Микроорганизмдерді бөліп алу және өсіру



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
Микроорганиздерді бөліп алу тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
Микроорганизмдерді өсіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
Қоректік орталар, түрлері және өсу үшін қажетті жағдайлар ... ... ... ... ... . 9
Микрооргнаизмдердің химиялық құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 14
Микроорганизмдер, микробтар – тек қана микроскоппен көруге болатын өте ұсақ организмдер. Бұларды алғаш рет 17 ғасырда голланд ғалымы А.В. Левенгук ашқан.Микроорганизмдер мөлшері жағынан тым ұсақ болғандықтан, оларды табиғи субстраттардан оқшаулап алуда (таза дақыл күйінде), өсіруде және зерттеуде ерекше тәсілдерді қолдауды қажет етеді. Микроорганизмдерді зерттейтін ғылым саласы – микробиология. Микроорганизмдердің басым көпшілігі бір клеткалыорганизмдер. Олар, көбінесе, қарапайым бөліну арқылы тез көбейеді. Көп клеткалы организмдерге тән өте күрделі жынысты көбею процессі бұлардың көбінде болмайды.
Микроорганизмдер әлемі алуан түрлі. Микроорганизмдердің бірқатары ертеректен белгілі, себебі олар колония, колониялар жиынтығын немесе қоршаған ортада белгілі бір өзгерістерді тудырады.Микроорганизмдерден жануарлар мен өсімдіктердің айырмашылығы жер шарының белгілі бір климаттық жағдайларына байланысты тіршілік етеді. Сондықтан олар микробтар сияқты кез келген жерге тарала бермейді. Микробтардың салмағының аздығына байланысты ауамен барлық жерге тарала береді, бірақ сол жерде олардың өсіп-өнуі топырақ құрамындағы заттарға байланысты. Ол үшін кажет микробтарды жеке өсіру үшін олардың қасиеттеріне байланысты жағдай жасау керек. Мысалы, азоттың, көміртегінің және басқа химиялық элементтердің оптималды мөлшерде көздері болуы қажет. Микроорганизмдерге бұл факторлардан басқа да факторлар (рН, to , және басқалар) болмаса өспейді.
Іргелі және қолданбалы микробиологияның дамуы микроорганизмдерді бөліп алу және оларды өсірумен байланысты. Бұл зерттеулер Р.Кохтың бактериялардың таза дақылдарын алу әдісін ұсынған соң мүмкін болды.
1. Мишустин Е.Н., Емцов В.Т. Микробиология. М.: Агропромиздат, 1978, 391с.
2. Гусев М.В., Минеева Л.А. Микробиология.-М.:МГУ,1992.-448с.
3. Дарқанбаев Т.Б., Шоқанов Н.К Микробиология және вирусология негіздері. Алматы, «Мектеп», 1982ж.
4. http://kk.wikipedia.org/wiki
5. http://t3.kaznau.kz/attachments/article/592/publickz198.pdf

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті

Микроорганизмдер-ді бөліп алу және өсіру

Орындаған: ТФ, БТЕХ-214-3 топ студенті Шүйіншібекова М.И.
Қабылдаған: Саршаева А.Б.

Тараз 2014

Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2
1
Микроорганиздерді бөліп алу тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
3
2
Микроорганизмдерді өсіру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
7
3
Қоректік орталар, түрлері және өсу үшін қажетті жағдайлар ... ... ... ... ... .
9
4
Микрооргнаизмдердің химиялық құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
11

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
13

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
14

Кіріспе
Микроорганизмдер, микробтар - тек қана микроскоппен көруге болатын өте ұсақ организмдер. Бұларды алғаш рет 17 ғасырда голланд ғалымы А.В. Левенгук ашқан. Микроорганизмдер мөлшері жағынан тым ұсақ болғандықтан, оларды табиғи субстраттардан оқшаулап алуда (таза дақыл күйінде), өсіруде және зерттеуде ерекше тәсілдерді қолдауды қажет етеді. Микроорганизмдерді зерттейтін ғылым саласы - микробиология. Микроорганизмдердің басым көпшілігі бір клеткалы организмдер. Олар, көбінесе, қарапайым бөліну арқылы тез көбейеді. Көп клеткалы организмдерге тән өте күрделі жынысты көбею процессі бұлардың көбінде болмайды.
Микроорганизмдер әлемі алуан түрлі. Микроорганизмдердің бірқатары ертеректен белгілі, себебі олар колония, колониялар жиынтығын немесе қоршаған ортада белгілі бір өзгерістерді тудырады.Микроорганизмдерден жануарлар мен өсімдіктердің айырмашылығы жер шарының белгілі бір климаттық жағдайларына байланысты тіршілік етеді. Сондықтан олар микробтар сияқты кез келген жерге тарала бермейді. Микробтардың салмағының аздығына байланысты ауамен барлық жерге тарала береді, бірақ сол жерде олардың өсіп-өнуі топырақ құрамындағы заттарға байланысты. Ол үшін кажет микробтарды жеке өсіру үшін олардың қасиеттеріне байланысты жағдай жасау керек. Мысалы, азоттың, көміртегінің және басқа химиялық элементтердің оптималды мөлшерде көздері болуы қажет. Микроорганизмдерге бұл факторлардан басқа да факторлар (рН, to , және басқалар) болмаса өспейді.
Іргелі және қолданбалы микробиологияның дамуы микроорганизмдерді бөліп алу және оларды өсірумен байланысты. Бұл зерттеулер Р.Кохтың бактериялардың таза дақылдарын алу әдісін ұсынған соң мүмкін болды.
Таза дақылдар деп бір туысқа және бір түрге жататын клетка шоғырын атайды. Таза дақылдарды алу микроорганизмдерді анықтау, оларды өсіруге қолайлы жағдай жасауға және жан-жақты зерттеуге жол ашты.

1. Микроорганизмдерді бөлу
Таза дақыл - ұқсас морфологиялық, дақылдық, биохимиялық және антигендік қасиеттерімен сипатталатын, қоректік ортада бөлінгенбіртекті микроорганизмдердің жиынтығы.
Штамм - белгілі материалдан бөлінген және түрдің басқа өкілдерінен ерекшеленетінмикроорганизмдердің таза дақылы. Штамм түр немесе түр астына қарағанда кішірек түсінік. Штамға клон түсінігі жақын.
Клон - бір торшаның немесе бір организмнің жыныссыз көбеюі нәтижесінде пайда болған ұрпақ.
Микроорганизмдің таза өсіндісін бөліп алу. Әдетте, зерттеуге алынған материалда микробтардың бір ғана түрі емес, көптеген түрлері кездеседі. Солардың ішінен керекті микробтардың бір түрін бөліп алу үшін бірнеше тәсілдер қолданылады.
Сұйылту тәсілі. Зерттеуге алынған матерал ас тұзының изотониялық ерітіндісінде сұйытылады. Материалдың түрі мен ондағы микробтардың мөлшеріне байланысты сұйылту 10-2; 10-3; 10-4; 10-5 және т.б. болады. Сұйылту көбейген сайын микроьтар саны азая түседі. Бұл жағдай микробтардың жекеленген жасушаларын бөліп алуға, демек таза дақыл алуға мүмкіндік береді. Бұл үшін кейінгі сұйылтулардан тығыз қоректік орталарға себінді жасайды. Осы тәсіл әр микроб жасушасынан жекеленген колониялар басқа қоректік орталарға қайта себіледі. Олар таза өсіндінің негізін құрайды.
Ыдырата себу. Петри шынысындағы ЕПА-ға зерттеуге алынған материалдың бір тамшысын тамызып, стерильді шпательмен біркелкі таратады. Сонан соң шпательдегі микробтардың қалдығын, екінші шыныдағы ортаның бетіне таратады. Осылайша шпательді бірнеше қоректік орталардың бетінен өткізеді. Кейінгі шыны аяқтарға микробтар аз түседі, санаулы колониялар пайда болады. Бұл колониялардан микробтардың таза өсінділерін өсіруге болады.
Элективті орталардың көмегімен өсінділерді алу. Барлық микробтар қарапайым қоректік орталарда өсе бермейді. Белгілі бір түрдің микробтарын өсіруге арналған қоректік орталарды элективті немесе таңдаулы деп атайды. Бұл орталарды орыс микробиологы С.Н. Виноградский ұсынған (1888-1890жж). Нитрифицирлеуші бактерияларды зерттей отыра, С.Н. Виноградский олардың қоректік орталарға органикалық заттарды қосқанда өспеуін байқайды, ол минералды орталарды қолдана отырып, нитрификаторлардың өсінділерін алды. Сүт қышқылды бактериялардың элективті ортасы - сүт. Лактозаны ашыта отырып, олар қышқыл түзіп алкалифилдердің (аммонификаторлар мен басқа микроорганизмдердің) өсіп-өнуіне қолайлы жағдай туғызды.
Туберкулез микобактерияларын бөліп алу үшін глицеринді ет-пептонды, глицеринді-крахмалды, белокты және басқа қоректік орталарды қолданады. Мұндай орталарға (Петраньяни, Левенштейн-Ненсен) бөгде микробтардың өсуін тежеу үшін әр түрлі бояғыштарды (малахитты жасыл, көгілдір генцианфиолет) қосады. Зең саңырауқұлақтар мен ашытқыларды көмірсулары бар қоректік орталарда өсіреді (қызбаған сыра ашытқысы және т.б.). мұндай орталарда қанттың мөлшері 6-80Б шамасында болуы керек. Бұл орталарға актидион антибиотигін қосып, трихофитонды өсіруге арналған элективті ортаны дайындауға болады. Актидион басқа саңырауқұлақтардың өсуін тежеп дерматофиттердің өсуіне қолайлы жағдай жасайды. Бұл ортадан басқа да элективті орталар бар.
Бациллаларды бөліп алудың тәсілі. Зерттеуге алынған материалда микробтардың споралы және спорасыз формаларының болуы мүмкін. Оларды материалдан 70-800С температурада 10-15 минут ішінде қыздыру арқылы бір-бірінен бөліп алуға болады. Мұндай температурада микробтардың вегетативті формалары бөлініп, тек қана спора түзетін тұрлері (бациллалар) ғана тірі қалады.
Дақылды биологиялық әдіспен тазарту тәсілі. Патологиялық материалдардан ауру қоздырғышын бөліп алу үшін зертханалық жануарларға осы материалды жұқтырады. Егер жорамалданған өсінді ұрық түзетін болса, материалды су моншасында қыздырады. Осындай суспензияны сезімтал жануарлардың организміне енгізгенде (мысалы,қарасан ауруына күдіктегенде теңіз шошқасына егеді), тәжірибедегі жануар 18-36 сағаттан соң өледі. Элективті ортаны қолдана отыра, өлген жануардың органдарынан ауру қоздырғышын бөліп алуға болады (мысалы, Китта-Тароцци ортасында). Пастереллез ауруының қоздырғышын ішек таяқшалар мен стафилококктардан және басқа микробтардан бөліп алу үшін ауруға сезімтал үй қоянын жұқтырады. Егер қоспада пастереллалар болса, онда бір тәуліктен соң олар жануардың өлуіне себепкер болады. Өлген үй қояндарының органдарынан қоректік орталарға себінді жасайды. ЕПА-нда пастереллалар ұсақ мөлдір колония құрайды, ал ЕПС біркелкі лайланып, шыны түтік түбінде тұнба пайда болады. Бұл тұнба шыны түтікті шайқаған кезде бұрымша ретінде жоғары көтеріледі.
Микроорганизмдердің тығыз және сұйық қоректік орталарда өсуі. Әр микробтар өсінділері қоректік орталарда өздеріне тән колонияларды құрайды. Соған байланысты тығыз қоректік орталарда өскен колониялардың мынадай белгілері болады: Формасы: дөңгелек, сопақ, тармақталған және т.б. Мөлшері: нүкте тәріздес, шық тәріздес, диаметрлері 1 мм-ден аспайтын, ұсақ ( d 1-2 мм), орташа (2-4 мм), ірі (4мм-ден көп) колониялар. Беті: тегіс немесе қатпарлы, күңгірт немесе жылтыр және т.б. Мөлдірлігі: мөлдір және мөлдірлігі әр деңгейде. Консистенциясы: шырышты, ұнтақты, тығыз және т.б. Пигмент: қызыл, сары, қара, көк және т.б. Қызыл пигментті кейбір актиномицеттер, ашытқылар, бактериялар түзеді. Қызыл пигменттерді ғажап таяқшалар, көк пигментті көк ірің таяқшасы түзеді. Сары түсті пигменттер стафилококктар мен сарцина жасушаларында кездеседі. Қара немесе қоңыр пигменттерді кейбір саңырауқұлақтар түзеді.
Микробтардың сұйық ортада өсуі. Кейбір микроорганизмдер қоректік орта бетінде жұқа қабық құрса, ал кейбіреулері қатпарлы, жылтыр қабықтар құрап өседі. Бірнеше микроорганизмдердің өкілдері қоректік ортаның бетінде сақина тәріздес форма құрайды. Ортаның түсі микробтардың шығаратын пигменттерінің түсіне байланысты болады. Қоректік ортаның лайлануы да микроорганизмдердің түрлеріне байланысты. Тұнба түйіршікті, мақта тәріздес болып келеді.
Микробтардың етті-пептонды желатинде өскен микроорганизмдер келесі колонияларды құрайды: Формасы: дөңгелек, сопақ, бұтақталған.
Мөлшері: нүкте тәріздес (ұсақ), орта, ірі. Мөлдірлігі: мөлдір және мөлдір емес. Шеті: тегіс, жыртылған, қалақ тәріздес, тісті доңғалақ тәріздес. Беті: күңгірт, жылтыр, тегіс немесе қатпарлы. Желатинді ыдыратуы: тез, баяу.
Микроорганизмдердің шаншу бойында өсуі. Қоректік ортаның үстіңгі жағында аэробтар өседі, ал төменгі жағында анаэробтар өседі.
Шаншу сызығы: жаппай, тізбек тәріздес, шырша тәріздес (тік немесе аударылған), қауырсын сықылды және т.б.
Сұйылтуы: жаппай воронка тәріздес, кратер сықылды, шұлық тәріздес және т.б.
Газ түзуі: газ көпіршіктері түзіледі немесе олар болмайды. Жоғарғы температурада желатин өздігінен сұйылады.
Микробтардың бір түрін бөліп алып, олардың таза өсіндісін алу бактериологиялық зерттеулердің негізі болып табылады. Таза өсінді бөліп алудың әдістерін екі негізгі топқа бөлуге болады:
1. Микроорганизмдерді механикалық жолмен бөліп алу принципіне негізделген.
2. Микроорганизмдердің биологиялық қасиеттеріне негізделген.
Микроорганизмдерді механикалық жолмен бөліп алу принципіне негізделген әдістер:
Дригальский бойынша шпательмен егу. Ол үшін қоректік ортасы бар үш Петри аяқшасын алып, бірінші таяқшаға пипеткамен немесе ілмекпен бір тамшы тамызамыз да шпательмен агардың бүкіл бетіне жағып егеміз. Содан соң, сол шпательді екінші және үшінші аяқшаларға ауыстырып, қоректік ортаның бетіне жағып егеміз. Нәтижесінде бірінші аяқшада көп колониялар, ал екінші және үшінші аяқшаларда жекеленген колониялар өсіп шығады. Сол жеке өсіп шыққан колониялардан таза өсіндіні бөліп алады. Бактериологиялық ілмекпен егу. Бұл әдістің принципі жоғарыдағы әдіске ұқсас. Қоректік ортасы бар бір Петри таяқшасын 4 секторға бөледі. Зерттелетін материалды ілмекпен алып, бірінші секторға штрих түрінде егеді де, сол ілмекпен параллельді түрде екінші, үшінші және төртінші секторларға егеді. Қоректік ортаға микроб клеткасы көп түскен жерлерде жаппай өсу байқалады, ал клетка аз түскен жерлерде жеке колониялар өсіп шығады. Фильтрация әдісі зерттелетін материалды белгілі бір диаметрлі саңылаулары бар фильтр арқылы өткізуге негізделген. Бұл әдісті вирустарды микробтардан бөліп алу үшін қолданады.
Микроорганизмдердің биологиялық қасиеттеріне негізделген әдістер.
Щукевич әдісі. Зерттелетін материалды қиғашталған агардың конденсант суына егу. Көбею барысында қозғалғыш бактериялар конденсант суынан агардың бетіне жылжып өседі, яғни жылжу арқылы агар бетіне өсіп шығады.
Қыздыру әдісі. Спора түзетін бактерияларды спора түзбейтіндерден бөліп алу үшін қолданады. Зерттелетін материалды су моншасында 800С 10-15 минут қыздырады. Осы кезде микробтардың вегетативті формалары қырылып, спора түзетіндері қалады.

2. Микроорганизмдердің өсуі.
Бактериаларды қоректік ортаға енгізгеннен кейін микроорганизмдер қарқынды өсе бастайды. Өсу кезінде қоректік ортада қажетті компоненттердің мөлшері минимумға жеткенде өсу тоқтатылады. Егер осы аралықта қоректік заттармен орта қамтамасыз етілмесе және зат алмасу нәтижесінде түзілген соңғы өнімдер алынып тасталмаса, онда периодты дақыл алынады (тіршілік ету қабілеті шектелген жасушалар популяциясы алынады). Жабық жүйеде өсу белгілі бір заңдылыққа байланысты болады. Оны өсу қисығы деп атайды. Өсу қисығы S- пішінді және бірнеше фазалардан тұрады.
Бастапқы немесе лаг-фаза. Бұл фаза клеткалардың қарқынды бөлінуге дайындық аралығын қамтиды. Фазаның ұзақтығы дақылдаудың жағдайына және инокуляттың немесе микроорганизмдердің жасына байланысты, сонымен қатар, қоректік орта құрамының жарамдылығымен сипатталады. Егер инокулят немесе микроорганизм ескі дақылдан (өсудің стационар фазасынан алынса), онда алынған клеткалар бірінші кезекте осы ортаға бейімделе бастайды (РНК синтезі жолы, рибосомалардың түзілуі және ферменттердің синтезделуі). Өсудің бастапқы фазасында бактерия жасушаларында сандық өзгерістерді байқауға болады, бұл фазада клеткадағы РНК-ға қатты әсер етеді, РНК-ның құрамы 8-12 есе артады, оны РНК мен рибосомалардың ферментті белоктарды синтездеуге қатысымен сипаттайды.
Экспоненциалды фаза. Өсудің экспоненциалды немесе логарифмалық фазасы клеткалардың қарқынды бөліну жылдамдығымен сипатталады. Бұл фазадағы бөлінудің жылдамдығы бактерия түріне және қоректік ортаға байланысты. Энтеробактериялар әр 15-30 мин сайые бөлінеді, Escherichia coli 37°С-да шамамен әр 20 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоректік орталарды залалсыздандыру
Қоректік орталарға сипаттама
Клеткалық инженерияның мәселелері
Қоректік орталарға сипаттама. Пайдалану мақсатына қарай қоректік орталардың топтары
Қоректік орта топтары
Микробиологиялық синтездің тиімділігі
Микроорганизмдер селекциясы
Стероидтардың микробиологиялық трансформациясы
Микроорганизмдер трансформациясы
Қоректік орталар
Пәндер