Энтеровирусты инфекция



1 Кіріспе
Энтеровирусты инфкция.
2 Негізгі бөлім
Эпидемиологиясы және патогенезі.
Клиникалық белгілері.
Микробиологиялық диагностикасы.
3 Қорытынды
4 Пайдаланылған әдебиеттер
Энтеровирустар (гректің enteron –ішек деген сөзі)- негізінен адамның ішегінде мекендейтін және қоршаған ортаға нәжіс арқылы шығатын вирустар тобы.
Picornoviridae тұқымдастығына Enterovirus туыстастығына жатқызылатын вирустар. Полиомиелит (сал) вирустары, коксаки, ЕСНО, 68-71 түрдегі энтеровирустар осы туыстастықтың өкілдері болып табылады.
Энтеровирусты жұқпа – клиникалық белгілерінің көптүрлілігімен сипатталатын энтеровирустың әр түрінен туатын жіті жұқпалы ауру.
Энтеровирустар бүкіл жерде таралған, қоршаған ортада ұзағынан сақталады, суда көп уақыт тірі болады, төмен температураларға төзімді.
Энтеровируспен тек қана адамдар ауырады. Науқас адам мен вирустасымалдаушы жұқпаның көзі болып танылады. Азық-түлік, сапасыз су қолдану арқылы, ластанған су қоймаларында шомылу, сондай-ақ тыныс алу жолдарының жоғары бөлігіне вирустың түсуі арқылы адамға жұғады. Жұқпаның таралуына антисанитариялық жағдайлар мен халықтың үймеленуі себеп болады.
1 А.Қ. Дүйсенов «жұқпалы аурулар» Алматы 2009 ж
2 Ұ.А.Маемер «Жұқпалы аурулар» Алматы 2008 ж

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

➢ Кіріспе

Энтеровирусты инфкция.

➢ Негізгі бөлім

Эпидемиологиясы және патогенезі.

Клиникалық белгілері.

Микробиологиялық диагностикасы.

➢ Қорытынды

➢ Пайдаланылған әдебиеттер

Энтеровирустар (гректің enteron –ішек деген сөзі)- негізінен адамның
ішегінде мекендейтін және қоршаған ортаға нәжіс арқылы шығатын вирустар
тобы.

Picornoviridae тұқымдастығына Enterovirus туыстастығына жатқызылатын
вирустар. Полиомиелит (сал) вирустары, коксаки, ЕСНО, 68-71 түрдегі
энтеровирустар осы туыстастықтың өкілдері болып табылады.

Энтеровирусты жұқпа – клиникалық белгілерінің көптүрлілігімен
сипатталатын энтеровирустың әр түрінен туатын жіті жұқпалы ауру.

Энтеровирустар бүкіл жерде таралған, қоршаған ортада ұзағынан сақталады,
суда көп уақыт тірі болады, төмен температураларға төзімді.

Энтеровируспен тек қана адамдар ауырады. Науқас адам мен
вирустасымалдаушы жұқпаның көзі болып танылады. Азық-түлік, сапасыз су
қолдану арқылы, ластанған су қоймаларында шомылу, сондай-ақ тыныс алу
жолдарының жоғары бөлігіне вирустың түсуі арқылы адамға жұғады. Жұқпаның
таралуына антисанитариялық жағдайлар мен халықтың үймеленуі себеп болады.

Энтеровирустар тудыратын аурулар барлық жерде таралған, жаппай кездесу
сипаты бар, көбінесе балаларға жұғады. Маусымдылығы жаз айлары . инфекция
көзі – науқас адам мен тасымалдаушылар. Негізгі таралу механизмі фекальді
және оральды. Энтеровирустар су, топырақ, тағам өнімдері, тұтыну заттар,
лас қолдар арқылы таралады, оларды шыбындарда таратады.

Залалданған сәттен бастап бірінші клиникалық белгілерге дейін 3 күннен 6
күнге дейін уақыт өтеді. Ауру безгек, респираторлы-вирсты жұқпа, герпесті
ангина, гепатит, жіті ішік жұқпасы, конъюнктивит түрінде өтеді; ең қауіпті
түрі ретінде ОЖЖ-ның зақымдануы болмақ (менингит және
менингоэнцефалит).Энтеровирустар серозды менингиттің тууына жиі себепші
болады.

Менингит (мидың жұмсақ қабығының қабынуы) – бұл орталық жүйке жүйесінің
жіті жұқпалы ауруы.

Энтеровирусты менингиттің мезгілділік болуы (жаз-күз мезгілдері),
байланыстылық және ошақты, эпидемиялық кезеңнің лап алуы және мектеп
жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың залалдануы қалыпты жағдай.

Ауру солғындылық, тәбет төмендеу, жөтел, мұрын бітелу, нәжістің бұзылуынан
басталады. Аурудың 2-4-күндерінде үш тағанды симптомдар пайда болады:

а) бас ауруы;

б) құсу;

в)дене қызуының көтерілуі.

Бас ауруы шеке мен маңдай тұсында жиі болады, келіп-кетпелі, өтпелі сипатта
да болуы мүмкін. Қатты дыбыс, жарық немесе басқа да тітіркендіргіштер бас
ауруын үдетеді. Құсудың тамақ ішкен-ішпегенге қатысы жоқ және құсқаннан
кейін адам жеңілдеп те қалмайды. Дене қызуы негізінен 37,5-тен бастап одан
да жоғары болады.

Менингит – қауіпті ауру. Оның әрі қарайғы жағдайы уақтылы анықтап, емдеуді
жылдам бастап, лайықты ем қолдануға байланысты. Менингит диагнозы тек қана
клиникалық сипаттарға қарап қойылмайды, міндетті түрде жұлыннан сұйықтық
алынып, зерттеледі.

Жұлын пункциясы аса ауыртатын шара емес, зарарсыздандырылған жерде
жасалады, одан асқыну болмайды және менингитке күдік болған кезде міндетті
түрде жасалатын шара, себебі тек ликвордың жасушалық құрамының нәтижесі
арқылы ғана лайықты ем тағайындалады. Сонымен қатар жұлындағы артық
сұйықтықты шығарып тастау емдік шара болып табылады, себебі сол арқылы
бассүйек ішіндегі қысым төмендейді және соның есебінен адамның жалпы
жағдайы, көңіл-күйі жақсарып, басының ауыру қарқыны азайып, құсуы
тоқтайды.

Менингитті емдеуді міндетті түрде стационарлық жағдайда, мамандардың
бақылауында жүргізеді, одан кейін менингитпен ауырғандар невропатологтің
Д есебінде болады.

Энтеровирусты серозды менингит диагнозы мен сырқаттанған 55 балаға
клиникалық және зертханалық зерттеулер жүргізілді. Энтеровирусты менингит
негізінен көктем-жаз маусымдарында өте жиі тіркеледі және көбіне балабақша
мен ерте мектеп жасындағы балалар арасында (72 пайызға дейін) кездесетіні
анықталды.

Орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) вирустармен зақымдануы бала денсаулығына
және өміріне аса қатерлі. Жедел серозды менингиттердің көтерілісі кезеңінде
энтеровирусты менингиттер жиі кездеседі. Қазіргі таңда серозды
менингиттердің этиологиясында ЕСНО және Коксаки вирустарының өте маңызды
орын алатындығы анықталған [1].

ХХ ғасырдың соңында және XXI ғасырдың басында вирусты
менингоэнцефалиттердің құрылымы көптеген өзгерістермен толықтырылды, яғни
нейроинфекциялардың негізгі қоздырғыштары – герпес, цитомегаловирусты
инфекция, энтеровирусты инфекциялар және т.б. екендігі анықталды. Қазіргі
уақытта вирустарға қарсы дәрілерді ерте қолдануға қарамай, герпесті
менингоэнцефалиттер барысында кездесетін жоғарғы өлім (20%-ға дейін)
мөлшері, ауыр резидуальды көріністердің анықталуы, ал қызылша
менингоэнцефалиттері кезінде өлім мөлшерінің 10 - 20%-ға дейін болуы, ОЖЖ
вирустармен зақымдануы инфектологияның аса өзекті мәселелерінің бірі
екендігін көрсетеді [2, 3].

Ғылыми зерттеудің мақсаты: энтеровирусты серозды менингиттердің клиникалық
көрінісі мен маусымдық ерекшеліктерін зерттеу.

Науқастардың 72%-н мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы
балалар құрады; ерте жастағы және ересек балалар сирек кездесті. 26 науқас
балада қосымша және фондық аурулар анықталды: гипертензионды-гидроцефалды,
тырыспа синдромдар, эписиндром және резидуальды-органикалық фон. Науқас
балалардың 97% ауруханаға жедел жәрдем арқылы түсті, солардың 8% жедел
респираторлы вирусты инфекция, менингизм белгілері деген диагнозбен
жеткізілді.

Вирусты инфекцияның дамуына организімде көптеген қорғаныс механизімдері
қарсылық жасайды: фагоцитоз, интерферон, макрофаг жүйесі. Зерттеу барысында
мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларда энтеровиурсты
инфекция көбіне ауыр түрде, яғни менингит, ал ересек балаларда жиі жеңіл -
қызба түрінде өтетіндігі анықталды. Ал ерте жастағы сәбилерде
энтеровирусты инфекция менингоэнцефалиттің дамуына себепші болды. Бұл сәби
организімнің реактивтілігімен және иммундық жүйе жағдайының әлі толық
жетілмеуіне байланысты болуы ықтимал.

Науқастардың басым бөлігі (72,3%) ауруханаға аурудың алғашқы күндері түсті,
оның 54% - екінші күн.

Ауру барлық науқастарда жедел басталды, жалпы инфекциондық белгілердің
пайда болуымен: дене қызуы 38-38,5С-қа дейін (73%) көтерілумен, кей
науқастарда 39-40С-қа дейін (27%). Дене қызуы негізінен 1-2 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жатырішілік инфекция. Инфекциялық процесстердің жас ерекшеліктері
Коронавирус инфекциясы
Жатырішілік инфекциялар. Инфекциялық процестердің жас ерекшеліктері
Ішектік инфекциялар жалпы түсінік, нозология, этиологиясы мен эпидемиологиясының жалпы ерекшеліктері
Экзантеманың белгілері
Вирусты инфекциялардың жасушалармен әрекеттесуі
Балалар жұқпалы ауруларына кіріспе
БАЛАЛАРДАҒЫ ВИРУСТЫ ГЕПАТИТТЕР
Балалардағы жұқпалы аурулар. Иммунды алдын алу
Балалардың диареясы
Пәндер