Экспорттық операциялардың теориялық негіздері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Дүниежүзілік шаруашылық байланыстары тереңдеген сайын тауар мен валюта-қаржы ағымдары қозғалысының жаһандану процессі тауарлар мен қызмет көрсетулер экспорты мен импорты, тартылған және шығарылған капиталдар, шетелдік инвестициялардан елге және отандық тауар өндірушілердің шетелге табыстарының ағымдары мен жылыстауы арасындағы тепе-теңдік жағдайына неғұрлым көп әсер етуде.

Сыртқы экономикалық қызметте теңгерімділікке қол жеткізуде экспорттық және импорттық операциялар маңызды орынға ие және бұл операциялардың арасындағы тепе-тең жағдайлардың қамтамасыз етілуімен қол жеткізіледі. Бұл процесті реттеу үшін ақша-кредит, салықтық-бюджеттік және валюталық және валюталық саясаттың түрлі құралдары қолданылады.

Елбасы тапсырмасына орай, еліміздің 2020 жылға дейінгі тұрақты да жан-жақты дамуы ұлттық экономиканың қарқынды әртараптандырылуы мен бәсекеге қабілеттігі есебінен қол жеткізіледі. Елбасы идеяларының одан ары қарай дамуы үшін Үкімет Үдемелі Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жасады. Алғаш рет мұндай құжатты жасау барысында, әсіресе, қызыл сөздер мен ұрандардан бас тарту мақсаты тұрды.

Қазіргі уақытта біздің компания Қазақстан Республикасының сыртқы экономикасының мүшесі болып, өз тұтынушыларының ыңғайлығына және жоғарғы деңгейдегі қызмет көрсету үшін Қазақстан Республикасының аумағында экспортты-импортты операциялар өткізу қызметін іске асырады.

Компания Америка, Еуропа, ТМД, Орта және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде қажетті жабдықтарды, материалдарды, шикізаттарды іздеу және оларды Қазақстан Республикасына/нан жеткізуге келісім шарттарға отырады, Қазақстан Республикасының заңы бойынша Республика аумағына келіп түсетін (жіберілетін) жүктерді кеденде тазартып, Республика бюджетіне қажетті салықтарды, баждарды, кедендік жиындарды төлеп, тұтынушыға еркін қолдануға жіберілген тауарды ұсынады.

Қазақстанда экспорттық және импорттық операциялар арасындағы баланс теріс сальдоға ие, бұл өз кезегінде ағымдағы операциялар шотының теріс мәнінің қалыптасуына айрықша әсер етеді. Теңгерімсіздік бойынша мұндай жағдай халықаралық қызмет көрсетулер бойынша операциялар балансының ағымды теріс сальдосына, тартылған шетелдік капиталға табыстарды және халықаралық несиелер бойынша төлемдерге байланысты. Экспорттық және импорттық операциялар арасындағы теңгерімдіктің жоқтығы ағымдағы операциялар шоты бойынша тапшылықты жабатын және мемлекеттің халықаралық өтімді қорларының өсімін қамтамасыз ететін сыртқы қаржы ресурстарының ауқымды ағымымен теңгерімді жағдайға келтіріледі.

Экспорттық және импорттық операциялар арасындағы, капиталды тарту және шығару операциялары арасындағы теңгерімділікке қол жеткізумен байланысты мәселелерді анықтау және игеру әлі жеткілікті түрде пысықталмаған, өйткені бұл салада қандай да бір болмасын іргелі еңбек жарияланған жоқ. Сондықтан сыртқы экономикалық қызметтегі экспорттық және импорттық операциялар арасындағы теңгерімділікті қамтамасыз ету жолдарын зерттеу аса өзекті болып табылады.

Осындай қызмет тұтынушыға тауарды іздеу, оны жеткізуге келісім шарт жасайтын, тауардың бағасын төлеу, жүкті жеткізу орнына дейін сақтандыру және тасымалдау, келіп түсетін тауарға сапалық және сандық кепілділігін ұсыну, жіберілетін және жеткізілетін тармақтарда кедендік ресімдеу, және де қажетті салықтарды, баждарды төлеп, кедендік процедуралардан өтетін "door to door" деген қызмет ұсынуға мүмкіндік береді.

Экспорт - тауарды‚ капиталды‚ жұмыстарды‚ қызметтерді‚ зияткерлік қызмет нәтижелерін‚ соның ішінде оларға айрықша құқықтарды сыртқы нарықтарға өткізу үшін шетелге әкету. Түрлері: тауарлар‚ бұйымдар‚ материалдық‚ заттай игіліктер экспорты; шетелдік серіктеске өндірістік сипаттағы және тұтыну мақсатындағы қызметттерді көрсету; капитал экспорты - капиталды шет елге ақшалай немесе тауарлы нысанда‚ қызмет көрсету саласы арқылы (соның ішінде патенттер‚ лицензиялар‚ “ноу-хау” нысанында) орналастыру.

Экспорт ақиқаты елдің кеден шекарасынан тауардың өтуі‚ қызметтер көрсету және зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқықтарды табыстау сәтінде тіркеледі. Тауарларды елдің кеден аумағынан әкетпей жасалған‚ атап айтқанда‚ шетелдік тұлғаның елдегі тұлғадан сатып алуы, қайта өңдеу және қайта өңделген тауарды кейіннен шетелге әкету үшін оны елдегі тұлғаға табыстау кезінде жасалған жекелеген коммерц. операциялары тауар экспортына теңестіріледі.

Дамыған нарықтық қатынастар жағдайында экспорт халықар. экон. ынтымақтастық пен еңбек бөлінісінің негізгі нысаны болып табылады. Сондай-ақ экспорт импорттың материалдық алғы шарты‚ өйткені ол импортқа төлеудің және сыртқы қарыз бойынша есеп айырысудың негізгі көзі.

Өз кезегінде, бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешіді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағыдалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпарттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымын, ұйымынң нысанына, айрықшы ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Шарушылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпартсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.

Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қарсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтары, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айырықша бағаламауға болмайды.

Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелеренің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасынң даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдаланады.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі қазіргі замаңдағы экспорттық операциялардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктерін терең зерттеу және қарастыру қажеттілігімен сипатталады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты -экспорттық операциялардың теориялық және тәжірибелік бухгалтерлік аспектілерін зерттеу болып табылады.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

- экспорттық операциялардың түсінігін мен реттелуін қарастыру;

- экспорттық операцияларындағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктерін зерттеу;

- АКФ «АРХАТ» ЖШС-і экономикалық сипаттамасын беру;

- экспорттық операцияларындағы шетел валютасының есебін ашу;

- экспорттық операциялары бойынша басқа операцияларын қарастыру;

- аудиторлық тексерудің базасын мен ерекшеліктерін ашу;

- экспортталатын өнімнің аудитін қарастыру.

1 Экспорттық операциялардың теориялық негіздері

1. 1 Экспорттық операциялардың түсінігі мен реттелуі

Экспорт дегеніміз - Қазақстан Республикасының кеден аумағынан өнiмдi осы аумақтан тыс жерде тұрақты орналастыру немесе тұтыну мақсатымен әкету, шетелдiктерге қару-жарақпен және әскери техникамен, екi ұдай мақсаттағы өнiммен байланысты қызметтер көрсету және санаткерлiк қызмет нәтижелерiне құқықтар беру.

«Экспортты дамыту» түсінігі сыртқы нарыққа шығуға кәсіпорынды дайындау үшін барлық қажетті іс-шаралардан тұрады. Әлеуетті нарықтың сапа стандартына лайықты өнімінің болуы, әлеуетті елдердің тұтынушылығы мен сұранысы туралы нарықтық ақпараттың болуы, шет елдік елдер деңгейіне өндірістің лайықтылығы.

Экспортты дамыту ішкі әрі сыртқы нарықта да барынша қажетті және бәсекеге қабілетті өнім шығаруға кәсіпорынды жақындатады. Себебі, жаһандану деңгейі жоғарылап, осыған қарай ішкі нарықтағы сатып алушылардың қалауы неғұрлым биіктей түсуде.

Экспортты «алға бастыру» мен «дамыту» сияқты мынандай анықтамалардың арасындағы айырмашылықты түсіну қажет. Экспортты «алға бастыру» мен «дамыту» ұғымдарының айырмашылығы мынада, демек «дамыту» кәсіпорынның экспортқа ішкі дайындығына мән береді, ал экспортты «алға бастыру» халықаралық талаптарға сәйкес дайын өнімді сыртқы нарыққа шығару бойынша іс шараларды өзіне жинақтаған [1, 12б] .

Бүгінгі күнде Қазақстанда қайта өнделген немесе дайын өнім экспортының үлесі өте аз, бұдан басқа қазақстандық кәсіпорындардың тек қана алыс шет ел нарықтарына ғана емес, алайда және ТМД нарықтарына да шығуына кедергі келтіретін тарифті және тарифсіз басқа да көптеген шектеулер бар. Сонымен бірге, бизнесті ынталандыру мен қолайлы жағдай туғызу, экспортты дамыту мен алға бастыру идеясын мемлекет тарапынан да қолдауда ерекше мәнге ие. Экспорттың тиімді дамуы үшін келесідей әсерлерге назар аудару керек: Бизнес-қауымдастық үшін қолайлы жағдай туғызу жолымен мемлекеттік қолдау экспортты дамытудың айтарлықтай маңызды аспектісі болып табылады. Мемлекет пен кәсіпорынның ұлттық ауқымдағы бірлескен әрекетінен туындаған біріккен жігерден ең үлкен қайтарым қамтамасыз етіледі. Мұндай кооперация кәсіпкерліктің дамуына ықпал етіп, нәтижесінде инновация, жаңа білім игеріледі.

Сыртқы нарыққа шығу үшін өз кәсіпорындарын дайындауға әрекеттегі және бастаушы, әлеуетті экспорттаушыларға жәрдем беруге, сондай-ақ шет елдік нарыққа өз өнімін жылжыту үшін Қазақстанда 2008 жылдың ақпанында «Экспортты дамыту мен алға бастыру бойынша Корпорациясы» құрылды.

Маңызды әсерлердің бірі экспорттық қызметті реттейтін құқықтық-нормативтік қор мәселесі болып табылады. Қазақстанда бар реттеуші шаралар көріністік және нақты экспортты қолдауға бағытталмаған.

Саудалық заңнама негізінен ішкі саудаға шоғырланған. Осының салдарынан құқықтық-нормативтік қор рәсімдерді оңтайландыру мен тиімді етуге бағдарланбаған, осыдан бизнес пен экспорттың дамыуына толықтай жағымсыз әсер береді.

Меншікті өндіріс пен экспорттық нарықта әрі қарай өнімнің жылжуын дамыту үшін қаржы құралына қол жеткізу экспортта компанияның табысқа жетуін анықтайтын ықпалдардың бірі болып саналады. Қазақстанда кәсіпорынның негізгі қорын жаңартуға қаржылық қаражаттың жетіспеушілігі олардың экспорттық қабілетін негізгі тежеуші ықпал болып табылады. Бұрынан белгілі машина жасау кәсіпорнындағы негізгі қаражаттың тозуы 43 %, орташа кәсіпорындар ақшалай қаражат жинақтау мөлшері бойынша өлшеулі уақыт өткен соң ғана жабдықтарын жаңартуға мүмкіндік ала алады, себебі банктердің пайыздық мөлшері тым жоғары.

Операциялық шығындарды төмендету - сыртқы нарықта кәсіпорынның әлеуетті табысын маңызды құраушы. Өндіріске алаңдарды ұсыну, өзіндік өнімді жақсарту үшін гранттар беру экспортқа бағдарланған елдер саясатының жиі тәжірибесі болып табылады. Қазақстанда экспорттағы шығындардың үлкен бөлігін көліктендіруге шығындар құрайды. Бұл шығындар кейде аса жоғары болып және баға тұрғысынан тауардың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Тарифті шектеулер мәселесі қордаланған сұрақтардың бірі, мәселен, Қазақстаннан жабдықтар бажсыз шығарылады, ал оған бөлшектер мен қажетті материалдарға баждар барынша жоғары. Сонымен қатар, ұзақ мерзімді алып, оның үстіңе жеткілікті қымбат болуы мүмкін экспорт-импорт операцияларды жүргізудің әкімшілік, рұқсатнамалық рәсімдері шектеуші ықпал болып табылады [1, 24б] .

Өндірушінің өнімі үшін тартымды тұтынушылық орынды табу қандай да бір шет елдік нарықты таңдауда шешуші әсерлердің бірі болып табылатыны ешкімге құпия емес. Компанияның мүмкін сауда серіктестеріне, кәсіпорындар бойынша мәліметтер қорына, жергілікті және халықаралық мәліметтер қорына қол жеткізу маңызды құрам болып табылады. Қазақстанда осындай ақпараттар өндірушілер үшін қол жетімсіз болып табылады. Бұл уақытта ірі кәсіпорындардың шет елдік сарапшыларды тартып немесе қажетті шет елдік маркетингтік зерттеулерді өткізу жағдайлары бар, ал шағын және орта кәсіпорындарға бұл орасан зор шығындар. Қазақстандағы сауда-өнеркәсіп палатасы мен қауымдастықтар ішкі сұранысты қанағаттандыру үшін өндірушілерді қолдауға бағытталған және сыртқы нарыққа шығу кезінде керекті ақпаратқа ие емес.

Экспортта қажетті дағдыны игеріп, сондай-ақ өндірістік пен ұйымдастырушылық жүйені халықаралық деңгейге жеткізу үшін компанияларға меншікті бизнесті тиімді ұйымдастырушылықтан бастап, компанияның қызметкерін бағалауға дейінгі бизнесті жүргізудің барлық маңызды бағыты бойынша білім деңгейін үнемі жоғарылату қажет. Компания қызметкерін, негізінен топ-менеджменттерді оқыту кәсіпорынның стратегиялық дамуына әсер етіп, түбірімен бизнесті жүргізудің тәсілін өзгертеді, сонымен кәсіпорынды көрнеу пайдасыз шешімдерден сақтайды.

Қазақстанда халықаралық деңгейде тауар маркетингі, менеджмент саласында білімнің жетіспеушілігі бар, бұл компанияның халықаралық нарықта бәсекелесе білуіне және өзіне тартымды нарықта өзін қолдауға кері әсерін тигізеді. Өнім сапасына талап басыңқы әсерлерді бірі болып табылады, себебі өнім сапасының расталуы шет елдік нарыққа шығуға рұқсат болып саналады.

Талаптар тікелей сатып алушымен анықталуы мүмкін (дәм сапасы, қаптама дизайны мен басқалары) және өндіруші ел мен (мысалға, өнім мен өндірістің қауіпсіздігі, қаптама, материалдар, көліктердіру жағдайы) елдің заңдарымен тағайындалады. Мұндай талаптардың жартысы стандартталған және халықаралық пен ұлттық стандарт, тәртіптермен реттеледі, қалғандары сатып алушылармен жеке анықталады. Қазақстандық стандарттардың халықаралыққа сәйкессіздігі экспорттаушылардың ұлттық және халықаралық талаптарға лайықты болулары үшін шығындарын ұлғайтады. Шет елде қайта сынау, тексерулер мен инспекциялар экспорттаушылардың шығынын көбейтеді, бірақ тауарды жеткізу дайындығынан бастап, экспорттық мәміленің нақты орындалуына дейін уақытты созады.

Бүгінгі күнде өндірістің ұйымдастырылу тиімділігі мен жаһандану мен ырықтандыру жағдайында нарықтық өзгеріске бейімделе білу халықаралық нарықта кәсіпорынның бәсекелестік артықшылығы болып табылады. Оның үстіңе таяу болашақта өндірістің мамандануы мен өнімге тұтынушылар талаптарының ұлғаюы ғаламдық нарықтың басты беталысы болады.

Дәл қазіргі уақытта экспортты дамыту қазақстандық экспорттық дайындық табысының маңызды ықпал болып табылады. Корея, Австралия, Малайзия тәрізді елдердің мысалында экспорттық қабілетті дамыту арқылы ел экономикасын дамыту үшін өз уақытылы шара қабылдау қанжалықты маңызды екеніне көз жеткізуге болады [2, 25б] .

Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау жүйесiнiң мемлекеттiк органдары - экспорттық бақылауға жататын қару-жарақ пен әскери техниканың, ядролық және арнаулы ядролық емес материалдардың, екi ұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялардың, жекелеген шикiзат түрлерiнiң, материалдардың, жабдықтардың, техникалық, ғылыми-техникалық ақпараттың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын, керi экспортын, импортын, керi импортын және транзитiн бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары.

Экспорттық бақылау саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың негiзгi принциптерiне келесілер жатады:
- жаппай қырып-жоятын қаруды, қарудың өзге де қауiптi түрлерi мен оларды жеткiзу құралдарын таратпау жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi сақтау;
- экспорттық бақылауды жүзеге асыру iсiнде саяси мүдделердiң басым болуы;
- халықаралық мiндеттемелерге сәйкес қаруды таратпау режимi ауқымында бақылауға жататын өнiмнiң түпкi пайдаланылуын тексеру;
- экспорттық бақылау туралы заңдар жөнiндегi ақпаратты оңай алу мүмкiндiгi;
- халықаралық терроршылдықты қолдауға жол берiлмеуi;
- экспорттық бақылау саласында халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттермен күш-жiгердi үйлестiру және өзара iс-қимыл жасау;
- экспорттық бақылау рәсімдері мен ережелерінің жалпыға бiрдей танылған практикаға сәйкестiгi.

Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөнiндегi заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңда көзделгендерден өзгеше нормалар белгiленген болса, онда халықаралық шарттардың нормалары қолданылады.
Өнiмнiң экспортына, керi экспортына, импортына, керi импортына және транзитiне, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлiмдеушiлердiң) қызметiне де қолданылады [2] .

Қазақстан Республикасының Yкiметi экспорттық операциялар шегінде келесі операцияларды жүргізеді:

- экспорттық бақылау саласында мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;

- Қазақстан Республикасында экспорттық бақылау жүйесiн жасап, дамытады;
- экспорттық бақылау жөнiндегi ведомствоаралық консультациялық-кеңесшi органды құрады және Экспорттық бақылау жөнiндегi ведомствоаралық консультациялық-кеңесшi орган туралы ереженi бекiтедi;

- экспорттық бақылау саласында қаулылар шығарады;
- экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен өнiмдердiң бақылау тiзiмдерiн, тiзбелерiн бекiтедi;

- экспорттық бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органды және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесiнiң басқа да мемлекеттiк органдары мен олардың өкiлеттiгiн белгiлейдi;

- экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң экспортына, импортына және транзитiне саны жөнiнен шектеулер енгiзедi;

Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органы келесі міндеттерді атқарады:
- мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз етедi және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесiнiң мемлекеттiк органдарының қызметiн үйлестiредi;
- экспорттық бақылау жүйесiн iске асыруға, ережелер мен рәсiмдердi бiр iзге түсiруге байланысты шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесiнiң мемлекеттiк органдарының ұсыныстары бойынша оларға түзету енгiзедi;
- экспорттық бақылауға жататын тауарлармен өнiмдердiң бақылау тiзiмдерiн, тiзбелерiн әзiрлейдi;
- экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң экспортын, керi экспортын, импортын, керi импортын, транзитiн және кеден аумағынан тыс жерде өңделуiн бақылайды;

- экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң экспорты мен импортын лицензиялауды жүзеге асырады;
- халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттермен экспорттық бақылау саласында шаралар әзiрлейдi және ынтымақтастықты жүзеге асырады;

- Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесiнiң мемлекеттiк органдарымен бiрлесе отырып, қажет болған кезде экспорттық бақылауға жататын өнiмдi жөнелту алдындағы кезеңде және оның түпкi пайдаланылуын тексерудi жүзеге асырады;

- Қазақстан Республикасында экспорттық бақылау жүйесiн жетiлдiредi;
- Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген номенклатура бойынша кепiлдiк мiндеттеме (түпкi пайдаланушының сертификатын) бередi;

- Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген номенклатура бойынша экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитiне рұқсат бередi;
мәлiмдеушiлер мен мүдделi мемлекеттiк органдарға экспортталатын өнiмдi экспорттық бақылауға жататын өнiмге жатқызу туралы қорытынды бередi;
- сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (өтiнiм берушiлерге) сыртқы экономикалық мәмiлелердi жүзеге асыруға рұқсат бередi.

Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесiнiң мемлекеттiк органдары:
- экспорттық бақылау саласында нормативтiк құқықтық базаны қалыптастыруға қатысады;

- экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы заңсыз өткiзiлуiнiң алдын алады және оның жолын кеседi;
- Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген номенклатура бойынша халықаралық мiндеттемелерге сәйкес кепiлдi мiндеттемелер бередi.

Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерi мен халықаралық мiндеттемелерiн негiзге ала отырып, Қазақстан Республикасының Yкiметi экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен өнiмнiң бақылау тiзiмдерiн, тiзбелерiн белгiлейдi және бекiтедi [2] .

Оларға мыналар жатады:

- жай қару-жарақ пен әскери техника, шикiзат, материалдар, арнаулы жабдық пен технологиялар, оларды өндiруге байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер;

- ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, жабдық, қондырғылар, технологиялар, иондық сәуле шығаратын көздер, өнiм, екi ұдай қолданылатын жабдық пен тиiстi технологиялар, оларды өндiруге байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер;

- таратпаудың халықаралық режимдерiмен белгiленетiн тiзiмдер, тiзбелер бойынша химиялық қару жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн екi ұдай қолданылатын химикаттар мен технологиялар;

- тiзiмдерi, тiзбелерi таратпаудың халықаралық режимдерiмен белгiленетiн бактериологиялық (биологиялық) және улы қару жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн ауру қоздырғыштар, олардың генетикалық жағынан өзгерген нысандары мен генетикалық материалдың бөлшектерi;
- тiзiмдерi, тiзбелерi таратпаудың халықаралық режимдерiмен белгiленетiн ракеталық техника, двигательдер, олардың компоненттерi, жабдығы, ракеталық техника жасау кезiнде қолданылатын материалдар мен технологиялар;

- қарудың өзге де қауіпті түрлерi;

- ғылыми-техникалық ақпарат, әскери мақсаттағы өнiмге және екi ұдай қолданылатын технологияларға байланысты көрсетiлетiн қызметтер мен санаткерлiк қызметтiң нәтижелерi.

Экспорттық бақылау Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының жаппай қырып-жоятын қаруды, өзге де қару түрлерi мен оларды жасау технологияларын таратпау жөнiндегi халықаралық мiндеттемелерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен басқа да халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Экспорттық бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

Мәлiмдеушi лицензияны алу үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпке сәйкес құжаттар бередi.
Лицензияны алу үшiн берiлген мәлiметтердiң дұрыстығына мәлiмдеушi жауапты болады [2] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәміле төлқұжатын ресімдеу
Коммерциялық банктердің факторингтік қызметін талдау
Сыртқы экономикалық қызметінің жалпы мәселелері
Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің ерекшеліктерін зерттеу
Валюталық операцияларды тіркеу
ҚР-ның экономикалық өсіміне экспортты-импорттық операциялардың әсері
Төлем балансының теориялары
Халықаралық несиенің шарттары
Лизинг бизнесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің құқықтық жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz