Бүкіл әлімдік сауда ұйымындағы қазақстан


Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

БҮКІЛ ӘЛІМДІК САУДА ҰЙЫМЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН

БСҰ-ға кіру

Қазіргі кезде Қазақстан Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөздерді қарқынды жүргізуде және бұл процесс аяқталуға жақын. Осы брошюра тұтастай алғанда БСҰ жүйесін қысқаша таныстыруға, атап айтқанда, адамдардың өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктерді және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған оның екі келісімін таныстыруға арналған.

Бүкіл дүниежүзілік Сауда Ұйымы - елдер арасындағы сауданың тәртібін белгілейтін халықаралық ұйым. Оның қызметінің негізі халықаралық саудаға қатысушы елдердің басым көпшілігі келіскен және қол қойған БСҰ келісімінен бастау алады. Негізінен бұл мемлекеттер өздеріне соның шеңберінде халықаралық стандарттар шеңберінде келісілген міндеттемелер алып сауда саясатын жүргізетін халықаралық шарттар.

Бүкіл дүниежүзілік Сауда Ұйымы барлық елдердің алдынан әлемдік нарыққа неғұрлым кеңінен қол жеткізудің мүмкіндіктерін ашады. Бүгінгі күні БСҰ 150 елді біріктіріп отыр. БСҰ-ның келісімдерімен және басқа заңдық құжаттарымен тауарлардың және қызмет көрсетулердің бүкіл әлемдік саудадағы 97 процентке жуығы реттеледі.

БСҰ белгілеген “ойын ережелері”, кейбіреулерін қоспағанда, сыртқы сауда қызметінің барлық аспектілерінде саудадағы кемсітушілікті іс жүзінде жояды. БСҰ-ға қосылудың халықаралық сауданы ырықтандырудан және оның шарттық-құқықтық базасын нығайтудан кез келген елдің пайда табатынымен ғана байланысты емес екенін, оның белгілі бір шегіністер жасауды талап ететін қосымша міндеттемелер жүктейтінін де түсіну қажет.

БСҰ мүшесі бола отырып біздің еліміз сыртқы нарықтағы кемсітушіліктен өз экономикасының мүдделерін қорғай алады. Қазақстанды БСҰ-мен келісімдерге сәйкес белгілі бір міндеттемелер қабылдап, оларды өмірге енгізу күтіп тұр. Бұл ретте біз ішкі нарық пен отандық өндірісті қорғауды ұмытпауға тиіспіз.

Соңғы жылдары БСҰ-ға кірген елдердің қатарында бұрынғы КСРО-ның 7 мемлекеті: Армения, Грузия, Латвия, Эстония, Литва, Молдова және Қырғызстан бар. Қазіргі кезде 29 ел БСҰ-ға кіру жөнінде келіссөздер жүргізу процесінде тұр. Оның ішінде 6 ТМД елдері: Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Украина және Өзбекстан бар.

БСҰ келісімі

БСҰ келісіміне әлемнің 150 елі қол қойған және кіру процесінде тұрған 29 елмен қол қою туралы келіссөздер жүргізілуде. Бұл келісім халықаралық сауданың құқықтық негізі болып табылады. Шынтуайтына келгенде олар мүше елдердің маңызды сауда құқықтарына кепілдік беретін келісім-шарттар болып табылады. Олар сондай-ақ үкіметті сауда саясатын келісілген шеңберде жүргізуге міндеттейді. Елдің бүкіл заңнамасын БСҰ-ның барлық келісімдерінің талаптарына сәйкес келтіру БСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздер процесінің маңызды бөлігі болып табылады.

Құқықтық мәтіндерді қамтитын келісімдерден басқа, БСҰ Келісіміне оған мүше елдердің әрбірінің өздерінің тауарлар және қызмет көрсету нарықтарына рұқсат ету жөніндегі БСҰ-ға мүше елдердің әрбірінің міндеттемелік тізбелері кіреді. Мұндай тізбелер жиынтығы он мыңдаған беттерден тұрады. Қазақстан БСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздер процесі барысында өзінің міндетемелер тізбесін де келіседі.

БСҰ-ның негізгі келісімдерінің тізбесі төмендегі кестеде келтірілген:
БСҰ келісімі:

1. Тауарлармен сауда жөніндегі көп жақты келісім

(БСҰ-ның барлық мүшелері үшін міндетті болып табылады)
- Тарифтер және Сауда жөніндегі 1994 жылғы Бас Келісім (ТТБК), ол нақтылауларымен, түзетулерімен немесе өзгерістерімен 1947 жылғы 30 қазандағы Тарифтер және Сауда жөніндегі Бас Келісімді, сондай-ақ 1994 жылғы ТТБК-нің және 1994 жылғы ТТБК-ге Марракеш Хаттамасының кейбір баптарын түсіндіру туралы уағдаластықты қамтиды. ;
- Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісім;
- Ауыл шаруашылығы жөніндегі келісім;
- Санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі келісім;
- Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісім;

- Мақта-мата және киім жөніндегі келісім;
- Саудаға жататын инвестициялық шаралар жөніндегі келісім;
- 1994 жылғы ТТБК-нің VI бабын жүзеге асыру жөніндегі келісім;
- 1994 жылғы ТТБК-нің VII бабын жүзеге асыру жөніндегі келісім;
- Жүк тиеу инспекциясы туралы келісім;
- Шығу ережелері туралы келісім;
- Импорттық лицензиялаудың рәсімі туралы келісім;
- Субсидиялар және өтемақы шаралары туралы келісім;
- Қорғау шаралары туралы келісім.

Бұдан басқа:
- Қызмет көрсетулермен сауда жөніндегі Бас Келісім;

- Дауларды шешудің ережелері мен рәсімдері жөніндегі уағдаластық.

2. Қатысушылардың шектеулі топтарымен келісім
(БСҰ-ның оны қабылдаған мүшелері үшін міндетті болып табылады, БСҰ-ның басқа мүшелері үшін ол міндетті емес)

- Азаматтық авиатехникамен сауда жөніндегі келісім;
- Мемлекеттік сатып алу туралы келісім;
- Сүт өнімдері жөніндегі халықаралық келісім;
- Сиыр еті жөніндегі халықаралық келісім.

Келісімнің атауынан көріп отырғанымыздай, олар халықаралық сауда мәселелерінің кең спектрін реттейді. Осы брошюрада БСҰ-ға мүше елдер басшылыққа алатын БСҰ-ның нақты екі Келісімі сипатталады, олар Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісім (СТК) мен Санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі келісім (СФШ) . Брошюра СТК мен СФШ келісімдерінің ережелерін толық ашып көрсетуді мақсат етпейді. Екі келісімнің арасындағы айырмашылықты ашып көрсету мәселесіне баса назар аударылады.

БСҰ-ға мүше болуға ниет еткен елдер өздерінің заңнамасы СТК мен СФШ келісімдерінің талаптарына сәйкес келетінін көрсетуге міндетті. Бұл осы елдердің өздерінің екі келісімнің «мөлдірлігі» туралы ережені орындайтындарына және өздерінің ұлттық заңнамасы мен әкімшілік практикасы келісімнің талаптарына қайшы келмейтініне жұмыс топтары мүшелерінің көзін жеткізуге тиіс екенін білдіреді.

Қазақстанның заңнамасы

Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының Заңы да техикалық регламенттер мен санитарлық және фитосанитарлық шаралар арасын бөледі. Санитарлық және фитосанитарлық шаралар техникалық реттеу туралы заңмен қамтылмайды, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық, ветеринария және өсімдіктерді қорғау туралы заңнамамен реттеледі. Практикада қандай да бір шаралар техникалық реттеу шараларына немесе санитарлық немесе фитосанитарлық шараларға жататын-жатпайтынына қатысты қайшылықтар жиі туындайтыны анық. Қай заңнаманың және БСҰ-ның қайсы келісімінің қандай техникалық талаптарға қолданылатыны осыған байланысты.

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Техникалық реттеу туралы N 603-II Заңында техникалық реттеу «санитарлық және фитосанитарлық шараларды қоспағанда, сәйкестiктi растау, аккредиттеу және белгiленген талаптардың сақталуын мемлекеттiк бақылау мен қадағалау жөнiндегi қызметтi қоса алғанда, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, процестерге қойылатын мiндеттi және ерiктi талаптарды анықтауға, белгiлеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтiк реттеу» ретінде айқындалады. Техникалық реттеу туралы Заңда бұл орайда санитарлық және фитосанитарлық шаралар ұғымының анықтамасы жоқ.

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы № 361-II Заңында да санитарлық шаралар ұғымы жоқ, алайда санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар (1-баптың 22-тармағы) «санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар (бұдан әрi - санитарлық ережелер) - сақталмауы адам өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндiретiн, сондай-ақ аурулардың пайда болу және таралу қаупiн туғызатын, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды (соның iшiнде тiршiлiк ету ортасы факторларының адам үшiн қауіпсiздiк және (немесе) зиянсыздық белгiлерiн) белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлер» ретінде айқындалады. Бұдан басқа, бұл заң тіршілік ету ортасының факторларына «адамға және (немесе) болашақ ұрпақтың денсаулық жай-күйіне әсер ететін және әсер етуі мүмкін биологиялық, химиялық, физикалық, әлеуметтік және тіршілік етудің өзге де факторлары» ретінде кең анықтама береді.

Мұндай кең түсінік жағдайында барлық техникалық регламенттер іс жүзінде санитарлық шаралар болып табылады. Мысалы, теледидардың электрлік қауіпсіздігін алайық: бұл тіршілік ету ортасының физикалық және әлеуметтік факторы, ол адамға әсер ете алады - тиісінше санитарлық шаралар болып табылады?! Бұл келіспеушілікті шешу үшін, біздің ойымызша, заңнамадағы қарама-қайшылық жағдайында халықаралық шарттардың ережелерін қолдану принципіне сәйкес СТК мен СФШ БСҰ Келісімдерінің талаптарына жүгіну қажет.

СТК мен СФШ: ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

Саудадағы техникалық кедергілер туралы келісім Санитарлық және фитосанитарлық келісім сияқты 1986 жылдан бастап 1994 жылдар аралығында өткен Уругвай Раунды келіссөздерінің нәтижесі. Бұл келісімдер сауда келісімінің бірыңғай пакетінің бөлігі ретінде 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Екі келісім де ұқсас мүдделерді қамтамасыз етуге: адамдардың өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға бағытталған. Онда бұл тақырыптар неліктен екі әртүрлі келісімдерге бөлінді?

Екі келісім де халықаралық стандарттармен үйлесімді болуға және халықаралық саудада ақталмаған техникалық, санитарлық және фитосанитарлық кедергілер мен шектеулерді алып тастауға бағытталған. Алайда бұл шаралар келісімдерде қамтылған өздерінің нысаналарымен ерекшеленеді. Бұл шаралар СФШ келісімімен қамтылған жағдайлардан басқа, СТК келісімі барлық техникалық талаптарды, ерікті стандарттарды және сәйкестікті растау рәсімдерін қамтиды. Сондықтан осы шаралардағы айырмашылықты анықтау мақсаты үшін санитарлық және фитосанитарлық шараларды айқындауды егжей-тегжейлі қарау маңызды. .

Төменде жеке көрсетілген СФШ туралы БСҰ келісімінің анықтамасынан көріп отырғанымыздай, екі негізгі элементті бөліп көрсетуге болады:

- біріншіден, санитарлық шаралар аурулардан, зиянкестерден және организмдерден қорғауға байланысты;

- екіншіден, қоспалармен, ластайтын заттармен және уыттарға байланысты қатерлерге келсек, егер олар тамақ өнімдерінде, сусындарда және жемдерде болса ғана санитарлық шаралар болып табылады.

Тиісінше, егер әңгіме ауру қоздыратын организмдерге және тамақ өнімдеріне байланысты қатерлер болса, онда ол санитарлық және фитосанитарлық шаралар ретінде айқындалады.

СФШ келісімі: санитарлық шаралар бұл:

(а) зиянкестердің, аурулардың, ауруларды немесе ауру қоздырғышты жұқтырушы организмдердің енуіне, тамырлануына немесе таралуына байланысты туындайтын қатерлерден өздері мүше болып табылатын аумақ шегінде жануарлардың немесе өсімдіктердің ;

(b) қоспалардан, ластаушы заттардан, уыттардан немесе тамақ өнімдеріндегі ауру тарататын организмдерден, сусындардан немесе жемдерден туындайтын қатерлерден өздері мүше болып табылатын аумақ шегінде адамдардың немесе жануарлардың өмірін немесе денсаулығын қорғау үшін;

(с) жануарлардан, өсімдіктерден немесе солардан жасалған өнімнен жұғатын ауруларға байланысты немесе зиянкестердің енуіне, тамырлануына немесе таралуына байланысты туындайтын қатерлерден өздері мүше болып табылатын аумақ шегінде адамдардың өмірін немесе денсаулығын қорғау үшін; немесе

(d) өзі мүше болып табылатын аумақ шегінде зиянкестердің енуінен, тамырлануынан немесе таралуынан келтірілетін басқа да зиянды болдырмау немесе шектеу үшін қолданылатын кез келген шара.

Көрнекілік үшін бірнеше мысал келтіреміз:

- Егер тыңайтқышты қарастыратын болсақ, адамдардың және жануарлардың денсаулығын қамтамасыз етуге арналған тамақ өнімдеріндегі немесе жемдердегі қалдықтарға байланысты мәселелер СФШ Келісіміне жатады, ал өнімнің сапасы мен тиімділігі немесе тыңайтқышты пайдаланушылардың денсаулығына қауіптің болуы - СТК Келісіміне жатады;

- Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне байланысты тамақ өнімдерін таңбалау талаптары СФШ Келісіміне жатады, ал егер әңгіме таңбалауды орналастыратын орын, әріптердің көлемі, қоректендіретін заттардың мазмұны және т. б. туралы болса - СТК Келісіміне жатады;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның сыртқы саясаты: басымдықтары мен міндеттері
Тәуелсіз Үндістан мен Қытай Халық Республикасының құрылуы
Қазақстанның қызметі Біріккен ұлттар ұйымындағы
Тәуелсіз Үндістан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қарым-қатынастар
Ұйымдардағы ағымдағы активтердің есебі, талдануы мен аудиті
Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қазақстанның қызметі
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Кәсіпорынның технико-экономикалық сипаттамасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСИ ЖЕТІСТІКТЕРІ
Қытайдың Шанхай Ынтымақтастық ұйымындағы ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz