Қазақстан Республикасы және АҚШ арасындағы саяси қарым-қатынастардың орнауы мен дамуы


Ж о с п а р
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) . Қазақстан Республикасы және АҚШ арасындағы саяси қарым- қатынастардың орнауы мен дамуы
б) Қазақстан-Американ экономикалық байланыстарының қалыптасуы
в) Мемлекетаралық саяси қарым-қатынастардың дамуы
ІІІ. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Жер шарының жартысына ықпал еткен алып империя құлаған соң оның қанатының астына жанжаққа ыдырап шыққан жас мемлекеттердің мұнан кейнгі бақ талайы қалай болатындығы белгісіз еді. Көптеген саясаткерлер олардың болашағына күмәнмен қарады. Әсіресе, біздің Қазақстан болашағына қатысты айтылатын болжамдар көбінесе қорқынышты болып келеді. Мәселен, Кеңес одағының құлайтындығын он-он бес жылдай уақыт бұрын болжаумен және сол болжамның расқа айналуымен аты шығып сұңғыла саясаткер екендігі мойындалған, сол тұстағы АҚШ президенті Рейганның қауіпсіздік мәселелер жөніндегі кеңесші болған Бжезинскийдің айтуы бойынша ұзақ жылдары бойы өздерінің дербес мемлекет құру тәжірибесінен айырылғанОрталық Азия елдері ендігі кезекте болашақ Балқан түбегіне, яғни этностық кикілжіңдердің мекеніне айналуы әбден мүмкін еді. Бжезинский осындай қатар ел ең алдымен Қазақстаннан туындауы мүмкін екендігін осы елде тарихи тұрғыдан қалыптасқан бірқатар факторларды алуға тарта отырып, дәләлдей жазды. Тәуелсіздіктің жиырмаға жақын жылы ішінде сан ұлттың басы қосылған нәтижесінде жер шарындағы ұлтаралық кикілжіңдер орнығуға мүмкін мекеннен сол сан ұлттың достығы жарасқан, ел ішінің берекесі артқан экономикасы жақсы даму үстіндегі елге айналды.
Қазақстан Республикасының сырткы саясатының қалыптасу кезеңі мынадай міндеттерді жүзеге асырудан басталды: елімізді халықаралық дәрежеде мойындатып, оның қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету; әлемдік шаруашылық жүргізу мен экономикалык бай- ланыстарға араласу. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін жас респуб- ликаға халықаралық ықпалды күштер тарапынан көмек пен қолдау қажет болды. Сондықтан да Америка Құрама ІІІтатарымен саяси, қауіпсіздік және экономикалық қатынастарды қалыптастыру мен дамытуға айрықша маңыз берілді.
Қазақстан мен АҚШ арасындағы қатынастарды дамыту мақсаты екіжакты бірдей болды. Нәтижесінде Қазақстан тәуелсіздігін жария- лағаннан кейін екі жарым айдан соң ашылған бірінші шет ел өкілдігі 1 АҚШ елшілігі болды, Төтенше және Өкілетті Елшілер: Уильям Кортни, Элизабет Джоунс, Ричард Джонс екі елдің арасындағы қатынасты нығайтуға айтарлықтай үлес қосты, казіргі кезде Лэрри Нэппер осы бағытта қызмет етуде.
Америка Құрама Штаттарының президенттерімен, жетекші эко- номикалық алыптармен, халықаралық ұйымдармен тікелей жеке бай- ланысқа шығып, келіссөздер жүргізуде Қазақстан Президенті Нұрсылтан Назарбаевтың еңбегі аса зор болды. 1992 жылғы 18 мамырда оның АҚШ-қа ресми сапары басталды. Бірінші кезекте ядролык қаруды бақылау мәселесі талқыланды. Себебі, Қазақстан аумағында Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін ядролық қарудың айтарлықтай қоры, баскару қон- дырғылары, уран өндірілетін және өңделетін кәсіпорындар қалды. Сонымен бірге, Қазақстанның оңтүстік шекарасы қорғаусыз ашылып қалып, нәтижесінде ядролық қару мен технологиялардың таралып кету қаупі бар еді. Америка кауіпсіздік саласында жағдайды кадағалау мүмкіндігіне ие болып, республикадан ядролык каруды әкетуге ықпал ету жоспарын құрды. Сонымен бірге, осы қару-жарақ үшін жарылғыш материалдар өндірісі кәсіпорындарының жұмыс істеуін бақылап, сынақ полигондарының, зерттеу орталықтарының және зымыран-ғарыштык жүйелерінің жұмыстарын кадағалауды мақсат етті.
Президент Н. Назарбаев ядролық карудан бас тарту мәселесіне бай- ланысты мынаны атап көрсетті: егер АҚШ Қазақстанның аумақтық тұтастығының мүлтіксіздігіне кепілдік берсе және АҚШ, Ресей немесе Қытай тарапынан ядролық шабуылға ұрынбайтыны жөнінде кепілдік алатын болса, онда осы мәселе жөнінде өзінің оңтайлы позиция танытатындығын түсіндірді.
1992 жылы 20 мамырда екі Президент қол қойған кұжаттардың ен бастысы - Қазакстан мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуына құқықтық негіз қалайтын кұжаттар еді. Мұнда Қазакстан үшін қолайлы жағдай жасауды қарастыратын сауда жөніндегі ереже қабылданды. Президент Джордж Буш Қазакстанның тәуелсіздігін колдайтындығын, оның қауіпсіздігі барлык Еуразия құрлығындағы жағдайдың тұрақтылығын сактау үшін өте маңызды екендігін атап көрсетті. Өз кезегінде Н. Назарбаев Қазақстанның Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылатындығын білдірді.
1993 жылғы 6 сәуірде Қазақстан мен аса ірі американдық мұнай компаниясы «Шеврон Ойлмен» бірлескен кәсіпорын «Теңізшевройл» кұру туралы келісімге қол қойылды. Ол 40 жыл мерзімге жасалып, алынған пайданың 80 пайызы Қазақстанға, 20 пайызы «Шевронға» тиесілі болатынын көздеді.
2000 жылы тамыз айында АҚШ-тың энергетика министрі Билл Ричардсон Қазақстанға келуіне байланысты «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнының 5 пайыз акциясын республика үкіметі мен «Шеврон» компаниясы арасында сату-сатып алу келісіміне қол қойылды. Нәти- жесінде сатқан акциясына Қазакстан 450 миллион доллар алды. Егер 1992 жылы «Теңізшевройл» қызметкерлерінің 50 пайызы ғана қазақ- стандықтар болса, 2000 жылы 70 пайызға жетті.
Мұнан кейін түрлі деңгейлерде көптеген делегация алмасулар жүргізіліп, АҚШ-қа еліміздің түрлі министрліктерінің, мекеме бас- шыларының сапарлары болып, сауда және экономикалық қатынастар жолға койылды.
1992 жылы 15 карашада Қазақстан өзінің ұлттық валютасын - теңгені енгізуге кіріскенде, АҚШ бұл шешімді жақтайтынын және халықаралық қаржы ұйымдары тарапынан кең көлемде колдау ұйым- дастыратындығын, ол үшін екі жыл ішінде екі миллиардтан астам доллар беретіндігін, ал таяудағы уакытта Қазақстан 400 миллион доллар алатынын хабарлады.
1993 жылы 24 қазанда АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Уоррен Кристофер Қазакстанға келіп, Президент Н. Назарбаевпен кездесуінде
өз елінің Президенті Билл Клинтон әкімшілігінің Қазақстандағы саяси және экономикалык реформаларға, әсіресе, жекешелендіруге колдау көрсетуге бағытталған ынтымақтастыкты жалғастыру ниетін білдірді. АҚШ-тың сырткы саясат ведомствосынын басшысы Қазақстанның аймақтағы бейбітшілік пен кауіпсіздікті нығайтудағы ол да маңызды рөлін жоғары бағалады.
Сол жылы желтоқсанда Қазақстанға АҚШ-тын вице-президенті Альберт Гор келді. Президент Н. Назарбаев оған АҚШ тарапынан тәуелсіздігіміз бен аумақтық тұтастығымызға сенімді кепілдік алмай тұрып, ядролық қаруды жоюға келісе алмайтындығын білдірді.
1993 жылы желтоқсанда Қазақстан парламенті Ядролық каруды таратпау туралы шартты бекітті. АҚШ еліміздің ядролық қаруды бел- шектеуіне 85 миллион доллар қаржы берді.
Ядролық қарудың таралып кету қаупіне байланысты 1991 жылғы желтоксанда АҚШ-та жасалған «кауіп-катерді бірлесіп қыскарту»деп аталатын Қазақстан-американ бағдарламасы шеңберінде Қазақстаннын аумағында қалған ядролық, химиялық және биологиялық (бакте- риологиялық) қарудың инфрақұрылымы мен нысандарын жою және залалсыздандыру жөніндегі іс-шаралар кешені жүргізілуде.
АҚШ-тың Қорғаныс министрлігінің және басқа да ведомстволарының өкілдерімен бірге Қазақстан аумағындағы бұрынғы Кеңестік кәсіпорындарға бірлесіп инспекция жүргізу жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау саласында бұрын жасалған келісімдерге сәйкес тұрақ- ты негізде жүзеге асырылуда. 2001 жылы қазан айының ортасында қа- зақстандық сарапшылар мен АҚШ Қорғаныс министрлігінің сарап- шылары Степногор қаласында жоспарланған эксперименттер жүргізді.
Қазақстанда АҚШ-пен бірлесе отырып, экспорттық бақылаудың сенімді жүйесі жолға қойылды, оның жұмыс істеуі қауіпсіздіктің барлық қажетті талаптарын камтамасыз ететін стандарттарға толық сәйкес келтірілді.
1994 жылы 14 акпанда Президент Н. Назарбаевтың АҚШ-ка ресми сапары кезінде АҚШ Президенті Билл Клинтонмен бірге қол койған «Демократиялық ықпалдастық партиясының» баға жетпес манызы бар. Онда Қазақстанның дүниежүзілік кауіпсіздікті сақтауға сіңірген енбегі атап көрсетілген. Партияның он жеті бабында екі ел арасындағы кауіп- сіздік, саясат, экономика, медениет, білім, қоршаған ортаны қорғау, ғылым, денсаулық сактау тағы баска меселелер бойынша мақсаттар
мен міндеттер көрсетілген. Келіссөзден кейін өткен баспасөз мәсли- хатында Билл Клинтон: «Екі ел ынтымактастығының ең маңызды жак- тарынын бірі - ядролық қарудың таратылуына жол бермеу жолында олар колданып жатқан күш-жігер. Тәуелсіздіктің екі жылы ішінде Қазакстан кару-жараққа бақылау қою және «қырғи-қабақ соғыстың» ен кауіпті мұрасын жою жөнінде өзіне қабылданған халықаралық міндеттемелерді орындауда өзінің жетекші рөлін көрсетіп берді» - деп мәлімдеді.
1994 жылғы 2 желтоқсанда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақ- тастык жөніндегі кеңестің Будапештегі жоғары дәрежелі кездесуінде үш ядролық мемлекеттің - АКШ, Ресей және Ұлыбританияның басшылары Украина, Беларусь және Қазакстан қауіпсіздігінің кепілдіктері туралы меморандумға қол койды. Президент Назарбаев Будапеште: «Барынша кауіпсіз және тұрақты дүниежүзілік тәртіпті орнату жөніндегі бірлескен кыш-жігерді жүзеге асырудың жауапты кезеңінің бейнелі шебіне жеттік» деп атап көрсетті. Одан әрі Президент «Казақстан яаролық каруды және оны жеткізу кұралдарын жою ісінде АКШ-пен және баска елдермен ынтымақтасуға үміт артады» деді.
1994 жылғы наурызда Қорғаныс конверсиясы жөніндегі Қазақстан-американ комитеті құрылды. 1995 жылғы сәуірде конверсияның жоспарын жүзеге асыруға АҚШ тарапынан Қазакстанға төрт грант, жалпы көлемі 37 миллион доллар берілді.
1997 жылғы караша айында Президент Н. Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары кезінде қол қойылған екі ел арасында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану туралы, ядролық сынақтарды бакылау үшін Қазакстанда сейсмикалық станциялар құру туралы, «БН-350» реакто- рында ядролық қалдықтарды консервациялау жобасы толық орындалды, АКШ өкілдері олардың қорғалу деңгейін теңдесі жоқ деп сипаттады.
1999 жылғы 17 желтоксанда Президент Н. Назарбаевтың АҚШ-ка ресми сапары басталып, ол бес күнге созылды. Ол Қазақстан-американ бірлескен комиссиясының алтыншы отырысына қатысты. Күн тәртібінде өзара экономикалық қарым-катынас, жаппай кырып-жою каруларын таратпау, шаруашылық дауды шешу, салық саясаты, шағын және орташа бизнесті дамыту мәселелері қаралды. Оған коса, мұнай мен газға, энергия секторына қатысты мәселелерді талқылау барысында тағы да қос комитет шағын және орташа бизнес жөніндегі, ауыл шаруашылығы жөніндегі комитеттер құрылды.
Корытынды мазмұндамада: «Қазақстан мен АҚШ жаңа ғасырда аймактык, сондай-ак ғаламдық негізде тұрақтылыкты камтамасыз ету максатында ынтымақтастық үшін барлык мүмкіндіктерді пайдалануға ұмтылады», деп көрсетілген.
Екі ел арасындағы катынасты нығайтуда АҚШ мемлекеттік хатшысы Мадлен Олбрайттың 2000 жылғы сәуірде Қазақстанға келуінің маңызы да ерекше. АҚШ Қазақстаннын тәуелсіздігін қолдайтындығын, республиканың кауіпсіздігін күшейту үшін көмек көрсетуге дайын екендігін, атап айтқанда қадрларды даярлау, терроризм және есірткі бизнесіне қарсы күресу үшін арнаулы жабдықтар беру, экспорттык бақылауды нығайту мәселелерінде көмек көрсететіндігі, ол үшін үш миллион каржы берілетіндігі анык көрсетілді.
АҚШ-тың стратегиялық мүддесі - Қазакстан экономикасында американ бизнесінің кеңеюіне саяси құралдармен жағдай жасау. Елімізге шетелдер инвестициясын тарту мәселесінде АҚШ бірінші катарда тұр. 1993-2000 жылдар ішінде республикаға 10 миллиард доллардан астам тікелей инвестиция тартылды, оның төрт миллиарды американдыктардан алынды.
Президент Н. Назарбаевтың «Елдегі жағдай және 2002 жылғы ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы» атты Қазакстан халқына жолдауында: «Каспий өңіріндегі проблемаларды бейбіт жолмен шешу жөніндегі дипломатиялық күш-жігерді жандандыру сиякты бағыттарға айрыкша ден кою» қажеттігін атап көрсетті.
2001 жылы 20-21 акпанда Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны талдап жасау жөніндегі Теһранда Каспий жағалауы мемлекеттері Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары денгейіне арнайы жұмыс тобының кезекті мәжілісі өтті. Онда барлык тараптардың осы проблемаға катысты ортақ бәтуаға қол жеткізуді тездетуге мүдделілік білдіргені атап көрсетілді.
АҚШ Президенті мен мемлекеттік хатшысының энергоресурстар мәселелері жөніндегі арнаулы өкілі Элизабет Джоунстың Қазакстанға келуі кезінде АКШ-тың «Баку-Жейхан» жобасына Қазак елінің катысуына колдау көрсететіндігі айтылды.
2001 жылы 3 мамырда Қазакстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов АҚШ-ка сапары кезінде вице-президент Ричард Чейнимен кездесіп, Президент Н. Назарбаевтың жеке жолдауын табыс етті. Е. Ыдырысов: «Біз АҚШ-пен арадағы стратегиялык келешекке және ортак кұндылыктарды колдауға негізделген ынтымақтастықты тереңдете беруге ыкыластымыз» деді. Өз кезегінде Р. Чейни Құрама Штаттардың Қазакстанның тәуелсіздігі мен егемендігін нығайтуға мүдделі екенін атап көрсетіп: «Сауда-экономикалық ынтымактастыкқа жан-жакты сипат беру кажеттігін» және американ компанияларының Қазақстан экономикасының түрлі секторларына қатысуын кеңейтуге мүдделілігін білдірді. Р. Чейни мен Е. Ыдырысов аймақтық кауіпсіздік, мұнай-газ және баска салалардағы ынтымақтастықтың келешегі жайын тапқылады. Сондай-ақ осы сапар кезінде АКШ конгресінің екі палатасында да Қазакстанға АҚШ-пен қалыпты сауда катынастарының тұрақты режимін беру және Джексон-Венниктін түзетуін алып тастау жөнінде пікір айтылды.
Қазақстан АҚШ-пен ғылыми-зерттеу, соның ішінде медициналық бағдарламалар аспектісінде белсенді ынтымақтастық жасайды. Бұл келесі мысалдардан көрінеді.
1994 ж. Тамызда "Қазақстан-АҚШ" Халықаралық Гуманитарлық қор құрылды. Осы қордың ұйымдастырушылары АҚШ-тың Дүниежүзілік Әдістемелік шіркеуінің басқармасы болып табылады. Бұл қор Семей облысы аумағында қызмет жасайды әрі радиациялық медицина саласында зерттеу жұмыстарын, тәжірибе алмастыру, мамандарды даярлау бойынша семинарлар өткізумен айналысады.
Сонымен қатар американдық компаниялар да гуманитарлық көмек көрсетуде. 1997 ж. қаңтарда американдық "Шеврон" компаниясы Қазақстанға гуманитарлық көмек ретінде құны 240 мың доллардан асатын туберкулезге қарсы жылжымалы клиниканы тапсырды. Бүгінде туберкулез инфекциялық аурулар қатарында алағашқы орындардың бірін алып отыр. Осыны ескере отырып, "Шеврон" компаниясы осы ауруға қарсы күресте шынайы көмек көрсетуді мақсат стті. 5 жыл ішінде тағы да 2 млн. доллар салу жоспарлануда.
1998 ж. мамырдан бастап "Қызыл алма" ақпараттық қызметтің жаңа жобасы қызмет ете баствды. Мұндай ақпараттық қызмет халық денсаулығын жақсартуды көздейтін Қазақстан үкіметінің күш салуының аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады " Қызыл алма" жобасы - әйелдер кез келген аймақтан денсаулық мәселелері бойынша маманданған және арнайы даярланған мамандардан ақысыз консультация алуға мүмкіңдік беретін Қазақстан үшін жаңа ақысыз телефондық қызмет.
1994 ж. қыркүйекте Алматыда жұмыс мақсаты қазақстандық мамандармен бірлескен құнды қағаздар рыногын құру болған американдық заңгерлердің бір тобы болып қайтты. Сонымен бірге, олар ҚР Әділет министрімен болған әңгімеде қазақстандық заңнамалар мәселелерін талқылады.
1994 ж. қазақстандық судьялар АҚШ-та Болып, онда американдық әріптестерімен танысты. Кездесу барысында сот ісін жүргізу мәселелері бойынша пікір алысу болып өтті.
Құқық саласыңдағы Қазақстан - Американ қатынастары жөнінде айта отырып, адам құқықтары мен заңдылықты сақтау бойынша құрылған Қазақстан-Американ бюросының маңыздылығын атап өту қажет. Бюро аз уақыт ішінде өзінің құқық қорғау қызметінде назар аударарлық нәтижелерге қол жеткізді. АҚШ љр түрлі мемлекеттік органдарға көмек көрсетті. Мәселен, 1997 ж. қаңтарда Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетіне берілген американдық гуманитарлық көмегін қабылдау-тапсыру актісіне қол қою болып өтті. Бұл техниканың 138 бірлігі. Іс-шара АҚШ департаментінің "Әлемдегі серіктестер" бағдарламасы шеңберінде өткізілді.
Қайырымдылық іс-шараларын "Филипп Моррис" американ компаниясына тиесілі Алматы темекі фабрикасы өткізуде.
Білім беру саласында ҚР мен АҚШ ынтымақтастығы, негізінен АҚШ-тың ҚР оқу орындарына техникалық көмек көрсетуде, студенттер алмасуыш ұйымдастыруда, оқытту бағдарламаларына қатысу үшін американ оқытушыларын ҚР-на шақыруда, ҚР мен АҚШ оқытушылары арасында тәжірибе алмастыруда және т. б. көрініс береді. Алматыда бірлескен Қазақстан-Американ универсиеті ашылған.
ҚР білім беру бағдарламаларында Бейбітшілік Еорпусы маңызды рөл алады. Бейбітшілік Еорпусы 1961 ж. Джон Кеннедидің жарлығымен құрылған. Бұл ұйымның мақсаттары былайша айқындалған: азаматтардың білім деңгейлерін жоғарлатуда мүдделі елдерге көмск керсету, басқа елдер тарапынан американ халқын жақсырақ түсіну және керісінше. Бейбітшілік Еорпусының Вашингтонда бас пәтері бар және Президент әкімшілігінде есепта, ол АҚШ Конгресімен қаржыландырылады.
1993 ж. Бейбітшілік корпусы мектептерде, жоғары оқу орындарында ағылшын тілін оқыту және шағын бизнесті дамыту бойынша өз жұмысын Қазақстанда бастауына шақырылды. Қоршаған ортаны сақтау бойынша бағдарлама 1994 ж. басталды. 50 адамнан тұратын еріктілердің алғаш тобы Алматыға 1994 ж. маусымда келді. Сол кезден жыл сайын 50-60-қа жуық еріктілер келіп тұрады. Өз жұмысын бастамас бұрын өз еркімен келгендер, корпус өкілінің сөзіне қарағанда, үш айлық қарқынды дайындықтан өтеді. Бейбітшілік корпусында 3 қызмет бағдарламасы айқындалған. Біріншісі ағылшын тіліне оқыту және әдістемелік орталықтарды дамытуға қатысты. Экономикалық дамудың екінші бағдарламасы Қазақстан кәсіпкерлерін қолдауға жоспарланған. Үшіншісі - экологиялық - 1994 ж. тамызда басталған.
1997 ж. сәуірде КИМЭП-те (ҚМЭБИ) "КИМЭП болашағы" атты конференция болып өтті. Оған шақырылғандар қатарында қамқоршылық кеңестің өкілдері, үкімет аппаратының қызметкерлері, шетелдік және жергілікгі компаниялар, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері болды.
Қазіргі таңда Қазақстан-Американ қатынастарының зор болашағы бар. 1997 ж. Мемлекеттік хатшының экономика және бизнес мәселелері жөніндегі кеңесшісі С. Айзенстат АҚШ Конгресінде сөйлеген сөздерінің бірінде Орталық Азия аймағы АҚШ үшін ұлғаю үстіндегі стратегиялық маңыздылығының саласы болып табылатынын атап өтті. Каспий теңізінің бассейні әлуетті түрде төрттен астам триллион долларға бағаланатын әлемдегі мұнай мен газдың ірі көзінің бірі болып табылады. Ол АҚШ пен Батыстың Парсы шығанағының энергоресурстарынан тәуелділігін азайтуға кемектесуі мүмкін Кавказ және Орта Азия аймағында Еуропа мен Азияны жалғастырушы мүмкіндігі бар сауда және көлік далізі ретіңде зор келешек жпсырынып жатыр. Ең соңында, біздің заманымыздың ең зор тәжірибелердің бірі осы аймақтың емірлік маңызы бар экономикалық және саяси реформалар жүргізілетін лабораторияға айналуы болды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2006 жылғы Жолдауында мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының басты 30 бағытын атап көрсеткен. Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттарының бірі алдыңғы қатарлы әлемдік және аймақтық алпауыт мемлекеттермен өзара тиімді қатынастарды дамыту қажеттілігін Президент баса айтқан. Көпвекторлы саясатты жүзеге асыра отырып «басым бағыт болып табылатын Ресей және Қытаймен көршілік қатынастарды дамыта отырып, АҚШ-пен стратегиялық серіктестік пен Еуропалық Одакпен көпжақты ынтымактастықта дамыту біздің мүддемізге сәйкес» деп көрсетілген [1] . Көріп отырғанымыздай, АҚШ Қазакстан Республикасының сыртқы саясатындагы басым бағыттар жағынан үшінші орында.
Әрине, казіргі уақытта әлемдік саяси жэне экономикалык үдеріске ықпал ете алатын Америка Құрама Штаттары басты акторлардың бірі. Белгілі қазақстандық сарапшы М. Әшімбаев Орталық Азия аймағындағы американдық фактордың маңызы туралы мынадай ой айтады: «Аймақ мемлекеттерінің АҚШ-пен көпжақты ынтымақтастығы Орталық Азияның дамуында және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, сонымен қатар қазіргі кездегі қауіп-қатерлерге қарсы тұруда маңызды фактор болып табылады. Вашингтон әр түрлі халықаралық қаржылык ұйымдармен бірге аймақтық интеграция саласында ортаазиялық мемлекеттердің әрекеттерін қолдап қана қоймай, сонымен бірге сауда, транспорт, энергетика және т. б. салалардағы аймақтық өзара қатынастарды тереңдету бойынша сан түрлі бағдарламалардын бастамащысы ретінде танылады» [2] .
Вашингтон Қазақстанның экономикалык және саяси дамуында ерекше орын алады. Америка Құрама Штаттары Қазақстандағы ірі шетел инвесторы болып табылады. Тәуелсіздік алган жылдары Қазақстан экономикасындағы американ инвестициялары 15 млрд. $ құрады. Қазақстанда 400 жуық американ компаниялары жұмыс атқарады [3] . Бұл көрсеткіш Қазақстанның экономикалык дамуында американ факторының маңызын көрсетеді. Экономикалық ынтымақтастықпен қатар республиканың мәдени және саяси даму ерекшелігін ескере отырып, Вашингтон мемлекетте саяси реформалар жүргізуді қолдайды. 2005 ж. қазанда АҚШ- тын Мемлекеттік хатшысы К. Райс Астанаға сапары кезінде Қазақстандағы демократиялық өдерістердің дамуына оң баға берді . Американ басшылығының бұл ұстанымы болашақта Қазакстанмен достық және өзара тиімді катынастарды дамыту ниетін көрсетті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz