Нарық жағдайында ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдаудың теориялық негіздері


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3
Кіріспе. . . 3:
Кіріспе. . . 3: 1
Нарық жағдайында ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдаудың теориялық негіздері . . . 6
Кіріспе. . . 3: 1. 1
Ұйымның қаржылық тұрақтылығы және оның экономикалық мәні, атқаратын ролі, міндеттері . . . 6
Кіріспе. . . 3: 1. 2
Қаржылық тұрақтылықты талдау барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер және олардың ерекшеліктері . . . 13
Кіріспе. . . 3: 1. 3
Ұйым қаржыларын тиімді басқару - қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізгі құралы . . . 20
Кіріспе. . . 3:
Кіріспе. . . 3: 2
Ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдау және оның негізгі көрсеткіштерін бағалау («Көктас» ЖШС мысалында) . . . 25
Кіріспе. . . 3: 2. 1
Ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдаудың абсолютті және қатынасты көрсеткіштерін сипаттау . . . 25
Кіріспе. . . 3: 2. 2
Ұйымның бухгалтерлік балансындағы активтер мен пассивтердің құрылымдық динамикасын және баланс өтімділігін талдау . . . 33
Кіріспе. . . 3: 2. 3
Ұйымның төлем қабілеттілігі мен несиені қайтару дәрежесін бағалау . . . 44
Кіріспе. . . 3:
Кіріспе. . . 3: 3
Ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдауда бухгалтерлік баланс пен есептіліктің мәліметтерін тиімді пайдалану жолдары . . . 55
Кіріспе. . . 3:
Кіріспе. . . 3: Қорытынды . . . 61
Кіріспе. . . 3: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 65
Кіріспе. . . 3: Қосымшалар . . . 68

Кіріспе

Қаржылық тұрақтылық белгілі бір дәреже бойынша серіктес сенімділігінің қағидасы болып табылады, себебі ол ең алдымен капитал құрылымымен, меншікті және заемды қаражаттар арақатынасымен сипатталады. Сол себептен, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету - ол ұйымда ұзақ мерзімді активтердің орнын толтырғаннан кейін материалды айналымды құралдарды өтеу үшін жеткілікті меншікті қаражаттар көздері, сондай-ақ қысқа мерзімді берешектерді өтеу үшін жеткілікті ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттері бар болуы тиіс.

Қазіргі кезде қолда бар қаржылық ресурстар жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де ұйымның дамуына байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады, себебі қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі ұйымның төлеу қабілетінің жоқтығына және оның дамуына қажетті қаржының болмауына ал көп болуы - дамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен және резервтермен ұйым шығындарын көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

Ұйымның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезегіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады. Оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және ұйымның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Ұйымның қаржылық тұрақтылығын қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар акционерлер, және т. б. өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу - жақсы қаржылық жағдайының бірден-бір шарты болып табылады.

Ұйымың үздіксіз өндірістік-қаржылық іс-әрекетін қамтамасыз ету үшін қажетті ақша қаражаттарын мақсатты қалыптастыру мен тиімді пайдалану қаржылық тұрақтылықтың мазмұнын сипаттайды. Ұйымның қаржылық тұрақтылығы қаржы ресурстарының меншікті көздері арқылы оның өсімі мен дамуын қамтамасыз ететін ақша қаражаттары ахуалы түсініледі. Меншікті қаржы ресурстарына мерзім бойынша жиынтық пайда мен амортизациялық аударымдар жатады.

Белгіленген уақытқа қаржылық жағдайдың тұрақтылығын талдаудың негізгі мақсаты - ол осы уақытқа дейінгі кезең бойы қаржы ресурстарын ұйым қаншалықты дұрыс және ұтымды басқарғанын анықтау. Бұның маңында қаржы ресурстардың ахуалы сыртқы ортаның талаптарына сәйкес және ұйымның даму мұқтаждығын қанағаттандыруға тиіс. Мұндай жағдай, біріншіден, жеткіліксіз тұрақтылықтан, немесе, екіншіден, артық тұрақтылықтан шарттасуы мүмкін. Жеткіліксіз тұрақтылық ұйымды төлем қабілетсіздікке, оның өндіріс әрекетіне қажетті құралдардың жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін, ал артық тұрақтылық ұйымның шығындарын артықша запастары мен резервтері арқылы ұлғайтып, оның дамуына кедергі әкелуі мүмкін.

Бүгінгі күні ұйымның қаржылық тұрақтылығын арттыру және оны талдау мәселесі бойынша көптеген экономист-ғалымдар арасында қызу пікірталастар ұдайы жалғасуда. Осы көзқарастан қаржылық тұрақтылықты талдау мәселесін зерттеудің өте өзекті екені айқын. Бұл таңдалған дипломдық жұмыс тақырыбының маңыздылығын толық растайды.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - ұйымның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жолдарын, әдіс-тәсілдерін анықтау арқылы ұйымның төлем және несие төлеу қабілеттілігін арттырудың негізгі бағыттарын ашып көрсету болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес келесідей міндеттер қойылып, шешу жолдары қарастырылды:

  • нарық жағдайында ұйымның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің қажеттілігін теориялық тұрғыдан зерделеу;
  • қаржылық тұрақтылықты талдауға қажетті әдіс-тәсілдердің тиімділігін айқындау;
  • ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдаудың ролін арттыруға негізделген іс-шараларды сипаттау;
  • қаржылық тұрақтылықты талдаудың абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін ашып көрсету;
  • ұйымның төлем қабілеттілігін арттырудың тиімді жүйесін құрудың негізгі әдістемелік принциптерін анықтау;
  • ұйымның несиені өту қабілеттілігіне талдау жасау;
  • қаржылық талдау процесін ұйымдастыру және оны ақпаратпен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге бағытталған ұсыныстар жасау.

Зерттеу пәні болып ұйым іс-әрекетінің бастапқы бастау шегі мен соңғы нәтижесі болып табылатын қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері таңдалды.

Зерттеудің объектісі ретінде «Көктас» ЖШС алынды.

Дипломдық жұмыс құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында ұйымның қаржылық тұрақтылығы және оның экономикалық мәні, атқаратын ролі, міндеттері, Қаржылық тұрақтылықты талдау барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер және олардың ерекшеліктері, ұйым қаржыларын тиімді басқару жолдары теориялық тұрғыдан сипатталады.

Дипломдық жұмыстың екінші тарауында ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдаудың абсолютті және қатынасты көрсеткіштері, ұйым балансының активтері мен пассивтері, ұйымның төлем қабілеттілігі мен несиені қайтару дәрежесі бағаланып, талданады.

Дипломдық жұмыстың үшінші тарауында ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдауда бухгалтерлік баланс пен есептіліктің мәліметтерін тиімді пайдалану жолдары қарастырылады.

Зерттелетін проблемалардың әдістемелік мәселелерін негіздеуде және шешуде қазіргі экономикалық теорияның іргелі қағидаларына сүйеніп, зерттеу жүйелі талдауға негізделінген және нақты проблемаларға саралау мен топтау әдістерін қолданып, салыстыру арқылы статистикалық, кестелік мәліметтерді талдаудың көмегімен шешімін тапқан.

Аталған дипломдық жұмысты жазу барысында қаржылық тұрақтылықты талдау мәселелері бойынша зерттелген отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік-құқықтық актілері, ғылыми-практикалық конференциялар мен мерзімді басылымдар материалдары пайдаланылды.

1
Нарық жағдайында ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдаудың теориялық негіздері
1: 1. 1
Нарық жағдайында ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдаудың теориялық негіздері: Ұйымның қаржылық тұрақтылығы және оның экономикалық мәні, атқаратын ролі, міндеттері

Қазіргі уақытта ұйымның қаржылық жағдайы оның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуімен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресустарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Қаржылық тұрақтылық белгілі бір дәреже бойынша серіктес сенімділігінің қағидасы болып табылады, себебі ол ең алдымен капитал құрылымымен, меншікті және заемды қаражаттар арақатынасымен сипатталады. Сол себептен, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету - ол ұйымда ұзақ мерзімді активтердің орнын толтырғаннан кейін материалды айналымды құралдарды өтеу үшін жеткілікті меншікті қаражаттар көздері, сондай-ақ қысқа мерзімді берешектерді өтеу үшін жеткілікті ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттері бар болуы тиіс.

Ұйымның қаржылық тұрақтылығы аясында қаржы ресурстарының меншікті көздері арқылы оның өсімі мен дамуын қамтамасыз ететін ақша қаражаттары ахуалы түсініледі. Меншікті қаржы ресурстарына мерзім бойынша жиынтық пайда мен амортизациялық аударымдар жатады.

Қаржылық тұрақтылық өндіріс-шаруашылық процесінде қалыптасады және әртүрлі активтер мен оларды қаржыландыру көздері арасындағы оптималды арақатынасына негізделеді.

Бүгінгі күні, экономист-ғалымдардың көзқарасынша ұйымның қаржылық тұрақтылығы түрліше түсіндіреді. Кейбір экономист-ғалымдар қаржылық тұрақтылықты «өз қаражаттарының шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процесінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы» деп түсіндіреді . . . Қаржылық тұрақтылық меншікті және қарыз қаражаттарының байланысы деп жазады.

Енді біреулер «өз қаражаттары есебінен активтерге негізгі қорлар, материалдық емес активтер, айналым қаражаттары, жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақытысында қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады» деп жазылады.

Бұл ұғымды А. Д. Шеремет пен Р. С. Сайфуллин өте ықшам түрде анықтаған. Олардың ойынша: «Қаржылық тұрақтылық бұл әрдайым төлем қабілеттілігін кепілдендіретін ұйымның белгілі бір шоттар жағдайы».

В. М. Родионова мен М. А. Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді: «Ұйымдарда тұрақты қалыптасқан табыстың шығынынан артуының өзіне тән айнасы қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай ақ ұйымды кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындар қаржыландыратын ұйымның қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық ұйымның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады». Сонымен қатар, олар: «ұйымның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелдің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы ұйымның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы» - деп те көрсетеді.

В. Г Артеменко мен М. В Беллендир бұл ұғымды былайша түсіндіреді: «Қаржылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдаланып қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс шаруашылық қызметті процесінде қатысады және ұйымның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады». Ал, ұйымның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығынан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді.

Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді жұмыс, қызмет өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілер мен, жұмысшылармен және т. б. есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар ұйымның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін осы ұйымда өндірісті дамытуға оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.

Қаржылық тұрақтылық ұғымын қарастырғанда кейбір авторлардың көзқарас-пікірлерімен экономист-ғалымдар келісе бермейді. Мәселен, В. Т. Артеменко мен М. В. Беллендир: «Қаржылық тұрақтылықтың мәні - қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады» - деп тұжырымдайды

Бұл ұғымды А. Д. Шеремет пен В. С. Сайфулин дәлірек және анығарық түсіндірген. Олар: «Қаржылық тұрақтылықтың мәні - бұл қорлар мен шығындардың қалыптасуы көздерінен қамтамасыз етілуі» - деп сипаттайды.

Э. А. Маркарьян мен Г. П. Герасименко да дәл осындай көзқараста, яғни олар: «Ұйымның өз міндеттемелері бойынша есептеу мүмкіндігі», немесе «Сауда, несие және басқа да төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде пайда болатын ұйымның төлем міндеттемелерін уақытылы және толық орындау мүмкіндігін көрсететін төлем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі болып табылады» - деп көрсеткен. Ұйымның жұмысы нарық жағдайына өтумен бірге оның қаржылық жағдайы және сауықтыру жолдарын іздеу жөніндегі сұрақтарда шиеленісе түсті.

Ұйымның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді, оларды В. М. Радинова және М. А. Федотова келесідей түрлерге жіктейді.

  1. пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы.
  2. нәтижесінің маңыздылығына байланысты - негізгі және негізгі емес.
  3. құрлысы бойынша - қарапайым және күрделі.
  4. әрекет ету уақыты бойынша - тұрақты және уақытша.

Ішкі факторлар ұйымның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар ұйым еркіне бағынышты емес.

Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Ұйымның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатнас маңызды болып табылады.

Ұйымның өндірілген өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі -активтердің тиімді құрамы сондай-ақ ұйымның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. ағымдағы активтерді басқару өнері -ұйым шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.

Қаржылық тұрақтылықтың ішкі маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдап алынуы. Ұйымның өз қаржы ресурстары, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады. Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады [11] .

Ұйымның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы қаражаттар үлкен әсерін тигізеді. Ұйым ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкінділіктері де соншалықты мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі - яғни ұйым өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма жоқ па - деген қауіп туады. Және де бұл жерде ұйымның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен рол берілген.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, ұйымның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:

  • ұйымның сапалық топқа жатуы;
  • шығарылатын өнімнің жұмыс қызмет құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
  • төленген қаржылық капиталдың мөлшері;
  • шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;
  • қорлармен резервтерді олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
  • ұйымдарды басқару тиімділігі.

Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, ұйымның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және т. б. жатады.

Сонымен, қаржылық тұрақтылықты - ұйымның төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігі сақталып отырған жағдайда, пайда мен капиталдың өсімі негізінде сол ұйымның дамуын қамтамасыз ететін өзінің қаржы ресурстарының ахуалы, оларды үлестірімі мен пайдалануы деп тұжырымдауға болады.

Қаржы ресурстары жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де ұйымның дамуына байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады, себебі қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі ұйымның төлеу қабілетінің жоқтығына және оның дамуына қажетті қаржының болмауына ал көп болуы - дамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен және резервтермен ұйым шығындарын көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

Ұйымның қаржылық тұрақтылығын қалыптастырудың оның өз контрагенттерімен салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар акционерлер, және т. б. өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу - жақсы қаржылық жағдайының бірден-бір шарты болып табылады.

Әрине акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты ұйымдарға салады. Инвеститциялық тартымдылығы болуы үшін тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да ұйымның қаржылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.

Сондай-ақ, бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі бір пайыз бен алғысы келетін, ал зайым мерзімі біткен уақытта - облигатция құнын толық өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысты. Кез-келген коммерциялық ұйым сияқты банктерде өз несиелері мен тәуекел ете отырып несие алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру туралы шешім қабылдай отырып, кез-келген банк өз клиентінің қаржылық жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз етілуін тексереді. Басқаша айтқанда, ұйымның қаржылық тұрақтылығы банктер осы ұйымға несие беру орынды ма жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайды - қандай пайыз бен және қанша мерзімге деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады. Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі жоғары ұйымдар мен келісім шартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы органдары, әсіресе салық инспекциясы ұйымның жағдай тұрақты болғанын қалайды, себебі тек осындай ұйым ғана салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уақытылы және толық төлей алады.

Қазіргі нарықтық экономиканың дамуына және бухгалтерлік есеп жүйесінің жетілдірілуіне байланысты шаруашылық қаржы іс-әрекетті талдауды ішкі басқаратын және сыртқылық қаржылық талдау түрлеріне бөлуге мұқтаждық шықты. Ішкі басқаратын талдау басқаратын бухгалтерлік есеп мәліметтерін пайдалана отырып шаруашылық субъекті басшылықты қажетті сараптамалық ақпараттармен қамтамасыз етуге бейімделеді.

Қаржылық есеп пен есеп беру мәліметтерін қолдану арқылы шаруашылық субъект жөнінде ақпаратпен сыртқы пайдаланушыларды қамтамасыз етуге бейімделетін сыртқы қаржылық талдау. Бірақта шаруашылық субъектінің құрамдылық бөлімдерінің қаржылық нәтижелерін толық ашу мақсатпен қаржылық талдауды басқаратын талдаумен бірге ішкі зәрушілікте де пайдаланады.

Экономикалық талдауға сәйкес қаржылық талдаудың да методологиялық негізі болып таным теориясының, диалектиканың, экономикалық теорияның, статистиканың, бухгалтерлік есептің, аудиттің және қаржылық менеджменттің басты-басты принциптері табылады. Маңызында, қаржылық талдау бухгалтерлік есеп, аудит және қаржылық менеджмент араларындағы қатынастырушы буын. Қаржылық талдау экономикалық талдаудың бір түрі болса да, ол, сонымен бірге, қаржылық есептің де құрамдық бөлімі.

Қазіргі қаржылық талдау ұйымның құралдары (активтері) мен олардың қалыптасу көздерінің (пассивтерінің) ахуалын, сонымен бірге ұйымның нәтижелігін (табыстылығын), банкроттық белгілері мен кәсіпкерлік тәуекелді және іс-әрекеттің тиімділігін оқып зерттейді. Сондықтан, шаруашылық субъектілердің қаржылық талдауының негізгі мазмұнын келесідей сипаттауға болады.

  • іс-әрекеттің зиянсыздылығы мен табыстылығын оқып және бағалау;
  • ұйым активтерінің ахуалын оқу және бағалау;
  • пассивтердің (капитал мен міндеттемелердің) ахуалын оқу және бағалау;
  • баланстың өтімділігін анықтау және бағалау;
  • ұйымның қаржылық тұрақтылығын анықтау және бағалау;
  • төлем және несие қабілеттілікті анықтау және бағалау;
  • банкроттық белгілер мен тәуекелдерді анықтау және бағалау;
  • ұйым іс-әрекетінің тиімділігін анықтау және бағалау.

Демек, қаржылық талдау мазмұны қорытындылы түрде ұйымның меншікті және заемды қаржылық ресурстарының барын, олардың ахуалы мен пайдалануын жан жақтан зерттеуді ұйғарады. Ал қаржылық талдаудың маңызы шаруашылық субъектінің қаржылық ахуалын және іс-әрекетінің тиімділігін көрсететін, негізгі сипаттарының өзгерістерін анықтау мен есептеу үшін қажет әдіс-тәсілдердің жиынтығын қолдануды көрсетеді.

Сонымен қоса қаржылық талдау әртүрлі көрсеткіштерді жүйелі келіс арқылы оқуға, түрлі-түрлі факторлардың әсерін кешенді келіс арқылы есептеу мен бағалауға, сапалы мен сенімді экономикалық ақпараттарды қолдануға негізделеді.

Қаржылық талдау анықтамасында белгіленгендей ұйымның барлық шаруашылық процестері мен олардың нәтижелері экономикалық көрсеткіштер жүйесінде бейнеленеді. Бұл жүйе өз алды ұйым іс-әрекетін жан-жақтан және әр түрлі деңгейлер бойынша сипаттайтын мәліметтер жиынтығы болып көрсетіледі.

Жалпы айтқанда, ақпараттық жүйе тиісті ақпаратпен қамтамасыздандыру мен сараптамалық әдістемелерді біліп қолданатын білікті мамандар болуын талап етеді., ал осының барлығы сапалық қаржылық талдау жүргізу, дұрыс және дәйекті басқаратын шешімдер қабылдаудың қажетті шарттары болып табылады.

Ұйым іс-әрекеттерін қаржылық талдауы келесі үш бағытты біріктіруді талап етеді:

  • бұрынғы жетістіктерді талдау (ұйымның ахуалына перспективалы талдау жүргізу) ;
  • қазіргі жетістіктерді талдау (ұйымның қазіргі ахуалына диагноз жасау) ;
  • келешекте болатын жетістіктерді анықтау (ұйымның ахуалына перспективалы болжам жасау) ;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістің қaржылық тұрaқтылығын тaлдaу жәнe жeтілдіру жoлдaры
«Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы: мәселелері және қамтамасыз ету жолдары»
Қаржылық талдау
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және баланстың өтімділігін талдау
Қаржылық жағдайды экспресс - талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
Ұйымның қaржы жaғдaйы тұрaқтылығын тaлдaу
Ұйымның қаржылық жағдайын талдау және бағалаудың теориялық негіздері
Кәсіпорында қаржы ресурстарын пайдаланудың экономикалық тиімділігін анықтау, қаржының құралу көздерін, төлемдік қабілеттілігімен, қаржылық тұрақтылығын талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оны талдаудың мақсаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz