Физикалық еңбек кезіндегі тамақтану



Спортшылардың функционалдық жай-күйін қам¬тамасыз ету, жаттығу процесі мен жарыс қызметін медико-биологиялық қамтамасыз етудің маңызды құраушысы – дұрыс тамақтану екендігі даусыз.
Тамақтану барысында денсаулыққа зиян келтірмей барынша жоғары нәтижеге қол жеткізудің оңтайлы тәсілін табу өте күрделі міндеттердің бірі.
Мәселе, қандай да бір әмбебап препарат жасау туралы емес. Бұл әрине мүмкін емес, біраз мемлекеттік бюджет есебінен спортшылар мен басқа да спорттық жарыстарға және оқу-жаттығу жиындарына қатысушылардың тамақтануын қамтамасыз ету шығыстарының қазіргі нормаларын қайта қарауға болады және ол қажеттілік. Бүгінгі күні спорттық колледждер мен спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттағы оқушылар күніне 880 теңгеге, еліміздің ұлттық құрама командасының спортшылары – 1140 теңгеге тамақтанады, бұл олар үшін нәрлілігі 2300 килокалориялық азық-түлік жиынтығын қамтамасыз етеді. Салыстыратын болсақ, манекеншінің тәуліктік қуаттылығы 1500 килокалорияны, үйдегі жайлы жағдайдағы адамның орташа қуаты 2880, тігінші мен студенттікі – 3000 килокалориянықұрайды.Ғалымдардың ұсынымдары бойынша спорттың әр түрі үшін қуат пен негізгі азықтық заттардың тәуліктік көрсеткіші дененің 1 келі салмағына 66 ккал-дан 84 ккал-ға дейін ауытқиды. Қазақ Тамақтану академиясының есептеуінше, дайындық және жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу, қазақстандық спортшының организмін толық қалпына келтіру үшін кемінде 6 мың килокалория көлемінде тәуліктік тағам мөлшері қажет.
1. Шабдарбаева. М. С. Омаров. С. Қ , Коммуналдық гигиенасы. Алматы – 2011ж
2. Б.К.Торгаутов. М.Ш. Сералиева “ Жалпы гигиена” шымкент- 2009 ж.
3. Р.С.Бектұрғанов, М.Ш.Сералиев “Жалпы гигиена” пәнінен тәжірибелік сабақға арналған нұсқаулық. Шымкент-2010 ж.
4. Ү.И.Кенесариев. Р.М.Балмахаев, Н.Ж.Жақашов, “Гигиена” алматы-2010 ж.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Гигиена – 2 кафедрасы

БАЯНДАМА

Тақырыбы:Физикалық еңбек кезіндегітамақтану.
Спортшылардың тамақтануы.

Орындаған:

Тобы:

Қабылдаған:

Физикалық еңбек кезіндегі тамақтану. Спортшылардың тамақтануы.
Спортшылардың функционалдық жай-күйін қамтамасыз ету, жаттығу процесі мен
жарыс қызметін медико-биологиялық қамтамасыз етудің маңызды құраушысы –
дұрыс тамақтану екендігі даусыз.
Тамақтану барысында денсаулыққа зиян келтірмей барынша жоғары нәтижеге қол
жеткізудің оңтайлы тәсілін табу өте күрделі міндеттердің бірі.
Мәселе, қандай да бір әмбебап препарат жасау туралы емес. Бұл әрине
мүмкін емес, біраз мемлекеттік бюджет есебінен спортшылар мен басқа да
спорттық жарыстарға және оқу-жаттығу жиындарына қатысушылардың тамақтануын
қамтамасыз ету шығыстарының қазіргі нормаларын қайта қарауға болады және ол
қажеттілік. Бүгінгі күні спорттық колледждер мен спорттағы дарынды
балаларға арналған мектеп-интернаттағы оқушылар күніне 880 теңгеге,
еліміздің ұлттық құрама командасының спортшылары – 1140 теңгеге
тамақтанады, бұл олар үшін нәрлілігі 2300 килокалориялық азық-түлік
жиынтығын қамтамасыз етеді. Салыстыратын болсақ, манекеншінің тәуліктік
қуаттылығы 1500 килокалорияны, үйдегі жайлы жағдайдағы адамның орташа қуаты
2880, тігінші мен студенттікі – 3000 килокалориянықұрайды.Ғалымдардың
ұсынымдары бойынша спорттың әр түрі үшін қуат пен негізгі азықтық заттардың
тәуліктік көрсеткіші дененің 1 келі салмағына 66 ккал-дан 84 ккал-ға дейін
ауытқиды. Қазақ Тамақтану академиясының есептеуінше, дайындық және жоғары
спорттық нәтижелерге қол жеткізу, қазақстандық спортшының организмін толық
қалпына келтіру үшін кемінде 6 мың килокалория көлемінде тәуліктік тағам
мөлшері қажет. Бұдан басқа, спортшы үлкен спорттағы қызметін аяқтаған соң,
патология кезеңіне өтетін, емделуі мол қаржылық қаражатты талап ететін,
әртүрлі кәсіптік ауруларымен, жарақаттарымен өзімен өзі жеке қалады.
Спортшлардыңтамақрационындаболуытиі с:

■ ақуыздар – 30%:
■ майлар – 10%:
■ Көмірсулар - 60%

Спорттық нутрициология - спорттағы жоғарғы нәтижелерге жететін құралы
ретінде
 
Спорттық ғылым әрқашан да ұлттық командалардың болашақ контингентінің
кәсіптік шеберлігін арттыру мақсатында туындаған сұрақтарға көңіл бөліп
қана қоймай, спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына
назар аударады. Теориялық білімнің, тәжірибелік жетістіктер мен
ұсыныстардың сараптамасы жас және ересек спортшылардың тамақтануындағы
түйіні шешілмеген мәселелердің өзара тығыз байланысты екенін көрсетеді.
Сондықтан, осы жұмыстағы қарастырылған сұрақтар барлық жастағы әуесқой және
кәсіпқой спортшылар үшін өзекті болып табылады. Қазіргі таңда спортшылардың
тамақтануы көптеген  шарттар арқылы жүзеге асатын үдеріс болып табылады. Ол
шарттарға: астың қорытылуындағы биохимиялық және физиологиялық механизмдер;
спорт түріне дайындық және жарыстың сатылары, өсу және даму;
байланысты  тағам қалыптары мен өзгеріп отыратын  қажеттіліктер,
психологиялық және тәрбиелік  реакциялар; эстетика және этика сұрақтары;
мәдени және ақпараттық тіршілік ортасы және әлеуметтік - экономикалық
шарттар, гигиеналық және экологиялық  қалыптар.
    Қазіргі таңдағы жоғарғы табысты спорт деп - балғын 3-4 жасар баланың
спорт секциясына қатысып, өзінің жасына лайықсыз шамадан тыс жүктемемен
жаттығуын айтамыз және бұл жағдай бүгінгі күні жүзеге асуда. Үлкен спорт
бұлсыз жарық көрмес еді. Ата-аналар мен жаттықтырушылардың негізгі міндеті
– баланы осы үдеріске сәйкесінше бейімдеу. Ал оның өзі жас-шамаға, спорт
түріне, оқу-жаттығу кездеріне, денсаулық ерекшеліктеріне, жарыстарға,
калпына келтіру демалыстарына  және т.б. шарттарға негізделген дұрыс
тамақтанусыз жүзеге аспайды.
   Дегенмен, жаттықтырушылар мен спортшылардың барлығы тағамтану
ғылымының негіздерін біле бермейді, білімінің аздығынан спортшылар
тамақтану тәртібін дұрыс тағайындамайды.
   Спорттық нәтижелердің жоғарылауында тағамның бір түрін шамадан тыс
қолдану негізделмеген көзқарас және бұл тәжірибе барысында дәлелденген.
Тамақтануды – басты мақсат ретінде қоюға болмайды және спортшы бар ойын
тамақтануға бағыттамауы керек, бірақ, спортшының тәртібінде тамақтанудың
маңызы зор екенін ұмытпауы керек.
   Тамақтану жөнінде спортшыларда туындайтын ең бірінші сұрақ – бұл,
тамақтанудың сандық мөлшері. Тамақтанудың сандық мөлшері ағзаның қуаттық
шығынымен тығыз байланысты болып келеді.
   Қуат адам бойынан үнемі шығындалады, ақуыз, май, көмірсу қуаттық
заттар үнемі шығындалып отырады. Қуат неғұрлым шығындалса, соғұрлым адам
салмағын жоғалтады. Тамақтану шығынға ұшыраған заттардың орнын толтыру
арқылы, шығын болған қуатты қалпына келтіреді. Қоректік заттардың сандық
мөлшері шығын болған заттар мен қуаттардың мөлшеріне дәлме-дәл сәйкес келуі
керек. Бұлшықет жұмысы кезінде қуаттың шығыны орындалған жұмыстың көлеміне
сай өсіп отырады. Әр түрлі жаттығулар кезінде жұмсалған қуаттың мөлшерін
анықтау үшін қуаттық шығындарды өлшейді, яғни, бұл тәсілді қолданған
оттегінің мөлшерін есептеу арқылы анықтайды. Неғұрлым бұлшықет массасы көп
болып, бұлшықет неғұрлым үлкен амплитуда және  жиілікпен жиырылатын болса,
соғұрлым, қуаттың шығыны көп болады. Қабылданған тағамның қуаттық мәнін
есептеу үшін маңызды қуаттық заттардың калориясын білу қажет. Әрбір қуаттық
заттың мәні  көп жақты және дұрыс тамақтанған спортшының рационында  барлық
қуаттық заттар болуы қажет. Егер тағамдық  рационды, құрамы (ақуыз, май,
көмірсу) бойынша емес, тағамның калорийі тұрғысында есептейтін болсақ, онда
қуаттық заттар тағам массасына тең келмейтінін ескеруіміз қажет. Тағамның
салмақтық тұрғыда едәуір бөлігін су, тұздар және сіңірілмейтін заттар
құрайды.
    Ақуыздар дене жасушаларының құрылыстық материалдары болып табылады.
Олар қуаттық маңызға ие. 1г ақуыз тотыққанда 4 ккал қуат береді. Ақуыздар
ағзадағы зат алмасуының қалыпты жүруін реттеуші орын алады. Тәулік ішіндегі
ақуыздың минимальдық шығыны 40-50 г тең. Ақуыздың қалыпты тәуліктік
қажеттілігі 100-110 г.
    Май ағза үшін қуаттық маңызға ие. 1г май тотыққанда 9,3 ккал қуат
береді. Май ұлпасы мүшелерді қоршап, механикалық жарақаттардан қорғайды.
Май жылуды нашар өткізеді, осы қасиетінің арқасында, тері асты май қабаты
денеден көп мөлшерде жылудың бөлінуін алдын алады. Белсенді түрдегі
спорттық жүктемелерде бұлшықеттердегі майдың шығыны көп емес. Егер бұлшықет
өте белсенді жұмыс жасап, үлкен күшпен және жиілікпен жиырылса, онда
негізгі қуаттық зат – көмірсу болып табылады. Майлар, белсенділігі жағынан
едәуір болып келетін және бірнеше сағат бойы атқарылатын жұмыстарда
шығындалады. Майдың тәулік ішіндегі қалыпты қажеттілігі 70-100г, бұл ағзада
600-900 калорий енгізеді. Үлкен қуаттық шығындарда майдың қабылдануы артуы
мүмкін. Майдың құрамына А, Д, Е дәрумендері кіреді. Ағзада липидтердің көзі
болып саналатын өсімдік майлары жақсы сіңіріледі. Көмірсулар – күрделілігі
жағынан түрлі болып келетін қосындылардан тұрады. Қарапайым көмірсу – жүзім
қанты (глюкоза), күрделі көмірсу – дисахарид (қызылша қанты), сонымен қатар
әртүрлі полисахаридтер (өсімдік крахмалы), клетчатка, гликоген (жануар
крахмалы). Күрделі көмірсулар асқорыту  аппаратында моносахаридтерге, яғни
глюкозаға дейін қорытылады.
    Бұлшықет жұмысы кезінде бұлшықетте орналасқан көмірсулар
шығындалады. Олардың шығыны – бауырдан қан арқылы келетін
көмірсулармен толтырылады.  Көмірсу лардың тасымалдануы моносахарид түрінде
жүзеге асырылады. Бұл үшін гликоген бауырдан глюкозаға дейін ыдырап қанға
түседі. Бұлшықеттерге  қан арқылы тасымалданған глюкоза қайта гликогенге
айналады.
   Осылайша,  ағзада қантты қуат көзі ретінде жиі пайдаланатын -
бұлшықет болып табылады.  Бұлшықет жұмысы неғұрлым белсенді
болып, көмірсудың шығыны көп болса, соғұрлым қаннан көмірсудың сіңірілуі
және көмірсудың бауырдан қанға түсуі арта түседі. 1г көмірсу тотыққанда 4
ккал қуат береді. Яғни, көмірсу тағамдарының қуаттық құндылығы 1200-1600
калорий болып табылады.
    Спортшының су ішетін тәртібі мен тұзды пайдалану тәртібі бөлек
қарастырылмайды. Бұл жағдайда су-тұз алмасу тәртібін айтқан жөн. Бұл
дегеніміз, ағзадағы қанда және ұлпа сұйықтықтарында су мен тұздың қатынасы
қатаң түрде сақталады. Қандағы тұздың концентрациясы орташа 0,95%-ға тең.
Бұл тұздың мөлшері тұрақты болып келеді. Егер бұл тұрақтылық бұзылса,
қанның осмотикалық қысымы өзгеріп, қанмен жуылатын жасушалардың қызметі
бұзылады. Егер де ағзаға көп мөлшерде тұз түссе, онда судың пайдалануы
жоғарылайды. Су ағзада жиналып, ұлпалар ісінеді. Ағзада тұз аз болған
жағдайда судың ағзада жиналуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулық түсінігі және оның құрамы
30-39 жас аралығындағы (VI топ – ауыр дене еңбегінің жұмыскері) ер адамның күнделікті тамақтану рационы
Зат және энергия алмасу туралы
Дене шынықтыру гигиенасының негіздері
Студенттері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламасы
Студенттер арасындағы дұрыс тамақтану режимін сақтану маңызы
Спорттық тағам
Тағамдық өнімдердің сапасы
Гипертониялық аурудың сипаттамасы
Асқазан - ішек жолдарының ауруларының негізгі себептері студенттерде
Пәндер