Әлеуметтік экологияның мәні



КІРІСПЕ

1. ПАРМЕНИД ТАБИҒАТ ТУРАЛЫ
2. ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯНЫҢ МӘНІ
3. ЭКОЛОГИЯ ХАКЫНДАҒЫ БІРЕР СӨЗ
4. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРТА ТҮСІНІГІ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ЭКОЛОГИЯ — (гр. oikos — мекен және logos — ілім, сөз)—орга- низмдердің бір-бірінен және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейтін ғылым. «Э.» терминін 1866 ж. Геккель енгізді, ол «Э.» ретінде экономияға, хайуанаттар организмінің үйдегі тұрмысы туралы «ғылымды» меңзеді, ал бұл ғылым хайуанаттардың органик емес ортаға да, органик, ортаға да қарым-қатынасын зерттейді. Қазіргі Э. органик, дүниенің организмдерден тыс бірқатар дөңгөйлерін — популяцияны, биоценозды, биогеоценозды (экологиялық жүйелөр), жалпы биосфөраны қарастырады. Э. деп сондай-ақ қоғам мен табиғаттың бір-біріне әсері туралы ғылымды да (яки ғылымдар көшенің) (Әлеум. экология) атайды.
Натурфилософия– (латынша natura – табиғат) – табиғат философиясы; табиғатты біртұтас қарап, үстірт пайымдау арқылы түсіндіретін ілім. Натурфилософия ерте заманда, ғылыми танымның бастапқы кезеңдерінде елеулі орын алып, философияның тарихи қалыптасуының алғашқы формасы болды. Натурфилософия ұғымының шығуы стоиктерден (Сенека) басталады. Ежелгі грек натурфилософтары ғылым тарихында едәуір рөл атқарған бірқатар болжамдар ұсынды, оның ішіндегі маңыздыларының бірі – атомистік болжам (атомизм). Кейіннен Натурфилософия физика немесе физиология, яғни табиғат жөніндегі ілім деп аталды. Орта ғасырларда философияда геоцентризм түсінігінің орын алуына орай Натурфилософия ғылымы ой-өрістен христиан, ислам және иудей теологияларына ауысты. Қайта өркендеу дәуірінде Натурфилософия Дж. Бруно, Б.Толезио, Дж.Кампанелла, Дж.Кардано,Ф.Парацельс, Ф.Патрици есімдерімен байланысты пантеизм, гилозоизм негізінде дамыды.
1. Философиялық сөздік - / Редкол: Р. Н. Нұрғалиев, Ғ. Ғ. Ақмамбетов, Ж. М. Әбділдин ж.б. – Алматы:”Қазақ энциклопедиясы”, 1996. – 525 бет.
2. “Әлемдік философиялық мұра”. Жиырма томдық. 2 том. Антикалық философия. – Алматы: Жазушы, 2005. – 568 бет.
3. НайзағараеваЕ. Әлеуметтік экологияның мәні// Ақиқат. – 1999. – № 4. – Б. 81-83.
4 Тілекова Ж. Экология хакындағы бірер сөз// Ақиқат. – 2003. - № 8. – Б. 74-77.

КІРІСПЕ

ЭКОЛОГИЯ -- (гр. oikos -- мекен және logos -- ілім, сөз) -- орга- низмдердің бір-бірінен және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейтін ғылым. Э. терминін 1866 ж. Геккель енгізді, ол Э. ретінде экономияға, хайуанаттар организмінің үйдегі тұрмысы туралы ғылымды меңзеді, ал бұл ғылым хайуанаттардың органик емес ортаға да, органик, ортаға да қарым-қатынасын зерттейді. Қазіргі Э. органик, дүниенің организмдерден тыс бірқатар дөңгөйлерін -- популяцияны, биоценозды, биогеоценозды (экологиялық жүйелөр), жалпы биосфөраны қарастырады. Э. деп сондай-ақ қоғам мен табиғаттың бір-біріне әсері туралы ғылымды да (яки ғылымдар көшенің) (Әлеум. экология) атайды.
Натурфилософия - (латынша natura - табиғат) - табиғат философиясы; табиғатты біртұтас қарап, үстірт пайымдау арқылы түсіндіретін ілім. Натурфилософия ерте заманда, ғылыми танымның бастапқы кезеңдерінде елеулі орын алып, философияның тарихи қалыптасуының алғашқы формасы болды. Натурфилософия ұғымының шығуы стоиктерден (Сенека) басталады. Ежелгі грек натурфилософтары ғылым тарихында едәуір рөл атқарған бірқатар болжамдар ұсынды, оның ішіндегі маңыздыларының бірі - атомистік болжам (атомизм). Кейіннен Натурфилософия физика немесе физиология, яғни табиғат жөніндегі ілім деп аталды. Орта ғасырларда философияда геоцентризм түсінігінің орын алуына орай Натурфилософия ғылымы ой-өрістен христиан, ислам және иудей теологияларына ауысты. Қайта өркендеу дәуірінде Натурфилософия Дж. Бруно, Б.Толезио, Дж.Кампанелла, Дж.Кардано,Ф.Парацельс, Ф.Патрици есімдерімен байланысты пантеизм, гилозоизм негізінде дамыды. Бұл кезеңдегі Натурфилософия табиғатты біртұтас қарау принципін ұсынып, бірқатар терең мәнді диалектикалық қағидалар (мысалы, өзгерістің қайнар көзі қарама-қарсы бастамалардың күресінде деген ілім) тұжырымдады. Бірақ табиғатты түсіндіру астрологиялық, алхимиялық, мистикалық түсініктерге толы болды. 17 - 18 ғасырларда механистік жаратылыстану ғылымдарының қарқынды дамуына байланысты табиғатты талдамалы және метафизика тұрғыдан зерттеу басым болып, Натурфилософия ғылымнан шеттетілді. Классикалық неміс философиясында Натурфилософия негізгі пәндердің біріне айналып, өз заманындағы жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін объективтік идеализм тұрғысынан тұжырымдамақ болған Ф.В. Шеллинг философиясынан елеулі орын алды. Ол диалектикалық полярлық идеясы арқылы дүниенің біртұтастығының жіктелуі мен жоғары формалардың төмен формалардан дамып жетілуін түсіндірмек болды. 20 ғасырларда Натурфилософияда теріс көзқарастар орын алды. Кейбір философ бағыттардың (экзистенциализм, прагматизм) өкілдері философия объектілерінің жағымсыз дүниесін зерттеумен шұғылданбауы керек деп есептеді. Неореализм, сыни онтология,марксизм, т.б. өкілдері Натурфилософия жаратылыстану ғылымдарының деректерін ескермей, табиғатты тануға дұрыс қарамаған деген пікірді ұстанды. Нақтылы Натурфилософиялық жүйелердің негізінде философияның ерекшелігін, философия мен арнаулы ғылымдардың арақатынасын ерекше түсінуге негізделген "натурфилософиялық ойлау стилі" жатыр. Оның шеңберінде философия кез келген теориялық білімнің жоғары типі ретінде қарастырылады. Экспериментті жаратылыстанудың дамуы Натурфилософиялық идеялар мен ғылыми зерттеулер нәтижелерінің бір-біріне қайшы келуіне әкелді. Мысалы, Гегель өзінің "Табиғат философиясы" деген еңбегінде жарық спектрі туралы Ньютон ілімін теріске шығарып, атомизм, эволюция идеяларын сынға алды. Қазіргі кезде натурфилософия ойлау стилі табиғатты тану саласында ғана емес, әлеуметтік құбылыстарды зерделеуде де көрініс береді.

ПАРМЕНИД ТАБИҒАТ ТУРАЛЫ

Байталдар (әдетте) мені қалауыма байланысты апаратын, (бұл жолы) (мені калауымнан тыс) сүйреді, өйткені олар менімен бірге білгір ерді жетелейтін қүдай ананың өте танымал жолына түскен еді.
Міне, осы жолмен мен жөнелдім. Мәселе мынада еді, (қайталаймын), мені онымен ерен ақылды байталдар сүйреді, арулар (оларға) жол көрсетті.
Дөңгелектің темір істігі үясында қызып, сыбызғының ысылындай дыбыс шығарды (себебі оның қозғалысы екі жағына да өте шебер қайралған дөңгелектермен жылдам- датылған еді), өйткені Күн Арулары Түн шаһарын тастап және қолымен басындағы орамалын шешіп, жарыққа асыққан еді.
Онда Түн мен Күн жолын айыратын дарбаза орналасқан. (Оларды жоғары мен төменнен) босаға мен тас табалдырық қоршайды. Дарбазаның өзі эфирмен және нән қапсырғыш- пен бекітілген. Олардың озгермелі кілттері катаң жазалаушы Шындықтың қолында.
Міне, Арулар соған келіп, хикметгі әңгімесімен жалынып- жалбарынып, дарбазаның темір ілгегін түсірткізеді.
Дарбаза ашылғасын қапсырғыштарының орнына нән тесік пайда болады. Және де ашылу үстінде олар шеге һәм түйреуішпен жалғастырылған жез істіктерді үясында айналуға мәжбүр етеді. Міне, осы араға кең даңғыл жолмен дарбазадан тура өтіп, ат және арбасын түзетеді.
Қүдай ана да мені мейірімін төге қарсы алып, мүбарақ қолымен менің оң қолымды үстап, маған былай деді: "О, жас үлан, мәңгі өлмес көлік жүргізушілері сақтаған, сен, біздің үйге байталдармен жөңкіп келдің, қуан"!
Іс жүзінде бүл жолдағы сенің сапарынды (себебі ол іс жүзінде адамзатгың үйреншікгі соқпағынан алыс) басқарған зүлым тағдыр емес, бірақ заңдылық пен шындық.
Сен бәрін білуге тиіссің: жақсы жүмырланған ақиқаттың мызғымас жүрегін де, шынайы нанымдылығы жоқ пенделердің пікірін де. Қалай болғанда да, жан-жақты түрде ортақ болжамды өткізгенде үйреншікті күбылыстардың қай түрде көрінетініне де көз жеткізесің.
Дегенмен, зерттеудің бүл жолынан (өз) ойынды теже. Көп жылғы тәжірибенің нәтижесінде пайда болған әдет сені бүл жолға зорлап итермесін. Кездеріңді мақсатсыз дөңгелентпе, шудан өзге түгі жоқ қүлағыңмен тындама, және тілің мен жағыңа сүйеніп бөсе берме, бірақ менің айтқан дәлелдерімді ақылмен зертте.

ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯНЫҢ МӘНІ

Ертедегі қоғамдық даму сатыларынан бастап, қоршаған табиғи ортамен қарым-қатынасы адамның рухани өмірінің әртүрлі бейнесінде сипатталып келген. Ал экологиялық білім сонау антикалық дәуірден бастап жинақталған.
Табиғаттың тылсым сырын түрлі бағытта зерттеген жаратылыстанушылар организмдердің өзара қатынасына көңіл аударған. Әйгілі эколог Ч.Элтон өте ежелгі пәннің жаңа атауы -- экология , деп атап өткен болатын.
Экологиялық білімнің ғылыми жүйеге енуі немістің атақты жаратылыстанушы-дарвинист ғалымы Эрнст Геккельдің (1834-1919) есімімен тығыз байланысты. Оның экологиялық дүниетанымының қалыптасуына М. Мюллердің әсері зор болғаны белгілі. Ол Геккельдің теңіз зоологиясына бағыттады, мұның өзі экологияны қалыптастыруға әсер етті. Чарльз Дарвин Геккельдің еңбектеріне сүйеніп, дәйекті эволюционист болған. Физиологиядан зерттеулер жүргізгеннен кейін, Геккель экология ұғымын енгізеді, сөйтіп, оны организмдер мен қоршаған орта қатынасы туралы пәні ретінде анықтайды. Геккельдің экологиялык, концепциясын тұжырымдап айтқанда, экология дегеніміз -- организмдердің ортамен және бір-бірімен өзара қатынасының физиологиясы. Геккель экологиясының обьектісі -- организм. Организм қоршаған ортамен байланыста өмір сүреді, сондықтан ол организм -- орта қатынасын зерттеуге көңіл бөлмейді, зерттеудің мақсатына сәйкес не организмге, не қоршаған ортаға, яғни өмір сүру ортасына баса назар аударады. Геккель экологиясының негізгі кемшілігі осы. Алайда, организм-орта қатынасындағы негізгісі -- организм, ал қоршаған орта -- сыртқы құбылыс. Бұлай ұғыну сол кездегі жаратылыстану методологиясында механизмнің үстемдік етуімен түсіндіруге болады, ол кезде табиғат құбыылыстарына метафизикалык, тұрғыдан қараған болатын (Киселев НК Объект экологии и его эволюция. Киев. 1975).
Жалпы экология дегеніміз не? Ең әуелі ол организм мен оны қоршаған органикалық және оргагникалық емес дүниенің арасындағы өзара әрекетті зерттейтін жаратылыстану саласының атауы. 1866 жылы осы ұғымды енгізген Эрнст Геккельден бастап 1 ғасырдан астам уақыт бойы экологиялық талдау адами емес организмдер мен қоршаған дүниемен шектелді. Кең мағынада экология адам - қоршаған орта қатынасы туралы ілімнің баламасы болды.
Экология пәнінің проблемаларымен ажалысатын көптеген мамандар бұл пәннің мәні табиғи ортадағы хайуанаттар мен өсімдіктер әлемінің қызметін басқарумен байланысты мәселені қарастыру деп есептейді. Осы мағынада жалпы экология тірі организммен ол өмір сүретін ортаның өзара мәселелерін биологиялық тұрғыдан зерттеуге бағытталған. Алайда, XX ғасырдың басында жалпы экология пәніне адаммен байланысты процестерді қосу арқылы кеңейту қажеттігі туды. Бұл бағыт батыстық мектептерде өз көрінісін тапты. Мысалы, француз мектебінде адам географиясы, Чикагоның әлеуметтік мектебінде адам экологиясы немесе әлеуметтік экология. Осы мектептер шеңберінде жиырмасыншы жылдардың аяғында бұл зерттеулердің негізгі нәтижелері алынды. Елуінші жылдарда алғашқы халықаралық конференциялардың бірінде қоршаған ортаны өзгертудегі рөлі көрсетіліп, адам экологиясы пәні деп тұрғын халық пен қоршаған орта арасындағы өзара байланысқа талдау жасау деп түсіндірілді.
Жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдардың кешенінен тұратын жаңа ғылыми пән ретінде әлеуметтік экология кең түрде баяндалды. Ол өзінің өмір сүру ортасын қалыптастырудағы адамның рөлі қандай деген мәселемен тікелей айналысады. XX ғасырдың екінші жартысында әлеуметтік экология жөнінде мәселелер шиеленісе түсті. Табиғат қорғау жөніндегі ғылымды тек табиғат қорғау қызметімен ғана (қорықтар құру, жануарлар әлемін қорғау т.б.) байланыстырса, онда оның ерекшелігін табу қиын емес. Бірақ табиғатты қорғау жөніндегі қазіргі түсінік кең. Оған тек биосфераны қорғау ғана жатпайды, адам мүддесіне сай оны белсенді түрде қайта жасау керектігі де айтылады.
Жаңа синтез жасағысы келетін әлеуметтік биология идеясы адамдағы биологиялық пен әлеуметтіліктің өзара байланысы мәселесі бойынша ғана баяндайды. Мысалы, әлеуметтік экология адам мен ол өмір сүретін ортаның өзара қатынасының кешенді мәселесін кең түрде қарастырады. Әлеуметтік-биологиялык, ассоциациядан тыс қалмау үшін кейбір маман-экологтар (РДажо, Ю.Одум т.б.) қолданбалы экология еңгізу керек деп үсынуда. Ол табиғатты қорғау мен табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мәселелерін шешу керек деп есептейді.
Арнайы әлеуметтік экология пәнін қалыптастыру жөнінде кеңестік философиялық әдебиетте баяғыда-ақ үсынылған болатын. Көптеген зерт- теушілер табиғат пен қоғам арасындағы өзара қатынасты талдау бірыңғай методологиялық тәсілді талап ететінін айтады, онда олардың өзара қатынас тарихы, негізгі тенденциялары, заңдылықтары, динамикалық құрылысы айтылады. Арнайы теориялық жүйе шеңберінде ғана тиімді талдау жасауға болатындай экологиялық мәселелерді қамтыған материалдар соңғы кезде өте көп жиналған. Қоғам мен табиғат арасьндағы өзара қатынас бірінші кезектегі көрмеуі көп мәселе болғандықтан зерттеуші экологиялық қиындықтардың дәмін татып қателесумен немесе концептуалды шешімдермен шектелгісі келмейтіні даусыз.
Егер әлеуметтік экология сияқты кешенді ғылымды қалыптастыру мүмкін болса, онда оның негізіне қазіргі ғылыми пәннің қайсысы негіз болады? Мұндай кешенді ғылымды жасау қазіргі ғылым деңгейіндегі натурфилософиялық көзқарас емес пе? Осы сияқты сұрақтар тегін емес. Көптеген ғылыми пәндер экологиялық интегратор мәртебесіне ие болғысы келеді. Оған потенциалды мүмкіндіктер бар, адам мен қоршаған ортаның өзара байланысы мәселелерін географиялық тарихи тұрғыдан зерттеу. Жалпы экологияның әлеуметтік салаға еніп, кеңеюге таппыныс жасаған болашағын көрмеу қателік болған болар еді. Бір жағынан, жалпы экологиямен, жаратылыстанумен байланысы бар биологиядан, екінші жағынан, физика-математика ғылымдарынан көп нөрсе күтуге болады. Бұл жерде мәселе табиғат пен қоғамдық ғылымдар жүйесінде бір пәнді жасау қиындығында емес, мәселенің күрделілігі сонда қазіргі ғылыми білімнің жүйесінде әлеуметтік-экологиялық процестерді түсіндіруде жаңаша тәсілмен қалып- тастырудың қиындығында. Ал бұл мәселе әлеуметтік-диалектикальқ тұрғыдан келгенде ғана шешіледі.
Әлеуметтік экологияның бірінші негізгі дерегі қазіргі бииологиядағы революция және биосфера ілімінің дамуы. Биосфера ілімінде биологиялық қана емес, физикалық антропологиялық, космологиялық білімдер синтезделеді. А. Дубровтың зерттеуінде геомагниттік өрістегі өзгерістердің адамға, хайуанаттарға, өсімдіктер мен микроорганизмдерге әсері жөніндегі мәліметтерді келтіреді (Дубров А. Геомагнитное поле и жизнь. Л, 1974). Ол геомагнитобиология деген жаңа ғылымды бекемдейді. ,
Ал Вернадский тірі организмді ұйымдастырудың төрт негізгі түрін көрсеткен: орган өзгергіштігі, жалпы түрі, биоценотикалық, биосфералық (Вер-надский В.И. Размышление натуралиста. М., 1977кн2). Алғашқы екеуі ХҮІІІ-ХІХ ғғ. биологияның дамуына негіз болса, соңғы екеуі биологияда қазіргі революцияны жасауға негіз болды. М.Г.Чепиков көрсеткендей биологиядағы қазіргі революция биологиялық атомистикадан басталды да жаңа синтетикалық ғылымның -- молекулярлық биологияның қалыптасуына әкелді. Биологияның осы молекулярлық деңгейді зерттеуге шығуы -- қазіргі революцияның бір себебі (Комаров ВД. Социальная экология. Л, 1990.15-6.).
Қазіргі кезде тіршілік жөніндегі білімді синтездеуге сұраныстың болғандығынан биологияның ерекше саласы биотиканың жеке шығуы керек деген ойлар айтылуда. Организмнің ортамен белсенді түрде өзара әрекет етуі қазір мойындалуда. Осы ішкі және сыртқы диалектикалық бірлікте биоло- гиялық жүйенің белсенділігі ішкі факторлардың жетекші рөлін анықтайды.
Биосфера жөніндегі ілімнің дамуының қозғаушы күші оның химиялық ластанумен күресінің етек алуы болып табылады. Осыған сәйкес зерттеулер өндірісті қайта құрумен адамның табиғатпен қатынасын оптимизациялауды қажет еткенде әлеуметтік экологияға деген сұраныс күшейеді. Мұндағы оның негізгі дерегі биосфера туралы ілім. Егер биотехносфераның пайда болуы тарихи жағынан сөзсіз болса, онда биосфераның бұзылуының алдын алуға болады. Осыған байланысты биосфера жөніндегі ғылымды жаратылыстану, техникалық, қоғамдық ғылымдар көмегімен экологиялық жүйеге кешенді талдау жасап толықтыруға болады. Кез-келген ғылым жеке өзі биосфераны сипаттай және түсіндіре алмайды, тек бәрі жиналып қана, философиялық-методологиялық, дүниетанымдық жағынан ой елегінен өткізіп барып қана сипаттай алады. Қоғам мен табиғаттың өзара әрекеті мәселесін кешенді түрде шешуге кеңіл бөле отырып, И.Б.Новик сәйкес келетін ілімдерді синтездеудің қажеттігін және ондағы философияның маңызын көрсетті. Экологиялық мәселені шешу тек гигиеналық әдіспен жүзеге аспайды. Оның жаратылыс- ғылыми және техникалық жақтары философиямен қабысып жатады. Биосфера туралы ілім физика мен химияның жетістігін интеграциялау ретінде қаралуы керек. Материяны биологиялық ұйымдастыру төменгі деңгейдің қозғалысын басқарады. Антропогендік фактор биосфераның бағыттылығына, ұйымдасуына әсер етеді. Сонымен бірге материя қозғалысының жоғарғы формасын бейнелеуші ретінде көрінеді.
Бұл жерде әсіресе, әлеуметтік экологияның, эволюциялық экологияның, экологиялық цитофизиологияның және т.б. кешенді білімнің салаларының қалыптасуының маңызы зор. Сонымен әлеуметтік экологияның бірінші дерегі биосфера турагы қазіргі ілім және эволюцияның синтетикалық теориясы..
Әлеуметтік экологияның екінші дерегі қазіргі техникалық білім. Техника ғылымдары техникамен, экономикамен, социологиямен, философиямен бірігіп жалпы интеллект саласын құрады. Біз техниканың танымдағы рөлі туралы айтқанда, зерттеуге қатысатын эксперименталды техниканы ғана түсінбейміз, өзінің сұранысымен адамзат танымын бағыттайтын өндірістік техниканы да ескереміз. Сонымен бірге еңбектің және ғылымның прогресі негізінде пайда болған материалдық жүйенің жиынтығы ретінде техниканың жалпы қызметін де айтамыз. Қоғамның рухани қызметі өндірістіқ қоғамдық-саяси саладағы тиімді практиканың артуы нәтижесінде техниканың көмегімен нығаяды. Техниканың практика саласындағы ерекшелігі адам мақсатына қол жеткізудің материалдық құралы ретіндегі тиімділігінде. Оның бұл ерекшелігін мәдени құралдармен салыстырсақ, техникада объективті шынайы білімдер ғана жүзеге асады
Ғылыми басылымдарда жиырма жылдан астам уақыт бойы қоғам-табиғи орта жүйесіндегі қатынастың оптималды дамуы үшін теоретикалық негізді құруда қандай ғылым алға шығады деген мәселе бойынша түрлі көзқарастар бар. География мен әлеуметтік экология пәндері шеңберінде қарқынды дискуссия болды. Табиғатты қорғау, қоршаған ортаны оптималдандыруда нақты қадам жасаған географтар көптеген ғылыми ақпараттарды игеретіндігіне сүйенеді (Исаченко А.Г. Задачи геог-рафии в области разработки научных основ рацио-нального использования и охраны природной среды. Известия ВГО. 1980., т.112, вып2. 102-6.). Кейбір географтардың пікірінше, қоғам мен табиғи ортаның өзара әрекеті географияның негізгі проблемасы, жаңа мәселелердің әсерімен өз идеясы мен әдістеріне ғылыми көзбен қарап, қарқынды түрде дамыту кезеңіне кірісті. Алайда мұндай процестер экологиялык мәселеге қатысы бар бірқатар ғылымда болып жатқанын атап өту керек, бірақ бұл дегеніміз қандайда бір ғылымды бөліп алып жетекші жасауға негіз болады деген сөз емес. Қазіргі әлеуметтік- экологиялық мәселелерді шешкенде географияның нақты орны мен рөлін анықтау үшін осы пөндерді салыстырып көрелік. Ал оның нақты шешімін қоршаған орта мен табиғатты тиімді пайдалану тәжірибесі беретінің ескереміз.
Қоғамдық даму заңдылықтары туралы білім жиынтығын пәндік зерттеуінің шектеулі болғандығынан зерттей алмайды, географиядағы әлеуметтіліктің шеңбері тар. Ғылымда кешенді зерттеулердің дамуымен, жаңа объектілердің пайда болуымен географияда экономикалық гео- графияға жаңа мазмұн беріп, тығырықтан шығуға болады деп, экономикалық географияны әлеуметтік-экономикалық география деп атады. М. Шежевичтің пікірінше, әлеуметтік-экономикалық геофафияның маңызды объектісі -- жасанды орта . Ол географиялык ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық дүниетаным
Экология түрлері
Экологиялық пирамидалар
Аналитикалық химия және экология.
Экология және тұрақты даму пәні, мақсаты мен міндеттері
Осы күнгі экологияның негізгі бөлімдері. экологияның қатысуымен шешілетін теориялық және қолданбалы мәселелер
Экологиялық құқық қатынастардың субьектілері және обьектілері..
Экология
Химиялық экология пәні, қысқаша даму тарихы
Экологияның қалыптасуы мен дамуы
Пәндер