Салық құқығын негіздері



КІРІСПЕ

1. САЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН НЕГІЗДЕРІ
2. МЕМЛЕКЕТТІК САЛЫҚТЫҚ ЖОСПАРЛАУ
3. МЕМЛЕКЕТТІК САЛЫҚТЫҚ БАҚЫЛАУ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Салық- бүгінгі күннің өте өзекті мәселесі. Еліміздің экономиксының өркендеп, халық тұрмысының жақсару негізінен салық үлкен роль атқарады.
Салық кодексін дайындап- жасаушылар халықтың салық мәдениетімен кәсіборын басшыларының кәсіби деңгейін көтеріп, салық Кодексін өмірге тиімді түрде енгізіп, жүзеге асуын қадағаламайды.
Жаңа салық есептемесінің тәсілі бұрыңғы жүйеден әлде қандай тиімді. Ол салық саласы қызметкерлеріне нақты, дәл есеп жүргізуге мүмкіндік берсе, салық төлеушінің салықшы мен тікелей байланыс орнатуына жол ашады. Тиімділігі – жолай бұрмаланбай электронды құралдар арқылы тура есепке алынады.
Сондықтанда салық төлеу барысында әртүрлі келеңсіз жағдайларға ( тамыр – танысқа арқа сүйеу, салық көлемін жасырып қалу т.б.) жол берілмейді.
Салықта ршаруашылық жүргізуші субьектілермен халық табысының қалыптасуындағы қаржылыққа тынастардың бір бөлігін білдіреді. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту және оны тұрақтандыру барысында экономикалық тетікретінде пайданылады.
Салықтар-тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болады.
Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады.
1. Найманбаев С. М. Cалықтық құқық: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2005. 400 бет.
2. С. Баққұлов / Құқық негіздері / Оқулық, 2-ші басылым. Алматы, 2004. – 248 бет.
3. Оспанов Қ.И. Құқық негіздері: оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 2006. – 296 бет.
4. Сапарғалиев Ғ., Ибраев А. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық. 2 – басылым, өңд., толықт. – Астана: Фолиант, 2011. -360 б.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Салық - бүгінгі күннің өте өзекті мәселесі. Еліміздің экономиксының өркендеп , халық тұрмысының жақсару негізінен салық үлкен роль атқарады.
Салық кодексін дайындап - жасаушылар халықтың салық мәдениеті мен кәсіборын басшыларының кәсіби деңгейін көтеріп, салық Кодексін өмірге тиімді түрде енгізіп, жүзеге асуын қадағаламайды.
Жаңа салық есептемесінің тәсілі бұрыңғы жүйеден әлде қандай тиімді. Ол салық саласы қызметкерлеріне нақты, дәл есеп жүргізуге мүмкіндік берсе, салық төлеушінң салықшымен тікелей байланыс орнатуына жол ашады. Тиімділігі - жолай бұрмаланбай электронды құралдар арқылы тура есепке алынады.
Сондықтанда салық төлеу барысында әр түрлі келеңсіз жағдайларға ( тамыр - танысқа арқа сүйеу, салық көлемін жасырып қалу т.б.) жол берілмейді.
Салықтар шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту және оны тұрақтандыру барысында экономикалық тетік ретінде пайданылады.
Салықтар-тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болады.
Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады.
Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды.
Салықтар тауар-ақша қатынастарынан тыс қолданылады. Натуралдық салықтардың мөлшері мен түрі нақты жергілікті жағдайларға бағынған. Мысалы: 1 адамнан 1 құндыз терісі немесе 10 пұт тұз және т.б. алынған. Тауар-ақша қатынастарының нығаюымен натуралды салықтың рөлі айтарлықтай азайды. Дегенмен, олар соңғы уақытқа дейін пайдаланылады.
Егер екі мемлекет бір-бірімен соғыс жүргізсе, жеңген мемлекет жеңілген мемлекеттің барлық байлығын тонап алады, болмаса белгілі бір мөлшерде салық салып отырады.
САЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН НЕГІЗДЕРІ

Салықтар-тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болады.
Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады.
Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды.
Салықтар тауар-ақша қатынастарынан тыс қолданылады. Натуралдық салықтардың мөлшері мен түрі нақты жергілікті жағдайларға бағынған. Мысалы: 1 адамнан 1 құндыз терісі немесе 10 пұт тұз және т.б. алынған. Тауар-ақша қатынастарының нығаюымен натуралды салықтың рөлі айтарлықтай азайды. Дегенмен, олар соңғы уақытқа дейін пайдаланылады.
Егер екі мемлекет бір-бірімен соғыс жүргізсе, жеңген мемлекет жеңілген мемлекеттің барлық байлығын тонап алады, болмаса белгілі бір мөлшерде салық салып отырады.
Салықтарға экономикалық әдебиеттерде әр түрлі анықтама мен түсініктеме берілген. Мәселен, Салық кодексінде Салықтар-мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай жарналар деп атап көрсетілген.
Салық- заңды актілерге сәйкес салық төлеушілермен жүзеге асырылатын бюджетке төленетін міндетті төлем.
Салық- белгілі бір объектілерден төленетін төлем.
Салық дегеніміз- белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер.
Салықты басқа да төлемдерден ажырата білуіміз керек. Себебі, салық белгілі бір объектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер,көлік, мұра) төленеді. Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады (салық кезеңі- бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық) және белгілі бір көлемде немесе мөлшерде (салық ставкасы) алынады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне салықтардың меншікті салмағы 70 пайыздан құрайды.
Салықты материалдық тұрғыдан алғанда- бұл, салық төлеушінің белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте мемлекетке беретін белгілі бір ақша сомасы болып табылады (салық наруралдық тұрғыда материалдық құндылық болып саналады)
Салықтың материалдық белгісі- салық төлеуші белгілі бір соманы мемлекетке міндетті түрде беруі болып келеді.
Материалдық салықтың қатынастар- ақшалай қатынастар, өйткені ол ақша қаржыларының салық төлеушіден мемлекеттік ақша қорларына жылжуы дегенді білдіреді.
Экономикалық категория тұрғысынан қарағанда салық- салық төлеушілерден мемлекетке қарай белгілі бір мөлшерде, белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте бір бағыттағы ақшаның қрзғалысы болып саналады.
Ал, құқықтық тұрғыдан қарайтын болсақ, бұл мемлекеттік бекітілім, яғни тұлғалардың мемлекетке белгілі бір ақша сомасын беруін (төлеуді) көздейтін міндеттеме.
Салық құқығы мемлекеттің салықтық әрекеті процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Салық материалдық тұрғыдан белгілі бір ақша сомасын (ақшалай нысанда) немесе салық төлеушілердің мемлекетке беруі тиіс белгілі бір заттардың санын (натуралдық заттай нысанда) білдіреді.
Салық құқықтың бірнеше белгілері бар, атап айтқанда:
-- Салықты - мемлекет немесе уәкілдік берілген мемлекеттік орган белгілейді;
-- Салық - құқықтық нысанда жүзеге асады;
-- Салық - мемлекеттің бір жақты белгіленімі болып табылады;
-- Салықты белгілеу арқылы салық міндеттемесі туындайды;
-- Салық - мәжбүрлеме сипатта болады;
-- Салық төлеу арқылы ақшаны алу құқықтық сипатта жүзеге асырады.
Салықтың осы құқықтық белгілеріне кеңірек тоқталып өтейік.
1)Салықты тек мемлекет қана белгілейді.
Мемлекеттік органның ешбір салықты бекітуге және енгізуге құқық жоқ.
Салық- бұл мемлекеттің белгіленімі болып саналады.
Салық- осы белгісі арқылы басқа да міндетті төлемдерден ерекшеленеді.
Сондықтан көптеген мемлекеттің салық заңдылықтарында салықты былайша қарастырады:
Біріншіден, салықты уәкілдік берілген мемлекеттік орган ғана бекіте алады;
Екіншіден, салықты белгілеу белгілі бір заң немесе нормативтік-құқықтық актілермен қатаң түрде жүзеге асырылады;
Үшіншіден, осы қабылданғанқұқықтық акт белгілі бір тәтіпке сәйкес жүргізіледі.
2) Салық құқықтық нысанда жүзеге асады.
Мемлекет салықты бекіту және енгізу үшін құқықтық акт қабылдайды.
Мемлекеттің салық қызметін жүзеге асырудағы негізгі әдісі болып норативті актілерді шығару табылады.
Салықтың құқықтық негізі ретінде - мемлекет шығарған номативті акт қабылданады.
Салық элементтері және салық салудың шарттары осы құқықтық актіге сәйкес белгіленеді, өзгертіледі және жүзеге асырылады.
3) Салық мемлекеттің бір жақты белгіленімі болып табылады.
Салық ұлт (халық, қоғам, азамат) және мемлекет арасындағы еркін түрде келісілген келісімнен кейін пайда болады. Мемлекет салықты белгілеуде барлық салық төлеушілермен келісімге келмейді, яғни олардың белгілі бір топтарымен немесе өкілдерімен ғана келісімге келуі мүмкін. Кейбір кездерде салықтық сувернитет жүзеге асырылады.
Салықтық суверенитет (егемендік)-мемлекеттің өзінің аймағындағы кейбір салық түрлерін кез-келген мөлшерде өзгертуге және салық салу объектілерін белгілеуге, салық саясатын жүзеге асыруға құқы бар.
4)Салықты белгілеу арқылы салық міндеттемесі туындайды.
Қабылданған құқықтық акт негізінде белгіленген салық жеке және заңды тұлғаларға салық төлеуші ретінде салық міндеттемелерін жүктейді.
Салық төлеуші тұлғалар салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті болып саналады. Қазақстан Республикасының Салық кодексінде салық міндеттемесіне былайша түсініктеме берілген: Салық төлеушінің салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған сәйкес салық төлеуші салық органына тіркеу есебіне тұрұға, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге, салық есептілігін жасауға, оны белгілеген мерзімде табыс етуге, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті
5) Салық мәжбүрлеме сипатта болады.
Салықтың мәжбүрлеме сипаты 3 кезеңде байқалады:
-- Бірінші кезең, мемлекет салықты салық төлеушілердің еркінен тыс белгілейді және енгізеді, яғни мәжбүр түрде;
-- Екінші кезең, салықты төленген кезде салық төлеуші өзінің меншігінің бір бөлігінен мәжбүр түрде айырылып отырады;
-- Үшінші кезең, салық төлеуші өзінің салық міндеттемелерін орындамаған жағдайда, мемлекет бересілі соманы мәжбүрлі түрде өндіріп алады.
6) Салық төлеу арқылы ақшаның алу құқықтық сипатта жүзеге асырылады.
Бір жағынан алғанда, салықтарды салық төлеушілерден еркінен тыс өндіріп алынады, ал екінші жағынан мемлекетті басқа да ақшалармен қамтамасыз етеді, ал бұл құқықтық негізіде мемлекеттің меншігі болып саналады. Айта кету керек Салық - салық төлеушілердің құқық бұзушылықтары немесе құқыққа қарсытәртіпсіздіктері үшін шараларға төлем ретінде қарастырылмайды.
Алымдар салық төлеушілерге белгілі бір құқықтық мәртебе берілгенде немесе белгілі бір қызмет түрін бастар алдында төленеді.

МЕМЛЕКЕТТІК САЛЫҚТЫҚ ЖОСПАРЛАУ

Мемлекеттік салықтық жоспарлау тактикалық және стратегиялық жоспарлау болып бөлінеді.
Мемлекеттік салықтық жоспарлау салықтар бойынша жоспарлы тапсырмаларды қарастыру кезінде мына кезендерді қамтиды:
1) Үкіметтің және салық органдарының, осы аядағы нақты іс-қимылдарын және салық салу саласындағы мақсаттар мен міндеттерді айкындау;
2) стратегиялық коғамдық саяси мақсаттарды есепке ала отырып салық салу концепцияларын әзірлеу және оны бағалау;
3) салық салуға қатысты тәсілдер мен жолдарды өзгертетін немесе сақтайтын ұтымды салық концепциясын таңдау және негіздеу.
Осы мемлекеттік салықтық жоспарлау белгілі кезендеріне байланысты:
1) жедел салықтық жоспарлау (бір токсанға);
2) ағымдағы салықтық жоспарлау (бір жылға);
3) ұзак мерзімді және стратегиялық салықтык жоспарлау болып бөлінеді.
Мемлекеттік салықтық жоспарлауды іске асыру кезінде салық салуға байланысты болжамдар бюджеттік тапсырмалар негізінде қалыптастырылады және еліміздін әлеуметтік-экономикалық дамуының бағдарламаларында беріледі.
Мемлекеттік салықтық жоспарлаудың негізгі міндетіне бюджеттік тапсырманың басым бағыттарының салықтық түсім көздерін және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының перспективалық бағдарламаларын экономикалық тұрғысынан немесе заң жүзінде қабылданған салық концепциясы көлемінде негіздеу жатады.
Салықтық жоспарлау кезіндегі болжамдау міндеттеріне:
1) мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылыстарының жиынтық табысын бағалау;
2) салықтық түсімдердің көлемін салықтардың түрлері мен әкімшілік аумақтық құрылыстар бойынша болжау;
3) қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліқтерін тұтасымен және аумақтар бөлігінде болжау;
4) инфляция деңгейін, бағалар индексін және өзге де рыноктық көрсеткіштерді болжау жатады.
Мемлекеттің салықтық жоспарлауының барысында қалып- тастырылып, заң жүзінде көрініс тапқан салық салудың жалпы концепциясы коғамдык-саяси және экономикалык, сондай-ақ салықтык стратегиялық мақсаттарды іске асыруды камтамасыз етеді.
Мемлекеттік салықтық жоспарлау көбінесе ағымдағы салықтық жоспарлау түрінде жүзеге асырылғандықтан, ол нақты каржылық жылға түсетін салықтық түсімдердің жоспарын қалыптастырумен байланыстырылады және салықтық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін тәсілдерден тұрады.
Сонымен, салықтық жоспарларды іске асыру механизмі мынадай:
- салық төлеушілердің кұрамының өзгеруін есепке алу;
- бағалар мен баға саясатының өзгеруін есепке алу;
- рынок конъюнктурасын есепке алу;
- өндірістік және әлеуметтік инфракұрылымдардың өзгеруін есепке алу;
- экономикадағы салалык тенденцияларды есепке алу;
- корпорациялык және жеке қаржылык-шаруашылық қызметтерді есепке алу;
- қоғамдағы саяси тенденцияларды есепке алу;
- бюджеттердің салықтық бөлігін орындаудың экономикалық талдауын жүргізу;
- салық механизмін және оның элементтері атқаратын кызметтерін қорытындылау;
- бюджеттердің салықтық бөлігінің орындалуына бақылау жүргізу;
салық салу жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттарын анықтау;
-- салық салу тактикасы мен стратегиясын іске асыру жөнінде есептеме беру;
-- бюджеттік-салықтық қатынастар аясына үнемі бақылау жүргізу;
-- өткен кезендер бойынша экономикада қалыптасқан тен- денцияларды есепке ала отырып салық режимінің варианттарын іздестіру;
-- салық төлеушілердің топтары, қаржылық-шаруашылық қызметтерінің типтері және аумақтар арқылы ұтымды салық салу варианттарына баға беру;
-- болашақ салык режимдерінің тиімділігін негіздеу;
-- салықтық түсімдер бөлігінде бюджеттің орындалуына талдау жүргізу кезінде, онын нәтижесін есепке ала отырып салықтык ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы құқығы пәнінен оқу - әдістемелік кешені
Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды иелену
Көлік салығының нарықтық экономикадағы маңызы
Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары
ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ЖӘНЕ КАДАСТРЛЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ
Меншік және меншік құқығы
Азаматтардың меншік құқығы
Салық туралы түсінік
Жер құқығы пәнінен дәрістер
Пәндер