жасап тұрған. Бұл жағдай Қытай патшасының наразылығын тұғызып отырды. Сөйтіп, ғұндар мен Қытай өкіметінің арасында бір-біріне алма-кезек жасалған ұрыс - талас, соғыстар олардың ұрпақтарының арасында 300 жылдан астам уақытқа созылған.
Жылнамалар бойынша, ғүн тайпаларының бірігіп саяси күшейген кезі б.з.б. 209 жылы Мөде ханның билік жүргізген мезгілі. Оның жасаған әскери реформалары ғұндарды қуатты мемлекетке айналдырған. Олар өздерінің оңтүстігіндегі дунхуларды талқандап, быт-шытын шығарды. Олардың аман қалғандары Монголия, Маньчжурияға дейін қашып бас сауғалауға мәжбүр болады. Ғұндар мұнымен де қанағаттанып қоймай б.з.б. 203-202 жылдары Саян-Алтай таулары және жоғарғы Енисей жеріне дейін шабуыл жасап, Қытайдың хань әулетінің негізін салушы (б.з.б. 202 ж.) Лю-банды б.з.б. 200 жылы жеңіп, оларды өздеріне бағынышты етеді. Қытай императоры ғұндардың Шаньюіне (ханына) қыз беріп, алым-салық төлеп тұрған. Сөйтіп, Байкал көлінен Тибет тауына дейін Шығыс Түркістанның Хуанхэ өзінінің Орта ағысына дейінгі аралықты алып жатқан ұлан байтақ жерде Ғұн державасы пайда болды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Ғұндар мемлекеті
Сақтардан соңғы Қазақстан аумағында және көрші аймақтарда үлкен мемлекет құрып дәуірлеген халық -- ғұндар еді. Б.з.д. IV ғасырда-ақ Қытай мемлекеті ғұндарды өздерінің "солтүстік-батыстағы күшті бәсекелесі, жауы" деп есептеген. Бұл күндері түркі тілінде сөйлегендігі дәлелденіп отырған ғұндар басында тайпалық одақ болып, одан күшті мемлекет құрды. Ғұндардың мемлекеттік тарихы жөнінде жазба деректер жеткілікті. Олардың саяси-қоғамдық кұрылысы жөніндегі деректер, негізінен, қытай жылнамаларында мол сақталған. Ғұндарда мемлекеттіліктің негізі б.з.д. III ғасырлардан бастады. Ғұндар мемлекеттілігін толық калыптастырып, оның саяси жүйесін құрушы ірі саяси тұлға -- Мөде тәңірқұты (қытай деректері Маодун деп атайды) болды. Ғұндардың саяси жүйесі өте күрделі болды. Мемлекеттің басында тәңіркұты тұрды. Ғұн тарихын көне қытай тілінен қазақ тіліне аударушы ғалым Қ.Салғараұлының пікіріне сүйенсек, бұл сөз бүгінгі қазақ тілінде де бар. "Тәңірқұты" елдің қарулы күшінің бас қолбасшысы болды. Мөдеге дейін тәңірқұтын сайлау тәртібі болатын. Оның үстіне, жекелеген аймақтарды (24 аймақ болған) ру ақсүйектері басқарып отырған. Олардың әрқайсысында 2 мыңнан 10 мыңға дейін әскері болған. Сондықтан мемлекеттің ішіндегі аймақтардың белгілі бір дербестігі де бар. Мөде тәңіркұтынан бастап мемлекет толығымен бір орталыққа бірікті. Ендігі жерде елбасын сайлау кағаз жүзінде ғана жүрді. Тақ мұрасы алғашында ағадан ініге, кейін әкеден балаға өтіп отырды. Ғұндарда үш ақсүйек тайпа болды. Соның ішінде си люанъ-ди тайпасынан ғана патша сайланды. Елдегі ақсүйек үш тайпа тек өз арасында ғана қыз берісіп, қыз алысты. Мемлекеттік ірі қызметтерде осы үш ақсүйек тайпа өкілдері тағайындалды. Ғұндардың мемлекеттік басқару аппараты өте үлкен және күрделі болды. Тәңірқұтынан кейінгі мемлекеттік лауазым елдің Шығыс жөне Батыс бөліктерін басқаратын хандар болатын. Әдетте, Шығыс бөлікті басқаратын кіші ханның мәртебесі артығырақ болды. Ол орында тәңірқұтының тағын болашақта мирас етуші ханның үлкен баласы отырды. Елдің оң, сол бөлігінің әрқайсысында азық-түлікке жауап беретін уәзірлер, қолбасшылар, әскербасылары, малжанның есебін жүргізушілер, тәртіп сақшылары болды. Мемлекет әбден күшейген кезде ғұндар елі үшке бөлініп басқарылды. Олар Шығыс, Батыс және сол екеуінің ортасында орналасқан тәңірқұтының өз ордасы еді. Ғұндар еліндегі осы үш аймақ 24 әкімшілікке бөлінді. Олардың әрқайсысына мыңбасылар, жүзбасылар, онбасылар, билер, кіші бектер, т.б. лауазымды қызметкерлер тағайындалды. Егер жоғары лауазымдарға тек тәңірқұтының туыстары тағайындалатын болса, ал орта, төменгі басшылықтарға өзге ғұн тайпаларынан шыққан аса қабілетті адамдар тартылды. Ғұндардың діні тәңірлік дін болды. Олар патшасын "Көк тәңірінің өзі жаратқан адамы" деп түсінді. Ғұндар көшпелілердің алғашқы мемлекетін құрды. Көшпелі мемлекеттің негізгі белгілері осы ғүндар дәуірінде қалыптасты. Құрылтай жиналысы дүниеге келді. Ғұндардың өзінің әдет-ғұрпына негізделген заң ережелері болды. Онда жер-су мәселесіне ерекше мән берілді. Ғұндар мемлекетінде, Қытай деректеріне қарағанда, тұрақты ғұн әскерінің саны 300 мың болған. Ресми іс қағаздарын жүргізіп, мөр басу рәсімі қалыптасты. Ғұндар мемлекеті б.з.д. III ғасырдан б. з. V ғасырының жартысына дейін өмір сүрді. Әрине, басқа көшпелі империялар сияқты олар бірде күшейіп, бірде әлсіреп отырды. Б. з. IV ғасырынан бастап ғұндардың бір бөлігі Еділден асып Еуропа жеріне қарай аяқ басты. Содан былайғы 200 жылдың ішінде олар Еуропаның жартысын жаулап алып, өз билігін орнатты.
Ғұн дәуірінің ескерткіштері
Ғұн дәуірінің ескерткіштері - Солтүстік Қытай мен Қиыр Шығыстан бастап Дунай, Карпат өлкелеріне дейінгі аралықта ғұндар дәуірінен (б.з.б. 2 - б.з. 5 ғасырлар) сақталған қоныстар, обалар, ғұрыптық құрылыстар, металл өндіру орындары және кездейсоқ табылған көмбелер мен жекелеген заттардың ғылымдағы жиынтық атауы. Оларды зерттеу жұмыстарына бір ғасыр бойы Азия мен Еуропаның ондаған ғалымдары қатысты. Алғаш 100-ден астам обаны Байкал сыртында (Бурятия) 19 ғасырдың соңында Ю.Талько-Грынцевич қазды. 1924 - 1925 жылдары П.К.Козлов экспедициясы Солтүстік Моңғолиядағы Ноин-Ула үлкен обаларын зерттегеннен кейін ғұн мәдениеті айқындала түсті. Шығыс ғұндардың негізгі ескерткіштері Ордос, Моңғолия, Бурятияда, ішінара Саян-Алтай, Енисей, Қиыр Шығыс өлкелеріне тараған. Оларды С.И.Руденко, Л.Р.Кызласов, С.В.Киселев, С.И.Вайнштейн, А.М.Мандельштам, А.Давыдова, С.Миняев (Ресей), Х.Пэрлээ, Ц.Доржсурен (Моңғолия) және қытай, жапон, еуропа ғалымдары зерттеді.
Мұндағы ғұн ескерткіштері б.з.б. 2 - б.з. 5 ғасырлар аралығын қамтиды және суджа, дерестуй деп екі мерзімдік топқа бөлінеді. 20-ға жуық қоныс, мыңдаған оба тіркелген. Бірнеше қоныс пен 900-ге жуық оба қазылды. Бурятиядағы Селенга өзені бойынан қазылған Иволга қалашығының маңызы зор. Мұнда орташа аумағы 5х4 м, балшық қабырғалы, төбесі екі қанатты ағаш шатырмен жабылған 54 үйдің орны анықталды. Қабірлер ұзынша пішінде қазылған, мүрделер ағаш табытқа салынып, басы солтүстікке қаратыла 1 - 2 м тереңдікте жерленген. Ал үлкен обаларда ағаш табыт бөренеден жасалған қима ішіне салынған. Қабірдегі заттар арасында Қытай бұйымдарынан айна мен теңгелер жиі кездеседі және олардың ескерткіштердің уақытын анықтауда үлкен мәні бар. Ноин-Уланың үлкен обалары тас пен топырақтан үйілген. Бұл жерде жерленген ғұн көсемдерінің мүрделері өте терең шұңқыр ішіне орнатылған қос қабатты бөрене қималарға қойылған. Тақтай табыт пен бөрене қималар, қабірдің бас жағына мал бастарының салынуы ғұндар мәдениетінің тұрақты белгілеріне жатады. Темір ұшты жебелерге сүйек ысқырғыштар қондырылған, белдік қапсырмаларына аңшылық сюжеттері мен зооморфты бейнелер тән. Қыш ыдыста толқынды сызықтар түріндегі оюлар жиі кездеседі. Сондай-ақ ағаш, металл ыдыстар да көптеп қолданылған. Ағаш ерлердің ежелгі түрлері пайдаланылған. Ғұн садағының ұзындығы 1,5 м. Сүйек пластиналармен мейлінше күшейтілген, күрделі әрі ауыр садақтың осы түрі жебені сақ садағына қарағанда әлдеқайда алысқа атқан.
Ғұн мәдениетіне тән айрықша үлгілер, негізінен, үлкен обалардан алынды. Ғұн дәуірінің ескерткіштерінің келесі топтарына Қазақстан, Орталық Азия, Батыс Сібір, Орал мен Еділдің оңтүстік өлкелеріндегі түрлі жәдігерлер және 4 - 5 ғ-ларда Еуропаға барған ғұндардан қалған қабірлер мен көмбелер жатады. Шығыстағы тарихи ғұн мәдениетінің таза сипаттағы ескерткіштері бұл өлкелерге тән емес. Жергілікті қаңлы, үйсін, сармат, т.б. мәдениеттердің ескерткіштері тараған. Бұларға шығыстық ғұн элементтері қосылып, кей өлкелерде кеңқол тәрізді аралас сипаттағы ескерткіштер тобы пайда болған. Жалпы, шығыстық элементтерден, әсіресе, қару-жарақтағы, қыш ыдыстағы, жекелеген бұйым түрлеріндегі ықпалдарды айтуға болады. Жерлеу ғұрпында да өзгерістер байқалады. Оларды А.Н.Бернштам, Ю.А.Заднепровский, С.Сорокин, К.Ақышев, И.Қожамбердиев, А.Максимова, М.Қадырбаев, Б.Нұрмұханбетов, Л.Левина, В.Могильников, И.Засецкая, М.Мошкова, О.Обельченко, т.б. зерттеді. Кеңқол ескерткіштері Шу мен Таластың жоғарғы алқаптарында ашылды, олардың кейбір ықпалдары Оңтүстік Қазақстандағы Жамантоғай, Шәушіқұм, Бөріжар зираттарынан байқалады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz