Червякті берілістер


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

СОДЕРЖАНИЕ

ЧЕРВЯКТІ БЕРІЛІСТЕР. 1

ЧЕРВЯКТІ ЖҰПТЫҢ КИНЕМАТИКАСЫ2

МЕН ГЕОМЕТРИЯСЫ2

ІЛІНІСТЕГІ СЫРҒАНАУ. 4

ЧЕРВЯКТІ БЕРІЛІСТЕРДІҢ ПАЙДАЛЫ ӘСЕР КОЭФФИЦИЕНТІ. 4

ЧЕРВЯКТІ БЕРІЛІСТЕРДІ ТҮЗЕТУ. 5

ЧЕРВЯКТІ БЕРІЛІСТІҢ БҰЗЫЛУ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ. 5

ЧЕРВЯК ПЕН ЧЕРВЯКТІ ДӨҢГЕЛЕКТІҢ МАТЕРИАЛДАРЫН ТАҢДАУ. 6

МҮМКІНДІК КЕРНЕУ. 6

ЧЕРВЯКТІ БЕРІЛІСТЕРДІ БЕРІКТІККЕ ЕСЕПТЕУ. 7

ЧЕРВЯКТІ БЕРІЛІСТЕР.

Жалпы түсінік.

Өзара айқасатын біліктер арасында (әсіресе перпендикуляр айқасатын біліктер) қозғалысты беруге червякті берілістер қолданылады (1 - сурет ) . Червякті берілістерінің қозғалысы винт жұптарының қозғалысына ұқскас. Винт қызметін червяк атқарады да, червяк дөңгелегі ұзын гайканы шеңбер бойымен игенде шыққан секторға ұқсайды. Сондықтан червякті берілісте тісті берілістің, сондай - ақ винтті берілістің қасиеттері бар. Доға пішінді етіп жасалған червяк дөңгелегінің тісі жанасу кернеуін азайтуға мүмкіндік береді.

Червякті берілістердің тісті берілістен артықшылықтары: а) беріліс санының көптігі (кейбір кинематикалық берілістерде -ге дейін жетеді) ; ә) бір қалыпты және дыбыссыз жұмыс істеуі; б) өздігінен тежеу қабілеттілігі; в) көлемі мен салмағының аздығы.

Сонымен қатар мынадай кемшіліктері бар болады: 1) Сырғанау үйкелісінің шамасы үлкен болғандықтан: а) пайдалы әсер коэффициенті төмен ( ) ; б) тез қызады, п. ә. коэффициентінің аздығынан қуаттың біршама бөлігі жылуға айналып кетеді; в) антифрикционды қымбат материалдар қолдануға мәжбүр етеді, олар да үйкеліс күшін азату үшін керек;

2) жасау технологиясы күрделі және қымбат, себебі арнаулы станоктарды қажет етеді;

3) пайдалы әсер коэффициенті аз болғандықтан өте көп қуат беруге жарамайды ( қуаты не бары 50 кВт-тан аспайды) .

ЧЕРВЯКТІ ЖҰПТЫҢ КИНЕМАТИКАСЫ

МЕН ГЕОМЕТРИЯСЫ

Червякті беріліс кинематикасы тісті беріліс кинематикасынан өзгеше келеді. Біріншіден, беріліс санының шамасын диаметрлер қатынасы арқылы анықтауға болмайды. Екіншіден, червяк пен дөңгелектерінің шенберлік жылдамдықтары әр түрлі жазықтықта бағытталғанына байланысты, олардың шамасы мен бағыты да әрқилы келеді. Сондықтан червякті берілістерде, әлбетте сырғанау пайда болады.

Червякті жұптардың беріліс саны, червяк бір айналғанда, червяк дөңгелегінің ілінісетін тістер санына тең болады

(1)

Мұндағы n 2, z 2 - дөңгелектің айналым тістер саны: n 1, z 1 -червяктің айналым және червякті бұранда сызығының кірме саны.

Червяк модулі m мен оның параметрлері q - дің қатынасы

МЕСТ 2144-76

m
q
m
q
m
q
m: 1, 6
q:

10

12, 5

16

20

m: 3, 15
q:

8, 0

10, 0

12, 5

16, 0

20, 0

m:

6, 3

8, 0

10, 0

12, 5

q:

8, 0

10, 0

12, 5

16, 0

20, 0

m: 2
q: 8
m: 4, 0
q:

8, 0

10, 0

12, 5

16, 0

20, 0

m: 16, 0
q:

8, 0

10, 0

12, 5

16, 0

m: 2, 5
q:

8, 0

10, 0

12, 5

16, 0

20, 0

m: 5, 0
q:

8, 0

10, 0

12, 5

16, 0

20, 0

m:

20

20

q:

8, 0

10, 0

Беріліс саны әдетте 8-ден 80-ге дейін болады. Қазіргі кезде червякті берілістердің беріліс саны да стандатталған (МЕСТ 2144-76) .

Сырғанау үйкелісінің көп болуы салдарынан червякті берілістің қуаты 50кВт- тан артпайды. Червяк винтінің қадамы P t ілініс модулі деп аталады.

(2)

Червяк бұрандасы бір кірісті және көп кірісті болуы мүмкін. Ол z 1 арқылы белгіленеді. Червякті берілістің негізгі өлшемдері стандартталған, МЕСТ 2144-76 (1-кесте) .

Червяк бұрандалы винттерге ұқсас (2-сурет), сондықтан оларда бұранда сызығының кіру санына байланысты бір, екі және төрт кірмелі болып келеді. Кірме саны артқан сайын червякті берілістердің пайдалы әсер коэффициенті жоғарылайды.

Червяктің бұранда сызығының көтерілу бұрышы

(3)

Мұндағы -червяк жүрісі.

Червяк диаметрлері

(4)

Ал червяк бұрандаларының ұзындығы олардың кірме санына байланысты қабылданады (МЕСТ 19650-74) .

(5)

Егер червяктерді ажарлау қажет болса, онда бұранданың ұзындығы 3m мәніне ұзартылады.

Червяк дөңгелектері. Червяк дөңгелектері көбінесе екі бөліктен тұрады. Білікке орналасатын негізгі бөлігі - күпшегі болаттан немесе шойыннан дайындалады да, оған қоладан жасалған құрсау, тәж (венец) қондырылады. Қола мен болат жанасу кезінде үйкеліс коэффициентінің азаюына байланысты, олар берілістердің ұзақ уақыт жұмыс істеуіне мүмкіншілік туғызады.

Червяк дөңгелектерінің ілінісу жағдайы мен негізгі өлшемдері (3 - сурет ) көрсетілген. Тістер санын z 2 =26 . . . 28-ден кем алмау қажет, ал негізгі өлшемдері төменгі қатынастармен анықталады.

(6)

Червяк дөңгелектерінің ені червяктің сыртқы диаметріне байланысты анықталады:

Червяктің дөңгелекпен жанасу бұрышы 2δ.

Червякті берілістердің осьаралық қашықтығы червяк пен червяк дөңгелегінің бөлгіш шеңберлері диамтрелерінің қосындысының жартысына тең болады.

ІЛІНІСТЕГІ СЫРҒАНАУ.

Червяктің орамы қозғалысқа келгенде червяк дөңгелектің тісінің бойымен срғанайды (4-сурет) . Червяк пен червяк дөңгелегі бірімен-бірі перпендикуляр екі жазықтықта айналуына байланысты олардың шеңберлік жылдамдығы тең болмайды, сондықтан қосыьша сырғанау пайда болады, мұнда

(7)

- червяктің шеңберлік жылдамдығы;

- червяк дөңгелегінің шеңберлік жылдамдығы;

- червяк диаметрі, мм.

ЧЕРВЯКТІ БЕРІЛІСТЕРДІҢ ПАЙДАЛЫ ӘСЕР КОЭФФИЦИЕНТІ.

Червякті берілістің п. ә. коэффициенті бұранда қосылыстарының п. ә. коэффициентіне сәйкес анықталады

(8)

8-формулаға байланысты төмендегідей қорытынды жасауға болады. Үйкеліс коэффициентінің азаюына байланысты үйкеліс бұрышының шамасы өсіп, червякті берілістердің пайдалы әсер коэффициенті көбейеді. Сонымен бірге червяктің көтерілу бұрышының γ өсуіне байланысты да оның пайдалы әсер коэффициентін арттыруға болады. Бұл червяк кірістерінің санын арттыру арқылы іске асырылады. Іс жүзінде червякті берілістердің пайдалы әсер коэффициентін арттыру үшін червяк жұптарының үйкеліс коэффициентін азайтып, червякті көп кірісті етіп жасауымыз қажет. Осыған байланысты червяк дөңгелегіне көбінесе қола тәжі қондырылады. Мұнда пайдалы әсер коэффициенті сырғанау жылдамдығына байланысты болатынын ескерген жөн.

Егер червяктің бұранда сызығының көтерілу бұрышы үйкеліс бұрышынан кем болса, онда ол өздігінен тежелетін червякті берілістер деп аталады.

ЧЕРВЯКТІ БЕРІЛІСТЕРДІ ТҮЗЕТУ.

Берілістердің осьаралық қашықтықтарын стандарттық шамаға дөңгелек тістерінің санын өзгерту арқылы келтіре алмасақ, онда түзету пайдаланылады. Червякті берілісте түзету тек червяк дөңгелегі арқылы жасалады.

Түзету коэффициенті

Осьаралық қашықтық түзету кезінде

(9)

Түзетілген червяк дөңгелегінің диамтрлері

(10)

Бастапқы шеңбердің диамтрінен басқа червяк дөңгелегінің өлшемдері түгелдей өзгереді. Осьаралық қашықтық белгілі болғанда түзету коэффициентін табуға болады. Түзетілген червякті берілісте червяктің бастапқы цилиндрінің диаметрінен басқа өлшемдері өзгермейді, тек есте болатын бір жайт - түзету шамасы x=±1 мм-ден аспауы тиіс.

Негізгі стандарттық дәлдікте червякті берілістер тісті берілістермен бірдей. Червякпен салыстырғанда дөңгелектің ортасынан өтетін жазықтықтың орнын және осьаралық қашықтықпен шектерін өте дәлдікпен алу қажет.

ЧЕРВЯКТІ БЕРІЛІСТІҢ БҰЗЫЛУ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ.

Тісті берілістерге қарағанда червякті берілісте сырғанау жылдамдығы анағұрлым артық және майлау қиынға соғады. Тістердің қабысып қалуынан және тозуынан червякті берілістің беті бұзылады. Сондықтан егер червякті дөңгелектер қатты материалдан (қоладан және шойыннан) жасалатын болса, онда тістердің қажалуы өте қауіпті болады. Қазіргі кезде червякті берілістің жұмыс істеу уақыты тістердің тозуына байланысты шектелген. Тістер мынадай себептерден тозуы мүмкін: а) червяктің таза болмауынан; б) жұмысқа жиі қосып - ажыратудан; в) берілісті майлаудың қиындығынан.

Берілістің тозуынан червяк дөңгелегінің тістері сынады.

ЧЕРВЯК ПЕН ЧЕРВЯКТІ ДӨҢГЕЛЕКТІҢ МАТЕРИАЛДАРЫН ТАҢДАУ.

Материалдар берілістің жұмыс істеу шартына байланысты таңдап алынады. Червяктерді көлемдік немесе беттік шынықтырудан өткен, қаттылығы HRC 45 . . . 55-ке дейін жететін 45, 40Х, 40ХН маркалы болаттардан жасайды. Олардың төзімділігі ерекше, қаттылығы жоғары HRC 58 . . . 63, шынықтырудан өткізілген, цементтелген 15Х, 20Х, 20ХНІ, 18ГГ маркалы болаттардан да жасайды.

Қосымша берілістерде және червяктерді ажарлауға арналған технологиялық жабдықтар жоқ кездерде жақсартылған және бірқалыпқа келтірілген червяктер қолданылады.

Ал червяк дөңгелектерінің немесе олардың тәжісінің материалы сырғанау жылдамдығына байланысты алынады.

Егер υ 0 =5 . . . 30м/с болса, червякті дөңгелектердің тәжісі қалайыланған қоладан жасалады, ал сырғанау жылдамдығы орташа болған жағдайды (υ 0 <6м/с ) аюмений мен темір қосылған қолалар қолданылады(А9Ж4), бұл кезде HRC 45- тен төмен болмауы қажет. егер υ 0 <2м/с және червяк дөңгелектерінің диаметрлері үлкен болса, онда СЧ15, СЧ18 және СЧ21 маркалы шойындарданс жасалады.

МҮМКІНДІК КЕРНЕУ.

Червякті берілістерді иілу және жанасу беріктігіне есептеу жоғарыда айтылғандай червяк дөңгелегі арқылы жүргізіледі.

Қоладан жасалған червяк дөңгелегі үшін иілуге мүмкіндік кернеуі тәжірибе жүзінде анықталған формула арқылы табылады

(11)

Егер а) N Е <10 6 болса, онда оны 10 6 деп аламыз, ал б) N Е <>2, 5* 10 6 болса, онда N Е =25*10 7 тең деп аламыз.

Червякті дөңгелек шойыннан жасалған кезде мүмкіндік кернеуі -ге тең

а) Егер тіс бір жағымен ғана жұмыс істесе, онда

(12)

б) Егер тіс екі жағымен бірдей жұмыс істесе, онда

(13)

- иілуге төзімділік шегі.

Мүмкіндік жанасу кернеулерін анықтау . Дөңгелектері қоладан жасалған червякті берілістердің мүмкіндік жанасу кернеуі мынадай формуламен анықталады.

(14)

Мұндағы

(15)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рычагы-тісті механизмін құрастыру
Автомобильдің басқарылатын алдынғы жетегі
Цилиндрлік тісті беріліс
Автомобильдің жетекші белдігі
Басты берілістің қызметі мен негізгі түрі
Басты беріліске ТҚК және жөндеу
Шкворнды қысыммен отырғызуға арналған қондырғы
Жобалаудың жалпы сұрақтары
Машина құрастыру негіздері
Бәсеңдеткішті құрастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz