Бухгалтерлік есептің даму тарихына шолу



Бухгалтерлік есептің даму тарихын білу арқылы осы саланың экономикалық өмірге аса қажет болғандығын және экономиканың сатылы кезеңдерге сай қайта құрылуына байланысты шаруашылық үрдістегі фактілердің қалыптасу кезеңдерін сипаттай білу мүмкіндігі туындайды.
Ерте заманда бухгалтерлердің өз таңбасы болған. Бухгалтерлердің интернационалдық таңбасында - Күн, Таразы және Бернуллидің қисық сызығы белгіленіп, бұл таңбаға «Ғылым - Ұлттық - Тәуелсіздік» деген сөздер жазылған.
Күн - қаржылық әрекеттің жарық болуын, таразы - баланстық теңдікті, ал Бернулли сызығы - есептің бір кезде пайда болып, өмір бойы жүргізілетіндігін бейнелеген. «Есеп» термині құдайдың құпиясы мағынасында қаралған. Ертедегі Египетте фараондар үйінің «бас бухгалтері» Неферхотеп дейтін философ болыпты. «Ақылы терең, жүрегі шыдамды, шындық іске қуанатын, әділетсіздікке сыртын көрсететін, қолы таза, жамандықты қуатын, шындықты жаза білетін, өтірікке бармайтын» (М.И.Кутер «Теория бухгалтерского учета». 8-ші беті) деген нақыл сөздерді жазып қалдырған осы Неферхотеп болса керек. Жазылған кітаптар мен ғылыми және тарихи мақалаларға сүйенсек, бухгалтерлік есеп тарихы алты мың жылды құрайды екен.
Бухгалтерлік есеп жүргізудің бастапқы негізін салушы ерте замандағы зерттеуші түлғалар, біздің пайымдауымызша, өте талантты, асқан білімді, ойшыл адамдар болса керек.
Бухгалтерлік есептің дамуы тарихындағы бірінші мың жылда есеп объектілері, есеп жүргізудің әдіснамалары, түгендеуші есеп өрісінде ғана өзгеріске түсіп отырған. Түгендеуші есепті күні бүгінге дейін орыс тілінде қарапайым «униграфиялық» есеп деп атайды. Жер бетіндегі әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайлардың дамып, шаруашылық жүргізу әдістері қайта құрылып, қызмет түрлерінің көлемі артып, шаруашылық жүргізу үшін қажетті мүліктер мен мұның құрамы әр түрлі болатындығы, бухгалтерлік есептің пәні мен әдіснамасы өрісінде таныла бастаған. Дей тұрғанмен есеп жүргізудің мақсаты өзгеріске түспейтіндігін мұның өзі қолда

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Бухгалтерлік есептің даму тарихына шолу
Бухгалтерлік есептің даму тарихын білу арқылы осы саланың экономикалық
өмірге аса қажет болғандығын және экономиканың сатылы кезеңдерге сай қайта
құрылуына байланысты шаруашылық үрдістегі фактілердің қалыптасу кезеңдерін
сипаттай білу мүмкіндігі туындайды.
Ерте заманда бухгалтерлердің өз таңбасы болған. Бухгалтерлердің
интернационалдық таңбасында - Күн, Таразы және Бернуллидің қисық сызығы
белгіленіп, бұл таңбаға Ғылым - Ұлттық - Тәуелсіздік деген сөздер
жазылған.
Күн - қаржылық әрекеттің жарық болуын, таразы - баланстық теңдікті, ал
Бернулли сызығы - есептің бір кезде пайда болып, өмір бойы
жүргізілетіндігін бейнелеген. Есеп термині құдайдың құпиясы мағынасында
қаралған. Ертедегі Египетте фараондар үйінің бас бухгалтері Неферхотеп
дейтін философ болыпты. Ақылы терең, жүрегі шыдамды, шындық іске қуанатын,
әділетсіздікке сыртын көрсететін, қолы таза, жамандықты қуатын, шындықты
жаза білетін, өтірікке бармайтын (М.И.Кутер Теория бухгалтерского учета.
8-ші беті) деген нақыл сөздерді жазып қалдырған осы Неферхотеп болса керек.
Жазылған кітаптар мен ғылыми және тарихи мақалаларға сүйенсек, бухгалтерлік
есеп тарихы алты мың жылды құрайды екен.
Бухгалтерлік есеп жүргізудің бастапқы негізін салушы ерте замандағы
зерттеуші түлғалар, біздің пайымдауымызша, өте талантты, асқан білімді,
ойшыл адамдар болса керек.
Бухгалтерлік есептің дамуы тарихындағы бірінші мың жылда есеп
объектілері, есеп жүргізудің әдіснамалары, түгендеуші есеп өрісінде ғана
өзгеріске түсіп отырған. Түгендеуші есепті күні бүгінге дейін орыс тілінде
қарапайым униграфиялық есеп деп атайды. Жер бетіндегі әлеуметтік,
экономикалық және саяси жағдайлардың дамып, шаруашылық жүргізу әдістері
қайта құрылып, қызмет түрлерінің көлемі артып, шаруашылық жүргізу үшін
қажетті мүліктер мен мұның құрамы әр түрлі болатындығы, бухгалтерлік
есептің пәні мен әдіснамасы өрісінде таныла бастаған. Дей тұрғанмен есеп
жүргізудің мақсаты өзгеріске түспейтіндігін мұның өзі қолда бар мүліктер
мен шаруашылық айналысына түсуші жақтармен есеп айырысып отыруға арналған
мағына екендігі мыңдаған жылдар бойы жалғасып келе жатқан үрдіс. Осыдан бес
мың жыл бұрын счеттар жүргізу әдісі, есеп объектілерін жүйелеудің жолдары,
мүліктерді түгендеу, контокорренттік өзара есеп айрысу және шығындар
жұмсаудың сметасын жасау әдіснамалары пайда болған. Екіжақты жазу жүйесі
адамзат тарихының дамуындағы ашылған үлы жаңалыққа жатады. Екіжақты жазу
қарапайым жазу принципіне негізделген. Счеттарға жазу тек қана бірақ рет,
бір счеттың дебетіне немесе бір счеттың кредитіне бірақ рет жазылатын
болған. Бұл кезде бірегей ақшалай өлшеммен өлшеу, екі жақты жазу, баланс
әдістері қолданылмаған.
Униграфиялық қарапайым бухгалтерия, құрылып, шаруашылық фактілері
қандай өлшеммен санда болмасын, бастапқыдағы фактілердің пайда болуындағы
өлшем, басқада өлшемдерге айналдырылмай арнайы символдармен белгіленген
счеттарға тікелей жазылып отырған.
Бухгалтерлік есеи тарихын зерттеушілердің мәліметіне қарағанда
бухгалтерлік есеп бес кезеңнен:
түгендеуші есеп;
өзара контокорренттік есеп айрысу;
есеп объектісі болып танылған ақша;
есеп объектісі түріндегі ақшаның есеп айрысу үрдісімен бірігуі;
ақша мен контокорренттік өзара есеп айрысу жолдары біріктіріліп,
жоғарыда айтылған түгендеуші есепті жойды]
Униграфиялық түгендеу есебінің бастапқы кезеңінде мүліктік құндылықтар
қалдығы ғана есепке алынып, мұндай қалдықтар есеп мәліметтерін тасымалдаушы
материалдарға жазылған. Есеп мәліметтерін тасымалдаушы материалдар ретінде
көп жылдық тропикалық өсімдік жапырақтары (папирус), балшықтан істелген
тақтайшалар т.б. қолданылған. Осындай материалдарды есеп құралдары ретінде
пайдалану нәтижесінде есеп регистрлары, тіркеуші құжаттар пайда болған.
Папирус және пергаментке есеп мәліметтерін жазу арқылы бос қағаздар, ал
балшықтан істелген тақтайшаларға түсірілген мәліметтерді тіркеу негізінде
карточкалар пайда болған. Бұдан соң есеп жүргізуге қолданылған бос
қағаздардағы мәліметтер есеп кітаптарына жинақталып жазыла бастаған. Бос
қағаздар мен карточкаларға жазылған қолда бар мүліктер санының есебі
натуралды сандық өлшеммен жазылған. Натуралды өлшеммен есеп жүргізу
негізінде мүліктік түгендеу (инвентаризация), тіркеу, тізімдеу әдістері
қолданылған. Түгендеу әдісі ертедегі барлық елдердің есеп жүргізу
тәжірибесінде қолданылып, мүліктердің қалдығын анықтауға арналған ресми
құжат болып танылған. Күні бүгінге дейін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән
түгендеу әдісі өз мағынасын жойған жою ертедегі Египетте біздің арамызға
дейін екі мыңыншы жылдары кіріс-шығыс есебі пайда болыпты. Бұдан соң
дайындалатын ағымдағы есеп (перманентный) байланысы жоқ түгендеуші үзілмелі
(дискретный) есеп орнына қолданыла бастаған. Есеп мәліметтерін тасымалдаушы
жапырақ қағаздарға (папирус) тек қана мүліктер қалдығын ғана жазып қоймай,
мүліктер өрісіндегі барлық әрекет өзгерістер жазылытын болған. Жалғастырып
жазу (перманенттік) есебінің мақсаты-материалды құндылықтарды алу мен беру
есебінің дұрыстығын тексеріп отыруға арналған. Материалды құндылықтар беру
фактісі жапырақ (папирус) қағазына үш адамның қатысуымен: бірінші адам
жапырақ қағазға берілетін құндылықтың санын, екінші адам нақтылы берілген
құндылықтың санын, ал үшіншісі берілетін және берілген құндылық айырымын
шығарып жазатын болған. Ең исгізгі мақсат-материалды құндылықтар
қозғалысының күн сайынғы қалдығын анықтап отыру еді. Есеп жұмысын осылайша
жүргізу тек қызмет көлемі аз ғана шаруашылықтар деңгейінде жүргізілген.
Жұмыс күні аяқталғаннан соң әрбір беруші мен алушы жақтар бойынша
құндылықтардың жеке-жеке атаулары көрсетіліп, Бұлардың қозғалысы жөніндегі
қорытынды есеп жасалынып отырған. Қорытынды есеп жасау үшін арнайы құрылған
үлгі қағаздың әрбір бетіндегі жазулар жеке жинақталып, бұдан соң жалпы
жинақ шығарылып тұрған.
Құндылықтардың жеке атауларына сай кіріс-шығыс құжаттары жасалынып,
мұндағы мәліметтерді жекелеген топтарға топтастырылып жазыла бастаған. Яғни
айналым құжаты жасалып, бастапқы қалдыққа осы күнгі қосылған құндылық саны
қосылып, бұдан жұмсалған немесе берілген құндылықтар сакы шегеріліп, соңғы
қалдық шығарылатын. Соңғы қалдық жазудың нәтижесі қолда бар құндылықтар
санымен түгенделіп, салыстырылып отырған. Құндылықтар жөнінде жазылған
мәлімет пен қолда бар құндылықтар санының айырымы болған жағдайда мұның
себебі анықталып, кімнің кінәлі екендігі белгіленетін болған. Есеп жұмысын
осылайша жүргізіп, тексеру мен салыстыру нәтижесінде синтетикалық жинақтау
және аналитикалық жіктеу счеттарының пайда болуы да мүмкін. Мысалға, арпа,
бидай, жүгері, күріш т.б. дәнді дақылдарының жекелеген есебі дәнді
дақылдарға арналған синтетикалық жинақтау есебінің құрамында жүргізілген.
Яғни синтетикалық жинақтау және аналитикалық жіктеу счеттарының қалдығы
бірдей болатындығы дәленденген.
Бухгалтерлік есеп тарихын зертеушілердін зерттеуіне қарағанда
шаруашылық фактілерінің мәліметтерін хронологиялық тіркеп жазу әдісі
қолданылған.
Материалдық есеп жүргізу негізінде орын алған шаруашылық фактілерін
хронологиялық тұрғыда үздіксіз тіркеу арқылы материалдардың дұрыс жұмсалуы
тексеріліп отырған. Тексерудің дұрыстығы қажетті рәсімдеулерден: алынған
құндылықтардың аталуы мен саны, Бұлардың кімнен алынғандығы, құндылықтарды
алушының аты-жөні, орын алған фактінің ай-күнін көрсетіп жазу жұмыстары
орындалғаннан кейін ғана дәлелденген.
Ертедегі Египетте материалдық есеп пен жұмсалған шығындардың сметалық
есебінің элементтері біріктіріліп, негізінен материалды құндылықтар
қозғалысының күнделікті есебі жүргізіліпті. Мұндай қарапайым есеп жүргізу
мысалына: құдық қазушыларға, жалдамалы жұмыскерлерге, дәрігерлерге,
құүлдарға, күзетшілерге, үй қызметшілеріне, іс қағазын жүргізушілерге т.б.
берілетін бір айлық тамақ нормалары, бидай, ет т.с.с. шығындар сметасын
белгілеу фактілері жазылып отырған.
Босатылған, жұмсалған құндылықтар қозғалысын жүргізуші құжаттар екі,
үш данаға бөлініп жазылған. Даналап жазудың негізі Вавилонда салынып, мұнда
жұмсақ балшықтарға жазылған мәліметтер қате болған жағдайда балшық
тақтайшалар жойылып, түзу жазулар басқа балшық тақтайшаларға жазылып
отырған.
Ерте заманда есеп мәліметтері жазылған материалдар (балшық
тақтайшалар, жапырақтар, сүйектер.) арнайы құндылықтар болып саналған. Есеп
құжаттары осы жылғы, келесі жылғы құжаттарға топтастырылып, арнайы
жәшіктер мен дорбаларға салынып, Бұлардың аузын белдіктер, жіптер т.б.
байлап белгілер соғатын болған. Бұдан соң есеп жасаушылар мүліктер
құрамына кіретін заттардың жеке атауларын, малдар мен құралдардың т.б.
құндылықтар қозғалысын атап жазуды үйренген. Жекелеген құндылықтардың пайда
болуының қасиетіне қарай, Бұларды ірілендірілген топтарға топтастырып санап
отырған. Құндылықтарды топтастырып, бір өлшемге келтіру нәтижесінде шартты
өлшеммен өлшеу қажеттігі туындаған. Ертедегі Вавилонда шартты кірпіш және
адам күні өлшемімен елшеу әдісі қолданылған. Бұдан соң шартты өлшемдерді
қолданудың нәтижесінде және құндылықтардың пайда болуының қасиеттерін
жекелей өлшеу қажеттілігінен счеттар ұғымы пайда болған.
Біздің жыл санауымыздың XVIII ғасырына дейін Вавилонда бухгалтерлік
есептің жекелеген құқықтық қасиеттері заңды түрде таныла бастаған. Мысалға,
Хаммбураби саудагер купецтердің тәуелсіз есеп жүргізуін талап еткен.
Шіркеулер мен мешіттерге берілетін құндылықтар мемлекеттік тұрғыда
қадағаланып, Бұларға берілетін ақшалар сомасы тиісті адамдардың қол қойып
растауынсыз есепке алынбаған.
Біртіндеп тауарлы қатынастардың тереңдеп ұлғаюына байланысты
контокорренттік (есеп айырысу) счеты пайда болды. Хаммураби заңының
тұжырымында есеп айырысу операцияларының екі типі: 1) мүліктер бойынша есеп
айырысу мемлекеттік қоймалар мен шіркеулер қоймасы арқылы; 2) қатысушы
жақтар арасында нақты ақша төлемей есеп айырысу жағы қаралғаи.
Ерте заманда, шамамен 12 - ші ғасырда, баніктер атқаратын міндеттерді
шіркеулер және сауда қоғамы атқйрған. Банктегі қаражат көздері банк құруға
қатысушылардың қосқан үлесінен қалыптасқан. Банктегі қаражаттар екіге:
негізгі және айналымдағы капитал болып бөлініп қаралған. Негізгі капитал
есебінен қаражат алушы жақтарға пайыздық несиелер беріліп, ал айналым
капиталының есебінен көпестер операцияларының ағымдағы шығындары жабылып
отырған.
Есеп айырысу жұмыстары натуралды шаруашылық деңгейінде жүргізіліп,
берілген ссудалар мен натуралды жарналар көлемінде ғана орындалған.
Мысалға, клиенттер қосқан астық түріндегі салымдар несиелендіруші
субъектілер қоймасында сақталған. Несиелендіруші орындар үлес қосушылардың
сұрау тапсырмасының жүізінде - мемлекеттік салықтарды (фикс) төлеп отыруды
өз міндетіне алып отырған. Яғни екіжақтық есеп айырысу дәнді астықтар
өлшемімен жүргізілген.
Тағы бір айта кететін жағдай - есеп айырысу фактілері жеке дара (бір
адам арқылы) немесе ұжымдық (бірнеше адамдардың) қатысуымен орындалып
отырған. Осылайша есеп айырысулар қалалар мен шаруашылықтар деңгейінде
жүргізілген. Мемлекетпен есеп айырысу қаражаттарды бөлу мен қайта бөлу
мақсатында натуралды өлшеммен жүргізілген. Жеке меншік иелерімен есеп
айырысу тауар айырбастау операцияларымен орындалған. Бірегей ақшалай өлшем
болмағандықтан және тауарлы-ақша қатынастарының жеткіліксіз дәрежеде
дамымауына байланысты несиелік қаражаттар белгіленген міндеттерді ғана
орындап отырған. Несие беру тек қана арнайы қабылданған заң шеңберінде
жүргізілген. Несиелендіруші мекемелер несие алушы жақтардан (клиенттерден)
арнайы сенімхаттар алып, қарызға түсетін қаражат жөнінде ресми келісім-шарт
негізінде несие беріп отырған. Қарыз алушы клиенттерге берілген және
қайтарылмаған несие сомаларының деңгейін анықтап отыру үшін сенімхаттағы
және келісім-шарттағы сомалардың көлемі тексеріліп, несиедегі сомалар
жөнінде мәліметтер салыстырылып отырған.
Кейіннен, шамамен 12 - ші ғасырдың аяғына таман есеп айырысу жұмыстары
өлшеп таразылау, ақша және натуралды өлшемдер қолдану арқылы жүргізіле
бастады. Алайда есеп айырысу жөніндегі жазулар балшыққа жазылып, ағымдағы
күнделікті операцияларды арнайы счеттарға жазу жағы қиындықтар тудырды.
Жедел есеп болмады, әр күнгі айналым операциялары бір қалыпты
жинақталмайтын болды. Мұндай қиындықтар бастапқы құжаттардың қажеттілігін
туындатты. Бастапқы құжаттардың пайда болуына қарай счеттарға жазылған
жазуларға мөр басылатын болды. Құжаттар өз міндеттеріне қарай кірістік және
шығыстық болып екіге бөлінді. Ертедегі бухгалтерияда дебет және кредит
категориялары қолданылмады. Қайта бағалау мақсатында немесе құндылықтарды
бір өлшемге келтіру үшін арнайы термин кар қолданылды. Кар термині
материалды құндылықтардың санын эквиваленттік бір өлшемге келтіру
мақсатында күмістің бір сиклюінің өлшемімен өлшенді.
Мысырлықтар мен вавилондықтар есеп ақпараттарын ең бірінші болып
қағазға түсірді. Бұлар жиналған астық пен мал сандарын тексеріп отыру үшін
жазулар (белгілер) ойлап тапқан.
1937 жылы Жорж Ифраның келтірген мәліметіне қарағанда Чехословакияның
Вестонисе аймағында осыдан 20 мың жылдан астам өмір сүрген қасқырдың
сүйегіне елу бес таңба белгі қойып. Бұл белгілерді екі қатарға топтастырып
санағанда ерте заманғы есеп приборының қарапайым түрлері болғандығы
дәлелденген. Сүйек таяқшаларымен есеп жүргізуді ең әуелі аңшылар пайдаланса
керек. Әрбір атылған аңдар санын сүйекті кесіп, арнайы таңба белгілер қою
арқылы саналған. Бұдан, біздер бухгалтерлік есептің ең әуелгі элементінің
пайда болғандығын болжай аламыз.
Кейбір деректерге қарағанда санаққа, санауға түсетін нәрселер онім
түрінде сатылатын болған. Санау құралдары тауарлар түрінде, пайдаланылып,
бухгалтерлік есептің алғашқы құралы болып танылған. Мысалға май құйылған
құмыралар саны, малдардың ұрғашысы мен еркегі, құралдардың саны, т.с.с.
арнайы белгі таңбалар салу арқылы белгіленген. Арнайы жасалған белгілер мен
таңбалар салу нәтижесінде жазулар, әріптер пайда болса керек. Жекелеген
әріптерді ыңғайлы пайдаланудың нәтижесінде алфавиттік жазулар жазыла
бастаған. Күні бүгінге дейін біздердің пайдалануымыздағы әріптер нұсқасы ең
әуелі Сиқай жартыаралынан басталыпты. Біртіндеп алфавит Грецияға тараған.
Біртіндеп келген осы алфавитті гректер өз алфавитына айналдырған. Тіл
құрылымын зерттеудің нәтижесінде гректер грамматика мен синтаксисті
қалыптастырған.
Қарапайым арифметикалық амалдарды ара қатынастық сауда-саттық
фактілеріне қолданудың нәтижесінде цифрлар мен әріптер жазу өнері пайда
болған. Яғни, арифметикалык амалдарды қолдану нәтижесінде жазу өнері пайда
болса керек. Бұдан соң жеке адамдар, сондай-ақ саудагерлер мемлекеттік
мүддені қорғау мен сақтау мақсатында есептесу мәдениетін (ұғымын) енгізген.
Ал арифметика болса, Бұл математиканың саласына жататын сандардың қасиеті
мен сандар арасындағы амалдарға тән ілім болып табылады. Арифметиканың
аталуы гректің рефлесс сөзінен шыққан. Математика - ғылымның тілі. Грек
тілінде матема сөзі тану мен үйрету пәні. Гректер сандар теориясы мен
есептеу шеберлігі мәдениетін бірінен бірін ажыратып қараған. Гректер сандар
теориясын математикалық үлкен ұғым тұрғысында қарап, бұдан философиялық
терең мағына талап етіп отырған. Математика іліміне терең философиялық мән
берудің нәтижесінде гректер логистика, есеп дейтін қолданбалы ұғым
өндірген.
Платонның айтуына қарағанда арифметика мен логистика белгілі бір
сандарды (цифрлар) қолдану тұрғысында тығыз байланыста бола тұрса да,
логистиканы шын мәніндегі дәлдіктік математикасы деп атаған.
Адамның өмір сүруіне қажетті мүліктердің, үй малдарының, жердің, арпа,
бидайдың, құрал жабдықтардың адам өмірі мен тіршілігіне қолданыла бастауына
және бұлардың есебінің жүргізіле бастауына қарай математикалық ілім өте тез
дамыса керек. Сонымен қатар үкімет тарапынан шаруа қожалығындағы мүліктерге
салық салынатын болды, көсемдер мен тайпа басшылары, басқа да ел билеушілер
кімнің қолында несі бар екендігін, оға қанша салық салынуы керектігін
анықтай бастады. Салынатын салықтар мен басқа да төлемдерді жазып есептеу
қиынға түсті. Сондықтан алушы жақтар мен беруші жақтар өзара есеп айырысуды
арнайы сызықша белгілер қою, нүктелермен белгілеу, мұндай белгілерді балшық
тақтайшаларға жазу арқылы орындауға мәжбүр болды. Бұдан барын осыған дейін
қолданылған әр түрлі символдық белгілердің орнына (қой мен қошқардың басы,
бұқа мен құнажынның, т.б. арпа мен бидайдың ұқсастық белгілері) цифрлар мен
әріптер жазыла бастады. Ара қатынастық сауда-саттық жүйенің дәлме-дәл
есебін жүргізу мақсатында әлгіндегі қойыла беретін көптеген символдық
белгілердің орны ауыстырылып, бір, екі, үш, төрт, бес, т.с.с.
абстракциялық цифрлар сауда жүйесінің дамуына зор әсер етті. Мұндай сандық
өлшемдерді қолданудың аясы ұлғая бастады, Мұның барлығын тұжырымдап,
заманға лайықтап қарайтын болсақ, санауға қажетті цифрлар дегеніміз - өз
өміріміздегі қарапайым математикалық амалдар мен операциялардың негізін
құрайдыекен. Цифрларды абстракциялық дөрежеге жеткізу нәтижесшде
экономикалық қатынастардың негізі салынды десек те болады. Абстракциялық
цифларды қолдану нәтижесінде элементарлы математика пайда болды. Осындай
элементарлық операцияларды жүзеге асырып орындау мақсатында және
элементарлық операцияларды ары қарай жетілдіру үшін жазу мәдениеті (жүйесі)
пайда болды. Ертедегі дүниеде гректер есептеудің бір ондық, екі ондық,
т.с.с. ондық жүйемен есептейтін өдістерін ашқан. Гректер есептеудің жеңіл
жолын табу мен жүргізу мақсатында бір ондық, бес ондық, бір үздік ондық,
т.с.с белгілерді сауда-саттық қатынастарға енгізе бастады. Қойылған
белгілер сан емес тек белгілер түрінде ғана оқыладыь белгілер алфавиттік
тәртіппен қойылып, бұлардың қатарына сандар қойылғанда ғана цифрлар түрінде
оқылатын болды. Гректер жазылған жазуларға қарай және тігінен де,
көлденеңінен де оқи бастады. Уақыт өте келе тігінен оқу қиындық туғызып,
бір саннан кейінгі санды тез қосып есептеу қиындық туғыза бастады.
Арифметикалық амалдар пайдалану қиындай бастады. Мұндай қиындықтарды
техникалық жағынан жеңілдету үшін есеп шоттар мен (тастармен) санау пайда
болды. Есеп шоттарын жан-жақты пайдалану нәтижесінде көбейту амалдары пайда
болды.
Еларалық сауданың жүруіж байланысты кейіннен өлшемдердің стандарттық
үлгілері: ұзындық өлшемі, салмақ өлшемі, қалдықтап өлшеу, т.б. өлшеу
түрлері пайда болды. Өлшеу тәсілдерін қолдану нәтижесінде бір нәрсенің
сандық өлшемі екінші бір нәрсенің сандық өлшемі теңдігімен бартерлік
натуралды өлшеммен айырбастала бастады. Бухгалтерлік сауда екі жаққа тең
келетін (ұтылмайтын) меналық айырбас өлшемі табылмайтын жағдайларға тез
ұшырайтын болды. Айырбас сауданы біршама дұрыс жүргізу үшін көптеген жылдар
бойы пайдалануға жарайтыы, сынбайтын қатты заттарға арнайы белгілер мен
таңбалар қойылып, мұндай белгілер қойылған материалдар айырбас сауда
өлшемін анықтайтын болды. Белгілер мен таңбалар ең әуелі мал терілеріне,
алтыннан жасалған бұқаның басы сияқты заттарға қойылып, ақша түрінде
пайдаланылды.
Алайда мұндай ақшалардың пайда болуы үлкен талант тұрғысында ашылған
жаңалық ретінде бағаланып, тек қана монета емес, тиісті салмақтағы құн
өлшемі болып та қабылданды. Мұндай ақшаларды гректер асыл қазына деп танып,
Бұларды ешқандай дүние мүлікке ауыстыруға жатпайтын қымбат дүниелер ретінде
бағалап, тек қана айырбас сауда үшін жұмсап отырды. Ертедегі ақша өлшемі
біздің жыл санауымызға дейінгі XVII ғасыр шамасында эталон ретінде Аргоса
Хахы Фейдонның жазуымен белгіленіпті. Ақшалай өлшеу мен таразылауды Бұл
мемлекет тек қана жеке мүліктердің құнын шығарып салық жинау үшін ғана
пайдаланған. Ерте заманда темір материалымен өлшеу салмақтап өлшеудің
стандарттық бірлігі болған. Бұдан соң темір ақшалар пайда болып өлшеудің
жалпылама стандартына айнала бастаған.
Біздің жыл санауымыздың VI-VII ғасырына дейін өмір сүрген мемлекеттер
рөлінің біртіндеп артып, қорғаныс және әлеуметтік салалардың күшейіп, пайда
табу мақсатына жұмсалатын шығындардың көбеюіне, сондай-ақ архитектуралық
құрылыстардың қарқындап өсуіне қарай әрбір мемлекеттер мәрмәр, металл,
құрылыс ағаштарын, т.б. материалдарды сыртқа шығара бастады. Мұндай
операциялар аса құнды сом алтындарды ақша түрінде жұмсау арқылы іске
асырылады. Ірі-ірі сом алтындарды пайдалануға ыңғайлы дәрежеге келтіру үшін
арнайы қоймаларға қойып, үлкен көлемдегі алтындарды бөлшектерге бөліп,
Бұлардың беттеріне арнайы белгілер қойып, уақ ақшалар түрінде қолданылынды.
Беттеріне әр түрлі таңбалар салынған уақ ақшалар пайдалануға ыңғайлы
болды, кейіннен келе орталық өкімет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішкі аудит маңызы мен түсінігі. Оның ролі мен ұйымды басқару жүйесіндегі жалпы маңызы
Бухгалтерлік есептің және аудиттің ақпараттандырылған жүйелерінің қолданыстағы бағыттары
Халықаралық аудит стандартына ұқсас стандарттар
Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржы түсініктемелері
Ақша баламаларының есебінің ұйымдастырылуын зерттеп, оның мәні мен маңызын, өзектілігін оқып, ашып көрсету
Әлемдік қаржы жүйесін реттеу механизмі
Аудиттің стандарттары және аудиторлардың кәсіби этикасы
Ұйымның қаржылық жағдайын талдау. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты
Коммерциялық ұйымдардағы шығындар есебі мен аудиті
Аудит пәніне қысқаша лекциялар жинағы
Пәндер