Ұйымдағы қаржылық ресурстардың теориялық негіздері



I КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ҰЙЫМДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1Ұйымның қаржы ресурстарының мәні және оларды қалыптастыру
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Ұйымның қаржылық ресурстарының құрамы мен құрылымы ... ... ... ... ... ...8
1.3 Қаржы ресурстарын қаржылық менеджмент ережелері бойынша
басқаруды жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2 «МАДЛЕН» ФИРМАСЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
2.1 «Мадлен» фирмасының техникалық . өндірістік сипаттамасы және ұйымдық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2 «Мадлен» фирмасының қаржылық.экономикалық
жағдайы мен қаржы ресурстарын тиімді басқару көрсеткіштері ... ... ... ... ... ...17
2.3 «Мадлен» ЖШС.нің қаржылай қызметінің нәтижесін жақсарту ... ... ... ...23
III ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
IV ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Елдің ұзақ мерзімді стратегиясы Қазақстанның әлемдік экономикадағы ұстанымын нығайтуға бағытталған. Бұл үшін қажетті нақты ұйғарымдар бар: Қазақстан табиғи ресурстардың мол қоры мен ғылыми - техникалық жетістіктерге ие.
Жуық дамудағы республиканың экономикалық - әлеуметтік дамуының басты мәселесі болып ғылым жетістіктері мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану негізінде экономиканың барлық салаларының тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының зайырл
ы мемлекет болып қалыптасуы және дамуы, қоғамның экономикалық және әлеуметтік жетістіктерінің болуы ел экономикасының негізі болып табылатын салалардың дамуымен байланысты. Бұларға алдымен мұнай өндіруші және мұнай өңдеуші салалар жатады.
«Қазақстан – 2050» даму стратегиясында басты назар өнеркәсіптің мұнай– газ саласына аударылды. Жанар-жағар май энергетика ресурстарын тиімді пайдалану тұрақты экономика өсіміне және халық өмірін жақсартуға себеп болуы оның ұзақ мерзімді мүмкіндіктерін анықтайды.
«Қазақстанның өңірлік, содан кейінгі жерде әлемдік энергетикалық кеңістіктегі тұғырларын одан әрі нығайтудың толымды стратегиясын әзірлейтін уақыт жетті.Өзіміздің энергетикамыз бен мұнай химиясын дамытудың басты мәселесі – энергия өнімдерінің қосылған құнын ұлғайту арқылы бұл секторлардың кірістілігін көтеру. Әсіресе, мұнай химиясы, газ ресурстары, экспорттық энергия дәліздері сияқты басым секторларды басқару тиімді болуға тиіс. Әлбетте, бұл – рынокқа қатысушылардың барлығына қойылатын, бірақ, ең алдымен, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен “Самұрық” мемхолдингіне қойылатын талаптар».
1. «Қазақстан -2030» даму стратегиясы
2. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012жыл 28 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы, 28.02.2012 ж. Астана
3. Литвин М.И. «Управление финансами предприятий»- / Финансовый менеджмент/ - 2012 г. №6.
4. «Финансовый менеджмент: теория и практика» //под ред. Стояновой Е.С.- М.: Перспектива, 2014 г.
5. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық.-Алматы:2013.-552бет.
6. Бланк И.А. «Финансовый менеджмент» : Учебный курс.-К.:Ника – Центр, 2014.-528с.
7. «Экономика предприятия»: Учебник/ под ред. проф. О.И. Волкова.-М.:Инфра-М,2014.-416 с.
8. Балабанов И.Т. «Основы финансового менеджмента. Как управлять капиталом?» – М.: Финансы и Статистика, 2014 г.
9. Афоничкин А.И., Андрющенко И.В. «Управление финансами корпораций»-/ Финансы и кредит/ 2013 г. №36.
10. Балабанов И.Т. «Финансовый менеджмент» //учебник – М.: Финансы и Статистика, 2014 г.
11. Шеремет А.Д. «Экономический анализ в управлении производством» – М. 2014 г.
12. «Экономика организаций»: /Учебник под редакцией Н.А. Сафронова-2- е изд.,перераб. и доп.-М.: Экономист,2012.-618 с.
13. Родионова В.М. «Финансы»//Учебник.М.-2014 г.
14. Кошкарбаев К.У. «Финансовые ресурсы корпорации: теория, парктика и менеджмент» – Алматы 2012 г.
15. Сагинова Ж.Н. «Роль финансовых ресурсов для функционирования предприятия в рыночных условиях»-/Вестник НАН РК/- 2011г. №5.
16. Ковалев В.В. «Введение в финансовый менеджмент» – М.2014 г., стр.538
17. Нурханова Г. «Экономическое содержание финансовых корпораций»-/ Финансы Казахстана/-2012 г. №1.
18. Есымханова З.К. «Проблемы формирования финансовых ресурсов предприятий» - /Статистика, учет и аудит/ 2013 г. №1.
19. Федулова С.Ф. « Управление финансовыми ресурсами и оценка эффективности их использования»-/ Финансы и кредит/-2013 г №36.
20. «Мадлен» ЖШС мәліметтері. 2014 жыл
21. «Мадлен» ЖШС-нің2013-2014 жылдардағы Жылдық Есебі.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

I КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ҰЙЫМДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1Ұйымның қаржы ресурстарының мәні және оларды қалыптастыру
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Ұйымның қаржылық ресурстарының құрамы мен құрылымы ... ... ... ... ... ...8
1.3 Қаржы ресурстарын қаржылық менеджмент ережелері бойынша
басқаруды жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2 МАДЛЕН ФИРМАСЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
2.1 Мадлен фирмасының техникалық - өндірістік сипаттамасы және ұйымдық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2 Мадлен фирмасының қаржылық-экономикалық
жағдайы мен қаржы ресурстарын тиімді басқару көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. .17
2.3 Мадлен ЖШС-нің қаржылай қызметінің нәтижесін жақсарту ... ... ... ...23
III ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
IV ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

КІРІСПЕ

Елдің ұзақ мерзімді стратегиясы Қазақстанның әлемдік экономикадағы ұстанымын нығайтуға бағытталған. Бұл үшін қажетті нақты ұйғарымдар бар: Қазақстан табиғи ресурстардың мол қоры мен ғылыми - техникалық жетістіктерге ие.
Жуық дамудағы республиканың экономикалық - әлеуметтік дамуының басты мәселесі болып ғылым жетістіктері мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану негізінде экономиканың барлық салаларының тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының зайырл
ы мемлекет болып қалыптасуы және дамуы, қоғамның экономикалық және әлеуметтік жетістіктерінің болуы ел экономикасының негізі болып табылатын салалардың дамуымен байланысты. Бұларға алдымен мұнай өндіруші және мұнай өңдеуші салалар жатады.
Қазақстан - 2050 даму стратегиясында басты назар өнеркәсіптің мұнай - газ саласына аударылды. Жанар-жағар май энергетика ресурстарын тиімді пайдалану тұрақты экономика өсіміне және халық өмірін жақсартуға себеп болуы оның ұзақ мерзімді мүмкіндіктерін анықтайды.
Қазақстанның өңірлік, содан кейінгі жерде әлемдік энергетикалық кеңістіктегі тұғырларын одан әрі нығайтудың толымды стратегиясын әзірлейтін уақыт жетті.Өзіміздің энергетикамыз бен мұнай химиясын дамытудың басты мәселесі - энергия өнімдерінің қосылған құнын ұлғайту арқылы бұл секторлардың кірістілігін көтеру. Әсіресе, мұнай химиясы, газ ресурстары, экспорттық энергия дәліздері сияқты басым секторларды басқару тиімді болуға тиіс. Әлбетте, бұл - рынокқа қатысушылардың барлығына қойылатын, бірақ, ең алдымен, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен "Самұрық" мемхолдингіне қойылатын талаптар.
Жолдауда көрсетілгендей, мұнай химиясы, газ ресурстары, экспорттық энергия салаларын дамыту ең алдымен сол нарыққа қатысушылардың басты міндеттері болып табылады. Ұйымның қызметін тиімді жүргізіп, аталған бағыттарда жетістіктерге қол жеткізуі шаруашылық және қаржылық қызметінің жоғары деңгейде жүргізілуінде. Ұйымның қаржылық ресурстарын қалыптастыру және оларды тиімді пайдалану, ұйымның алға қойған мақсаттары мен бәсекелестік нарықта үлкен жетістіктерге жетуінің бірден бір себебі. Курстық жұмыс тақырыбы осындай мәселелерді шешуге бағытталған.
Курстық жұмыс тақырыбы - ұйымның қаржылық ресурстарын қалыптасу көздерін анықтауға, олардың бөліну механизмі мен пайдаланылуын қарастыруға, талдау барысында анықталған мәселелерді шешу бойынша тиімді қолдануды жетілдіру жолдарын ұсынуға негізделген.
Ұйымның қаржылық ресурстары - бұл қаржылық міндеттемелер мен кеңейтілген өндірісті қамтамасыз ету бойынша шығындар жүргізуге арналған сыртқы түсімдер мен кірістер түріндегі ақша қаражаттарының бір бөлігі. Қаржы ресурстарының қалыптасуы мен қолданылуы екі деңгейде жүргізіледі: бүкіл ел масштабында және әрбір ұйымда. Ел масштабындағы қаржы ресурстарының қалыптасу көздерінің құрылымы мен көлемі халық шаруашылығы өндірісінің кеңейтілген мүмкіндіктерін, әлеуметтік-экономикалық дамуын, мемлекет бюджеті кірістерінің өсімін анықтайды. Қаржылық ресурстар көлемін ұлғайту аймақтық және жергілікті басқарушы органдары қаржылық саясатының маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Ұйым деңгейінде қалыптасатын қаржылық ресурстар көлемімен қажетті капиталдық салымдар жүргізу, айналым құралдарын ұлғайту, барлық қаржылық міндеттемелерді орындау ұйым ұжымының қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктері анықталады. Қаржы ресурстары көлемінің төмендеуі бүкіл мемлекет дамуына жағымсыз әсер етеді, тұтыну қорының төмендеуіне, инвестициялардың азаюына әкеледі.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты - нарық жағдайында кәсіпорындардың қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды жетілдірудің экономикалық-қаржылық жақтарын зерттей отырып, осы саладағы Мадлен фирмасының қазіргі даму барысына талдау жүргізу және қаржылай қызметтерінің дұрыс ұйымдастырылуы мен басқарылуын жетілдіруде ұсыныстар беру.
Қойылған мақсатқа жету үшін курстық жұмыста мынадай міндеттер қойылды:
Фирманың қаржылық ресурстарын басқарудың теориялық негіздерін анықтау;
Қаржылық жоспарлау негізінде қаржы ресурстарынбасқару бойынша нарық тетіктерін енгізудегі ұсыныстарды негіздеу;
Кәсіпорын мысалындағы Мадлен фирмасының сапасы үшін жауапкершіліктерін күшейтетін басқару негізіндегі шараларды жетілдіру;
Мадлен фирмасының қаржы ресурстарын қаржылық менеджмент ережелері бойынша жетілдірудің тиімділігін арттыру;
Фирманың қаржысын басқаруды жетілдіру.
Зерттеу нысанына Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы Мадлен фирмасының қаржылық-экономикалық көрсеткіштері мен қаржылай ресурстарын басқару мәселелерін жетілдіру қарастырылды.

1 ҰЙЫМДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ КӨЗДЕРІ
4.1 Ұйымның қаржы ресурстарының мәні және оларды қалыптастыру көздері

Қаржылық ресурстар термині теория және тәжірибеде кең қолданылады, ол өзіне банк және өзге шоттардағы ақша қаражаттарының көлемінен бастап ұйым балансының өзге көрсеткіштеріне дейінгі түрлі түсініктерді қосады.
Экономика ғылымындағы қаржы ресурстары термині түрліше түсіндіріледі. Қаржы несие сөздігінде қаржы ресурстары, мемлекеттің, ұйымның шығындарын жабуға және түрлі қорлар мен резервтер құруға арналған ақша қаражаттары.
Ал, экономика энциклопедиясы қаржылық ресурстарға келесідей түсінік береді: бұл - ақша несие және бюджет жүйесі қаражаттары болып табылатын экономикалық ресурстардың негізгі бөлігі.
Қаржы ресурстары ұғымы тек шаруашылық субъект, яғни ұйым деңгейінде түсіндіріледі. Осыған орай, қаржы ресурстары түсінігі астарында шаруашылық субъектінің басқаруында болатын ақшалай кірістер мен түсімдер және қаржылық міндеттемелерді орындауға арналған ақша қаражаттары түсіндіріледі.
Қаржы менеджменті қаржы жүйесінің барлық бөлімдерін қамтиды және нарық жағдайындағы басқару құрылымының басты құрылымы болып табылады. Қаржы менеджментінің негізі болып қаржы саясаты қызмет атқарады, ол қаржылық қызметтің бағытын және қаржы ресурстарын тиімді пайдалануға бағытталады.
Ұйымның қаржы ресурстары шаруашылық субьектінің басқаруындағы және қаржылық міндеттемелерін орындауға арналған ақшалай кірістер мен түсімдер болып табылады.
Қаржы ресурстары ұдайы өндірістің және мемлекеттің шығындарын жабу үшін қажет. Демек, қаржы ресурстары - бұл жалпы ішкі өнім құнының бір бөлігін, атап айтқанда, ақша нысанындағы таза табысты бөлу және қайта бөлу процесінде жасалынатын мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың қарамағындағы ақша қаражаттары, олар ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен басқа жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге пайдаланылады. Тап қаржы ресурстары қаржы категориясын баға және басқа құндық категориялардан бөліп алуға мүмкіндік жасайды. Қоғамдық жалпы өнім мен ұлттық табысты арттыру қаржы ресурстары өсімінің басты шарты болып табылады.
Қаржы ресурстарында негізгі орынды таза табыс (пайда, қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден төлемдері, қоғамдық мүдделерге төленетін жарналар нысанындағы) және амортизациялық аударымдар алады.
Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашылығы бар. Қаржы қорлары (қорланым, босалқы қор) - қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары, ал қаржы ресурстары болса, ол мемлекеттің (оның органдары арқылы) және шаруашылық жүргізуші субъектілердің табыстары мен түсімдері. Біріншіден, қаржы ресурстары деп ақша қаражаттарының көздерін, шаруашылық органның немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің мұндай қаражаттарды жасау мүмкіндіктерін түсінеді. Екіншіден, қаржы ресурстары - бұл қорлардағы, яғни ақша қаражаттарының мақсатты босалқы қорларындағы байланылған қаражаттар, сондай-ақ әлі мақсатты белгілі бір бағыттылығы жоқ қорлар бойынша қалыптаспаған ақша қаражаттары. Мысалы, ақша қаражаттарының бір бөлігінің алғашқыда қор сипаты болмайды - бұлар шаруашылық органдарынының олардың шаруашылық әріптестері тарапынан келісімшарттарды, өзара шарттарды және шаруашылық жүргізудің басқа шарттарын бұзғаны үшін алатын айыппұлдары, өсімдері, тұрақсыздық төлемдері. Мұндай қаражаттардың түсуін күні бұрын есепке алу мүмкін емес.
Қаржы ресурстары ұғымындағы оның екі жағын ажырата білген жөн.
1.Шаруашылық жүргізу практикасында қаржы ресурстарының ұғымы деп мемлекеттің, ұйымдардың қарамағындағы белгілі бір кезеңдегі барлық ақша кірістері мен қорланымдардың жиынтығын, яғни ақша қорларын, несие ресурстарын, ақша резервтерін айтады. Бұл шаруашылық жүргізудің шаруашылық есеп практикасы тұрғысынан туындаған тәжірбиелік тәсілдеме. Расында, ұйымның банктегі оның шотындағы белгілі бір күндегі ақшалары олар ұйымның меншікті немесе қарыз қаражаттары болып келетіндігіне қарамастан оның барлық нақтылы қаржы ресурсатарын құрайды. Сол секілді мемлекеттік бюджетте шоғырланған кірістер, қорланымдар олар жасалынған құнды алғашқы немесе кейінгі бөлудің нәтижесі болып табылатындығына қарамастан мемлекеттің әрбір нақты күндегі қаржы ресурстары болып саналады.
2. Егер жиынтық өнімнің (с+v+m) материалдық - заттай және құндық құрылымына, оның бөлінісіне және бұл процестегі орнына сүйенсек, онда қаржы ресурстарының ұғымы басқаша көрінеді. Егер қайталама есептің элементін шығарып тастасақ, онда қаржы ресурсының ұғымы тікелей мемлекет пен ұйымдарда оларға жүктелінген функцияларды орындау үшін шоғырланатын құндық нысанындағы жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың бір бөлігін білдіреді.
Ұйымның қаржы ресурстары - бұл меншікті ақшалай кірістердің және ұйымның қаржылық міндеттемелерін орындауға арналған тартылған қаражаттар, ағымдық қаржыландыру шығындары және өндірісті кеңейтумен байланысты шығындар жиынтығы.
Капитал - өніріске салынған, айналымнан соң кіріс әкелетін қаржылық ресуртардың бөлігі.
Ұйымның қаржы ресурстары шығуы бойынша меншікті (ішкі) және әр түрлі жағдайларда тартылған (сыртқы) болып бөлінеді.
1. Меншікті қаржылық ресурстар өзіне:
oo пайда;
oo амортизациялық аударымдар;
oo өнімді өткізуден түскен табыс;
oo тұрақты пассивтер;
oo құрылысқа салынған мобильді ішкі ресурстарды қосады;
Ескере кететін болсақ, ұйымның барлық пайдасы өз меншігінде, оның бөлігі салық және өзге де салықтық төлемдер түрінде бюджетке түседі. Ұйымның меншігінде қалатын пайда жинақтау және тұтыну мақсатында бөлінеді. Жинақтауға жұмсалған пайда ұйымның мүлкінің өсуі үшін және өндірісті дамытуға қолданылатын болса, ал тұтынуға арналған пайда әлеуметтік мәселелерді шешуге қолданылады. Ұйымның меншікті қаржы ресурстарын қалыптастыру саясатын жасақтаудың негізгі кезеңдерін А қосымшасынан көруге болады.
Амортизациялық аударымдар - бұл материалдық емес активтер және негізгі өндірістік қорлардың тозу құнының ақшалай көрінісі.
2. Қаржылық ресурстарды қаржыландырудың тартылған немесе сыртқы көздеріне келесілерді жатқызуға болады:
oo меншікті;
oo қарыздық;
oo бюджеттік ассигнациялау.
Осы жоғарыда көрсетілген бөлімдерді капитал салу формасы ретінде қарастыруға болады. Егер сыртқы инвесторлар ақша қаражаттарын кәсіпкерлік капитал ретінде салса, мұндай салымның нәтижесі болып тартылған меншікті қарыздық ресурстардың қалыптасуы табылады [Қосымша Ә].
Профессор В.Н. Радионованың айтуы бойынша ұйым қаржылық ресурстарының қалыптасу көздері болып келесілер табылады:
oo меншікті және оларға теңестірілген қаражаттар (сондай-ақ пайда түрлері, амортизация, өнімді өткізуден түскен табыс, тұрақты пассивтер);
oo қаржылық нарықта қызмет атқаратын құралдар (акция, облигация, өзге де бағалы қағаздар, несиелік инвестициялардың сатылымы);
oo аударым нәтижесінде келіп түсетін ақша қаражаттары (сақтандыруды жабу, концерндерден, ассоциациялардан, құрылымдық бөлімшелерден түсетін түсімдер, пайлық жарналар, дивидендтер және пайыздар, бюджеттік субсидиялар).
Қаржылық ресурстар ұйыммен өндірістік және инвестициялық қарекет барысында қолданылады. Олар барлық уақытта қозғалыста болады және ақшалай формада тек қана ұйымның кассасында және банктің есеп шоттарында ақша қаражаттарының қалдығы түрінде болады.
1.2 Ұйымның қаржылық ресурстарының құрамы мен құрылымы
Қаржы ресурстарының қозғалысы жиынтық қаржы балансында (қаржы ресурстары мен мемлекеттің шығыстары балансында) қамтып көрсетіледі. Алайда баланста несие ресурстарының бір бөлігі де көрсетіледі.
Қаржы ресурстарының құрамында олардың аса маңызды екі бөлігін бөліп көрсетуге болады:
# мемлекеттің кірістері. Олар республикалық және жергілікті бюджеттерде шоғырланады. Мемлекеттің кірістері заңнамалық тәртіппен бекітіледі және мемлекеттің функцияларына сәйкес жұмсалынады. Мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың негізгі әдістер салықтар, қарыздар мен лоторея, сыртқы көздерден түсетін түсімдер;
# бюджеттен тыс қаражаттар. Олар шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында болады. Олардың пайда болуы мемлекеттің мақсатты шығыстарымен байланысты. Бюджеттен тыс ресурстар автономды арнаулы қорлар, арнаулы қаржы сметалары, қазынашылық шоттар түрінде болып келеді. Бұл қорлардың қаражаттары экономиканы мемлекеттік реттеудің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бюджеттен тыс қаражаттарыдың оғаштығы мемлекетке қаржы ресурстарының жалпы сомасының жасыруға, қаржылық бақылауды әлсіретуге, нағыз қаржылық жағдайды бұрмалауға мүмкіндік жасайды. Бюджеттен тыс қаражаттардың жалпы сомасын анықтау қиын, өйткені ол көптеген қорлар мен сметалар арасында шашырап кеткен.
Ұйымның қаржылық ресурстары - бұл шаруашылық субъектілердің және қаржылық міндеттемелерді орындауға арналған ақшалай кірістер мен түсімдер болып табылады. Қаржылық ресурстар меншікті және оларға теңестірілген қаржылық - банктік жүйедегі ақша қаражаттарының келіп түсуінің оларды қайта бөлу есебінен қалыптасады. Ұйымның меншікті қаржы ресурстарын қалыптастырудың саясатын жасақтау кезеңдері Б қосымшасында көрсетілген.
Ұйымның алғашқы қаржылық ресурсы оның құрылған уақытынан бастап, яғни қаржылық капиталдың пайда болу кезінде қалыптасады.
Қаржылық ресурстардың көздері болып, олардың қызмет етуінің ұйымдық - құқықтық нысанына байланысты акционерлік капитал, ұйым мүшелерінің пайлық салымдары, бөлімшелердің қаржылық ресурстары, ұзақ мерзімді несиелер, бюджет қаражаттары табылады. Жарғылық қор көлемі өндіріс қызметіне инвестицияланған негізгі және айналыстағы ақша қаражаттарының мөлшерін көрсетеді.
Ұйыммен қаржы ресурстарының пайдалануы көптеген бағыттарда жүзеге асырылады. Олардың бастылары болып келесілер табылады:
oo қаржылық міндеттемелерді атқаруға бағытталған қаржылық - банктік жүйе ұйымдарының, бюджетке салықтық төлемдер, банктік несиелерді пайдаланғаны үшін пайыздар, алынған ссудаларды жабу, сақтандыру төлемдері және т.б.
oo өндірісті кеңейту және оны техникалық пайдалану мақсатындағы, сондай-ақ жаңа прогрессивті технологияларға көшу, ноу-хауды пайдалануға байланысты меншікті қаражаттар мен шығындарды инвестициялау;
oo нарықта тұтынылатын бағалы қағаздарға қаржылық ресурстарды инвестициялау: акциялар және облигациялар;
oo марапаттау және әлеуметтік нысандағы қаржылық қорлардың пайда болуына бағытталған қаржылық ресурстар;
oo қаржылық ресурстарды қайырымдылық мақсаттарда және демеушілік шараларында пайдалану.
Шаруашылықтың нарық негізіне өтумен байланысты тек ұйым басшыларының рөлі ғана емес, сондай-ақ басқарудың әкімшілік әдістерінде екінші рөлді атқарған қаржы қызметінің орны артуда. Нарықтық экономика шарттарында ұйымның қаржылық қызметтері үшін қаржылық ресурстарын инвестициялауды тиімді бағыттау, бағалы қағаздармен операциялар және өзге де қаржылық менеджмент сұрақтары маңызды болып табылады. Қаржылық менеджмент аясындағы жоғарғы көрсеткіштерге жету көбіне қаржылық қызмет жұмыскерлерінің қызметі нәтижесінде көрінеді. Олардың қызметтеріне туындаған сұрақтарды дәстүрлі емес жолдармен шешу, іскерлік ынта, операциялардың көлемділігі және тәуекелділік жатады.
Ұйымның қаржылық ресурстары шығу нысандары бойынша: меншікті (ішкі) және өзге де шарттарда тартылған (сыртқы) болып бөлінеді.
Ұйымның қаржылық ресурстарының құрылу көздеріне:
oo меншікті және оларға теңестірілген қаражаттар;
oo қаржылық нарықтағы қаржылық ресурстардың біріктірілуі;
oo қайта бөлі тәртібіндегі қаржылық - банктік жүйеден түскен ақша қаражаттары кіреді.
Меншікті және оларға теңестірілген қаражаттарға ұйымның пайдасы, амортизациялық аударымдар, тұрақты пассивтер, құрылыстағы ішкі ресурстардың біріктірілуі жатады.
Қаржылық нарықта біріктірілген қаражаттарға меншікті акция, облигация және өзге де бағалы қағаздарды сату, несиелік инвестициялар жатады.
Қайта бөлу нәтижесінде түскен ақша қаражаттарына жоғарғы органдардан түсімдер, пайлық салымдар, дивидендтер және пайыздар, бюджеттік субсидиялар кіреді.
Өзін-өзі қаржыландыру - нарықтық экономика шарттарындағы ұйымның өнімді тиімді шаруашылық қызметінің маңызды құралы болып табылады. Бұл принцип бойынша ұйым өнімді өндіру және ұйымның өндірістік - техникалық базасын кеңейту мақсатындағы шығындарды өз қаражаты есебінен жүргізу,
Меншікті қаражаттардың негізгі көзі болып қалыптасқан жарғылық капитал табылады.
Қоғамның жарғылық капиталы акционерлермен сатып алынған қоғам акцияларының номиналдық құнынан құрылады. Қоғамның барлық жай акцияларының номиналдық құны қоғамның жарғылық капиталы болып табылатын қоғам мүлкінің минималды көлемін анықтайды.
Ұйым басқаруында қалатын пайда - бұл оның қажеттіліктерін қанағаттандырудағы көп бағытты негіз болып табылады. Алайда, пайдаланудың басты бағытын жинақтау және тұтыну ретінде қарауға болады. Пайданы жинақтауға және тұтынуға бөлу пропорциясы ұйымның даму артықшылықтарын анықтайды. Амортизациялық аударымдар және жинақтауға бағытталған пайданың бір бөлігі ұйымның өндірістік және ғылыми - техникалық дамуына, қаржылық активтерінің құрылуында, яғни бағалы қағаздарды сатып алу, өзге ұйымның жарғылық капиталына салымдар және т.б. түрде пайдаланылатын ақшалай ресурстарды құрайды. Пайданың келесі бір бөлігі ұйымның әлеуметтік дамуына жұмсалады, ал қалған бөлігі тұтынуға қолданылады, оның нәтижесінде ұйымдар мен жеке тұлғалар арасында қаржылық қатынастар пайда болады.
Қаржылық ресурстардың қолда барын көрсететін көрсеткіштердің бірі болып меншікті айналым қаражаттары табылады. Олар кәсіпкерлік қызметтің табыстылығы үшін қажетті ұйымның мүліктік және оперативтік қызметін өзі жүргізуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, меншікті айналым қаражаттары ұйымның қаржылық тұрақтылығының деңгейін көрсетіп, оның қаржы нарығындағы жағдайын анықтайды. Меншікті ақша қаражаттары нормаланатын айналым қаражаттарының қалыптасу көздері болып табылады. Олардың алғашқы қалыптасуы ұйымның құрылып және оның жарғылық капиталының құрылған уақытынан басталады. Осының нәтижесінде ұйым құрылтайшыларының инвестициялық қаражаттары пайдаланылады. Әрі қарай меншікті айналым қаражаттары меншікті қаражаттарға теңестірілген пайданың, бағалы қағаздарды сату есебінен толтырылады.
Меншікті қаражаттарға теңестірілген тұрақты міндеттемелер негізінен ұйымға тиесілі емес. Сондықтан оларды меншікті қаражаттарға жатқызуға болмайды. Алайда бұл қаражаттар үнемі айналыста болады және минималды қалдық сомасында меншікті айналым қаражатының қалыптасуында қолданылады.
Тұрақты міндеттемелерге келесі қаражаттар жатады: ұйымның жұмысшыларының жалақысы бойынша қарыздар, төленгелі тұрған төлемдердің резервтері, бюджетке және бюджеттік емес қорларға минималды берешек, өнім үшін алдын ала төлемдер ретінде түскен кредитордың төлемдері және т.б.
Тұрақты міндеттемелер меншікті айналым қаражатының тек қана өсім сомасындағы жабу көзі болып табылады.
Ұйым айналысында өзге де қаражаттар болуы мүмкін. Бұл ұйымның жеке, уақытша тікелей бағыттарда қолданылмай тұрған қаражаттарының және резервтерінің қаржылық қалдықтары. Ұйымның бағытталған қорлары мен резервтері өзіндік құн, пайда және өзге де бағытты түсімдер есебінен құрылады. Бұл қаражаттар тобына амортизациялық қор, жөндеу қоры, күтілетін төлемдер резерві, қаржылық резерв, қайырымдылық қоры және т.б. жатады.
1.3 Қаржы ресурстарын қаржылық менеджмент ережелері бойынша басқаруды жетілдіру жолдары
Кәсіпорынның қаржы ресурстары өте күрделі түсінік. Олардың мәні өндіріс процесіндегі тағайындалуымен айқындалады. Кез келген қаржы қатынасының материалды сипаты болып кіріс, аударымдар мен түсімдер түріндегі ақшалай қаражаттар арқылы сипатталады. Кәсіпорынның қаржысы - кәсіпкерлік қызметтің көлемі мен артықшылығын анықтайтын тиімді форма. Қаржы ресурстары бөлу процестерін теңдестіреді. Қаржы ресурстарында қаржыға тән екі қызмет, олар: бөлу мен бақылау қызметтері. Айналым қаражаттары басқару объектісі бола отырып басқарудың құралы да болады.
Қаржы ресурстарын анықтаудағы ең қолайлы негізгі принцип болып, оларды түрлерге жатқызу болып табылады, яғни қаржылық қайта бөлуден өте отырып жиынтық қоғамдық өнім өткізілетін форма: амортизациялық аударым, жиынтық кіріс (пайда), айналым қаражаттарының қалыптасқан артық көлемі, тұрақты пассивтер және т.б, сонымен қатар олардың кәсіпорынның қаражаттар айналымы процесіндегі ролін нақты айқындау керек.
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын үш негізгі топқа бөлу экономикалық тұрғыдан дұрыс болады:
меншікті және оларға теңестірілген қаражаттар есебінен қалыптасқан қаржы ресурстары;
қаржы нарығында мобилизацияланған ресурстар;
қайта бөлу есебінен түскен ресурстар.
Жеделдетілген амортизациямен қатар соңғы жылдары негізгі қорларды қайта бағалау да үлкен мәнге ие болып отыр. Қайта бағалаудың мақсаты - негізгі активтерді жаңалау үшін керекті ақшалай қаражаттар қорын қалыптастыруға жағдай жасау, мүлікт бағалау және тозуды есептеу үшін алғашқы құндық базаны жаңалау болып табылады. Қайта бағалауға барлық негізгі қорлар жатады, оның ішінде әрекеттегідері және консервацияланғандары, резервтегілері мен запастардағылары, аяқталмаған құрылыстардағылары, жалға немесе уақытша пайдалануға берілгендері, списанияға шығаруға дайындалғандары, бірақ өшіруге акт жасалмағандары. Шаруашылықты жүргізудің жаңа негіздеріне өтуде елдің экономикасында нарықтық механизмдерді активизациялауда кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастырудың қайнар көздерінің ішінде материалды емес активтердің амортизациясы үлкен мәнге ие. Қазіргі кезде кәсіпорын қаржылық жұмысты ұйымдастыру кезінде үлкен қиыншылықтармен қақтығысады. Жеңісті жұмыс істеп жатқан фирмалардың тәжірибесі осы мәселені шешудің қысқа жолының кәсіпорын басшыларының қолында екендігін көрсетті. Қазіргі таңда кәсіпорынның қаржы жұмысын қайта құрудың екі тәсілі кеңінен қолданылады:
егер де басшы- кәсіби қаржыгер болса, ол қаржы қызметін қайта құруды өзі реттейді. Бұл тиімді нұсқа, бірақ отандық тәжірибеде көп кездеспейді;
кәсіпорынның қаржы қызметінің тапсырмалары мен қызметтерін түсінетін басшы, бірақ олсы кәсіптің барлығын нақты білетін кәсіби қаржыгер болмаса, тәжірибеге қаржы жұмысын ұйымдастырудың керекті моделін қою мен енгізу үшін сыртқы ұйымды тарту.
Қызметтің ерекшеленген бағыттары бір мезгілде менеджердің алдында тұрған негізгі тапсырмаларды да анықтайды. Осы тапсырмалардың құрамы келесі түрде бөлшектенеді. Бірінші бағыт шеңберінде жалпы бағалау жүргізіледі:
кәсіпорынның активтерінің және оларды қаржыландырудың қайнар көздерінің;
кәсіпорынның қол жеткізген экономикалық потенциалын ұстап тұруға және оның қызметін кеңейтуге керекті ресурстар шамасы мен құрамы;
қосымша қаржыландырудың қайнар көздерінің;
қаржы ресурстарын пайдаланудың жағдайы мен тиімділігін бақылау жүйесінің.
Екінші бағыт бөлшекті бағалауды талап қарастырады:
керекті қаржы ресурстарының көлемінің;
оларды ұсыну формаларының (ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді несие, нақты ақша);
қол жеткізу мен уақыт дәрежесінің (қаржы ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігі келісім шарт арқылы анықталады; қаржыға керекті көлемде және кереті уақытта қол жеткізе алу керек);
ресурстардың осы түрін иелену құнының (пайыз ставкалары, қаражаттардың осы қайнар көздерін ұсынудың басқалай формальды және формальды емес жағдайлар);
қаражаттардың осы түрімен ассоциацияланатын тәуекел (яғни, меншік иелерінің капиталы қаражаттардың қайнар көзі ретінде банктің мерзімді ссудасына қарағанда аз тәуекелді болады).
Үшінші бағыт инвестициялық сипаттағы ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді шешімдердің талдауы мен бағасын қарастырады:
қаржы ресурстарының трансформациясының тиімділігі;
қаржы салымдарының тиімділігі.
Қаржылық шешімдерді жоғарыда аталған бағалауларды пайдалана отырып қабылдау өтеулілік, қаржылық тұрақтылық және тиімділік талаптары арасындағы компромиссті есепке алатын, альтернативті шешімдер нәтижесінде орындалады. Қаржы ресурстарын басқару кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесінің маңызды тармағы болып саналады. Айналым қаражаттарының айналымын көтеру запастарды сақтаумен байланысты нәтижелер мен шығындарды анықтауға және запастар мен шығындардың дұрыс балансын жүргізуге әкеледі.

2 МАДЛЕН ФИРМАСЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
2.1 Мадлен фирмасының техникалық - өндірістік сипаттамасы және ұйымдық құрылымы

Мадлен ЖШС-і - Тараз қаласындағы нан және нан өнімдерін өндіретін қазіргі заманғы ең ірі кәсіпорындардың бірі. Фирманың алғашқы жобасы 1982 жылы жасалса да, фирманың негізгі технологиялық жабдықтары 1987 жылы кірпіш тәріздес және дөңгелек нан түрлерін, ойық тоқаш өнімдерін өндіруге арналып салынып, 1988 жылдан бастап іске қосылды. Ал 1997 жылы Ұлттық мемлекеттік жекешелендіру бағдарламасына сай, Мадлен ЖШС-і (ары қарай атауы-фирма) болып тіркелді.
Білікті мамандардың, тәжірибелі әрі мықты жетекшілердің және де адал еңбек етуші коллективтердің жұмыла жұмыс істеуі арқасында Мадлен фирмасы тік тұрып, нан нарығында мықты позицияға ие болды. Кәсіпорынның қаржыландыру көзі фирманың өзіндік капитал мен ұзақ мерзімді несие, соның ішінде өзіндік капитал 54%-ын, ал тартылған капитал 46%-ын құрайды. Бұл әрине кәсіпорынның тәуелсіздік коэффицентінің айтарлықтай жоғары екенін көрсетеді.
Фирмада бумен, жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ететін жылыту орталығы, сұйытылған газдың резервтік сыйымдылығы бар. Мадлен ЖШС-і жалпы ауданы 3,56 га жер учаскесіне ие. Оның құрамына әкімшілік-тұрмыстық корпус, өндірістік корпус, инженерлік корпус, ұнды сақтауға арналған жабық қойма (720т.), құрал-жабықтар мен қалыптардың шатырлары, градирке, көліктік таразылар (30тоннаға дейін) кіреді.
Фирманың басты міндеті өз өнімдерімен, қызметтерімен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруды және де еңбек коллективтерімен Фирма мүлігін иеленетіндерге алынған әлеуметтік, экономикалық мүдделерінен алынған пайданы өткізу.
Фирма қызметінің мақсаты - Тараз қаласы мен Жамбыл облысының тұрғындарын өндірістік- шаруашылық қызметтен пайда таба отырып, сапалы нан-тоқаш өнімдерін қамтамасыз ету.
Мадлен фирмасы өз қызметін өз еркімен жоспарлап, өндірілген өнімнің, қызметтердің және нан Фирма жұмысшыларының жеке табысын көтеру мен кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ететін сұраныс аясында перспективалық дамуын анықтайды.
Жоспардың негізін өнім тұтынушылары мен материалды-техникалық ресурстарды жабдықтаушылармен бекітілген келісім шарттар құрайды.
Фирма өз қызметін шаруашылық есеп пен өзін-өзі қаржыландыру қағидасында жүзеге асырады. Фирманың өндірістік, әлеуметтік қызметі және еңбектің төлемі, еңбек коллективінің қол жеткізген жетістігі есебінен орындалады. Мадлен фирманың дайын өнімін өткізуден түскен түсімді материалдық шығындарды жабуға жұмсайды. Ал пайда фирманың шаруашылық қызметтің жалпылама көрсеткіші. Пайданың бір бөлігі мемлекеттік бюджеттің және банктің алдындағы міндеті төлемдерін төлеуге жұмсалады. Ал келесі бөлігі фирманың толық пайдалануына түсіп, еңбекті өтеу құралдарымен бірге коллективтің таза пайдасын құрайды.
Мадлен фирмасы істеп тұрған өндірістік бөлімшелерден тұрады. Өндірістік бөлімшелер өнімді шығарумен тікелей байланысты. Осы өндірістік бөлімшелердің жиынтығы (өнім дайындалатын цехтар мен учаскелер, коймалар, лабораториялар, шеберханалар, энергетикалық шаруашылығы және т.б.) саны және құрамы фирманың өндірістік құрылымын анықтайды.
Фирма өзі өткізетін өнімдерінің өнімді сертификаттаған нормативтік құжаттарына сай болуына жауапты. Жоғарғы білікті мамандар мен коллективтің адал еңбегінің, олардың жауапкершілігінің арқасында Фирма нан және кондитер өнімдерін өндіретін ірі кәсіпорындардың ішінен орын алды.Фирманың басты стратегиялары:
- өндіретін өнімнің ассортиментін кеңейту;
- шығарылған өнімнің сапасын үнемі жақсарту үшін тозығы жеткен құрал-жабдықтарды жаңалау;
- өткізуді ынталандыру үшін делдалдар арқылы сату.
Мадлен фирмасы Қазақстан Республикасының стандарттары бекіткен сапа және қауіпсіздік талаптарына сай, 150-ден аса нан, тоқаш, кондитер, пряник және әртүрлі кептірілген нан өнімдерін өндіреді
Коммуникация стратегиясы сатып алушымен жақсы қарым-қатынас және баға саясаты концепциясына негізделген. Ішкі нарықтағы бәсекелестердің баға саясатын талдау негізінде баға стратегиясы икемді төмендеуге бейім. Фирма өніміне қойылатын бағалар өнім сапасына орай қалыптасады. Фирма өнімдерінің топтық ассортиментінің номенклатурасы төмендегідей болып 14 топқа бөлінеді:
1) бидай ұны нандары;
2) бидай және қара бидай ұны қоспасынан істелетін нандары;
3) қара бидай ұны нандары;
4) кебек қосылып дайындалатын нандар;
5) күнбағыс және зығыр дәндері қосылған нандар;
6) булочка өнімдері;
7) қатпарланған нан өнімдері;
8) ойық тоқаш өнімдері;
9) кептірілген нан өнімдері;
10) пряник өнімдері;
11) торттар мен пирожныйлар;
12) кекстер;
13) печеньелер;
14) жартылай фабрикаттар.
Фирмадағы тауар ассортиментінің әр топ номенклатурасы өз алдына жеке-жеке бірнеше топтарға бөлінеді. Олардың құрылымын қосымша мәліметтерден көруге болады.
Осы өнімдерді өндіру Мадлен фирмасында 5 цехта ұйымдастырылған:
- нан цехы;
- ойық тоқаш цехы;
- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымды басқару функциялары
Компаниялардағы бизнес - жоспарлау міндеттері мен функциялары
«АУРА» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ЖОСПАРЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАР БАСҚАРУДЫҢДЫ ЖЕТІЛДІРУ
Жоспарлау – басқару функциясы ретінде
Жоспарлаудың принциптері
Ұйымдағы қызметкелерді басқару жүйесіндегі қызмет түрлері
Потенциал терминінің сипаттамасы
Индикативті жоспарлау
ҰЙЫМНЫҢ МАҒЫНАСЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
Пәндер