Алғашқы қоғамдар туралы



КІРІСПЕ

1. АЛҒАШҚЫ ҚОҒАМДАР ТУРАЛЫ
2. ҚОҒАМДЫҚ KEJIICIM ТУРАЛЫ
3. АЗАМАТТЫҚ ХАЛ ТУРАЛЫ
4. СУВЕРЕН ТУРАЛЫ
5. МҮЛІКТІ ИЕЛЕНУ ТУРАЛЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Руссо Жан Жак (1712—78)— фр. ағартушылары демократиялық қанатының өкілі, философ, социолог және эстетик, педагогика тео- ретиктерінің бірі. Дүниетаным маселелерінде Руссо деизмді ұстанды. Қудайға сенуімен қатар жанның мәнгілігін де мойындады. Руссо материя мен рухты ежелден келе жатқан екі негіз деп санады (Дуализм). Таным теориясында сенсуализмді ұстанды, дегенмен адамгершілік идеяларының туа бітетінін жоққа шығарған жоқ. Социолог ретінде Руссо радикалдық позицияда болды. Ол феодал сословиелік қатынастарды сынады, буржуазиялық демократиямен мен азаматтық бостандықты, турмысына қарамастан адамдардың теңдігін жақтаған пікірлер айтты. Мүлік теңсіздігін жеке меншіктің пайда болуымен байланыстыра келіп, оған қарсы шықты, жеке меншікті жалпыға бірдей теңгермешілікті уағыздайтын ұсақ буржуазиялық эгалитаризм тұрғысынан сынады. Қоғамдық шарт теориясын қолдаған Руссоның Гоббстан айырмашылығы, ол табиғи жағдайда барша жұрттың барша жұртқа қарсы соғысы болып қана қойган жоқ, сонымен қатар адамдар арасында достық пен жарасымдылық та үстемдік етті деп санады. «Эмиль, яғни Тәрбеө туралы» деген еңбегінде (1762) Руссо бұрынғы феодалдық сословиелік тәрбие жүйесін қатаң сынға алып, оның мақсаты еңбекті құрметтейтін белсенді азаматтар даярлау болуын талап етті.
1. Философиялық сөздік - / Редкол: Р. Н. Нұрғалиев, Ғ. Ғ. Ақмамбетов, Ж. М. Әбділдин ж.б. – Алматы:”Қазақ энциклопедиясы”, 1996. – 525 бет.
2. “Әлемдік философиялық мұра”. Жиырма томдық. 2 том. Антикалық философия. – Алматы: Жазушы, 2005. – 568 бет.
3. Найзағараева Е. Әлеуметтік экологияның мәні // Ақиқат. – 1999. – № 4. – Б. 81-83.
4 Тілекова Ж. Экология хакындағы бірер сөз // Ақиқат. – 2003. - № 8. – Б. 74-77.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Руссо Жан Жак (1712 -- 78) -- фр. ағартушылары демократиялық қанатының өкілі, философ, социолог және эстетик, педагогика тео- ретиктерінің бірі. Дүниетаным маселелерінде Руссо деизмді ұстанды. Қудайға сенуімен қатар жанның мәнгілігін де мойындады. Руссо материя мен рухты ежелден келе жатқан екі негіз деп санады (Дуализм). Таным теориясында сенсуализмді ұстанды, дегенмен адамгершілік идеяларының туа бітетінін жоққа шығарған жоқ. Социолог ретінде Руссо радикалдық позицияда болды. Ол феодал сословиелік қатынастарды сынады, буржуазиялық демократиямен мен азаматтық бостандықты, турмысына қарамастан адамдардың теңдігін жақтаған пікірлер айтты. Мүлік теңсіздігін жеке меншіктің пайда болуымен байланыстыра келіп, оған қарсы шықты, жеке меншікті жалпыға бірдей теңгермешілікті уағыздайтын ұсақ буржуазиялық эгалитаризм тұрғысынан сынады. Қоғамдық шарт теориясын қолдаған Руссоның Гоббстан айырмашылығы, ол табиғи жағдайда барша жұрттың барша жұртқа қарсы соғысы болып қана қойган жоқ, сонымен қатар адамдар арасында достық пен жарасымдылық та үстемдік етті деп санады. Эмиль, яғни Тәрбеө туралы деген еңбегінде (1762) Руссо бұрынғы феодалдық сословиелік тәрбие жүйесін қатаң сынға алып, оның мақсаты еңбекті құрметтейтін белсенді азаматтар даярлау болуын талап етті.

АЛҒАШҚЫ ҚОҒАМДАР ТУРАЛЫ

Барлық қоғамдардың ең көнесі және жалғыз табиғи -- отбасы. Бірақ отбасында балалар, оған мұқтаж болғанға дейін ғана, әкесімен байланыста. Бұл мұқтаждық жоғалысымен, табиғи байланыс үзіледі.Әкесіне бағыну қажеттілігінен құтылған балалар және балаларға қамқорлық міндетінен босаған әке тең дәрежеде тағы да тәуелсіз болады. Егер олар біріге қалатын болса, бұл табиғи қажеттіліктен тумайды, тек өз еріктерімен, ал отбасы тек келісім арқылы сақталады.
Бұл ортақ бостандық -- адам табиғатының салдары. Оның бірінші заңы -- өзін-өзі сақтау, оның бірінші кезектегі қам-қарекеті -- адамның өзіне-өзі міндеттісі, балиғатқа жеткен кезден бастап ол қандай шаралар оның өзін сақтауға жарайтынын анықтап алуы керек және осылайша өзіне-өзі қожайын болады.
Міне, осылай, отбасы, керек десеңіз, саяси қоғамдардың үлгісі, билеуші -- әке сияқты, халық -- балалар және тең де азат болып туған барлық адамдар, егер өз бостандықтарын окшауландырса, тек өз пайдасы үшін ғана. Айырмашылық -- отбасында әкенің балаларға деген мейірімі оның оларға қамқорлығымен марапатталса, мемлекетте билеушінің өз қол астындағыларына деген жоқ сүйіспеншілігін билікке масаттану ауыстырады.
Гроций кез келген билік қоластындағылардың пайдасы үшін орнатылады дегенді жоққа шығарады. Мысал ретінде құлдықты келтіреді. Өз пайымдауларында ол осылай фактілерден құқық негіздерін көреді. Тирандар үшін тіпті де қолайлы әдісті емес, оған қарағанда жүйелірек әдісті қолдануға болар еді.
Гроцийдің пікірінше, адамзатт тегі адамдардың жүздігіне немесе керісінше, осы жүздік адамзат тегіне жата ма, бұл түсініксіз және кітаптың өне бойында ол бірінші пікірге мойын бұратын сияқты. Гоббс те осылай ойлайды. Сонымен адамзат тегі мал сияқты отарға бөлінеді, оның әрқайсысында оны жеп қою үшін қорғайтын көсемі бар.
Бақташы өз отарымен салыстырғанда табиғаты жоғары мақұлық болса, адамдардың басшылары мәні жағынан, адамдардың көсемдері ретінде - өз халықтарына карағанда жоғары табиғаттың мақұлықтары. Филонның мәліметіне қарағанда, император Калигула да осылай пайымдаған, ол осындай ұқсастықтан біршама табиғи қорытынды шығарды: корольдер -- құдайлар немесе қоластындағылар -- мал деген. Калигуланың бұл пайымы бізді Гоббс пен Гроцийдің пайымдауларына қайта оралтады. Аристотель де бұлардың бәрінен бұрын адамдар тұрмысынан тең емес екенін, бірақ біреулер құл болу үшін, басқалар мырза болу үшін туатынын айтқан еді.
Аристотель дұрыс айтты: бірақ ол салдарды себеп деп қабылдады. Құлдықта туған кез келген адам құлдық үшін туады; бұдан айқын ештеңе болуы мүмкін емес.
"Көпшілік құқық жөніндегі ғылыми ізденістер баяғы заманғы қиянаттардың тарихы болып келеді және адамдар оларды нақты зерттеуге, өте көп еңбекті текке жұмсады" -- Амстердамдағы Рейде басылған Маркиз д Аржансон мырзаның Францияның көрішілерімен қарым-қатынастарының пайдасы туралы трактаты.
Сонымен, егер табиғатынан құлдар бар болса, олар табиғатқа қарсы кұлдардың бар болғанына байланысты. Күш алғашқы құлдарды тудырды, қорқақтық оларды мәңгілік қүлдарға айналдырды.
Мен король Адам туралы да, император Ной, Сатурнның балалары секілді әлемді өзара бөлісіп алған үш ұлы монархтың әкесі туралы да, кейде осы монархтарды солардың өзі деп есептейді, ештеңе айтқаным жоқ. Менің бұл қарапайымдылығыма риза болады деген сенімдемін, себебі мен осы билеушілердің бірінен тікелей тараймын және мүмкін жоғары тармағынан шығармын, олай болса қағаздарды тексергеннен кейін мен адамзат тегінің королі болып шықсам ше? Не болғанда да Робинзон өз аралының жалғыз тұрғыны болып қалғанша оның билеушісі болғаны секілді. Адамның әлемді билеуші болғанын ешкім жоққа шығара алмайды және бұл шексіз иелік жайлы болғаны соншалық, өз тағында нық отырған монарх көтерілістерден де, соғыстардан да қорықпады.

ҚОҒАМДЫҚ KEJIICIM ТУРАЛЫ

Адамдар, олардың табиғи жағдайда қалуына кедергі келтіретін күштер осы жағдайда қалуы үшін әрбір индивидуум жұмсайтын күштерден басым болатын шекке жетті деп жобалаймын. Онда бұл бастапқы жағдайдың одан әрі сақталуы мүмкін емес және адамзат баласы өзінің өмір сүру салтын өзгертпесе, қүрып кетер
Бірақ та адамдар жаңа күштерді жасап алмайтындықтан , тек осыған дейінгі бар күштерін біріктіріп бағыттайтындықтан, басқа адамдармен бірігіп, қарама-карсы іс-қимылды жеңуге кабілетті күштер жиынтығын құрып, осы күштерді бір қозғаушыға бағындыру және келісе отырып қимылдауға мәжбүр етуден басқа амалы жоқ.
Күштердің аталмыш жиынтығы көптеген адамдардың бірлескен іс-әрекеттері арқасында ғана пайда болмақ: бірақ әрбір адамның күш-кайраты мен бостандығы -- оның өзін-өзі сақтауының бірінші құралы болғандықтан, оларды өзіне зиян келтірмей жөне оның өзінің алдындағы парызы болып табылатын істерден бас тартпай қалай бермек? Бұл қиындық, егер зерттеудің пәніне қайтып оралатын болсақ, төмендегі қағидалар арқылы бейнелене алады:
"Ассоциацияның әрбір мүшесінің тұлғасын және мүлкін барлық ортақ күшпен қорғайтын және қоршайтын ассоциацияның түрін табу керек және сол арқылы әрбір адам бәрімен бірігеді, тек өзіне ғана бағынады және бұрынғысынша азат болып қала береді. Қоғамдык келісім шешетін негізгі мәселе осы.
Бұл келісімнің баптары, бұл баптарды болмашы ғана өзгерту оларды пайдалылығы мен пәрменділігінен айыратындай етіп актінің өз табиғатымен анықталған, табиғи еркіндігінен бас тартып, келісім бойынша алған еркіндігін жоғалтып, қоғамдық келісімнің бұзылуы нәтижесінде әркім өзінің бастапқы құқықтарына және табиғи еркіндігіне қайтадан ие болғанша барлық жерде үнсіз қабылданады және мойындалады.
Бұл баптар, оларды дұрыс түсінсе, бір ғана нәрсеге келіп саяды, ол: ассоциацияның әрбір мүшесі барлық өзінің құқыктарынан қауымның пайдасы үшін толығымен оқшауланады;себебі, біріншіден, егер әрқайсысы түтастай берілсе ғана барлығы үшін тең жағдай қалыптасады; барлығы үшін тең жағдай қалыптасса, ешкім де басқалар үшін қиындықтар туғызуға мүдделі емес.
Әрі қарай, оқшаулану қандай да болмасын тартып алу арқылы жүрмегендіктен, бірігу мүмкіндігінше толыққанды болады және ассоциацияның мүшелерінің бірде-бірі басқа нәрсені талап ете алмайды.Егер жеке адамдардыц қандай да болмасын құқықтары қалған болса, онда барлығының үстінен қарайтын, олардың және барша халық арасындағы дауларды шешетін басшысы болмағандықтан, белгілі бір қарым-қатынастарда өзіне төреші бола алатын әрбір адам біршама уақыттан соң барлық карым-қатынастарда сондай болып қалуға ұмтылар еді және ассоциация тиранияға айналар еді немесе пайдасыз болып қалар еді.
Ақыр соңында әрқайсысы өзін барлығына бағындыра отырып, жеке біреуге бағындырмайды, ассоциацияда басқаларға өз құқықтарын беріп, оның орнына басқалардың құқықтарын қабылдамаған бірде-бір мүше болмағандықтан, әрқайсысы жоғалтқанының баламасын алады және қолында барын сақтау үшін көбірек күш алады.
Сонымен біз қоғамдық келісімнен оның мәнін құрамайтынды алып тастасақ, онда келесі қағидаларды анықтаймыз: "Біздің әрқайсысымыз тұлғамызды және барлық күшімізді ортақ игілікке және жалпы ерікті жотрыдан билеушіге береміз және нәтижесінде біздің бәріміз ушін әрбір муше тұтастықтың бөлінбес бөлігіне айналады "
Келісім қатынастары арқылы байланыста болатын жеке адамдардың орнына жедел түрде бұл ассоциация әрекеті жалпы жиналыста қанша дауыс болса, сонша мүшесі бар шартты ұжымдық Тұтастықты құрайды. Осы әрекеттің нәтижесінде, бүл Тұтастық өзіндік бірлікке, өзіндік жалпы Менге, өзіндік өмір мен ерікке ие болады. Басқалардың бірігуінің нәтижесінде пайда болатын бұл заңды тұлға -- бір кездері Азаматтық қауым қазір Республика немесе Саяси организм деп аталады: оның мүшелері бұл Саяси организмді ол белсенді емес болғанда, Мемлекет деп, белсенді кезде Суверен, басқалармен салыстырып, Держава деп атайды. Ассоциация мүшелеріне келешек, олар жиынтық ретінде халық атын, жеке жоғары билікке қатысушы ретінде азаматтар жөне мемлекеттің заңдарына бағынушылар ретінде Қоластындағылар деп аталады.
Бірақ бұл терминдер жиі шатастырылады және олар бір-бірінің орнына қабылданады: олар өздерінің барлық дәл мағынасында қолданған кезде, оларды бір-бірінен айыруға үйрену жеткілікті.

АЗАМАТТЫҚ ХАЛ ТУРАЛЫ

Табиғи халден азаматтық халге көшу адамды әжептәуір өзгертеді, оның мінез-құлқында инстинкт әділеттілікпен ауысады және оның іс-әрекеттеріне оларда бұрын болмаған адамгершілік сипат береді. Парыз дауысы табиғи нәпсіні, ал кұқық калауды ауыстырғанда, осы мезетке дейін өзінің қалауымен ғана есептесіп келген адам басқа принциптерге сай іс-әрекет жасауға және өз
қажеттіліктерінің ізімен жүрмес бұрын акылымен кеңесуге мәжбүр болады. Мұндай жағдайда ол табиғаттан алған біраз артықшылықтарынан айырылса да, басқа аса маңызды артықшылықтармен марапатталады; оның мүмкіндіктері жаттығып дамиды, ой-өрісі кеңейе түседі, сезімдері жақсарады және оның рухы, егер әрине осы жаңа жағдайдағы адасушылықтары бұрынғы күйінен де төменгі жағдайға алып келмесе, ол оны надан да шектеулі жануардан ақылды тіршілік иесі - адамға айналдырғаны үшін осы бір бақытты сәтті мадақтауды үзбеуі тиіс дәрежеге дейін өсе түседі.
Барлық нәтижені өзара жеңіл салыстыруға болатын қағидаларға әкеліп тірейік. Қоғамдық келісім-шарт бойынша адам өзінің табиғи бостандығынан және оны қызықтыратын және ол иемдене алатын нәрсеге деген шексіз құқығынан айрылады; ол азаматтық бостандыққа және өзі иелік ететіннің бәріне деген меншік құқығына ие болады. Осы алмастыруды анықтау барысында қателеспеу үшін, шекаралары индивидуумның табиғи дене күші ғана болып табылатын табиғи бостандықты жөне жалпы ерікпен иектелетін азаматтық бостандықты дөл айыра білу керек, сондай-ақ күшті пайдалану нәтижесін ғана немесе бірінші келгеннің құқығы болып табиғатын ие болуды және заңды құжатқа ғана негізделген меншікті айыра білу керек.
Адамның азаматтық жағдайда қол жеткізетіндері туралы айтқандарға оны өзіне-өзі шын қожайын ететін, адамгершілік бостандықты қосуға болар еді, себебі тек өзінің калауынша істеу - қүлдық, ал өзің орнатқан заңға бағыну -- бостандық.

СУВЕРЕН ТУРАЛЫ

Ассоциация әрекетінде бүкіл халық пен жекелеген тұлғалар арасында өзара міндеттемелер бар және әрбір индивидуум, өзімен өзі келісімге келе отырып, екіжақты міндеттеме алуының бейнелетіні бұл формуладан көрініп тұр; нақты айтсақ; жеке тұлғаларға қатысты сувереннің мүшесі және суверенге қатысты Мемлекеттің мүшесі ретінде. Бірақ бұл жерде әрбір адам өзінің алдында өзі алған міндеттемесін орындауға міндетгі емес деген азаматтық кұқықтың қағидасын қолдануға болмайды, себебі өзінің алдында алған міндеттемелер мен өзің бөлігі болын табиғатын біртұтастыққа қатысты алған міндеттемелер арасында зор айырмашылық бар.
Әрбір адам екіжақты мәнде көрінетіндіктен, бүкіл халық қабылдаған шешім барлық азаматтардың суверенге қатысты қарым-қатынастарында міндетті күшке ие болуы мүмкін, бірақ қарама-қарсы себепке байланысты, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Акционерлік қоғамды құрудың тәртібі
Ресей мен шет елдегі бизнестің ұйымдастырушылық-құқықтық нышандарының жүйесі
Акционерлік қоғамның жалпы сипаттамасы
Акционерлік қоғам қызметі
Акционерлік қоғамның қызметін талдау
Акционерлiк қоғам-заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны ретiнде
Акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайлары
Акционерлік қоғамның міндеттері
Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдары
Акционерлік қоғамның түсінігі, заңды тұлғалар жүйесіндегі орны
Пәндер