Азия елдеріне жалпы шолу



Азия - ең үлкен дүние бөлігі. Азия 4 тарихи-географиялық аймаққа бөлінеді: Оңтүстік Батыс Азия, Оңтүстік Азия, Оңтүстік- Шығыс Азия, Орталық және Шығыс Азия.
Шетел инвестициясы мен жоғарғы технологиялар есебінен жоғары деңгейде дамып жатқан Корея Республикасы, Сингапур, Малайзия, Тайвань, Сянган (Гонгконг) сияқты елдер тобын «Жаңа индустриялы елдер» деп атайды. Азиядағы «Қоныс аударған капитализм елі» деп Израильді айтады. Бұл ел 1948 жылы БҰҰ- ның еврейлердің отаны болу керек деген шешіммен Палестина жерінде құрылған болатын.
Азияның мұнай экспорттаушы елдеріне Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Оман, Біріккен Араб Әмірлігі, Иран, Ирак, Бахрейн кіреді. Бұл елдер мұнайдың барланған қоры жөнінен әлемде алдыңғы орындарды алады.
Жапония- аралдық мемлекет. Жапония- төрт ірі, төрт мың ұсақ аралдан тұратын мемлекет. Жапонияның ірі аралдарына Хонсю, Сикоку, Кюсю, Хоккайдо аралдары жатады. Жапония мемлекеттік құрылымы жағынан конституциялық монархия. Мемлекет басшысы император, бірақ іс жүзінде мемлекетті премьер-министр басқарады.
Жер шарындағы ұлттық діндерге ислам, конфуций, индуизм, иудаизм, синтоизм жатады. Жапониядағы ұлттық дін -синтоизм. Синтоизм құдайлар жолы деген мағына береді. Жапондықтарда сакураның гүлдеуі, шай рәсімі, икебана құрастыру сияқты ұлттық дәстүрлері бар. Жапонияда өсірілетін негізгі дәнді дақыл-күріш. Күріштен жылына 12 -14 млн т өнім жинайды. Күріш алқаптары Хонсю аралында орналасқан.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1.Азия елдеріне жалпы шолу
2.Орталық және Шығыс Азия елдері
3.Сөзжұмбақ
4."Сұрақ-жауап"
5. Азия картасы

Азия - ең үлкен дүние бөлігі. Азия 4 тарихи-географиялық аймаққа бөлінеді: Оңтүстік Батыс Азия, Оңтүстік Азия, Оңтүстік- Шығыс Азия, Орталық және Шығыс Азия.
Шетел инвестициясы мен жоғарғы технологиялар есебінен жоғары деңгейде дамып жатқан Корея Республикасы, Сингапур, Малайзия, Тайвань, Сянган (Гонгконг) сияқты елдер тобын Жаңа индустриялы елдер деп атайды. Азиядағы Қоныс аударған капитализм елі деп Израильді айтады. Бұл ел 1948 жылы БҰҰ- ның еврейлердің отаны болу керек деген шешіммен Палестина жерінде құрылған болатын.

Азияның мұнай экспорттаушы елдеріне Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Оман, Біріккен Араб Әмірлігі, Иран, Ирак, Бахрейн кіреді. Бұл елдер мұнайдың барланған қоры жөнінен әлемде алдыңғы орындарды алады.
Жапония- аралдық мемлекет. Жапония- төрт ірі, төрт мың ұсақ аралдан тұратын мемлекет. Жапонияның ірі аралдарына Хонсю, Сикоку, Кюсю, Хоккайдо аралдары жатады. Жапония мемлекеттік құрылымы жағынан конституциялық монархия. Мемлекет басшысы император, бірақ іс жүзінде мемлекетті премьер-министр басқарады.

Жер шарындағы ұлттық діндерге ислам, конфуций, индуизм, иудаизм, синтоизм жатады. Жапониядағы ұлттық дін -синтоизм. Синтоизм құдайлар жолы деген мағына береді. Жапондықтарда сакураның гүлдеуі, шай рәсімі, икебана құрастыру сияқты ұлттық дәстүрлері бар. Жапонияда өсірілетін негізгі дәнді дақыл-күріш. Күріштен жылына 12 -14 млн т өнім жинайды. Күріш алқаптары Хонсю аралында орналасқан.
Жапония дүниежүзіндегі аса ірі несие беруші ел болып саналады.Мысал ретінде Жапонияның Қазақстандағы Семей қаласындағы аспалы көпір салуға, Батыс Қазақстанның автомобиль жолдарын салуға көп көлемде қаржы бөлгенін айтуға болады.

Қытай жер көлемі жөнінен Ресей мен Канададан кейінгі үшінші орынды алады. Қытайдың жер көлемі 9,6 млн шаршы шақырым.
Қытай елінің жағалауында 5400 арал орналасқан.Қытайдағы ең ірі аралдарға Тайвань мен Хайнань аралдары жатады. Қытайда қара металлургия жақсы дамыған. Қытай болат пен шойын өндіруден дүниежүзі бойыша алдыңғы орындарды алады. Қытайдағы ең ірі қара металлургия комбинаты Аньшань қаласында орналасқан.

Қытай дәнді дақылдардан бидай, күріш, жүгері өсіреді.Қытай 2009 жылы 114 млн т бидай жинап дүниежүзі бойынша алдыңғы орынға шықты.
Шай- сергітпе дақылға жатады. Шайдың Отаны - Қытай елі. Қытай шай өндіруден дүниежүзілік біріншілікке ие. Ежелгі тарихи ескерткіштердің молдығы Қытайға туристердің көп келуіне мүмкіндік береді.Қытайдың негізгі туристік орталығы Пекин қаласы болып саналады. Пекинде туристерді Цинь әулетінің храмдары, саябақтары, император сарайлары қызықтырады.

Үндістанның ұлттық діні индуизм. Үндістан халқының 82,5% индуизмді ұстанады. Индуизм дінін ұстанатындардың қасиетті өзені Ганг болып саналады, олар сонымен қатар сиыр малын қасиетті жануар деп есептейді.
Үндістанның мемлекеттік тілдер ағылшын мен хинди тілдері.Себебі Үндістан екі ғасыр бойы Ұлыбританияның отары болған.
Үндістан дүниежүзі бойынша ірі қараның саны жөнінен дүниежүзінде алдыңғы орынды, ал ет өнімдерін тұтынудан соңғы орынды алады. Әрбір үндістан тұрғынына жылына 2 кг еттен келеді. Олар сиыр малын қасиетті жануар деп есептейтіндіктен, оның етін пайдаланбайды.
Үндістанның ірі өнеркәсіп орталығы Дели. Дели қаласы Жаңа және Ескі Дели болып екіге бөлінеді. Жаңа Делиде басты іскерлік орталықтар орналасқан.
Троя қазіргі Түркияның аумағында орналасқан.Троя ежелгі грек мәдениетінің ошақтарының бірі болған.

Корея Республикася машина жасау, электроника,кеме жасауға маманданған. Кореядағы кеме жасау орталығы Пусан қаласы болып саналады. Оңтүстік батыс Азия елдерінің негізгі байлығы- мұнай мен газ. Бұл аймақ мұнайдың қоры жөнінен дүниежүзінде бірінші орын алады. Мұнайдың басты кен орындары Парсы шығанағында орналасқан.

Парсы шығанағындағы аралдық мемлекет- Бахрейн. Бахрейннің астанасы- Манама қаласы. Бұл елдің экономикасындағы жетістіктіктер мұнайдан түскен қаржы есебінен болып отыр. Бірақ қазір Бахрейн елі мұнай қорының таусылуына байланысты ОПЕК- ке мүшелік етпейді.

Қазақстан Республикасының ішкі жалпы өнімі - $188 млрд. (2011 жылға), адам басына шаққанда $11,245 құрайды бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан орташа экономика ретінде қарастырылады.

Орталық және Шығыс Азия елдері құрамына Қытай Халық Республикасы, Монғолия, ТМД құрамындағы Қазақстан мен Орта Азия елдері және Шығыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Би-би-си телерадиокорпорациясы
Азия және Африка елдерінің 2000-2015 жылдарындағы халықаралық аренадағы орнына сипаттама
Глобализация және интеграция үрдістеріндегі бүкіл әлемдік экономика және Қазақстан
Батыс Қытай Батыс Еуропа жол дәлізі Қазақстан үшін маңызы
Сыртқы сауданы талдау
Еуропадағы интеграция
Қазақстан жерінің зерттелу тарихы
Сауда және транзит
Мектеп бағдарламасында халық географиясын оқыту ерекшеліктері
ТМД елдеріне экономикалық шолу
Пәндер