Алаш партиясының құрылу тарихы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан Ресей империясының капитализмге дейінгі өндірістік қатынастар үстем болған аграрлы-орталық өлкесі болды. Патша үкіметі қазақ халқының ата қонысын мемлекет меншігі деп жариялап, шұрайлы шабындық пен құнарлы егіндікті қоныс аудару қорына, орыс қазақ әскерлерін (казачествоны) орналастыру және басқа да отарлаудан туындайтын мақсаттар үшін тартып алып отырды. Екі ғасырға созылған өлкені өзіне күштеп қосу жылдарында россиялық отарлаушылар Қазақстаннның 45 миллион десятинаға жуық жеріне немесе оның территориясының ең құнарлы, сулы да нулы 16 проценттей бөлігіне қожалық етип қана қойған жоқ, ол сонымен қатар қазақтарды рухани жағынан да отарлады:оларды тілінен, дінінен біртіндеп айыру бағытында қатігездікпен ойластырылған шарлар жүйесін жүзеге асырды.

Қазақстанда осы шиеленістен туындаған аграрлық және ұлт-азаттық қозғалыс ең алдымен отаршылдыққа қарсы бағытталды. ХХ ғасырдың бас кезінен өрістей бастаған қазақ қауымына тән қоғамдық қозғалыс өз алдына буржуазиялық-демократиялық мәні бар ұлттық тең құқылық, халықтың мәдениетін көтеру, оқу ағарту ісін жетілдіру, әйел теңдігін қамтамасыз ету, көшпенділерді отырықшыландыру сияқты міндеттерді қойды. Басқа созбен айтқанда, қазақтың ат төбеліндей ғана тұңғыш интеллигенттері сол кезеңнің ұлттық сұраныстарына жауыап беруге тырысты. Олардың саяси көзқарастарының қалыптасып, қоғамдық-саяси қызметке араласуына бірінші орыс революциясы белгілі дәрежеде ықпал жасады. Мәселен, солардың қатарында 1903-1909 жылдары Петербургтегі әскери медициналық академияда оқыған, кейін Алаш қозғалысының белгілі жетекшілерінің бірі болған Халел Досмұхамедов те болды. Оның саяси көзқарасының қалыптасуы мен саясат саласында белсене көріне бастауы өмірінің Осы Петербург кезеңіне дәл келді. Бұған Халел Досмұхаметовтың 1931 жылғы 14 қыркүйекте ОГПУ-дің тергеушісіне өз қолымен жазып берген мәлімдемесі дәлел бола алады: “Мен Петербургте бірінші орыс революциясының қарсаңында келдім. Бұл кезде демократиялық күштер, оның ішінде студенттер қауымы да, жиі-жиі наразылық білдіріп жататын. Қым-қиғаш студенттік өмірге араласумен қатар, саяси білімімді жетілдіруге кірісті. Әр түрлі саяси партиялардың бағдарламалары қанағаттандырмады. Социал-демократтар тек жұмысшылар туралы айтса, социал революциелер шаруалар жөнінде сөйлеп жататын”.

Осы құжат Ресей империясының бас қалалары Петербург пен Мәскеуде, сол сияқты Қазақстанмен жапсарлас орналасқан Том, Орынбор, Ташкент, Саратов қалалардың жоғары және арнаулы оқу орындарында оқыған, ал кейін Алаш партиясын құруға мұрындық еткен қазақ зиялыларының қоғамдық саяси көзқарастары қалыптасуының бастау көздерін олардың саяси әрекеттерге араласу жақтарын анықтауға септігін тигізетіндігімен құнды. Сонымен қазақ интеллигенциясының құрамына: Халел Досмұхамедов, Әлихан Бөкейханов, Мұхамеджан Тынышпаев, Жақып Ақбаев, Жаhанша Досмұхамедов сияқты белгілі өкілдерінің көпшілігі ғасырдың басындағы Ресейде орын алған саяси ахуалға серіктестікпен әрі сын көзімен қарағандығын, ал содан кейін барыпсаяси ұйымнан үлгі алу мәселесін шешкендігін көрсетеді.

Солардың алғашқы көрінісінің бірі Орал қаласында өткен Ә. Бөкейханов, Ж. Сейдалин, М. Дулатов, Б. Қаратаев, Б. Сыртанов сияқты қазақ зиялылары өкілдерінің “бес облыстық делегаттар сьезі” аталған қосуда жасалған “Қазақ конституциялық демократиялық” партиясын құру жөніндегі әрекет болды. Бұл әрекет сол кезде Петербургте оқуда болған Халел Досмұхамедов тарапынан да қолдау тапты.

Ә. Бөкейхановтың 1910 жылы жарияланған “Қырғыздар” атты әйгілі еңбектеріндегі ой-тұжырымдары растай түседі. “Қырғыз (қазақ. -Авт) халқының арасында, - деп жазды Ә. Бөкейханов осы еңбегінде, - саяси партиялар әлі пайда болған жок. Орыстандыру саясатының ауыртпалығын көтерген басқа шет аймақтардың халықтарындай, қырғыз халқы да үкіметке қарсы пікірде және орыстың оппозициялық партияларына көңіл қояды. Жақын болашақта . . . Қырғыздар арасында қалыптасып келе жатқан екі саяси бағытқа сай екі саяси партия құрылуы мүмкін. Оның бірін ұлттық-діни бағыттағы деп атауға болар, ал оның мақсаты қырғыздарды басқа мұсылмандармен біріктіру болмақ. Екіншісі - қырғыз келешегі кең мағынадағы Батыс мәдениетін еңгізуге байланысты деп есептейтін бағыт. Бірінші бағыт мұсылман татар партияларын үлгі тұтар, екіншісі оппозициядағы орыс партияларын, атап айтқанда, халық бостандығы партиясын үлгі етпек”.

Алаш партиясын зерттеген тұлғалар: Т. Жұртбай, К. Нүрпейсов, А. Бочаков, Ж. Адильбаев, Омарбеков, Қойгельдиев.

Менің мақсатым: Алаш партиясы барлық мәліметтерді танып білу. XIX ғасырдағы қазақ өлкесіндегі қазақ өоғамының Алаш партиясы туралы пікірлерін анықтау. Алаш партиясын толық зерттеп, білу. Қазақ өлкесінле жұмыс және революцияшыл - демократиялық жастардың ұйымдары және саяси партияларын толық мағлұматтар танып, білу.

Негізгі бөлім

Алаш партиясының құрылу тарихы

1917жылғы қос революцияға дейінгі қазақ интеллигенциямының саны мен әлеуметтік құрамы әлі анықталған жоқ. Сол сияқты, олардың қаншасы Алаш қозғалысының бастау көздерінде тұрғанын және (1917-1920) жылдары оның қатарында болғандығын тайға таңба басқандай айта қою қиын.

Ә. Бөкейханов, А. Байтурсынов, М. Дулатов бастаған бөлігі Қазақ газетін шығарып, соның төңірегіне топтасып, кейін Алаш партиясының ұйтқысы болса, М. Сералин бастағандары Айқап журналының төңірегіне топтасты. Осы екі ұлттық басылым арқылы олар халықтың ой-санасын оятып, отаршылдық саясатқа қарсы қоғамдық пікір қалыптастыруда ұлан ғайыр жұмыс атқарды.

Қазақ зиялыларының алдыңғы қатарлы өкілдері жалпы ұлттық және аймақтық баспасөз органдарын қалыптастырды, елдегі мұсылмандық қозғалыстармен және партиялармен байланыс орнатты, Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани - діни өмірін реформалау мәселелерін, оның ішінде көшпелі өмір салтынан отырықшылыққа ауысуы мәселелерін жан - жақты талқылауды ұйымдастырды. Қазақ зиялылары отарлық езгінің зиянды зардаптарын әшкерелеуде, халықтың қылың бұқарасын туған өлкені қайта құрып, түрлендіру ісіне жұмылдыруда ұлттық газеттер мен журналдар, поэзиялық жинақтар мен көпшілікке арналған әр алуан тақырыптар бойынша кітапшалар шығарудың мыңызын жақсы түсінді. Олар “Айқап” журналы мен “Қазақстан” және “Қазақ” газеттерінің беттерінде жарияланған көптеген мақалалында қазақ қоғамының өмірін реформалау, жалпы ұлттық саяси партия құру мәселелері көтеріліп, Қазақстанның патшалық Ресей отарына айналуының салдары сынға алынды. М. Дулатовтың әйгілі “Оян қазағынан”, А. Байтұрсыновтың “Масасынан” басталған-халықтың жер мен суынан айрылуына байланысты наразылық білдіру, сол арқылы отарлық езгіге қарсы оның өзіндік санасын оятып, жігерін қайрау ісін енді жалпыұлттық басылым - “Қазақ” газеті (1913-1918) жалғастырды.

1917 жылғы ақпанда Ресейде жеңіске жеткен буржуазиялық - демократиялық революция нәтижесинде ұлттық өзін өзі билеу проблемасын шешу мәселесин қоюға, қазақ қауымының әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге мүмкіндіктер туды.

1917 жылғы 7 сәуірде кадет Н. Щепкин басқарған Уақытша Үкіметтің Түркістан комитеті құрылды. Оның құрамына басқалармен қатар Ә. Бөкейханов пен М. Тынышпаев енді. Көп кешікпей Ә. Бөкейханов Торғай облысындағы, ал халықшыл социалист О. Шкапский Уақытша Үкіметтің комиссарлары болып тағайындалды. Ал М. Шоқаев, А. Бірімжанов, А. Кенесарин сияқты қазақ зиялылары Түркістан мен Қазақстандағы Уақытша Үкіметтің жергілікті органдарында жауапты қызметтерге ие болды.

1917 жылдың жазына қарай қазақтың ұлттық-демократиялық қозғалысы жетекшілерінің Уақытша Үкіметке деген сенімі әлсіреді. Өйткені ол Қазақстанда түбірлі әлеуметтік - саяси мәселелер бойынша іс жүзінде құлатылған патша үкіметінің саясатын жүргізумен болды. Өзінің мәні жөнінен империалистік билеу мен басқару органы болған Уақытша Үкімет нағыз демократиялық тұрғыдан ұлттық және аграрлық шешу тұрмақ, оған талпыныс та жасамады. Басқа езілген халықтар сияқты, қазақ халқының өзін өзі билеу, Қазақстанның өз алдына ұлттық - территориялық автономия болуы жөніндегі мәселені мемлекеттік дәрежеде көтереді деген үмітті аяқасты етті. Осыдан кейін Уақытша Үкіметте шешуші позицияға ие болып отырған кадеттерге деген Ә. Бөкейхановтың көзқарасы күрт өзгерді. Ол мұны “Қазақ” газетінде жариялаған “Мен кадет партиямынан шықтым?” деген ашық хатында жан жақты негіздеді. Онда Ә. Бөкейханов қазақ қауымы үшін өмірлік маңызды аграрлық, ұлттық-мемлекеттік және дін мәселелері жөнінде кадеттермен келіспейтініне жұртшылық назарын аударған: “Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса, башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып, жалаңаш шыға келеді.

Кадет партиясы ұлт автономиясына қарсы. Біз, Алаш ұранды жұрт, жиналып ұлт автономиясын тікпек болдық . . . Өзге жұрттың тарихынан көрінеді: молда хүкіметтен ақша алса, сатылып кетеді. Рухани іс аяқасты болмақ . . . Біздің қазақ-қырғыз дін ісін көркейтетін болса, хүкімет ісінен бөліп қойған оң болады. Мұны орысша “отделение церкви от государства” дейді. Кадет партиясы менің бұл пікіріме өзгеше қарайды. Осы үш жол айырығы биыл ашыққа шықты. Мен сонан соң қазаққа Алаш партиясын ашуға кірістім.

Осы мәселелерді және олармен тығыз байланысты басқа да күрделі проблемаларды талқылау үшін жиналған жалпықазақ бірінші сьезд 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті.

Сьезде А. Байтурсынов пен М. Дулатов “автономиялы тәуелсіз қазақ мемлекетін құру” идеясын ұсынды, ал Ә. Бөкейханов “демократиялық, парламенттік және парламенттік Ресей республикасының құрамындағы” қазақтың ұлттық - территориялық автономиясы болуын қолдады. Архивте сақталған сьезд қаулысында “қазақ облыстары . . . территориялық - ұлттық автономия алуға тиіс” делінді. Сьезд басым көпшілігі Ә. Бөкейхановтың ұсынысын қолдады. “Қазақ” газетінің 1917 жылғы 31 шілдедегі 238 санында жарияланған сьезд жұмысы туралы мақалада бұл қаулы “қазақ облыстары ұлт жігіне қарай областной автономия алуға тиіс” деген редакцияда берілген . . .

Бірінші жалпықазақтық сьезд өзінің күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелердің бірі - қазақ саяси партиясын құру мәселесін талқылау барысында іс жүзінде осы партияны ұйымдастыруға арналған Құрылтай жиналысына айналды. Осы мәселе жөнінде сьезд қабылдаған қарарда былай делінді: “Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуды тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды сьезд шораи исламға сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды.

Партия жобасын жасап болған соң өкілдер қазақ областной комитеттерінің қарауына жібереді.

Қазақ саяси партиясының жобасы жасалғанша осы сьездің қаулылары Учредительное собраниеге баратын қазақ депутаттарына наказ-аманат болады”.

Жанадан құрылған партия - Алаш деген атка ие болды. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне (шораи исламға) сьезд шешімімен Ақмоладан Айдархан Тұрлыбаев, Семейден Әбікей Сәтпаев, Торғайдан Әлжан Байғазин, Оралдан Жаһанша Досмұхамедов, Бөкейден Уәлихан Танашев, Жетісудан Базарбай Мәметов, Сырдариядан Мұстафа Шоқаев, Ферғанадан Ғабдалрахым Оразаев сайланды.

Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов сияқты қазақтың ұлттық-демократиялық интеллигенциясының көсемдері басқарған Алаш партиясының құрамына әуел бастан - ақ қазақтың ғылыми және шығармашылық зиялыларының белгілі өкілдері - М. Тынышпаев, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев, Ғ. Қарашев, С. Торайғыров, Х. Ғаббасов, Ә. Ермеков, Халел және Жаһанша Досмұхамедовтер, М. Дулатов т. б. кірді.

Алаш партиясының бағдарламасы

Сьезд күн тәртібіндегі 14 мәселе бойынша қабылданған қарарлар тізбегі кейінірек, 1917 жылы, Қазақ газетінің 21 қарашасында жарияланған Алаш партиясы бағдарламасы жобасында өз бейнесін тапты. Бірінші жалпықазақ сьезд шешімдеріне сәйкес дайындаған партия бағдарламасының жобасы он баптан тұрады. Олардың ең маңыздылары:

1. Мемлекеттік қалпы. Ресей демократическая, федеративная республика болу(демократия мағынасы - мемлекетті жұрт билеуі. Федерация мағынасы - құрдас мемлекеттер. Федеративный республика һәр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады. )

2. Жергілікті бостандық. Қазақ жүрген облыстардың бәрі байланып, өз тізгіні өзінде болып, Ресей федерациясының бір ағзасы болу. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлес болу, реті келсе, бірден ақ өз алдына жеке болу . . . Алаш партиясы ғаділдікке жақ, нашарларға жолдас, жәбірлерге жау болады. Күш - қуатын игілік жолына жұмсап жұрт тартқан айту мағына бастайды.

3. Негізгі құқық. Ресей республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей, адам баласы тең болу.

Жиналыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік . . . сот сұрамай, билік айтылмай тұтқын қылмаушылық . . .

4. Дін ісі. Дін ісі мемлекет ісінен айрылулы болуы. Дін біткенге тең құқық. Дін ұстауға ерік, кіру-шығу жағына бостандық . . . Муфтилік қазақта өз алдына болу.

5. Билік және сот. Һәр жұрттың билік пен соты тұрмыс ыңғайына қарай болуы. Би һәм судья жергілікті жұрттың тілін білу . . . Қазақ көп жерде сот тілі қазақ болу . . .

6. Ел қорғау. Ел қорғау үшін әскер осы күнгі түрде ұсталмауы. Әскер жасына жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету . . . Әскерлік міндетін қазақ атты милиция түрінде атқару.

7. Салық . Хал - ауқат, табысқа қарай: байға - байша, кедейге - кедейше ғаділ жолмен таратылуы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Партия мүшелерінің әрекеті мен бағдарламасы
XXғ басындағы саяси партиялар, Алаш партиясы, "үш жүз" социалистік партиясы
Алаш қозғалысының тарихнамасы
Жер дауы
Қазақ кеңестік мемлекеттігінің құрылуы
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының бірегей кешенді институты ретінде негіздеу
Алаш қозғалысы және жер мәселесі
Алаш партиясының құрылуы
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ - ТӘУЕЛСІЗДІК ЖАРШЫСЫ
Саяси партия саяси институт ретінде және Қазақстандағы саяси партиялардың дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz