Өлім туралы куәлікті толтыру ережесі


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы

Морфологиялық пәндер кафедрасы

СӨЖ

Өлім туралы куәлікті толтыру ережесі.

Орындаған:

Тобы:

Қабылдаған:

Жоспар.

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

  1. Өлім туралы куәлікті толтыру жолы сипаты
  2. Өлім туралы куәлікті толтыру ережелері
  3. Периенаталды өлім туралы куәлікті толтыру ережелері
  4. Өлім туралы куәлікті ХАЖ бойынша патологиялық анатомиялық диагноз қою

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Организмнің өлуі дегеніміз - Жер бетіндегі барлық тіршілік иесінің табиғи жойылуы (естественный исход всего живого на Земле) . «Өлім» ұғымы «өмір ұғымымен» тікелей байланысты. Өлім өмірдің логикалық тоқтауы (бітуі) . Өмір - зат алмасы процесінің тұрақты түрде жүруі, ал өлім өмірге қарама-қарсы жағдай, сондықтан да оның негізінде зат алмасу процесінің тоқтауы жатады. Организмнің өлуі организмің тұтастығын және оның сыртқы орта факторларымен байланысын қамтамасыз етіп отыратын жүйке жүйесі қызметінің тоқтауының нәтижесінде пайда болады. Заңды түрде өмір соңында пайда болатын өлімді табиғи өлім немесе физиологиялық өлім деп аталады. Табиғи өлім жаңа туған нәрестелерде (жетілмегй туғандарда) немесе үлкейгенде (пожилом) және қарттық шақта болатын өлім. Бірақ көбінесе адамдар әртүрлі аурулар әсерінен немесе кез келген сыртқы орта факторларының әсерінен орта жаста, яғни қарттық жасқа жетпестен өледі. Адамдардың бұлай өлуі уақытынан бұрын өлу деп аталады. Өмірдің өліммен ауысуы субклеткалық және молекулярлық деңгейлерде тотығу процесінің бұзылуы нәтижесіндегі зат алмасу процесінің бұзылуымен байланысты. Өмірдің өліммен ауысу процессінің ұзақтығы немесе организмнің өлу ұзақтығы әртүрлі болады. Бір жағдайларда өлімнің пайда болуы өте тез, бірнеше секундтар ішінде болса, кейбір жағдайларда баяу бірнеше минуттан бірнеше сағаттарға созылуы мүмкін.

Өлу және өлімнің пайда болу пайда болуын оқытатын ғылым танатология (грек тілінен thanatos - өлім және logos - ғылым ) деп аталады. Танатологияның негізін қалаушылар - Биш, К. Бернар, Р. Вирхов, Нотнагель және И. И. Мечников. «Танатология» терминін ұсынған И. И. Мечников.

Танатология адам организмінің өлу процесін және өлгеннен кейінгі мәйіттік құбылыстардың пайда болуын зерттейтін ғылым.

Танатология жалпы және жеке танатология болып екіге бөлінеді. Жалпы танатология өлімнің статикалық және динамикалық сұрақтарын, өлім белгілерін мәйіттің сыртқы орта факторларымен (взаимодействие) әсерін, способы погребения, өлім себебін анықтау үшін мәйіттерді зерттеу ерекшеліктерін оқытады. Жеке танатология әртүрлі өлім түрлерін зерттейді.

Өлу - бұл динамикалық процесс. 1972 жылы А. Н. Радищев өзінің «Адам, оның өлуі және бессмертии туралы» философиялық еңбегінде өмір өлімге бір сәтте емес біртіндеп ауысатынын жазған. Ол «Өмір мен өлім» қарама қарсы ұғымдар, ал өлу орталық (средовое) немесе осы жағдай арқылы өмір аяқталып өлім басталатын жағдай деп түсіндіреді. Осы, өмір мен өлімнің арасындағы аралық кезеңнің болуы терминалды жағдайлар туралы ұғымды дамытуға жол ашты. «Терминалды жағдайлар» ұғымына шоктың ең ауыр формалары (шоктың торпидтік фазасының III, IV дәрежелері, коллапс), агония алды жағдай, терминалды үзіліс, агония және клиникалық өлім ұғымдары кіреді. Бұл процестердің барлығын терминалды жағдай сатысына біріктіретін ең негізгі сипаты организмде зат алмасудың тотықпаған өнімдерінің жиналуының нәтижесінде ацидоз дамуымен тез нарастающая гипоксия болып табылады

Биологиялық өлімді немесе бас миының біржола семуін (мидың өлімін) растау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2010 жылғы 11 тамыздағы № 622 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 1 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6449 болып енгізілді

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 169-бабының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған Биологиялық өлімді немесе бас миының біржола семуін (мидың өлімін) растауережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (Н. Қ. Хамзина) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф. Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің
міндетін атқарушы Б. Садықов

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушысының
2010 жылғы 11 тамыздағы
№ 622 бұйрығына қосымша

Биологиялық өлімді немесе бас миының біржола семуін (мидың өлімін) растау ережесі.

1. Жалпы ережелер

1. Осы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленген және биологиялық өлімді немесе бас миының біржола семуін (мидың өлімін) растау тәртібін айқындайды.
2. Мидың өлімі - жүрек жұмыс істеп тұрғанда және өкпені ықтиярсыз желдету кезінде тіркелетін мидың барлық қызметінің толық және біржола тоқтатуы. Мидың өлімі адам өліміне теңестіріледі.
3. Мидың өлімі оның алғашқы және қайталап зақымдануы нәтижесінде дамуы мүмкін.
4. Мидың өлімі алғашқы зақымдануы кезінде бассүйекішілік қан қысымының кенет көтерілуі және ми қан айналымының шартты тоқтатылуы салдарынан дамиды.
5. Мидың алғашқы зақымдануларына жататындар:
1) ауыр бассүйек-ми жарақаты,
2) кенеттен болатын және өзге де бассүйекішілік қан құйылулар,
3) ми инфаркты,
4) ми ісіктері,
5) мидағы бассүйекішілік операциялық әрекеттер.
6. Мидың қайталап зақымдануы түрлі генездің гипоксиясы, оның ішінде жүрек тоқтап қалғанда және жүйелік қан айналымы кенеттен нашарлағанда немесе тоқтағанда, ұзаққа созылатын шоктың және мидың басқа да қайталап зақымдануы салдарынан болады.

2. Биологиялық өлімді немесе бас миының біржола семуін (мидың өлімін) растауға арналған шарттар

7. Ми өлімінің диагнозы мынадай әсерлер болмай қаралмайды:
1) интоксикациялар, дәріден улануды қоса алғанда;
2) алғашқы гипотермия;
3) гиповолемиялы шок;
4) метаболизмдік эндокриндік кома;
5) есірткі заттарын және миорелаксанттарды қолдану.
8. Токсикологиялық зерттеу нәтижесінде белгіленген интоксикация бар болғанда ми өлімі диагнозы оның белгілері жойылғанға дейін қаралмайды.
9. Мидың өлімі диагнозын белгілеу үшін мынадай клиникалық белгілердің жиынтықта болуы қажет:
1) естің толық және тұрақты жоқ болуы;
2) өкпені жасанды желдету аппараты ажыратылған кезде өз бетімен тыныстың тұрақты жоқ болуы;
3) барлық бұлшықеттердің атониясы;
4) сыртқы тітіркендіргіштерге және басқа да рефлекстерге жұлынның деңгейінен жоғары тұйықтаушы реакцияның жойылуы (тригеминальды, корнеальды, окулоцефалиялы, окуловестибулярлы фарингеальды, трахеялы нүктелер аймағында қатты ауыртатын тітіркендіргіштерге реакцияның болмауы) :
окулоцефалиялы рефлекстерді шақыру үшін дәрігер төсек басында науқастың басы оның қолдарының ортасында қалатындай, ал үлкен саусақтары қабақтарын көтеріп тұратындай қалыпта болады. Бас 90 градусқа бір жаққа бұрылады және осы күйінде 3-4 секунд тұрады, сол уақытпен қарама-қарсы жаққа бұрылады. Егер бастың бұрылуы кезінде көз қозғалмаса және ортасындағы жағдайды берік сақтап тұрса, бұл окулоцефалиялы рефлекстердің жоқ екенін дәлелдейді;
омыртқаның мойын бөлігінің жарақатты зақымдануы болғанда немесе күдік болған кезде окулоцефалиялы рефлекстер зерттелмейді;
окуловестибулярлы рефлекстерді зерттеу үшін екі жақты калориялық сынама өткізіледі. Оны өткізбестен бұрын дыбыс жарғағының перфорациясының жоқ болуына көз жеткізу керек. Науқастың басын көлденең деңгейден 30 градусқа жоғары көтереді. Сыртқы есту жолына шағын көлемдегі катетер енгізіледі, сыртқы есту жолын 10 секунд ішінде суық сумен баяу ылғалдау жүргізіледі (температурасы + 20 С, 100 миллилитр) . Ми діңгегінің сақталу функциясында 20-25 секундтан кейін нистагм немесе көздің нистагм құрамына баяу ауытқуы пайда болады. Екі жақты орындалған калориялы сынама кезінде нистагмның жоқ болуы мен көз алмаларының ауытқуы окуловестибулярлы рефлекстердің жоқ екенін дәлелдейді;
фарингеальды және трахеялы рефлекстерді зерттеу эндотрахеялы түтікшенің трахеяда және жоғарғы тыныс жолдарында қозғалуы жолымен, сондай-ақ секрет аспирациясы үшін бронхтарда катетердің қозғалуы кезінде іске асырылады.
5) қарашықтың тұрақты кеңеюі мен ареактивтілігі және орта жағдайда олардың бекітілуі, (қарашықты кеңейтетін заттар қолданылмағаны, көз алмалары қозғаусыз екендігі мәлім болу керек) ;
6) гипотензияға тенденция - 80 миллиметр сынап бағанасы (бұдан әрі- мм . сын. бағ) және одан төмен, кенеттен болатын гипотермия.
7) Өкпені жасанды желдету (бұдан әрі - ӨЖЖ) аппаратынан қарапайым ажыратумен тыныс алудың жоқтығын тіркеуге жол өз бетімен тыныс алудың болмауы берілмейді, өйткені бұл даму үстіндегі гипоксияның ағзаға, ең бастысы миға және жүрекке зиянды әсерін тигізеді. Ауруды ӨЖЖ аппаратынан ажырату арнайы ажырату тестінің (апноэтикалық оксигенация тесті) көмегімен жүзеге асырылуы керек.
Ажырату тесті осы 8-тармақтың 1) - 6) тармақшалары бойынша нәтижелер алынғаннан кейін өткізіледі. Тест үш элементтен тұрады:
қанның газ құрамының мониторингі үшін (РаО және РаСО) аяқ- қолдың бір артериясы канюлациялануы қажет;
желдеткішті ажыратпастан бұрын 10-15 минут бойы нормокапнияны (РаСО - 35-45 мм . сын. бағ) және гипероксияны (200 мм . сын. бағ кем емес РаО) - FiO = 1, 0 (яғни 100 % оттегі), таңдап алынған VЕ (ӨМЖ - өкпені минуттық желдету), оңтайлы РЕЕР (СОЭҚ - соңғы оң экспираторлы қысым) ӨЖЖ режімінде өткізу қажет;
осы тармақшаның үшінші және төртінші абзацтарында көзделген әрекеттерді орындағаннан кейін ӨЖЖ аппаратын ажыратады және эндотрахеялы немесе трахеостомиялық түтікшені жылдамдығы минутына 6 литр 100 % суланған оттегі береді. Осы уақытта артериялық қан сынамасын алу арқылы бақыланатын эндогендік көмір қышқылы жиналып қалады. Қан газдарын бақылау кезеңдері мынадай:
ӨЖЖ шарттарында тест басталғанға дейін;
ӨЖЖ басталғаннан кейін 10-15 минуттан соң 100 % оттегімен;
ӨЖЖ ажыратқаннан кейін, бұдан кейін әр 10 минут сайын РаСО 60 мм . сын. бағ. жеткенге дейін. Егер осы немесе РаСО жоғары мәнінде сыртқы әсерсіз тыныс қимылдары қайта қалпына келмесе, ажырату тесті бас миы діңгегінің тыныс орталығы функциясының жоқ болуы туралы куәландырады. Ең аз тыныс қимылдары пайда болғанда ӨЖЖ тез арада жаңартылады.

Ми өлімі диагнозын белгілеу кезіндегі клиникалық өлшемдердің кешеніне қосымша (растайтын) тестілер

10. Қосымша тестілер осы Ереженің 9-тармағының 1) -7) тармақшаларында сипатталған клиникалық белгілер анықталғаннан кейін орындалады. Электроэнцефалограмма (бұдан әрі - ЭЭГ) - дыбыс жарғағының перфорациясы, омыртқаның мойын бөлігінің жарақатына күдік немесе жарақатты белгілеуде қиындықтар бар болғанда ми өлімінің клиникалық диагнозын барлық жағдайда растау үшін міндетті түрде зерттеу өткізіледі. Бастың магистральдық артериясының панангиографиясы қажетті қадағалау ұзақтығын қысқарту үшін өткізіледі.
11. Мидың электрлік үнсіздігі үшін ЭЭГ жазбасы қабылданады, белсенділік амплитудасы шыңнан шыңға дейін 2 микровольт (бұдан әрі - мкВ) аспайды, скальп электродтары жазбасында олардың арасындағы қашықтық 10 сантиметр (бұдан әрі - см) кем емес және қарама-қайшылықта 10 килоомға (бұдан әрі - кОм) дейін, бірақ 100 Ом-нан кем емес. Инелі электродтар қолданылады, 8-ден кем емес, «10-20%» жүйесі бойынша орналасқан және 2 құлақ электродтары. Электрод арасындағы қарсылық 100 Ом-нан көп емес және 10 кОм-нан көп емес, электрод арасындағы қашықтық - 10 см-ден кем емес болуы керек. Коммутацияның сақталуын және алдын ала қасақана және қасақана электрод артефактілерінің құрылуының болмауын анықтау қажет. Жазба энцефалограф каналдарында тұрақты 0, 3 секундтан кем емес, сезімталдығы 2 мкВ/миллиметр (жиілікті өткізу жолағының жоғарғы шегі 30 герц төмен емес) көп емес уақытымен өткізіледі. 8 кем емес каналы бар аппараттар қолданылады. ЭЭГ би- және монополярлы жалғамдарында тіркеледі. Ми қабығының электрлік үнсіздігі бұл жағдайларда 30 минуттан кем емес үздіксіз тіркеу сақталу керек. Мидың электрлік үнсіздігінде күдіктер бар болса ЭЭГ қайталап тіркеу қажет. ЭЭГ реактивтілігінің жарыққа бағасы қатты дауыс және ауру: жарық тұтанудың стимуляциясымен, дауыс стимулдарымен және тітіркендіргіштермен жалпы уақыты 10 минуттан кем емес. Тұтанудың 1 ден 30 Гц дейінгі жиілікпен берілетін қайнар көзі көзден 20 см қашықтықта болуы керек. Дауыс тітіркендіргіштерінің (шертпектердің) қарқындылығы - 100 децибел. Динамик науқастың құлағының жанында орналасады. Ең жоғарғы қарқындылық стимулдары стандартты сурет- және фоностимуляторлармен туындайды. Тітіркендіргіштер үшін теріні инемен шаншу қолданылады.
Телефон арқылы тіркелген ЭЭГ мидың электрлік үнсіздігін анықтау үшін негіздеме болмайды.
12. Мидың қан айналымының болмауы анықталғанда 30 минуттан кем емес аралықпен мидың төрт магистральдық тамырының (жалпы ұйқы және омыртқа тамырларының артериясы) екінші рет қарама-қарсы панангиографиясы жүзеге асырылады. Ангиографияда орта артерия қысымы 80 мм . сын. бағ. кем болмауы тиіс.
13. Егер ангиографияда ми ішіндегі артериялардың ешқайсысында қарсы затпен толықтырылмаса, онда бұл мидың қан айналымының тоқтағаны туралы куәландырады.

4. Қадағалау ұзақтығы

14. Мидың алғашқы зақымдануында ми өлімінің клиникалық суретін анықтау үшін қадағалау ұзақтығы осы Ереженің 9-тармағында сипатталған алғашқы себептерді анықтау уақытынан бастап 6 сағаттан кем болмауы керек.
15. Барлық көрсетілген белгілер егер 12 сағаттан кем емес уақыт бойы сақталса және егер осы уақыттың өтуімен өз бетінше және мидың электр белсенділігі арқылы шақырылуы болмауын тіркеген жағдайда өлімді белгілеуге негіз бола алады. қолдану мүмкін болмағанда қадағалау мерзімі 24 сағатқа дейін ұзартылады;
16. Мидың қайталап зақымдануында ми өлімінің клиникалық суретін анықтау үшін қадағалау ұзақтығы осы Ереженің 9-тармағында сипатталған клиникалық себептерді алғаш анықтаған сәттен бастап 24 сағаттан кем емес уақыт болуы керек.
17. Интоксикация кезінде қадағалау ұзақтығы 72 сағатқа дейін немесе зертхана зерттеулерінің деректерімен құжаттанатын қандағы уытты заттар жоғалғаннан кейін 24 сағат ішінде көбейеді.
18. Егер ми өлімінің клиникалық себептерін анықтағаннан кейін 30 минут ішінде үш рет бас магистральдық артериясының панангиографиясы өткізілсе, қадағалау уақыты қысқартылуы мүмкін, бұл ретте тіркеу міндетті емес.
19. Ми өлімінің клиникалық себептері бар болса, осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген арқа автоматизмдері және рефлекстері байқалуы мүмкін.
20. Бақылау мерзімі ішінде науқас 3 тәуліктік қадағалау мерзімінде 3 сағаттан сиретпей және 12 және 24 сағат қадағалау мерзімінде екі сағатта 1 реттен неврологиялық тексерудің мерзімділігімен тұрақты қадағалауда болады.

5. Ми өлімі диагнозын белгілеу және құжаттама

21. Ми өлімін растау туралы қорытынды дәрігерлер комиссиясы қабылдайды, оның құрамында: реанимация бойынша 5 жылдан кем емес тәжірибесі бар емдеуші анестезиолог-реаниматолог-дәрігер және мамандығы бойынша 5 жыл жұмыс өтілі бар невропотолог болады. Арнайы зерттеулерді (электроэнцефалография тіркеу, ангиография) өткізу кезінде комиссия құрамына мамандығы бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар, сондай-ақ консультациялық негізде басқа медицина ұйымдарынан шақырылатын тиісті маман қосылады. Қорытынды реанимация бөлімшесінің меңгерушісі немесе оны алмастыратын тұлға бекітеді. Комиссия мүшелері осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес ми өлімін растау туралы қорытынды жасайды және оған қол қояды.
22. Комиссия құрамын тағайындау және ми өлімін растау туралы қорытынды бекітуді науқас жатқан реанимация бөлімшесінің меңгерушісі, ол болмаған жағдайда - медициналық ұйымның жауапты кезекші дәрігері жүзеге асырады.
23. Ми өлімін растаудың негізгі құжаты - ми өлімін анықтау туралы қорытынды болып табылады оның негізінде реанимациялық іс-шараларды тоқтатылады.
24. Осы ереже балалардың ми өлімін анықтауға қолданылмайды.

Ерте және кеш пайда болатын мәйіттік құбылыстар

және олардың сот медициналық маңызы

Мәйіттік құбылыстар - организмнің өмірлік функцияларының тоқтауының нәтижесінде мәйітте дамитын қалпына келмейтін процестер. Бұл белгілер пайда болуына және даму мерзіміне байланысты ерте және кеш мәйіттік құбылыстар болып бөлінеді. Сонымен қатар, кейбір сыртқы орта факторларының табиғи әсеріне байланысты дамитын уақыт өтуіне тәуелсіз мәйіттік құбылыстарды да ажыратамыз.

Ерте пайда болатын мәйіттік құбылыстар, өлгеннен кейінгі алғашқы тәулік ішінде пайда болатын белгілер және оған дененің салқындауы, мәйіттің сіресуі, мәйіттің кебуі, мәйіттік дақтар және аутолизді жатқызамыз.

Мәйіттің салқындауы организнің барлық өмірлік маңызды қызметі, бірінші кезекте жылу алмасудың тоқтауының нәтижесінде жүрек қызметі тоқтағаннан кейін, біртіндеп дене температурасы төмендеп, сыртқы орта температурасымен теңеседі.

Қалыпты жағдайда мәйіттің салқындауы дененің ашық аймақтарынан (бет, мойын, қолбасы) басталады, кейін дененің киіммен жабық аймақтары салқындайды. Бөлмелік температура кезінде дене 1гр. С салқындайды. Ескеретін жағдай, мәйіттің салқындауына әртүрлі сыртқы орта факторлары әсер етеді, мысалы: ауаның температурасы, ылғалдылығы, ауаның қозғалысы, мәйітте киімнің болуы және оның сипаты, мәйіттің дене салмағы, өлім себебі, агонияның болуы және оның ұзақтығы. Бұл аталғандардың барлығын мәйіт температурасын және өлім пайда болу мерзімін бағалау кезінде ескеру қажет. Мәйіттің салқындау дәрежесін алдымен дененің ашық аймақтарын, кейін киіммен жабылған аймақтарын пальпаторлы зерттеу арқылы анықтаймыз. Мәйіт денесінің салқындау температурасын жылы, жылырақ немесе салқын деп ажыратамыз. Дене температурасының салқындауы жөніндегі нақты мәліметті термометрия көмегімен анықтау қажет. Бұл үшін әйнек лабораториялық ртутный, электрондық және портативті электрондық термометрлер пайдаланылады. Термометрдің көмегімен мәйітте қолтықасты аймақтың, ауыз қуысының, тік ішек, өңеш арқылы кеуде қуысы ішілік және бауыр температурасын өлшейміз. Дененің салқындауы әр мүшелер мен тканьдерде біркелкі емес. Қолтық асты аймақтың темпертатурасы 16 сағаттан кейін, тік ішек температурасы 19 сағаттан және бауыр температурасы 25 сағаттан кейін қоршаған ауа температурасымен теңеседі. Дене темпертаурасының салқындауын анықтау үшін белгілі бір уақыт ішінде бірнеше рет тексеру қажет.

Дене қызуының өзгеруі бойынша өлім пайда болған уақытты анықтау үшін келесі Бурман формуласын қолдануға болады:

t = 36, 9-T/0, 889

t- өлім пайда болған уақыттан бастап өткен уақыт, Т - дене қызуы

мысал: t = 36, 9- 33, 5/0, 889=3, 8 сағ.

немесе тік ішек қызуын өлшеу арқылы келесі Т. Фиддес және Т. Паттен формуласын қолдану арқылы анықтауғада болады:

t = 36, 9-T/0, 889

Тт - тік ішек температурасы;

және Н. П. Марченко және В. И. Кононенко формуласын қолданып кеуде қуысы ішілік қызуды өлшеу арқылы анықтауға болады:

t = Tж-Тт/Тч

Медициналық ұйымдарда туу, қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын медициналық құжаттаманы жүргізуді реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) "Туу туралы медициналық куәлік" N 103/у-03, "Қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлік" N 106/у-03, "Перинаталдық өлім туралы дәрігерлік куәлік" N 106-2/у-03 медициналық құжаттамасының есептік нысандары (1-қосымша) ;
2) туу, қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын бастапқы медициналық құжаттаманы толтыру, беру жөніндегі нұсқаулық (2-қосымша) бекітілсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енеді.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау вице-министрі С. Ә. Диқанбаеваға жүктелсін.

Министрдің
міндетін атқарушы

ТУУ ТУРАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КУӘЛІК

(АХАТ органдарында тіркеу үшін беріледі) Сериясы ___ N

Берілген күні 20 ж. ""

1. Анасының тегі, аты, әкесінің аты

2. Анасының тұрақты мекен-жайы:
Облысы/респ. маңызы бар қала
Ауданы/обл. маңызы бар қала
Округі
Елді мекені (1-қала, 2-ауыл)
Көшесі үйі пәтері
3. Анасының туған күні: жылы, айы , күні
4. Анасының ұлты
5. Босану күні және уақыты: жылы__, айы__, күні__, сағат__, мин ___
6. Босану орны: 1-стационарда, 2-үйде, 3- басқа жерде
7. Баланың жынысы: 1- ұл, 2-қыз, 3-анықталған жоқ
8. Бала: 1-бір ұрықты, 2-егіздердің бірін, 3-егіздердің екіншісін, 4-өзге де көп ұрықты туу кезінде туды
9. Бала: 1 - күні жетіп, 2 - күні жетпей, 3 - күні асып туды
10. Баланың туған кездегі салмағы г
11. Баланың туған кездегі бойы см
12. Куәлік беруші ұйымның атауы, мекен-жайы

13. Куәлік беруші медицина қызметкерінің а., ж., т., қызметі

Денсаулық сақтау ұйымының Куәлік беруші медицина қызметкерінің
немесе жеке медициналық қолы
практикамен айналысатын
жеке тұлғаның мөрі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шекарадағы және кедендік пунктегі ветеринарлық-санитарлық қадағалауды ұйымдастыру
Мұрагерлік құқықтың негіздері
Өлім жазасы түріндегі жазаны орындау тәртібі
Заң және өсиет бойынша жүзеге асырылатын мұрагерлік
Жылжымайтын мүлік экономикасында тұрғын үйлердің алатын орны
Ауру малды емдеудің қағидаттары
Қазақстан Республикасындағы кепіл ннститутынын орнын, маңызын, құқықтық табиғатын және оның біздің мемлекетімізде практикалық колданылуы
Қазақстан Республикасының заңдары бойынша мурагерліктің сипатын, түрі мен артықшылықтарын зерттеу
Халыққа қызмет көрсету орталығының деректер қорын жобалау
Заттар - азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz